Ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен оларды іске асыру стратегиялары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
:
:
:
:
:
: 1.
: Әлеуметтік саясаттың мәні мен мазмұны . . .
: 5
:
:
:
: 1. 1.
: Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары . . .
: 5
:
:
:
: 1. 2.
: Халықты әлеуметтік қорғау механизмін реформалау . . .
: 25
:
:
:
:
:
:
: 2.
: Ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен оларды іске асыру стратегиялары . . .
: 33
:
:
:
: 2. 1.
: Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауатты өмір сүру мүмкіндігі . . .
: 33
:
:
:
: 2. 2.
: Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгіні мен ертеңі . . .
: 37
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

1. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

  1. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары

Қоғамдағы дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсізідікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ете бермейді.

XVIII-XIX ғасырларда өткен өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты. Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке жол ашып берді. Еркіндік идеологиясын насихаттатйтын қоғамдық - саяси ағымдар қалыптасты. Осының барлығы индустриялды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Батыста және Шығыстың дамыған елдерінде орташа әлеуметтік топ қалыптасып, оның үлес салмағы артты. Мысалы, АҚШ-та осы күні табысы орташа әлеуметтік топтың үлес салмағы тұрғындардың 70% ін құрайды. Жалпы алғанда, нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады.

Бұл жерде, біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген - оған қытасушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін көрсетеді. Соңғылар дербес, өз еркімен бір-бірімен қарсы тұрады, бірақ бір-біріне тәуелді: олардың мақсаттары қарсы ұшырасатын қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы ғана іске асады: Екіншіден, нарықтық әбден толған және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайында тауар мен қызмет өндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі. /1. 93-103б. /

Бірақ осы жағдайды көрсеткенде мына бір мәселені баса айтқан жөн сияқты: нарық пен толық теңдік үйлесімге келмейді. Біріншіден, бұл нарыққа шығушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты болады. Ерекшеліктер адамдардың әлеуметтік, биологиялық және психологиялық табиғатына байланысты келеді.

Екіншіден, нарық механизмдерінің мәніне, нарықтық құн мен нарықтық бағаның қайшылықтарына, жұмыс күшін сату мен сатып алудың ерекшеліктеріне және басқаларға байланысты.

Сонымен, осы күнгі дамыған нарық қатынастары салыстырмалы түрдегі әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат, немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.

Қоғамда еңбекке араласу мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды біріге қорғау міндетін атқара отырып қана экономикалық еркіндікке қол жеткізуге болады.

Нарықтық экономика әр адамға, оның қабілеттілігіне қарай, өзінің экономикалық өмірін құру үшін толық еркіндік береді. Бұл еркіндік қоғамның басқа мүшелерінің еркіндігі мен құқығына және мүддесіне қайшы келемеуі, кедергі болмауы қажет.

Екінші принцип, мемлекеттің әр түрлі қоғамдық топтар мүдделері арақатынасын анықтауына бацланысты. Экономикалық саясаттың, оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесімділікті табу міндеті тұрады. Мемлекеттік биліктің институтционалдық құрылымы барлық тұрғындардың ықылас - мүдделерін ескеру қажет. Бірақ, әрбір жеке тұрғынды есепке алу мүмкін емес, сондықтан оларды әлеуметтік топ деңгейіне дейін жеткізіп жинақтайды. Сонымен, әлеуметтік-экономикалық саясат, біріншіден, топтар мүдделерінің өзіне-өзі іске асуы үшін құқықтық және ұйымдық жағдай жасады, ал екіншіден, оларды жалпы даму бағытымен сәйкестендіру қажет. /2. 54-65/

Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылау, институтционалдық күштердің тепе-теңдігі, қоғамда демократиялық мәдениетінің жоғары деңгейі қажет болады.

Әлеуметтік теңдіктің деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты келеді. Соңғысы адамның белігілі бір өмір сүру деңгейіне қажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы - қаражат сомасы, табыстар, заңды түрде - экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін - таза пайда.

Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшалай немесе материалдық кіріс түрлері жатады. /2. 85-102б. /

Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша табыс табу мүмкіншіліктері кеңейе түседі. Осы табыс түріне құнды қағаздардан, салық төлемдерінің төмендеуінен, мұрагерліктен т. б. түсетін табыстар жатады. Қосыша табыс табуға адамдар екі себептен ұмтылады.

Біріншіден, табыс көзін көп тарапты ету негізгі табыстық төмендеуінен сақтандырады. Екіншіден, қажеттіліктің табыс негізі табыс түрінің өсуінен тұрақты түрде озып отыруына байланысты. Осы екінші жағдай өтпелі экономика үшін маңызды. Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% осы күндері қосымша табыс табу мақсатында қосымша еңбектенуге мәжбүр екен.

Қарастырылып отырған тұрғыдан алғанда әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерінің маңызы өте зор. Оны сипаттайтын экономикалық өлшемдердің арасында тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері негізгі орындарды иемеденеді. Бұл жерде материалдық игіліктерді тұтыну деңгейі туралы сөз болып отыр. Соңғы жылдары әлем практикасында кең тараған көрсеткіштер отандық статистикада пайдалана бастағанын айтуға болады. Жеке алғанда, бұл «тұтынушылық қорысын» деген ұғымға қатысты. Осы ұғым адам өміріне қажетті ең негізгі материалдық игіліктер мен қызметтер құрамасын білдіреді.

Экономикалық нарықтық үлгісіне көшу кезінде әлеуметтік жіктелуі артады. Сондықтан тұрмыс деңгейін өлшемді түрде сипаттайтын «тұтынушылық қоржынды» толтырудың бірнеше нұсқалық түрлері қалыптасқан. /2. 145-148б. /

Тұтынудың «рационалды» және «минималды» деңгейлерін есептеу қабылданған. Осы күнгі отандық статистика мекемелері «тұтынушылық қорын» құрамы мен оның минималды және рационалды деңгейлерін тұрақты түрде есептеп көрсетеді. Соңғы кездері біздің экономикалық әдебиеттерге «өмір сүру сапасы» деген ұғымда енгізілді. Осы көрсеткіш тұрмыс деңгейін жүйелі түрде өлшеп сипаттайды. Бұл көрсеткіш материалдық игіліктерді тұтынумен бірге әлеуметтік игіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу, демалыс мәдениет т. б. ) пайдалануды да есепке алып, қоғамының тұрмыс деңгейін жан - жақты сипаттайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік -экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Әлеуметтік саясаттық мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өнідірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.

Еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну рыногының бірыңғайлылығын қаматамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.

Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметін тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес, табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғарғы білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім тұрғын үй және т. б. саладағы әлеуметтік саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс. /2. 159-169б. /

Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемімен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтық табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды.

Кедейтілік сияқты өткір әлеуметтік проблемеларды шешу - мемлекет жұмысының, соның ішінде әлеуметтік жұмыстың басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы қатар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту - рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясаттың негізгі міндетті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күнгі факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Әлеуметтік саясаттың негізі мақсаты - осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады. /2. 176-192б. /

Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.

Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құрылып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктерді өтеледі.

Әлеуметтік - экономикалық саясатта қоғамдық тұтыну үш бағытта жүреді.

Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты.

Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек.

Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт - адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдеуге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады.

Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі - жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі. /3. 347-350б. /

Адам капиталы теориясымен қатар адам дамуы тұжыымдамасының туындауына базалық мұқтаждар тұжырымдамасы белгілі роль атқарады, ол ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Скандинавиядағы зерттеу топтарының арасында пайда болды. 1976 жылы осы тұжырымдама Халықаралық еңбек ұйымының «Жұмыспен қамтылу, өсу және базалық мұқтаждар» баяндамасының арқауы болды.

Базалық мұқтаждар тұжырымдамасы үкіметтерге мына мәселелерді есепке алу арқылы экономикалық және әлеуметтік саясат құруды ұсынады: отбасының тамақ ішудегі, киінудегі, тұрғынжай мен үй мүлкендегі кейбір ең төменгі қажеттіліктерін міндетті түрде қанағаттандыру; ауыз сумен емдеуге қамтамасыздандыру, тұратын орындарының санитарлық жағдайын, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы қоғамдық қызметтерді жақсарту.

«Адам дамуы» категориясын жасауға өзге әлеуметтік- экономикалық категория - «тұрмыс сапасы» өз ықпалын тигізеді.

Т. М. Рогачаеваның монографиясында «тұрмыс сапасы дегенде халықтық әл-ауқаты мен жеке адамдардың әлеуметтік көңіл күйлеріне елеулі ықпал жасайтын экономикалық, әлеуметтік, табиғи - экологиялық және адамның тіршілік әрекетіндегі өзге де жағдайлардың белігілі бір үйлесімі ұғынылады». /3. 354-358б. /

Тұрмыс сапасы категориясының мәні шоғырландырылған түрде Я. Тәнбергеннің «Экономикалық тәртіпті қайта құру» еңбегінде айтылды, онда былай делінген: «Осы шама тұтас алғанда жеке тұлғаларға немесе мемлекет қатысты «пайданың критерийін» жай ғана есепке алу арқылы емес, сонымен бірге адамның негізі құндылықтары жүйесіне сәйкес ойластырылуы және жете зерттелуі тиіс».

Тұрмыс сапасының деңгейін өлшеу өмірдің жеке қырларын бейнелейтін көрсеткіштердің біртұтас жүйесі негізінде жүзегеи асырылады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Дж. Феррестер тұрмыс сапасын жалпы бес параметр бойынша өлшеуді ұсынады, олар: халықтың саны, қорланған, капиталдың саны, ауыл шаруашылығындағы капиталдың үлесі, қолда бар табиғи ресурстар мен мекендеу ортасының ластануы. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспекттері үлкен маңызға ие болғандары соншалық, олар саяси құрылымдардың бағдарламалық нұсқамаларының ажырамас бөлігіне және көптеген елдердің экономикалық даму үлгілерінің, сонфың ішінде швед үлігісінің, әлеуметтік бағдарланған Германияның, жаңа индустриалы елдердің үлгілерінің деңгейіне айналды.

Әлеуметтік саясатта адам дамуының негізі аспектілерін сипаттайтындар:

  • демографиялық дамуды;
  • еңбек ресурстарын, жұмыспен қамтылуды, жұмыссыздықты, әлеуметтік көмекті;
  • әлеуметтік инфрақұрылымының ахуалын;
  • тұрғын үй мен коммуникацияларды сипаттайтын;
  • қоғамдық еркіндіктерді; сөз, іс-әркеттер, саяси үрдістерге қатысу бостандығын;
  • кенттендіру, табиғи ресурстарды пайдалану мен энергия тұтыну үрдістерін;
  • қоршаған ортаны пайдалануды, оның ықпалы мен қорғалуын;
  • әлеуметтік саладағы инвестицияларды, көмек ағындарын, ресурстардың түсімдерін, сәйкессіздіктерді;
  • адам дамуы көзқарасы тұрғысынан ұлттық шоттарды;
  • әйел мүмкіндіктерін кеңейту көрсеткіші (ӘМКК) ;
  • халықтың жоқтылық индексі (ХЖН-1 және ХЖН -2) ;
  • туған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығын; халықтың өнім-жітімін, халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесін сипаттайтындар;
  • хаоықтың білім деңгейі мен білім жүйесіне сипаттама беретіндер;
  • өндірісті, халықтың жан басты таққандағы табыстарды бөлу мен пайдалануды, табыстардағы теңсіздіктерді, табыстар бойынша кедейлікті сипаттайтындар.

Әлеуметтік саясаттағы адам дамуының маңызды 4мүмкіндігі «базалық» ретінде белгіленеді, олар: күнелту мүмкіндігі; білім алу, лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет ресурстарға қол жеткізу және қоғам өміріне қатысу мүкіндігі. Солардың үшеуі АДН енгізіледі де, ал өлшеу мүмкін болғмағандықтан 4-і элемент оған кірмей қалды.

Алайда АДН елеулі кемшілігі - ел бойынша есептелген орташа шамалар үлкен теңсіздікті жасыруы мүмкін екендігі. Ең маңызды топтар үшін АДН жасау өте дұрыс шешім болар еді: мысалы үшін; жынысы бойынша, нәсіл және этникалық топ бойынша есеп құру. /5. 345-347б. /

АДН - елдің дамуы саласындағы жалпы процесін сипаттайтын болса, ал Халықтың жоқшылығы индексі (ХЖН) процестің бөлінуін көрсетеді және халықта сақталған мұқтаждардың деңгейін өлшейді. Жоқшылық деңгейін өлшеу үшін дамушы еолдерде халықтың жоқшылық индексі ХЖИ-1, ал дамыған елдерде ХЖН-2 пайдаланылады. 1995 жылы Гендерлік факторды есепке алғандағы даму индексі (ГФДН) енгізілді, ол әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті көрсету мақсаттарында АДН түзету үшін қолданылады. Әйел мүмкіндіктерін ұлғайту көрсеткіші (ӘМКК) оларды экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін бейнелейді.

Жоғарыда қаралған 4 индекс (АДН, ХЖН-1, ХЖН-2 ГФДН) өздеріне бірдей компоненнтерді енгізеді, олар - өмір сүру ұзақтығы, білім, тұрмыс деңгейі, бірақ осы индекстерді есептеу кезінде әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады.

1 кесте АДН, ХЖН-1, ХЖН-2, ГФДН компоненттері мен көрсеткіштері

Көрсеткіш
Өмір сүру ұзақтығы
Білім
Лайықты тұрмыс деңгейі
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік оқшаулану
Көрсеткіш: 1
Өмір сүру ұзақтығы: 2
Білім: 3
Лайықты тұрмыс деңгейі: 4
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік оқшаулану: 5
Көрсеткіш:

АДИ

Өмір сүру ұзақтығы: Туған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығы
Білім:

1. Ересек халықтың сауаттылық коэффициенті

2. Балаларды мектеп білімімен қамтудың жиынтық коэффициенті

Лайықты тұрмыс деңгейі: Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік оқшаулану: -
Көрсеткіш:

ХЖН-1

Өмір сүру ұзақтығы: Адам дүниеге келген кезде оның 40 жасқа дейінгі өмір сүрмеу ықтималдылығы
Білім: Ересек халықтың сауатсыздық коэффициенті
Лайықты тұрмыс деңгейі: Мыналармен өлшенетін экономикалық мұқтаждар: қауіпсіз суға мүмкіндігі жоқ халықтың пайыздық үйлесімен; жеткіліксіз салмақтағы 5 жасқа дейінгі балалардың пайыздық үйлесімімен
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік оқшаулану:
Көрсеткіш:

ХЖН-2

Өмір сүру ұзақтығы: Аg дүн-ге келген кезде оның 60ж дейін өмір сүрмеу ықтималдылығы
Білім: Функционалды сауатсыз ересек халықтық танық немесе ішінара пайыздық үлесі
Лайықты тұрмыс деңгейі: Кедейшілік шегінен төмен тұрмыс кешетін халықтың пайыздық үлесі
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік оқшаулану: Ұзақ мерзімді жұмыссыздың деңгейі (12 ай және одан ұзақ)
Көрсеткіш:

ГФД И

Өмір сүру ұзақтығы: Әйелдер мен еркектердің туылған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығы
Білім:

1. Ересек еркектер мен әйелдердің сауаттылық коэффициенті

2. 1-і, 2-і, 3-і сатыдағы біліммен қыздар мен ұлдарды қамтудың жиынтық коэффициенті

Лайықты тұрмыс деңгейі: Қаржы ресурстарына бақылау жүргізу дәрежесін көрсететін әйелдер мен еркектердің еңбек табыстарын бағалау көрсеткіштері
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік оқшаулану:

Адам дамуы туралы Ұлттық есептің авторлары Қазақстан үшін Халықтың кедейшілік индексін (ХКН) әзірледі. /8. 200-254б/

Адам дамуын талдау үшін әлемдік деңгейде жетіп де -10 рентер қолданылады, олар дүние жүзіндегі елдердің көбінде бар. Оған БҰҰ Статистикалық коммиссиасының ұсынысы бойынша әлеуметтік - демографиялық статистиканың Бірыңғай жүйесін құру септігін тигізеді.

Көрсетілген жүйе статистикалық деректердің 12 блогынан турады, олар: демографиялық сипаттамалар; қоршаған орта; реттену (урбанизация) мен тұрғын үй; денсаулық сақтау мен тамақтану; білім; экономикалық әрекет; әлеуметтік топтар мен халықтың жинақтығы; әлеуметтік қамсыздандыру; бос уақыт пен мәдениет; уақытты пайдалану; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік; әлеуметтік қатынастар; саяси әрекет.

Бүгінгі таңда көптеген елдер прогреске жетті. Сонда да болса, әлмедегі бірқатар мемлекеттер, қағида бойынша, әсіресе, ең кедей елдер үшін осы мақсаттарға жетудің ықтималдығы қиындай түскен сияқты. Егер әлем халқының 23%-ы тұратын 55 елде 2015 жылға қарай мақсаттардың ең кемі төрттен үшін орындап үлгеруге жеткілікті қарқындардағы ілгерулер жүріп жатса, ол халықтың 20% -ын еншілейтін 33 ел мақсаттық көрсеткіштердің тең жарымынан астамын орындауға артта қалып отыр.

Бір мақсаттарды орындауда кейбір мемлекеттер өзгелермен салыстырғанда үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Мәселен, жалыпға бірдей бастауыш біліммен, білім саласында қыздар мен ұлдардың теңдігін қамсыздандыру саласында көптеген дамушы елдер қойған мақсаттарына қол жеткізді немесе соған тақау. Дамудың көптеген салалары үшін білімнің өзекті мәнін ескере келгенде осы жетістіктер өзге мақсаттарға жету үрдісіндегі прогресті жылдамдатуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ көптеген дамушы елдер де аштықты жою мен халықтың ең қамтамасыздығын жақсарту жөніндегі мақсаттың көрсеткіштерді орындады немесе орындауға жақын. Солай болғанмен, әлем халқының 28% -ын меншіктейтін 40-тан астам ел, 2015 жылға қарай аштық ауқымдарын екі есе азайту үшін қажет қарқындарға жете алмай отыр. Бұған қосымша, халықтың орташа табыстарының баяу өсуі жоқшылық ауқымдарын жартылай қысқарту мақсатын жүзеге асыру үрдісіндегі көптеген мемлекеттердің қиындықтарға кездесетіндерін меңзейді. Балалар өлімін азайту проблемасы да осындай күйді кешіп отыр.

Бақылауға ырық бермейтін мақсаттың іс жүзінде орындалуы немесе орындалмауы мүмкін емес. Бұл жағдай ең күрделі проблемалардың бірі дерентердің жоқтығы болып табылатын білдіреді. Халықаралық статисканың қазіргі жағдайында жоқшылық пен аналар өлімімен күрес жүргізу саласындағы мақсаттың көрсеткіштерге қол жеткізу үрдісі тікелей бақылау жүргізуге көнбейді. Тіпті бақыланатын мақсаттар контексіндегі статистикада да көптеген кемшіліктер бар.

Дерек мағлұматтары жоқ елдерде іс жүзінде нашар көрсеткіштердің орын алу ықтималдығы салдарынан прогреске жететін елдердің біршама жоғары үлесін тым құбылмалы деп есептеу әсері де жағдайды одан беттер қиындата түседі.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - қоғамның әлеуметтік экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты.

Ол елдегі жалпы экономикалық жағдайымен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс-әрекет қоғамының барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы келмеді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. /6. 90-93б. /

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық жоспарлау процесі
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы
Маркетингтік жоспарлау
Маркетинг жоспарының құрылымы
Кәсіпорында инновациялық қызметті басқару стратегиясы және инновациялық стратегияны таңдау
Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Экономикалық өсу типтері мен факторлары
Пассивті стратегиялар стратегиялары
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Бағалық стратегиялар маркетингтік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz