Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ
1. 1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
1. 2 Бейдағдарыстық басқаруды ұйымдастыруды концептуальды тұрғыдан қарастыру
1. 3 Бейдағдарыстық менеджмент: басқару құралдары мен әдістері
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
2. 1 Дағдарыс жағдайьндағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері
- Бейдағдарыстық басқарудағы мемлекеттің рөлі
2. 3 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономика-лық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам қүру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика қүру . . . ».
«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару « дағдарысқа қарсы » атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы көрсетті. Және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігін керек
етпейді. Сонда бүндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек праг-мативті мәнде ма? Онда неге жоғары білім беру жүйесінде мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша?
Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өрпгуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бүл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.
Объективті түрғыдан дағдарыс көптеген жағдайларды өзара байланысын сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарлатады. Бүл түрғыда дағдарысты және оның алдын алуды шеттетіп, дағдарысты түрақтандыру, бірінің біріне ұласуы, дағдарыстан шығуды осы шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика ғана емес, сонымен қатар табиғатта циклды өмір сүреді, және тек экономика дамуы ғана дағдарыс жағдайын туындатпайды.
Қоғам дамуының әр түрлі этапында дағдарыс қатынасына деген түсінік те әр қилы болады. Мысалға, бір позиция бойынша дағдарыс тек табиғи қүбылыс салдары, ал басқалары, - дағдарысты адамдар өздері туындатады, олардың қателіктері, дүрыс көңіл бөлмеуі, білместік, сенімсіздік.
К. Маркс болса қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің экономика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан қүрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қальгатастырды, жеке меншікті жойған қоғамдық - экономи-калық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бүрындары «өсім қиындьщтары», «даму проблемалары», «тұрып қалу» терминдері жиі қолданылып келді, кейіннен олар «дағдарыс түсінігіне» ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды.
Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тен-денцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен тереңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.
Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы басқару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей үйымда да пайда болып және ол әркашан жалпы экоеомикалық жағдайға тәуелді еместігін естен шығарып алғандай; немесе тек дағдарыстың экономикалық ас-пектілері ғана қарастырылып, оның әлеуметтік, саяси, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, табиғи және тағы басқа жақтары шетте қалып қойылған.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ
1. 1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуын-дағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән қүбылыс және социа-листік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1] .
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын қүрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?
"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады [2] .
Әлеуметтік - экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жұмыс істеу және даму.
Жұмыс істеу - бұл тіршілік әрекетін ұстап тұру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау [3] .
Даму - бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.
Жұмыс істеу және даму, өте тығыз байланысты, және әлеуметтік -экономикалық жүйедегі негізгі тенденциялардың бірлігін білдіреді. Бұл байланысты келесі көрсеткіштерден көруге болады (сурет 1. ) .
1-сурет, - Ұйымдағы дағдарыс қаупінің пайда болуы
Жұмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жұмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бүзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды [3] .
Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік -экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін. Бұл, мысалға, техника деңгейімен персонал квалификациясы арасындағы қайшылықтар, технологиямен оны пайдалану жағдайы (ғимарат, климаттық орта, технологиялық мәдениет т. б. ) арасында.
Дағдарыс - бүл ұйымның қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі [4] .
Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, модернизацияның циклдық тұтыну және қайта қүрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа.
Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе
тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті үйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі [5] .
Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: үйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі бір саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты:
2-сурет, - Дағдарыстың себептері
оның себептері және дағдарыстың даму процестерінің басқару мүмкіндігі.
Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ үзақ және жүйелі шығу. Және үйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, үзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [6] .
Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жүмсартып немесе оны өршітуі мүмкін. Бүл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (3-сурет) .
3-сурет, - Дағдарыстың мүмкін болатын салдары
Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, қүралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс типологиясы және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз өтуімен камтамасыз ету мүмкіндігі туады (Қосымша 1) [7] .
Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бүл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.
Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды /8/.
Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.
Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың оршуінен туьшдайды: жұмыскерлер мен жұмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жүмысшылар, персонал және менеджерлер және т. б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.
Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сүраныс пен үсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-питалистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.
Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ:
Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі бол-мады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.
Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бүлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [9] . Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің қүлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бүл мәселені К. Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан [5] . Белгілі экономист В. Леоңтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын қарыздар» [10] .
Цикл кезеңінің кезекті қысқарулары, қәзіргі әлемдегі ҒГП әсерінен, негізгі капиталдьң жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.
Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық дағдарыстарды капитализм табиғатьшен байланыстырмай басқа да себептерін үсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын халықтың жеткіліксіз түтынуы. Жеткіліксіз түтыну теориясының жалғастырушы өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды [11] . Дағдарыс дәрісі ретінде түтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ түтынудың жетіспеупгілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ эко-номистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда бо-луы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сүранысты ынталандыру) туындайды [12] .
Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Й. Шумпетердің ойынша, инвестициялық қатынастарды қалыптастырушы әрбір фазаға тән өзіндік пси-хологиялық суреттемесі бар [13] . Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының түрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық ғылым, қазіргі уақытта экономикалық цикл мен дағдарыстар себебін түсіндіретін бір қатар теорияларды қалыптастырды. Мысалға, П. Самуэльсон өзінің «Экономикс» кітабында циклдьлық пен дағдарыстар теориясының бірқатар белгілерін көрсеткен, олар төмендегідей:
- ақша теориясы, яғни банк несиесінің кең етек алу циклы (Хоутри және басқалар) ;
- жаңашалық теориясы, яғни өндірістегі негізгі жаңашальгқ еңгізу циклы (Шумпетер, Хансен) ;
- психологиялық теория, яғни пессимистік және оптимистік көзқарастағы толқынын қамту циклы (Пигу, Бэджгот және басқалар) ;
- жеткіліксіз тұтыну теориясы, табыстың көп бөлігін, бай және сақ адамдар-
ды инвестрленгенмен салыстырғандағы цикл себептерін қарастырады. (Гопсон, Фостер, Кэтчингс және басқалар) ;
- мөлшерден тыс инвестициялау теориясы, жақтастардың айтуынша, рецессия себебі болып жеткіліксізден гөрі, мөлшерден тыс инвестициялау болып табы-лады. (Хайек, Мизис және басқалар) ;
- *сүн дағы теориясы - ауа райы - өнімділік (Джевонс, Мур) [14] .
Циклдлық пен оның себептері көзқарастарын бағалау кезінде, уақыт жағдайында олардың түрлерінің өзгеруі, әлеуметтік-экономиканың да шын мәнінде өзгеруін ескерген жөн. Осыған орай, Ресей экономистерінің эконо-микалық циклдер көзқарасын өзгертуге бағытталган үш этапы назар аударуға лайықты.
Дағдарыс және жұмыссыздық проблемаларын шешудің бірден-бір құралы ретінде Кейнс тиімді сүраныс жиынтығын ынталандыру мақсатында экономикаға мемлекеттің араласу идеясын ұсыныды [15] . Циклдық факторын зерттеудегі еңбегінің бірі мултипликатор теориясының жасалуы және кейіннен бұл теорияны циклдық себептерін талдау кезінде кеңінен қолданыс тапты.
Классикалық қоғамдық ұдайы өндіріс циклы төрт фазадан тұрады [16] .
4-сурет, - Экономикалық цикл
4-суретте экономикалық цикл көрсетілген. а, в және с нүктелері орналасқан толқын тектес қисық өндіріс көлемінің өрлеу және құлдырау кезіндегі динамикасын сипаттайды.
Бірінші фаза - дағдарыс (құлдырау) . Бүл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы, жүмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бүл жағдайда экономи-каның дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айыр-машылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші са-лаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бүл уақытта тұтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал жабдықпен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтедІ. Сәйкесінше металлургия, ауыр машина жасау салаларында, тоңазытқыш, ав-томобиль және тағы басқа өндірістің төмендеуі, жеңіл және тамақ өндірісіне қарағанда көбірек болады. Экономиканың монополияланған және монополи-яланбаған секторындағы іс әрекеттің де айырмашылықтары бар. Егер де жоғары монополияланған салаларда дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің күрт қысқаруы кезінде баға төмендейді, ал капиталдың аз шоғырланған са-лаларында өнім көлемі аздап төмендегенде баға да түседі. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.
Екінші - депрессия (стагнация) . Бұл фаза (үзақтылығы - жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сүранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға түрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бүл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады [17] .
Үшінші - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капиталсалымдары баста-лып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшер өседі. Жандану ең алдымен өндіріс қүралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың жетістіктерінен жаңа өндірістер қүралады. Былайша айтқанда, жандану дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен аяқталады. Бүдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады [18] .
Төртінші - көтерілу (бум) . Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар курсы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды. Экономиканың ілгері дамуын жаңа деңгейге шығарған көтерілу кезекті жаңа дағдарысқа база дайындайды.
5-сурет, - Экономикалық цикл сатылары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz