Арал теңізі мен Сырдария өзен мəселелерін шешу жолдары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Арал теңізі мен Сырдария өзен мəселелерін шешу жолдары
Бүгінде Арал теңізінің солтүстігіндегі судың мөлшері Балтық жүйесімен есептегенде 42 метр тереңдікті құрайды. Ал оның шығыс жағы әлі күнге дейін құрғақ күйінде қалып отыр. Оны толтыруға шекарадан ағып келетін өзендердің қуаты жетпейді. Жиынға қатысқан Арал халықаралық құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының директоры Медет Оспановтың ойынша, теңізге судың дұрыс келмеуі суды пайдалану жөніндегі халықаралық заңнамалардың реттелмеуінен туындауда. Мәселен, осы теңізге келіп құятын Сырдария мен Әмудария суын бүгінде бес мемлекет бірдей пайдаланып жатыр. Біз дербес мемлекеттер ретінде оны келісіп, реттеп қолдануға қол жеткізуіміз керек.
Бес мемлекет су мөлшерін Кеңес үкіметі кезінде белгіленген тәртіппен тұтынып отыр. Екінші бір мәселе, суды пайдалануға қатысты ауылшаруашылық, энергетика салаларында қайшылықтар көп. Мәселен, қазір қырғыз ағайындар Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде ағызып жатыр. Соның салдарынан жаздың күні су жетіспей қалады. Үшіншіден, ақпараттандыру жағы төмен. Мамандар өзендердегі сулардың көлемі туралы нақты білмейді. Сондықтан су мөлшерін өлшейтін стансыларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Төртіншіден, Сырдария өзенінің бойындағы су ғимараттарын жөндеп, өзеннің ағысын бір қалыпта ұстау керек. «Қазақстандағы су қорының 50 пайызы шетелдерден келеді. Шекарадан ағып келетін өзен суларынан өз үлесімізді алып, мүддемізді қорғау басты мәселесі болып отыр.
Сырдария - Орта Азиядағы Амудариядан кейінгі екінші су сақтағыш өзен. Ол Нарын мен Қарадария өзендерінің бірігуінен пайда болады. Сырдарияның Нарын мен Қарадария өзендерінің біріккен жерінен Арал теңізіне дейінгі ұзындығы - 2212 км, ал Нарын өзенімен бірге 2790 км құрайды.
Сырдария сужинағышының орташа биіктігі Амудариядан əлдеқайда төмен, соның нəтижесінде мəңгі қарлар мен мұздар бұл жерде аз дамыған. Сырдария бассейннің барлық ірі өзендері (Нарын, Қарадария, Шыршық жəне Сырдарияның өзі) қорегін қар мен мұздықтардан алады. Олардағы судың көп мөлшерде жұмсалуы əсіресе маусым айларында байқалады.
Арал-Сырдария бассейнінің ауданы 345 мың км2 жерді алып жатыр жəне ол екі әкімшілік облысты қамтиды. Олар: Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстары.
Бассейн маңындағы халықтың саны 2, 6 млн-ға жуық ( жалпы Республика халқының 17 %), оның ішінде қала тұрғындары 1, 2 млн адам (46 % бассейін бойынша) жəне ауыл халқы 1, 4 млн адам (54 %), /2/.
Бассейннің негізін Сырдария өзені құрайды. Ол Қазақстаннан тыс жерде Ферғана даласында жатқан Нарын мен Қарадария өзендерінің біріккен жерінен бастауын алады.
Біріккен жерінен оның жалпы ұзындығы 2212 км, ал Нарын бастауынан 3019 км жер. Өзен Қазақстан территориясы бойынша Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін 1627 км-ге созылып жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 346 км, Қызылорда облысында - 1281 км-ге созылған.
Қазақстан территориясындағы Сырдария өзенінің ірі салалары - Келес, Арыс, Бадам, Боролдай жəне Бұғын болып табылады. Сонымен қатар, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен ағып түсетін майда өзендер.
Сырдария өзен бассейндерінің ауданы бастауынан Төмен-Арық теміржол бекетіне дейін 21900 км2-ді құрайды. Ағын қалыптасқан аймақта (бассейннің таулы бөлігінде) негізгі қоректену көзі - мезгілдік қар жамылғысының еріген сулары болып табылады.
Оның аз бөлігі “мəңгілік қар”, мұз жəне жаңбыр сулары.
Сырдария өзен бассейннің су қорлары орта есеппен алғанда 37, 9 км2 құрайды.
Ағынның 70 %-ын құрайтын негізгі көлемі бассейннің жоғарғы жағында Ферғана жазықтығынан шығарға дейінгі жерде қалыптасқан. Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан оң жақ жағалау салаларының ағыны Қазақстанға келетін жалпы су қорларының 21-23 % құрайды. Арыс өзенінің жəне Қаратау жотасынан ағып жатқан басқа да өзен ағындарының Қазақстан жеріндегі еншісі 9-7 %.
Арал-Сырдария су шаруашылық бассейнінде су қорларының сулылығы орта болған жылдары 17, 92 км3/жыл, ал су аз жылдары 14, 24 км3/жыл бағаланады. Мұндағы ағынның міндетті шығыны 5, 82 км3/жыл-мен бағаланады. 2, 8 км3/жыл көлемдегі ағын су өзен арналарының жəне су қоймалардағы судың беткі қабаттарының булануына, сондай-ақ өзен арналарының фильтрациясына жұмсалады. Арал теңізінің деңгейін көтеруге
бағытталған экологиялық бос ағызу 3, 1 км3/жыл құрайды. Сулылығы орта болатын жылдарда қолдануға арналған су қорлары 12, 02 км3 -ді, ал 20 жылда бір қайталанатын құрғақшылық жылдары олар 9, 3 км3/жылды құрайды.
Арал-Сырдария бассейні, су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады.
Əсіресе Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық жоғалтты. Шөлді аймаққа айналу процесі 2 млн га жерді қамтыды. Сырдарияға коллекторлы-дренаждық сулардың, елді мекендердің, өндіріс пен ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы, судың химиялық, бактериялық лайлануына əрі елді
мекендердегі халықтың ауруға шалдығуына əкеп соғады. Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы - жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы.
Біздің мемлекет көршілес Ресей, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан сияқты мемлекеттермен суды бөлу туралы көптеген сауалдарды шешу мақсатында үлкен жұмыс атқаруда. Қытаймен бұрын болмаған дипломатиялық жетістіктерге жеттік. Екіжақтың бірлесуімен трансшекаралық өзендерді қорғау жəне оларды қолдану комиссиясы құрылды. Барлық трансшекаралық мемлекеттермен мұндай келісім жасалғанымен, трансшекаралық су қорларын басқару туралы көптеген шешілмеген сауалдар бар.
Солардың бірі - Сырдария өзен бассейні. Жоғарыда айтылғандарға дəлел ретінде 2003-2005 жылдары Қырғыз энергетиктері электроэнергияны өндіру үшін Тоқтағұл су қоймасына 750 м3/сек жоғарылатылған бос ағызулар түсіргендігін айтып кетуге болады.
Сырдария өзен бассейнінің су деңгейінің жоғары болуы - Шардара су қоймасына келетін су мөлшерінің артуына жəне су қоймасының уақытынан бұрын толуына алып келді.
Қыс кезінде судың жоғары шығындарының өтуі нəтижесінде өзен арнасынан тасып, инженерлік құрылыс, бөгет, егістіктерді шайып, Қызылорда облысының елді мекендерін су басты. Қазақстан Республикасының су қорлары комитеті бұл жағдайды 2 млн АҚШ долларына бағалады.
2003-2005 жылдары Сырдария өзенінде болған сел, су шаруашылығы мамандарын көпжақты анализге тартуы керек.
Неліктен біздің су шаруашылық мамандарымыз тəуелсіздігімізді алғалы бері
Сырдария арнасын тазалап, Арал теңізіне суды сүзіп таза күйінде жіберу сауалын қарастырмаған. Мысалы, Өзбекстан территориясындағы Жезақ жəне Новои облыстарында көптеген жайлауларды, жолдарды, электрқуаты жолдарын, тұрғылықты мекендерді су басты. Арнасай көлі деңгейінен асып, барлық суармалы жерлерді басып барады.
Сырдарияның төменгі ағысындағы өткізгіштік қасиетінің төмендігіне байланысты Арнасай көліндегі өндірістік түсірілісі, орта есеппен алғанда жылына 3, 3 км3 құрады. Ал 1993-2005 жылдар аралығында түсіріліс көлемі 40 км3-қа жетті. Негізінен бұл су Арал теңізіне құйылу керек еді.
- Бұл апат адамның қатысуымен жасалды. 1960 жылдан 1988 жылға дейін Арал теңізінің бассейнінде жаңа жерлерді кеңінен игеру жүрді де, суарылатын жер көлемі және суды пайдалану екі есе артты. Соның салдарынан теңізге құйылатын су 1961 жылғы 55 мың текше километрден 8-10 текше километрге азайды. Сөйтіп, 90 жылдардың басында Арал теңізі өзінің көлемінің 85 пайызын, аумағының 65 пайызын жоғалтты. Дәл қазір Арал теңізінің айдыны 13 шаршы километр, бұрынғының 17 пайызы, ал су көлемі 90 мың текше километр, бұрынғының 9 пайызы ғана.
Теңіздің көлшікке айналуы, судың тапшылығы әлеуметтік-экологиялық сипаттағы проблемалар тудырды. Климаттың өзгеруіне, өзендердегі сулардың сапасының төмендеуіне, Арал теңіздегі балық кәсібінің жойылуына, 4 миллион гектардай жердің құнарсыздануына байланысты миллиондаған доллар экономикалық зиян келумен қатар, Әмудария және Сырдария өзендерінің сағасындағы өмір сүріп жатқан 5 миллиондай халықтың өмір деңгейі мен денсаулығына қатты әсер етті. Мұндай экологиялық дағдарыстан, ең алдымен балалар мен аналар жапа шекті.
- Енді сол апаттың қасіретін азайтуды мақсат еткен қордың қалай құрылғанына келейікші.
- Су - Орталық Азия елдері үшін ең өзекті мәселе. Бұл жерде үлкен келісім керек. Келіспейтіндерге қатысты «Басындағы су ішеді, аяқтағы у ішеді» деген мәтел шыққан. Бұрын өзі Арал теңізі бассейні деп аталатын Әмудария мен Сырдария өзендерінен су ішетін елдер арасындағы суға байланысты мәселені белгілі дәрежеде Мәскеу реттеп отырса, енді өздері реттеуге тиіс. Осы жерде мен мына бір жайды атап айтқым келеді. Бұл елдер өздерінің егеменді дамуының алғашқы қиын күндерінен-ақ судың мемлекетаралық көздерін пайдалану мен қорғау, басқару ісімен келісімге келіп, көрегендік танытты. Қазір біреулер өмір барысында кездесе беретін азын-аулақ кемшілікті, келіспеушілікті бадырайтып көрсетуге құмар. Шын мәнінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан, біреулері осынау су ресурстарын пайдалануда қолайлы жағдайда тұрғанына қарамай, келісімге қол қойғандарын жақсы ниеттің көрінісі болды деп бағалағанымыз жөн. Және бұл одан кейінгі уақыттарда да жалғасын тапты. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады, оның жарқын бір көрінісі деп Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылуын айтар едім.
Мұның алдында 1992 жылы Орталық Азия елдерінің басшылары су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекетаралық орган - Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссиясын құрған болатын. Келесі жылдың алғашқы күндерінде Ташкентте басқосқан бес елдің басшылары Халықаралық Аралды құтқару қорын (ХАҚҚ) құру жөнінде шешім қабылдады. Бұл мемлекетаралық ұйымның мақсаты Арал апатының зардабына ұшыраған аймақтарды экологиялық сауықтыруға бағытталған экологиялық және ғылыми-тәжірибелік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеп, оны қаржыландыруды көздейді.
Содан бері бұл ұйым, міне, 18 жыл бойы, елдердің қиындыққа қарсы бірлесіп кездесуінің, өткір мәселелерді ынтымақтаса шешудің жақсы нышаны болып келеді. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Оның белсенді араласуымен талай су шаруашылығына, гидроэнергетикаға қатысты, экологиялық сипаттағы мәселелер шешіліп, халықаралық ұйымдардың арасында ынтымақтастық орнықты.
- Сөзіңізге қарағанда, бұл қор мемлекетаралық қарым-қатынастың жаңа бір нысанындай көрінеді. Сондықтан да, оның құрылымына азырақ тоқтала кетсеңіз.
- Мемлекетаралық дегенде, шын мәнінде де ол ең жоғарғы деңгейдегі қарым-қатынас. Оны ел басшылары жүргізеді. Қордың ең жоғарғы органы - Арал теңізі бассейнінің проблемалары бойынша мемлекет басшыларының кеңесі. Одан бір саты төмен - қор басқармасы. Оған қорға мүше елдер үкіметтері басшыларының орынбасарлары кіреді және негізгі саяси шешімдерді әзірлейді, оны ел басшыларының бекітуіне ұсынады. Қордың үйлестіруші органы - атқарушы комитет, оған әр елден екі өкілден кіреді. Түрлі шешімдерді әзірлеу, оның орындалуын қадағалау осы буын арқылы жүзеге асады.
Қордың құрылымына кіретін басқа да біршама буындар бар. Олар Арал апатының зардаптарын жоюға бағытталған түрлі жобалар мен бағдарламаларды ғылыми негізде әзірлеп, оны жүзеге асыруды жоғары деңгейде жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылдырылады.
- Арал апаты, Арал қасіреті дегенде, теңіздің тартылғанын, соған байланысты экологиялық қиын жағдайдың қалыптасқанын айтамыз. Соны оңалтуға байланысты қор не жұмыс атқарды дегенде, не айтар едік.
- Әрине, Аралды бұрынғы қалпына қайта келтіру мүмкін емес. Оған келіп қосылатын судың көбеймейтіні де белгілі. Соған қарамай теңіз орнынан ұшатын тұзды шаңды азайту жолында жұмыстар жүріп жатқанын айтпағанда, Кіші Аралға байланысты жүргізіліп жатқан шаралар ауыз толтырып айтарлықтай. Осыдан үш жыл бұрын «Сырдария арнасын және Арал теңізінің солтүстік бөлігін реттеу» жобасының бірінші фазасы ойдағыдай жүзеге асты. Оған 86 миллион доллар қаржы жұмсалды. Жобаның екінші фазасын жүзеге асыру жүріп жатыр. Арал теңізі экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарламаның 8 компонентін орындауға 191 миллион доллар қаржы бөлінген.
Әйтпесе, Көксарай су реттегішін пайдалануға берудің өзі не тұрады. Ол Қызылорда өңірінде көктемде су тасу қаупінен құтқаруы өз алдына, жазда егіндікке мол су жеткізумен қатар, Кіші Аралдың айдынын кеңейтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz