Шамиль Шешен мен Дағыстан жерінің бас имамы



1 Шешен мен Дағыстан жеріне Шамильді имамы
2 Шамильді талқандау жоспары
3 Шамильдің заңы
4 Шамильге қарсы топтардың бас көтеруі
1834 жылдың қыркүйек айында тау халықтарының өкілдері бірауыздан Шешен мен Дағыстан жеріне Шамильді имам ретінде тағайындады. Шамиль жас кезінен асқан ерлігімен білімділігімен көзге түсіп жүрген, өзінің ұстазы Днемаль Эддиннің басқаруы юойынша Шамиль грамматиканы, логиканы, араб тілін, филослфияны және заң тәртібінің курстарын бітірген. Шамильдің хатшысы Ходжа Али ол туралы былай деп жазған: «Шамиль оқымысты, дінге берілген, көреген, ер жүрек, батыл адам және сонымен қатар атпен жақсы шабады, атқыш, жүзуші, жүйрік, бір сөзбен айтқанда ешкім онымен сайысқа шыға алмаған еді». Қасиетті (діни) соғыс оны кітаптардан айырып алды, ол көтеріліске шыққандардың қатарында тұрды. Мінезінің қаталдығынан, шыншылдығынан Шамильді барлығы құрметтейтін, тау халықтарының күресі 25 жылға созылды, бұл күрес ауыспалы нәтижемен өтті, бірақ Шамиоьдің күші мен әсері тұрақты өсіп тұрды.
Көптеген қоғамдар Шамильдің Шешен мен Дағыстан жерінің бас имамы екенін мойындады. Шамильдің қозғалысын жлю мақсатымен, патша әскерінің 1837-1838 жылдары дасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшырап отырды. 1938 жылдың аяғында генерал Головин І Николайға былай деп хабарлаған: «Дағыстанның осындай жағдайы бізідің қасиетімізге әсерін тигізбей қоймайды... Закавказьені де тыныштықпен қолға алуымызға әсері тиеді». І Николай осы хабарламаға деген жауабында мынадай нұсқау береді: «Таулы Дағыстанды бағындырып және қалыпқа келіріп қою керек, онсыз Кавказда не тыныштық не сенімді иеленушілік болмайды».

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1834 жылдың қыркүйек айында тау халықтарының өкілдері бірауыздан Шешен
мен Дағыстан жеріне Шамильді имам ретінде тағайындады. Шамиль жас кезінен
асқан ерлігімен білімділігімен көзге түсіп жүрген, өзінің ұстазы Днемаль
Эддиннің басқаруы юойынша Шамиль грамматиканы, логиканы, араб тілін,
филослфияны және заң тәртібінің курстарын бітірген. Шамильдің хатшысы Ходжа
Али ол туралы былай деп жазған: Шамиль оқымысты, дінге берілген, көреген,
ер жүрек, батыл адам және сонымен қатар атпен жақсы шабады, атқыш, жүзуші,
жүйрік, бір сөзбен айтқанда ешкім онымен сайысқа шыға алмаған еді.
Қасиетті (діни) соғыс оны кітаптардан айырып алды, ол көтеріліске
шыққандардың қатарында тұрды. Мінезінің қаталдығынан, шыншылдығынан
Шамильді барлығы құрметтейтін, тау халықтарының күресі 25 жылға созылды,
бұл күрес ауыспалы нәтижемен өтті, бірақ Шамиоьдің күші мен әсері тұрақты
өсіп тұрды.
Көптеген қоғамдар Шамильдің Шешен мен Дағыстан жерінің бас имамы
екенін мойындады. Шамильдің қозғалысын жлю мақсатымен, патша әскерінің 1837-
1838 жылдары дасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшырап отырды. 1938 жылдың
аяғында генерал Головин І Николайға былай деп хабарлаған: Дағыстанның
осындай жағдайы бізідің қасиетімізге әсерін тигізбей қоймайды...
Закавказьені де тыныштықпен қолға алуымызға әсері тиеді. І Николай осы
хабарламаға деген жауабында мынадай нұсқау береді: Таулы Дағыстанды
бағындырып және қалыпқа келіріп қою керек, онсыз Кавказда не тыныштық не
сенімді иеленушілік болмайды.
Патша әскерінің жаңа экспедициясы генерал Греббенің басқаруымен
ұйымдастырылды. Шешен жерін жойқын соғыстармен алып, Греббе Дағыстанға
қарай беттеді. Осында Греббе Шамильмен шайқасты, соңғысы өз әскеріне тау
халықтарынан 10 000-ға дейін адам жинаған екен. Аргуни аулында жойқын
шайқас болды, жаудың қоршауына түскендер қолына семсер мен қылыш алып,
батырлана патша әскеріне қарсы ұмтылды. Шайқас көшеде, үй ішінде төбеде
болып жатты. 36 сағаттан кейін Аргуни ауылы қолға алында, сонан соң
Шамильдің соңғы тірегі – Ахульге ауылының 3 айлық қоршауға алынуы басталды.
Греббе біресе қоршауға алды, бомбалады, ақыры Ахульгені күшті шабуылдады.
1839 жылдың 21-22 тамызында соңғы шабуыл болды, ол Ахульгені алумен
аяқталды. Таулы елдер айтарлықтай өжеттілікпен шайқасты. Мылтықтар, қару
жарақтар, қыоыштар, тастар бәрін қолданды. Полковник Казбек былай деді:
Әрбір тау халқының тұрғын үйін, әр бір тастың жеке алуға тура келді,
қорғаушылар бар күшін салды. Әйелдер, балаға дейін қолдарына қару алып,
шабуыл жасаушыларға қарсы шықты. Шамиль от басымен және аздаған отрядымен
аяқ жетпес үңгірге көшіп алды. Олардың жағдайы құтылудан күдер үзердей
болды, жеуге тамақ, ішерге су болмады. Үшінші күні үңгірде Шамильдің әйелі
қайтыс болды, бірақ Шамильдің азаттықа деген күш-жігері жасымады. Екінші
ұлын арқасына байлап алып, Шамиль отридімен бірге бөрене арқылы қауіпті
шыңыраудан өтті де, орыстармен қырғын соғыстарға кірісіп кетті. Бірге
шыққан жігіттердің көпшілігі қаза тапты. Жара-қаттанған, әлсіреген Шамиль
бұл жолыда құтылып кетті. Патша әскерінің жеңісі мен аяқталды. Патша
генералдары жеңісті мерекеледі.
Греббе былай деп хабарлады: 1839 жылы 22 тамыз Шамильге қарсы
соғыстың соңғы күні болады, мен істі аяқталды деп есептеймін. Оның
жақтастары жойылды деп есептеймін. Тау халықтары жеңілді деген хабарламаға
І Николай былай деп жауап берген: Өте тамаша! өкінетін бір мәселе-
Шамильдің қолға түспей кеткені. Оның қайтын келуіне мен қауіптенемін.
Шынында да біраз уақыт өкен соң, Шамиль бастаған жаңа күштің шоғы апылдап
жана бастады.
Франсуз елшісі: Бұкіл шешен жері қолына қару алды. Шамильдің билігі
онда шексіз, - деген.
Осыдан кейін таулы халықтардың көтерілісі бұрынғы қозғалыс болған
Дағыстан жеріне ауысты. Үлкен қашықтыққа созылған, өзара бірікпеген орыс
гарнизондары тау елдерінің күшіне қарсы тұра алмады. 1843 жылы Шамиль өз
адамдарымен Дағыстандағы аса маңызды қорғандарды алды. Шамильдің жағдайы
орныққаны себепті, көтеген қала, ауыл басшыларының өкілдері – алдында
орыстарға қызмет істеп және халық қозғалысына қарсылық көрсеткендер,
Шамильге келіп киімдеріндегі иыққа тағатын орыс белгілерін жұлып тастап,
өз армияның қатарына ал деп өтінді. Хаджи Мұрат, авар елінің бегі
Гамзатты өлтіргендердің бірі, Шамильге келіп қосылды. Біраз уақыттан кейін
Шамильдің жағына алдында патша үкіметін қолдап тұрған Елісу сұлтаны Данил
бекте келіп қосылды. Мұнің бәрінен І Николай қауіптене бастады. Өлкедегі
басшылық ауыстырылды. 1844 жылдың аяғында І Николай Кавказ әскерлерінің
басшысы етіп граф Боронсовты тағайындады.
Шамильді талқандау жоспары: таулы елдерді ақырындап тақыр жерлерге
ығыстырып шығару болатын. Бірақ көп уақытқа созылғандықтан, ол жоспар
қабылданған жоқ. Тоқұтаусыз ірі күштермен тауға шығып, Шамильді бір
соққымен талқандап иеленген орталығына еніп, сол жерде бекіту керек, -
деді. Осы бұйрықты орындау сетепті, патша әскерлері Боронсовтың басшылығы
мен 1845 жылдың маусым айында Шамильдің орталығы Даргоға қарай беттеді.
Кавказ соғысының басынана бастап, таулы елдерге қарсы елдеге қарсы ең үлкен
жөнелту осы болған. Патша генералдарының ойлауы бойынша, Шамиль таулы
асуларың еңістарін қорғауы керек болған. Ал Шамильдің шешуі бойынша, ол
жауларын әрі таман тауға асырып жіберіп, сол жерде соғысуға бекінді.
Көпірлер мен жолдарды қирата отырып, Шамиль шегіне бастады да, терең ойлар
ұйымдастырды. Воронсовтың әскері көптеген қиыншылыққа шыдап, алдығы қарай
жылжиды. 14 маусымда жойқын шайқастан кейін Боронцов Андияға енді, ал 6
шілдеде Шамильдің орталығы Даргоны алды. Осы мен Воронцовтың жорығы
мақсатына жеткендей болды.
Бірақ Шамиль үшін күрес енді басталғандай. Экспидицияға қатысқан
генерал Бенкендор былай деп жазған: Даргоны алған күні Шамильдің күші
бізден әлсіздеу болды, оның ертеңіне бүкіл Шешен және бүкіл Дағыстан жері
Шамильдің жаңына жиналды. Енді көптеген аса үлкен құмырсқаның илеуіндей,
бізді жан-жақтан қоршады.. Өз жеңісіне масаттанған Боронцов жау
қоршауында қалды. Шамиль оны тылдан бөліп тастады. Орыс әскерлеріне азық-
түлік жеткізу сәтсіздікпен аяқталды. Орыс әскерлері аштыққа ұшырады, мал
азығы болмады. Тау халықтарының үздіксіз шабуылы орыс әскерлерінің күшін
әлсіретті, соңғылары онсызда ауыр жорықпен жазаланды. Боронцов осынша
күштің көмегімен қорғаудан шығып, шегінді. Осы жорықта 4 генерал, 186
офицер және 4000 салдат қаза тапты. Шамильді бір соққы мен талқандау
әрекетті осылай сәтсіз аяқталды. Даргоны ауылдағы жорықтың бұл жеңілісі
таулы халықтың азаттық күресінде үлкен маңызға ие болды. Дағыстан мен Шешен
тауларына ірі әскери күштердің енуі орыстың жаулап алушыларына жеңіс
әкелмейтіні мәлім болды. Патша өкіметі таулы елдермен күресу тактикасын
қайта қарастыра бастады. Олар Шамильдің күш орталығына соққы беруден бас
тартып, таулы халықтарға қарсы жүйелі іс-әрекетке көшті, алға ақырын
жылжи,жаулап алған жерлерін бекітіп отырды. Осы мақсатпен патша әскерлері
жол салды, таулықтардың панасы болған ормандарды жойды, жайлы орындардан
куды, ал өздеріне бекіністер салып, жаулап алған жерлеріне қазақтарды
орналастырды. Мұндай тактикамен таулықтарды жаулап алу бірнеше жылға
созылар еді. Ал осы кезде Шамиль өзінің жағдайын жақсарта берді. 1840-1845
жылдары Шамиль бүкіл Шығыс Кавказдың әмірі болды. осы уақытта өзінің әсерін
Батыс Кавказ еліне жаюға тырысты, ол жерде де таулықтардың стихиялық
көтерілісі болып жатты. 1842 жылы Батыс Кавказ тауларынан отрядтар құра
бастады, олар патша үкіметіне бірнеше шабуыл жасады. бірақ Шамильмен бұл
отрядтар біріге алмады. 1848 жылдың аяғында патша үкіметі Батыс Кавказ
халықтарының көтерілісін бастап тастады. Таулықтар ауыр қасіретке ұшырады.
Адамы өлмеген бірде-бір ұй болған жоқ. Тура осы уақытта Батыс Кавказда
Шамильдің жаңа елшісі Мұхаммед-Амин пайда болды. шамиль оны өзінің
орынбасары ретінде тағайындағаннан қателескен жоқ. Сөзге шешен, шебер
саясаткер, ер жүрек жауынгер Мұхаммед-Амин өзінің алдындағы жауынгерлердің
қолынан келмегенін істеді, ол Батыс Кавказ елдерін біріктірді. Оның нұсқауы
бойынша мұсылман рухы газаватты үгіттей бастады, бұл үгіттеу жұмысы өзіне
үн қосушыларды тапты. Тау тайпаларының арасындағы келіспеушілікке тыйым
салды. Халық күреске көтерілді. 1849 жылдың көктемінде Мұхаммед-Амин зор
күштер жинап, патша әскерлеріне қарсы қозғалысқа көшті. Таулықтар жігерлене
орыс әскерлерінің бекіністеріне және қорғаныс жолдарына шабуыл жасады.
Бұған жауап ретінде орыс әскері таулықтардың тереториясына еніп, олардың
тұрған жердерін талқандай бастады. Патша үкіметінің әрекеті Мұхаммед-
Аминнің көтерілген әскерін тоқтата алмады. Таулықтар тұратын Батыс
Кавказдың басым бөлігінеде Мұхаммед-Амин Шамильдің үлгісі бойынша
таулықтардың күшін біріктіріп, бір орталықты мемлекет құрды.
Шамильдің басшылығымен, таулықтардың өз тәуелсіздігі үшін күресінде,
орталықты мемлекеттің құрылуы аса үлкен себептердің бірі болып есептеледі.
Шамиль әртүрлі халықтарды біріктіре алды. Тайпаларымен руралының
айырмашылығына қарамастан, Шамиль бәріне бір құқық орнатты. Тау халқы
мұсылмандардың жоғарғы рухани жетекшісі бола тұрып, ол қол астына азаматтық
және әскери билік жинады. Маңызды әскери, экономикалық, әкімшілік
мәселелері бас одақтың шешімі мен шешілетін (Даван), ондағы басты рөл
Шамильдің иелігінде болды. Шамильдің қол астындағы теретория бірнеше
округке бөлінді, оның басында (найбтар) орынбасар тұрды, округ аудандарға
бөлінді. Оларға басшылық еткен мазундар болды.
Ауыл билігі сайланған өкілдердің қолында болды. Орынбасарлар (номбы)
таулықтардың әскери және азаматтық жетекшілері болды. олр әскерлерді
басқарды, салықты жинады, өз өлкесінің қауіпсіздігін бақылады,
келіспеушілік және қақтығыстарды шешті. Аса маңызды мәселелерді шешу үшін
Шамиль орынбасар мен старшиналарды съезге жинап шақырып отырды. Әрбір
орынбасар бастаған жерге муфтилер жіберілетін олар соттық және рухани
істермен шұғылданды. Муфта мен кадештер істі жүргізу барысында шариғатқа
негізделетін, бірақ олар орынбасарларға бағыну керек болған және сондықтан
шариғатты талқылағанда басшыларға елеңдеп отыратынды. Осы жағдайды
болдырмау үшін Шамиль заң кодексі – низамды шығарды. Барлық жерге біріңғай
заң таралу керек болды. Қанды кек тыйым салынды. Жазалауға біртіндеп
тартылатындар: ұрлықшылар, кісі өлтіргендер, әскери міндеттен бас
тартқнадар, сатылғандар.
Шамильдің заңы неке жағдайын қалыпқа келтірді, тұрғындардың санын
көбейту үшін қалың малды айтылған бағадан жоғары салуға ыйым салды.
Шамильдың заңдары саудаға қорғаушылық жасады. Абдул-Рахманның айтуы
бойынша, Шамиль көптеген саудагерлерге жеңілдік берді. Таулықтардың жеке
басының өмірінде қатал тәртіптер бекітілді. Бұл құранның ережесінен болған
емес, соғыстың жағдайымен болғанды. Шамиль өлең айтуды, би билеуді, ішімдік
қолдануды жоққа шығарды, тыйым салды. Осы заңдарды орындамаған немесе дін
ережелерін сақтамағандар жазаға тартылды. Шамиль ерлізайыптылар
опасыздығына өте қатал жаза қолданған. Ол былай дейтін: опасыздар жерн
астына жатсын, жер бетінде жүргенше. Олар тек өлім жазасына кесілсін.
Әдеттегі жазалау болып есептелетін: абақтыға қамау мен ақшалы штраф тарту
болды. Бір қызықты ереже болған, абақтыда болған әр күнге күміспен 20 тиын
төлеу керек, абақты болып жерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс түрік соғыстарының уақыты мен кезеңдері
Азия Республикалары
Ислам дінінің даму барысы
Ресейдегі лаңкестікпен күрес мәселелері және шешілу жолдары
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Онегиннің мінездемесі
Қазақстан халықтарының ассамблеясы
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Кавказдың қола дәуірі
Дін мамандарынан ұлттық бағытты ұстануға қатысты сұхбат алсам
Пәндер