Тұрбат ескерткіштері


Тұрбат ескерткіштері
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылы қазіргі кезде аумағында үш бірдей ортағасырлық қала орны мен сегіз архитектуралық ескерткіші бар санаулы елді мекендердің бірі болып табылады. Сонау 1896 ж. ауылдың аймағында бір бетінде ұзын иілген тұмсықты құстың басы бейнеленген, біржүзді, сабы бар тік пластинка үлгісіндегі құйма қола пышақ табылған болатын. Б. з. д. VIII-IV ғғ. жататын бұл зат осы тау бөктерін адамдар ерте көшпелілер дәуірінде-ақ игеріп алғанын айғақтайды.
Алайда Тұрбат ескерткіштерінің басым бөлігі ортағасырлық кезеңге жатады. Ауылдың атауының өзі «кесене» дегенді білдіреді. Мұнда әулиелер қатарындағы ортағасырда кеңінен танымал болған шайқылар Ысмайыл ата мен Ысқақ атаның кесенелері орналасқан діни кешендер тұр. Олар ХIV ғ. өмір сүрген және Қожа Ахмет Йасауидің ілімін ұстанған үлкен сопылық қауымның тәлімгер-шайқылары болған.
Аңыз бойынша, бұл қауымның бірінші басшысы Ибраһим ата болған, оның Ысмайыл ата және Жәбірейіл ата есімді екі баласы болған. Ысмайыл ата 20 жасқа толғанда «қалмақтардың» шапқыншылығы болып, жау оның ата-анасы мен бауыры Жәбірейілді өлтіреді. Ысмайыл ата тұтқынға түсіп құл ретінде басқа діндегілердің малын бағады. Жас жігіттің көрсеткен ғажайыптары «қалмақтарды» ислам дінін қабылдауға мәжбүр етіп оны құлдықтан ада етеді.
Дегенмен ол бірден отанына қайтпай, йасауилік шайқы Сайид атаға барып, одан бата алып, әкесінің сопылық қауымын басқаруға нұсқау алады. Ысмайыл ата өз отанында көшпелі далалықтар мен егіншілер арасында дінді уағыздау қызметін жалғастырады. Ол өмірінің соңына қарай көптеген ізбасарлар дайындап, құрмет пен даңққа бөленді. Аңыз бойынша оның бейітінің басындағы кесене Темірдің нұсқауымен тұрғызылған. Ысмайыл ата жатқан мазаратқа жерлеу марқұм болғандарға о дүниеде әулиенің шапағаты тиеді дегенді білдірді.
Ысмайыл атаның кешені ауылдың ортасында орналасқан және ол XV- XIX ғғ. тұрғызылған құрылыстардан тұрады. Көшеден кешенге кіретін орын арнайы тұрғызылған қақпа-дарбазаханамен белгіленген. Ол жоспарда төртбұрышты порталды-күмбез құрылыс үлгісінде салынған. Ағаш қақпасы өсімдік өрнекпен әшекейленген және оған салыну уақыты - 1886/1887 ж. деген жазу ойып түсірілген.
Қақпадан басталатын тас төселген түзу жол периметр бойынша орналасқан мешіт, құжырахана - «шілдехана», кесенелер тобы тұрғызылған шағындау аулаға алып барады. Мешіттің алдында гүлдер, жеміс ағаштары, жүзімі бар бау орналасқан. Кешеннің аумағы бір кездері қоршалыпты.
Мешіт ғимараты жоспарда төртбұрышты, тоғыз күмбезді құрылыс болып табылады. Ол күйдірілген шаршы үлгідегі кірпіштен салынған. Батыс жақ қабырғаның ортасында михраб, яғни намаз оқу кезінде мұсылмандарды Меккеге бағыттайтын текше жасалған. Ғимараттың ерекшелігі - ішкі күмбездің үстіне шатыр тұрғызуында болатын. Қазіргі кезде ол жойылған. Бұл ғимарат, аңыз-әңгімелерде көрсетілетін, ұжым болып апта сайын дауыстап зікір - Алланың аттарын немесе кәлиманы ұзақ уақыт қайталап айтатын орын - ханака болуы мүмкін. Ғимаратта әр түрлі қайта жөндеу іздері байқалады. Мәселен, ХХ ғ. 50-жж. мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілген - солтүстік-шығыс бұрышының қабырғалары қайта қаланды, ою-өрнектер салынды, оңтүстік жағынан үш аралық айван-бастырма, ағаш тіреулерге сүйенген бастырма жасалды. Ал 2005 ж. бұл ағаштан тұрғызылған айван орнына жаңа кірпіштен өрілген ашық аркалы бастырма жасалды.
Батыс жақта, Ысмайыл ата мен Қошқар ата кесенелерінің ортасында «шілдехана» орналасқан. «Шілдехана» деп жаратушының мәнін ұғынуға қолайлы жағдай туғызатын, «қырық күндік» дүниенің әбігерінен оқшауланып тұруға арналған діни орындардағы құжырахананы немесе басқа бір бөлмені атаған. Қырық күн зікір салып, діни жоралғылар өткізу Йасауидің сопылық жолын ұстағандарға тән болған. Ысмайыл ата кешеніндегі «шілдехана» қос күмбезбен жабылған орталық залдың үш жақ қапталында текшелері бар порталды-күмбезді құрылыс. Сыртқы күмбез аласа бойлы алты қырлы барабанның үстіне орнатылған. Қабырғалар мен күмбез астындағы барабан беттерінде ою өрнек қалдықтары және «қырма» тәсілінде түрлі түсті гипстен жасалған эпиграфиялық нақыштар сақталған.
Ысмайыл ата кесенесі кешеннің солтүстік аяғында орналасқан. Ол төбесі шатыр үлгісінде жабылған үш бөлмелі порталды-күмбезді ғимарат. Жоспарда - крест пішіндес келеді. Оның қабырғаларының және аркаларының гипстен сыланған беттерінде өсімдік текті, геометриялық және эпиграфиялық ою-өрнектердің қалдықтары байқалады. Орталық залмен жанасатын екі бүйірдегі шағын бөлмелер ішіндегі сыпалар үстіне бейіт белгілер - сағаналар тұрғызылған. Кіре-берістің сол жағына қарай Ысмайыл ата бейіті бар. Ескерткіш көптеген жөндеу-өндеуді басынан өткерген. Осындай жұмыстың бірінің уақыты портал ойығының қабырғасына гипстен жасалған нақыш ішіне 1878/1879 ж. деп жазылыпты.
Кешеннің оң жақ бөлігінде, мешітке жақын жерде, екі аллея түйіскен жерде Жәбірейіл ата кесенесі орналасқан.
Екінші сәулеттік кешен Ысмайыл атаның баласы Ысқақ атаның бейітімен байланысты. Ысқақ ата да XIV ғ. екінші жартысында белгілі йасауилік шайқы, «Хадикат әл-арфин» атты шығарманың авторы болды. Оның кесенесінің төңірегінде орныққан ғибадат кешені ауылдың оң жақ бөлігінде, XII-XVII ғғ. жататын Тұрбат қалашығының аумағында орналасқан. Қалашық Тассай өзенінің сол жақ жағасында тұр. Ескі елді мекен орны айнала қазылған ормен қоршалған және жоспарда төртбұрышты төбе болып табылады. Жер бедерінен қалашық көшелері мен жал іздері байқалады. Биіктігі алты-жеті метр болатын орталық төбешік ерекше көзге шалынады. Оның үстіндегі алаңқайында ауланың периметрі бойынша орналасқан кесенелер тобынан тұратын Исхақ ата сәулеттік кешені орын тепкен. Ғимараттардың басым бөлігі қираған, қазба жұмыстары барысында құрылыстардың қабырғаларының іргелері ғана аршылды. Кейбір ескерткіштер, жобамен мешіт, аты беймәлім кесене кешеннің негізгі тобынан бөлек, оқшаулау орналасқан. Барлық құрылыстар шаршы үлгідегі кірпіштен қаланған, олар бір-біріне лаймен және ганч ерінтіндісімен жапсырылған. Салыстырмалы түрде екі ескерткіштер - Ысқақ атаның төл кесенесі және негізгі ғимараттар тобынан шығысқа қарай, төбенің беткейінде орналасқан атауы беймәлім кесене бір шама жақсы сақталған.
Ысқақ ата кесенесі жоспарда шығыңқы порталы бар крест үлгісіндегі төрт камералы ғимарат болып табылады. Орталық зал және одан кейінгі шағын бөлме күмбездермен көмкерілген, ал екі бүйірдегі шағын бөлмелер төбесі сүйір үлгіде өріліп жабылған. Барлық бөлмелерде бейіттер байқалады. Сәулеттік кешенде «кіші мазар» деп аталған ескерткіш ерекше назар аудартады. Ол Ысқақ ата кесенесінің қасында тұр және екі құрылыстың порталдары бір-біріне перпендикуляр болып орналасқан. Сонымен Ысқақ ата кесенесінің бөліктері екінші құрылысты бастыра, үстінен түскендігіне қарағанда «кіші мазар» ертерек салынған. Порталды-күмбезді бір бөлмелі «Кіші мазардың» айта кететін басты ерекшелігі - қабырға қасбетінің әшекейленуі қарахандық кезең (X-XII ғғ. ) ескерткіштеріне тән. Сол себепті «кіші мазарды» Тұрбаттағы сәулеттік ескерткіштердің ең байырғысы деп есептеуге болар еді. Қазір ол іргесіне дейін қиратылған. Ысқақ ата кесенесі 2007 ж. қайта жөндеуден өткен. Оның порталы, күмбездері мен басқа төбе бөлшектері қайта қаланған, ал орталық бөлме күмбезінен жоғары, екі қатарлы барабан үстінен 16-қырлы шатыр тұрғызылған. Барабанның үстіңгі бөлігі дөңгелекті, төменгісі 16-қырлы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz