Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде



Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Өзін.өзі танудың баспалдақтары.
Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Тұлғаның ішкі жан дүниесі.
Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Боашаққа беталыс: рухани денсаулық әліппесі.
Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Отбасы . махаббат пен жылулықтың қайнар көзі.
Практикалық сабақтың тақырыбы №6 Махаббат күші.
Практикалық сабақтың тақырыбы №8 Сенім қозғаушы күш.
Практикалық сабақтың тақырыбы №9 Қазақстан . біздің ортақ мекеніміз.
Практикалық сабақтың тақырыбы №10 Әрқашан мейірімділік жолмен жүр.
Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” – деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты. Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды. Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды. Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, … “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді.
1. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. –Алматы, 2007
2. Өзін-өзі тану. Студент дәптері. – Алматы, 2007
3. Өзін-өзі тану. Жоғарғы оқу орны оқытушыларына арналған әдістемелік құрал. – Алматы, 2005
4. Библиотека молодой семьи: Я и Ты. – М.: Молодая Гвардия, 1989
5. Дымов О.Г. Тепло казахстанской земли. – Алматы: Арыс, 1999
6. Человеческое развитие в Казахстане Учебник / Под общ.ред. Н.К. Мамырова и Ф. Акчуры. – Алматы: Экономика, 2003

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Өзін-өзі танудың баспалдақтары.

1. Сабақ жоспары:
1. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде.
2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік.
3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.
1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының
негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы
“өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш
Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы,
философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз
жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не
істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде
бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен
аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте
алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны
өз қажеттілігіне қолдана алады” – деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын
тапты. Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу
тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі
дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу,
адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан
шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану
көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы
дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай
тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның
өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара
адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу
идеялары алынатындығы белгілі болды. Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты
бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез
танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін,
ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім
ұстайтындығын сипаттайды. Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық
трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп:
“Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми
келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе
өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана
сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене
алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады-
деп, ... “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді:
болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын,
мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани
құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына
ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы,
мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей
байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса
оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді.
Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан
дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында көптеген
ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А.
Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А.
Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б.
Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану
ілімінің философиялық негізін қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г.
Соловьева өз еңбектерінде ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті
мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен,
әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ
ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін
жүзеге асыруды көздейді. Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева атап
өткендей үлкен өзгерістер басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың
біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде ...Білім беру жүйесі
тұлғаның өзін-өзі тануына Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым -
қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез-келген
жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек? деген сұрақтардың
төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын
тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру
мақсатына жетеді - деп саралап өтті. Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса,
оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу
келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір
адам өзін-өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған
жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай
болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі
мөлшердегі объективтілік қажет.
Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші
мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік
өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік
көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар
әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты
құралы. Болашақ маманның өзін-өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет,
әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды. Оқытудың
тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе
оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан
студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік
құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан
кем емес. Қазіргі уақытта жоғары білім берудің кредиттік жүйеге көшірілуі
оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар жаңа технологияларын ендіру негізінде
білімді шығармашылықпен меңгеруге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі
тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі
алдыңғы орынға шығарылып отыр. 2. Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші
факторы-Адам. Адамның қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде
адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы Адам-Қоғам, Адам-Әлем
қатынасының адамның дүниеге деген көзқарасы қандай ұстанымдарға,
принциптерге арқа сүйетінінен құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие
болғанын көреміз. Әлемді рухани-адамгершілікті игеру процесі барысында
Адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы
заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, қызығушылық ұмтылыстарына
сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоциональдық реңкке ие болатын
қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және
өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік
т.б. тұрғысынан бағалап, адамгершілік құндылықтар арқылы қарастыруымен
сипатталады. Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден
бастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-
адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне
деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымдық
элемент. Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің
деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген
сапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның Адами
қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-
әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-
қатынасымен бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан
да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды –қуану, сүйсіну, таңдану,
табыну т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең
жоғарғысы – қасиеттерге табыну бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана
тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-
ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай
дамып отырды. Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап,
саралап қабылдайтын бұл - адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты
анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай
сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдана мақсат қойып өзі үшін
құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл
адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік
құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс
тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып отырады.
Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл Адами қасиеттер және адам
екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген._ Бүгінгі сабағымыздың
негізгі мақсаты адамгершілік Адами құндылықтарға жалпы сипаттама беріп,
оның өмірдегі маңызы мен мәніне тоқталу. Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың
ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді. Құндылықтар
тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай бола
тұра, субъективті, өйткені ол Адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім
арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде
тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді.
№І-ші кесте. Құндылықтардың жіктелуі.
Жалпы адамзаттық Жоғары сапа деңгейіндегіРухани –адамгершілік
құндылықтар құндылықтар имани құндылықтар
-адам өмірі, -адам конвенциясы, -мәдениет, саясат,
бостандық,отбасы, демократия, азаматтық әдебиет, Отан, Ана, Жер,
қарым-қатынас, адам қоғам, мәдениет т.б. дін, діл, ар-
бақыты, ұрпақ жалғастыру, ождан, парыз, ерік,
еңбек ету, табыс, жігер, күш, махаббат,
ынтымақтастық, қайырымдылық,
белсенділік, тәуелсіздік мейірімділік т.б.
т.б.

Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың
талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына
қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің
тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру
мақсатына жету құралы зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй
мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір
жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады. Өйткені,
біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім, тәрбие берудің
аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз айқын.
Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар.
Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат,
шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар- идеалдарды қабылдау немесе
қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады.
Құндылықтар – құрметтеу, қошеметтеу,
қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Сонымен “Рухани-адамгершілік құндылық
дегеніміз” адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау,
сезіну арқылы сарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде
қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын,
даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі
құрылымдық элемент- деп білеміз. Студенттің рухани-адамгершілік
құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастыру үрдісін студенттің
бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның өз деңгейін дамыту әрекеттерімен
тығыз байланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа қоғамда білім алушы студентке
жаңаша қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, тек
қана өз басы үшін емес, сонымен бірге өз айналасындағы жолдастарына, жалпы
адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді. Студенттердің рухани-адамгершілік
құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру олардың бойында төмендегі
қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:
- жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
- интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-
өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;
- ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;
- өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық,
көмек көрсетуге даярлық;
- болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне,
адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары
талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға
қажеттілігінің болуы;
- өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке жатпайтын
олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы;
Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның. “Қазіргі
уақытта қоғамдағы балалар мен жас жеткіншектердің тұлғалық дамуында рухани
- өнегелі тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” – деп көрсетеді.
Бұл орайда С.Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани
Жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана
сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін
өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығатынын
“Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді. “Быть здоровым человеком значит
привести в равновесие тело, разум дух, установить мир и спокойствие в самом
себе. Найти путь к себе. Без духовной любви всякое обучение бесполезно”-
деп, бұл тұрғыда ғалым, білім алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шақырады.
2. Ғылым – білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды
қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат,
қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады. Ғылыми зерттеу
– жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті
заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми
зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер
белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың
дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып
қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды
зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.
Өзін-өзі тану ғылымның обьектісі – білім беру, тәрбиелеу. Білім беруді
тек өзін-өзі тану пәні ғана емес, сонымен қатар философия, педагогика,
әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист
жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға
қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды
әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы
өмірдегі мақсаты, орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім
берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім
саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады. Бұл ғылымдардың білім беру
де, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанмен, олардың біреуі де адамның
өзін-өзі адами тұрғыдан тануы мен ішкі дүниесінің ізгілік бағытта
тәрбиеленіп қалыптасу қырларын, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен
байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы
аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.
Өзін-өзі тану пәні – жалпы білім беру мектептерінде, институттарда,
университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары)
ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Осы мағынада, өзін-өзі тану
–адамның өзін-өзі тануының факторы және құралы болып табылатын
педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Өзін-өзі тану ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама
беріңіз.
2. Өзін-өзі тану пәнін сіз қалай түсінер едіңіз?
3. Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
4. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
5. Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі: сұрақтарға жауап беру, реферат,
шығарма, эссе, пікір талас.
6. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары: қосымша сұрақтарға
жауап беру, тест орындау.
7. Үй тапсырмасы: Тұлғаның ішкі жан дүниесі
8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Анцыферова Л.И. К психологии личности как развивающейся системы
Психология формирования и развития личности. – М., 1981 с.3-19.
2. Асмолова А.Г. Психология личности. М., 1990 с.8-25; 152-170.
3. Бачинин В.А. Духовная культура личности: Философ.очерки. – М., 1986
111с.
4. Мариковский П. Мудрость жизни. – Алматы: Паритет, 1992

Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Тұлғаның ішкі жан дүниесі.

1. Сабақ жоспары:
1. Адамның ішкі әлемінің қайталанбаушылығы.
2. Адамның ішкі әлемін құраушылар және шынайы құндылықтар.
3. Адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру.
4. Сенім, кеңпейілділік және жауапкершілік тұлғаның ішкі қорлары
аспектісінде.
5. Жағымды ойлар және ішкі сезімдердің үйлесімділігі.
6. Өмірдің мағынасын іздеудегі махаббат күші және даналық.

2. Сабақ мақсаты: Тұлға бойындағы биік сезім, адами қасиеттердің
қалыптасуына негіз салу.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам
болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара
нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның
әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;
2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен
анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және
адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте
қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.
Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік
иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың,
туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық
белгілердің иесі ретіндегі адам;
2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен
асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің
мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Индивидтің сипаттамалары:
- психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;
- қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;
- белсенділігі.
Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан
алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын
көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі
қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік
жайттарының болуын көздейді. Белсенділігі оның өзін өзгертуге
қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас,
өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы;
2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан
сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі,
оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде,
мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында,
қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді. Тәрбиенің негізгі мақсаты –
қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның
жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп
ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның
дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді
деп есептеген. Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі,
сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының
өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның
тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму
нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі
бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік
иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне
айналады.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан,
жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдары қолданылады. Даму
табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму –
төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде
барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бұл
қозғалыс, өзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-
қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады. Жеке тұлғаның дамуы – оның
қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық өзгерістер процесі (адамның
анатомиялық-физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының
дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы,
өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі).
Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір
түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып,
тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада
тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан
немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі
түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің
даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және
даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және
қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар.
Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта – адамға әлеуметтік-
экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі,
бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас
ортасы.
Тұлға деген түсінікті жеке адам деген түсінікпен шатастырмау керек.
Жеке адам дегенімізді - ол әлеуметтік немесе биологиялық бірліктің жеке
өкілі деп түсінеміз. Тұлға дегеніміз ғылыми термин сөз. Жеке адамның
қоғамның мүшесі ретінде саналы ісі мен қатынасының субъектісін тұлға деп
түсінеміз. Педагог-ғалымдар бүгінгі таңдағы ілім жетістіктеріне сүйене
отырып, қоғамның материалдық өмірі мен санасын дамытуда адамның атқаратын
қызметінің рөлін анықтау үшін тұлғаны қалыптастыру объективті және заңды
үрдіс екендігін көрсетеді. Адамның тұлғасы оны қоршаған ортада белсенді ету
үрдісінде қалыптасып, ашылатындығы ғылымда дәлелденген. Психологиялық
анықтама бойынша тұлға-қоғамдық қатынастардың жиынтығы делінген. Соңғы
зерттеулерде тұлға ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Белгілі психолог
–ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың еңбегінде: “”Жеке адам – тарихи әлеуметтік
жағдайдың жемісі, ол әлеуметтік ортада белгілі қоғамда, коллективте ғана
қалыптасады. Орыс тіліндегі “личность” терминін соңғы кезде “кісі”, “Жеке
тұлға” деп те алып жүр. Бұл анықтамаларда жаңа туған нәрестені адам деп
атауға болады, бірақ ол әлі де болса жеке адам тұлға емес, себебі онда
тәжірибе білім, іс-әрекет жоқ - ғалым өзінің ой-тұжырымын осылай деп
пайымдаған. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол өзіне тән мінез –
құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы-деп
көрсетеді профессор С. Қалиев. Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің
дамуы, айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның
дүниетанымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам
тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы
адамзатты сүю шарт”. Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән
ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып
жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы қарамайтын шын мәнінде
өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен,
жауапкершілікпен қарау рухани-адамгершілік сезімін бойына сіңіру үлкен
абыройлы іс. Осы орайда педагогика ғылымдарының докторы Ә. Мұқанбетжанова
өзінің Дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық
негіздері - атты монографиясында: ...дүниені қабылдау, тану, сезіну адамның
тек тұлға ретіндегі сана мүмкіндігі болып табылады- деп тұжырымдайды. Әрі
қарай өзінің монографиясында Ә.Мұқанбетжанова ...”тұлға ” ұғымы тек қоғамдық
қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын
жағдайда емес, әрі оның даралығын сақтауда да мағынаға ие болады- деп
тұлғаның өз бойындағы даралық қасиеттерінің өмірдегі маңызына тоқталады.
Тұлға тек жай – жеке тұлға ретінде ғана емес, ол - өзін-өзі тану арқылы
рухани ішкі дүниесін байыту арқасында жан-жақты жетілгенде ғана дара, шын
мәніне ие болатындығын көруге болады. Тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін
толықтай қарастыра келе, А.В. Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған
көзқарасын зерттеу негізіне алып бөліп көрсетуге болады:
1. Тұлға - оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің мотивтері
мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық мағыналарының ерекше жүйесімен,
сыртқы әсерленуі мен ішкі толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік
тәсілдерімен сипатталуы мүмкін.
2. Тұлға – салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатын даралық,
сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде, сол сияқты ол
туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер жүйесі ретінде
қарастырылады.
3. Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде бастапқы
жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке келтіретін жоспарлар, бағыттар,
мағыналық құрылымдар жүйесі ретінде сипатталады.
4. Тұлға - даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда
өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде қарастырылады.
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі
түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. “Адам
жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы
білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан
құралады”, - деп жазды.
Сана қалыптастыру əдістері Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан
байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы-
оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен
ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру
үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның
көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған
əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ
əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын
қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық
пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете
алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге
айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен
жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі
олардың міндеті – тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-
қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген
адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз
нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге
жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала
белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз
нəтижесін береді. Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін.
Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер,
хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз
еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды əдістерді
пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға
жетелемейтін уағыздау əдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір
жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған
əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-
жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың
Қара сөздерін жəне т.б. тағылым-тəрбие көздерін молынша пайдалануда.
Сондай-ақ əдептілік-имандылық тақырыбындағы əңгімелер, ұғындыру, түсіндіру,
əдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру əдістері де өз
қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды əдісі - өнеге-үлгі. Əдістердің
əрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым
көрінгенмен, бұл топ əдістерінің бəрі де жоғары педагогикалық бірлікті
қажет етеді əрі жүйелі түрде басқа əдістермен бірге қолданылады. Этикалық
тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен
оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге
ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының
мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің
мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды
тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды
өзгерісіне ықпал жасайды.
Әдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды:
1) білім көзі;
2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен
толықтырады;
3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады. Əдептілік
əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол – қысқа,
түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
- əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер
туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын
қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.
- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет. Қоршаған жай-
жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың адам көңіліне
көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы қажет шарт.
Педагогикалық құрал-жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды əңгімелер
молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала
төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында).
- əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді
адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мəжбүр
болады.
- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер көп уақытқа
дейін ұмытылмауы тиіс.
Ұғындыру – тəрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі. Бұл
əдістің қолданылуы сынып ұжымы мен əр баланың тұлғалық сапаларын танып,
білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тəсілдер мен құрал-
шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы Осылай істеу
керек, Осылай істеп жатыр - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог
айтқанына ере салады. Ұғындыру əдісі, егер тəрбиеленуші қандай да талаптың
мəніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпараттарды ой
елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен
сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай,
айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн,
мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме жəне т.б. Бұл
орайдағы ұғындыру емес, шектеу əдістерін қолданған дұрыс. Аталған əдіс
негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен əрекет-қылық формасын қалыптастыру
əрі бекіту үшін; б) тəрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс
көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен қолданылады. Қандай да ұғымның
орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін
сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті болуы мүмкін. Сенімнің санаға
еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде
қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру
əдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін, басқа тəрбие
əдістерінің ықпал əсерін күшейту мақсатында қолданады. Тəрбие тəжірибесінде
ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу əдісіне де жүгінуге тура келеді.
Үгіттеу əрекеті тəрбиеші ұстанған қатынас формасына түгелдей тəуелді.
Үгіттеу арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды,
жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нəтижелерге жететініне сендіреді.
Үгіттеуден болатын тиімділік тəрбиеші абыройына, оның жеке адамгершілік
болмысына тəуелді, өз сөздері мен əрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола
алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді. Бала тəрбиесінде ұнамды
үлгі-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз қадірін сезіну, ар-намысты қолдан бермеу
секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт
жұмысының өз нысанына жетіп, жемісті боларына толық сенуіне болады. Үгіттеу
арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады.
Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз
əрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз
əрекеттің, оның салдарының мəнін дəлелді ашып берумен бірге тəрбиеленуші
мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тəрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде
орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру жəне
сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң
қалыпқа келтіргендей əсерде жүргізіледі. Əдептілік сұхбаты - екі тарап
өкілдері – тəрбиеші жəне тəрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді
білімдер талқысы. Сұхбаттың əңгімелеу мен көрсетпе беруден айырмашылығы -
тəрбиеші өз сұхбаттасы – тəрбиеленушінің пікірін тыңдайды жəне онымен
есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық теңдігі жəне қызметтестік
принциптері негізінде түзетеді. Əдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы
адамгершілік, инабаттық-имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты – ізгілік
ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау жəне
бекіту, адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. Əдептілік
сұхбаттары тəрбиеленушілерді өздерін толғантқан барша сұрақтар бойынша
дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жəрдем береді. Болған жағдай, оқиғалар
мен əрқандай қылықтарды талқыға сала отырып, балалар олардың мəн-мағынасын
жеңіл түсінуге мүмкіндік алады. Көп жағдайларда əдептілік сұхбаттарды да
өткізуге нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы себеп болады. Мұндай
сөйлесулерді болған оқиғалардың ізін суытпай не сол оқиғаның кінəкəрі сəл
өзіне келіп, жүрегі орнына түсіп, мəн-жайды аңғаратындай болған соң
ұйымдастырған жөн. Əдептілік сұхбаттарының тиімді болуы келесідей маңызды
шарттарға тəуелді:
1. Сұхбаттың проблемді сипатта болғаны өте маңызды. Осыдан көзқарастар,
идеялар, пікір сайыстары өрбиді. Тəрбиеші тосын, қалыпқа келмейтін
сұрақтардың туындауына себепші болып, өз шəкірттерін оларға жауап іздеп,
табуға баулиды.
2. Сұхбаттың жаттанды дайын не үлкендердің құлаққа салған жауаптары бойынша
өтуіне жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын ашық айтуға тартыңыз, басқалар
пікірін сыйлауға үйретіңіз, шыдаммен дəлелді тұжырымдар топшылауға
жетелеңіз.
3. Сұхбатыңыз тəрбиеші көпіре сөйлеп, тəрбиеленушілер үндемей тыңдайтын
дəрісбаянға айналып кетпесін. Сұхбат барысында ашық та анық айтылған пікір
балаларды дұрыс қорытындыға келтіреді. Əңгіме-сұхбат нəтижелілігі екі адам
ортасындағы көңіл табысудан, пейіл жылуынан шығады.
4. Сұхбат үшін таңдалған материал тəрбиеленушінің эмоционалдық кейіпіне сай
болғаны жөн. Талқыланатын тақырып оқушыларға жете түсінімді болмай, олардан
сөз жарыс, пікірталас белсенділігін күту не талап етуге болмайды. Шынайы
тəжірибеге негізделген сұхбат қана өзінің болымды нəтижесін береді.
5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, салыстыра білу қажет.
Ешкімнің де пікірін жоққа шығаруға болмайды – бұл əділдік шынайылылық,
қатынас мəдениетінің ізгілікті белгілері.
6. Əдептілік сұхбатында дұрыс басшылық – мəні - тəрбиеленушілерге өз ынта,
əрекетімен дұрыс шешім қабылдауға жəрдем беру. Бұл үшін тəрбиеші болған
оқиғаларға тəрбиеленуші тұрғысынан көз салып, оның ойы мен сезімін түсінуге
тырысуы қажет.
Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу – қате пікір. Жоғары маманданған
педагогтар əдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау қылып, өткізе
салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, шəкірттерін де байыппен
дайындайды. Мектепте əдептілік сұхбаттары жалқылау (индуктив) не жалпылау
(дедуктив) жолымен жүргізіледі: нақты деректер талқыланады, баға беріледі,
соңынан жалпы қорытынды жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема қойылып,
кейін ол дара бөлшектеніп, шешіледі. Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен
кəсіби шеберлікті қажет етеді. Мұндай əңгімелесу кезінде екі ортада
психологиялық кедергі, түсініспестік болмауы тиіс. Егер оқушы болған
жағдайды дұрыс түсінбейтіні байқалса, оның намысына тимей, кемшілік-
қателігін бетіне баспай, əрекет-қылығының шалыс екенін ұғындырып бағу
қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, əжуа-сықақсыз
өткені дұрыс. Өз тəрбиешісінің шынайы көңілін, жəрдем пиғылын сезінсе ғана,
ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді, жазатайым болған келеңсіз ісін енді
қайталамауға уəде береді, қайтып ондай əрекетке бармайды да. Оқушымен
жекелеп сұхбаттасу тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы кейіп түсінігімен
өтсе, оның толық нəтижеге жеткені. Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі.
Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі
жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып
жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе
деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім,
сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады. Уағыз жолы
ұзақ, үлгі жолы қысқа - деген байырғы Рим ғұламасы Сенека. Бала өміріндегі
тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тəрбиеші, дос-жаран. Əдебиет, фильм
кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен тəрбиелік ықпал
жасайды. Үлгінің психологиялық негізі – еліктеушілік. Осыған орай бала
əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар
өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік
дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару
қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола
бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір,
адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап,
олардан қорытынды шығару –міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған
ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де
ескерген жөн. Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-
əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі
мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің
жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта
түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен
бірізділігіне де байланысты. Сонымен, сана қалыптастыру əдістері тұлғаның
ізгілену тəрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік
əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру,
көрсетпе нұсқау, үлгі тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай
қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді.

4. Бақылау сұрақтары:
1. Тұлға дамуының мәні неде?
2. Жеке тұлға және оның құрылымдық ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
3. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз.
4. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай?
5. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық-әдіснамалық амал-
тәсілдерінің сипаттамаларын беріңіз.
6. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.
7. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз.
8. Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, қоршаған
ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
әсер етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.
9. Әлеуметтену процестерін атаңыз, олардың мәні неде?
10. Әлеуметтену кезеңдері қандай және олар тұлғаның әлеуметтік даму
кезеңдерімен қандай байланыста?
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі: сұрақтарға жауап беру, реферат,
шығарма, эссе, пікір талас.
6. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары: қосымша сұрақтарға
жауап беру, тест орындау.
7. Үй тапсырмасы: Болашаққа беталыс: рухани денсаулық әліппесі.
8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
5. Анцыферова Л.И. К психологии личности как развивающейся системы
Психология формирования и развития личности. – М., 1981 с.3-19.
6. Асмолова А.Г. Психология личности. М., 1990 с.8-25; 152-170.
7. Бачинин В.А. Духовная культура личности: Философ.очерки. – М., 1986
111с.
8. Мариковский П. Мудрость жизни. – Алматы: Паритет, 1992

Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Боашаққа беталыс: рухани денсаулық
әліппесі.
1. Сабақ жоспары:
1. Траст – тұлғада сенімнің қалыптасуы. Адамның рухани дербестігі.
2. Жағымды өзіндік бағалау.
3. Денсаулықтың психологиялық негізі.
4. Адам бол! Абайдың өмірлік ұстанымы. Бақытты болу өз қолыңда

2. Сабақ мақсаты: Құндылық, адамгершілік, адами қасиеттің бағасы, өмір сүру
жолдары мен болашаққа дұрыс көзқарас қалыптастыру.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен
сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке
қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та
адамгершілікке жатады. Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік,
гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда
болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең
мағынада қолданылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек - адамгершілік
қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің
нәтижесі. Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершіліктің моральдан
айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда жазылған заңдар мен нормалар жүйесін
қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік адамның ішкі дүниесінде
қалыптасады. Адамгершілік адамның ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік
принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен
ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру-кемтарға, бала мен кәріге
жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде
қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына келесі анықтама
беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі
сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын
еркін қарым-қатынас жүйесі. Адамгершіліктің көрініс табуы әрбір тұлғада
әртүрлі. Себебі әр тұлға өзіне әртүрлі жеке өзінің құндылық мақсаттарын
таңдайды. Соған бағыттап өз бойында рухани адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырады (Г.А. Брандт, А.М. Лобок).
Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи
кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан
көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу,
топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық
кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің, өткір сөздің,
ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар-
деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани
мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түрікі, қазақ хандығы
Ресей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан
өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің
дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет ғұрпы
қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың
мәдениеті, Рессей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес
үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану
т.с.с. рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа
жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу
соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани
адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін
жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:
1) Атамекен, атакәсіп, атамұра;
2) Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі,
ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.
3) Отбасын сақтау; ата баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау
қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата бабасының салып кеткен
ізімен жүретін рухта тәрбиелеу;
4) Сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін
маңызды құндылықтарға жатқан. Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып
келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде
төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының, халқының
амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушығы сиыну, осы кезге дейін ұрысып,
кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру
адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер
Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып
отырған. Осының бәрі тоқырау заманында әсіресе Кеңестік заманның жылдарында
қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде
шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп
қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен
араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың
рухани – адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы
сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған
дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе
қортындысынан көруге болады. “Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас
ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру,
тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері,
басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті
ұстағанымен шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі
дегеніміз ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі,
көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы – деп көрсетеді профессор С.Қалиев
Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға
арналады. А. Яссауи, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.
Жұмабаев, Ж. Аймауытов, сияқты ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық
ретінде бағалайды. Оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі,
сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді. Ұлы Абай
адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын,
адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы
тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына
жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы
философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты
әлеуметтік қарым – қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты ретінде жайлы ақпарат
Студенттерді кәсіби қызметке дайындау барысында өзіндік сана - сезімді дамыту
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде туралы ақпарат
Несие берушілердің талаптары
Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастыруда өзін - өзі тану пәнінің мәні
Өзін –өзі тану тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
Күйзелістер
Бастауыш сынып оқушыларының өзін -өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
Пәндер