Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы



Тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
Тақырыбы: Мүк тәрізділер бөлімі .Bryophyta және Плаун тәрізділер бөлімі
Тақырыбы: Қырықбуын тәрізділер мен папортник тәрізділер бөлімі.
Тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктер бөлімі Magnoliophyta, Angiospermae.
Тақырыбы: Алабота, қалампыр, құлқайыр, сүттігендер тұқымдастары
Тақырыбы: Асқабақ және крестгүлділер, ерінгүлділер және алқа тұқымдастары
Тақырыбы: Күрделі гүлділер тұқымдасы, Қайың және Тал тұқымдастары
Тақырыбы: Астық, қияқ тұқымдастары
Оомициттер – Oomycetes класының өкілі – картоп фитофторасы – Phytophthora infeatans өсімдікте «картоп зілі» деп аталатын ауру туғызады. Бұл аурумен зақымданған картоп гүлденгеннен кейін жапырақтары солып, қарая бастайды. Саңырауқұлақтың жіпшумағы жапырақтың ұлпасына ұлғаяды, ал жапырақ тақтасының төменгі жағындағы лептесіктері арқылы конидий сабақтары шығып тұрады, онда конидиялар дамиды. Конидиялар шашылып, зақымданбаған жапырақтарды зақымдайды. Ауа райы өте ылғалды болғанда, конидийлер зооспорангия сияқты өседі де, одан екі талшығы бар 6-12 зооспоралар сыртқа шығады. Олар су тамшылары арқылы басқа жапырақтарға түсіп, қабықпен қапталып жаңа жіпшелер түзеді. Сөйтіп жапырақтың бетінде жаңа дақтар пайда болады. Жаңбыр қатты жауғанда зооспоралар мен конидийлер сумен шайылып, топырақтағы түйінге түседі. Картопты қоймада сақтағанда барлық картопты шірітіп жіберуі мүмкін. Картоп шірігенде жыныс үрдісінің нәтижесінде ооспора түзіледі. ООспора қыс бойы сақталып, келесі жылы сол ауруды қайтадан таратады.
Бұлармен күрестің басты шарты – картоп егісіне улы бордосс сұйығын бүркеді. Картопты қоймада сақтау алдында қойманы дизенфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5- тан аспайтын температурада сақтау керек.
Зигомициттер – Zygomycetes класының өкілі - Mykor mycedo саңырауқұлағы – көп ядролы перделерге бөлінбеген, жан-жаққа тармақталып бұтақталған жіпшелерден тұрады. Жіпшелерден жоғары қарай шар пішінді спорангийлер көтеріледі. Спорангий ішіндегі протопластар бірнеше ядросы бар көптеген майда бөлшектерге бөлінеді де, кейіннен қабыққа оралып, спораға айналады. Спорангия қабығы жыртылып, одан споралар шығады да, ауаның ағынымен таралады. Бұл жыныссыз көбеюі. Жынысты жолмен көбеюі сирек кездеседі. Мұнда сыртқы құрылысы жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек физиологиялық жағынан ғана айырмашылығы бар көрші жатқан жіпшумақтардан бұтақшалар өседі. Бұл бұтақшалар әр түрлі жіпшумақтарға жататындықтан мукорлар гетеротальды болып есептеледі. Бір-біріне қарай бағытталған осы бұтақшалардың ұшы түйіседі де, осы кезде негізгі жіпшелерден олар пердалермен бөлінеді. Түйіскен жіпшелердің қабықшасы еріп, жасуша іштеріндегі көп ядролы заттар араласып зигота түзеді. Зигота ядросы редукциялы жолмен бөлініп, ұзақ уақыт тыныштықтан кейінгі қысқа жіпше өсіп шығады. Жіпше ұрыұтық спорангийлермен аяқталып, одан аталық және аналық споралар түзіледі, олардан жіпшенің аталық және аналық түрлері дамиды.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жалпы түсінік
Оомициттер – Oomycetes класының өкілі – картоп фитофторасы –
Phytophthora infeatans өсімдікте картоп зілі деп аталатын ауру туғызады.
Бұл аурумен зақымданған картоп гүлденгеннен кейін жапырақтары солып, қарая
бастайды. Саңырауқұлақтың жіпшумағы жапырақтың ұлпасына ұлғаяды, ал жапырақ
тақтасының төменгі жағындағы лептесіктері арқылы конидий сабақтары шығып
тұрады, онда конидиялар дамиды. Конидиялар шашылып, зақымданбаған
жапырақтарды зақымдайды. Ауа райы өте ылғалды болғанда, конидийлер
зооспорангия сияқты өседі де, одан екі талшығы бар 6-12 зооспоралар сыртқа
шығады. Олар су тамшылары арқылы басқа жапырақтарға түсіп, қабықпен
қапталып жаңа жіпшелер түзеді. Сөйтіп жапырақтың бетінде жаңа дақтар пайда
болады. Жаңбыр қатты жауғанда зооспоралар мен конидийлер сумен шайылып,
топырақтағы түйінге түседі. Картопты қоймада сақтағанда барлық картопты
шірітіп жіберуі мүмкін. Картоп шірігенде жыныс үрдісінің нәтижесінде
ооспора түзіледі. ООспора қыс бойы сақталып, келесі жылы сол ауруды
қайтадан таратады.
Бұлармен күрестің басты шарты – картоп егісіне улы бордосс сұйығын
бүркеді. Картопты қоймада сақтау алдында қойманы дизенфекциялап, картопты
мұқият сұрыптап, 4-5- тан аспайтын температурада сақтау керек.
Зигомициттер – Zygomycetes класының өкілі - Mykor mycedo
саңырауқұлағы – көп ядролы перделерге бөлінбеген, жан-жаққа тармақталып
бұтақталған жіпшелерден тұрады. Жіпшелерден жоғары қарай шар пішінді
спорангийлер көтеріледі. Спорангий ішіндегі протопластар бірнеше ядросы бар
көптеген майда бөлшектерге бөлінеді де, кейіннен қабыққа оралып, спораға
айналады. Спорангия қабығы жыртылып, одан споралар шығады да, ауаның
ағынымен таралады. Бұл жыныссыз көбеюі. Жынысты жолмен көбеюі сирек
кездеседі. Мұнда сыртқы құрылысы жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек
физиологиялық жағынан ғана айырмашылығы бар көрші жатқан жіпшумақтардан
бұтақшалар өседі. Бұл бұтақшалар әр түрлі жіпшумақтарға жататындықтан
мукорлар гетеротальды болып есептеледі. Бір-біріне қарай бағытталған осы
бұтақшалардың ұшы түйіседі де, осы кезде негізгі жіпшелерден олар
пердалермен бөлінеді. Түйіскен жіпшелердің қабықшасы еріп, жасуша
іштеріндегі көп ядролы заттар араласып зигота түзеді. Зигота ядросы
редукциялы жолмен бөлініп, ұзақ уақыт тыныштықтан кейінгі қысқа жіпше өсіп
шығады. Жіпше ұрыұтық спорангийлермен аяқталып, одан аталық және аналық
споралар түзіледі, олардан жіпшенің аталық және аналық түрлері дамиды.

Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
1) Мақсаты: Фрагмобазидиомицеттердің биологиялық ерекшеліктерімен, көбею
процесімен, негізгі өкілдерімен танысу
Материал: Астықтың сызықтық, яки сабақтық таты ауруымен дақыл өсімдіктері
және спиртте қатырылған бөріқат өсімдігінің эцидиялы жапырағы. Тат
саңырауқұлақтарының кестелері. Зетханалық құрал-жабдықтар.
Тат саңырауқұлағы көптеген өсімдіктердің, оның ішінде Puccinia graminis
Материалдар мен құралдар:

Фрагмобазидиомицеттер (Рhragmobasidiomycetidае) немесе Телиобазидиомицеттер
(Теliоbasidiomycetidae) класс тармағы.
Каракүйе саңырауқұлақтар катары.
Қара күйе саңырауқұлағы негiзінен паразиттiк тiршiлiк етiп, көптеген
бағалы дақыл өсімдiктердi зақымдап, шаруашылыққа үлкен зиян тигiзедi.
Споралары ұсақ майда, өте көп, әрi тiршiлiгi ұзақ сақталады. Көпшiлiгi
клетка ішілiк паразиттер. Бұлардың паразиттi тiршiлiкке бейiмделгелдiгi
сондай, олардың активтi даму циклы дақыл өсiмдiктерiнiң қоректiк заттар мол
жинайтын кезеңi — гүлдеп дән байлау фазасы мен тұтас, қатар жүреді.
Нағыз облигатты паразитгер қатарына жатып, дамуының алғашқы кезеңiнде
егіске онша зиян келтiрмейдi. Тiршiлiгін көбiнесе спора күйiнде өткiзедi.
Мицелийлер, жемiстi денелер кұрамайды.
Бұлардың іштiнде практикалық маңызды түрлерiлiң бiрiне сұлының,
бидайдың және арпаның тозаңды қара күйесі жатады.
Фрагмобазидиомицеттер (Phragmobasidiomycetidae) класс тармағы.
Тат саңырауқұлақтары (Uredinales) қатары
Тапсырма: 1. Сұлының тозаңды қаракүйесімен зақымданған және сау өсімдіктің
хламидиоспорасының суреттерін салып, ерекшеліктерін жазу. Даму циклының
сызбанұсқасын сызып көрсету.
2. Аталған паразитпен зақымданған бидай мен арпаның ауырған және сау
өсімдіктердің суреттерін салап, сипаттау. Бидайдың тозаңды қаракүйесінің
даму циклының сызба нұсқасын жазу.
Ұсынылған әдебиеттер [4], [5], [6], [9], [10], [23]

2)Тақырыбы: Аскомициттер немесе қалталы саңырауқұлақтар класы – Ascomycetes

Мақсаты: ашытқы, пеницилл, аспергилл, қастауыш саңырауқұлақтарының
құрылыстарымен, көбеюлерімен танысу.

Қажетті материалдар: ашытқы, пеницилл, аспергилл саңырауқұлақтары өсірілген
орта, қастауыш саңырауқұлағы зақымданған өсімдіктердің кеппешөптері.

Тапсырма
1. Ашытқы саңырауқұлағы өсірілген ортадан препарат дайындап, құрылысын,
көбеюін бақылап, суретін салу.
2. Пеницилл және аспергилл өсірілген ортадан препарат дайындап, сыртқы
құрылыстарындағы ерекшеліктерін анықтап, сыртқы құрылысының суреттерін
салу.
3. Кітаптан жемісті денелердің суретін салу.
4. Қастауыш саңырауқұлағымен зақымдалған өсімдіктердің кеппешөптерінен
склероцийді алып, препарат дайындап, стромасын зерттеу.
5. Кітаптан қастауыш саңырауқұлағының зақымданған масағының склероцийдің,
стромасының, жемісті денесінің, аскоспоралары бар қалтасының (алқасының),
конидияларының суреттерін салу.
6. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы:Қыналар бөлімі.
Мақсаты: Қына құрамындағы балдыр мен саңырауқұлақ құрылысымен танысып,
бірлескен тіршілігін дәлелдеуге үйрету
Зертханалық сабақ жоспары:
1.Қыналар коллекциясынан қыналардың түрлерін анықтап, түрлерінің суреттерін
салу.
2.Суға салынып қойған қынадан препарат дайындап, саңырауқұлақтардың
жіпшұмағын және
балдырларды анықтау.
3.Қыналар денесінің гомеомерлі немесе гетеромерлі екендігін
анықтап,суретін салу.
4.Ылғалданған мақтаға қынаның бір үзімін салып, үстіне ыдыс
(банка,стакан) төңкеріп, қынаның
неше күннен соң тіршілік ете бастайтынын бақылау.
5.Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау
жасау.
Әдебиет: [4], [5], [6], [9], [10], [23]

ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР СИСТЕМАТИКАСЫ –CORTOBIONTA

Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Мүк тәрізділер бөлімі –Bryophyta және Плаун тәрізділер бөлімі-
Lycopodiophyta
Сабақтың мақсаты: кәдімгі маршанция мүгі мен көкек мүгінің құрылыстарымен
және даму кезеңдерімен танысу.
Сабақтың барысы:
Мүк тәрізділер бөлімі.
1 тапсырма
Маршанцияпсидтер немесе Гепатинопситтер, бауыр мүктер Marchantiopsida
немесе Hepaticoprida класы
Маршанциидтер класс тармағы
Маршанция қатары
Дихотомиялы бұтақтанған қатпарлы (талломды) күрделі анатомиялық
құрылысты өкілі- кәдімгі маршанциямен танысып, зерттеп суретін салу.
1. Лупамен қарап, зерттеп сыртқы құрылысының суретін салу.
2. Үлкен және кіші көрсеткішпен талломның үстіңгі қабатының құрылысын
зерттеп, ауа келіп тұратын тесігі (устьца) лептестігінің суретін салу.
3. Қатпарлы (талломның ) көлденең кесіндісінің дайын микропрепаратын
зерттеп: үстіңгі эпидермис, ауа камералары- лептестіктер, ассимилияциялық
ұлпа, крахмал дәндері, май тамшылары, амфигастрлі, оизоидты астыңғы
эпидермистің суретін салып, зерттеу.
4. Өнім бүршікті қорапшаның уызынан кесіндісін: қораптың құрылысын, өнімді
бүршіктер мен талшықтардың суретін салу.
5. Аталық тірсектің ұзынынан кесіндісін зерттеп, суретін салу. Антеридий
қуысындағы антеридиялар, спора ұлпалар.
6. Аналық тірсектің ұзынынан кесіндісіндегі архегоний топтары.
Архегония: құрсағы, мойыны, жұмыртқа клеткасы.
7.Спорогонның құрылысын зерттеу қорапша, гаусториялар, галплоидты споралар,
элатералар.
2 тапсырма
Нағыз мүктер класы (Листостебельныемхи или Бриопсиды)
Жасыл мүктер класс тармағы –Brydae (Зеленый мох)
Өкілі – көкек зығыры
1. Көкек зығырының сыртқы құрылысын зерттеп, суретін салу. Сабағын қалың
жауып тұрған жапырақтары, жер астындағы көп клеткалы ризоидтары.
2. Сабағының көлденең кесіндісінің дайын микропрепаратын қарап, зерттеу.
Флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін өткізгіш шоқтар жапырақ іздері.
3. Жапырақтың көлденең кесіндісін зерттеу.
4. Антеридий топтарыныың ұзынынан кесіндісі бар микропрепаратты зерттеп,
суретін салу. (Антеридий, аяқша, спермагенді ұлпа, жіп және пластинка
тәрізді парафиздер).
5. Архегонийдің ұзынынан кесіндісі (Антеридий, аяқша, құрсақ мойын,
жұмыртқа клеткасы, парафиздер).
6. Спорогонның сыртқы құрылысы мен көлденең кесіндісін зерттеп, суретін
салу.

Плаун тәрізділер бөлімі-Lycopodiophyta.
Мақсаты: Түйреүіш тәрізді және селагинелл плаундарының құрылыстарындағы,
даму кезеңдеріндегі ерекшеліктерді ажырату
Қажетті материалдар: Түйреуіш тәрізді плаунның кеппешөбі, плаунның ,
селагенеллдің споралы масақтарының тұрақты препараттары
1 тапсырма
Плаундар класы
Плаундар қатары
Өкілі- түйреуіш тәрізді плаун
1. Өсімдіктің сыртқы құрылысын қарап, суретін салу. (Ұсақ жапырақтылығы,
дихотомиялы бұтақтанды, тамыры).
2. Сабағының көлденең кесіндісін зерттеу.
3. Споралы масақтың көлденең кесіндісі бар микропрепаратты зерттеп,
суретін салу.

2 тапсырма
Полушниктер класы
Селагинеллалар қатары
Полушнктер класы әртүрлі споралы плаун тәрізділер жатады. Көп
тараған өкілі Селагинелла.
1. Өсімдіктің жалпы құрылысын суретін салып, зерттеу.
2. Сабағының көлденең кесіңдісінің суретін салу.
3. Споралы масақтың көлденең кесіндісінің суретін салып, микропрепартты
зерттеу.

Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Қырықбуын тәрізділер мен папортник тәрізділер бөлімі.
Мақсаты: Дала жылбұрынының морфологиясымен, даму кезеңімен танысу,
зерттеу әдістерін меңгеру. Папоротник тәрізділердің тең спораларының өкілі-
еркек усасыр мен әртүрлі спораларының өкілі- жүзгіш жалбыздың
(сальвинияның) сыртқы құрылысындағы және даму кезеңдеріндегі
ерекшеліктермен танысу.
Қажетті материалдар: жылбұрынның көктемгі, жазғы кеппешөбі, жылбұрынның
споралы масағының тұрақты препараты.

Полиподиопсидтер класы Polypodiopsida
Полиподиопсидтер класc тармағы Polypodiidae
Полиподиумдар қатары
Полиподиумдар тұқымдасы
Өкілі – еркек усасыр Dryopteris filix-mass
1. Еркек-усасырдың сыртқы құрылысыдағы мүшелерін анықтап, тиісті белгілерін
қойып, суретін салу.
2. Усасырдың жапырақтарының астынан сорустарды тауып, түсіне және орналасу
тәртібіне зер салып, суретін салу.
3. сорустардың көлденең кесіндісінен дайындалған микропрепараттарды зертеп,
салыстырып суретін салу.

Сальвинидтер класс тармағы Salvinidae
Сальвиниялар қатары
Сальвиниялар тұқымдасы
Өкілі – жүзгіш жалбыз – сальвиния Salvinianatans
1. Кітаптан және кестеден жүзгіш жалбыздың сыртқы құрылысындағы
ерекшеліктерімен танысып, суретін салу.
2. Жалбыздың даму кезеңінің суретін салу.
3. Еркек усасырдың және жүзгіш жалбыздың даму кезеңдерінің сызба нұсқаларын
жазып көрсету.

Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Жалаңаш тұқымдылар бөлімі Pinophyta немесе Gymospermatopyta
Қылқан жапырақтылардың құрылысының анатомиялық морфологиялық ерекшеліктері,
жіктелуі мен споралануы
Сабақтың мақсаты: Қылқан жапырақты өсімдік – қарағайдың морфологиялық
құрылысындағы және даму кезеңіндегі ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: Қылқан жапырақты өсімдіктердің коллекциясы,
қарағаайдың бүрлері бар кеппе шөбі, қарағай бүршігі, қарағайдың аталық
бүршігінің тұрақты препараты.

Тапсырма Қылқан жапырақтылар класы немесе Пинопситтер,Pinopsida
Қылқан жапырақтылар немесе Пиниидтер класс тармағы
Pinidae
Қарағайлар тұқымдасы Pinaceae
Кәдімгі қарағай Pinus sylvestris
1. Қылқан жапырақты өсімдіктердің кеппешөптерінен олардың өркендеріндегі
қылқандарының (жапырақ) пішінін, мөлшерін, өркенге орналасу тәртібін қарау.
2. Қарағайдың кеппе шөбін аталық, аналық бүрлерін анықтап, сипаттама беру.
3. Қарағайдың аталық бүрінің тұрақты препаратынан, аталық құрылысындағы
ерекшеліктерді анықтап, суретін салу.
4. Қарағай тозаңдарын құрғақ күйінде микроскоппен қарап, тозаңның пішінін,
ауа қапшығын қарап, суретін салу.
5. Кітаптан, кестеден қарағайдың даму кезеңінің суретін салып, схемасын
жазып көрсету.

Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктер бөлімі Magnoliophyta, Angiospermae. Гүл
құрылысының ерекшеліктері Сарғалдақтар, Көкнәрлар тұқымдастары
Сабақтың мақсаты: Дара және қосжарнақты өсімдіктердің айырым белгілерімен
және жабық тұқымды өсімдіктердің даму кезеңдерімен, оларды анықтаумен
танысу. Кеппе шөптегі сарғалдақ түрлерін анықтау.
Қажетті материалдар: Дара және қосжарнақты өсімдіктердің кеппешөп даналары,
анықтағыш кітап.
Тапсырма
1. Қандай белгілеріне қарап қосжарнақтылар класының өсімдіктерін дара
жарнақтылар класының өсімдіктерінен ажыратуға болатынын анықтау.
2. Кестеге дара және қосжарнақтылардың айырым белгілерін көрсету.
3. Анықтағыш кітапты пайдалана отырып өсімдіктердің кеппешөп даналарынан
олардың тұқымдасын, туысын, түрін анықтауды үйрену.
4. Гүл, гүлдің құрылысы, гүл шоғыры, гүл формуласы мен даиграммасы, жеміс,
тұқым, өсімдіктердің өмір сүру формаларын еске түсіріп, қайталау.

Қайталау сұрақтары
1. Жабық тұқымды өсімдіктердің қандай ерекшеліктері бар?
2. Жабық тұқымды өсімдіктерді қандай белгілеріне байланысты
классификациялайды?
3. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметофиттерінің құбылыстары
қандай және қай жерде дамып жетіледі?
4. Тұқым, жеміс неден пайда болады?
5. Дара және қосжарнақтылардың қандай айырым белгілері бар?
6. Анықтағыш кітапты қалай пайдалануға болады?
7. Қандай өсімдіктерді анықтадыңдар және анықтау жолдарын көрсетіңдер?
8. Гүл формуласын қалай құрастыруға болады?

Қосжарнақтылар класы Dicotyledonae
Ранункулидтер класс тармағы Ranunculidae
Сарғалдақтар қатары Rfnunculales
Сарғалдақтар тұқымдасы Ranunculaceae
Сабақтың мақсаты: Кеппе шөптегі сарғалдақ түрлерін анықтап,
морфологиясымен, гүл бөліктерімен танысу.
Қажетті материалдар: Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің кеппе шөптері, тірі
өсімдік түрлері, анықтағыш кітап.
Тапсырма
1. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына, тамырларына
сипаттама беру.
2. Гүл шоғырының түрлерін анықтау.
3. Гүлдеріндегі аталық, аналық сандарын анықтап, құрылысындағы
ерекшеліктерді көрсету.
4. Жеміс түрлерін анықтау.
5. Өсімдіктерді анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

Қайталау сұрақтары
1. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктер қандай тіршілік жағдайында кездеседі?
2. Гүл симметриясы қандай?
3. Гүл құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
4. Гүлінде аталық, аналық саны қанша?
5. Сарғалдақ тұқымдасын анықтағанда қандай белгілеріне көңіл аудару керек?
6. Күйдіргі сарғалдақтың морфологиялық құрылысы қандай?
7. Гүлі қандай бөліктерден тұрады?
8. Гүлінің формасы қандай?
9. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

Әдебиет: [1], [5], [6]

Жалпы түсінік
Раушангүлділер тұқымдастардың көпшілігі- пайдалы жеміс ағаштары.
Бұлар – қосжарнақтылар жататын ағаш, бұта, көп жылдық, кейде екі немесе бір
жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың жеміс – жидек дақылдары халық
шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Раушан гүлділер тұқымдасына тән ерекшелік – гинецей және гүл
табанының құрылысы. Гинецейі көп бөлікті апокарптан, бір бөлікті пенокарпты
түріне дейін өзгерген. Гүл табаны табақша, бокал тәрізді болады да, оның
жиегіне тостағаншаның түп жағы, күлтелері, аталықтары бірігіп өсіп тұрады,
мұндай гүл табанды гипантий деп атайды. Жемістері піскен кезде гүл табаны
ашық түсті болып, етті және шырынды болып келеді де жемісінің, тұқымының
таралуына себепші болады.
Раушангүлділер тұқымдасының төрт тұқымдас тармағы бар:
1. Тобылғы (спирейлер) – Spiraeoideae. Бұталар. Жапырақты май, бөбе
жапырағы болмайды. Гүлдері жалпақ немесе табақша тәрізді гүл табанында,
аналықтың астынғы жағында немесе маңында өседі. Тостағаншасы 5, күлтесі 5,
аталықтары көп. Гипантий ортасындағы көп бөлікті апокарпты гинецейі 5
аналықтан тұрады, үстіңгі жатын.
2. Розалар немесе итмұрындар – Rosoideae тұқымдас тармағы. Бұталар және
шөптесін түрінде кездеседі. Жапырақтары күрделі, сирек жай, бөбе жапырағы
болмайды. Гүлдері аталықтың астында, үстінде, маңында да өседі. Гипантий
конус және бакал тәрізді болып келеді. Тостағаншаларының тостағанша асты
жапырақшалары болады. Гинецейі көп бөлікті, апокарпты, сирек бір бөлікті.
Гүл формалары: (бүлдірген, қазтабан туыстары)- итмұрын туысы, кейде
ауытқулар болады, мысалы: тіқ қазтабан немесе манжетка туысы. Жемістері:
бір тұқымды тұқымша, бір тұқымды жаңғақ, бір тұқымды сүйек.
3. Алмалар- Pomoideae тұқымдас тармағы. Ағаштар және бұталар. Жапырақтары
жай және күрделі, бөбе жапырағы ерте түсіп қалады. Гүлдері аналық астында
өседі. Гүл табына сай. Жеміс жапырақшасы көбінесе бесеу, кейде екі- үш,
біреу де болады. Гинецейі синкарпты. Төменгі жатын.
Жемісі алма тәрізді- алма. Жемісінің үстінгі жағында тостағаншаның
қалдығы болады. Алмалар туысына; алма, алмұрт, долана, шетен т.б. жатады.
4. Қараөрік – Prunoideae тұқымдас тармағы. Ағаштар және бұталар.
Жапырақтары жай, бөбе жапырағы ерте түсіп қалады. Гүлдері аналық астында
өседі. Гүл табаны ойыс, аналық тыңмен бірігіп өспейді. Жеміс жапырақшасы
біреу.
Жемісі – шырынды сүйекті немесе құрғақ. Мынандай туыстары бар:
қараөрік, шие, өрік, шабдалы, мойыл және т.б.
Бұл тұқымдасты анықтағанда: гүлдері мен жапырақтарының құрылыстарына
көңіл аудару керек.
Раушангүлділер тұқымдасының өкілі ретінде күмісті қазтабанды-
Potentilla argentea алып қарастырамыз. Бұл құрғақ төбелерде, солардың
баурайында, жол майайында және т.б. жерлерде өседі.
Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 15-30 см. Тамыр сабағы
ағаштанған, бұтақтанған. Тамыры қосалқы тамырлар. Сабағы тік немесе
көтеріңкі өседі, сыртында ақ түктері болады. Жапырақтары кезектесіп
орналасқан, екі ланцет тәрізді бөбе жапырақ болады, жай, жоғары жапырақтары
жасыл түсті, жалаңаш немесе қысқа тік түктері болады. Жапырақтарының
төменгі жағы ақ, киізденген тәрізді болады. Төменгі жапырақтары сағақты,
жоғарғысы – қондырмалы.
Гүлшоғыры – спыртқы тәрізді. Гүл табаны гүлденнен кейін тік немесе
бір жағына қарай бұрылған болады. Гүлдері ұсақ, сарыт үсті. Гипантийі
табақша тәрізді. Тостағаншасы немесе тостағанша асты жапырақшалары бес
бөлікті. Күлтесі бірікпеген бес күлтежапырақшадан табанының үстінде өседі,
жатыны үстіңгі.
Жемісі көп тұқымды жаңғақ.
6. Күмісті қазтабаның жемісі қандай және гүл формасын жазып көрсетіңдер?
7. Жергілікті жерде раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлері
кездеседі?
8. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің халық шаруашылығында қандай маңызы
бар?
Тапсырма: Бұршақ тұқымдасы – Fabaceae.
Жалпы түсінік
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тіршілік формасына қарай ағаш, бұта,
лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін болып келеді. Бұл
тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және
жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік
мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас
бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі.
Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары
қараған, ақ қараған және жұпар бұршақтарды атауға болады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер
бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің
сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан
құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты,
саусақ салалы болып келеді.
Гүлі дұрыс құрылмаған – зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының
мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша
жапырақтардан – 5 тостағанша, күлтежапырақшадан – 5 күлте түзіледі.
Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы
күлтежапырақша – желкен, бүйіріндегісі – ескек, төменгі біріккен екі күлте
жапырақша – қайықша деп аталады.
Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың
бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі
аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия
(термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады,
ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары
да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа
(вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос
болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін
өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл
және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі – бұршаққап.
Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық
болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді.
Дәнінің негізгі ерекшелігі – оларда ақуыздың көп болуында.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады.
Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды,
бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте
жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан
жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы
бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары
деп атайды.
Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді.
Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына
айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен
топырақ азотты қосылыстарға байиды.
Бұршақ тұқымдасына жататын егістік жоңышқаны – Medicago sativa алып
қарайтын болсақ (94 сурет), биіктігі 30-90 см болатын, көпжылдық шөптесін
өсімдік. Тамыры кіндік тамыр, тамырында тамыр түйнектері болады. Сабағы
бұтақтанған, тік, көлденең кесіндісінде дөңгелек-қырлы, жапырақтары
кезектесіп орналасқан, үшқұлақты, жапырақ серігі болады, шеттері ара тісті
болып келеді.
Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты.
Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда
сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10
аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым
бүрлері болады. Гүл формуласы:
↑ Са(5) Со 1+2+(2)А(81+1)G1
Жемісі – спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап.

Тапсырма

1. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тірі өсімдіктерінен немесе кеппешөп
даналарынан жапырақтарының жай, күрделі орналасу тәртібін, бөбе
жапырақтарының бар жоқтығын анықтау.
2. Тамыр жүйесін анықтап қарау. Тамырларынан кішкене түйнекшелерге
ұқсайтын төмпешіктерді табу, ылғалды препараттағы түйнектермен салыстыру.
3. Сабақтарын қарап, мұртшаларының бар, жоқтығын және сабақ түрін
анықтау.
4. Гүлдерінің құрылысын анықтап көру. Ол үшін ұлғайтқыш әйнекті
пайдаланып, тостағанша, күлте жапырақшаларын санап, санын жазып алу.
Күлтелерінің пішіндерінің әр түрлілігіне көңіл аударып, әр күлте
жапырақшаларының аттарын атаңдар.
5. Жемістерінен тұқымдарының орналасу тәртібін байқау.
6. Егістік жоңышқаның вегетативті мүшелерінің, гүл бөлімдері мен
жемісінің суреттерін салу.
7. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын
құрастыру.
8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау
жасау.

Қайталау сұрақтары

1. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің вегетативті мүшелерінде қандай
ерекшеліктер бар?
2. Қандай гүл бөлімдері болады және күлте пішіндері қандай болып
келеді?
3. Тамыр жүйесінің қандай маңызы бар?
4. Туыстарының андроцейлері қандай құрылысты болып келеді?
5. Егістік жоңышқаның вегетативтік және гүл мүшелерінің қандай
ерекшеліктері бар?
6. Егістік жоңышқаның жемісі қандай?
7. Жергілікті жерде бұршақ тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлері
кездеседі?
Әдебиет: [1], [5], [6]

Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: Алабота, қалампыр, құлқайыр, сүттігендер тұқымдастары
Мақсаты: Алабота тұқымдасына жататын ақ алабота және көкпек өсімдіктерінің
құрылыстарындағы ерекшеліктерімен, гүл бөліктерімен танысу.

Тапсырма: Алабота тұқымдасы – Chenopodiaceae.
Сабақтың мақсаты: Алабота тұқымдасына жататын ақ алабота және көкпек
өсімдіктерінің құрылыстарындағы ерекшеліктерімен, гүл
бөліктерімен танысу.
Қажетті материалдар: Алабота тұқымдас өсімдіктердің кеппешөптері, тірі
өсімдік, анықтағыш кітап.

Жалпы түсінік
Алабота тұқымдасына – бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе
көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде
кездесетін өсімдіктер жатады.
Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе
қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ
құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара,
кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты
болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, 2-3, кейде 4-5 жеміс жапырағынан
тұрады немесе апокарпты. Жемісі – жаңғақша немесе тұқымша.
Алабота тұқымдасының екі түрін қарастырамыз.
Ақ алабота – Chenopodium album бұл кәдімгі арам шөп; жол жиегінде,
егістіктерде кездеседі. Қазақстанның биік таулы жерлерінен басқа барлық
аудандарда өседі, сондықтан космополит деп те атайды.
Бұл бір жылдық шөптесін өсімдік. Ақ алабота тік сабақты, көлденең
кесіндісінде бес қырлы, жапырақтары өте жиі тармақталған; сабаққа
кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні
әр түрлі. Жапырақ беттерінде ақшыл дақтары болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-дала практикасы
Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Саңырауқұлақтардың топтануы
Микроорганизмдер
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Қыналардың құрылысы
Хара балдырлар бөлімі
Бактериялар систематикасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Пәндер