Феодалдық қатынастың орнауы


Мазмұны
1 Феодалдық қатынастың орнауы. Гупта мемлекеті
2 Хариш мемлекеті
3 Үнді жеріне көрші мемлекеттердің шабуылы басталды
4 Қала, қолөнер және сауда
5 Пайдаланған әдебиет
Феодалдық қатынастың орнауы. Гупта мемлекеті
VI-VII ғасырларда Үндістанда феодалдық қатынас толық үстемдік ала бастады. Үндістан жеріндегі Ганг және Үнді өзендерінің жағасында тұратын тайпалар бірігіп, мемлекет құруға бет алды. Біртұтас халық болып қалыптасуға ортақ мәдениет және ортақ тіл негіз болды. Ертеден келе жатқан индуизм мен санскрит тілдері халықтардың ортақ тіліне айналды. IV-VI ғасырларда Магадхи жерінде сол кездегі ең ірі Гупта империясы құрылды. Гупта әулетінің билігі Чапдрагуптаның (320-340) қолына тиеді. Оның баласы Самудрагупта (340-380) тұсында Гупта мемлекеті күшейіп, Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Үндістанды биледі.
Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі - әлеуметтік каста жүйесінің болуы. Әлеуметтік касталар брахман, кшатрий, вайший, шудра деп аталады. Сонымен қатар касталарға кірмеген қоғамның ең бір қорғансыз бөлігі кесапаттылар деп аталған. Дүниеге келген әрбір үнділік абыздар, ақсүйек жауынгерлер, егіншілер, қызметшілер топтарының біріне жататын болды. Абыздар мен ақсүйектер елдің саяси биліғі тізгінін ұстады, қызметшілер ең кедей топқа жатты. Қызметші касталарымен сөйлесу, жақындап бірге жүру немесе бір үйде отыру абыздар мен ақсүйектер касталарында жиіркеніш туғызатын.
VII-XII ғасырларда Үнді жерінде феодалдьщ қатынас тереңдей түсті. Мүлік теңсіздігі күшейіп, феодалдық тап қалыптасты. Ірі феодалдық жер иеліктері үлғая түсті. Жер патша иелігіндегі мемлекеттік меншік болып саналды. Патша бүкіл жерді 4 иелікке бөлді:
1) мемлекеттік мүддеге пайдаланылатын жер;
2) патша қызметкерлеріне арналған;
3) аскан қабілетімен көзге түскен адамдарға сыйға тартылатын жер;
4) дін қызметкерлеріне берілетін жер.
Ірі феодалдық жерлер кейіннен мұрагерлікке берілетін болды. Ол жерде феодалдар отбасымен тұрды. Әскери адамдар қызметі үшін алған шаруалардың қауымдық жерін тартып алу арқылы өз иеліктерін кеңейтіп отырды. Сөйтіп шаруалар кедейлене берді. Олар қауымда түрғанымен феодалдарға қызмет атқаруға міндетті болды. Шаруалар қауымы мүшелеріне өте ауыр салықтар салынды. Салықты төлей алмаған шаруа қауымнан қуып жіберілді. Кей уақытта патша жарлығымен храмға қауымдық жер онда тұратын шаруаларымен қоса берілді. Шаруалар қауымдық жерінен айырылып, кіріптарлыққа душар болып отырды. Қауымдық жер иелігінің көбі мемлекеттікі болды. Сондыктан үнді шаруасы феодалдық мемлекетке кіріптарлықта өмір сүрді.
Ұлан-ғайыр Гупта державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери аппарат құрылды. V ғасырдың ортасында халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп, салықтың шексіз көптігі халық наразы- лығын туғызды. Ішкі саяси тұраксыздык кезінде, V ғасырдың аяғында Гупта мемлекетіне ғүн-эфталиттер жойқын шабуыл жасап, батыстағы Мальва, Гуджарат аймағын басып алады. Ұзақ уақытқа созылған эфталиттер шабуылы мемлекетті қатты әлсіретті. Ішкі талас-тартыстар да тоқтамады. Осының әсерінен VI ғасырдың аяғында Гупта мемлекеті кұлады.
Хариш мемлекеті
VII ғасырдың бас кезінде Хариш(606-647) билік басына келіп, ірі мемлекет құрды. Хариш мемлекеті Солтүстік Үндістан жерін, Ганг өзенінің бойын, Шығыс Пенджаб және Бенгал шығанағына дейінгі жерлерді бағындырады. Харши өлгеннен кейін мемлекет әлсіреп, елде тұрақсыздық күшейеді. Нәтижесінде мемлекет бірнеше кіщігірім кінәздіктерге бөлініп кетеді.
Үнді жеріне көрші мемлекеттердің шабуылы басталды
VII ғасырдың аяғында Үндістан мен Ауғанстанды арабтар жау- лап алып, ислам дінін енгізеді. Арабтардың жаулауы XIII ғасырға дейін созылады. 1206 жылы Кутб-уд-дин-Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, жаңа мемлекет құрады. Мемлекет Дели сұлтандығы деп аталды.
Айбек сұлтан кезінде (1206-1210) Дели сұлтандығы күшті, біртұтас мемлекетке айналды. Бірақ 1221 жылы Шыңгысхан бастаған монғол әскері Пенджабты талқандайды. Монғол шапқыншылығына жергілікті халық қатты карсылық көрсетеді.
1398 жылы Дели сұлтандығы әлсіреп, феодалдық бытыраңқылықты бастан кеиіірііі жаткан кезде, 120 мың қолымен Әмір Темір шабуыл жасайды. Ол 1366-1405 ж. аралығындағы Орта Азияның құдіретті билеушісі болған. Пенджаб қаласын жаулап алып, Дели сұлтандығын құлатып, Үндістанда Әмір Темір билігі орнайды. Бұл орта ғасырлар тарихындағы ең жойкын кезең болды. Әмір Темір заманында Үндістанның солтүстігінде мұсылман діні толық орнығады. 1526 жылы Әмір Темірдің шөбересі Бабыр Ауғанстан арқылы Үндістанға шабуыл жасап, Дели қаласын өзіне бағындырады. Дели қаласын жаулап алғаннан кейін Бабыр шах (император) деген атақ алады. Солтүстік Үндістан жерінен 100 мың әскер жинап, Бихар және Бенгал жерін бағындырып, Ұлы Могол империясын құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz