Педагогика пәні бойынша бағдарлама



1 ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
а) Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты
2 ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
а) Педагогикалық процестің заңдылықтары
Педагогика пәні бойынша қабылдау емтиханның міндеті - болашақ магистрдің кәсіби-педагогикалық даярлығын тексеру деңгейі. Басқа емтихандарға қарағанда оның кешенді сипаты бар.
Түлек өзінің емтихан барысында терең білімін көрсетуде төмендегі талаптарды көрсетуі қажет.
- Білім беру, тәрбие мен оқыту міндеттерін «Білім беру» заңына сәйкес және т.с.с. жалпы білім беретін мектептің негізгі бағыттарына сай түсіне білу.
Сұрақтарды теориялық, тарихи-педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыда қарастыру. Қазіргі тәрбие мен оқытудың тәжірибелерін мысалдар арқылы жауап беру.
Түлектердің жауабы педагогиканың негізгі мәселелерін түсіндіретіндей, олардың оқу-тәрбие жұмыстарына дайындықтарын дәлелдейтіндей болуы керек.
Қабылдау емтихан тестілерінде педагогика бағдарламасының әртүрлі тарауларынан сұрақтар және оқыту әдістемесі бағдарламасынан бір сұрақ кіреді.
Әдістеме бойынша сұрақтардың тізімі оқыту әдістемесі кафедрасы құрастырады.
1. Педагогика: Курс лекций, Алматы «Нұрлы Әлем »Алматы,2003.-368с.
2. Безрукова В.С. Педагогика. Проектавная педагогика. Уч. пособие для
инженерно-пед. институтов Екатеринбург, 1996. - 344с.
3. Бордовская Н.В.,Реан А.А.Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-
Петербург,2000
4. Вульфов В.З., Иванова В.Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, в
первоисточниках. Уч.пособие. - М-, 1997.-288 с.
5. Лихачев Б. Педагогика. Курс лекций. - М: Юрайт, 1998.
6. Педагогика. Уч.пособие./ Под ред. П.И.Пидкасистого. М.( 1996.-602 с.
7. Подласый И.П. Педагогика.-Минск, 1996.-631 с.
8 . Педагогика: Курс лекций,Алматы 2003
9 . Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы ,2002
10. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования.
11. Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе. М., «Педагогика и психология»,
1989, №4.
12. Дидактика средней школы /Под ред. М.Н.Скаткина. - М, 1982.
13. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. - М.: Педагогика,
1990.
14. 3агвязинский В.Н. Педагогическое творчество учителя. -М., 1987.
15. Ингенканп К. Педагогическая диагностика: пер. с нем. М.: Педагогика, 1991.
16. Калиева С.И., Франковская О.Н. Методические рекомендации к спецкурсу
«Культура общения». Алматы: КЦ «Теоретической н прикладной математики
НАНРК», 1995.
17. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. Книга для учителя. -
М.: Просвещение, 1987.
18. Конвенция о правах ребенка// Учитель Казахстана, 5 июля 1995.
19. Леднев В.М. Содержание образоаания. - М., 1989.
20. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. - Алма-Ата: Мектеп, 1964
2 1. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. - М., 1980.
22. Макаренко А.С. Педагогические сочинения в 7 томах. - М.: Педагогика,
1984.
23. Махмутов М.И. Современный урок. Вопросы теории. - М., 1981..
24. Оконь В. Введение в общую дидактику. - М.: Высшая школа, 1990.
25. Педагогическая технология./Сост. Н.Е.Щуркова. - М., 1992.
26. Психология воспитания /Под ред. А.В.Петровского. - М., 1995.
27. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М., 1998..
28. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. - Алматы,
1997.
29. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. - Алма-
Ата: Мектеп, 1984.
30. ХмельН.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. -
Алматы: Гылым, 1998.
31. Хмель Н.Д., Иванова Н.Д. Организация.самостоятельной работы студентов. -
Алма-Ата, 1969.
32 .ЩукинаГ.И. Роль деятельности в учебном процессе. - М., !986.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ТҮСІНІК ХАТ

Педагогика пәні бойынша қабылдау емтиханның міндеті - болашақ
магистрдің кәсіби-педагогикалық даярлығын тексеру деңгейі. Басқа
емтихандарға қарағанда оның кешенді сипаты бар.
Түлек өзінің емтихан барысында терең білімін көрсетуде төмендегі
талаптарды көрсетуі қажет.
* Білім беру, тәрбие мен оқыту міндеттерін Білім беру заңына сәйкес және
т.с.с. жалпы білім беретін мектептің негізгі бағыттарына сай түсіне білу.
Сұрақтарды теориялық, тарихи-педагогикалық, психологиялық және әдістемелік
тұрғыда қарастыру. Қазіргі тәрбие мен оқытудың тәжірибелерін мысалдар
арқылы жауап беру.
Түлектердің жауабы педагогиканың негізгі мәселелерін түсіндіретіндей,
олардың оқу-тәрбие жұмыстарына дайындықтарын дәлелдейтіндей болуы керек.
Қабылдау емтихан тестілерінде педагогика бағдарламасының әртүрлі
тарауларынан сұрақтар және оқыту әдістемесі бағдарламасынан бір сұрақ
кіреді.
Әдістеме бойынша сұрақтардың тізімі оқыту әдістемесі кафедрасы
құрастырады.

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негідері
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның
басты ерекшеліктері: арнайы пәні, ғылыми-терминологиялық аппараты, зерттеу
әдістері.
Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбие қоғамдық ғылым,
қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбиенің тарихи және негізгі сипаты, оның қазіргі
қоғам дамуындағы көрінісі.
Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру,
педагогикалык процесс) және олардың өзара байланысы (тұлға, іс-әрекет,
қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру). Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі педагогиканың негізгі
әдіснамалық жағдайы. Философиялык заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың
заңдары және олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Тұлға теориясы. Іс-
әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Тұтас
педагогикалық процесс теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың өзара
бірлескен әрекетінің диалектикасы. Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика
ғылымдарының міндеттері.

Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және
сипаты
Тұлға туралы ұғым. Адам, индивид, дара, тұлға. Тұлға құрылымының
көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы.
Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру ұғымдарына сипаттама.
Табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүшесі, адам туралы философиялық
ережелер - тұлғаның педагогикалық тұрғыдан түсінудің әдіснамалық негізі,
тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың факторлары.
Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер етуші негізгі факторлар (тұқым
қуалаушылық, орта, тәрбие). Субъектінің іс-әрекеті тұлғаны дамытудың және
қалыптастырудың факторы. Осы мәселені түсіндірудегі әртүрлі көзқарастар,
оларға талдау жасау.
Қазіргі педагогика ғылымдары тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудың және
қалыптастырудың қозғаушы күштері және негізгі зандылықтары.
Тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлға. Жеке тұлға – тәрбие процесінің және
өзіндік дамудың субъектісі.

Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие
процесінде есепке алу
Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға
сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі.
Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдаяттары. Қазіргі қоғамның даму
кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері. Оқушының оқуға деген
шынайы мүмкіндіктерін педагогикалық процесті ұйымдастыруда есепке алу
(мазмұны, құралдары, түрлері оқу-тәрбие іс-әрекетінің әдістері).
Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама. Оқушының дара
ерекшеліктері және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.
Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру
Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық іс-
әрекетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі. Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы
әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама.
Зерттеуге жүйелі тәсіл - құбылыстардың жалпы байланысының көрінісі.
Жүйелі тәсілдің негіздері философиялық категориялар. Таным теориясы.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері: педагогиканың
заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс,
педагогикалық пән мен мұғалім іс-әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі
кұрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісінің мәні (теориялық-эмпирикалык,
эксперименттік, математикалық).
Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі.
Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу
әдістерінің ролі.

ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН
ПРАКТИКАСЫ.
Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс -
педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі
Педагогика пәні және мұғалімнің іс-әрекет объектісі мектеп
тәжірибесінде, оқу кұралдарында, бағдарламаларда осы ұғымдардың дамуы, осы
мәселелердің көрініс табуы.
Мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы.
Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттері. Оқушы -
педагогикалық процестің субъектісі. Педагогикалық жағдаят педагогикалық
процестің элементарлық жасушасы. Уақыт пен кеңістіктегі тұтас
педагогикалық процестің үш қызметінің - білімділік, дамытушылық және
тәрбиелілік өзара байланысы және бірлігі.
Жеке тұлғаның тұтастығы - педагогикалык процестің үш бірліктегі
қызметін іске асыруды түсіндірудің негізі. Жеке тұлғаның шығармашылығы.
Жеке тұлғаның дарындылығы: тұтас педагогикалық процестегі оқу және оқудан
тыс іс-әрекеттердің бірлігі.
Педагогикалық процестің қозғаушы күштері. Педагогикалық процестің
тәрбиелік механизмдері. Оқу-тәрбие процесінің құралдары. Іс-әрекет,
педагогикалық процесті іске асырудың құралы және соның ішіндегі қызметін
іске асырушы. Іс-әрекеттің негізгі түрлері (еңбек, қарым-қатынас, таным,
ойын) олардың мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктері. Оқушының
шығармашылық іс-әрекеті.
Педагогикалық процесті басқару, Педагогикалық процесті болжау және
қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері.

Педагогикалық процестің заңдылықтары
Педагогикалық процесс - күрделі дамушы жүйе. Оның жеке тұлғаны
қалыптастырудағы ролі. Оқу-тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық
бағытына тәелді. Оқу-тәрбие процесіне байланысты әр түрлі көзқарастар.
Табиғаттағы және қоғамдағы кұбылыстардың және процестердің даму
заңдылықтарының философиялық мәні. Педагогикалық процестің заңдылықтарының
мәнін танып білуге тарихи шолу және олардың мұғалімнің іс-әрекетіндегі
рөлі.
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама: қоғамның
әлеуметтік-экономикалық талаптармен келісуі; оқушы мен оқытушының екі жақты
міндетті іс-әрекетімен байланысты өзара қарым-қатынасы; оқушылардың
белсенділігін арттыру мұғалімнің алдын-ала мұқият ойланған және
ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі; оқушылар арасындағы өзара іс-
әрекетті мұқият ұйымдастыру педагогикалық процестің тиімділігін арттырудың
шарттары.
Педагогикалық процестің тиімділігі мектептегі педагогикалық процестегі
жекелеген балалардың және ұжымның даму деңгейіне, оқушылардың жас
ерекшеліктеріндегі іс-әрекеттердің ұйымдасуына және мазмұнына
сәйкестілігіне тәуелділігі; педагогикалық процестегі компоненттердің
(мақсатына, міңдетіне, мазмұнына, құралына, формасына, әдісіне, амалына
қарай) өзара бір-біріне әсерлесуі және сабақтасуы; педагогикалық процестің
бір мезеттік емес, қызмет жасау уақытының ұзақтығына байланыстылығы; бір
ғана көрсеткішті емес, олардың жиынтығын, факторларды есепке алу
қажеттілігі;
логикалық өзара байланысы және педагогикалық процестің заңдылықтарының
өзара тәуелділігі.
Оқу-тәрбие процесінің принциптері, оның заңдылықтарының нақты пайда
болуына әсер етеді. Принциптердің мәні және оған сипаттама. Педагогикалық
процесті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен принциптерді ескерудің
маңызы.

Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім
Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік - педагогикалық процестің
негізгі заңдылықтары. Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі
–тәрбиенің мақсаты.
Педагог пен оқушылардың іс-әрекет нәтижесінің идеалдық моделі.
Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты
мен мәселелері.
Қоғамдық мәдениет - жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатын айқындаудың
әдіснамалық негізі (материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік мәдениет).
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары
және жас ұрпақты өз бетінше өмір сүруге дайындау. Әлеуметтендіру және жеке
тұлғаны дербестендіру мәселесі. Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі мен
тәрбиенің мақсаты. Жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы туралы
ұғым.
Тәрбиенің жан-жақты үйлесімді мазмұны, міндеті, мақсатының өзара
диалектикалық байланысы.
Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде
Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні. Дүниетанымның түрлері.
Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның әртүрлі
бағыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын бағалаудың ролі.
Дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Жеке тұлғаның
құндылық бағыттары.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен құралдары: ғылыми
білімді қалыптастыруда көзқарасы мен көзін жеткізу, оқытудың әдістері мен
формаларының, мазмұнының ролі; оқушыларға әлемді түсінуін қалыптастырудағы
көзқарасы мен қазіргі әлеуметтік жағдаяттарға талдау жасау; әртүрлі іс-
әрекеттер түрлеріне оқушыларды қатыстыру; оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру
мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеп пен жанұяның бірлескен
іс-әрекеті.

Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің мазмұны
Тәрбиенін мақсаты, міндеті, мазмұны және олардың өзара байланысы.
Тұлғаның жан-жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениеті
меңгеруімен байланысты.
Интегралды тұлғалық сана, әлем мәдениетімен шығармашылық байланыста болу
қабілетін сипаттайтын, ақыл-ой мәдениеті, еңбекке дайындығы, тұлғаның
политехникалық мәдениеті, адамгершілікке тәрбиелілігі, экологиялық,
эстетикалық, дене тәрбиесі. Дүниетаным әлемге, адамдарға, өзіне деген
көзқарастардың жүйесі ретінде мәдениеттің дамуы және меңгерілуінің белсенді
шарттары. Тәрбиенің түрлері:
а) жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениеті, оның мәні.
Жалпыадамзаттық
мәдениет әлеміне ену процессіндегі базалық білімнің ролі. Ақыл-ой күші және
қабілеті. Сөз мәдениеті және ойлау мәдениетінің тәрбиесі. Ғылыми дүниетаным
жеке тұлғаның ақыл-ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың
ақыл-ой мәдениетіндегі алатын орны. Оқушылардың өзіндік білім
алуға
дайындығын қалыптастыру;
ә) жеке тұлғаның адамгершілік-тұтастығын қалыптастыру. Адамгершілік
тәрбиесінің мәні. Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның адамгершілік-
тұтастығын қалыптастырудың негізі ретінде. Адамгершілік тәрбиесінің
міндеттері мен мазмұны. Адамгершілік тәрбиесінің ерекшелігінің оқушылардың
кез-келген іс-әрекетіне қатысы. Жеке тұлғаның моральдық нормалар мен
талаптарды меңгеру логикасы және механизмнің ерекшеліктері;
Адамгершілік тәрбиесінің жағымды-эмоционалдық фонын жасау арқылы
(мотивация, байланыс жасау, іс-әрекеттің нәтижесі мен адамгершілік жағын
бағалау) өзін-өзі тәрбиелеуге ынтасын қалыптастыру;
б) мамандықты саналы таңдау арқылы еңбекке
дайындығын
қалыптастыру, қоғамның өтпелі кезеңде нарықтық қатынасқа
көшуіндегі
әлеуметтік-экнономикалық тенденциялар және оқушыларды
еңбекке
тәрбиелеудің міндеттері. Балалардың потенциалдық мүмкіндіктері
кейінгі
өмірлік жолдарын таңдауға септігін тигізеді;
в) қазіргі қоғамның жаңа идеологиялық жағдайына байланысты жеке
тұлганың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларда саяси
мәдениетті қалыптастырудың міндеттері мен мазмұны. Қазіргі
кезеңдегі
мұғалім жұмысының күрделілігі және қарама-қайшылығы.
Құқықтық
мәдениеттің мазмұны, міндеттері мен мәні;
г) оқушыларды эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Эстетикалық
тәрбиенің мазмұны, міндеттері және мәні. Эстетикалық санасын, идеалын,
сезімін, көркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру;
д) оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Экологиялық
тәрбиенің мазмұны, міндеттері, мәні;
ә) жеке тұлғаның дене тәрбиесі. Салауатты өмір сүру салты.
Оқушылардың дене тәрбиесінің мазмұны және міндеттері. Адам мәдениетін
меңгерудегі оқушьшардың негізгі іс-әрекетінің түрлері.
Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен
құралдарының жүйесі.
Құралдар, формалар, әдістер педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері
ретінде. Құралдар, формалар, әдістер және тәсілдер туралы жалпы ұғым,
олардың тұтас педагогикалық процестегі өзара байланысы. Оларды оқуда және
оқудан тыс уақытта қолданудың ерекшеліктері. Педагогикалық процестің
әдістеріне сипаттама және оларды жіктеу.
Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы педагогикалық процестің
барлық қызметінің бірлігінің көрінісі ретінде. Оқудан тыс уақыттағы жеке
тұлғаның қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері. Жеке тұлғаның санасын
қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгіме, сендіру, көзін жеткізу, үлгі.
Тәрбиелік жағдаяттар жасау, үйрету, тапсырма беру, жаттығу. Оң мінез-
құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері, іс-әрекет пен мінез-құлықты
ынталандыру әдістері: мадақтау, жазалау, олардың түрлері. Оларды қолданудың
педагогикалық жағдайы.
Педагогикалық шыгармашылықтың белгісі ретінде тәрбиенің әдістерін
сұрыптау. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру жағдайы ретінде құрал, форма,
әдістердің өзара байланысы.
Педагогикалық процестегі мұғалім және балалар ұжымының өзара байланысы
және өзара іс-әрекеті
Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні, ұжым
тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде. Кеңес педагогтерінің (С.Т.
Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский т.б.) еңбектерінде
ұжымдық тәрбиенің негізгі идеялары. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы дербес
және ұжымдық диалектика.
Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын
қызметтері. Әрбір кезеңдегі педагогикалық басқарудың өзіндік ерекшеліктері.
Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары. Қарым-қатынас және іс-
әрекеттің ролі. Ұжымдық өмірдің эмоционалдық (сезімдік) байлығы, қоғамдағы
он тәжірибелерді меңгерудегі ұжымдық дәстүрдің мәні.
Әртүрлі балалар ұжымдарының типтері (сыныптық, мектептік, әртүрлі
жастағы, уақытша қызығушылығына байланысты), олардың ерекшеліктері, бір-
біріне әсері және сабақтастығы. Педагогтер-оқушылар жүйесіндегі балалар
ұжымы.
Педагогикалық процестің қызметіндегі тәрбиелік тетіктер: педагогтер
және оқушылардың әртүрлі ұжымдық іс-әрекеттегі байланысы. Оқу процесіндегі
ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудағы мұғалімнің жұмысы.
Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-
әрекетіне педагогикалық басшылық жасау. Оқушылардың әртүрлі тіршілік
әрекетімен байланысты қоғамдық тапсырмаларға сипаттама. Дербестік, топтық,
ұжымдық тапсырмалар. Жеке тұлғаның дербес және ұжымдық дамуы оқытушы және
оқушының бірлескен іс-әрекетінің шарттары мен құралы ретінде қарым-
қатынастың ролі.
Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын оқыту әдістері.
Сыныптың тәрбиелік жүйесі. Сынып жетекшісінің шығармашылық іс-
әрекетінің нәтижесі ретінде.
Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сыныптағы тәрбие жүйесі. Тәрбиелік
технологиялар. Тәрбие жүйесінің моделін жасау. Тәрбие жүйесін құрудағы
сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Тәрбиелік іс-шараларды дайындаудың
әдістемесі. Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекетін
үйлестірудегі сынып жетекшісінің ролі. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып
оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру түрлеріне (форма) сипаттама. Сынып
жетекшісінің іс-әрекетін болжау және диагностикалау. Сынып жетекшісіиің
оқушылардың отбасымен ынтымақтастығының түрлері. Тәрбие процесінде
этнопедагогика материалдарын пайдалану.
Отбасы тәрбиесінің негіздері
Отбасындағы балалар тәрбиесі. Огбасы тәрбиесі туралы Н.К. Крупская,
А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары.
Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері.
Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі компоненттері.
Отбасындағы ересектер мен балаларды, тіршілік әрекетін
ұйымдастырудың әдістері, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, формалары
отбасындағы педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары оны үйретудің
әдістері. Отбасы және мектептің ынтымақтастығының түрлері. Отбасы мен
педагогикалық ұжымның жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі. Отбасындағы
этнопедагогикалық тәрбие.

Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту
Оқыту - тұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігі. Білім беру мен
оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Қазіргі дидактиканың проблемалары. Оқыту
процесінің мәні. Әдіснамалық негізі. Оқушылардыц танымдық іс-әрекетінін
ерекшеліктері.
Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары:
ассоциативтік-рефлекторлык, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастырудың
теориясы т.б.
Оқыту процесін жүзеге асырудағы педагогикалық процестің негізгі қызметі
білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі
кезеңдері, оқытудың заңдылықтары және принциптері.
Қазіргі мектептегі білім берудің мазмүны
Білім берудің мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі: білім
беру және оның мазмұны туралы жалпы ұғым, мектеп тарихындағы білім
мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой-пікірлер; кеңес мектептерінің
дамуы мен қалыптасу дәуіріндегі білім мазмұнын құраудың негізгі кезеңдері;
жалпы адамзаттық мәдениет; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Пәндер