Арыстан баб кесенесі сәулет өнері ескерткіші
1 Арыстан баб кесенесі
2 Арыстанбаб туралы аңыздар
3 Құрылымы
4 Зерттелуі
5 XXI ғасырдағы Арыстан баб кесенесі
6 Отырардың сипаты
2 Арыстанбаб туралы аңыздар
3 Құрылымы
4 Зерттелуі
5 XXI ғасырдағы Арыстан баб кесенесі
6 Отырардың сипаты
Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Арыстан баб кесенесі

Қысқаша мәлімет
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған. Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін. Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда (Рисолаи Сарем-Исфижоб және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.
Арыстанбаб туралы аңыздар
Арыстанбабтың дүние салуы Қожа Ахмет Иасауи хикметінде былайша суреттеледі:
Бабам айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін,
Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қалайын.
Медет берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз - тәбәрік.
Жылап айттым: ей бала, жас көдекпін білмеймін.
Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын.
Хақ Мұстафа сүндетін, балапанмын, білмеймін.
Бабам айтты: Ей балам, періштелер жиылады.
Жебірейіл имам болып, өзгелер оған ұйиды.
Макаил мен Исрафил көтеріп көрге қояды. Отырар өңірінде біз естіген аңыз байынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстанбаб қойылыпты. Алпамыс жырының бір үлгісінде Байбөрі мен Аналық Самарқанда сансыз баб, Бұқарадағы Баһауәдин Нақишбент молаларына зират қылады, және
"Түнейді үш күн Байбөрі
Әзіретті сұлтанға.
Түркістанда түмен бап,
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап,
Бабалардың бабын сұрасаң,
Ең үлкені Арыстан бап.
Әулие қоймай қыдырып,
Бабалардың бәрін қылды сап Әзірет Сұлтан қорық-музейінің сақтаулы тұрған Баян ауылдан бір зияратшылдың қолжазбасында мынадай қызық мағұлмат бар: Арыстанбаб дүние салған соң, оның моласының басына екі құс - бірі лашын, бірі қарға ұшып келеді. Бұл әңгіме бізді ежелгі түркі шаманизміне жетелейді. Көне түркілер бұл аталған құстарды киелі деп санаған. Мысалы, ескі жылнамаларда жазылған аңыз бойынша көне түркілердің Ашина тайпасына жау шауып, жаппай қырып кетеді. Сонда жалғыз қалған бала ғана аман қалады. Баланы қасқыр емізіп, аспан әлемінің елшісі - қарға ет әкеліп асыраған. Осы баладан түркілердің ұрпағы деседі. Қазақтардың қарғаны киелі құс санағаны жөнінде дерек ер аз емес. Қарға сөзімен байланысты мынадай мақал-мәтелдер бар: Біздің де қолымызға қарға тышар, Қарға тамырлы қазақ, Қарғам-ау деген сөз қарағым, қалқам деген мағынада қолданылады. Қарғам, қарғашым, қарғатайым" деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткен. Қанша балаң бар деп жауап қайтарған.
Құрылымы
Арыстанбаб кесенесі ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Кейде Арыстанбабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстанбаб дүние салған соң іле-шала тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабыр үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстанбаб ғимаратының болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстанбаб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІV ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды мамандар айтқан болатын. Яғни қазіргі Арыстанбаб құрылыс кешеніндегі қабырғаналар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық арасында кең тараған мынадай аңыз бар: Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізімен соғып, құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйелген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстанбаб моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды. Арыстанбаб қабірханасының едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде желкен деп аталатын өріммен иіліп барым күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең, һәм биік етіп тұрғызылған. Қабірхананың есігі күнбатысқа, дәлірек айтсақ, Меккеге бағышталған. Бұл қасиетті қабірлерге тағзым етудің мұсылмандық ережелерінен туындайды: зиярат етушінің беті сағанаға, арқасы құбылаға қарауға тиіс болған. Оның ұзындығы 3 м. 90 см., ені 1 м. 30 см., биіктігі 1 м. 20 см. Қабаттас, көлемі 5,4м х 5,4 м. Бөлмеде үш қабір бар. Ол да биік күмбезбен жабылған. Алайда күмбездің іші алебастрмен сыланып, геометриялық үлгідегі өрнектермен нақышталған. Әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір орналасқан. Шырақшылар бұларды Лашынбаб пен Қарғабаб дейді. Олар әулие қабірімен салыстырғанда аса шағын болып келген. Лашын баб қабырының көлемі 1,63м х 0,92м., Қарғабабтікі 1,70 м х 0,90 м. Осы қабарханаларға оңтүстік-батыс жақтан бірнеше бөлмелер қосылған. Екі қанаттағы бөлмелерді біріктіріп, байланыстырып тұрған дәліз-бастырма бар. Ол әдеттегі бастырма-айвандардан өзгеше, тұтасымен қыштан өріліп, төбесі иіліп жабылған. Оның көлемі 7,60м х 4,35м. Қабырханалар, дәліз қышпен қаланып күмбезделсе, мешіт бөлігі негізінен қам кесектен тұрғызылып, төбесін жабуда ағаш кең пайдаланылған. Мешіттің ортасында В.В.Константинова жасаған жоба бойынша алты ағаш тіреу болған. Олардың үстіне қары қойылып, ағаштан қырлы күмбез қиыстырылған. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-михраб бар
Зерттелуі
Арыстан баб ескерткіші деп аталатын мазарлар басқа аймақтардың бірі - Қырғызстандағы Ош өңірінде. Бірақ қырғыздардың діни-нанымдарын зерттеген ғалым С.М.Абрамзонның пікірінше, жергілікті халық бұл жерде жерленген Арыстанбабты қалмақтарға қарсы соғысқан батыр деп таниды. Яғни Оштағы Арыстанбаб XYII-XVII ғасырларда болған адам. Арыстанбаб қабірінің басына тұрғызылған ғимарат алғаш ғылыми әдебиетте 1898 ж.ж. И.Т.Пославскийдің Развалины города Отрара атты мақаласында аталады. 1903 жылы кесене түркістандық археология әуесқойлар үйірмесінің мүшесі А.Черкасовтың Отырар төбені көріп айтқаны жөніндегі есебінде аталып өтіледі. А.Черкасовты түкпір бөлмедегі Арсытанбабтың қабірі таң қалдырады: Надгробие Арстан - Баба такой же формы, как и остальные, покрыто куском белого коленкора и поражает своими размерами. Такого роста, по ловам шейха, достигал и сам святой.... А.Черкасовтың деректері кеінірек орыс-француз тілдерінде жарық көрген. И.А.Кастеньенің Древности Киргизской степи и Оренбургского края деген еңбегінде де қайталанады. Көп үзілістен кейін Арыстанбаб кесенесі жөніндегі ғылыми сипаттама 1950 ж. В.В.Константинованың Некоторые архитектурные памятники по среднему течению р.Сырдарьи деген мақаласында жарияланды. 1987 жылы Білім мен Еңбекте М.Сембиннің кесене жайлы мақаласы жарияланды. М.Сембин Арыстанбаб туралы мақаласында О.Дастановтың Әулиелі жерлер туралы шындық атты кітабындағы келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, Арыстанбаб кесенесінің сәулетшісі ташкенттік Ескендір қажы болған деген болатын. Ол өзінше бір қайта жырау, тыңнан толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті...,- деген М.Әуезов сөздері Арыстанбаб сәулетшісіне толығымен тән.
XXI ғасырдағы Арыстан баб кесенесі
Әлемге танымал "Арыстан баб" мавзолейінің құрылысы екі жыл бұрын жаңа архитектуралық кешен тұрғысында басталған. Идея авторы - белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Құлыбаев болып табылады. Бір кездері Асқар Алтынбекұлы халық игілігі үшін рухани құндылық орнатуды армандаған. Бүгінде Асқар Құлыбаевтың және оның ұлдарының Қазақстанның жан азығы байлығын еселей түсу мақсатындағы сіңірген үлесі зор екендігін айту қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі бастама көтеріп, бүкіл мемлекеттік деңгейде жүзеге "Мәдени мұра" бағдарламасы асырылып жатыр.
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) - ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут "Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар - бір қала" деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 - 15 ғ-ларда Аралбойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Отырар апаты
1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханныңәмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын "Отырар апаты" деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.
1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.
Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.
14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.
14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары мен Мұхаммед Шайбаниәулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.
16 ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғасырдың басына дейін болған.
Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.
Отырардың сипаты
Қазіргі уақытта Отырар - бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы - 380 м, оңт.-батысы - 145 м, батысы - 400 м, солт.-шығысы - 380 м және шығысы - 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.
1-қабаттан (б.з. 1-6 ғасырлары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды;
2-қабаттың (7-8 ғасырлар) қалыңдығы 3 м-ге жуық;
10 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды;223-қабаттан (қалыңдығы 1 м-дей, 9-10 ғасырлар) қабырғалары шикі кірпіштен (42
4-қабатқа (қалыңдығы 1,5 м, 11-13 ғасырдың басы) қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды;
4 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың, шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды;245-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 13-14 ғасырлар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24
6-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 15-16 ғасырлар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды;
7-қабатының қалыңдығы 0,7-0,8 м (17-18 ғасырлар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.
7 см) жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл61 см, 279201971-74 жылы аралығында Отырар аумағының бестен бір бөлігі (4 га) аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды. Көшелердің ені 2-3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі. Жалғыз немесе орталық бөлменің көлемі 20-35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен (30 Қазақстанныңоңтүстігіндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биіктігі 20-30 см үй жылытатын тандыр салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа арналған шұңқырлар кездеседі. Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс кешендері 16-18 ғасырларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын нумизмат материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері сақталған. Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес келеді. Отырарда археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр. [1]
Отырар ауданы
Отырар ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1935 жылы құрылған. Жер аумағы 18,1 мың км2 (облыстың 15,4%-ын қамтиды).
Тұрғыны 55,2 мың адам (2004).
Аудандағы 43 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Шәуілдір ауылы. Аудан жері негізінен жазық. Оның басым бөлігін Қызылқұм құмды алқабы және Сыр өзенін бойлай жатқан Шардара даласы алып жатыр. Ауданның биік жері Қарақтау жотасында (Қарамола тауы, 388 м). Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай доғаша иіліп 50 км-ге созылып жатыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет,Дүйсебай, Дәуренбек, т.б.) мен мал жайылымына қолайлы қоныстар (Алтынжал, Үрме, т.б.), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай, т.б.) көп. Қарақтаудың батысын және Қызылқұмның шығысын сексеуілді тоғай көмкерген. Отырар ауданының жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның бетін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Ауданның қысы жұмсақ, қысқа. Қантар айының жылдық орташа температурасы - 3-5 С, шілдеде 27-29 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 170 - 300 мм. Желдің басым бөлігі оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады. Оның жылдық орташа жылдамдығы 4-6 мс. Аудан арқылы Сырдария және оның оң саласы Арыс өзендері ағып өтеді. Солтүстігінде жазда құрғап қалатын шағын тұзды көлдер (Ұзынқұдық, Арыстанды, т.б.) мен батпақты (Шошқакөл) жерлер кездеседі. Арыс өзенінен Арыс каналы және бірнеше шағын тоғандар тартылған. Жер асты және грунт сулары 2-5 м тереңдікте (Сырдария, Арыс өзендері аңғарында), Қызылқұм өңірінде 5-8 м, кейде 8-12 м тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары палеоген-неоген қабаттарында 30-50 м, кейде 80 м тереңдікте жатады. Ауданның топырақ жамылғысы негізінен сұр топырақты, Сыр және Арыс өзендері аңғарында шалғынды сұр, Қызылқұмдақұмдауытты сұр топырақ қалыптасқан. Оларда шөлге тән баялыш, күйреуік, теріскен, көкпек, құмды өңірлерде сексеуілді тоғай, өзен аңғарларында шілікті-жиделі тоғай қалыптасқан. Құмтөбелер арасындағы грунт суы жақын жатқан жерлерде шұраттар кездеседі. Дәрілік өсімдіктерден дәрмене жусаны (Арыс өз. аңғарында) қара меңдуана, тұмаршөп өседі.
Аудан тұрғындарының негізін осы өңірдің байырғы халқы - қазақтар (99,7%) құрайды. Халық негізінен Сыр бойы және ауданның шығысындағы Арыс өзені аңғарында қоныстанған. Тұрғын халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шәуілдір (8,8 мың адам), Темір (4,3), Көксарай (4,2), Арыс (3,0), Балтакөл (2,9), Маяқұм (2,6) т.б. Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. 1996 жылға дейін етті-сүтті бағыттағы 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Бұрынғы кеңшарлар негізінде аудандағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті (2003). Оның ішінде заңды тұлғалар саны 487, жеке тұлғалар 2933, шаруа қожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың га, көп жылдық ағаштар 256 га, шабындық 15,5 мың га, жайылым 16,48 мың га болды (2003). Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 13, ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 1, көлік және байланыс саласында 3, саудада 180 және басқа кәсіпкерлікпен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген (2003). Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 жылы егіс аумағы 15,8 мың га болды; оның басым бөлігін мақта (7905 га) мен жүгері (3269 га) құрайды. Ауданда 2004 жылдың 1-қаңтарында 19,1 мың бас ірі қара, 163,5 мың қой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе болды. Халыққа білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салалары бойынша ауданда 1 кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін 45 мектеп, 11 клуб, 1 мәдениет сарайы, 1 музей, 1 мектеп-интернат, 15 кітапхана, 9 аурухана, 28 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық амбулатория болды (2003). Аудан аумағында көне қалалар мен қорған орындары көптеп кездеседі. Әйгілі "Арыстанбаб" кешені осы Отырар ауданының аумағында орналасқан.
Отырар-Қаратау мәдениеті
Отырар-Қаратау мәдениеті - Оңтүстік Қазақстан өлкелерін мекендеген қаңлы тайпаларының көне мәдениеті (б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы). Ескерткіштердің негізгі тараған аумағы Сырдарияның орта ағысын қамтиды. Қалалар мен қоныстар, зираттар жақсы зерттелген. Олардың аса ірі шоғырлану орт. Отырар шұраты; Арыс өз-нің солт. жағасындаМардан, Мардан-Күйік, Қостөбе, Шаштөбе, Сейтмантөбе, Ақайтөбе, Шөлтөбе, т.б. ірі қалалары болған.
Тарихы
1940 ж. А.Н. Бернштам жетекшілік еткен археол. экспед. барысында алғашқы деректер алынып, ол кангюй-қаратау мәдениеті болып аталды. Кейінірек бұл өңірді Е.И. Аргеева, Г.И. Пацевич, К.Ақышев, К.Байпақов, Л.Б. Ерзакович, Л.М. Левина, А.Н. Подушкин зерттеді. Аса ірі ескерткіштерінің бірі - Көкмардан. О.-Қ. м. қалаларының үйлері ерте кезеңнен-ақ кварталдық жүйемен тұрғызылған. Әдетте 4 - 6 үй бір кварталды құрайды. Құнды ерекшеліктерге қыш ыдыстарға салынған 100-ге тарта таңба-белгілер жатады. Белгілердің негізгі тобы ру-тайпалық таңбалар. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша бұлар соңғы орта ғасырдағы таңбаларға өте жақын. Бір ерекшелігі, мұнда қазақтың үш жүзіне де кіретін ру-тайпалардың таңбалары бар. О.-Қ. м. тайпалары мал ш-мен бірге жоғары дамыған егіншілік бағытты ұстанған, ұсталық және зергерлік қолөнер жақсы дамыған. Тұрғындар ата-баба рухына, тәңірге табынған. Халқы Сыр бойына көршілес Жетіасар және Қауыншы мәдениеттерінің тайпаларымен бірге тарихи Қаңлымемлекетінің құрамына кірген. Б.з. 3 - 4 ғ-ларында заттық мәдениет ерекшеліктері мен антропол. деректер О.-Қ. м-н қалдырған тайпаларға ғұндар келіп араласқандығын көрсетеді. Осы кезеңде түркі мәдениеті мен тілі қалыптасқан, түркі-соғды синтезі дамыған. Ғұн тайпалары келіп қосылған кезеңнен бастап О.-Қ. м. тайпаларының үлкен бөлігі жетіасарлықтармен бірге Сырдың жоғ. ағысына, Орта Азияға қарай жылжыды. 6 - 7 ғ-ларда О.-Қ. м-нің дамуы тоқтап, басқа тайпалармен бірге Сыр мен Әмударияның төм. ағысына топтасты да, Кедер мәдениетін құрады. Қалған тұрғындар Отырар шұратында құрылған Қаңғар бірлестігіне кірген.
Отырар медресесі
Отырар медресесі - Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқыған. [2]
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі, 1967 ж. Оңт. Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір станциясында ашылған. Алғашқыда мектеп музейі, 1973 жылдан бастап аудандық музей қызметін атқарса, 1979 ж. О. м. а. қ. м. болып құрылды. Музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археол., архит. ескерткіштерді қорғау, ғыл.-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. О. м. а. қ. м. құрамына Отырар қ., Арыстан баб кесенесі және осы өңірдегі барлық ежелгі қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелері, шеберханалар енеді және бұлар көрермендерге экспозиц. қызмет атқарады. Музейде бірнеше бөлімдер және кітапхана жұмыс істейді. 1993 ж. музей қарамағына 110 тарихи ескерткіш бекітіліп берілді, қорғау аймағы 11547 га болып ұлғайды. Қазіргі кезде Отырар өңірінде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар
Сырдың Сауран шаһары
Сауран - Қазақстандағы қорған дуалдары неғұрлым толық қалпында сақталған әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі. Сонымен қатар соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары нәтижесінде осы қала аумағында шайқалмалы мұнаралары бар медресе, Жұма-мешіт, намазгох мешіті, ханака, қала қақпасы секілді археологиялық маңызды нысандар ашылып жатыр. Әлемді таңдандырары анық ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруға лайықты бұл бірегей қала Қазақстан халқы мен ғалымдарының қызығушылын тудыру- да. Енді Қазақстан тарапынан Сауранды Ұлы Жібек жолы бойындағы туризм инфрақұрылымына қосып, елімізге аса маңызды да керек тарихи-мәдени мұражайға айналдыру міндеті туып отыр...
Сауран қамалы - өте берік бекітілген қорған, оның мықты және күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр тәлкегінің қолы оның қорғанының түбіне жетіп көрген емес, және көктегі аспанның өзі де әлем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес. Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктігі соншалықты,, оның мұнаралары мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды. Сауранды жаулап алмақшы болған Абдаллах-ханның әскери жорығын суреттеген (ХVІ ғ. екінші жартысы) автор қамал-қала туралы осылай деп жазған. Аталмыш шайбанилік билеуші және оған дейін басқа да жолы болған және болмаған жаулап алушылар Сауранды (Сабранды) ұлан-ғайыр Дешті-Қыпшақ даласын мекен еткен тайпалар мен халықтарға үстемдік орнатуға мүмкіндік беретін стратегиялық бекініс ретінде қарастырған.
Сыр өңірі мен қазақ даласында болып жатқан оқиғалар жайында жазған ортағасырлық авторлардың бәрі де осыдан мың жыл бұрын бой көтерген Сауран шаһарының әскери-стратегиялық, сауда-экономикалық және тарихи-мәдени маңыздылығына байланысты оны назардан тыс қалдырмаған. Міне, енді қала қамалының дуалдары Түркістан қаласынан батысқа қарай 45 шақырым жерде шоқшиып тұр. Түркістан-Қызылорда трассасымен жол тартқан жолаушылардың көзі қаланың сүйір күмбезді дуалдарына түспей қоймайды. Жолдың шетінде қазақ ауылының атауы жазылған тақтайшаны көргенмен оның бір кездегі атақты Сауран қамалының орны екенін білетіндер бірен-саран. Кейде қаланың орнын өз көзімен көргісі келген кейбір көлік иелері тас жолдан қара жолға түсіп, ат басын осында бұрады. Ал бұрындары игілікті Бұхарадан немесе әйгілі Самарқандтан солтүстікке немесе шығысқа бет алған керуеннің бірде-бірі одан айналып өте алмайтын болған.
Иә, бекіністің биік дуалдары қаланың солтүстігінен өтетін автомобиль және пойыз жолдарынан жақсы көрінеді. Қалада бірсіпыра археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген, ол туралы мағлұмат жазба деректерде де мол кездеседі, оның үстіне көне Сауран жұртының жұмбағына қызыққан саяхатшы-туристер де мұнда үздіксіз келіп-кетіп жатады. Себебі, Сауранның орта ғасырлардағы Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының мәдениеті түйіскен жерде орналасқан сауда-саттық айлағы, әрі Жібек жолы бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Біздің ойымызша, тап қазір қай жағынан алып қарасаңыз да, Сауранның археологиялық ескерткіш - қала-мұражай ретінде Ұлы Жібек Жолы бойында қайтадан елеулі торапқа айналуға барлық мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндіктердің қатарында біз бүкіл республикамызда Сауранға ғана тән мынадай қолайлы жәйттерді атап көрсетер едік:
-ескерткіш халықаралық Орынбор-Ташкент автотрассасына жақын орналасқан;
-өзіне дейін ашылған Әзірет-Сұлтан Мемлекеттік мұражай-қорығының құрамына кіреді;
-әлемге әйгілі Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі орналасқан Түркістан қаласы республикамыздағы өркениетті халықаралық туризм орталығына айналуда. Егер қолайлы жағдайлар жасалса, Түркістанға келетін зиярат етушілер мен туристердің бір бөлігі Сауран қала-мұражайына да соғып кете алады;
-қала жұртында бастапқы археологиялық зерттеулер жүргізілген;
-аймақтағы құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарында пайдаланылып келе жатқан бірегей сауран балшығының шикізат көзі қала жұртының қасында орналасқан; Түркістан қаласында мамандандырылған қалпына келтіру шеберханасы бар; ал маңайдағы ауылдарда жұмыс күші жетерлік;
-климат жағдайы ұқсас, көршілес аудандағы Отырар қала жұртында қалпына келтіруші мамандар мен археологтар қам қыштан және күйдірілген кірпіштен қаланған сәулет және өнер ескерткіштерін сақтаудың амал-әдістерін игеріп жатыр.
Қала жұртында қандай нысандарды консервациялап (сақтауға қойып), мұражайландыру қажет? Бұлар, ең алдымен қазіргі таңда археологиялық әдістермен зерттеліп жатқан және туристердің назарына лайықты нысандар.
Қамал дуалдарының өзі-ақ көрген жанды таң қалдырады дедік. Олар аумағы 40 гектардан асатын қаланы қоршап жатыр. Дуалдың көп тұстары жеті-сегіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz