Құрамында полисахаридтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар



1. Полисахаридтер туралы түсінік. Полисахаридтердің және полисахаридтер құрамдық дәрілік өсімдіктердің жіктелуі.
2. Полисахаридтердің физикалық.химиялық касиеттері.
3. Полисахаридтердің алыну жолдары, өсімдік әлемінде таралуы, медицинада қолданылуы.
4. Полисахаридті дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
5. Полисахарид құрамды дәрілік өсімдіктерден дәрі дайындау және қолдану
Полисахаридтер (полиоздар) дегеніміз моносахаридтер мен олардың туындыларының поликонденсациясының өкілі болып келетін жоғары молекулалық көмірсулар.
Химиялық табиғаты бойынша полисахаридтерді полигликозидтер немесе полиацетальдар деп қарастыру керек. Өйткені, полисахарид тізбегінің әр бөлігі алдыңғы және келесі бөліктерімен гликозидтік байланыспен байланысады. Бұнда, келесі бөлікпен байланыс жартылай ацетальдық (гликозидтік) гидроксил тобы арқылы, ал алдыңғы бөлікпен байланыс спирттік гидроксил арқьлы, көбінесе төртінші немесе алтыншы көміртек атомының тұсындағы гидроксил арқылы жүзеге асады.
Өсімдік текті полисахаридтерде негізінен 1,4- және 1,6-гликозидтік байланыстар, ал жануар текті полисахаридтерде, олармен қатар 1,3-және 1,2- гликозидтік байланыстар болады.
Бүкіл макромолекулаға қарағанда полисахарид молекуласынық ұшындағы қалдықтың үлесі онша үлкен болмағандықтан полисахаридтердің тотықсыздандыру қасиеттері әлсіз болып келеді. Полисахаридтер қышқыл ортада оңай гидролизденеді, ал сілтілік ортада жоғары түрақтылық көрсетеді.
11. Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под. ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 с.: ил.
2. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил.
3. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. – 672 с.
4. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2007. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с.
5. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – 488 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМУ 43-0401

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: Құрамында полисахаридтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.

Фармакогнозия пәні
051103- Фармация мамандығы
5 курс

1сағат уақыт (ұзақтығы)

Қарағанды 2011ж .

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

25.04. 2011ж. № __9__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. ________________ Лосева И.В.

Тақырыбы: Құрамында полисахаридтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
Мақсаты: Полисахаридтер туралы түсінік. Полисахаридтердің және
полисахаридтер құрамдық дәрілік өсімдіктердің жіктелуі. Полисахаридтердің
физикалық-химиялық касиеттері. Полисахаридтердің алыну жолдары, өсімдік
әлемінде таралуы, медицинада қолданылуытуралы үйрету.

Дәріс жоспары:
1. Полисахаридтер туралы түсінік. Полисахаридтердің және полисахаридтер
құрамдық дәрілік өсімдіктердің жіктелуі.
2. Полисахаридтердің физикалық-химиялық касиеттері.
3. Полисахаридтердің алыну жолдары, өсімдік әлемінде таралуы, медицинада
қолданылуы.
4. Полисахаридті дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
5. Полисахарид құрамды дәрілік өсімдіктерден дәрі дайындау және қолдану

Полисахаридтер туралы түсінік. Полисахаридтердің және полисахаридтер
құрамдық дәрілік өсімдіктердің жіктелуі.
Полисахаридтер (полиоздар) дегеніміз моносахаридтер мен олардың
туындыларының поликонденсациясының өкілі болып келетін жоғары молекулалық
көмірсулар.
Химиялық табиғаты бойынша полисахаридтерді полигликозидтер немесе
полиацетальдар деп қарастыру керек. Өйткені, полисахарид тізбегінің әр
бөлігі алдыңғы және келесі бөліктерімен гликозидтік байланыспен
байланысады. Бұнда, келесі бөлікпен байланыс жартылай ацетальдық
(гликозидтік) гидроксил тобы арқылы, ал алдыңғы бөлікпен байланыс спирттік
гидроксил арқьлы, көбінесе төртінші немесе алтыншы көміртек атомының
тұсындағы гидроксил арқылы жүзеге асады.
Өсімдік текті полисахаридтерде негізінен 1,4- және 1,6-гликозидтік
байланыстар, ал жануар текті полисахаридтерде, олармен қатар 1,3-және 1,2-
гликозидтік байланыстар болады.
Бүкіл макромолекулаға қарағанда полисахарид молекуласынық ұшындағы
қалдықтың үлесі онша үлкен болмағандықтан полисахаридтердің тотықсыздандыру
қасиеттері әлсіз болып келеді. Полисахаридтер қышқыл ортада оңай
гидролизденеді, ал сілтілік ортада жоғары түрақтылық көрсетеді.
Полисахаридтердің жіктелуі олардың қай көмірсудың полимері екендігіне
байланысты болады. Мысалы: крахмал мен клетчатка-глюкозандар, инулин-
фруктозан, шырыштар мен шайырлар-пентозандар мен гексозандардың қоспасы
болып келеді.
Полисахаридтер құрамды дәрілік өсімдіктер келесі топтарға жіктеледі:
1. Крахмалды өсімдіктер
2. Инулинді осімдіктер
3. Шырышты өсімдіктер
4. Шайырлы өсімдіктер
5. Пектиндік заттар мен целлюлозаның өсімдік көздері
6. Құрамында суда еритін полисахаридтері бар есімдіктер

Полисахаридтердің физикалық-химиялық қасиеттері
Крахмал және шырыштар
Крахмалдың құрамы:
полисахаридтер - 9,6 - 9,8 %
минералдықзаттар0,2-0,7%
қаттымайқышқылдары–0,6-07
басқа заттар -100 %-ға дейін
Крахмалдың полисахаридтері екі заттан түрады: амилазадан -17-24% және
амилопектиннен тұрады. Олардың екеуі де глюкозандар болып табылады.
Амилаза мен амилопектиннің бір-бірінен айырмашылығы олардың
полимеризация дәрежесінің әртүрлілігі мен молекулаларындағы химиялық
байланыстың сипатына байланысты.
Амилаза полимеризациясы аз. Амилазада L- және D-глюкопиранозды
қалдықтарының саны 900-1500 арасында. Глюкопиранозды қалдықтар С-1 жөне С-4
жағдайларьшда қосьшып, ұзын тармақталмаған тізбек түзеді.
Амилопектин көп полимеризацияланған, ол 30000-нан 200000-ға дейін
глюкопираноздық қалдыктан тұрады. Глюкопираноздық қалдықтар С-1, С-4
жағдайларында ғана емес С-1, С-6 жағдайларында да қосылады да, соның
есебінен тізбек тармақталады.
Амилаза крахмал дәндерінің арасында орналасқан, жылы суда ериді, йод
ерітіндісімен көк түске боялады.
Амилопектин крахмал дөндерінің сыртқы қабатында орналасқан, ыстық суда
еріп тұтқыр коллоидты ерітінді түзеді, йод ерітіндісімен қызыл-күлгін түске
боялады.

Крахмал қышқылдар мен ферменттердің әсерінен гидролизге ұшырап
декстриндер түзеді.
Крахмал - иіссіз, дәмсіз ақ түсті ұнтақ. Суық суда ерімейді, ыстық суда
коллоидты ерітінділер түзеді, ол ерітінділер крахмал клейстері деп аталады.
Крахмал дәндерінің пішіні, құрамы және өлшемдері өсімдіктерді анықтауда
диагностикалық белгілер ретінде қызмет атқарады.
Картоп крахмалының дәндері өте ірі - 80-100 мкм, жұмыртқа пішінді,
дәннің өсу орталығы қара нүкте түрінде болады.
Бидай крахмалының дәндері ірі-28-30 мкм және майда-7-8 мкм болады. Ірі
дәндері дөңгелек жөне жаншылған болады.
Жүгері крахмалының үлкендігі 20-35 мкм. Пішіні бұрыс немесе дөңгелек,
қабатталуы болмайды. Бұл дәндерге орталық айқасқан жарықшақ тән. Бұл белгі
әр дәнде табылады.
Шырыштар мен шайырлардың химиялық құрамындагы айырмашылықтар олардың
суда ерігіштігіне де әсерін тигізбей қоймайды.
Шырыштар құрамындағы пентозандардың басымдау болуы олардың суда толық
еріп кетуін қамтамасыз етеді, ал шайырларға тек қана ісіну қасиеті тән.
Шырыштардың крахмалдан айырмашъшығы: олар йодпен боялмайды.
Пектинді заттардан айырмашылығы шырыштарда полигалактурон болмайды.
Шайырлар
Шайырлар - гексоза, пентоза, метилпентоза жөне урон қышқьшдарының
қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалық қышқылдардың кальций, магний және
калий түздары.
Шайырлардың құрамына гексозалардан D-галактоза жәие D-манноза,
пентозалардан -L-арабиноза мен D-ксилоза, метил-пентозалардан - L - рамноза
мен L - фукоза, урон қышқылдарынан D-глюкурон және галактурон қышқылдары
кіреді.
Шайырлар органикалық еріткіштерде ерімейді, суда нақты және коллоидты
ерітінділердің арасында аралық күй сақтайтын ерітінділер түзеді.
Шайырлардың ерітіндісінің өздсріне ғана тән-тұтқырлық желімдегіштік,
ісінгіштік қасиеттері бар.
Суда ерігіштігіне қарай шайырлар келесі үш топқа бөлінеді:
1. Суда еритін шайырлар суда толық еріп, азды - көпті
мөлдірлігі бар желімді ерітінді түзеді. Оларға: өрік және
аравия шайырлары жатады.
2. Суда жартылай еритін шайырлар. Суда бөлшектеліп
ериді, бұнда ерімейтін бөлігі тек қана ісініп, желе тәріздес
масса түзеді де, көп сұйылтқанда ғана ериді. Шие, қара
өрік шайырлары жатады.
3. Суда ерімейтін шайырлар. Судың әжептәуір мөлшерін сіңіріп алып, ісінеді
де желе тәріздес масса түзеді. Оларға мысалы: трагакант жатады.
Химиялық тұрғыдан шайырлар келесі топтарға жіктеледі:
1. Қышқыл полисахаридтер. Олардың қышқылдығы глюкурон және галактурон
қышқылдарына байланысты.
2. Қышқылдығы сульфатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды дайындау және жасау тәсілдері
Адам және жануарлар ағзасындағы көмірсулар мен ферменттік жүйелері. Олардың құрылысы, жіктелуі, ферменттік реакциялардың механизімі
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Полимерлердің медицинадағы рөлі
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Желелік кондитерлік өнімдер өндірісінде көкөністік-жемістік шикізаттың қолданылуы
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Кондитерлік өнімдердің химиялық құрамы
Ерітінділерінің қасиеттері
Пәндер