«Түрік» этносы және этнонимі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

№1 лекция. Тақырыбы: Кіріспе

Жоспары

  1. «Түрік» этносы және этнонимі
  2. Түркі этностары және түркі тілдес халықтар
  3. Тілдердің алтайлық макросемьясы
  4. Батыс түркі және шығыс түркі тілдері
  5. Қазіргі түркі әлемі

Түркілердің тарихы YII-YIII ғасырларда жазылған Орхон - Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер - бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар «Орхон - Енисей жазуы» деп аталып кеткен. Ескерткіштер - YII-YIII ғасырлардағы түркі ру тайпаларының іргелі елі түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.

Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-Сайдам көлінің жағасына тұрғызылған бұл құлпытастар шоғырының айналасы тас кірпіштермен қоршалған.

Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе 1889 жылы орыс ғалымы Н. Н. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып, ғалымдар назарына іліктірді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударды (аударма 1895 жылы жарық көрді) . Академик В. Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894 ж. -1897ж. жариялады. Шын мәнінде Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С. Е. Малов болды. Ол Орхон - Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған.

Орхон жазбалары түркілердің 630 жылдан бастап 680 жылға дейін жарты ғасыр бойы Қытай билеушісінің қол астында болғаннан және жаң хандардың билігінен құтылып аз уақытқа болса да өздерінің батыстағы тегі бір туыстарын өзіне бағындырғанын баян етеді.

2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық мемелекеттік университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция болып өтті.

Байырғы түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі 732 жылы Орхон өзенінің (Монғолия) бойына орнатылған тас ұстыны болса, осы ұстынның тарихта тұңғыш рет жасалған дәлме дәл ғылыми көшірмесі Астанамыздың төрінде, Еуразия мемлекеттік университетінің бас ғимаратындағы 1-ші атриумына мәңгілікке 2001 жылы 18-ші мамырда орнатылды.

«Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы Y ғасырда брінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Осы кезде түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Ұлы даладатүркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылады: «Әлемнің көгінде аспан төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам бласы жаратылды. Азамат балсының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мени Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып оны бекітті». Мұнда дүниенің төртбұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандарының билік құрған уақытымен бйланысты суреттеледі. Махмуд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түрнікше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын сролтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі, әрқайсында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, яғма, башқұрттар, қырғыздар т. б. Оңтүстік тобына жататындар:шігіл, тухси, яғма, играк, жумыл, ұйғыр, хитайыл, табғаш.

Махмұд Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, шігіл, играк халықтарын атады.

Түркі халықтарының өзіндік дербес ел болуымен мемлекеттігі көрші елдерден мысалы славян, арап, тіпті парсы халықтарына қараған нашар дамыған түркі жұртының арасында шын мәнінде дербес мемлкекеті бар, тез өсіп, өркендеп келше жатқан ел- Түркия Республикасы. Ал Кеңестер Одағы кезімени айтатын болсақ, оның 583 ұлттық аумақтық құрылымының үштен бірі тарихи қалыптасқан түркғі тілді халықтадыукі соның бесеуі қазір тәуелсіз республикалар (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Азербайжан ), әзірше автономиялық республика құқығында -9 (Татарстан, Башқұрстан, Чуваш, Нахачеван, Қарақалпақстан, Дағыстан, Сақа елі, Тува, Қабарды-Балқар елі ), 3 автономиялық облыстар дәрежесінде (Хақас елі, Таулы Алтай, Қарашай- Черкес елі), ал 1-і автономиялық округ санатында (Дунған-Ненец елі) .

№2 лекция. Тақырыбы: Хунну тарихы (сюнну, ғұндар)

Жоспары:

  1. Хундар туралы алғашқы тарихи мағлұматтар
  2. Хунну державасының құрылуы, территориясы
  3. Хундардың қоғамдық-саяси құрлысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні әскери ісі және өнері
  4. Мемлекеттік құрлысы

Б. з. б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б. з. д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б. з. д. 209 жылы бой көтеріп, б. з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б. д. д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б. з. д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады. ) .

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б. д. д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б. д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б. з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың б. з. 4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды) . Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

№3 лекция. Тақырыбы: Ежелгі орта ғасырладағы түркі мемлекеттері

Жоспары:

  1. Түрік қағанаты
  2. Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар
  3. Түрік тайпалық одағының нығаюы
  4. Бумын қаған. Мұқан қағанның билігі
  5. Түркі қағанатында жоғары биліктің бастапқы кезден бөлінуі
  6. ҮІІ ғ. Басында Батыс түрік қағанаты және Шығыс түрік қағанатына бөлінуі

Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.

Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.

1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. «Түрік» атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.

Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - «ягбу» титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар) . Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.

581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.

604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.

№4 лекция. Тақырыбы: Батыс түрік қағанаты

Жоспары

  1. Жегуй қаған мен Түн-жабғы қаған кезінде мемлекеттің күш-қуатының тасуы
  2. 659 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы
  3. Мемлекеттік құрылыс
  4. Түрік жазба ескерткіштері

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж. ) . Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың этникалық саяси өзегі «он тайпа» (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж. ) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.

Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды «қара будун»(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.

Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж. ) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.

679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша - 704 ж. ) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.

№6 лекция. Тақырыбы: Түргеш қағанаты

Жоспары:

  1. ҮІ ғ. аяғында Жетісуда «Он оқ будун» жерінде Түргеш қағанатының құрылуы
  2. Түргештердің батысқа қарай шегінуі
  3. Сұлық ) сұлу) қаған
  4. Арабтармен соғыс, Сұлық қағанның шығыстағы дипломатиялық жетістіктері
  5. Түргеш қағанатының құлауы

Түргеш қағанаты (704-756 жж. ) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, «сары» және «қара» деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты «сары түргеш» деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - «қара түргеш». )

Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж. ) . Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында Үш-еліттен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін «сары» түргештер мен «қара» түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

№8 лекция. Тақырыбы: Қарлұқ қағанаты

Жоспары:

  1. Қарлұқтардың Алтайдан Жетісуға миграциясы
  2. Қарлұқтар ұйғырлардың қол астында
  3. Қарлұқтардың түргештерді бағындыруы
  4. Ұйғырлармен, арабтармен соғыс
  5. Қарлұқтар Қараханидтер мемлекетінің құрамында

Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж. ) . Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді жәнеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Казақ» термині туралы мақала
ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ЖАЙЛЫ
«Қазақ» термині туралы
«Қазақ» атауының төркіні туралы
Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі
Қазақ халқының және қазақ хандығының қалыптасуы
Қазақ этнонимінің синонимі
Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz