«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»



І. Кіріспе ... ... ... ... 3.4
ІІ. Негізгі бөлім ... ... 5
1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мақсат құрамы...5
2. Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі ұлттық мүдделер: теориялық
аспект ... ...6.11
3. Ұлттық қауіпсіздіктің құрылымы және саяси аспектілері ... ... ..12.22
4. ҚР.ғы ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... 23.25
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ..26.27
IV. Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер ... ..28.29
Қауіпсіздік идвидтің тіршілік қызметіндегі тұғырлы категория болып табыладытындықтан, қауіпсіздік проблемасы ежелден бастап біздің күнімізге дейін қоғамның, мемлекеттің, жанұя мен тұлғаның маңызды міндеттері мен қызметтерінің бірі болып қала береді.
Жалпы мағынада қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерлердің келеңсіз әсерінен қорғалу күйі ретінде түсініледі. Соған сәйкес мұнда қауіп қатердін қорғау негізі ұғымдар ретінде көрініс табады. Қатерлердің әрекеті, әдетте, олардың ұлттық мүдденің басымдығын анықтайтын тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне бағытталады.
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы өзіне екі функцияны қамтиды: объектінің ішкі ортаның ықпал етуінен қорғалуы қасиетін сипаттайтын ішкі функция және сыртқы әлемнің қатерінен қорғалуы дәрежесін анықтайтын сыртқы функция.
Осылай бөлінудің негізінде территориялық принцип жатыр. Жаһандану және аймақталу жағдайындағы қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің барлық сферасында зерлік ішкі және сыртқы қауіпсіздіктің арасындағы шек айтарлықтай өзгерген, ал көптеген қатерлер, мәселен халықаралық терроризм, есірткі саудасы, экологиялық және табиғи-техногенді апаттар кейде бір мемлекеттің шекарасына сыймайды.
Дегенмен, осылай болу тиімді әрекеттің немесе қарсы әрекеттің тетіктерін жасақтау үшін пайдалы, өйткені ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасын шешудегі тәсілдерді анық түрде жіктеуге мүмкіндік береді. [1]
Ұлттық қауіпсіздік қамтитын сферасы бойынша құрылымына қоғамның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздігі, ақпараттық т.б. қауіпсіздіктері жатады.
Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономика тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогресске қабілеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру.
Қазақстанның экономикалық қауіпсізідігінің концептуалды негіздері елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен приоритетті бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы мағынада, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз – оның тұрақты дамуын, қауіпсіздігін, қоғамдық және мемлекеттік дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайының адекватты деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық жүйенің күйі. [2]
1.Жусипов Б.С. «ҚР-ның ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің саяси аспектілері»
«Саясат» журналы 1999 ж. қазан, 26-29 беттер.
2.Қошанов А.Қ., Спанов М.У. «Әлеуметтік орта ұлттық қауіпсіздіктің тұрақтылығының факторы ретінде»
«Саясат» қараша-желтоқсан 1999 ж. 38-42 беттер
3.Бикенов М. «Қазақстанның ұлттық мүддесі»
«Саясат» №6 2007 ж. 24-27 беттер
4. «Саясаттану» Оксфорд сөздігі «Қауіпсіздік кеңесі», «Ұлттық қауіпсіздік кеңесі»
«Қазақстан» Алматы 2001ж. 249 б., 331 бет [5] [6]
5. «Введение в Политологию» словарь-справочник
«Безопасность национальная» аспект пресс Москва 1996 г. 23 бет.
6. Н.Ә.Назарбаев «асқар асулар алда»
«Ақиқат» № 10 2001ж. [4]
7.Ерназаров Ғ.Б. «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы және экологиялық заңдары» [14]
«А. Ясауи университетінің хабаршысы» №1 2006 ж. 285-289 беттер.
8.Г.Насимова «Саяси қақтығыстардың алдын алу: Қазақстандық тәжірибе»
«Қоғам және дәуір» журналы №1 2004ж. 13-15 беттер [3]
9. Әбішева М. «Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі ұлттық мүдделер: теориялық аспкет» «Қоғам және дәуір» №2 2006ж. 2-3 беттер.
10.А. Бурлибаева «Халық тұрмысының экономикалық қауіпсіздігі мемлекет стратегиясы» «Саясат» №3 2007ж. 42-45 беттер [1] [9] [15] [16]
11. С. Абдулпаттаев «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес» «Ақиқат» № 7 2001ж. 12-15 беттер [2] [19]
12. ҚХА-ның V сессиясы «Ұлттық келісім-Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың негізі»
«Ақиқат» № 3 1999ж.
13. С. Абдулпаттаев «Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста»
«Ақиқат» № 8 2003ж. 52-56 бетте.
14.С. Абдулпаттаев «Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы»
«Ақиқат» № 6 2006ж. 18-20 беттер [17] [18]
15. К.Нугманова «Экологиялық қауіпсіздік Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде»
«Саясат» №3 2007ж. 32-34 беттер
16. Жүсипов Б.С. «Демографияның даму саясаты мемлекет қауіпсіздігінің факторы ретінде»
«Саясат» апрель-май 2007ж. 44-48 беттер
17. Жакье Б. «Халықаралық қатынас»
Нижний Новгород 1997ж. 2 том. 96-97 беттер [7]
18. Ашимбаева М.Е. «Ұлттық қауіпсіздік: онжылдықтың қорытындысы»
ҚР Заң ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігі туралы
Астана: Елорда 2001ж. 224 бет [8]
19. Н.Ә. Назарбаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдау «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 28 ақпан 2007ж. [10]
20. 1998 ж. 26 мамырдағы ҚР-ның «ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігі туралы заңы»
Алматы 1999 ж. 1-2 беттер [11], 4-5 беттер [12]

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы

Жоспар

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мақсат құрамы ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі ұлттық мүдделер: теориялық
аспект ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-1 1
3. Ұлттық қауіпсіздіктің құрылымы және саяси аспектілері ... ... ..12-
22
4. ҚР-ғы ұлттық қауіпсіздіктің жаңа
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... 23-25
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26-27
IV. Пайдаланған әдебиеттер мен
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28-29

Кіріспе

Қауіпсіздік идвидтің тіршілік қызметіндегі тұғырлы категория болып
табыладытындықтан, қауіпсіздік проблемасы ежелден бастап біздің күнімізге
дейін қоғамның, мемлекеттің, жанұя мен тұлғаның маңызды міндеттері мен
қызметтерінің бірі болып қала береді.
Жалпы мағынада қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерлердің келеңсіз
әсерінен қорғалу күйі ретінде түсініледі. Соған сәйкес мұнда қауіп қатердін
қорғау негізі ұғымдар ретінде көрініс табады. Қатерлердің әрекеті, әдетте,
олардың ұлттық мүдденің басымдығын анықтайтын тұлғаның, қоғамның немесе
мемлекеттің мүдделеріне бағытталады.
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы өзіне екі функцияны қамтиды: объектінің ішкі
ортаның ықпал етуінен қорғалуы қасиетін сипаттайтын ішкі функция және
сыртқы әлемнің қатерінен қорғалуы дәрежесін анықтайтын сыртқы функция.
Осылай бөлінудің негізінде территориялық принцип жатыр. Жаһандану
және аймақталу жағдайындағы қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің барлық
сферасында зерлік ішкі және сыртқы қауіпсіздіктің арасындағы шек
айтарлықтай өзгерген, ал көптеген қатерлер, мәселен халықаралық терроризм,
есірткі саудасы, экологиялық және табиғи-техногенді апаттар кейде бір
мемлекеттің шекарасына сыймайды.
Дегенмен, осылай болу тиімді әрекеттің немесе қарсы әрекеттің
тетіктерін жасақтау үшін пайдалы, өйткені ол ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету проблемасын шешудегі тәсілдерді анық түрде жіктеуге
мүмкіндік береді. [1]
Ұлттық қауіпсіздік қамтитын сферасы бойынша құрылымына қоғамның
әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздігі, ақпараттық
т.б. қауіпсіздіктері жатады.
Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономика тәуелсіздік, ұлттық
экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогресске қабілеттілік
жағдайындағы қоғамдық қажеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді
тиімді қанағаттандыру.
Қазақстанның экономикалық қауіпсізідігінің концептуалды негіздері
елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету саласында
мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен приоритетті бағыттарын
анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы мағынада, экономикалық қауіпсіздік
дегеніміз – оның тұрақты дамуын, қауіпсіздігін, қоғамдық және мемлекеттік
дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайының адекватты деңгейін қамтамасыз
ететін экономикалық жүйенің күйі. [2]
Қоршаған ортаның қауіпсіздігі ол тиісті ортаның антропогендік немесе
басқа да факторлардың қатерлі әсерінен қорғауының жай-күйі. Экологиялық
қауіпсіздік табиғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті
деңгейде қорғау нәтижесін құрайды. Бұл көрсетілген іс-әрекеттер экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасы негізінде жұмыс атқарады. Бірақ көптеген
экологиялық заңдар тиісті дұрыс мазмұнда жасалмағандықтан, нәтижесінде олар
декларативті сипат алуда. Бұл заңдардың негізгі кемшіліктері, еліміздің кең
көлемді аймақтарындағы географиялық және қалыптасқан экологиялық
ерекшеліктермен үйлеспейді. Бірнеше экологиялық заңдар мен экологиялық
нормалардың қарама-қайшылықтары және мемлекеттің экологиялық функциясының
басымды мақсаттарға айнала алмауы. Тағы айта кететін жайт, экологиялық
мүдде басымдығы қағидасын тану бұл мемлекеттің ең қымбат қазынасы- адам
өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігін шын мәнінде паш ету, оны іс
жүзінде асыруға мүмкіндік жасалған [3]

Негізгі бөлім
1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мақсаты, құрамы.

Ұлттық қауіпсіздік-қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ішкі және
сыртқы қатерлерден шекараны сақтаудың, ішкі және сыртқы қолайсыз
әрекеттілікке табандылықтың шарттарының жиынтығы. Ұлттық қауіпсіздік ұлттық
мүдденің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Алғашқыда ұлттық қауіпсіздік мағынасы (XVI-XVIII ғғ.) адамдардың
физикалық қауіпсіздігі мағынасында болған, кейін келе шет мемлекеттер
тарапынан келетін, тек ХХ ғ. экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік пен
құқығын қорғаудағы экономикалық теңсіздігінен болатын қауіптерден қорғануды
білдірді. Ертедегі теорияларда ұлттық қауіпсіздік рухани соның ішінде
ұлттық межеден қорғану десе ал психологияда қорқыныш сезімдерден қорғану
мағынасын берді.
Ұлттық қауіпсіздікке деген қазіргі көзқарастар оны индивидтың,
қоғамның қауіпсіздігін мемлекеттің және халықаралық қауіпсіздікпен
ұштастырады. Ішкі саясатта ұлттық қауіпсіздік заңды қатаң бақылауды,
халықтың әлеуметтік қорғануын: құқығы мен бостандығындағы кепілдік,
мәселелер мен шиеленістерді саяси және бейбіт әдістермен шешуді қамтамасыз
етеді. [4]
Ұлттық қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың атқарушы органы, Президенттің
атқарушы аппаратына кіреді, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі де, сыртқы да
мәселелерімен айналысады. Ол 1947 ж құрылған. Оның құрамына Президент, вице-
президент, мемлекеттік хатшы, қорғаныс министрі және төтенше жағдайлар
жөніндегі басқарманың директоры кіреді.
ҰҚК-шын мәнінде саясат мәселелер бойынша ұсыныс беретін орган, бірақ
мүшелері аз болған, ол дағдарысты жағдайларға үн қата алады және өзінің
құдіретті құрамының арқасында оның шешімдерінің шешуші маңызы болды. ҰҚК
сондай-ақ ОББ-ның жұмысына бақылау функциясын орындайды. Кейбір сыншылар
оны мемлекеттік департаментінің бәсекелесі секілді шын мемлекеттік
департаменттен Президенттікке қолы тез жетеді деп айыптайды. [5]
Қауіпсіздік кеңесі-БҰҰ-ның ең басты органдарының бірі. Алғашқыда ол
11 мүшеден құралады, 1965 ж. 15 ұлғайды, олардың бесеуі (Ұлыбритания,
Қытай, Франция, АҚШ, Ресей) тұрақты мүшелері қалдырған. Бас Ассамблея 2
жылға сайлайды. 1991 ж. Ресей КСРО-ның орнын алды. Қауіпсіздік кеңесі
бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қолдап, сақтап отыру үшін тікелей
жауапты. Кеңес вето құқығы бар бес тұрақты мүшелерінің келісімімен ғана
әрекет жасай алады, Қырғи қабақ соғыс кезінде көптеген мәселелер бойынша
татулықтың болмауы қауіпсіздік кеңесінің ролін айтарлықтай шектеп,
төмендетті. Алайда, 1980 ж. Аяғынан бастап, ҚШ-р 1990ж.-1991 ж.
ұйымдастырған, Кувейтті азат ету жолындағы соғыс қауіпсіздік кеңесінің
толып жатқан қаулыларына негізделді [6]

2. Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі ұлттық мүдделер: теориялық аспект.

Ұлттық қауіпсіздік ұлттық мүдденің маңызы бір бөлігі болып табылады.
Ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердің әрекеті, әдетте, олар ұлттық мүдденің
басымдығын анықтайтын тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне
бағытталады.
Ұлттық мүдде ұғымы XVII ғасырдан- яғни, Еуропадағы ұлттық
мемлекеттердің қалыптасу уақытынан кең қолданыла бастады. Дегенмен бүгінгі
күнге дейін көптеген зерттеушілер ұлттық мүдде категориясына нақты
анықтама беруге қиналады. Мәселен, француз зерттеушісі Бернар Жакье бұл
ұғым объективтіден гөрі субъективті болғандықтан әрқилы түсініктемелердің
пәні болып табылады деп санайды. Осы арайда Б. Жакье ұлттық мүдделердің
негізгі бес аспектісін бөліп көрсетеді:
- мемлекет қауіпсіздігін сыртқы қатерлерден қамтамасыз ету ниеті;
- мемлекет күшін арттыру
- байлықты көбейте түсуге ұмтылу
- өзінің идеологиялық ықпалын жая түсуге ұмтылу
- ел басқарушылардың атақ-даңққа және өз атын мәңгілікке қалдыруға
ұмтылысы [7]
Біз осы ретте, оған сәйкес Қазақстанның ұлттық мүдделер жүйесі оларды
жүзеге асырудан мемлекеттің қабілеті адам мен азаматтық құндылықтарын,
тұғырлы мемлекеттік мүдделерді қорғауды қамтамасыз ете алудан тәуелді ҚР-
ның саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да сұранымдарының жиынтығы
ретінде анықталатын түсініктемені ұстанамыз. [8]
Осы ретте жолын құрт өзгертетін кезеңдерде дұрыс негізделген ұлттық
мүдденің мәні аса жоғары. Өйткені тек терең ойластырылған ұлттық мүдделер
жүйесі ғана соның айналысында мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты
негізделетін қоғам консализацияланатын тұғыр бола алады.
Енді ұлттық мүдде ұғымын қарастыра кетелік. Мүдде адам
жасанпаздығының басты детерминанты және соңғы нүктесі болып табылады. Яғни,
салиқалы әлеуметтік мүдде-адамдардың саналы әрекеттерінің нақты себебі.
Алайда оны шынайылыққа айналдыру үшін оған адамның өмір сүруінің соған
сәйкес жарақтанған еріктік және іс-әрекеттік аспектілерін қосу қажет. Ал
осынау элементтердің барлығы саясатта біртұтас байланысқан.
Ұлттық мүдделерді бір қатар белгілері бойынша жіктеуге болады:
Маңыздылығы дәрежесі бойынша –мүдделер аса маңызды, негізгі басты болып
бөлінеді. Демек олар саудаласу, шегініс жасау пәні бола алмайды, және олар
кез-келген тұрғыда қорғалынады. Осы арайда кез-келген мемлекеттің аса
маңызды басты мүддесі оны сақтау, оның тәуелсіздігі мен территориялық
тұтастығын, халықтың бостандығы мен қауіпсіздігін қорғау болып табылады.
Осынау аса маңызды мүдделерден бөлек, екінші орындағы құбылмалы,
конъюктуралық мүдделер болады. Яғни осы желіде айтар болсақ, ұлттық
мүдделердің қандай бір тұрақты және құбылмалы бөліктері болады.
Қоғамдық қатынастар субъектісі бойынша ұлттық мүдде тұлға, қоғам,
мемлекет мүдделері болып бөлінеді. Осы ретте партиялардың, әлеуметтік
топтардың, этностардың және т.б. мүдделері туралы да айтуға болады.
Қолдану салалары бойынша-мүдделер экономикалық, саяси, әлеуметтік,
рухани, қорғаныстық, ақпараттық және т.б. болып бөлінеді.
Қоғамдық ықпал ету сипаты бойынша-прогрессивті, революциялық,
консервативті, реакциялық.
Қоғамдық дәрежесі бойынша –инвидуалдық, топтық, корпоративті, топтық,
қоғамдық, жалпы адамзаттық.
Әрекет ету мерзімі бойынша- қысқамерзімді, ортамерзімді, ұзақмерзімді.
Территориялық ауқымы бойынша- ғаламдық, аймақтық, субаймақтық,
мемлекетішілік.
Саясаттың негізгі түрлері бойынша- ішкі саясаттық және сыртқы саясаттық.
Ұлттық мүдделерді қорғау мәселесі ұлттық қауіпсіздік сферасында
интеграцияланған. Осы ретте ұлттық қауіпсіздік онда тұлғаның қоғамның
мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерлермен
үнемі өзара әрекеттесуі мен күресі өтіп жататын күрделі, көпдеңгейлі
функционалдық процесі ретінде көрініс табады. Осы орайда еліміздің
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заң осы саладағы
прогрессивті заңдардың бірі болып табылады, және оның ережелері шын мәнінде
ұлттық қауіпсіздік сферасындағы теориялық және практикалық іс-қызметтің
әдістемелік-құқықтық негізіне айналады. Бұл Заңға сәйкес ұлттық
қауіпсіздіктің көрініс табу салалары қауіпсіздіктің сыртқы, әскери,
ақпараттық, қоғамдық, экологиялық және экономикалық сфераларын өзіне
қамтиды. Ал ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ортасында олардың жиынтығы
еліміздің ұлттық мүддесін құрайтын тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің
мүдделері орын тапқан.
Аталмыш жүйенің мақсаттық міндеті ретінде оған тән мүдделердің
қатерлерден қорғалуы дәрежесі көрініс табады. Өйткені мүдделер ғана дамудың
қорғаушы күші болып табылады, және қоғамдағы, мемлекеттегі және әлемдегі
өзгерістердің маңызды стимулы ретінде көрінеді. Осы реттегі стратегиялық
жобада Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің міндеттері оның ұлттық
мүдделерін барлық деңгейде –индивидуумнан мемлекетке дейнгі деңгейде жүзеге
асыру барысында елдің дамуы үшін ішкі және сыртқы жағдайларды кешенді
қамтамасыз ету мақсатын ұстанатын көзқарастар мен нақты шаралар жүйесін
жасақтаудан тұрады. Ал ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұлттық
мүдделерді қорғауда мемлекет басты рөл атқарады:
1. Мемлекет ұлттық қауіпсіздіктің басымдығын және оның қамтамасыз ету
міндеттерін анықтайды.
2. Мемлекет ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін саясатты,
стратегияны, концепцияны және мемлекеттік бағдарламаны жасақтайды.
3. Мемлекет қаржылық, құқықтық және әкімшілік тетіктердің көмегімен
қоғамның барлық сфераларындағы мекемелер мен кәсіпорындардың
жұмыстарын реттейді.
4. Мемлекет тұлға мен қоғамның негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін
әлеуметтік-экономикалық алғышарттар орнатады.
5. Мемлекет әртүрлі мемлекеттік шаралардың көмегімен елдегі өтіп
жатқан экономикалық процестерге ықпал етеді.
6. Мемлекет қоғамдағы нарықтық қатынастарды реттейді.
7. Мемлекет қоғамның ішкі тәртібін сақтайды. [9]
Ұлттық қауіпсіздік –қазіргі уақытта өзекті мәселелердің біріне
айналады. Дәл қазіргі уақытта әлемдегі мемлекеттер ұлттық қауіпсіздікті
шешілген мәселе ретінде қарамайды. Бұл жөнінде ҚР-сы есепке алынбайды. ҚР-
сы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында. Жаңа әлемдегі Жаңа
Қазақстан атап өткендей: Күн тәртібінде жоғары ұстанымдағы қоғамдық
мақсат, яғни елдің өзіндік жоғары, әлемдік контекстік даму саясаты жөнінде
айтылатын қоғамдық мақсат тұр. Қазіргі уақыттағы шақыртулар мен қатерлер
аса динамикалық әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси қарым-
қатынастағы жаңартуларды, яғни Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі және
Орта Азиядағы көшбасшылфқ позициясын сақтауға, бәсекеге қабілетті және
дамыған елдердің бірі болуға мүмкіндігін талап етеді. [10]
Бұл және басқа да процестер ұлттық қауіпсіздіктің мемлекеттік
бағдарлама тарапынан жүргізілетін тұрақты және әділ ғылыми зерттеулерді
талап ететіндігін нақтылайда. Бағдарламаның орталық бөлімі ретінде
нормативті құқықтық актілер сөз алуы тиіс. ҚР-сы ұлттық қауіпсіздігінің
заңшығарушылық қамтамасыз етілуі ҚР-ның конституциясы, Президенттің
Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан-2030, 2010 ж. дейінгі стратегиялық
даму жоспары және басқа да нормативті актілер негізінде қалыптады. ҚР-ның
ұлттық қауіпсіздігінің қазіргі замаңғы модельінің шынайылығын айқындау
үшін міндетті түрде ағымдағы геосаяси және геостратегиялық процестерді,
ХХІғ. мүмкіндіктері мен алдағы өзгерістері жайлы түсінік керек. Геосаяси
және геостратегиялық сыртқы процестердің өсімі құдырет пен ықпалдық өсімі
және мемлекеттік саясаттың кеңестік-географиялық факторларына байланысты
байқауда.
Бұл ортаның ықпалын бөлісу мен ... Мемлекеттік шекарадағы өзгерістер
жайлы. Одақтастық пен державалар арасындағы соғыс жайлы саясат. ХХІ ғ. ХХ
ғасырдың соңғы онжылдығының позитивті тенденцияларының эктраполяциясы
болмайды деген ұйғарымдамыз. Халықаралық процестердің жақанданудағы саяси,
экономикалық, әлеуметтік салдары жайында айқын және нақты түсінік жоқ. Бұл
процесс тек үдемелі бетбұрыс пен жүретіндігін ақиқаты емес.
ҚР-ның 1998 ж. 26 маусымның № 233-1 Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздігі туралы заңында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, ұлттық
мүддені, қатерлерді, ұлттық қауіпсіздкті қамтамасыз ету жүйесін, ҚР
Президенттінің өкілеттілігін мен жергілікті өкілдік пен атқарушы органдары,
ұжымдары, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа бағыттары
жайында тұжырымды әшкерледі. ҚР-ның Президенттінің өкілеттілігі
келесілерден хабардар етіледі:
1.ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заң қабылдайды, оған
өзгертулер мен толықтырулар енңгізіледі;
2.соғыс пен бейбіт мәселелерін шешеді;
3.ҚР-ның Президенттінің ұсыныс бойынша халықаралық қауіпсіздік пен
бейьітшілікті қолдау міндетін атқаруға сәйкес ҚҚК-рын қолдану туралы
шешімін қабылдайды;
4.ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелрі бойынша парламент
талдауларын жүргізіледі.
5.ҚР Конституциясының басқа да ұлттық қауіпсіздік мәселелер бойынша
өкілеттілігін арттыруды іске асыру. [11]
ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігі ұлттық мүдденің шынайы және потенциалды
қауіп-қатерлерден қорғалған жағдайы ретінде түсіндіріледі. ҚР ұлттық
мүддесі өзіне саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрақтылықты және т.б.
Қазақстанның азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
қорғау мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін қамтиды. Қазақстандық қоғамның
құндылығы, мемлекеттік институттардың негізін қалауға байланысты.
ҚР-ның ұлттық мүддесінің негізгі параметрлерін белгілейтін болсақ:
1.азаматтардың құқық пен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2.қоғамдық келісім мен мемлекеттің саяси тұрақтылығын сақтау;
3.Қазақстан халықтарының игілігіне қарай экономикалық дамуы;
4.Қазақстандықтарды патриотизмге тәрбиелеу және Қазақстан халықтарының
бірлігін нығайту;
5.Қазақстан қоғамының рухани және материалдық құндылықтарын сақтау мен
дамыту.
6.мемлекеттік институттардың тұрақты қызмет атқаруы, құзырлығын
жоғарылату мен арттыру;
7. қарулы күштердің дайындығын, басқа да әскери және жауынгерлік
қалыптастыруды қамтамасыз ету;
8. заңдардың мүлтіксіз орындалуы мен құқықтық тәртіпті қолдау;
9.әріптестік негіздегі халықаралық қызметтестікті дамыту.
Кез-келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі белгілі бір ішкі және
сыртқы қауіп-қатерге ұшырайды. ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік туралы заңында
ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері көрсетілген:
1.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлсіреген түрі соның ішінде
қылмыстың өсуі, сондай-ақ ұйымдастырылған түрі бойынша, қылмыстық топтармен
мемлекеттік органдардың қатынасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды төмендетуге дейінгі жеткізетіндей қызметкер тұлғалардың заңсыз,
капитал, жемқорлық, қару-жарақ пен нашақорлықты заңсыз үгіттеуді қолдау.
2.Мемлекеттің қорғаныстық мүмкіндігінің әлсіреуі, мемлекеттік
шекараның мызғымастығына төнген қауіп пен ҚР-на қарсы күш қолдану,
агрессия.
3. Конституциялық реттіктік бұзылуына соның ішінде, ҚР-ның унитарлы
құрылысына бүтіндігіне, территориясының ажыратылмайтын және мызғымастығына
бағытталған іс-әрекеттер.
4.Кез-келген формадағы саяси экстремизм, соның ішінде ұлттық,
өркениеттік, рулық, сословиелік және нәсілдік қақтығыс.
5.ҚР-сын әскерилендіруді заңдастырудың қарастырылмаған түрін құру
6.Ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдар, жаппай бейберекетсіздік,
заңсыз жиналыстар, митингтер, шерулер мен демонстрациялар, заңсыз
көтерілістер, әлеуметтік –саяси жағдайлардың шиеленісуін білдіреді.
7.Мемлекеттік органдардың дәрежесіне, үздіксіз қызметінің бұзылуына,
мемлекетті басқару деңгейінің төмендеуіне іріткі салу.
8.Барлаушылық, террорлық, диверсионды және басқа да бағыттағы
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне арнайы қызмет және шетелдік мемлекеттік
ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаға төнген зиянды әрекеттер.
9.Экологиялық жағдайлардың бірден нашарлап кетуі, табиғи және
техникалық төтенше жағдайлар және апат, індет.
10.Республиканың экономикалық қауіпсіздігіне зиян келтіру, оған қоса
мемлекеттік мүддеге қарамастан стратегиялық ресурстарды қолдану,
инвестициялық белсенділіктің өсуіне кедергі, соның ішінде мемлекеттің
капиталына шен қою.
11.Демографиялық жағдайдың нашарлауы, соның ішінде туылу санының құрт
төменденуі, өлімнің артуы, миграциялық процестің бақылаусыз қалуы.
12.Мемлекеттің білім және интелектуалды потенциалының сапасының
төменденуі.
13.Мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғаудың нормативті құқықтық
актілерінің іске асырылмауы немесе орындалмауы. [12]
Бұл негізгі қауіптер қазақстандық қоғамның және ұлтты мүддесінің
шынайылығының қызметі мен дамуындағы ұлттық қауіпсіздікке маңызды мәселелер
тудырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан аймақтық тұрақтылық және көпсалалы сыртқы саясаты мен
жаһандық қауіп-қатермен күресті дамытудағы Қазақстанның рөлін айқындайды.
Аймақтық қауіпсіздікті қалыптастырудың жаңа жүйесімен бұл байланысында Орта
Азия Одақтастық республикалары мен халықаралық одақтастықтың қазіргі
заманғы кезеңдеріндегі қажеттіліктері мен әскери-саяси және әлеуметтік-
экономикалық тұрақтылығына кепілдік беруші ретінде танылғандығы жөнінде
айтылған. [13]
Жаңа ғасырдың табалдырығын аттар тұста Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы мемлекетімізді қалыптастырудың алғашқы және ең күрделі
кезеңінің барысында біздің ішкі ұлт саясатымыздың, елімізге бейбіт өмір мен
тыныштықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, өзінің жағымды жемістерін
бергенін мәлімдейді.
Қазақстан ұлт саясатын жүргізуде түрлі тығырықтарға тірелу мен
сәтсіздіктерден аман-есен өтті, сондай-ақ саналуан ұлттық топтардың өзара
қарым-қатынастарындағы мәдіни-тілдік және саяси-құқықтық проблемаларды
шешудің неғұрлым үйлесімді жолдарын таба білді. Біз әртүрлі дін өкілдерінің
өзара сый-құрметке негізделген қарым-қаныстарына да қол жеткіздік.
Алайда, еліміздегі ұлтаралық бейбіт өмірдегі бір рет немесе мәңгі-
бақи қол жеткізілген нәрсе деп қарастыруға тіпті де болмайды. Мұның өзі
ұдайы жүргізілетін мақсаткерлік жұмысты талап тетеді. Оның үстіне,
дүниежүзілік тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, этникалық негіздегі
шиеленістер дүние жүзінің кез-келген елінде және кез-келген уақытта пайда
бола алады. Ондай шиеленістер бір рет өршігеннен кейін әдетте адам
шығындарына сөзсіз алып барып соғатын ұлтаралық өшпенділіктің өртін
ешқандай да бейбітшіл күштердің уақытша болса да өшіре алмайтыны белгілі.
Сондықтан да Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет үшін ұлт саясаты бүкіл ішкі
саясаттың негізі болып табылады.
1999 жылы қантардың 10-ында Қазақстандағы алғашқы баламалы Президент
сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті. Біз мұны еліміздегі
ұлтаралық бейбіт өмірді сақтаудың басты кепілдіктерінің бірі арқасында қол
жеткен жетістік деп білеміз. Мұның өзі сайлау алдында берілген уәделерден
гөрі Мемлекет басшысының одан бұрынғы жылдарда атқарған нақты іс-
әрекеттерінің нәтижесінде мүмкін болды.
Сонымен қатар бейбіт өмір бір адамның ғана күш-жігерімен қамтамасыз
етілмейтіні да белгілі. Сондықтан да біз қоғамымыздағы барлық парасатты
күштердің ұлтаралық қарым-қатынастардың тұрақтылығын одан әрі сақтауды өз
жеке бастарының қамқорлық жасайтын ісі және азаматтық борышы деп санауға
шақырамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халықтары Ассамблеясының 1999 жылғы қантардың 21-іңдегі бесінші
сессиясындағы сөйлеген сөзі мемлекеттік ұлттық саясатты нақты іске асырудың
негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс деп есептейміз.
Сондықтан да біз қазіргі Қазақстанның бүкіл саяси және ұлттық
топтарын, қоғамдық және мемлекеттік институттарды осы үндеуді қолдауға
шақырамыз. Өйткені ортақ үйіміздегі бейбіт өмір-барлық және әрбір
қазақстандықтың игілігі.[14]

3. Ұлттық қауіпсіздіктің құрылымы және саяси аспектілері
2006 жылдың 1 наурыздағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында
әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 50 елдің қатарына кіретіндігі жайында
ерекше атап көрсетілген: Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін алдағы уақытта
бекіту үшін халықаралық стандартқа сәйкес экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету керек
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін шешуде бірнеше теориялық
дәйектер бар:
Біріншіден, қауіпсіздікке ұмтылу, жеке тұлға үшін қалыпты және заңды
құбылыс секілді, қоғам үшін де дәл солай болатын өздік қорғаныс;
Екіншіден, ұлттық қауіпсіздік жүйесінің эффективті құрылысына қысқа
мерзімді тәуелсіздікке ие болатын мемлекеттік тапсырмалары жатады, бұл
кезде мұндай жүйені құру екі бағытта жүреді:
1.Қоғамның қамтамасыз ету, белгіленген бағыт қоғам басқаруын іске
асыратын негізгі мемлекеттік саяси институттар ретінде басты назарда болуы
тиіс. Мұнда бірінші кезекте қоғам мен оның әрбір азаматтарының мүддесін
қорғауға бағыттылған.
2.Мемлекеттік өздік қорғанысы, мемлекет қоғам мүддесімен қатар өзінің
тұрақтылығы мен тұрақты қызметі үшін шарт құруға ұмтылады. Тәуелсіз
мемлекет құрылысы шартында бірінші кезекте оның қауіпсіздігін қамтамасыз
етілуі тұрады.
Үшіншіден, ұлттық қауіпсіз жүйесі мемлекеттік және қоғамдық
институттар, тұлғаның мүддесі өмірлік қажетті қорғану механизмі болып
табылады.
Саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да қажеттіліктерді
қанағаттандыру тұлғаның мүддесін қорғау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік
жүйесінің бөлігі болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздік мүддесін таратушылар қатарына мемлекет, қоғам мен
жеке тұлға және құраушылар ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік топтар да
кіреді. Әрбір алынған адамдар ұжымы басқа ұжымдар мүддесімен сәйкес келетін
және өзіндік мамандық аясы бар қауымдар мүддесін құрады. Мысалы, мүдделер
адамның қай этникалық топқа жататындығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Мұндай айырмашылық билікке ие және оған ие емес топтар арасында болуы
керек. Біреулерінде-мүдде өзінің билігін кеңейту, мықтау, сақтау болып
табылса, екінші біреулерінде-оны құру болып табылады.
Бұдан мемлекеттегі саяси жүйенің табандылығы мен тұрақтылығы,
қауіпсіздік мәселесін қарастыруда айырмашылық байқалады. Сондықтан ұлттық
қауіпсіздік бұл ұлттық мүдделердің деңгейлері мен күйі.
Өз кезегінде біртұтас мемлекеттік қауым мүдделерін 3 деңгейде бөліп
қарастыруға болады:
1.Мемлекеттік мүдде-қоғамның біртұтастығы мен оның территориясын
сақтап қалуға шақыратын және басқаруды іске асыратын негізгі саяси
институттарды ынталандыру мен қажеттіліктері.
2.Қоғам мүддесі-қоғамдық институттардың мемлекеттік емес мотивациясы
мен қажеттіліктері.
3.Тұлғаның мүддесі-жеке адамның мотивациясы мен қажеттіліктері. [15]
Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байланысты
заңдылық. Айналадағы табиғи орта адам өмірі мен денсаулығына қатысты
әлеуметтік және экономикалық кажеттіліктерді өтейді, оның баилығын дұрыс
пайдалана білсе, ол сарқылмайтын игілік көзі болмақ.
Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынанда,
тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады.
Демек, ел аумағының экологиялық ластануы адамзаттың өміp
сүруіне қатер тудыратын жағдайға таяуда. Мемлекет
басшысы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңестің
кезекті
отырысында күн тәртібінде республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы
қаралуы осының айғағы Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары
экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа
жүиесінің
құрылуының және қалыптасуының арқасында, Қазақстан Республикасының
қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы
органдарының
ұйымдастырған, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды
басқарудың оңтайлы жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты
қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті. Сондықтан
әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ, әрі
ол бұрынғыша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік
әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін
жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады Қоршаған
ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан
Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі
өкімімен
мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі
кезеңнің экологиялық басымдықтары атап айтканда,
жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау
заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат
пайдаланудың экологиялық тетіктерінің, қоршаған ортаның моноторингінің
жүйесін құру қажеттігінің мәселелері қарастырылған болатын.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары
экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыру болып табылады.
Қоршаған ортаны корғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік
бақылаудың тиімділігін арттыруды, бақылау мен құкық қолдану функцияларын
жүзеге асыру кезінде қосарланушылыкты болдырмау және мұндай қызмет
процесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетігін кұру жолымен
мемлекеттік бақылау органдарын күшейтуді көздейді.
Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарын оқып-білу, аталған табиғи
байлықтарды заңға сәйкес дұрыс, тиімді пайдалану, оларды жаңғырту немесе
қалпына келтіру, сақтау және қорғау заңгерлерге ғана емес жалпы Қазақстан
Республикасы азаматтарының, сондай-ақ республикамызда табиғат объектілерін
шетелдік пайдаланушьшардың да заңды кұкықтары мен міндеттері болып
саналады. Себебі, Экология сөзін жеңіл түсініп, оған жеңіл қарауымызға
болмайды. Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың алатын орны ерекше.
Экологиялық проблемалар тек қана Қазақстан Республикасына ғана емес ол
бүкіл дүние жүзінің қатерлі дертіне айналғалы отыр. Зиян келтірушіні
анықтау мүмкін болмаған жағдайда, немесе ол анықталып, сот шешімінің
орындалуы жауапкердің төлем қабілетсіздігі салдарынан мүмкін болмаған
жағдайда, зиянды өтеу тетіктері қалыптастырылуы қажет. Ол үшін арнайы
экологиялық қор ұйымдастыру ұсынылады.
Қоршаған ортаны қорғау заңнамалары алғашқы жылдары кеңестік жүйедегі
құқықтық базаның негізінде жасалса, ал 1996 жылғы 30-сәуірдегі қабылданған
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы оны дамытудың бағыттарын айқындады.
Бұл құқықтық шаралар елдегі экологиялық ахуалға қаншалықты дәрежеде оң
әсер ете алды, немесе сол заңдардың өзінде көрсетілгендей мақсаттар мен
міндеттер шешілді ме?
Құқық тиісті қоғам болжаған, бағыт алған немесе мақсат тұтқан межеге
жетуге байланысты туындаған қатынастарды сәйкесінше реттеп, оның дамуына оң
ықпал жасап отыруы шарт. Бұл құқық қызметінің шын мәніндегі нәтижеге жете
алуы.
Бүгінгі таңда еліміздің заңнамалық және басқа да актілері қоршаған ортаны
қорғауға байланысты қатынастарды кейбір жағдайларда реттеп жетілдіру, соның
нәтижесінде экологиялық тығырықтың алдын алу емес, керісінше оның болуына
жол ашады. Көптеген экологиялық заңдар тиісті дұрыс мазмұнда
жасалмағандықтан, нәтижесінде олар декларативтік сипат алуда. Тиісті
заңдардың негізгі кемшіліктері, еліміздің кең көлемді аймақтарындағы
географиялық және қалыптасқан экологиялық ерекшеліктермен үндеспеуі,
бірнеше экологиялық заңдар мен экологиялық нормалардың қарама-қайшылығы
және мемлекеттің экологиялық функциясының басымды мақсаттарға айнала
алмауы. Осы кемшіліктерді түзету үшін Қоршаған ортаны қорғау туралы
заңға кодекс мәртебесін беріп, оны жүйелі түрде қайта өзгеріс енгізе отырып
қабылдау қажет. Ал әрбір табиғи ресурстар туралы салалық заңдар осы
кодекстің талаптары, мақсаты мен бағытына сәйкес болу шарт. Мұндай реттілік
бүгінгі қоршаған ортаны қорғауға байланысты заңнамаларда жоқ.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 жылдың 30-сәуірдегі
экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын енгізгеннен кейін Қазақстан
Республикасында қоғамдық елеулі өзгерістер болды. Мемлекет болуының
стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі
құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық
конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысал, 1997 ж. Қоршаған ортаны қорғау туралы, Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы, Экологиялық сараптама туралы, Радиациялық қауіпсіздік
туралы зандар ал, 2002 ж. Атмосфералық ауаны қорғау заңдары қабылданды.
Зиянды әсер дегенімізге атмосфераның бұзылуы, Аралдың жағдайы, Каспийдің
жай-күйі, осының бәрі дерлік қоршаған ортаның ластануы. Осы зұлымдықтың
жолын кесу мақсатында жаңа Қазақстан Республикасының Президентінің 2003
жылғы 3-желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы күшіне
енді. Бұл тұжырымдамада әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық
проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі
кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру
болып табылатының көрсетеді. Осы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып,
Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына
сәйкес және XXI ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережелері мен қоршаған
орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының
каждаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургте өткен 2002 жылғы тұрақты даму
жөніндегі дүние жүзілік самиттін шешімдерін ескере отырып әзірленді.
Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне кол жеткізе
отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы
тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді.
Бірінші кезең (2004-2007 жылдар аралығы) - қоршаған ортаның ластану
денгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын
әзірлеу.
Екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
ЖАПОНИЯ ЖӘНЕ АҚШ
ҚР президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Саяси технологияның адам өміріне маңызы
Халықаралық қатынастар теориясы
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Халықаралық қатынастар факультеті
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Пәндер