Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттырудың теориялық негіздері.

1.1 Ғылыми . педагогикалық әдебиеттердегі сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттырудың педагогикалық . психологиялық жәйі және оның оқыту үдерісіндегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Жаңа білім заманына лайықты сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыруының психологиялық ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

2 Болашақ педагог.психологтардың сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттырудың педагогикалық.психологиялық еркешеліктері

2.1 Оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процессін арттырудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .32

2.2 Болашақ педагог.психологтардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыруы бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері ... ... ... 48


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... .62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..66

Қосымшалар
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан модернизациялар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы сын тұрғысынан ойлау тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Диплом жұмысын тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып психология сабақтарының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен студенттерге деген оқытушының педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; когнитивтіпен сыни тұрғысынан ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды сыни тұрғысынан ойлай білетін, сын тұрғысынан ойлау қабілетті мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтті. [1]
Модернизациялаудың күқықтық негіздерін Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының 2020-жылға дейінгі бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мамандар біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың ережесі мен тәртібі, Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім тұжырымдамасы , Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту тұжырымдамасы, стратегия 2050 және де басқа мемлекеттік нормативті құжаттар қүрайды. [2,3,4]
1. Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты»(27 қаңтар 2012 жылғы) атты Жолдауында ерекше аталып өтті.
2. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Астана, 2012.
3. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан – 2030:Барлық Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы:атты жолдау. Алматы:Білім,1997.
4. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1997, 176 б.
5. Блум Б. "Handbook on formative and summative evaluation of student learning" by Blum, Hastings, Madaus, 1971 McGraw-Hili, inc.
6. Хмель Н.Д Бiртутас педагогикалық процестi жұзеге асырудын теориясы мен технологиясы -Алматы : Ғылым, 2003.
7. Оспанова Б.А.Креативная психология.-Алматы, 2012
8. Таубаева Ш.Т. Подготовка педагогического коллектива кафедры к инновационной деятельности .-Алматы,2012
9. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М.:Педагогика, -1989.
10. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.- М.,1998
11. Пошаев Д.Қ Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері.- Шымкент, 2003
12. Джинни Стилл «Развитие критического мышления через чтение и письмо».-М.,1997
13. Чарльз Темпл «Развитие критического мышления через чтение и письмо».-М.,1997
14. . Пиаже Теория развития интеллекта.-М.,1998
15. Джордж Сорос «Поддержки культуры, образования и новых информационных технологий», 2001.
16. Жұмабаев М. Педагогикалық оқулығы .- Алматы,1978
17. Аймауытов Ж. Психология.-Алматы.,1979
18. Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. -М.: Просвещение, 1986.
19. Занков Л.В. О предмете и методах дидактических исследований. -М.,1962.
20. Лехловский З.Ф Умственное развитие учящихся.-М.,1997
21. Леонтьев А.Н. Лекции по общей психологии.-М.,2000
22. Гальперин П.Я. Психология мышления и учение о поэтапном формировании умственных действий.. М., 1976.
23. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. -М., 1976.
24. Эльконин Д.Б. Психология развития. М.: 2001
25. Мюллер Г. Теософия или психологическая религия., М.,1897
26. Кюльпе О. Новая философская энциклопедия.,М., 2000
27. Зельц О. Психология мышления.-М.,1993
28. Крутецкий В.Г. Интеллектуальные способности одаренных детей в связи со школьной успеваемостью.-М.,1999
29. Кулюткин Ю.Н. Творческое мышление в профессиональной деятельности учителя .-М.,1997
30. Матюшкин А.М. Про блемные ситуации в мышлении и обучении.-М.1992.
31. Теплов Б.М. Проблема индивидуальных различий. -М.,
32. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. – М., 1980.
33. Скаткин М.Н. Активизация познавательной деятельности учащихся в обучении. – М.: Педагогика, 1985.
34. Кудрявцев Т.В. Психология технического мышления. -М.: Педагогика, 1975.
35. Лейтес Н.С. Способность и одаренность в детские годы. - М.: Знание, 1984.
36. Лук А.Н. Развитие технического творчества учащихся. -М., 1961.
37. Фрейд З. О психоанализе. Методика и техника психоанализа.-М.,1998
38. Спирмен Ч. Главные достижения в психологии.-М.,1989
39. Лазурский А.Ф. Психологическое изучения личности.-М.,1978
40. Рубинштейн С.Л. Принципы творческой самодеятельности. //Вопросы психологии, 1986. –№4.
41. Волков К.Н. Психологи о педагогических проблемах.-М.,1981
42. Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения.-М.,2001
43. Богоявленская Д. Психология творческих способностей.-М.,2003
44. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабаққа тиімді пайдалану // бастауыш мектеп, 2005, №4.
45. .Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы // Педагогикалық кеңес, 2009, №5.
46. Бұзаубақова К.Ж. Оқытушы нің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Монография. – Алматы: Жазушы, 2006
47. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы. 2005.
48. Сабыров Т.С. Студенттердың оқу белсенділігін арттыру жолдары, Алматы :Мектеп,1978
49. Әбілқасымова А. Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. -Алматы: Білім, 1994.
50. .Алдамұратов Ә.Жалпы психология.Алматы.1996.
51. Жетписбаева Б.А. Формирование творческой личности старшеклассников в процессе вербально–познавательной деятельности: дисс. … канд. пед. наук. – Алма-Ата, 2003
52. Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. – Алматы, 2003
53. Қараев Ж.А. Оценка деятельности учащихся в условиях применения педагогической технологии обучения. //Вестник высшей школы Казахстана, 1998. – №5. – С.82–88.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Жандарбекова Нұржамал

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін
арттыру

050103 – Педагогика және психология

Түркістан – 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті
процесін арттырудың теориялық негіздері.

1.1 Ғылыми – педагогикалық әдебиеттердегі сын тұрғысынан ойлау
технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттырудың
педагогикалық – психологиялық жәйі және оның оқыту үдерісіндегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Жаңа білім заманына лайықты сын тұрғысынан ойлау технологиясы
арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыруының психологиялық
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

2 Болашақ педагог-психологтардың сын тұрғысынан ойлау технологиясы
арқылы студенттердің когнитивті процесін арттырудың педагогикалық-
психологиялық еркешеліктері

2.1 Оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы
студенттердің когнитивті процессін арттырудың
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .3 2

2.2 Болашақ педагог-психологтардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін
арттыруы бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері ... ... ...
48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің
стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту
қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан
модернизациялар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты
даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және
саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык
саласындағы сын тұрғысынан ойлау тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем
етуде.
Диплом жұмысын тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу
барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып психология
сабақтарының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық
экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен
студенттерге деген оқытушының педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір
шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; когнитивтіпен сыни
тұрғысынан ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды сыни
тұрғысынан ойлай білетін, сын тұрғысынан ойлау қабілетті мамандарсыз
инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті
Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты атты
Жолдауында ерекше аталып өтті. [1]
Модернизациялаудың күқықтық негіздерін Мемлекеттік Білім
бағдарламасы, Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының 2020-жылға
дейінгі бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мамандар біліктілігін арттыру
мен қайта даярлаудың ережесі мен тәртібі, Қазақстан Республикасы жоғарғы
педагогикалық білім тұжырымдамасы , Қазақстан Республикасы педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту
тұжырымдамасы, стратегия 2050 және де басқа мемлекеттік нормативті құжаттар
қүрайды. [2,3,4]
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін , экономикалық және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай
білім керектігіне назар аударылған болатын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап
көрсеткендей: Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген
сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін сын
тұрғысынан ойлауқ ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты
азаматтары қажет. Ендеше, Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуі мен көркеюі
үшін білімді де білікті жастарды тәрбиелей берейік.
Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі - республикадағы
білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне
деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің
катарынан көрінеміз деген талабына түғыр болады деп күтілуде.
Мектеп және жоғары оқу орны - еліміздің білім беру жүйесі ғылыми
білімді, сын тұрғысынан ойлауы дамыған, дені сау және адамгершілікке
тәрбиеленген адамдарды қалыптастыруға тырысатындығы бәрімізге мәлім. Бұл
міндет өте маңызды және сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған адамды өсіру
қажеттілігі қоғамда да, әлемде де күннен-күнге өсуде. Әртүрлі саладағы
мамандар, қоғам мүшелері, ақпарат құралдары барлығы қазіргі кездегі маңызды
мәселелердің бірін көріп отыр. Сонымен қатар Қазақстан қоғамындағы өзекті
мәселелердің бірі өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір
сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын
байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, сын тұрғысынан ойлау
белсенділігі бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Жоғарыдағы талаптарды қанағаттандыру үшін және Қазақстан-2050 атты
еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі жоғары сын
тұрғысынан ойлау ұрпақты жан - жақтылыққа тәрбиелеу, олардың сын тұрғысынан
ойлау потенциалдық деңгейінің көтеріліуіне үлес қосу делінген. Сонда ғана
өскелең жас ұрпақ бәсекеге қабілетті болары анық. Мәселені өз
дәрежесінде дұрыс шешу үшін сын тұрғысынан ойлау ұғымына және оның шығу
тарихына қысқаша тоқталып өтсек.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?Сын тұрғысынан ойлау деген ұғым
білім жүйесінде жылдар бойы қолданылып келді және олар әр алуан топтарда
әртүрлі жағдайларда пайдаланылып келеді. Көптеген жоғарғы дәрежелі
білімдарлар үшін сын тұрғысынан ойлау ұғымы негізінен жоғарғы бұйрық және
жоғарғы дәрежеде ойлай алу деген мағынаны меңзейді, бұл әдетте Бенджамин
Блумның танымдық қабілеттер психологиясының сатыларына қатысты биіктік
болып келді. [5]
Cын тұрғысынан ойлау әдетте студенттерді мұкият окуға, сынап, тексеріп
талқылауға, анық жаза білуге қалыптастырады және де тез ойлау, ептілікпен
дәлелдер келтіре білуге де тікелей қатысты.
Болашақ педагог-психолог үшін сын дегеніміз психология мәтіндерді өз
құрамаларына кайта кұрастырушы негізде және мәтіндер студенттерға жиі әсер
қалдыруы үшін және оны жазған адамдарға түрткі болуға қажетті шартты
белгілермен жазу тәсілі (стенография) Пауло Фреэр ілімін қолдаушылар үшін
білім жүйесіндегі сын мәселесі білім алушының өз тағдырын бейнелеуші
әрекет сезімін асқақтатуға кажетті және бұйрықты түпкілікті жоғарылатуға
қатысты мәселе.
Сын тұрғысынан ойлауды түп-нұскасымен зерттеп айқын сипаттамасын
беруге тырысқаннан еш пайда түспеуі мүмкін. Шынында философ Маттью Липман
жақында сын тұрғысынан ойлаудын когнитивті процесстердің тізімін жинактап
мынадай ұйғарымға келді: бұл тізім шексіз, өйткені ол адам баласынын
дамыған ақыл ойының мүмкіндіктерінен тұрады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін оку мен жазуға қатысты қалыптаскан
әдістің өте жоғары не өте төмен деңгейде айтылған барлық пікірлермен қоса
мына төмендегідей ескертпелері де бар: Оқу және жазу арқылы қалыптасқан сын
тұрғысынан ойлаудын дамуына көп жағдайда сәйкес келетін барлық ақыл ой
процестерінің ең қолайлысы, ашық қоғамның жауапты азаматтарын даярлауға
көбірек септігі тиетіндер екеніне біздің көзіміз жетеді, өмірде олардың
қолынан мыналар келеді:
* нағыз сыни көзқарастар калыптастыру,
* мәселелерді шешу үшін өзара ұқсас идеялардың өз мақсатына қажеттісін
таңдай білу,
* мәселелерді шешу,
* саналы деңгейде пікірлесе алу.
Айтылғандарға косарымыз: бірлесіп жұмыс істеудің маңызы өте үлкен,
образдарды қалыптастыру, басқалардың тәжірибесі мен пікірлерін мойындай
тұра олардын пікірі мен қабылдауына әсер ете алатындай әртүрлі пікірлерді
қолдап, қолпаштау.
Бұдан кейін прагматикалық фактор пайда болады: студенттерді актуальды,
өте маңызды нәрселерді ойлауға шақырып, логикалық процесстерде белсенді
тұрде ойлануға тартып ұйымдастыру. Оның үстіне студенттерде білімпаздыққа
деген шынайы қызығушылық болғанда сын тұрғысынан ойлау жұмыс істеу
үрдісінде жақсырақ дамиды.
Сын тұрғысынан ойлау жүйесіне педагогика тұрғысындағы анықтамасы. Оқу
және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін студенттер арасында
өзара сенімділік жағдайы болу керек, соның негізінде шынайы пікірталас пен
сұрақтарды туғызатын қызықты идеялар туындайды. Мәселеге осы тұрғыдан келу
нәтижелі болады, онын үстіне когнитивті тұрғыдан жұмыс істейтін тапқыр
оқытушы тап болса студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік жасайтын керемет
қызықты дискуссиялар мен жанды пікірталастар кайнар еді.
Ал ондай мамандардың қалыптасуы жоғарғы оқу орындарында басталып одан
кейінгі біліктілікті арттыру жүйесінде әрі қарай дамуы тиіс. Бүкіл
адамзаттың бар білетіні әрбір төрт жыл сайын екі есе үлғайып отырады деген
деректерге сүйенсек, онда казіргі адамның өмірінің соншалықты жылдамдығы
біліктілікті арттыру жүйесінің дер кезінде және үнемі жетілдіріліп, мектеп
тәжірибесінен озып отыруын талап етеді.
Жаңа жағдайда білім беру ұйымдары іс-әрекетінің негізгі нәтижесі тек
білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы, саяси-
қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет
тапсырыс беріп отырған негізгі құзырлылықтардың жиынтығы болуына назар
аударылады, Білім беру қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесінің
сапалы өзгерістерге қол жеткізуі үшін оларды әдістемелік-ұйымдастырушылық
іс-әрекетінен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне, болашақ мамандарды
педагогикалық нақты жағдайларға тез бейімдеу, оның когнитивті ұмтылыстарын
қанағаттандыру ұстанымдарына көшіру өзекті болып отыр.
Оқыту үрдісінде студенттердің сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
үшін осы кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары аясында қызмет
етіп келген біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі
өзгерістер енгізу қажеттілігі күн санап артып отыр деуге болады. Сондықтан
оқытушылар мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру
ісімен айналысып отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын
өзгертіп, жаңа дидактикасын жасау кезек күттірмейтін өзекті мәселелер
қатарына жатады.
Біздің ойымызша болашақ мамандарды білімін көтеру ісі ең алдымен оның
өзіне қарай бағытталғанда ғана ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып
отырған қызметінің мәнін терең үғынуы, соған сәйкес өзін - өзі сыни
тұрғысынан ойлау қабілетін арттыруды, кәсіби когнитивтітың биіктеріне
жетуді қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру
жұмысын олардың дамуының жақын аймағында ұйымдастыру жағдайына көшіруді
және сол арқылы әр педагогты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті
когнитивті деңгейге шығаруды нәтижелі етеді.
Біліктілікті арттыру жүйесін кұрудың теориялық, әдіснамалық
тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы катарға шығарады. Адам бойындағы
ашылмаған мүмкіндіктерін жетілдірудің мәні мен маңызы, когнитивті
бастаулардың көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын
адамзат тарихының тереңінен алады. Зерттеу барысында антикалық дәуір
философтары (Гераклит, Сократ), жаңару кезеңінің ойшылдарының (Ж.Ж.Руссо,
К.Гельвеций, Д.Дидро, т.б.), субъективті идеализм теориясы өкілдері
(И.Кант, Л.Фейербах, И.Фихте, т.б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп
Баласағүн, Әбу Насыр әл-Фараби, Ш.Уәлиханов), ақындар (А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров), ағартушылар (Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, т.б.) еңбектерінде адамның жеке басын дамыту, ішкі мәнді
күштерін дамытуға ерекше мән берілгендігі анықталды.
Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық үрдістің теориясы
мен практикасы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, т.б); оқытушылардің
зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру (Ш.Т.Таубаева, т.б.) ; болашақ
мамандардың креативтілігін зерттеуге (Б.А.Оспанова) мәселелері кеңінен
қарастырылады. [6,7,8,]
Педагогикалық технологиялармен айналысып жүрген көптеген дидакт-
ғалымдардың зерттеушілерге тоқталып өтсек. ТМД елдерiнiң бiлiм кеңiстiгiнде
бұл терминнiң қолданысқа енуi ресейлiк ғалымдар В.П.Беспалько,
Г.К.Селевколардың есiмiмен байланысты. 80-жылдардың басында В.П.Беспалько
педагогикалық технологиялар теориясының негiзiн салып, оқытудың талап
деңгейiндегi нәтижесiне мiндеттi түрде қол жеткiзу үшiн сабаққа
диагностикалық мақсат қоюдың қажеттiгiн дәйектейдi. [9,10]
Кейiнгi уақыттарда Қазақстанда да қазақстандық жоғары мектептер үшiн
оқыту технологияларын дайындау мәселесiмен айналысып, ғылым мен практиканы
қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық. Өз топырағымызда туған
отандық технологияларға деңгейлеп оқыту технологиясын (Ж.А.Қараев),
жүйелiлiк негiзде оқыту технологиясын (Т.Т.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды
оқыту технологиясын (Пошаев Д.Қ, Н.Н.Нұрахметов), блоктық-модулдық
технологияны (М.Жампейiсова), К.М.Беркимбаев, Ж.Н.Садуова т.б. жатқызуға
болады. Бұл технологиялардың да кез келгенiне жоғарыда айтылған белгiлер
тән.[11]
Сонымен ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді
және біліктілікті арттырудың нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегі
қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:

- қазіргі оқыту үрдісінде студенттердің сыни тұрғысынан ойлау арқылы
когнитивті процессін арттыруын ұйымдастыру практикасы мен онда болашақ
мамандардың өз шығармашылығын, құзіреттілігі мен біліктілігін
қалыптастыруының мүмкіндіктерін толық пайдаланылмауы.
Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық теория мен практикада
студенттердің сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытудың тұғыры неде?
қандай заңдылықтарға негізделеді? проблеманы тиімді шешудің педагогикалық
шарттары мен тетіктері қандай? деген мәселелерді туындатып, оны теориялық-
әдістемелік және технологиялық деңгейде қарастыруды талап етеді. Бұл
зерттеу тақырыбын Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің
когнитивті процесін арттыру деп алуға негіз болды.
Зерттеу нысаны: Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орнындағы студенттердің сын тұрғысынан
ойлау қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктері.
Зерттеудің мақсаты: болашақ педагог-психолог мамандардың сын
тұрғысынан ойлау қабілетін арттыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның
қазіргі кезеңдегі еркешеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
• студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттырудың теориялық
негіздерін қарастыру;
• студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттырудың психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
• болашақ педагог-психолог мамандардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін
арттырудың әдіс тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми
болжамды тексеру - философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге
теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, сұрақ-жауап
алу, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, тестілеу, әдістері арқылы қамтамасыз
етілді.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің
когнитивті процесін арттырудың теориялық негіздері.

1.1 Ғылыми – педагогикалық әдебиеттердегі сын тұрғысынан ойлау
технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттырудың
педагогикалық – психологиялық жәйі және оның оқыту үдерісіндегі көрінісі

Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың сыни тұрғысынан
ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор.
Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды
дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни
ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы
мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі
бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі
реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының
сыни тұрғысынан ойлауын арттыруына, өткені мен бүгіні, келешегі мен
болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына
негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі
білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне
байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби
білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана
болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті
тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы сын
тұрғысынан ойлаудың нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну –
қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі - адамды жан-жақты етіп
тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі
заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да
әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет
екендігі белгілі. Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдық
құзыреттілікті, оның ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың атқарар
қызметі, қосар үлесі зор.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды
талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі
күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және
сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне
алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше
жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық
істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.
Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым
пайда болды. Оқытушы ең алдымен студент өзін-өзі сыни тұрғысынан ойлау
қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және
әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып
жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау
міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана
қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін
студенттер керек. Яғни, студенттер мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен,
тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай сыни тұрғысынан
ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп,
шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары
қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта
лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып
жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен
демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру
жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі
жұмыс атқарамыз.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген
АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты
ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын
басшылыққа алады. [12,13,14]
Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидаларына тоқтала
кетсек:студент өзіне керекті,өз өміріне жарата алатын ақпаратты таңдай
біліп,оны өздігінше игеруге көмек болатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек.
Ал,студент белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады(өйткені
оқытудың сапасы осы мәселеге тікелей байланысты емес пе?) деген сұраққа
байланысты Сыни ойлауды дамыту жобасы авторлардың бірі Ч.Темпл
төмендегідей әдістерді ұсынады:
- күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;
- жазба жұмыстарын жиі орындау;
- студенттердың ой-өрісін,белсендіретін сұрақтар қою;
- бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
- оқыту пәндерінің әлеммен,күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.
Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90 жылдарда
оқытушылар үшін әйгілі бола бастады. Мазмұны жағынан бұл бағдарлама оқыту
әдістері бағытының бірі болып табылады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту жобасы – RWCT ағылшынша Readinq and Writinq for Critical
Thinkinq, яғни орысша аударғанда Развитие критического мышления через
чтение и письмо. RWCT жобасында сабақ құрылымы анық көрсетілген және
студенттердың әрекеттері үшін нақты стратегиялар беріледі.
Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, Сорос-Қазақстан
қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжі-
рибелеріне ене бастады. [15]
Когнитивтік іс-әрекет ұғымы мен когнитивтік белсенділікті қалыптастыру
проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері
арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар
мен педагогтар студенттердің өзіндік ой-түжырымын жасау оны дамыту үшін
репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.
Студенттердің ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында
айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі
мен қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады.
Бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі Рим философтары Плутарх,
Тапит, Квинтилин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Сократ оқыту барысында шәкірттердің когнитивтік іс-әрекетін арнайы
басқарып отырудың қажеттілігімен коса, оның когнитивтік белсенділігін
арттыру мақсатында арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді
алғашқылардын бірі болып қолданды. Сократ шәкірттерге білімді жай ғана бере
салмай, когнитивтік белсенділіктің көрсеткіші ретінде - сұрақ қоюды ұсынды.
Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, сұрақ қою арқылы олардың
сын тұрғысынан ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын
жасай білуге үйретті.
Антикалық дәуірдін өзінде-ақ педагогтар студенттердің өзіндік сын
тұрғысынан ой тұжырымын жасау, оны дамыту үшін репродуктивті және
эвристикалық әдістерді дұрыс қолдану мәселесіне көңіл бөлген.
Когнитивтік белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін
алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменскийдің XII ғасырда
жазған Ұлы дидактика атты еңбегінде: Заттың не құбылыстың түп тамырына
жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу
кажет, - деп ерекше атап өтті.
Я.А.Коменский дидактикалық принциптерді ұсына келіп, танымдық
белсенділікті дамытуда оқытушынің рөлі туралы жазған болатын. Ол: Таным
бастамасы - сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай
өзгеріс болмайды. Оқытудың зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау аркылы
шәкірттің ойын дамыту керек, - деп жазды.
Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада
өздігінен түжырым жасауын дамытуды - білім берудегі негізгі жетістікке жету
қүралы ретінде қарастырамын, - деп жазды. Сондай-ақ, ол оқыту үрдісінде
материалдың көлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда студенттердің
ой-өрісі мен қабілеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, материалдың
біртіндеп және тізбектеп берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауда да,
анықтамаларда да, қорытындылар мен тұжырымдардың анық та дәл айтылуын талап
етті. Сондай-ақ шәкірттердің ойлау қабілетін дамытудың және өздігінше білім
алу дағдыларын қалыптастырудың маңызды құралы ретінде студенттердің
өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз берді.
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен
үлес қосты. Ы.Алтынсариннің мүғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек,
қалай оқу керек деген талаптарды біздің зерттеулерімізде маңызды болды.
Ы.Алтынсарин оқыту үрдісіндегі мүғалімнің алатын орны, оның шеберлігі мен
біліктілігін жоғары қойды. Бұл жөнінде К.Д.Ушинскийдің ...тәрбиеші -
өткені мен болашақтың құдіретті жауынгері және ол өз ісінің сырт қарағанда
қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл істен
көптеген үрпақтар нәр алатынын түсінеді деген ойларына пікірлес болған.
Ы.Алтынсарин: Балалармен: қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, әрбір пәнді
бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, оқытушы жан-жақты,
білімді, өз ісінің шебері болуы қажет, -дейді.
Ы.Алтынсарин оқытудың жеке әдіс-тәсілдеріне мыналарды жатқызады:
а) окыту әдісі - бұл тұлғаның білімге құштарлығын оятатын, алған
білімін тереңдету мақсатында өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта тұлғаның белсенді ой-әрекетін жаттықтыру. Маңыздысы -өз
бетінше ойлана білуі....
Ы.Алтынсарин оқыту міндеттері ретінде студенттің белсенді ақыл-ой
әрекетін дамытуды көздеді.
Көптеген ғалым-педагогтар, практик-мүғалімдердің тәжірибелері оқу
үрдісінде басты рөлді студентің дербес әрекеті мен белсенділігі
атқаратындығын анықтайды. Сабақ сапалы өтуі үшін оқытушынің білімі,
шеберлігімен қатар, бала өз тарапынан белсенділік әрекет жасамаса жұмыс
нәтижелі болмайды.
Қазактың көптеген педагог-ғалымдары да А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев
Ж.Аймауытов, С.Көбеев балалалардың танымдық қызығушылығын тудыра отырып,
танымдық белсерділігін дамытуда құнды пікірлер айтты. [16,17]
А.Байтұрсынов бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек,
мүғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және
белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек екендігіне көңіл бөледі.
Танымдық әрекеттің негізінде студенттерде танымдық белсенділік
қалыптасады. Танымдық белсенділік - студенттің оқуға, білуге деген ынта-
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: оқытушынің баяндап
тұрған жаңа материалын түсіну үшін, студенттің оны зейін қойып тыңдауы,
алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау
сияқты жүмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы
қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде
белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни студенттің белсенділігі оқу үрдісінің
барлық кезеңінде орын алуы қажет.
А.Байтұрсынов 20-30 жылдары, кейінгі уақытта Ресей ғалымдары
В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта окыту теориясына негіз болған белсенді
танымдык әрекеттің рөлі жоғары. Бұл ғалымдар бала білімді тәжірибе
арқылы өз бетімен алуы қажет деген пікір айтады. [18,19]
Сабақ барысында студенттің бойында когнитивтік белсенділік пайда болса,
сонда студенттердің ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды:
зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
З.ФЛехлованың докторлық диссертациясында жеке адамның дербестігі мен
белсенділігі проблемасының кейбір қырлары баяндалады. Студенттің жеке
тұлға ретінде қалыптасуы әлеуметтік жағдайдың және субъект ретінде рухани
игіліктерді игеруге және жасауға, өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға
бағытталған белсенділік арасында өзара байланыспен айқындалады деген идея
оның зерттеуінің өзегі болып табылады. Оның зерттеулерінде студенттің оқу-
танымдық әрекетіне және қарым-қатынасқа тәуелді екені дәлелденген. [20]
Бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың когнитивтік белсенділігін дамыту
және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің
көптеген еңбектері арналған. Жоғарыда айтылған пікірлерді ескере отырып,
танымдық белсенділіктің нәтижесінде жеке тұлға сан қырлы білім алады, бұл
білім алу танымдық әрекетке сезім, таным және ерік процесінің нәтижесі
болып табылатын өзін-өзі икемдеу көрінісімен, танымдық мотив пен
ізденімпаздық іс-әрекет тәсілдерін қатысуымен, студенттің мінез-құлқындағы
танымға деген тұрақты көзқараспен сипатталады.
Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теорияларға тоқталатын болсақ, ең
алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірінші топқа
жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен
өзгермейтін табиғи сын тұрғысынан ойлауқ қабілеттердің болатындығы туралы
қағидадан туындайды, екінші топтағы тұжырымдаманың негізіне ақыл-ой
қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін өмір бойы қалыптасады және дамиды
түсінікті жатқызады.
Бірінші тұжырымдамалар бойынша сын тұрғысынан ойлау қабілеттер және
интелектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты өңдеуге
қамтамасыз ететін ішкі құрлымның жиынтығы ретінде анықталады.
Екінші теорияға қарама-қарсы интелектінің генетикалық тұжырымдамалары
бойынша ақыл-ой қабілеттері туғаннан берілмейді, өмірге келгеннен кейін
қалыптасады және дамиды деген қағиданы пайымдайды.
Ойлаудың өзіндік тұжырымдамалары психологиялық зерттеулердің
төменегідей бағыттарында қарастырылады: эмпирикалық субъективтілік
психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негізгі
әдіс бойынша гештальтпсихологияда алдынғыдан айырмашылығы тек қана
психикалық үрдістердің элементтілгінің жоққа шығаруы және олардың
тұтастығының жеке элементтер құрамын қарағанда үстемдік етуі. Ойлаудың
белсенді психологиялық зерттеулері XVII ғасырдан жүргізіле бастады.
Ойлау тәсілдеріне жалпылау талдау, жинақтау, салыстыру және жіктеу
кіреді.
Бихевиоризм бағытында ойлау стимулдар мен реакциялардың арасындағы
күрделі байланыстарды қалыптастыру үрдісі ретінде жеке міндеттерді шешуге
қатысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.
Гешальтпсихология бағытында интуитивтік тұрғыдан түсіндіріледі.
Психологиядағы соңғы екі бағыт бихевиоризм мен гештальтпсихология ойлауды
түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмайды.
Бихевиоризмнің арқасында психологиялық зерттеулердің саласында
практикалық ойлау енгізіледі, ал гешальтпсихологияның арқасында психологтар
ойлаудағы интуиция және когнитивтіқа ерекше көңіл бөлді. Ойлау психологиясы
проблемасын шешуде психология бағытындағы психологтардың сіңірген еңбектері
баршылық. Алғаш рет ойлаудың генозисі туралы мәселелерді қою және шешу
мүмкіншіліктері пайда болды.
А.Н.Леонтьев адамзат ойлауының жоғарғы түрінің сипатын, әлеументтік
тәжірибенің, оның дамуының мүмкіншілігін атай келіп былай деп жазды:
Адамның ойлауы қоғамнан тыс, тілден тыс жинақталған адамзат білімінен тыс
және олардың қалыптасқан ойлау іс- әрекетінің тәсілдерінен тыс өмір сүруі
мүмкін емес. [21]
Ойлаудың іс-әрекеттік теориясы балаларды оқыту және ақыл -ой дамуымен
байланысты көптеген практикалық міндеттерді шешуге көмектесті.
П.Я.Гальпериннің, Л.В.Занковтың, В.В.Давыдовтың теориялары. Олардың бәрін
ойлаудың дамыту теориялары деп қарастыруға болады .
Біздің елімізде оқыту үрдісінде практикалық түрде кеңінен енгізілген
теориялардың бірі П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы
Л.С. Выготскийдің белгілі қағидаларына және А.Н.Леонтьевтің ақыл- ой
әрекетін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы эерттеулеріне
негізделген. П.Я.Гальперин балалар интелектісін қалыптастыру теориясын
талдады, ол теория оқыту оқыту психологиясының ғылыми тұрғыдан негізделген
практикалық теориялардың бірі ретінде практикалық жағынан кеңінен қолдау
тапты. [22]
Атақты ғалым Л.С. Выготский өзінің психологиялық үрдістерін түсіну
және игеру ғылыми ұғымдардың есігі арқылы келеді деген еді. Ойлау
үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу әрекетінде пайда
болады. Студент әрекетінің мақсаттары, құралдары мен шарттарының арасындағы
қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. [23]
Оқыту және дамыту проблемасын талдауда Л.С.Выготский ерекше үлес
қосты. Л.С.Выготскийдің және оның ғылыми мектебі қызметкерлерінің жалпы
теориялық қағидалары мен теориялары оқыту дамуда жаңаның қалыптасуының
қайнар көзі бола тұра оқытумен дамытудан озып отыруы қажет деген қортындыға
келеді. Л.С.Выготский тұлғаның ақыл-ой дамуының екі деңгейін актуалды даму
деңгейі және жақын арадағы даму аймағы, атап көрсетті. Ескі көзқарастан
айырмашылығы, жақын арадағы даму аймағы туралы ілім қарама қарсы қағиданы
ұсынуға мүмкіншілік береді, тек ол дамудан ілгерілеп алға озып отырса
сондай оқыту жақсы болады. Оқытудың маңызды белгісі болып табылатын оқыту
дамытудың таяу арадағы аймағын жасайды, баланы өмірге шақырады, дамудың
көптеген ішкі үрдістерін талпындырады және қозғалысқа келтіреді.
Оқытудың негізгі міндеті ғылым негіздерін мектеп студентларының
белсенді және берік, саналы және жүйелі меңгеруді қамтамасыз етуі. Мысалы,
Л.В.Занков талдаған оқытудың дидакикалық жүйесі бастауыш мектеп
студентларына қатысты белгілі. Бұл жүйе теориялық білімдердің өзіндік
салмағын арттыру, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту және материалды тез
қарқынмен өту қағидаларына сүйенеді.
Оқытудың екінші жүйесін Д.Б.Эльконин және В.В. Давыдов жетекшілік
еткен бір топ психологтар зерттеді. Оқытудің бұл жүйесі ойлаудың ғылыми
теориялық түрін тәрбиелеуге арналған. Бұл нақтылыға меңгергенде ғана
мүмкін. Сонымен қатар бастауыш мектептерде шәкірттерде ғылыми, когнитивті
ойлаудың негіздері қаланады. [24]
Оқыту психологиясындағы зеттеулердің негізгі бағыттары мектеп
студентларында белсенді өз бетімен және когнитивті ойлауын, білімдерді
когнитивтіпен қолданудың қабілеттілігін қалыптастырудың әдістерін
іздестіруге байланысты.
Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық
тәжіртбенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдік
елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт
пен кеңістікте сәйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Осылайша,
ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде
түсініледі. Бұл бағыттағы психологтардың негізгі қойған міндеті – ойлаудың
белгілі логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсіндіру. Ұғымдардың
қалыптасуы елестерді ассоциациялау, ал ой қорытындысы пікірлердің
ассоциациялау натижесі ретінде түсіндіріледі.
Осылайша, мәнді мен жалпының арасына теңдік белгісін қою тұтас
ассоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теорияларға келесі
тұжырымдар енді:
1) Г.Мюллердің диффуздық репродукциялар теориясы. Берілген
тұжырымдамаға сәйкес, екі (немесе одан да көп) елестердің үйлесімі былайша
қалыптасады: субьекте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрізді басқа
елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл
солай жаңа ассоциацияларды тудырады). [25]
2) Ойлау үйрену ретінде. Бұл жерде талдаудың негізгі элементтері
болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесімге келтіру заңдылықтары
бөлініп шығады. Жаңа стимул-реакциялық байланыстар, яғни шартталу
механизмдері интнллектуалдық мінез-құлыққа тән емес. Сондықтан ойлау бұл
жерде үйрену, сын тұрғысынан ойлауқ практикалық міндетті шешу дағдысын
қалыптастыру болып табылады.
Адамның психикалық өмірінің принципімен байланысты. Ассоциацияның
негізгі заңы: ассоциация жиі қайталанған сайын, дұрыс әрі берік болады.
Ассоциациялардың төрт негізгі түрі бар: ұқсастық бойынша, контраст
бойынша, уақыттық немесе кеңістіктік іргелестік бойынша, қатынас бойынша.
Ассоциациялардың заңдылықтары Д.Гартли, Дж.Пристли, Дж..Милль, А.Бэн,
Т.Цигень және т.б. еңбектерінде зерттелінді. Бұл жерде ассоциация
психикалықтың бірлігі және түсіндіруші принципі ретінде қарастырылды.
Ассоцианистер ойлау белсенділігін түсіндіре алмай, оларды априорлы, яғни
ассоциацияларға тәуелсіз ақыл-ойдың туа біткен қабілеті деп білген. Бұлар
да рационалдық сезімдікке баланып, субъекттің іс-әрекет белсенділігі
талдаудан тыс қалды. Бейне – елестардің ырықсыз ілесуі кез-келген ақыл-ой
процесінің жүзеге асу типі ретінде ұғынылды. Осылайша, ассоцианитердің
пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесі.
Идеялардың репродукция (қайта өңделуі) сауалы ақыл-ой іс-әрекетінің
ассоциативтік теориясының негізгі мәселелерінің бірі болып табылғандықтан,
сны жиі репродуктивтік психология деп атаған.
Ресейлік психологияда ассоцианистік тұрғы Ю.А.Самарин, П.А.Шеваревпен
зерттелінді. Ассоциациялардың ойлау механизмі ретіндегі мәні А.Ф.Эсауловпен
ерекше аталды.
1. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп – сана психологиясын зерттеген
бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылар – О.Кюльпе және
К.Бюлер, ал өкілдеріне жататындар – Н.Ах, А.Марбе, О,Зельц және т.б.
Вюрцбурлық мектеп зерттелінген негізгі мәселелер: а) ойлаушы субьекттің
белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат
ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау
процесінің психологиялық механизмдерін түсіндіру.
Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н.Ах ұғымдарды қалыптастырудың
тәсілдерін таңдау процесі мен қолдану сипаты субъектпен шешілетін нақты
міндеттерге байланыстылығын атап өтті. Осылайша, Вюрцбурлық мектептің
негізгі қосқан үлесі – міндет ұғымын енгізуі (В.Уайт). Вюрцбурлық мектеп
өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субьектің өзінің ішкі ойлары,
елестері, күйзелістері жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сұраққа жауапты
іздеу, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрді.
О.Кюльпе Ойлау психологиясы еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде
интроспекциялық әдісті қолданды. Зерттеген мәселелрі: эмпирикалық ойлау
деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетін таза ойлаудың
нақты жүзеге асуын көрсететін психикалық акттер мен күйлер. [26]
Н.Ахтың тағы бір қосқан үлесі – детерминациялық тенденциялар
тұжырымдамасын шығарып негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл – себептендіру
теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды
түртіп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзінен-өзі
қалыптаспайды. Ол тікелей сыртқы орта әсерінен пайда болады. Сезімдік
елестер мен ойлаудың арақатынасын түсіндіруде бұлар мынадай пікірде болды.
өздігінен сезімдік елестер мен олардың кез-келген үйлесімі, тіпті оңай
логикалық есепті шешіп бере алмайды. Себебі есепті шешу үшін берілген
міндеттің сезімдік көрінісінен тыс, одан еркін болатын есептің (міндеттің)
шарттары мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды
болып табылады.
Вюрцбурлық мектеп өкілдері ойлаудың басқа психикалық процестерден
өзіндік ерекшеліктерін көрсетті: тұтастылығы, белсенділігі, бағыттылығы,
бейнесіздігі және т.б.
Вюрцбурлық мектептің негізгі идеялары О.Зельцтің еңбектерінде жалғасын
тапты. Ол ойлауды сын тұрғысынан ойлау операциялардың қызмет етуі ретінде
анықтады. О.Зельц өз алдына ойлау іс-әрекетінің қандай да бір нәтижесінің
жүзеге асуындағы сын тұрғысынан ойлауқ іс-әрекеттің әрбір сатысының
қызметін анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекеті ретіндегі
ойлауды түсіндіру үшін оның міндетті шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе
операция ретінде қарастыру керек.
О.Зельц міндетті шешу барысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды
енгізді:
1) Арнайы реакция, яғни берілген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес
келетін объективті қажетті жауап.
2) Операция – осындай жауапты анықтайтын амал.
3) Әдіс, яғни субъектімен міндетті шешу тәсілі ретінде саналанатын және
пайдаланылатын операция. [27]
О.Зельц репродуктивтік және продуктивтік ойлау түрлерін эксперименттік
зерттеуде ойлау процестерінің ерекше мәселе тудыратын кешен түріндегі
шешілетін міндеттің құрылымымен себептенетіні жөнінде тұжырымға келді. Бұл
мәселе тудыратын кешеннің ерекшелігі – онда аяқталмағандық элементінің
болуы. Осы аяқталмаған элементті толтыру берілген міндетті шешу нәтижесін
анықтайды. Мұның өзі, негізінен антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни әлі
табылмаған шешімді алдын ала болжау негізінде іске асады. Бұл кезде
субъектпен міндетті шешуге қажетті сын тұрғысынан ойлауқ операциялар
жаңғыртылып, есептің шешімі табылады (комплексті толықтыру, абстракция және
ұқсастықтарды қайта келтіру әдістері арқылы).
Осындай, мәселе тудыратын жәйттің құрылымының тұтастығын қалпына
келтіру идеясы кейін гештальтпсихология өкілдерінің зерттеулерінде, сондай-
ақ басқа да, мысалы, когнитивті ойлау зерттеулерінде басшылыққа алынды.
3. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештельтпсихологияның өкілдері –
Келер, Вертгеймер, Коффка, К.Левин.
Гештальтпсихологтар ойлаудың құрылымын, когнитивті астарларын
қарастырды. Ізделген шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді
ойлау деп атаған. Гештальтпсихологтар ойлауды формальды - логикалық
операциялардан ажыратылатын, мәселе тудыратын жәйтті ескеру арқылы соған
қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан орталықтандыру
нәтижесінде жүзеге асатын продуктивті психикалық процесс ретінде
түсіндірді. Олар тұтас құрылым ретіндегі мәселе тудыратын жәйттің барлық
құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастарды бірден ұғынуды инсайт деп
атады.
Коффка бойынша, ойлау дегеніміз – Вюрцбурлық мектептегідей
қатынастармен әрекет ету емес, ол көрнекі жәйттердің құрылымдарын
түрлендіру. Мәселе тудыратын жәйт – бұл өзінің көрнекі мазмұны
теңестірілмеген феноменалдық өріс тәрізді. Бұл өрістегі кейбір
толтырылмаған орындар мәселе тудыратын жәйтте белгілі бір кернеу тудырады.
Осы кернеу тұрақсыз көрнекі жәйтті басқасына ауыстырады. Осылайша, міндет
біздің бастапқы жәйтті басқаша көруіміздің нәтижесінде шешіледі. Осы
пікірлерден, Коффканың ойлауды ассоцианистер сияқты көрнекі мазмұнға
теңестіргенін байқаймыз.
4.Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез-құлқының
мотивтері ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттелінді. З.Фрейд бойынша,
негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады: түс
көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.
- Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелік ойлаудың бір түрі.
- Еркін ассоциациялар әдісі. Ырықсыз бейнелік ойлау, еркін
ассоциациялар – санасыз мотивтердің көрініс табатын маңызды аумақтарының
бірі.
- Сублимация – санасыз энергияны әлеуметтік құпталған тәсілдерге
ауыстыруда іске асатын когнитивті ойлау процесі.
- Мотивті саналау адамның өзіндік саналауын, ішкі ойлау типін қажет
етеді.
Аутистік ойлау тұжырымдамасы Э.Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның
ішкі өмірінің басымдылығымен, сыртқы өмірден кетуімен байланысты. әдетте,
түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистік
ойлаудың көріністері. Бұларда ойлар аффективтік ұғымдарға бағынады .
5. Ойлаудың когнитивтік психологиясы (У.Найссер). Бұл тұрғы когнитивтік
процестерді жасанды модельдеу негізінде белгілі бір міндеттерді шешу
тәсілдерін табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және
өңдеу каналы, компьютерлік жүйелердің аналогы ретінде ұғынылады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның
сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар сын тұрғысынан
ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты
екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра
алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерт-теу,
оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі
әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлауды
көптеген оқытушы дер мен зерттеушілер сынау деген ұғыммен шатастырады.
Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін көре алмайды.
Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде
психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы біздің көңілімізден
шықты. Ол: ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын
белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды
нақты және жан-жақты тексеру дейді. [28]
Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. Бірақ бұл деңгейдегі ойлау тек
ересек адамдарға, жоғары сынып студенттерге ғана тән деп ойлау дұрыс емес.
Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Жоғары оқу орнында студенттердің ойлауын зерттеу нәтижелері олардың
меңгерген теориялық жалпылауларының маңызды рөлін көрсетті. Дамыта оқыту
технологиясының негізін қалаған ғалымдардың бірі В.В. Давыдов. Теориялық
ойлау ақыл-ой әрекетінің өз еркімен өзін реттеуіне жағдай жасайды.
Қазіргі кезде студенттер сыни ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен
мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр. Ойлау – бұл оқуға, жазу
іскерлігіне, сөйлеу мен тыңдауға ұқсас үрдіс. Сыни ойлау және оқыту
идеялары мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда
болады. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде
орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң
реттелген қадамдар тізімі жоқ.
Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп,
кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-
білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен
оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап айтады.
Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп,
адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана деген ұранымен оқу үрдісін
ұйымдастыру қажет.
Осы заманғы студенттер оқуға үлкен сыни тұрғысынан ойлау потенциалдық
мүмкіндіктермен келеді.
Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық,
педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды
қажет етеді.
Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға
негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін
қажет дегендей оқыту үрдісінде студенттерге сыни тұрғысынан ойлау
технологиясы арқылы когнитивті процесін арттыруда, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу
жұмыстары студенттердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі – когнитивті
теориясы, студент тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы
ілімі болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы
ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырылады. Білім беру және оқыту
теориясының студенттерді оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі -когнитивті
белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы студенттердің оқу
материалын түсінуге, ескіні жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен
қосымшасын анықтауға, оған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз
пікірлерінде оларға сүйену ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз
бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ақыл-ой еңбегінің
өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.
Студенттердің белсенділік когнитивтік іс-әрекетінің көздейтін мүддесі -
білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі
негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі студенттердің алған
білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алуы болып табылады.
Болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, сын тұрғысынан ойлаудың, сын
тұрғысынан ойлау болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы
субъектін және студенттің әлеуетіне тікелей әсері мол когнитивті
қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастырудың теориялық,
әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға
шығарады.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың
бастау көзі – сын тұрғысынан ойлауды, креативтілікті, сын тұрғысынан ойлауқ
қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының
тереңінен алады.

1.2 Жаңа білім заманына лайықты сын тұрғысынан ойлау технологиясы
арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыруның психологиялық ықпалы

Жаңа жағдайда білім беру ұйымдары іс-әрекетінің негізгі нәтижесі тек
білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы, саяси-
қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет
тапсырыс беріп отырған негізгі құзырлылықтардың жиынтығы болуына назар
аударылады. Білім беру қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесінің
сапалы өзгерістерге қол жеткізуі үшін оларды әдістемелік-ұйымдастырушылық
іс-әрекетінен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне, болашақ мамандарды
педагогикалық нақты жағдайларға тез бейімдеу, оның когнитивті ұмтылыстарын
қанағаттандыру ұстанымдарына көшіру өзекті болып отыр .
Оқыту үрдісінде студенттердің сын ойлау қабілетін дамыту үшін осы
кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары аясында қызмет етіп келген
біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізу
қажеттілігі күн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Бастауыш сыныпта лексиканы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
Таксономия технологиясының педагогикалық мәні
Студенттерді кәсіби қызметке дайындау барысында өзіндік сана - сезімді дамыту
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Жобалық оқыту технологиялары
Оқыту нәтижелері
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Пәндер