Көне түркі мәдениеті жайлы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Көне Түркі мәдениеті
  2. Түркі халықтарының ежелгі діни сенім- нанымдары

Көне Түркі мәдениеті

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді. Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф. Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т. б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ, анын аңғартады. Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады. Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер - үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды. Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С. П. Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді. Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.

Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды -феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі - Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан) .
Батыс түрік қағандығы яки қағанаты - Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы - қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды. Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі-қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.

Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет - Түркеш қағанаты (704-766 ж. ж. ) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты (766-940 ж. ж. ) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі - оғыз тайпалары бірлестігі - Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті - Қарахан мемлекеті (940-1212 ж. ж. ) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді. Астанасы - Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды. Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар - ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.
Қыпшақ қоғамы - ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған.
Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т. б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.

Түркі халықтарының ежелгі діни сенім- нанымдары

Көне түркі халықтарының мәдениеті жөнінде айтқанда, Біз бірінші және екінші қағандықтарға негіз болған төрт тайпаны - теле(оғыз), ашина( түркі), Енесей қырғыздары мен қыпшақтарды атаймыз. Түркі мәдениеті үш аймақта дамыды: 1) Енесей қырғыздарының мәдениеті; 2) Ертіс бойы қыпшақтарының мәдениеті. ; 3) Алтай тауы мен қазіргі Монғолия, Жетісу, Шығыс Түркістан жеріндегі теле (оғыз), ашина(түркі) мәдениет орталықтары.
V-ІХ ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерлерінде жазу, сызу, егін егу, әдебиет, өнер, тарих ғылымдарының, діни сенімдерінің қалыптасқаны көпшілікке аян, оған Енесей жазу ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.

Орхон -Енесей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі» дәуіріне сай келеді. Шығыс түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон -Енесей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон- Енесей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері -Орхон, Енесей, Селенгі және Талас бойы.

Орхон - Енесей жазуы өзінің жау ерекшеліктерімен қолдану өрісіне сай Орхон- Енесей және Талас жазуы делініп, екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енесей бойынан табылуы мен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия, Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаоароының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші- гірім жазбалармен қатар ірі текстер дже кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкені- 10-158 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері -ескі түркі жазуының алғашқы шығып қалыптасып, тараған нұсқасы . Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тараған. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілімен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрі Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқфы белгілі бір мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеғумен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді. Орхон жазуы көне түркі жазба мұраларының ішіндегі қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Сібірден бастап, Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын . VI ғасырдың ортасында қазіргі солтүстік Монғолия жерінде бас құраған Түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейіе келе Датыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V- VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге, сондай- ақ кейбір ыдыстардың жиегі, түбі мен, қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы - Орхан жазба мұралары . Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Оның бірінші - 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі-735 жылы өлген Білге қағанның өзіне, Ал үшіншісі - Тоныкөкке арналған ескеркіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Тоныкөк туралы Копенгагендік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгендей, Тоныкөк деп табылған ескеркіште ол - үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үлесі туралы қытай және және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазуын кейде руна деп те атайды. Көне түркі жазбаларын кейде « руна » жазуы деп те атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің ғалымы Д. Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде « руна » жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.
Орхон ескеркіштері оқиғалар мерзімі, жазу, стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы - жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сәрә, халық арасына кеңінен тараған болу керек . Күлтегін ескеркіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі : « Түркі халқын жиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдер, түркінің қазіргі халқының бектері » -дейді .

Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген . Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан ижеңіліп шамамен 50-жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар Қытай титулдарын қабылдап, түркі бектероі болудан қалғандығын айтады .
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан, одан адамшылыққа жат пиғыл кездеспейді.
Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ әрбір жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.
Жазба ескерткіштегі Білге қаған үлкен ел басқарушы, Күлтегін өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк әрі батыр, әрі шешен, әрі жырау, кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы ретінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал - мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі.

Талас ескерткіштері. талас өзені аңғары маңынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері » деп аталып жүр. Талас өзені бойынан Қырғызстан жерінен барлығы 13-ескеркіш табылған . Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған бұның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт- Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Орхон - Енисей ескерткіштері тектес таңба жазулы, тастар Әулиата түбінен Талдықорған өңірінен, Сарарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі - бір аумақта өмір сүріп, , өзіне лайық жазуын, тілін, өзге мәдениетін дамытқан . Ежелгі түркі мәдениетьінің орталықтары Енесей, Отхон, Селенгі, талас өзендерінің бойы, Миниоивск ойпаты, Алтай тауы қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған шығысы Хангай, Сарөзеннен, Батысы Карпат, тауларына, оңтүстігі Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі Ленаға дейінгі арлықтағы байтвқ аймақты мекендкеген тірік халықтарының жазу- сызу дәстүрлерінен қалған барлық мұралар енеді. Ғылым әлемінде Түрік жұрттарның жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есе, птеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түрік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тері бетіне 310- беттей мәтін түсіпті. Маихей әріпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 100-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Арап әрпімен жасалған орта ғасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде Құруар мұралар қалдырған.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағндар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерленріне айналды. Ардақты есімдерді ел алдында сақтау үшін сол заманның данагөй білідарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескрткіштер көне дәуірдің қоғамдық- мәдени, әрі әдеби тұрмыс салт өмірлерінен хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап өз заманының шындығы мен қайғы қасіретін, амал -әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге дейін жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған кһөне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл сайын өсіп жатыр.

Түркітану ғылымы көне түркі жазба , мазмұндық және дәуірлік мәніне қарапр, Орхон, Енисей, Талас деп үш топқа бөлінеді . Оның ішінен Талас жазбалары Қазақстанның Оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құроайды және аталған жазба ескеркіштердің тікелей жалғасы болып табылатын ортағасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы қыратты өзенді аймақтарда орналасқан.
Сан жылданр бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан алғаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазуларынан ерекшеленді. Іле -шала Ертіс өзені болйынан қола айнадағы жазу, ал 70- жылдары Іле өзені бойынан күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазуларлдың бүгінде Қазқстанның кез-келген өңірінде сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны бізге беймәлім. Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңдаларынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек, өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы эжүйесінің ертеден қалыптасқан жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады. Ежелгі түркі туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалды оқып білу әлі күнге дейін кешеуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінің әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай даснбеп болды. : Х ғасырда исламды уағыздаушылар өздерінң исламға дейінгі қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құрбан етті. Бұл саясат кеңес үкіметі кезінде де толастамады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫ МЕН ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Түркілердің сенім негіздері
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ.ғ.)
Сақ, усунь, кангюй бірлестіктерінің этникалық тарихын ежелгі нарративтік деректер мен кейінгі жаңа зерттеулер негізінде жүйелілікпен негіздеп, аталмыш халықтардың этногенезін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz