Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы



1 . Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының негізі
2 . Жалақы.еңбек бағасы
3 . Процент. капиталдың меншік иесінің табысы
4 . Жер рентасы.жерді иемденушінің табысы
5 . Пайда.кәсіпкердің табысы
Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының қызмет етуі өндіріс факторларын пайдалануға және оларды пайдаланудан сәйкес табыстарды алуға негізделеді. Өндіріс факторлары ретінде шаруашылық іс-әрекеттің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші ықпал ететін ерекше маңызды элементтер немесе обьектілер түсіндіріледі. Шаруашылық іс-әрекетке тартылатын өндірістік ресурстардың әрқашан да меншік иелері болады және олардың бірде біреуі осы ресурстарды пайдалану құқығын басқа адамдарға қайтарусыз бере алмайды. Сондықтан да өндірістің негізгі элементтерінің қозғалысы, оларды иемдену, басқару және пайдалану терең қоғамдық-экономикалық қатынастарды қозғайды.
Тауарларды тұтынуға деген сұраныс оларға белгілі бір құндылық береді. Соңғысы тұтыну тауарларының өндірісі үшін қолданылатын ресурстардың құндылығын тудырады. Еңбек факторы үшін құндылық оның төлем ақысында, жер факторы үшін - жер рентасында, ал капитал факторы үшін – пайдадан көрінеді. Бұл аталған факторлар тұрғындардың әртүрлі тобы үшін табыс көздері болып табылады. Табыстардың бөлінуінен тұтыну тауарларына деген сұраныс тәуелді болады. Сұраныс бөлуді тудырса, бөлу сұранысты тудырады. Ресурстарға деген сұраныс өнімге деген сұраныстың өсуіне немесе кемуіне тәуелді ұлғаяды немесе қысқарады.
Өндіріс - бұл материалдық немесе рухани игіліктерді дайындау процесі. Өндірісті бастау үшін не өндіру керек және қалай өндіру керек мәселесі туады. Маркстік теория өндіріс факторлары ретінде адамның жұмыс күшін, еңбек заты мен еңбек құралдарын қарастырып, оларды екі үлкен топқа бөледі: өндірістің жеке факторы және заттық фактор. Жеке фактор адамның еңбекке деген физикалық және ақыл-ой қабілеттіліктерінің жиынтығы ретінде жұмыс күшін сипаттайды. Заттық фактор өндіріс құралдары болып табылады. Өндірісті ұйымдастыру осы факторлардың үйлесімді қызметін көздейді. Маркстік теория өндіріс факторларының өзара байланысы, олардың бірігу сипаты өндірістің әлеуметтік бағыттылығын, қоғамдағы топтардың құрамы мен олар арасындағы қатынастарды анықтайтындығынан келіп шығады.
Маржиналистік (неоклассикалық, батыс) теория өндіріс факторларының 4 тобын бөліп көрсетеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жер - шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өндірістің басқа факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі оның шектеулілігінде. Адам өз қалауы бойынша оның мөлшерін өзгерте алмайды. Бұл факторға қатысты кемімелі қайтарым заңы жөнінде айтуға болады. Бұл жерде сөз сандық дәрежедегі қайтарым немесе кемімелі табыстылық жөнінде болып отыр. Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл әрекет шексіз емес. Басқа тең жағдайлар тұсында жерге, пайдалы қазбаларды игеруге еңбек пен капиталдың үзіліссіз салынуы сәйкес қайтарым өсімін қамтамасыз етпейді.
Еңбек - адамның ақыл-ой және физикалық қызметі, жинақтаған тәжірибе, жалпы және кәсіптік біліміне негізделген өзіндік қабілеттіліктерінің жиынтығы. Экономикалық теорияда өндіріс факторы ретінде еңбек адамдардың пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен шаруашылық іс-әрекет процесіне жұмсайтын кез-келген ақыл-ой және физикалық күш-жігері. А.Маршалл: "кез-келген еңбектің мақсаты белгілі бір нәтижеге қол жеткізу",- деп көрсеткен. Адамның еңбек ететін уақыты жұмыс уақыты деп аталады. Оның ұзақтығы - өзгермелі шама және белгілі бір шегі бар. Адам тәулігіне 24 сағат еңбек ете алмайды. Оған еңбекке деген қабілеттілігін қалпына келтіруге және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға уақыт қажет. Ғылыми-техникалық прогресс еңбектің мазмұны мен сипатына, жұмыс уақытының ұзақтығына өзгерістер алып келеді. ҒТП жағдайында еңбек өнімділігі мен интенсивтілігі артып, жоғары дәрежелі кадрларды кәсіби дайындауға деген уақыт артады. Еңбектің интенсивтілігі уақыт бірлігіне физикалық және ақыл-ой энергиясын жұмсау дәрежесінің өсуі. Ал еңбек өнімділігі уақыт бірлігіне өндірілген өнімнің санын көрсетеді. Еңбек өнімділігін арттыруға әртүрлі факторлар әсер етеді.
1.Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.-Киров, 1997.
2.Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” /Под ред. А.С.Булатова.-М., 1997.
3.Экономическая теория (политэкономия). Учебник. /Под общей ред. В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М., 1997.
4.Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика.-Алматы: Экономика, 1997.
5.Макконелл К., Брю С. Экономикс.- М., 1992, т.1.
6.Дайджест экономической теории.-М., Аналитика-Пресс, 1998.
7.В.Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы-Алматы, 2003.
8.Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
9.Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Аубакиров, Б.Байжұмаев т.б.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.
10.Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері, Алматы, 2002.
11.А.Нурсеит, А.Темирбекова, Р.Нурсеитова Теория рыночной экономики: предпринимательский аспект. Алматы, 2000.
12. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. В 2-х т.: Пер. с англ.-13-е изд. М., "Республика", 1992, 2000.
13.Основы экономической теории /Под ред. В.Д.Камаева, Москва, 1997.
14.Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
15. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы

1. . Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының
негізі
2. . Жалақы-еңбек бағасы
3. . Процент- капиталдың меншік иесінің табысы
4. . Жер рентасы-жерді иемденушінің табысы
5. . Пайда-кәсіпкердің табысы

17.1. Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының
негізі
Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының қызмет етуі өндіріс факторларын
пайдалануға және оларды пайдаланудан сәйкес табыстарды алуға негізделеді.
Өндіріс факторлары ретінде шаруашылық іс-әрекеттің мүмкіндігі мен
нәтижелілігіне шешуші ықпал ететін ерекше маңызды элементтер немесе
обьектілер түсіндіріледі. Шаруашылық іс-әрекетке тартылатын өндірістік
ресурстардың әрқашан да меншік иелері болады және олардың бірде біреуі осы
ресурстарды пайдалану құқығын басқа адамдарға қайтарусыз бере алмайды.
Сондықтан да өндірістің негізгі элементтерінің қозғалысы, оларды иемдену,
басқару және пайдалану терең қоғамдық-экономикалық қатынастарды қозғайды.
Тауарларды тұтынуға деген сұраныс оларға белгілі бір құндылық береді.
Соңғысы тұтыну тауарларының өндірісі үшін қолданылатын ресурстардың
құндылығын тудырады. Еңбек факторы үшін құндылық оның төлем ақысында, жер
факторы үшін - жер рентасында, ал капитал факторы үшін – пайдадан
көрінеді. Бұл аталған факторлар тұрғындардың әртүрлі тобы үшін табыс
көздері болып табылады. Табыстардың бөлінуінен тұтыну тауарларына деген
сұраныс тәуелді болады. Сұраныс бөлуді тудырса, бөлу сұранысты тудырады.
Ресурстарға деген сұраныс өнімге деген сұраныстың өсуіне немесе кемуіне
тәуелді ұлғаяды немесе қысқарады.
Өндіріс - бұл материалдық немесе рухани игіліктерді дайындау процесі.
Өндірісті бастау үшін не өндіру керек және қалай өндіру керек мәселесі
туады. Маркстік теория өндіріс факторлары ретінде адамның жұмыс күшін,
еңбек заты мен еңбек құралдарын қарастырып, оларды екі үлкен топқа бөледі:
өндірістің жеке факторы және заттық фактор. Жеке фактор адамның еңбекке
деген физикалық және ақыл-ой қабілеттіліктерінің жиынтығы ретінде жұмыс
күшін сипаттайды. Заттық фактор өндіріс құралдары болып табылады. Өндірісті
ұйымдастыру осы факторлардың үйлесімді қызметін көздейді. Маркстік теория
өндіріс факторларының өзара байланысы, олардың бірігу сипаты өндірістің
әлеуметтік бағыттылығын, қоғамдағы топтардың құрамы мен олар арасындағы
қатынастарды анықтайтындығынан келіп шығады.
Маржиналистік (неоклассикалық, батыс) теория өндіріс факторларының 4
тобын бөліп көрсетеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жер - шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи
фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде
табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өндірістің басқа
факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі оның
шектеулілігінде. Адам өз қалауы бойынша оның мөлшерін өзгерте алмайды. Бұл
факторға қатысты кемімелі қайтарым заңы жөнінде айтуға болады. Бұл жерде
сөз сандық дәрежедегі қайтарым немесе кемімелі табыстылық жөнінде болып
отыр. Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл әрекет шексіз
емес. Басқа тең жағдайлар тұсында жерге, пайдалы қазбаларды игеруге еңбек
пен капиталдың үзіліссіз салынуы сәйкес қайтарым өсімін қамтамасыз етпейді.
Еңбек - адамның ақыл-ой және физикалық қызметі, жинақтаған тәжірибе,
жалпы және кәсіптік біліміне негізделген өзіндік қабілеттіліктерінің
жиынтығы. Экономикалық теорияда өндіріс факторы ретінде еңбек адамдардың
пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен шаруашылық іс-әрекет процесіне
жұмсайтын кез-келген ақыл-ой және физикалық күш-жігері. А.Маршалл: "кез-
келген еңбектің мақсаты белгілі бір нәтижеге қол жеткізу",- деп көрсеткен.
Адамның еңбек ететін уақыты жұмыс уақыты деп аталады. Оның ұзақтығы -
өзгермелі шама және белгілі бір шегі бар. Адам тәулігіне 24 сағат еңбек
ете алмайды. Оған еңбекке деген қабілеттілігін қалпына келтіруге және
рухани қажеттілігін қанағаттандыруға уақыт қажет. Ғылыми-техникалық
прогресс еңбектің мазмұны мен сипатына, жұмыс уақытының ұзақтығына
өзгерістер алып келеді. ҒТП жағдайында еңбек өнімділігі мен интенсивтілігі
артып, жоғары дәрежелі кадрларды кәсіби дайындауға деген уақыт артады.
Еңбектің интенсивтілігі уақыт бірлігіне физикалық және ақыл-ой энергиясын
жұмсау дәрежесінің өсуі. Ал еңбек өнімділігі уақыт бірлігіне өндірілген
өнімнің санын көрсетеді. Еңбек өнімділігін арттыруға әртүрлі факторлар
әсер етеді.

Капитал - тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын еңбек
құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Капитал терминінің көптеген
мағынасы бар. Бір жағдайда капитал өндіріс құралдарымен байланыстырылса
(Д.Рикардо), басқа жағдайда жинақталған материалдық игіліктермен, қоғамдық
интеллектпен байланыстырады. А.Смит капиталды жинақталған еңбек ретінде,
К.Маркс өздігінен өсетін құн, қоғамдық қатынас ретінде қарастырған.
Капиталды тауарлар мен қызметтер өндірісінде және оларды тұтынушыларға
жеткізуде пайдаланылатын инвестициялық ресурстар ретінде анықтауға да
болады. Капиталға деген көзқарас әртүрлі, бірақ олардың барлығына ортақ
нәрсе оның табыс әкелу қабілеттілігі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет - барлық басқа факторларды бір жүйеге келтіріп,
өндірісті ұйымдастыруда білімі, іскерлік, белсенділік, кәсіпкерлік тәуекел
арқылы олардың өзара бірлігін қамтамасыз ететін өндірістің ерекше факторы
ретінде қарастырылады. Бұл адам капиталының ерекше түрі. Кәсіпкерлік қызмет
өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша жоғары кәсіби дәрежелі еңбек шығындарына
теңестіріледі.

Нақты өмірде кәсіпкер аз шығын жұмсай отырып жоғарғы өнім шығымын
қамтамасыз ететін өндіріс компоненттерінің үйлесімін табуға тырысады. Осы
мақсатпен әрқашан ұтымды шешімдер іздестіру жағдайында болады. Олардың
алдында ең жоғарғы табыс әкелетін өндіріс факторларын таңдау мәселесі
туындайды және бұл кезде өндірістік ресурстарға деген бағаның тұрақты
өзгерістерін ескеру керек. Адам өндірістің басты факторы болған және
әрқашан да болып қала бермек. Адамзат қоғамын зерттеуде экономикалық теория
оны бірмезгілде өндіруші және экономикалық игіліктердің тұтынушысы ретінде
қарастырады. Ол техника мен технологияны қозғалысқа келтіріп, оларды
пайдалану тәсілдерін анықтаса, соңғысы өз кезегінде адамның физикалық және
интеллектуалдық мүмкіндіктеріне жаңа талаптар қояды.
Өндірістің жеке факторының сипатты ерекшелігі адамның тек ғана
өндірістің элементі емес, қоғамның басты өндіргіш күші екендігінде. Жұмысшы
бірмезгілде жұмыс күші, яғни өндіріс факторы және өндірістік қатынастардың
субъектісі болып табылады. Өндіріске әсер ете және оны өзгерте отырып, ол
экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесін, өзінің экономикалық тәртібін
өзгертеді. Оның өндірістегі ролін қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс
түсінуге болмайды. Өндіріс тұрғысынан адам тек ғана оның субъектісі емес,
сондай-ақ соңғы мақсаты. Қоғамдық өнім бөлу мен айырбас арқылы өтіп, өзінің
жолын тұтынумен аяқтайды. Адамның қажетін қанағаттандыру, оның дамуы
қоғамдық өндірістің бағытын анықтайды. Кез-келген кәсіпкер өзінің
шаруашылық іс-әрекетінде табыс алу мақсатын көздейді, бірақ бұл мақсат оның
өндірген өнімдеріне тұтынушы табылған жағдайда ғана жүзеге асады.
Өндіріс факторларының артында адамдардың белгілі бір тобы тұр (еңбек
-жұмысшылар, жер - жерді иемденушілер, капитал - оның меншік иесі,
кәсіпкерлік қызмет - өндірісті ұйымдастырушылар мен басқарушылар) және
әрбір фактор табыс әкелу қабілеттілігіне ие. Жұмыс күшінің иесі жалақы
формасында табыс алады, жердің меншік иесі - рента, капиталдың меншік иесі
- процент, кәсіпкер - кәсіпкерлік қызметтен пайда алады. Өндіріс факторының
иесі үшін табыс болатын шама осы факторды тұтынушы үшін шығын болып
табылады.
Экономикалық теорияда табыс таза шаруашылық (микродеңгейде) және
халықшаруашылық (макродеңгейде) түсінік ретінде ажыратылады. Егер табысты
иемдену субьектісіне тәуелді қарастыратын болсақ, бұл жағдайда табыстар
төмендегіше бөлінеді:
-тұрғындардың табысы;
-кәсіпорын табысы;
-мемлекет табысы;
-қоғам табысы.
Осы табыстардың жиынтығы игіліктер, қызметтер мен өндірістік
ресурстарға максималды сұранысты анықтайды.
Шаруашылық қызмет қорытындысы бойынша өндіріс факторларының иемденушісі
ақшалай формада табыс алады - номиналды табыс. Осы табысқа қатысты оның
иемденушісі мен мемлекет арасында күрделі экономикалық қатынастардың жүйесі
туындайды. Мемлекет салықтар арқылы табыстың көп немесе аз бөлігін
иемденеді. Табыстың салықтар мен қарыздар бойынша проценттер төлегеннен
кейін қалатын бөлігі таза табысты құрайды.
Кәсіпорынның табысын талдағанда жалпы, орташа және шекті табыс
түсініктері қолданылады. Жалпы табыс ақшалай формада барлық өнімді сатудан
түсетін түсім. Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді. Шекті
табыс қосымша өнім санын сатудан түсетін жалпы табыстың өсімі. Бұл
көрсеткіштің есебі фирма үшін маңызды мәнге ие. Экономикада кемімелі
табыстылық заңы әрекет етеді және шекті табыстың есебі кәсіпорын үшін
өндіріс көлемін өзгерту үшін негіз болып табылады. Кәсіпкер әрқашан
тәуекелді максималды қысқартып, нарықты жоспарлауға тырысады. Өзінің
қызметінде ол табыстылықтың құлдырау жағдайымен бетпе-бет келуі де мүмкін.
Кемімелі табыстылық заңының мәні бір фактордың қосымша қолданылатын
шығындары өндірістің басқа факторларының өзгеріссіздігі жағдайында қосымша
өнімнің аз көлемін береді, демек, жалпы табыс та аз болады. Басқа нәтиже
барлық факторларды бірдей және бірмезгілде ұлғайтқан жағдайда алынуы
мүмкін. Бұл өнім көлемінің өсуіне алып келеді. Бірақ бұл жерде де кәсіпкер
қауіп-қатерден сақтануы керек. Өйткені тауарлар ұсынысының өсуі нарықтық
бағаның түсуіне, ал бұл өз кезегінде қосымша өнім бірлігін сатудан түсетін
түсімнің азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын үшін өндіріс ауқымының өсуін
қысқарту сигналы болды.
Кез-келген кәсіпорын бірмезгілде белгілі бір өнімнің тауарөндірушісі
және сатушысы, сондай-ақ өндіріс факторларын сатып алушы ретінде көрінеді.
Сатушы ретінде ол өзінің өнімін қымбат сатқысы келеді. Өндіріс факторлары
нарығында өндірістік ресурстарды (еңбек, жер, капитал) арзан сатып алуды
көздейтін сатып алушы ретінде көрінеді. Өндірістік шығындар шамасы және
олардың құрылымы өндіріс факторларын сатып алу құрылымына нақты талаптарды
анықтайды. Өндіріс факторларына сұраныс ерекшеліктері өндіріс сипатымен
анықталынады. Бұл жерде басты критерий біреу ғана - өндірілген өнімнің
жоғарғы сапасы жағдайында өндірістің ең аз шығындары. Өндірістің әрбір
факторының нарықтық бағасын осы фактор көмегімен өндірілетін шекті өніммен
салыстыра отырып, кәсіпкер өз таңдауын жасайды.

17.2. Жалақы – еңбек бағасы
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс
әкеледі. Жалақы-жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы күрделі экономикалық
қатынас. Бұл қатынас біріншіден, еңбек нарығында туындайтын сыртқы формаға
ие, екіншіден, кәсіпорындағы жұмысшының еңбек қызметімен байланысты терең
мәнге ие. Жалақының сыртқы формасына қарап бұл құбылыстың қарапайым, әрі
түсінікті екендігін байқау қиын емес. Еңбек нарығында жұмысшы мен жұмыс
беруші келісімге отырып, осы келісім бойынша жұмысшы белгіленген уақыт
аралығында кәсіпорында еңбек етуге, ал кәсіпорын иесі бұл үшін оған жалақы
төлеуді міндетіне алады.
Жалақының мәні жөнінде экономикалық теорияда 2 концепция бар:
1. Жалақы - бұл еңбектің бағасы, оның шамасы мен динамикасы сұраныс
және ұсыныспен анықталады.
2. Жалақы - еңбек емес, жұмыс күші деп аталатын тауар құнының ақшалай
көрінісі. Өйткені еңбек тауар бола алмайды, ол өндіріс шарттары
сияқты нарықтық факторлармен де анықталады.
Жалақының 2 концепциясы ағылшын саяси экономиясының классиктері А.Смит
пен Д.Рикардо салған теориялық негіздерден көрінеді. А.Смит еңбек пен жұмыс
күші арасындағы айырмашылықты қарастырмайды. Ол табиғи бағаға ие еңбек
тауар болып табылады деп санайды. Ол өндіріс шығындарымен, яғни жұмысшы мен
оның жанұясының өмір сүруі үшін қажетті құралдар құнымен анықталады. Демек,
Смит табиғи жалақы дегенде жұмыс күшінің құнын түсінген. Жалақының шамасы
жұмысшының өмір сүруінің физикалық минимумымен анықталады. Бұдан басқа
жалақы өзіне тарихи және мәдени элементтерді қосады. Осы жағдаймен Смит
жалақының шамасында ұлттық ерекшеліктердің болатындығын түсіндіреді.
Жалақының динамикасын ол экономикалық жағдаймен (экономикалық прогресс,
экономикалық регресс және экономиканың өзгеріссіз жағдайы) байланыстырды.
Осыған тәуелді еңбекке сұраныс және оның бағасы өзгереді. Экономикалық өсу
жағдайында еңбекке сұраныс өседі, сондықтан нарықтық жалақы табиғи
жалақыдан жоғары болады.
Д. Рикардо да А.Смит сияқты жалақы еңбектің бағасы деп есептейді. Ол
жалақы теориясын Мальтустың халық тұрғындары теориясымен байланыстырады.
Рикардоның ойынша жалақы өмір сүру құралдарының физикалық минимумына
талпынады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі туылу дәрежесін ынталандырып,
бұл еңбек ұсынысының өсуіне алып келеді. Нәтижесінде жалақы төмендейді және
керісінше жалақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбек ұсынысын
қысқартады. Демек, жалақының өсуіне алып келеді. Сондықтан еңбек ұсынысының
ауытқуынан жалақы біршама тұрақты шама - өмір сүрудің физикалық минимумына
жақындайды.
Жалақының жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралдарының физикалық
минимумымен анықталынатындығы жалақы теориясының негізіне алынған.
К.Маркстің жалақыға қатысты концепциясының негізінде еңбек пен жұмыс
күші терминдері ажыратылады. Бұл концепцияға сәйкес жалақы еңбек бағасы
болып табылмайды, өйткені еңбек тауар емес және оның құны жоқ. Жұмыс күші
тауар болып табылады, ал жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнының
ақшалай көрінісі. Жалақы формасында жұмысшы барлық еңбек үшін емес, тек
ғана қажетті еңбек үшін ақы алады. Жалақының экономикалық мазмұны: табыс
есебінен өндірістің жеке факторы өтеледі, материалдық және моральдық
қажеттіліктердің қанағаттандырылуы қамтамасыз етіледі. Маркс жұмыс күшінің
құны мен жалақыны өмір сүру құралдарының физикалық минимумымен теңестірді.
Оның ойынша жұмыс күшінің құны алғашқы қажетті тұтыну заттарының құнымен
анықталады.
Жалақының шамасы өндіріс шарттарына, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі-жұмыс
күші құнына ықпал ететін еңбектің ауырлығы, өнімділігі, интенсивтілігі
деңгейіне тәуелді болады. Жалақы нарықтық коньюктура - еңбекке сұраныспен
ұсыныс арақатынасына тәуелді. Қазіргі экономикалық теорияда жалақы еңбекті
пайдаланғаны үшін төленетін баға ретінде анықталынады. Бұл жерде еңбек
термині кең мәнге ие. Ол өзіне әртүрлі кәсіптегі жұмысшылар мен мамандардың
еңбек ақысын қосады.
Жұмыс күшін сатып алу-сатуда номиналды жалақы анықталынады. Номиналды
жалақы бұл бір сағат, күн немесе аптада алынатын ақша сомасы. Осы ақша
сомасына өмір сүруге қажетті тауарлар мен қызметтер сатылып алынады. Бұл
алынған ақша сомасының сатып алу қабілеттілігі нақты жалақы деп аталады.
Демек, нақты жалақы номиналды жалақы мен сатып алынатын тауарлар мен
қызметтердің бағасына тәуелді болады. Тұтыну бағаларының өзгеріссіздігі
жағдайында номиналды және нақты жалақының өсу қарқыны сәйкес келеді.
Инфляция жағдайында олардың шамасы едәуір ерекшеленеді. Нақты жалақының
динамикасы номиналды еңбек ақы индексін тауарлар мен қызметтер бағаларының
индексіне бөлгенге тең. Номиналды жалақы индексі:
Жа
И ном.= ------------ * 100%
Жб

Мұндағы: Жа - ағымдағы кезеңдегі жалақы

Жб - базалық кезеңдегі жалақы
Ал баға индексі былай анықталады:

Ба
Иб= ------------* 100%

Бб
Мұндағы: Ба - ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағалары
Бб - базалық кезеңдегі бағалар

Демек нақты жалақы индексі:
Ином
Ин= ------------ *100%
Иб

Нақты жалақы индексінен және жалақы мен бағаның әртүрлі сандық мәндегі
индекстерін ескере отырып нақты жалақы динамикасының негізгі төрт вариантын
алуға болады:
1. Номиналды жалақы тұтыну бағалары өсетін қарқынмен жоғарлайды. Мұндай
жағдайда нақты жалақы деңгейі тұрақты. Бұл вариант номиналды жалақы
автоматты түрде индексацияланған жағдайда болуы мүмкін. Бұл сирек болатын
құбылыс. Экономикалық түрде инфляциядан сақтағанымен номналды жалақының
өсімі нақты жалақының өсуімен қатар жүрмейді.
2. Номиналды жалақы ифляцияға қарағанда тез өседі. Нақты жалақы
абсолютті мөлшерде өседі. Бұл жағдай бірінші кезекте жұмысшылардың
артықшылықты топтарын қозғайды. Бұл динамика экономикалық ынтымақтастық пен
даму ұйымына кіретін 28 жоғарғы дамыған елдер үшін тән. 30 жылда (1965-
1994) мұнда тұтыну бағалары 5,4 есе өскен, бірақ номиналды еңбек ақы осы
уақытта 8,2 есе өскен. Бұл тұтыну бағаларының номиналды жалақы деңгейімен
салыстырғанда төмендегенін білдіреді.
3. Инфляцияның төменгі қарқыны жағдайында номиналды жалақыны
индексациялау жүргізілмейді. Бұл жағдайда нақты еңбек ақының шамасы аз ғана
мөлшерде қысқарады. Тұрмыс деңгейінің төмендеуінің алдын алу үшін
жұмысшылар еңбек уақытының ұзақтығын өсіруге немесе басқа жерлерде қосымша
жұмысқа орналасуға тырысады.
4. Инфляциялық спираль. Егер инфляцияның жоғарғы қарқыны жағдайында
еңбек ақыны индексациялау жүргізілмейтін болса, онда жұмысшылар сонда да
сәйкесінше номиналды табыстың өсуіне қол жеткізеді. Үкімет пен кәсіпкерлер
ақшалай еңбек ақының жоғарғы деңгейін бекітетін болса, онда қорытындысында
өнім қымбаттайды. Ал бұл тұтыну бағаларының өсуіне алып келеді.

3. . Процент – капиталдың меншік иесінің табысы
Несиеге берілетін ресурстардың құны процентті құрайды. Бірақ
тәжірибеде процент қарыз капиталына баға ретінде, яғни банктердің қызмет
етушілердің кәсіпкерлерге берілетін үлесі болып қарастырылады. Банк қарыз
беруші мен қарыз алушы арасында делдалдық қызмет атқарады. Ең бірінші
кезекте тұрғындар мен кәсіпорындар банктің кредиторлары болып табылады,
өйткені сақтауға өзінің бос ақша құралдарын береді. Ал банк дебитор болады,
өз кезегінде жиналған ақшаларды банк несие ретінде пайдаланады, яғни
тұрғындар мен кәсіпорындарға уақытша пайдалануға қаржы береді. Бұл кезде
тұрғындар мен кәсіпорындар дебитор болып табылады. Осы жерден банктегі
проценттердің екі түрі келіп шығады:
1. Депозиттік процент – тұрғындар мен кәсіпорындардың өздерінің ақшаларын
банкке салудан алатын табысы.
2. Қарыз проценті – банктердің тұрғындар мен кәсіпорындарға несие беруден
түсетін табысы.
Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталынады. Банктік
пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:

Банктік жалпы пайда-банктік істі жүргізу шығындары
Бп=-------------------------------- ----------------------------------- --
----------*100%
Банктік меншік капиталы

Қарыз проценті - бұл қарыз капиталының бағасы. Маркстік ілім бойынша
қарыз проценті қарыз капиталын пайдалану құқығы үшін төлем болып табылады.
Оның белгілі бір деңгейі мен нормасы болады. Процент нормасы қарыз
капиталынан алынатын жылдық табысты барлық қарыз капиталына бөлу арқылы
анықталынады. Егер қарызға берілген капитал 100 мың долларға тең болса, ал
осы сомадан алынатын жылдық табыс 6 мың долларды құраса, онда процент
нормасы 6-ға тең болады:
Неоклассикалық теорияға сәйкес процент бүгінгі және болашақтағы
игіліктер, құндылықтар арасындағы айырманы көрсетеді. Бүгінгі ресурстар
немесе тұтыну игіліктері әдетте болашақтағы игіліктерден жоғары бағаланады
деп санады. Бұл ресурстарды иемдену қазіргі уақытта тек ғана тұтынушының
таңдауын кеңейтіп қоймайды, сондай-ақ оған болашақта да жоғары табысты
қамтамасыз ету үшін іс-әрекет қабылдауға мүмкіндік беретіндігімен
түсіндіріледі. Неоклассиктер өсімді меншік иесі ақша капиталынан немесе
өндіруші кәсіпкерлік табыстан алуынан тәуелсіз капиталға баға деп
түсіндіреді. Жылдық процентпен көрсетілген қарыз капиталының табысын олар
проценттік мөлшерлеме деп атайды. Оның 2 түрі бар:
1). Номиналды – оның құны бойынша ақша бірлігінде көрсетілген мөлшерлеме.
2). Нақты- инфляцияны есепке алғандағы проценттік мөлшерлеме.
Мөлшерлеме көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторларының нарығы. Жер нарығы және нарығы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы
Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ақшаға деген сұраныс
Экономикалық теорияның құрылымы
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар туралы
Пәндер