Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті



№ 1 Лекция. 1. Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде мәні мен мазмұны
2. Педагогикалық іс.әрекет
3 Педагогикалық техника және оның мәні
4ТӘРБИЕШІНІҢ ШЕБЕРЛІП
5 МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА МӘДЕНИ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫ
Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әрекеттерге де, барлық мамандықтарға тән қасиет.
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі мақсат - мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі калыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі "Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері Макаренконың педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы "Көкпенті" балалар үйінің директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі болады.
Қазір бір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов, И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б. педагогтардың іс-әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Қазақстанда педагогикалық шеберлігімен белгілі болған педагогтар Алматыдағы №4 мектеп директоры Нүртазина Рафиғаның шеберлігі бізге көптен таныс. Орыс тілінің маманы ретінде өзі оқытқан балаларына саналы білім беруде көрнекті еңбек еткен. Атырау облысы, Махамбет ауданы Алға орта мектебінің директоры қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Халық мұғалімі. Айтқалиев Құснидың педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерін бүкіл республика мүғалімдеріне таныс болып отыр.
Айтқалиев бастап ұйымдастырған республикада көптеген жаңашыл педагогтардың өз облыс-аудандарында ұйымдастырып отырған атаулы мектеп тәжірибелері оның Республикаға таратыла бастауы - республикамызда педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерінің кең қанат жайып, барлық жерлер де кең өріс ала бастауының айғағы.
1. Основы педагогического мастерства (под., ред. И.А.Зязюна) Москва: Просвещение, 1989.
2. Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта. пед. соч. в 8 т. Москва.1984. С. 235-236
3. Бондоревский В.А. Беседы о самовоспитании. - М., 1976.
4. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. - м., 1989.
5. Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. Алматы: Мектеп, 1976.
6. Макаренко А.С. Педагогическая поэма. - М., 1971.
7. Кузьмина Н.В. Мастерство учителя как фактор развития способностей учащихся. Вопрос псих. н 4. 1984.
1. Основы педагогического мастерства. (под.ред.И.А.Зязюна) Просвещение, 1989.
2. Амонашвили Ш.А. Как живете детеи? М., 1989.

3. Березняк Е.С. Взаймоотношение учителя и учащихся в учебном процессе. (под.ред.В.И.Воитка) Киев, 1979.
4. Поташник М.М.. Вульфов Б.З. Педагогические ситуации. М., 1983. С.76-94.
5. Синица И.Е. О такте и мастерстве. Киев. 1976. С.165 167.
6. Чернокозов В.Н., Чернокозов И.И. Этика учителя. Киев, 1973. С. 157-168.
7. Ножин Е.А. Основы Советского ораторского искусства. Москва, 1987.
8. Бернов В.Ф. Логика вопросов в преподовании. Минск, 1987.
9. Шварц И.В. Внушение в педагогическом процессе. Пермь, 1971.
10. Азартов Ю.Т. Искусство воспитывать. Москва, 1979. С.226-246.
11. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогкческом общении. М., 1987.
12. Ильин Е.И. Қарым-қатынас өнері. Қазақстан мектебі №9, 10, 11, 12. 1989.
13. Ұстаз және оқушы қарым-қатынасы. Қазақстан мектебі №11, 1982.
14. Ара-қатынасымыз алшақ болмасын. Қазақстан мектебі №11, 12. 1992.
15. Мұғалімнің педагогикалық тактісі. Қазақстан мектебі №11, 12. 1992.
16. Мұғалім беделін көтереміз десек. Қазақстан мектебі №3, 1991.
17. Ильин Е.И. Қарым-қатынас өнері. Қазақстан мектебі №1, 2, 6, 7. 1990.
18. Мамандыққа кіріспе (ред.басқарған Л.И.Рувинский) Алматы, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 Лекция. 1. Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің
компоненті ретінде мәні мен мазмұны

Мақсаты: педагогикалық шеберліктің мақсаты мен мәні, оның элементтері,
педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары туралы түсінік беру.

Жоспар:
1.1. Мұғалімнің кәсіби білімі – шеберлік негізі
1. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері
2. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру
3. Көрнекі педагогтар шеберлігі
4. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім,
педагогикалық қабілет, педагогикалық техника

Пайдаланатын әдебиеттер
1. Основы педагогического мастерства (под., ред. И.А.Зязюна)
Москва: Просвещение, 1989.
Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта. пед. соч. в
8 т. Москва.1984. С. 235-236
Бондоревский В.А. Беседы о самовоспитании. - М., 1976.
Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. -
м., 1989.
Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. Алматы: Мектеп, 1976.
Макаренко А.С. Педагогическая поэма. - М., 1971.
Кузьмина Н.В. Мастерство учителя как фактор развития способностей учащихся.
Вопрос псих. н 4. 1984.

1. Мұғалімнің кәсіби білімі – шеберлік негізі

Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін
шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әрекеттерге де, барлық мамандықтарға тән
қасиет.
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір
ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз
мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз
мамандығына үйрету" деп атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен
қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі
мақсат - мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты
педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы
қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу.
Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі калыптасып жетіледі. Бұл
жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен таныс, даңқты
педагогиканың іс-тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық шеберліктерді
танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа форма-әдістермен
жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана
өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы
балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі "Ұстаздық дастан",
"Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері Макаренконың
педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы "Көкпенті" балалар үйінің
директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің
директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі
болады.
Қазір бір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов,
И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б. педагогтардың іс-
әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Қазақстанда педагогикалық шеберлігімен белгілі болған педагогтар
Алматыдағы №4 мектеп директоры Нүртазина Рафиғаның шеберлігі бізге көптен
таныс. Орыс тілінің маманы ретінде өзі оқытқан балаларына саналы білім
беруде көрнекті еңбек еткен. Атырау облысы, Махамбет ауданы Алға орта
мектебінің директоры қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Халық мұғалімі.
Айтқалиев Құснидың педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерін бүкіл республика
мүғалімдеріне таныс болып отыр.
Айтқалиев бастап ұйымдастырған республикада көптеген жаңашыл
педагогтардың өз облыс-аудандарында ұйымдастырып отырған атаулы мектеп
тәжірибелері оның Республикаға таратыла бастауы - республикамызда
педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерінің кең қанат жайып, барлық жерлер де
кең өріс ала бастауының айғағы.
Мысалы, Бунич Валентин - Қарағанды өнер мектебінің директоры.
Очнур Елена Афанасьевна - Алматы эксперименталды мектеп директоры,
биологая пәні мұғалімі.
Фомин Юрий Павлович - Орал облысы, Бөрлі орта мектебінің орыс тілі
пәнінің мұғалімі.
Бітібаева - Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл атындағы орта мектеп
директоры. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.
Бұлардың педагогикалық шеберліктерінің негізі балалардың өз еркімен
дамуына жол ашу, жергілікті мұғалімдердің пікірімен, тәжірибелерімен санаса
отырып, оқу құрал, бағдарламалардың балама түрлерін жасау, сөйтіп білім-
тәрбие берудін жаңа талаптарына сай педагогикалық шеберліктерді дамытуға
үлес қосу болып табылады. Оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық
ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту. Әрбір оқу
пәндерінің ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие әдістерін жетілдіру. Балаларға
деген камқорлықты, сүйіспеншілікті арттыру. Жаңа жұмыс әдіс-тәсілдерін
жандандыра түсу - олардың педагогикалық шеберліктерінін, сипаты.
Осы жоғарыда болғандай педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерді әрбір
аудандар да, әрбір облыстарда шығармашылық сипатта еңбеқ ететін
педагогтардық іс-әрекеттерінен байқауымызға болады. Сондықтан олардың іс-
тәжірибедерін үйрену, үнемі шығармашылық сипатта еңбек ету - бізді
педагогикалық шеберлікке шындай түседі.

2. Педагогикалық іс-әрекет
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін
нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс-әрекетті жоғарғы педагогикалық
мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс әрекет
мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланыстй комплексті жүзеге
асырылып іс-әрекеттің компоненгтері да болды.
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекет
мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әреке құралдарын жеке-жеке алып
қарайтын болсақ: Іс-әрекет мақсаты - жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудГ
көздейді Жак-жак,ты Іәрбиелеуді- квздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие
жұмысын комплекс жүзеге асыруды қажет етеді
Комплексті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене,
экономикалық экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра
жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушілердің санасына да,
мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметше де бір мерзімде ықпал жасауға
мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан
түрлі: өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық
қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі - Адамдардың қалыптасуынын, объективтік негізін -
қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдык. қатынастар, тұрмыс
салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты
адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Адам жанасқан нәрселерінің бәрі - адамдар, заттар, табиғаттың және
айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен
мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам коғамның белсеңді
мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әркайсы қайталанбайтын дара
ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға арналған педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық
негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогтық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары,
қоршаған өмірде әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу
жұмыстарын айналадағы объективті өмірмен байланысты үйлестіре жүрізген жөң.
Іс-әрекет субъектісі - Тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие
жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және
жұртшылықтар болып табылады
Мектеп ішінде балаларға тәрбие және оқу жұмысын ұйым-дастыратын
негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның
білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді.
Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-
өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол
тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.

Педагогикалық іс-әрекет құралдары
Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарым-
қатынастар жатады.
Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие
жұмысында басшылыққа алады.
Мысалы А.С.Макаренко өзінің іс-әрекетінде тәрбие құралы етіп "еңбекті"
қолданған. М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колония
тәрбиеленушілерін тәрбиелеуде көп нәтижеге жетеді.
Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің қиын
балалармен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мыңбаев тәрбие жұмысының құралы етіп
еңбек процесін адды. Әр оқушының ерекшелігін біле отырып, еңбекке баулаудың
нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, "Қиын" оқушыларды дұрыс жолға сала
білді. Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттыра біледі.
Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде, бірлескен коллективтік
оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал еті. пайдалана
білді. Мысалы Москвалық мұғалім В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі
В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп коллективтік оқуды
ұйымдастыруды алған. Мұндай тандау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына
байланысты жүргізілді.

Педагогикалық шеберлік жүйелері
Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын
педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне
жатады.
Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінсдк Педагогтық іс-
әрекетіндегі гуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіптік білгірлік,
педагогтық іс-әрекетіне бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған
педагогтық шеберлік жүйелері бір -бірімен байланысты жүзеге асырылады.

а) Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық тәрбиешілерлің,
мұгалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан
жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың
балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік,
сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет
етеді.
Л.Н.Толстой былай деген болатын:
"Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-
әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мұғалім". Педагогтық іс-
әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бр жақты бағалы б Олар
мыналар:
өзін шебер педагог ретінде танып білу№
педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.
балаларға, балалар коллективіне деген сүйіспеншілі ынтымақтастық
бейімділігінің болуы.
педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының
болуы.

ә) Кәсіптік білім, білгірлік
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі кәсіптік білім.
Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, оқытатын пәнін терең, негіздей
білуге негізделсе, екіншіді сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға
арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшеліп оның комплекстігінде; білім мазмұны, оны
оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принцип-тері жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, санал ереже
принцип-тәртіпті қалыптастырады.
Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, методикалық жағынан
тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне құрады, ғылыми білімі
негізінде оның заңдылықтарын көбіледі

б) Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі -
педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты бейімділік
дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс әрекетке адамның сезімдік
талғамының арта түсуі соған де құлшынысының арта түсуі деп білеміз.
Сол педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей
түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады.
Адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу,
адамдармен коммунативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету.
Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық. Адамдарда болатын күрделі
сапалық қасиеттерді, ажыратып тани білу қабілеттлігі (эмпотия,
педагогическая интуиция).
Жеке бас динамизмі - эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету
сезімін, ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу. (жаңашыл
педагогтар тәжірибесінен байқалады).
Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара
білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шелім қабылдай білу.
Оптимистік болжай білушілік алға үмітпен қара, оқушыларды келешекке үміт ,
сенімге бағдарлап тәрбиелеу.

в) Педагогтың іс әрекеттің техникасы
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық,
техника. Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтык іс-әрекетті
ұйымдастыра білу іскерліп.
Педагогикалық техникалық іскерлік - осы салада білудін екі түрін
құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі; екіншісі - педагогтық
міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша - педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін,
сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу
Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу,
өзара ұйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткен педагогикалық
шеберлік жүйелері оның функцияларын атап көрсете отырып, мынадай қортындыға
келеміз:
Педагогикалық шеберлік - жүйелі процесс. Педагогикалық іс-әрекетте
нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Педагогтық
кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты,
бейімділікті, білімділікті; іскерлікті білдіретін процесс.
Педагогикалық шеберлік өлшемі.
Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.
Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.
Әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.
Іс әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Жоғарыда көрсетілген әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының белгілі
өлшемі, даму деңгейі болады.
Жоғарғы оқу орындарының. міндеті студенттерге алғашқы мамандық
деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: Кәсіптік
бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру
керек. Одан кейін ол тәжірибеде шындалып өзінін, жоғарғы деңгейіне бірте-
бірте жетуге тиіс. Өз заманында А.С.Макаренко педагогикалық кәсіптік
шеберлік деңгейі қазірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген
болатын. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік
педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері - педагогикалық
білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру,
балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі,
өйткені педагогакалық міндеттер, педагогикалық ситуацияны ойлау, оны жаңа
жағдайға келтіріп шешу. Мысалы, Сабақ басталды, оқушылар сабаққа отырды.
Одан кейін бір оқушы кешігіп келді, - Ол ситуация; мұғалім үйге берген
тапсырманы тексеріп еді, екі оқушы тапсырманы орындамаған - ол ситуация;
Сабақ үстінде оқушылар жазған қағазын лақтырып отырды - ол ситуация.
Бұл ситуацияны бағдарлаған мұғалім өз алдына міндеттер қояды. Ол
балаларды саналы әрекетке тарту, сөйтіп қатынасты педагогикалық мақсатқа
жақындастыру.
Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманы түсіну, ситуацияны анализлеу,
оны дұрыс шешуден басталады.

Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру
Мұғалімдік шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғарғы педагогикалық оқу
орындарында ең алдымен жекелеген мамандыққа байланысты пәндері:
педагогиканы, психологиян, методиканы оқуға байланысты жүзеге асырылады.
Сондықтанда бұл пәндердің негізінде студенттерге жоғарғы кәсіптік
мамандықты игеруді мақсат ете қоюмен бірге студенттердің бұл пәнді оқып
үйренуге деген ынтасын арттыру керек. Мұғалімдік шеберлікке баулу - жалпы
мұғалімдік мамандыққа баулып тәрбиелеудін орталық біріктіру аспектісі
болуға тиіс. Студенттер төменгі курстардың өзінде "Педагогикалық шеберлік
негізі" курстарын оқып үйренуге байланысты орталық бағдар беретін пәндер
ретінде зейін аудара отырып, ықылас қойып педагогика, психология пәндерін
терең оқып үйренуі керек және педагогика тарихын және пәндерді оқыту
методикасын үйренуді қажет етеді.
Педагогикалық шеберлік негіздері курсын оқып үйренуде төмендегідей
принциптерді негізге, басшылыққа алып оқытсаң, солғұрлым нәтиже береді:
Тұтастық қатынас жасау принципін басшылыққа алу. Демек, теориялық
мәселелерді практикамен ұштастырып таныту. Оған материалды дискуссия
ретінде талқылау, жаттықтыру, ойлау операциясын белсендіру, схема,
конспекті, тезис құру т.б.
Белсенді қатынас жасау принципі (коммуникация) түрлі ойындар ұйымдастыру,
демонстрация, жарыс, фрагменттеу. Сабақ ұйымдастыру барысына студенттердің
өздерін тарту.
Студенттер педагогикалық іс-әрекетті меңгеруді, кезең-кезеңімен үйреніп
жаттыға білуі қажет. М, І-курс студенттері өздерінің сыртқы келбетін игеру,
киім қию, сөйлеу мәдениетін игеру, қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрену
т.б.
Жеке пәндерді оқытудағы уйрену барысында оны творчестволық меңгеру.
Аспектілік қатынас - мамандыққа бағыттау, педагогикалық шеберлік негізіне
бағыттау.
Білім және дағды байланысы принципі. Практикалық тапсырыс. Базалық
мектептермен жиі байланыс.
Педагогикалық оқу орындарын педагогизациялау принципі - оқу - тәрбие
процесін педагогикалық шеберлікті меңгеруге қарай бағыттап отыру.
Студенттерді түрлі кружоктарға, клубтарға, студияларға тартып отыру керек.
Мұғалім күндерін өткізуге, педагогикалық оқу, конференция ұйымдастыруға,
жаңашыл педагогтардың тәжірибесін насихаттауға оларды тартып отыру керек.
Кештер өткізуге түрлі тақырыптарда: М., "Келешек мектебі бүгінен
басталады".
Жоғарғы оқу орны оқытушылар, мектеп мұғалімдері, студенттер бірлескен
дәрежеде ғана нәтижелі іс шығады шебер педагогтар дайындап шығаруға болады.
Эстетикалы , сезім-педагогикалық шеберліктің негізгі компоненті. Жай
ана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң
сөйлеп, тәрбие жөнінде, насихат айту - оқу процесінде де ешбір нәтиже
бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлігін, оқушының сезімін
өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек. Мұны біз эстетикалық сезім
дейміз.
Мұңдай эстетикалық сезім тұдыру жолдары оның көзін жеткізу процесімен
байланысты. Сезімнің өзі жағымды және жағымсыз болатындығы бізге белгілі.
Жағымды сезімдер түрлі психофизиологиялық жағдаймен байланысты. Олар оймен,
ерікпен адамгершілікпен, біліммен, мәдениетпен көзқараспен байланысты.
Сезімді бірінші және екінші деп бөлуге болады. Бірінші сезім
биологиялық сезім - ол барлық жан-жануарларда болатын сезім. Екінші сезім
адамдарға тән сезімдер. Олар социалдық әлеуметтік өмір жағдайына байланысты
туын қалыптасатын сезімдер К.Маркс сезімді тұтас біріктіру мәселесін былай
деп көрсеткен: "Бір жағынан адам сезімін -адамдандыру, екінші жағынан адам
сезімін тудыру".
Педагогика психология ғылымдары негізінде адам сезімдерін пәндер
бойынша дифференциялау мәселесін қойып отыр. Яғни моральдық сезім, еңбек
интеллектуалдық, практикалық, эстетикалық сезім. Бұлардың бәрін мазмұнға
байланысты біріктіріп, эстетикалық сезім деп айтуға болады, өйткені
эстетикалық сезімнің пайда болу кездері: еңбек, ойын, өнер, дін, адамдар
арасындағы қарым-катынас.
Сондықтан негізгі міндет сезімдердің мәнін айырып түсіне білу, жас
ұрпақтардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, жас ұрпақтардың жағымды
сезімдерін тудыра білу кажет.
Мұғалімнің шеберлігі - алдындағы оқушының даму деңгейін, оның әрбір
ксіенде өсуін бақылап отыру керек. Сол даму кезендерінде оқушыны бағыттап
оның әрі өсу, даму жағдайларына бағыттап отырған жөн. Оқушының дамуын сезім
талғамын екі деңгейде тануға болады. Бірінші кезеңінде неге бейім, оның сол
бағыттағы әрекетін білу керек. Екінші кезеңі - потенциалдық даму
мүмкіндіктерін білу керек.
Тәрбиелеуде қоғамдық бағыттылық және адамға әсер ету, оны "Қос ықпал"
дәрежесінде қолданған уақытта өнімді нәтиже береді. Оның моральдық,
эстетикалық әсер ету сезім күшті болады. Осы бағытта өндіріс пен мектептің
байланысын жақсарту - оқу мен еңбекте тәрбие жұмысын ұштастыра түсуде өте
маңызды. Оқуды еңбекпен ұштастыруды оны дұрыс үйлестіріп отыру оқушыларға
қанағатғанарлық сезім яғни эстетикалықч сезім туғизады.
Педагогикалық ықпал етіп, эстетикалық сезім тудыратын құралдардың
ішінде халық мұралары, ұлттық салт-сана, ұлттық мәдениет, өлең, жыр, сурет,
өрнек-ою өнерлері т.б. оқушыларға эстетикалық сезім тудырудың негізгі
көздері болып табылады.

1. Теориялық сұрақтар
1. Педагогикалық шеберліктің мәні және жүйелері жөнінде.
2. Педагогикалық іс-әрекет оның құрылымдары.
3. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары. Практикалық
тапсырыстар.
Педагогикалық ситуация және педагогикалық міндеттер жөнінде түсінік.
Мұғалімнің қоғамдық функциясы және оған қойылатын талаптар.
Мұғалімдік кәсіптік мамандықты қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеудің ролі
және өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері.

2. "Менің идеям мұғалімдік" деген тақырыпта әңгіме құрастырып айт
Жоспары:
Мұғалімдер өмірі мен қызметі жөнінде баяндайтын кино, телефильмдер
жөнінде әңгіме.
Өзің білетін, өзің үлгі ететін мұғалімдердің, педагогтардың шығармашылық
сапасы жөнінде айт, не шығарма жазып кел.
Идеялды мұғалімнің сапасы көрсететін мысалдарды айтып ауызша талдау,
бағалау.

3. "Мен және мамандық" атты тақырыпта қысқаша студенттерге баяндату
Жоспары:
1. Мен мұғалімдік мамандықты неге тандап алдым?
Мен өзімді мұғалімдік мамандыққа қалай дайындаймын?
Мен қазір балаларга не бере аламын?
Жоғарғы оқу орындары, кәсіптік дайыдадық бағытында бізден қазір не талап
етеді?

4. Даңықты педагогтар жөнінде әңгіме
1. Тақырып А.С.Макаренко педагогикалық еңбектің шебері.

1) А.С.Макаренконың өмірі мен қызметімен танысқаннан кейінгі менің
ой-толғанысым атты тақырыпта әңгіме құрастырып айт.
а) Макаренко жөнінде сен қай уақыттан бастап, кімнен не білдің?
б) Макаренко өмір қызметінен саған үлгі-өнеге болатын қандай
уақиғалар есте қалды?
в) "Сіздің тамаша таңғаларлықтап педагогикалық экспериментіңіздің
дүние-жүзілік маңызы бар" - деген М.Горькийдің сөзін сіз қуаттасыз ба?
Неліктен?
2) А.С.Макаренконың педагогикалық қызметіндегі педагогикалық
шеберлік элементтеріне талдау жаса.
а) Макаренконың пікірі бойынша педагогикалық шеберліктің негізіне не
жатады?
б) Педагогикалық техника проблемасы, оның актуалдығы жөнінде,
тәрбиелік функциясы жөнінде Макаренко не айтты?
в) Жоғарғы оқу орындарында келешек мұғалімдерді дайындау жөніңдегі
идеясын үға отырып, сіз өзіңіздің кәсіптік өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі
программаңызға басшылыққа аласыз ба?
г) А.С.Макаренконың "Ұстаздық дастан" атты романын оқи отырып,
белгілі педагогикалық ситуацияға оның педагогикалық техникасының нақты
жағдайда дұрыс қолдануын атап көрсет.
2. Тақырыбы: Педагогикалық еңбектің көрнекті шебері В.А.Сухомлинский
В.А.Сухомлинскийдің қандай шығармаларын оқыдың, қандай әсер алдың?
В.А.Сухомлинский мұғалімдерге қандай талап қояды. Жақсы мұғалім деп қандай
мұғалімдерді атаған?
В.А.Сухомлинский түсінігі бойынша "мұғалімдік мамандық-адам тану" деген
сөздің мәнін аш.
А.С.Макаренко мен Ел Сухомлинскийдің қызметі мен өмірін салғастыратын
синхроникалық таблица жаса. Көрнекті педагогтардың кәсіптік білгірлігі
қалай қалыптасқандығына анализ жасап көрсет.
В.А.Сухомлинскийдің "Балаларға жүрек жылуы" атты кітабын талда:
1. Кітаптың атына байланысты мәні.
2.Автор қандай педагогикалық міндеттерді шешеді?
3. Кітап бойынша автор тәрбие жөнінде қандай маңызды, көкейтесті
мәселелер көтереді?
4. В.А.Сухомлинскийдің "Балаға жүрек жылуы" атты кітаптың жеке
бөлшдерін оқуға байланысты пайда болған ситуация, оны сен қалай шешесің?

Ситуация 1. Мектептің шеткі аймақтардың бір жеріне оқушылар әсемдік
үшін түрлі гүл тұқымдарын отырғызды: Күзге карай бұл жерде тамаша түрлі ақ,
көк, қызыл түсті гүлдер өсіп шықты. Бір күні оқушылар экскурсияға келіп,
тамаша гүлдерді бір-бірінен қызғана әрқайсы екі-үш гүлден жүлып, гүлді
азайтып тастайды. Гүлдің тең жартысы ғана қалды. Сонда Катя айқайлап: -
Әсемдікті осылай жұлама екен деді.
Бұл жағдайда сен не істер едің? В.А.Сухомлинский қалай шешті бұл
ситуацияны?
Ситуация 2. Сашаның әжесі ауырғаннан бері ол түрлі уайымшыл, мұнлы,
қайғылы болып кетті. Балалар оған сәл ұнамайтын бірнәрсе айтса ол ылғи
уайымдап мұңайып, жылап қоя береді.
Балалардың осы кездегі Сашамен қарым-қатынасын қалай ұғуға болады.
Егер мұғалім бұл ситуацияға мән беріп назар аудармағанда, қандай қолайсыз
уақиға туып кетер еді. Мұндай жағдайда В.А.Сухомлинскийдің шешші қандай,
нені ұсынады?

Кәсіптік мамандықты жетілдіру бағытында өзін-өзі тәрбиелеу
программасы

1. Бір жетіге, не бір күнге арналған өзін-өзі тәрбиелеуде ерікті
жетілдіру программасы:
- Өзіңнің жетістігіне сену, кері әсер ететін ұнамсыз эмоцияларды
жою.
- Өзін-өзі сендіру.
Өмірде болатын тосқауылдарды жою.
Өзін-өзі сендіру формаларын қолдану.
"Мен өзіме өзім сенемін". "Мен оны істей аламын". "Мен оны істеймін".
II. Зейінді тәрбиелеу:
- Зейінді болуға талаптану, ұзақ уақыт зейінін бір нәрсеге
шоғырландыру.
Ұзақ, уақыт, бүкіл сабақ бойы өзін-өзі ұстап отыру, бөгде істермен
шұғылданбау.
Өзіне-өзі сенім арту "Мен өзімді-өзім ұстап отыра аламын".
Мен зейін қойып тындаймын. Осы сияқты мақсаткерлік, батылдық, оптимизм
сияқты сапаларға қалыптастыру үшін программа жасауға болады.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА

Педагогикалық техника және оның мәні

Адамдардың өзара пікір алысуы, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы ең
алдымен сөз арқылы, өзара сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге
басқа да қатынас құралдары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, де-не қимылы,
келбет-пішіні, ым-ишара бұлар сөйлеу құралы ретінде кейде сөзбен қатар
қолданылады, кейде өз алдына жеке де қолданылады.
Педагогикалық техникалық қарым-қатынас жасау формасы - мұғалімнің
Іштей ұйымдастырылған сөз әрекеттерімен сырттай ұйымдастырылған ым-ишара,
дене қимылы әрекеттерімен ұштасып отырады.
Негізінен педагогикалық техника екі топ компоненттерінің үйлесуімен
жүзеге асырылады.

Өз сезімін (эмоциясын) басқару
Эмоциялар психикалық сфераға қатысты адам эмоциясы өте күрделі
процесс әрі объективтік шындықтың бейнеленуі ретінде қабылданады. Ол
әрдайым адамның белсенді қызметімен байланысты туындап жүзеге асады. Соңғы
кезде сезім мәдениеті проблемасының маңызы артты. Бұл өзінің эмоциясын, кез-
келген ситуацияда мінез-құлқын басқара білу және басқа адамның орнына қоя
білу. Басқа адамның сезімін бағалау және құрметтеу. Педагогикалық қызметте
әрбір баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі сенімсіз
балаларға айрықша көңіл аударып, оқушылардың нерв жүйесінің жеткілікті
қалыптаспағанын ес-кере отырьт, олардың көңіл-күйінің, белсенділігің жоғары
болуына мүмкіндік туғызу керек. Адамгершілік сезімді қалыптастыру жеке
жағымды қасиетгерге тәрбиелеумен бірге өзін-өзі тәрбиелеумен үштасады. Әр
адам жағымды эмоци-ялардың қажеттігін түсініп, әркім өзінің мінез-қүлқын,
әрекетін бақылай білуді үйрену керек. Жағымды эмоцияны тәрбиелеуде
мүғалімнің, ата-ананың, ересектердің достардың сөздерінің алатын орны
ерекше. Сөз жеке адамға әсер ететін қуатты фактор. Адамдарға сөзбен ықпал
ете білуді үйрену, сергектік, ықыластылыққа байланысты. Ықыласты, сезімтал
сергек адам өзіне де, басқа адамға да эмоциялық әсер етіп, балаларды
қуанышты көңілді сезімге тәрбиелей алады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып баскдруда мұғалімдердің
ең алдьшен өз эмоциясын дұрыс басқарып, одан кейін оқушыларды жағымды
эмоцияға тәрбиелеудің үлкен маңызы бар. Тәжірибеде кейбір педагогтар
оқушылар алдында кей уақыттарда өз эмоциялық сезімін басқара ал-маушылығы,
бет әлпетінен бүлшық еттерінің ұнамсыз рең бе-руі байқалады. Мұндай жавдай
әсіресе жүмысын жаңа бас-таған жас мұғалімдер арасында жиі кездеседі. Олар
оқушылардан басқа адамдармен де алгашқы кездесіп сөйле-суінде де
абыржушылық, қысылушылык, байқалып бет реңінен сезіліп түрады. Бұл олардың
тәжірибесінің аздығынан. Сондықтан педагогтар әсіресе жүмысын жаңа бастаған
жас мүғалімдер өзін-өзі басқаруға, өз сезімін өзі меңгеруге дағдыланып
дайындық жасау керек. Ол үшін өзін-өзі жаттықтыру жұмысымен шұғылданғаны
жөн. Ондай жаттыгудың түрі - өзін-өзі дайындағаны жөн болады, бұл жаттығу
өзін-өзі реттеу жаттығуы. Мысалы:
Сіз әрқашанда ұстамды, байыптысыз ба?
Сіздің көңіл-күйіңіз біркелкі ме?
Үйде, аудиторияда, қызмет үстінде сіздің зейініңіз бірқалыпты
шоғырланған ба?
Сіз өз сезіміңізді өзіңіз басқара аласыз ба?
Сіз жақын адамдарыңызбен, жолдастарыңызбен ықылас, қошаметті қалайсыз ба?
Сіз оқыған материалды тез меңгере аласыз ба?
Сізде алшақтауды қажет ететін қандай қолайсыз дағды бар?
Сіздің кейбір жағдайларда дұрыс істемеген жұмыстарының болды ма?
Міне, осы сұрақтарға "ИӘ", "ЖОҚ" деген сөздермен жау-ап беру керек.
Егер "ИӘ" деген жауап басым, көп болса, сіз өз сезіміңізді басқара
алғаныңыз. Егер "ЖОК," деген жауап көп болса сіз өз сезіміңізді басқара
алмағаныңыз. Егер "ИӘ", "ЖОҚ" деген жауап бірдей болып келген жағдайда сіз
өз сезіміңізді басқару үшін, көп жұмыстар істеулеріңіз қажет. Студенттер
педагогикалық практика алдында осы сұрақтарға жауап беріп, өзін-өзі ойланып
біраз жұмыс істегені дұрыс болады.

Педагогикалық техникадағы мұгалімнің өз дене қимыл қозғалысын дұрыс
басқарудың ролі

Педагогтың оқу-тәрбие процессі үстінде, аудиторияда, класс оқушылары
алдында өз дене бітімін, қозғалыс-қимылын дұрыс бағыттап ұстап білу
педагогикалық шеберлік тәсілді жүзеге асыруға байланысты. Дене бітімін бір
қалыпты сымбатты, тұрақты ұстаған мұғалімнің өз ісіне сенімді, ойлы
тиянақты айтатын сөзін абыржымай тиянақты мазмүнды бере алатындығын
сипаттайды. Өз күшіне, өз біліміне, өз іс-әрекеттеріне сенімділігін
білдіреді.
Сондықтан да мүғалім сабақ үстінде дене бітімін тік дұрыс, сымбатты
үстау керек. Әрі-бері орынсыз қозғалып жүре бергеннен сақтану керек және
бір жерде ұзақ тұрып қалуға да болмайды. Сабақ үстінде қақырыну, түкіріну,
сіңбіру, өте мәдениетсіздікті байқатады, олар мұғалім үшін өте жат.
Отырғанда да екі аяқ арасының аса алшақ болуы дұрыс емес. Мұғалімнің қимылы
психологиялық мәнерде болу керек. Қолайлы көңілді кездерде қолынды кеудеңе
келтіріп қошемет көрсету, класқа кіруде, шығуда қолданылуы көңілге жайлы
тиеді. Дене қимыл-келбетін ұстай білуге жаттығу үшін физкультура спортпен
шұғылданған жөн. Сол сияқты езін-өзі қабырғада тұрып жаттықтыру және өзіне-
өзі оқушы көзімен қарау керек. Мысалы, сөйлер алдында бір қадам ілгері басу
оқушылардың зейінін өзіне тартатын болса, бір қадам кейін шегіну азғана
тыныстауды демалыс қалпын ұйғарады.

Келбет - пішін
Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті - көзқарасы, қас-
қабақ қағысы, көзқарасы адамның ішкі сезім, ой дүниесінен көп хабарлар
етеді. Келбет өзіңнің ойыңды, сезімінді көңіл күйінді білдіретін өнер.
Оқушы сенің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойынды,
мақұлдауынды, не мақұлдамауынды, қолдамауыңды, не қолдауынды танып біледі.
"Көз көңілдің ажары" деген мақал осы сияқты жайыттарды аңғартады. Күлімдеп
сөйлеу, көздің кішіреюі дене қимылымен жымдасып, қуанышты жағдайды,
қошеметтеуді білдірсе, көзді бадырайта қарау, қабақты керу, бет бүлшық етін
бедрейту қоштамауды, мақүлдамауды, істің дұрыстығына шүбә келтіруді
көрсетеді.
Мүғалім класта сабақ үстінде оқушыларды тегістей көзбен шолып
қарауға, барлығын көз алдына ұстауға дағдылану керек. Көзбен класс
оқушыларымен байланыс жасап отыру керек. Көзбен оқушыны бейсауат іспен
шұғылдануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзіңе көзбен тартып отыру керек.
I. Теориялық сұрақтар
1. Педагогикалық техника (іскерлік) оның компоненттері.
Педагогикалық бағыттылық және мұғалімнің сыртқы бейнесі.
Өзінің эмоциялық сезімін басқара білудің маңызды- лығы.
Мүгалімнің сыртқы бейнесін және өз сезімін ретке келтірудің әдіс-
тәсілдері.
Мұғалімнің сыртқы бейнесіне: жүріс-тұрысына, дене-қимыл, келбет, киім киіс
формаларына сипаттама.

Мұғалімдердің өз сезімін реттеу техникасы (жаттығуы)
Қолдың бұлшық еттерін қатайту және босату: тік тұру, қолынды алға қарай
көтеріп, саусақтарықды жұму, иықтан жоғары бұлшық еттерді жиыру, одан төмен
босату, маятник бейнелі қозғалыс жасау.
Босаңсуға бағытталған жағдай: Қолыңа қара менің сау-сақтарым босады, менің
бұлшық етім босады.
Келбет бұлшық етінің кідірісіне бақылау жасау (мүндай жаттығулар келбетке
бейқамдық және ішкі сезімге рухани тиыштық бейнесін береді) менің зейінім
бетімде сақгалады. Менің бет-пішінім бейқам. Мандай бұлшық етім босады.
Ернім, тісім бос, бетім күлкіде. Күлкімнен бүкіл бет-пішіндегі тырысқандық
кеткенін сезінеміз.
4. Қозғалыс темпін сақтау, сөзді реттеу, өзіне-өзі бақылау жасау.
а) Қолыңцы, саусақтарыңцы бірте-бірте жай қозгалысқа келтір.
өзінді бір заттан екінші затқа аудар, жазудан сөйлеуге, не сөйлеуден
жазуға көшу.
б) Дене-қимылықцы 2-3 минут сайын өзгерт, тақтаға жаз. Кітаптан
үзінді оқу т.б.

Бүлшық ет күшін босату, қалыпты дәстүрлі бейнеде өзін сезіну
11-жаттығу:
Кішкене ілгерлей, еңкейіңкіреп столға отыру. Басыңды кеудеңе қарай
еңкейту, беліңді біркелкі ұстау, иығын босаңсып еркін тұру. Осыдан кейін
бұлшық ет босайды, денең шаршап келген жолшының бейнесін көрсетеді.
12-жаттығу:
Мақсат - толық қимыл тыныштығын сақтау, денедегі сал-мақты босату.
Формула: "Мен босаңсыдым, қимыл тыныш-тығындамын өзіме-өзім бұйырамын".
"Толық дене тыныш-тығын сақтаймын, иығым бос, қол мүскіл еттерім
босатылады, аяғым мүскілдері босады. Денем толық тыныштықта".
13-жаттығу:
Мақсат - толық тыныштықта болу. Абыржуды, нервтік тынышсыздықты
тоқтату. Негізгі формула: "Толық психикалық тыныштықты сақтау, барлық ойды
кетіру, тек дем алу, тыныштық сақтау деген команда беру. (өзіңе-өзің
бұйыру)". Психикалық өз сезім тыныштығын орнату.

Педагогтың сыртқы мәдени бейнесіне қойылатын талаптар
1. Сыртқы сымбат - кескіні:
а) Бойын тік ұстау
б) Стол маңына отырғанда еркін отыра білу, қолды стол үстіне
қоя білу.
в) Қисаймай түзу жинакты отыру.
2. Киім киісі:
а) Таза, ықшам.
б) Қарапайым, қонымды.
в) Киім түсі жас көлеміне, қызмет бабына лайықты.
г) Шаш қою - жұртшылықтың талғам сезіміне лайықты модада.
3. Бет-келбет пішіні:
а) Бет-пішіні сабырлы кейіпті білдіру, боямаған.
б) Шаш өрімі жұртшылыққа ұнамды өрілген.
в) Кісіге мейірімді, көңілді пейілмен қарайды, жайдарлы.
г) Өзіне сенімді қошаметшіл.
д) Қарым-қатынаста кішіпейіл, пейілді.
4. Қол-аяқ, дене қимылы:
а) Дене қимылы табиғи ұнамды қозғалыста.
б) Жүрісі жеңіл, ықшамды.
в) Ерекше абыржу байқалмайды.
г) Сабырлы, байыптылықпен қозғалып жүріп-тұра алады.

Мұғалімнің сөзі.
Сөйлеу техникасы және сөйлеу мәдениеті
Мұғалімнің педагогтық шеберлігінің басты бір белгісі - оның сөз
байлығынан, сөйлеу мәдениетінен байқалады.
Мұғалім сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйікті
дәлелдігімен тындаушыларды баурап алып кетеді. Оның сөзі оқушыларға өтімді
болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар.
А.С.Макаренко мұғалімнің сөйлеу қасиетіне былай деп мән берді:
"Оқушылар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді,
жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек". Өз сабағына жан-тәнімен
берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды
еліктіре баурап әкетеді. Егер мұғалім өз сөзіне немқұрай-ды, қалай болса
солай қарайтын болса, оқушылар оны бірден байқап қалады. Оның білімі мен
тәртібіне кері әсер етеді.
Сондықтан мұғалім күнделікті сабаққа дайындалғанда, балалармен
түрліше қарым-қатынаста дұрыс сөйлеуге дайын-далуға, өз сөзіне өзі жауапты
қарау керек. "Мұғалімдік тонмен сөйле" деген нақыл осы міндеттерден туған.
Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге асыру керек.
Сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады:
а) Мүғалім мен оқушы арасындағы байланысты орнатады.
ә) Балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны
қалыптастырады.
б) Оқу материалының оқушылардың санасында кабылданып, нығайтылуына
әсер етеді.
в) Оқушылардың білім және тәжірибе жұмыстарын дұрыс ұштастырып
үйлестіреді.
Педагогикалық сөйлеу мәдениетін жүзеге асыруда әр мұғалімнің өз стилі
болатындығын тәжірибе дәлелдейді. Кейбір мұғалімдердің сабақ
түсіндіргендегі сөздері естілер-естілмес, жай, бір сазды болып естіледі.
Оның өзі оқушыларға гипнозды түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы
жағдайын келтіреді. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалімнің сөйлеу стилін, оның
психологиясының басты көрсеткіші десек те болады.
Мұғалімнің коммуникативтік мәнерінде сипатталатын сөйлеу тоны,
қозғалысы, келбет-пішіні, .дене қимылы сөйлеу мәнерімен үйлесіп тұруы
қажет. Сонымен бірге педагогикалық сөйлеу мәнерінің коммуникативтік формасы
мұғалімнің ауызша сөйлеу түрінде монолог және диалог болып бөлінеді:
монолог формасында айтылатын сөйлеу жүйесі: әңгіме, баяндау, лекция (ереже,
заң терминдері, талқылау, бағалау т.б.) түрінде келеді.
Диалог формасындағы сөз: мұғалім мен оқушы арасындағы сөйлеу
негізінде жүзеге асырылады.
Мұғалімнің сөйлеу тілінің коммуникативтік өлшем сапасы осы күнгі әдеби
тілге сай: образды, эмоционалды, анық, орыны лекциялық бай мәнерлі,
мұғалімнің тіл мәдениетін білдіруге тиіс.
Мұғалімнің сөйлеу тілінде тағы бір өте жауапты карайтынымыз терминдік
сөздер болуға тиіс. Терминдік сөздерді жаза білу оның мазмұн, мән-жайын
оқушыға түсіндіре білу. Түрлі жаргондық архаизмдік сөз қолданысына ұқыпты
қарау керек. Әр педагогтың өз сөз қолдану талабын ескере отырып, оқушымен
қатынас талабына сай, оның логикалық сезіміне, еркіне әсер етерліктей оның
интонация темпі, ритмі лайықты құрылуға тиіс.
Мұғалімнің сөйлеу функциясы - ең алдымен білімді оқушылардын, санасына
жеткізерліктей болуға тиіс. Оқушыларға жаңа білімді хабарлаған уақытта
санасына әсер етумен бірге эмоциялық сезіміне әсер етерліктей болуға тиіс.
Мысалы, сөздің логикалық байланыстығын анықтайтын схема:
Мұғалімнің сөй- Хабарлау Дамыту Біліміне әсер ету Білімінеәсер
леу мақсаты Қалыптастыру етумен бірге іс
әрекетше тарту
Қабылдау нәти- Интеллектісін Берілген білімді Білімді өзінің
жесі. Мұғалімнің байыту ойлап танып жеке жеке бас мүдде
окушылармен сөзі бағалы ісіне сіне қолдану
айналдыру

Осы жоғарыдағы көрсетілгендей талапты орындай алмаса, сөз өзінің
функциясын жүзеге асыра алмайды. Ол формалды болып қалады, оқушылардың
санасына білім -тәртібіне әсер ете алмайды. Мұғалімнің сөйлеу тілінің тағы
бір атқаратын функциясы - оқушылардың оқу әрекетін нәтижелі ету. Ол үшін
сөйлеу интонациясы әр кластарда әр түрлі көлемде болу керек. Мысалы,
бастауыш кластарда бір түрлі айқын анық болса, орта, жоғары кластарда класс
оқушыларының ерекшелігіне сай айқын болу керек. Егер оқушыларға қатаң дауыс
көтерген интонациямен сөйлесек, (тоқтат, үндеме, отыр, жап) т.б. оқушының
құлағына дауыс көтерген ұнамайды. Сондықтан оқушылардың құлағына жағымды,
ұнамды, жұмсақ гуммандық мәні бар сөздерді іріктеп алу керек.
Мүғалімнің сөйлеу тілінің бір атқаратын функциясы қарым-қатынас,
негізгі функцияға жатады.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас функция-сының негізгі
мақсаты оқу-тәрбие жұмысында тиісті нәтижеге жеткізу. Мұның өзі мұгалімнің
жеке дара стиліне байланы-сты. Кейбір мүғалім достық-жолдастық, ыңғайласуға
бағыттап құрса, кейбір мұғалімдер сыйласу, сенім білдіру сипатына сай
құрады.
Мұғалімнің коммуникативтік сөйлеу мәнері, қатынас мәнері жоғары
айтылған талаптар негізінде жүзеге асырылған жағдайда өз функциясын жүзеге
асыра алады. Педагогтың оқушылар алдындағы айтатын сөздеріне қойылатын
талап-тар өзінің ерекшелігімен нақтылана түсу керек. Сөз мұғалімнің
көзқарас ерекшелігімен, зейін кабылдауын әсер ету жағынан бағыттылығымен
ерекшеленуге тиіс. Мұғалім оқушылар оның сөзін қалай қабылдайды, қандай
жері балаға ұнамды, осының бәрі мұғалім алдын-ала болжауға тиіс.

Ырғақ
Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты.
Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір минутта 120-150
сөз айтуға болады. 5-6 кластар үшін "60" сөзден, 9-11 кластар үшін 75-100
сөзден ас-пағаны дұрыс. Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу
материалды тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысгы.
Дауыстың мәнерлі болуы үшін логикалық, психологиялық паузаны пайдалану
керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс алу, дикцияны жөндеу,
дауыс байланысын жөндеу, оймен байланыстыру қажет.
Пауза, темп және методика интонация жасайды. Мұғалімнің сөзі -
өзінің табиғилығымен мәнерлі болуы керек. Интонациялық байлығымен арнайы
жаттыққан дұрыс.
Мұғалім өз даусын дұрыс аңғарып, бағалап тұрақты түрде жаттықтыру
керек. Демалуын, дикциясын дұрыстау, дауыс байланысын жасау керск. Мұғалім
дауысы, сөзі анық оқушының зейінін аударарлық және ойландырарлық іс-
әрекетке жаттығушылық сипатта болу керек. Сонда ғана мұғалімнің сөйлеу
техникасы бір қалыпқа келіп, оның негізгі функциясын жүзеге асырады.
Педагогтың барлық ішкі тәртібінің дұрыстығын байқатып тұрады.
Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысына жаттығу, метафора, эпитет, тенеу -
сияқты көркемдегіш сөздерді қолдана білу, сөйлеу интонациясын дұрыс
жүргізу, өзіңнін, көпшілік алдына сөйлеген сөзіне бақылау жасау,
аудиторияға қалай ұнайма соған бақылау бағдарлама жасау керек.
Коммуникативті білгірлікті, бейімділікті, әлеуметтік қарым-қатынас
құралдарын пайдалануды бақылау, дамыту, әлеуметтік қиял өзін-өзі реттеу, өз
еркіне әсер ету сенімін артғыру сияқты сапаларды дамыту.
Сөйлеу психофизикалық ерекшеліктер, әдет-дағдысын жүзеге асыру.
Жоғарыда көрсетілгендсй мұғалім сезіне байланысты қолданылатын құрал-
әдістерді жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті дамыту процесіне жатады.

Сөйлеу техпикасы (мәнері)
Оқушылардың оқу материалын дұрыс және тез қабылдап алуына мұғалімнің
сөйлеу техникасының дұрыс анық айқын болуының үлкен мәні бар.
Сөйлеу техникасының талабы бойынша мұғалімыің сөйлеу тілі жатық,
оқушылардың ұғым деңгейіне сай, аудитория көлеміне шақталған, дауыс темпі
не жоғары, не төмен болуы керек.
Кейбір адамдардың дауыс тембірінің не көтеріңкі, не баяу болуы
табиғатынан деушілік бар, оған келісуге болмайды.
Тарихта оратырлыққа жаттығуда өзінің дауыс тембірін, тонын өзімен-өзі
жаттығу нәтижесінде дұрыс жолға қойған талай ораторларды айтуға болады.
Мысалы, Демосфен (ескі гректің саяси ораторы) өзінің тіл жөнінде физикалық
кемістігін жаттығу арқылы жоя білген. Сол сияқты В.Маяковский 20 жасында
дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін, ағынды өзен жағасына барып аузына тас
салып, сөйлеп жаттығады.
Қазір театр педагогикалық өнеріне жаттығудың айтарлықтай қалыптасқан
тәжірибесі бар соған жаттығуымыз керек.

Тыныс, тыныстау
Сөйлеу техникасында тыныс, тыныстау - организмнің физиологиялық өмір
сүруінің функциясын жүзеге асырумен бірге сөйлеудің энергиялық базасы да
бола алады. Мұғалім сабақ үстінде материалды ұзақ баяндаса, не ұзақ лекция
оқыса, тыныс алуға жаттықпаса, мұғалімнің шаршаған бет-пішінінен бірден
біліне бастайды. Бет-пішіні қызарып тынысы тарылып, ентіге бастайды. Осыдан
мұғалімнің сөйлеу мәнері бұзыла бастап тыныс алуды қажет етеді.
Бұлшық еттің қатысуына байланысты тыныс алу, демалу техникасының төрт
түрі бар:
- жоғарғы тыныс алу - бұлшық ет арқылы орындалады. Иығьн көтеріліп сонан
соң төмен басылады. Кеуде клеткасының алдыңғы жағы жоғары көтеріледі.
Өкпенің жоғарғы жағы белсенді қызмет атқарады.
- кеуде тынысы - қабырға бұлшық еттері арқылы жүзегі асырылады. Кеуде
клетка тынысы өзгереді, тыныс жолы жіңішкереді.
- диафрограмалық тыныс - кеуде тынысының ұзыннан бойлай тыныстау арқылы.
Тыныс азаяды.
- қабырғалық демалу - қабырға арқылы тыныс жолдарының, бұлшық еттерінің
созылуы арқылы жүзеге асырылады, бұл тыныстау сөйлеу тілінде дұрыс
пайдалануға ыңғайлы келеді.
Сөйлеу тіліне қатысты демалу, тыныстау ауыз, мұрын арқылы жүзеге
асырылады.
Тыныс алу- дем шығару пауза осы
тәртіппен жүзеге асырылады.
Сөйлеу тынысты, ауаны сыртқа шығаруға байланысты жүзеге асырылады.
Қабырғалық бұлшық еттің жұмыс істеуі - дем алыстың жүзеге асырылуына
байланысты. Мысалы, жатып демді мұрын арқылы ішке тартса, өкпенің төменгі
жағына ауа толады. Осылай жаттығу арқылы ауаның өкпенің төменгі жағына
толатындығын ескеру керек (практикалық сабақта осықан жаттығу керек).
Дем тарту, дем шығару, тыныс алу сөйлегенде үлкен көлемді ауа қажет
етеді. Оны экономикалық түрде шығарьп, экономикалық жолмен пайдаланған жөн.
Әуелі ауаны ішке тартады, сонсоң пауза жасайды, содан кейін сыртқа
шығарады.
Кабырғалы демалу үшін, арнаулы жаттығулар жүргізу керек. шалқаңнан
жатып, ауаны мұрынмен тартсаң, өкпенің төменгі жағы кішірейеді, ал түрегеп
тұрып, мұрынмен дем алу, қабырға арқылы жүзеге асады.

Дауыс
Адам дауысы өзінің табиғатыған алуан түрлі болады. Жақсы дауыс
жаттығу арқылы тез қалыпқа келеді. Әрбір адам өз даусьга басқарьга, жоғары,
төмен бір қалъщқа келтіріп айта алады.
Дауыс аппараты үш бөліктен тұрады: генераторлық, энергетикалық,
резонаторлық.
Дауыстың генераторлық функциясы - ауыздың ашылуы, жабылуы арқылы
тоналды, дабырлы дыбыстар шығады. Дауыстың энергетикалық функциясы -
сырттан ішке ауа тартады.
Дауыстың резонаторлық функциясы - дыбысты ішке тарту, одан шығарғанда
көмей арқылы шығару.
Дауыстың күшті шығуы - сөйлеу органдарының, дыбыстың күшіне
байланысты. Дауысты қалған жерге жеткізу - дауыс кернеуі арқылы орындалады.
Дауыстың жай және қозғалмалы түрі болады. Оны төменгі диапазонмен айтуға
болады.
Дауыс тембрі - дауысты түрлендіреді. Ол мүмкін жұмсақ - майда адамның
жеке ерекшелік сипатын байқатады. Адамда қосымша болатын дауыс тоны адамның
резонаторлық дауыс құбылысын сипатайды.
Дауысты тәртіпке келтіру үшін жаттықтырып тәрбиелеу керек. Соның
нәтижесі дауыс тоны өзгеріп, оқушыға ұнамды болады.
Дауысты дұрыс сақтай білу үшін оған гигиеналық талап қажет. Дауыс
карлықпай, біркелкі сақталуы үшін әрбір 2-3 сағат сайын көлемді мерзімді
дем алу, тыныстау, нервтік жүйені бір қалыпта ұстау керек. Аса ыстық, аса
суық тағамдардан сақтану, ішімдіктен, темекіден сақтану керек. Оның бәрі
гигиеналық режиммен пайдалануы керек. Дауысты, тыныс жолдарын шаң-тозаңнан,
мелден, суыққа бірден шығудан сақтандыру керек.

Дикция
Буын, сөз, дыбыстарды дұрыс айту - мұғалімнің дұрыс дикциясына
байланысты. Егер мұғалімнің дикциясы дұрыс болса, оқушы оның сөзін дұрыс,
ықыласпен тыңдайды.
Дикция дұрыс болу үшін ерін, езу, тіс, көмекей, жақ, тандай сияқты
сөйлеу аппараттары дұрыс жұмыс істеуі керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық қарым-қатынастар
Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу процесiнде әлеуметтiк педагог тұлғасын қалыптастыру мәселелерi
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Жоғарғы оқу орындарындағы білім беру процесiнде әлеуметтiк педагог тұлғасын қалыптастыру мәселелерi
Мұғалімнің шебер сөйлеуі
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Педагогикалық шеберлік жайлы
Жаңа заманның шет тілі мұғалімі
Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы
Пәндер