Блум таксономиясы


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген. Бүгін тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында басты проблеманың бірі ретінде : «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ тұрды. Неге? Проблема өзектілігі неде? Шынымен ғасырлар бойы, баяғыдан бұл сұрақ қоғамның алдында тұрмады ма?Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.

Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.
Өзім осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқаратындықтан сабақ үдерісінде балалардың алған білімдерін тиімді қолдануларында, өз ойын ашық айтуда, алған білімдерін жинақтап, бағалау біліктеріне көңілім толмайды. Олар дәлелдер келтіргенде өзінің жеке басының тәжірибесіне сүйенбейді. Көбіне түсініктері оқулық көлемінде ғана болады. Жалпы бұл тек менің сыныбымдағы ғана проблема емес, мектебіміздің тек ҰБТ көрсеткіштеріне ғана сүйенсем, біз қала мектептеріндегі рейтинг бойынша ең соңғы санаттамыз. Балалар алған білімдерін тиімді қолдана алмайды. Сондықтан мектеп үшін де осы тақырып қазіргі таңда маңызды болып отыр.
Зертеулер көрсеткендей оқушылардың көпшілігі дәріс кезінде барлық ақпараттың 10% - дан аз бөлігін есінде сақтайды, аудио - визуалды қабылдау кезінде 20% - ын сақтайды, ал көрсетілім кезінде 30% - ға дейін, талқылауда 50% - ын сақтайды, тәжірибеде жасауда 75% - ын сақтаса, ал өзгелерді оқытуда 90% ақпаратты есінде сақтап қалады екен.

Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың іс-әрекеті
Мақсаттар жүйесі: Білім
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері
Мақсаттар жүйесі: Түсінік
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Мақсаттар жүйесі: Қолдану
Оқушылардың іс-әрекеті: Алған білімді қолданады
Мақсаттар жүйесі: Талдау
Оқушылардың іс-әрекеті: Білімді жай қабылдамайды талдайды, саралайды салыстырады
Мақсаттар жүйесі: Жинақтау
Оқушылардың іс-әрекеті: Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады
Мақсаттар жүйесі: Бағалау
Оқушылардың іс-әрекеті: Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды

Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама - қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Өнімді, шығармашылық деңгей - анализ/талдау/, синтез /жинақтау/, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.

Жаңа буын «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы көркем шығармалардың оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол. Негізінен, әдебиет сабақтары - қызығушылық пен қажеттіліктерді дамытудың қайнар көзі. Білім негізі бастауышта демекші, білімнің мызғымас іргетасын қалау - бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсаты. Ұстаз шығарманы түсініп оқудың, сонымен қатар, оқушының жалпы тілдік мәдениетін, тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін толықтай меңгеріп, ана тілін өз халқының әдебиетін жетік түсінуге, суреткердің өзіндік шеберлігін тануға жол ашады. Көркем шығарманы көркемдік ерекшелігіне, сөз өрнегіне, суреткердің шеберлігіне, стиліне ерекше тоқталған орынды. Оқушыларды көркем шығармаға терең бойлату үшін шығармашылық оқу, шығармашылық тапсырманы беру әдісі ұтымды. Оқушы неғұрлым көп білсе, ал сұрақ-тапсырмалар мәтінге үңілдірер, қызықтырар, ынталандырар сипатта болса, соғұрлым оқушының көркем шығарманы қабылдауы арта түспек. Бұл жұмыстың негізгі мәселесі-мұғалімнің оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеуі. Сонымен қатар баланың қиялына, фантазиясына ерік беру керек. Атақты жазушылардың шығармасын өткен соң мұғалім оқушыға сол туындыға байланысты дүниені көз алдына елестету арқылы өз ойын жазуға дағдыландырады. Бұл жерде бағыт-бағдарды мұғалім береді, ал сюжет пен мазмұнды оқушы өзі табады. Осындай туынды жазу арқылы оқушының ой-өрісі, қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды. Сондай-ақ сабақта проблемалық жағдаят тудырудың да маңызы зор. Нәтижесінде ақын-жазушылардың шығармасымен толық танысуға ынтасы артады.

Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында мен «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа жауап іздедім. Егер зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізіліп, нәтижелер талданса, қорытындысында оң нәтиже көрсетілуі керек.

Мен де іс-тәжірибемдегі өзгерісті ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында топтық жұмыс әдістерін енгізуден бастадым. Оқушыларды топқа бөліп оқытуды және қысқа мерзімді жоспарымды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздедім. «Туған өлкем - тұғырым» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Елтаңба мен Ту туралы жыр» тақырыбында өтті.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты: Мәтінді түсініп оқиды, оның мазмұнын ұғынады, Қазақстан рәміздері туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды; Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; Ел рәміздерін, тарихын білуге, қастерлеуге үйренеді; Елге, жерге деген патриоттық сезімі оянады.
Ойлау деңгейлері Білу І Мақсаты: Бұған дейінгі оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайлы білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? ҚР рәміздері туралы мен не білемін? Бағалау: Смаилик арқылы бағалау Түсінуі: Мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу. Мәтінді оқу, талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды, әр топтан елшілер постерді қорғайды. Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі. Қолдану І: Мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрастыру. Бағалау: Жұлдызша беру арқылы Талдау І: Мақсаты: Бұған дейінгі білімін зерделеу. Тапсырма:“Ауызша волейбол” ойыныШарты: Жүргізуші мақалды бастап допты екінші балаға лақтырады. Допты алған оқушы мақалды аяқтайды. Өзі мақалды бастап, келесі оқушыға лақтырады. Әр аяқталған мақалға 1 ұпай, егер аяқтай алмаса1 ұпай алынып тасталадыЖинақтауІ: Оқушыларды өз ойын жинақтап айтуға итермелеу. Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға 5ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында Бағалау І : Мақсаты: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін бағалай алуын бақылау.

Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Гүлнұр Оразымбетованың «Туған өлкем» әнін тыңдау. Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің, сағынышыңды қалай білдіресің? «Туған елге сағыныш» эссе жазу. Бұл тапсырманы оқушылар өз ойын ашық бейнелей алуы арқылы мені таңқалдырды. Бүгінгі сабақты рефлексияда оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы ойларын ашық айтты. Өзім бағалауда оқушылардың сабақ бойында алған формативті бағаларын есептеп, қорытынды суммативтік баға бердім. Бүгінгі сабақты оқушылар өте үлкен қуанышпен аяқтады. Өздері бір-бірімен даурығып, бүгінгі сабағымыз күшті болды - деп ой бөлісіп жатты. Ертеңгі сабағымыз да осындай бола ма? деп сұрады. Бірақ менің бүгінгі сабағыма өзімнің көңілім толмады. Себебі, оқушылар топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланбаған. Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың ойлау деңгейлеріне қиындық туғызды. Себебі, мен дәстүрлі сабақтарымда жабық сұрақтарды көп қоямын, оқушыларым автоматты түрде еш қиналмастан оқулықтан қарап жауап беретін. Оқушылардың логикалық ойлау деңгейлері төмендеу болғандықтан оларға эссе жазу қиынға соқты. Олар әлі де қиялға берілуге жаттықпаған. Сондықтан келесі сабақты жоспарлағанда оқушыларымның ойлау деңгейлерін есепке алуым керек. Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында қойылған «Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа байланысты келесі тұжырымдамаларды айтуға болады:
Сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді, сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны тану үшін әр түрлі стратегияларды қолданады;
Оқушылар әдебиеттік оқу сабағында өлеңді жаттау, әңгімені мазмұндау, яғни механикалық есте сақтау (бірер уақыттан кейін ұмытылып қалатын) арқылы білімдерін көрсетсе, енді талдау, талқылау, салыстыру, жинақтау, бағалау арқылы сөздік қорлары артып, ойларын ашық, еркін, дәлелді түрде айтуға үйренді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау
Блум таксономиясын физикада қолданысы
Блум таксономиясы туралы
Блум таксономиясының мақсаттары
Блум таксономиясы және бағалау туралы талдау
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары
Таксономия технологиясының педагогикалық мәні
Блум таксономиясы және бағалау критерийлері
Репродуктивтік әдіс
Шет тілдік білім беру аясында оқушылардың таным іс-әрекеттерін ұйымдастыру ретінде Блум таксономиясын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz