Тұқымды өсімдіктер. Жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар



1. Тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.
2. Жалаңаштұқымдыларға жалпы сипаттама.
3. Жалаңаштұқымдылардың жүйесіне сипаттама.
4. Жабықтұқымдылар бөліміне жалпы сипаттама
Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық тұқымдылардың ішіндегі түрлерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік ендікте кең таралған, бұл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқан жапырақты орман түзеді (Огненная земля, Патагония, Жаңа Зеландия, Тасмания). Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.
Құрылысы. Қылқан жапырақтылар негізінен ағаштар, сиректеу бұталар. Ағаштар кейде орасан үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Көп жағдайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қысқарған. Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді (хвоя), бірақ ертеректе пайда болған туыстарында (араукария, агатис) ланцетті және жалпақ лацентті болып келеді. Кейбір қылқан жапырақтылардың жапырақтары қабыршақты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстіңгі ұшы ойық (май қарағай), көлдеңнен кесіңдісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр ұзындығы 1 – 2 см, ден 30 – 40 см, ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылқан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал қарағай және метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90-95% трахеидтен тұрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көпшілігінің қабығында, сүрегінде және жапырақтарында схизогендік смола жолдары болады, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тұқымды өсімдіктер. Жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар

Мақсаты:Тұқымды өсімдіктердің, жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылардың
көбею әдістерің, құрылым ерешеліктерің оқу.

Дәріс сұрақтары:
1. Тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.
2. Жалаңаштұқымдыларға жалпы сипаттама.
3. Жалаңаштұқымдылардың жүйесіне сипаттама.
4. Жабықтұқымдылар бөліміне жалпы сипаттама.

Дәріс тезистері
Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық тұқымдылардың ішіндегі
түрлерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік
ендікте кең таралған, бұл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын
туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқан жапырақты
орман түзеді (Огненная земля, Патагония, Жаңа Зеландия, Тасмания).
Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.
Құрылысы. Қылқан жапырақтылар негізінен ағаштар, сиректеу бұталар.
Ағаштар кейде орасан үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Көп
жағдайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қысқарған. Жапырақтары көп
жағдайда жіңішке, ине тәрізді (хвоя), бірақ ертеректе пайда болған
туыстарында (араукария, агатис) ланцетті және жалпақ лацентті болып келеді.
Кейбір қылқан жапырақтылардың жапырақтары қабыршақты болып келеді (кипарис,
арша). Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстіңгі ұшы ойық
(май қарағай), көлдеңнен кесіңдісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр ұзындығы 1 – 2
см, ден 30 – 40 см, ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал
жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылқан
жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал қарағай және метасеквойя
туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90-95%
трахеидтен тұрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды.
Көпшілігінің қабығында, сүрегінде және жапырақтарында схизогендік смола
жолдары болады, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады.
Көбеюі: Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері (шишки)
дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырақтардың
қолтығында, сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады.
Микроспорофилдері редуцияға көп ұшыраған, қабыршақ тәрізді немесе қылқан
тәрізді (тисс туысы). Аналық бүршігінің (стробил, шишки) құрылысы алуан
түрлі болады. Микроспорофилдерінде бірден бірнешеге дейін тұқымбүрлері
орналасады. Интегументті көп жағжайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы қатты,
ал сыртқы және ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көпте бола береді.
Гаметфиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы және тұқымның (дәннің)
пайда болуы жоғарыда сипаттап жазған қарағайдікімен бірдей болады.
Шаруашылықтағы маңызы. Шыршалардың, қарағайлардың, бал қарағайлардың,
май қарағайлардың, аршалардың табиғатта және адам өмірінде маңызды орасан
зор. Басқа жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, ауадан
көмір қышқыл газын сіңіріп, оттеген бөліп шығарады.
Классификациясы. Қылқан жапырақтылар класы 7 қатардан тұрады: олар
мыналар: 1) вольцилар қатары (вольциевые – Voltziales); 2) подозамиттер
қатары (подозамитовые- Podozamitales); 3) араукариялар қатары (араукариевые
– Araucariales); 4) қарағайлар қатары (сосновые – Pinales); 5) кипаристер
қатары (кипарисовые – Cupressales); 6) подокарпустар қатары (подокарповые –
Podocarpales); 7) тиссалар қатары (тиссовые Taxales). Олардың ішінде
бұрынғы одақтас республикалардың территориясында үшеуінің (қарағайлар,
кипаристер және тиссалар қатарлары), ал Қазақстанда тек екеуінің ғана
өкілдері (қарағайлар және кипаристер қатарлары) кездеседі. Сондықтан біздер
осы Қазақстанда кездесетін қатарлармен шектелуді жөн көрдік.
Тұқымды папоротниктер класы – Lignopteridopsida, pteridospermae
Тұқымды папортниктер ең ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық
тұқымдылардың бірі. Қазіргі кезеңдерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл
папортник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланыстырып тұрған топ
(переходная группа).
Беннеттиттер немесе Беннеттитопсидтер класы – Bennettitopsida
Беннеттиттер түгелімен жойылып кеткен өсімдіктер. Бір қызығы олардың
жойылған уақты гүлді өсімдіктердің пайда болған және шарықтап өскен
уақытымен сәйкес келеді. Басқа ашық тұқымдылардан айырмашылығы сол, олардың
стробилдері (шишки) қос жынысты болады.Вегетативті органдарының құрылысы
жағынан саговниктерге ұқсас, бірақ олардың ішінде шөптесін өсімдіктерде
болған.
Саговниктер класы – Cycadopsida
Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас, ланцет
тәрізді болып келеді. Сабағы (діңі) жақсы жетілген өзектен, қабықтан және
онша үлкен болмайтын сүрек қабатынан тұрады. Тұқымбүрі жапырақ тәрізді
немесе азды – көпті метаморфозға ұшыраған мегаспорфилдердіне орналасады.
Гинкголар класы – Ginkgoopsida
Гинкголар класы бір қатардан (Ginkgoales) тұрады, онда қазіргі кездегі
флорада кездесетін бір ғана монотипті тұқымдас бар (Ginkgoaceae). Тұқымдас
екі қалақшалы гинкго (гинкго двулопасный – Ginkogo biloba) деген жалғыз
түрмен белгілі. Шыққан жері Қытайдың Оңтүстік – Батысы. Ерте уақыттан бері
оны Жапонияда және Қытайдың барлық жерлерінде, діни тұрғыдан қасиетті ағаш
ретінде, мәдени жағдайда арнайы өсіреді. Бұл биіктігі 40 м дейін баратын,
бөрік басы пирамида тәрізді болып қалың бұтақталған мәңгі жасыл ағаш.
Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі – Gymnospermatophyta,Pinophyta
Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800 – дей түрі бар. Көптеген
түрлері жойылып кетен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған.
Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климатты салқын зонада және тауларда
үлкен орман түзеді.
Құрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған
лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалар жоқ. Бүйірінен бұтақтанады,
сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші ретті қалыңдайды. Көптеген
түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрды. Сүзгілі
түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары
үлкен, тілімділген, папортник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас; ал
екіншілерінде олар ұқсас, тұтас қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді
(қылқан – хвоя) болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлерінен
басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы.
Кіндік тамырларында да жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық
тұқымдылардың негігі белгілерінің бірі сол олардың тұқымбүрі (семязачатки),
немесе тұқым бүршігі (семяпочки) болады. Тұқым бүрі дегеніміздің өзі
мегаспорангий, ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументпен
қапталған. Тұқым бүрлері мегаспорофилдерінде ашық орналасады, олардан
ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады. Дәннің пайда болуы ашық
тұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке ие болуын және
құрлықта басым болуын қамтамассыз етті.
Ашық тұқымдылардың классификациясы әлі тұрақталмаған, ол систематиктердің
арасында үлкен талас туғызып келеді. Бұл кітапта ашық тұқымдылар бөлімінің
деңгейіндегі табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Тұқымдық өсімдіктер. Жалпы сипаттамасы. Жалаңаш тұқымдылар
Жабықтұқымдылар бөлімі. Гүлдің құрылысына жалпы сипаттама. Гүлшоғырының жіктелуі
Populus L. тұқымының биологиялық сипаттамасы мен түрлерінің әртүрлілігі
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің негізгі систематикасы
Мектеп бағдарламасына сәйкес биология пәнінен зертханалық жұмысты ұйымдастыру
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы
Пәндер