Тәуелсіздік және гендерлік саясат


ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ
Нұрболат Қ. - оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Тәуелсіздік -дербес, яғни ешкімге бодан емес бостан, еркін деген мағынаны білдіретін қасиетті ұғым. Тәуелсіздік пен қатар қарастырып отырған гендер ұғымына тоқталар болсақ, гендер түсінігі ең алғаш осыдан отыз жылдан астам бұрын әлеуметтік ғылымдарда көрініс тапты. Оның ең басты ережесі - жыныс айырмашылығының түсініктері. Жыныс - адамның биологиялық, физиологиялық құрылысын білдіреді. Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рөлдерінің арасындағы айырмашылығы және орта адамдарының биологиялық жыныстарының негізіндегі ұйғарымдарынан туған қылықтар мен эмоционалдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендерлік айырмашылықтардың негіздемелерінде иерархия жатыр, оның түсіндіруі бойынша, маскулиндік (яғни еркектік) басымдық, феминистік (яғни әйелдік) бағыныштылық деп берілген. Нәтижесінде, әйелдер де, еркектер де, гендерлік таптаурының (стереотиптің) және мөлшер жүйесінің «құрбаны» болып қалады. Гендерлік зерттеулер мемлекет, жанұя, білім беру жүйесі, еңбекті қоғамдық бөлу механизмдері, бұқаралық ақпарат құралы сияқты «салттық» рөлдер мен мәдениеттік мөлшерлерді қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Саясатты әзірлеу барысында гендерлік тәсілдемені пайдалану гендерлік теңдік принциптерін ескеретін гендерлік саясатқа ілгерішіл бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Көп елдерде гендерлік теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, соның ықпалымен жыныстық белгілеріне және гендер жайында білім тарату мүмкіндіктеріне қарсы бағытталған кемсітушілікті жою сияқты істерде үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Кейінірек, гендерлік теңестіру тәсілі қабылданды. Бұл тәсіл гендерлік теңдік принциптерін барлық бағдарламалар мен саясаттарда пайдалануға мүмкіндік берді. Осы аталған саясаттағы гендерлік теңестіруге Еуропа Кеңесі «қайта ұйымдастыру» деп анықтама берген. Әдетте гендерлік теңестіру принциптері арқылы кез-келген деңгейдегі барлық байланысты жақсарту, дамыту және үдерісті бағалау шешім қабылдайтындар арқылы барлық саясатты әзірлеу барысында енгізілуі қажет.
Гендерлік теңестіру дегеніміз - ол әйелдер мен еркектерге арналып жасалған, барлық салалардағы және барлық деңгейлердегі заңдық, саясаттық немесе бағдарламалық әрекеттерге қоса басқа да кез-келген әрекеттердің салдарын бағалайтын үрдіс.
Бұл - стратегия. Ол барлық саяси, экономикалық, қоғамдық салалардағы саясат пен бағдарламалар әзірлеу, орындау, және бағалау барысында әйелдер мен еркектердің тәжірибесі мен талаптарының ажыратылмайтын бөлігі ретінде енгізіп, қарастыруына мүмкіндік туғызады. Және де, әйелдер мен еркектердің арасындағы ешқандай теңсіздікті болдырмай, әл-қуатты теңдей бөледі. Соңғы мақсат гендерлік теңдікке жету әйелдер мен ерлер құқығын қорғауда әсіресе әйелдер құқығы басты мақсатқа алынады.
Әйелдер құқығы - адам құқығынан бөлініп алынбайтын, әйел адам ретінде сол құқықты пайдалануға құқылы. Әрине, ол онсызда түсінікті сяқты, бірақ, кейбір адамдар әйелдердің адам құқығы контекстінде теңдей қарастырылу талаптарын дұрыс түсініп қабылдауға даяр еместіктерін көрсетеді. Өмір әйелдер мен ерлер үшін тең құқық пен тең мүмкіндіктер саясатын талап етеді. Дұрысында, жаңа бағыт әйелдер мен ерлер үшін тек қана формалды заңдық емес. Сондай-ақ, нақты теңдік мүмкіндіктерге кепілдік беруі керек еді. Саяси мәдениет саяси жүйенің мемлекеттік орталық институтын азаматтық қоғаммен байланыстырады, сондықтан да саяси жүйені демократизациялау азаматтармен қоғамның саяси субъектілерінің жеткілікті түрдегі жоғары саяси мәдениетінсіз елестету мүмкін емес.
Казақ мәдениеті мен батыс мәдениеттерінің біріңғай үрдіске қатысты бірнеше ортақ белгілері бар. Сондай-ақ, көптеген айырмашылықтар да кездеседі. Екі әр түрлі мәдениеттердің (қазақ және батыс) моральдық гендерлік таптаурындарының қалыптасуы мен қызмет етуіне ықпал ету мәселесін қарастырып көрейік. Моральдық гендерлік таптаурындар бірнеше таптаурындардан тұрады.
біріншіден, ішкі моральдық бейнесінің таптаурындары: Адамдар күн сайынғы тәжірибелерінде басшылыққа алуға тиіс және адам жынысына қарай айырылатын өнегелік шамалар, ұстанымдар мен мұраттар идеалы. Адам жынысынан сондай-ақ, оның «нағыз ер азамат» және «нағыз әйел» дейтін мұратқа сәйкес болулары үшін қандай адамгершілік қасиеттерге ие болу керек екендігіне байланысты.
Екіншіден, моральдық мінез-құлық таптаурындары: Әйелдер мен ер азаматтар бір жағдайда әр түрлі әрекет ету мүмкін, ал кейде тіпті қажеттілігін қарастырады, сонымен қатар әйел адамға немесе ер азаматқа істеуге болмайтын қылықтар туралы таптаурындалған түсінік бар.
Үшіншіден, жеке және қоғам қатынасы аясындағы таптаурындар: әйелдер мен ерлер достықтарының, махаббаттарының, сондай-ақ бұл сезімдер білдірілетін әрекеттерінің өзгешеліктері жайындағы таптаурындалған түсініктер.
Мускулиндік / феминистік таптаурындарын әр түрлі мәдениет мән-мәтінінде қарастыра отырып, зерттеушілер көптеген жыныс айырмашылықтары биологиалық немесе психологиялық сипаттамалардан гөрі, әлеуметтік және мәдени факторлармен түсіндіріледі деген қортындыға келеді.
Осы гендерлік саясатқа байланысты Қазақстан өзінің дүниежүзлік қоғамдастықтың адам құқығы мен бостандығы туралы негізін қалаушы принцптерін жақтайтынын көрсетеді.
Әйелдер мен еркектердің теңдік принципі Қазақстан Республикасы заңының негізі болып табылады. Конституция бойынша, «адам құқығы мен бостандығы әркімге туғаннан бастап тиеселі және ешкімнен тартып алына алмайды» және «адам, азамат құқығы мен бостандығы орындалар кезде басқа адамдардың құқығы мен бостандығын бұзбау керек» (12бап) .
Қазақстанда әйел құқығын теңестіру мен қорғауға арналған арнайы институционалдык механизмдер құрылды. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, 1998 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия өз ісін бастады. Бұл мекеме Министірімен басқарылады және үкімет мүшесі болғандықтан, шешімдерді ең жоғарғы деңгейде шешуге қатысуына мүмкіндік береді. Ұлттық комиссияның міндеті Қазақстан әйелдерінің жағдайын жақсартатын ұлттық әрекет жоспарын әзірлеп шығаруға септігін тигізді. Пекиннің әрекет тұғырнамасындай, бұл құжатта да 12 басымдық бар. Ұлттық жоспар үкімет шешімімен бекітілген, сондықтан барлық мемлекеттік органдармен орындалуы шарт. Ұлттық жоспардың гендерлік теңдікке жетуге бағыталған нақты шаралары 2001-2005жылдар ішінде елімізді әлеуметтік - экономикалық дамыту индикативті жоспарына кіріп отыр. Оның ішінде Қазақстан тарихында тұңғыш рет «әйелдердің дамтуға қатысуы» деген арнайы бөлімі пайда болды.
Бүгінгі күнге Қазақстан адам құқығын қорғайтын 30ға жуық халықаралық келісімдерге қол қойды. Оның ішінде нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы конвенция (1995ж. ), қорлау және басқада адамның қасиетін төмендетін қорлаудың түрлерін жою мен жазалауға қарсы конвенциясы (1984ж. ), балалар құқығын қорғайтын конвенция (1989ж. ), халықаралық еңбек ұйымының бірқатар Конвенсиялары және т. б. бар.
БҰҰ-ның әйелдерге қарсы бағытталған кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы конвенсцясына Қазақстан 1998 жылдың маусымында қосылды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның «әйелдердің саяси құқығы» және «тұрмыс құрған әйелдердің азаматтығы» туралы Конвенцияларына қосылды. СИДО Комитетінің жалпы ұсынысы бойынша, халқаралық еңбек ұйымының алты конвенциясына қосылды. Оның ішінде «әйелдер мен еркектерге бірдей жұмысқа, бірдей жалақы төлеу туралы», «жұмысқа тұру, минималды жасы туралы», «жұмыспен қамту, қызметін ашу туралы», «еріксіз еңбекті жою туралы» т. б.
Қазақстанда әйелдер мен еркектердің арасындағы теңдікке жетуді жеделдетуге бағытталған көптеген арнайы шаралар қабылданды, әсіресе, аналықты қорғау мәселесіне, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңында жоғарыдағы айтылғандардың біразы көрсетілген.
Сонымен қатар, экономика саласының негізгі мәйегі болып табылатын кәсіпкерлік, яғни еңбек, жұмыс. Қазіргі кәсіпкерлікте қызмет жасайтын Қазақстан әйелдерінің үлесі өте көп. Бұлда болса, гендерлік саясаттың әр салада да өзіндік оң шешім тапқанын көруімізге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz