Экология мен медицина: қоршаған ортаның денсаулыққа әсері және радиациялық медицина институтының рөлі


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Экология мен медицинаның байланысы
  2. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі
  3. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Экология мен медицинаның байланысы

Әлемнің барлық елдерінде экологиялық таңбалау өндірілетін өнімнің, оның алынатын және жасалатын жолының тазалығын көрсетеді. Экологиялық таңбалау тұтынушыларды қоршаған ортаға қауіпті өнімді сатып алудан қорғайды. Өнімдердің барлық түрлерін өндіру, пайдалану және жою, кәдеге жарату және өңдеу кезінде қоршаған ортаның ластануынан сақтайды. Жабдықтардың, технологиялық үдерістердің, өндірістердің және өнімдердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Медицина адамның өзінің туып-өскен мекенінде өніп-піскен өнімді жеп қоректену адамның денсаулығына пайдалы екенін көлденең тартады. Өнеркәсіптік тауарларды айтсақ, біз өзіміздің кәсіпкерлерді көтеру үшін отандық өнімді сатып алатын болуымыз керек деген Президенттің ұсынысы жан-жақты қолдау тауып, кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер де сапалы әрі халыққа жағымды, халықаралық стандарттарға сай өнім өндіруге ұмтылуы қажет.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі

Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз - бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-ы - өмір сүру салтына, 20-25%-ы - тұқым қуалау факторларына, 18-20%-ы - қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн. -нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos -бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т. б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр.

Өсімдіктер ауада ауру түдыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Медицинада алатын орны үшан-теңіз. Сондықтан әсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.

1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш. Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында «Арал-Балқаш» қоры құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі.

Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты

Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты - ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан аумақтардағы тұрғындарға медициналық көмек көрсететiн және сәуледен кейiнгi зардаптардың әсерiн зерттейтiн ғылыми мекеме. ҚР Денсаулық сақтау министрілігінiң қарамағында.

1957 ж. Семей қаласында ашылған. Алғашқыда арнайы медициналық мекеме №4 диспансер, 1965 ж. №4 сарыпқа қарсы диспансер болып өзгертiлдi.

1991 жылдан ҚР Мин. Каб-нiң шешiмi бойынша қазiргi атымен аталады. Құрамында: клиник. радиология, статистикалық талдау және клиникалық эпидемиология, радиоэкология және биология дозиметрия мен цитологиялық лаборатория, машинамен тiзiмдеу және сауықтыру жұмыстары, компьютерлiк бағдарламалау бөлiмдерi бар.

Негiзгi ғылыми бағыттары: әр түрлi радиоэкологиялық жағдайларда радиациялық сәулеге ұшыраған Қазақстан тұрғындарының автоматтандырылған медициналық тiзiмiн жасауға; Қазақстанның бақылау аймағына кiретiн, ядролық сынақ аймағына жақын орналасқан елдi мекендерде мониторинг жүргiзу; радиациялық сәулеге ұшырағаннан кейiн байқалатын медициналық-демографиялық зардаптардың мөлшерi мен сипатына баға беру; радиация әсерiнен пайда болған жалпы соматикикалық және онкологиялық ауруларды емханалық-эпидемиологиялық бiрiздiлiкке түсiрiп, сол аурулардың даму ерекшелiктерi мен радиациялық қаупiнiң кең спектрi бойынша ұзақ мерзiмдiк сипатын бағалау үшiн когорттық зерттеулер жүргiзу; сәулемен ауырған адамдардың ұрпақтарын медицина-генетикалық зерттеуден өткiзiп, оларда байқалатын жалпы соматикикалық патологиялар мен радиация арасындағы байланыстың медциналық-демографиялық көрсеткiштерiне баға беру. Институт ғалымдары Жапония, Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Ресей ғылыми-зерттеу инситуттарының ғалымдарымен радиациялық медицина және экологиялық қауiп-қатердiң адам организмiне әсерiн зерттеу жұмыстарын жүргiзедi.

Сол сияқты тірі органнзмдерде де заттар алма үздіксіз журіп турады. Олардың дұрыс өмір суруі үшін газдық және знергетикалық баланс сақталуы керек. Табиғатта бейорганикалық заттардың түзілуі үшін миллиондаған жылдар керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам экологиясы және экологиялық медицина: қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері
Әлемдік экология рейтингі және радиацияның қоршаған орта мен денсаулыққа әсері
Қоршаған ортаның химиялық және радиациялық ластануының адамның денсаулығына әсері
Адам экологиясы: қоршаған ортаның денсаулыққа әсері және тұрақты даму мәселелері
Экология мен денсаулық: қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері және зиянның орнын толтыру
Адам экологиясы және қоршаған ортаның ластануының денсаулыққа әсері: Арал аймағы мысалы
Генетика және оның медицина, экология, селекция, педагогика мен геногеографиямен байланысы
Қоршаған ортаның ластануы: химиялық, радиациялық және биологиялық аспектілер
Қоршаған ортаның ластануы: химиялық, радиациялық және биологиялық аспектілері
Қазақстандағы қоршаған ортаның химиялық және радиациялық ластануы: көздері, тұрақтылығы және балалардың иммундық жүйесіне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz