Топырақ түрлерi. Органикалық және минералды тыңайтқыштар


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
1870 жылы орыс жаратылыстану зерттеушiсi, топырақ туралы iлiмнiң негiзiн қалаушы В. В. Докучаев (1846-1909) топырақ дербес табиғи дене екенiн дәлелдеп, топырақтың түзiлуiнiң теориясын ғылыми түрде негiздедi.
Тау етегiнде тасты жартастарды, сынықтарды, майда шашылыстар бар. Бұл тау жынысының ыдырауының өнiмi. Олар қалай түзiледi? Күндiз Күн сәулесiнiң әсерiнен жартастар қызып, кеңейедi. Түнде тастар салқындап, жиырылады. Нәтижесiнде жарықтар түзiлiп, тау жыныстары бiртiндеп бұзылады. Су, жел, тiрi организмдер жарыққа енiп, бұзылысты тездетедi. Желденудiң нәтижесiнде тау жыныстарының жоғарғы бөлiгi борпылдаққа айналады. Мелкозем түзiледi. Ол топырақтың түзiлуiне әсер етедi. Топырақ борпылдақ тау жынысында да түзiле алады: батпақ, субатпақ және құмды. Топырақ - түзiлуде өсiмдiктердiң маңызы зор. Олардың тамырлары ерiп, жыныстарды бұзады. Өсiмдiктердiң тiршiлiгiн жойған бөлiктерi микроорганизмдер әсерiнен қарашiрiкке немесе гумусқа (латын «жер», «топырақ») айналады.
Топырақ түзiлiсiне жануарлар да қатысады: құрттар, жәндiктер дернәсiлi, көртышқан және тағы басқа. Олар жыныстарды таптап, өсiмдiктердiң шiрiген тамырларымен араластырады, ал өлгеннен соң өздерi гумусқа айналады. Жауын құрттарының жолы 1, 5 м-ге дейiн болады, ол жолдар арқылы ауа мен су өтiп, топырақтың құрамын жақсартады. Белсендi топырақ түзушiлер- микроорганизмдер, әсiресе бактериялар. Олар гумусты минералды заттарға дейiн ыдыратады. Қыналар - тастардағы, жартастардағы, ағаш дiңгегi сұр өскiндер, олар тiршiлiгiн жойып топырақты құнарландырады.
Топырақтың негiзгi қасиетi - өнiмдiлiк - өнiм беру қабiлетi. Топырақтың өнiмдiлiгi минералды тұздарды жинау, ылғалды ұстап тұру, ауаны өткiзу және осы айтылғандардан өсiмдiктердi бүкiл тiршiлiгi бойы қамтамасыз ету деп түсiнедi. Өнiмдiлiк гумус мөлшерiне - яғни тiршiлiгiн жойған өсiмдiктер, жануарлардың қалдықтарының және олардың бөлетiн заттарының ыдырауының өнiмдерiне, органикалық заттардың ыдырау өнiмдерiне байланысты.
Топырақта топырақ микроорганизмдер әсерiнен жүретiн химиялық реакциялар нәтижесiнде топырақтың органикалық заттары биоорганикалық заттарға - суға, азот қосылыстары, фосфор, күкiрт, калий және тағы басқа заттарға ыдырайды. Топырақтың биорганикалық заттары- өсiмдiктердiң қорегi. Соларға байланысты өсiмдiктер өсiп, дамиды. Топырақтар өте жай түзiледi: 100 жылда олардың қабаттарының қалыңдығы небары 0, 5-2 см-ге ұлғаяды (кейде одан көп) . Сонымен бiрге топырақ қабатын бұзу өте оңай.
Топырақ- Жер бетiнде түзiлетiн күрделi табиғи дене. Топырақ түзiлуiне тау жынысы, су, ауа, жылу, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер, жануарлар, адам қатысады. Бұлардың бәрi- топырақ түзiлiсiнiң факторлары.
Топырақ түрлерi. Органикалық және минералды тыңайтқыштар.
Топырақтар әртүрлi. Бiздiң елiмiздiң ауданында 100-ге жуық топырақ түрi бар. Топырақты жiктегенде барлық белгiлердi қарастырады: құрғақтылығы, органикалық және минералды заттар, су, ауа, топырақты түзетiн тау жынысының құрамы (кварц, батпақ және тағы басқа), өсiмдiктер сипаттамасы (орман, дала, шалғындық және тағы басқа) факторлар.
Топырақтың, мысалы, тундра, күлдi, сұр орманды, қара, каштан, қоңыр, сарғыш, қызыл, және түрлерi бар. Сұр - қоңыр топырақтары шөлдерде түзiледi, олар гумусқа кедей. Шөлдi далаларда каштан топырақ түзiледi. Қаратопырақты В. В. Докучаев «топырақтар патшасы» деп атады. Олар даланың өсiмдiк жамылғысы астында түзiледi, ол гумусқа өте бай. Топырақты ормандарда сұр орманды топырақ түзiлген. Аралас ормандарда шым-күлдi топырақтар түзiлген.
Топырақтың өнiмдiлiгi тек су, ауа, жарық, тiрi организмдер әсерiнен емес, адамның да әсерiнен өзгередi. Егер қоректi заттардың қорын толтырмаса, топырақ нашарлап, өнiм азаяды. Сондықтан адам оған тыңайтқыш қосады.
Органикалық тыңайтқыштар - қи, торф, құстың қалдығы - олар өсiмдiк және жануарлар организмдерiнiң қалдықтары мен тiршiлiк жағдайы өнiмдерiнiң ыдырауы нәтижесiнде түзiлген. Бұл тыңайтқыштар топырақты жақсартады, гумус, ауа және ылғалды жинауға көмектеседi. Бiртiндеп, органикалық тыңайтқыштар микроорганизмдер көмегiмен минералды заттарға дейiн ыдырайды, олармен өсiмдiктер қоректенедi. Бұл ұзақ жүретiн процесс, сондықтан топыраққа салынған органикалық тыңайтқыштар, мысалы, қи, өнiмдiлiкке бiрнеше жыл бойы жақсы әсер етедi.
Топырақ түрлерi.
Өсiмдiктер үшiн қоректiк заттар көзi ретiнде минералды тыңайтқыштар да қызмет етедi. Олар топырақта азотты, фосфорлы және калий тұздарын толықтырады. Заводтарда минералды тыңайтқыштарды табиғи минералдардан алады. Азотты және калий тыңайтқыштары топырақ ылғалында тез еридi, сондықтан оларды жерге егу алдында ендiрiледi. Фосфорлы тыңайтқыштар жай еридi, сондықтан олар қимен бiрге күзде ендiрiледi, олар көктемге дейiн ерiп үлгередi. Топырақта минералды тұздардың жетiспеушiлiгi де, дамуын тоқтатып, өнiмдiлiгiн төмендетедi.
Минералды заттардың артықшылығы өте зиян, өйткенi өсiмдiктерде адамға қауiптi заттар жиналады, мысалы нитраттар.
Топырақ құрамына сәйкес - яғни ондағы органикалық және минералды заттар, су, ауаның болуына сәйкес топырақтың бiрнеше түрi бар: қарашiрiктi, сор, қызыл, және тағы басқа. Топырақ өнiмдiлiгiн органикалық және минералды тыңайтқыштар мен жақсартуға болады.
Топырақ -организмдердiң мекен ету ортасы.
Топырақты қорғау.
Топырақ-көптеген организмдердiң мекен ету ортасы, тiршiлiкке қажеттi заттарын алады, әсiресе топырақ бактериялары. Топырақта микроскопиялық балдырлар мекендейдi, оның тамырларын әртүрлi өсiмдiктер қалың тормен қоршайды. Онда жақсы белгiлi жануарлар : құмырсқалар, термиттер, көртышқандар, жауын құрты да бар. Сулы және ауалық ортамен салыстырғанда топырақтың тығыздығы жоғары, жарығы аз, ауа жетiспейдi.
Ұзақ уақыт бойы организмдерде осындай жағдайларда тiршiлiк ету бейiмделгiштiгi қалыптасқан. Ылғалы аз топырақта, мысалы шөлде, шөлге төзiмдi өсiмдiктер өседi, олардың ылғалды сiңiрiп, сақтау бейiмделгiштiгi бар. Жантақтың тамырлары 15-20м. тереңдiкте созылып жатыр, олар жерасты суларына дейiн жетедi.
Ылғалды топырақта ылғалдың көпшiлiгiне бейiмделген өсiмдiктер өседi. Эвкалиптер сорғыш - тамыры арқылы көп су сiңiредi, ал оның үлкен жапырағы суды жақсы буландырады. Сондықтан эвкалиптердi суланған жерлердi кептiру үшiн пайдаланады.
Көртышқан үлкен алдыңғы күрек тәрiздi аяқтарымен топырақта жерасты жолдарын жасайды, ол жерден жәндiктер дернәсiлдерiн, жауын құрттарды тауып жейдi. Қараңғыда тiршiлiк етуiне байланысты көртышқанда көру мүшесi нашар жетiлген, ол дәм және иiс сезу арқылы қозғалады. Тар жерасты жолдармен қозғалуына көртышқанның сопақша басы мүмкiншiлiк жасайды, құлақ қалқаны жоқ, жүнi қысқа, қалың. Терiсi ылғалды, сiлемейлi, оның астында бұлшықетi бар, жауын құрттары топырақта жақсы қозғалып, жол жасайды және топырақты араластырады. Жауын құрттары органикалық қалдықтармен қоректенiп, оны шiрiтедi және топырақтың минералды биорганикалық бөлiгiмен араластырады.
Топырақ - табиғаттың баға жетпес байлығы. Бiзге қорек бередi, киiндiредi, өндiрiске шикiзат, құрылысқа ағаш бередi. Топыраққа ұқыпты қарап, қорғау қажет. Ең алдымен топырақ эрозиядан зардап шегедi - яғни оның ағын, жаңбыр суымен бұзылып, шайылуы және желмен ұшырылуы. Сiз қатты жаңбырдан соң лайлы су ағатынын байқадыңыз, олар топырақтың құнарлы қабатын өзен мен көлдерге ағызып әкетедi. Қатты желден топырақ зардап шегедi. Қатты жел егiндiктен егiлетiн топырақты бұзған жағдайлар белгiлi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz