Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария»университеті
«Гуманитарлық білім»факультеті
«Тарих және география» кафедрасы
“Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
5В 011600- «География» мамандықтары студенттері үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(Силлабус)
Оқу түрі: сыртқы
Курс: 4
Кредит саны 4
Лекция: 30 сағат
Семинар: 20 сағат
СӨЖ: 130сағат
Барлық сағат саны: 180 сағат
Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)
Барлық балл саны: 100
Жетісай, 2011
Құрастырған: оқытушы: Сырбаева АА.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(Силлабус)
“Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
5В 011600- «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген
Силлабус : оқу бағдарламаға сәйкес құрастырылған.
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген.
Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
Хаттама № «» 20 ж
Кафедра меңгерушісі, т. ғ. к., доцент Апашева С.
Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған
Хаттама № «» 20 ж
Әдістемелік бюро төрағасы:(төрайымы) Исламова М.
Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
Хаттама № «» 20 ж
Ғылыми кеңес хатшысып. ғ. д, профессор Мусабекова Г. Т.
Мазмұны
- Алғы сөз ……. . . .
- Жалпы мәліметтер . . .
- Курстың мақсаты мен міндеті . . .
- Курстың пререквизиттері, постреквизиттері . . . . . .
- Жұмыс оқу жоспарынан көшірме . . .
- Оқу сабақтарының құрылымы . . . .
- Студентке арналған ережелер . . . . .
- Оқу сағаттарының тақырып
бойынша бөліну кестесі . ……… . . .
- Лекция сабақтарының мазмұны . . .
- Семинар сабақтарының жоспары . . .
- СӨЖ жоспары . . .
- Студенттердің білімін бақылау түрлері: . . .
а) Бақылау сұрақтары
13. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі . . .
- Алғы сөз
Оқу әдістемелік кешен “Сулы жүйелер экологиясы ” пәні бойынша 5В 011600 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
2. Жалпы мәліметтер:
Уақыты
Ауд
Уақыты
Ауд
Тел:
Каб:
Корпус:
3. Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі
Пәннің қысқаша сипаттамасы Адамзат пен табиғат арасындағы өзара кешенді байланыстарды зерттей оқытып, қоршаған ортаны бір тұтас жүйе ретінде қарайтын физикалық география туралы білімдерді біріктіре отырып, олардың мемлекеттер мен аудандардың экономикасын дамытуға әсері жайлы білім беретін бірден -бір ғылым санасы - экономикалық-әлеуметтік географиясы екендігін студенттер ұғынуы тиіс.
Курстың мақсаты: әлемдік сулы жүйелер экологиясын қазіргі таңдағы өзекті проблемаларды шешу. Бұл курс дүние жүзі елдерінің табиғат ресурстары, халқы мен шарушылығы сондай-ақ қазіргі кездегі экономикалық және экологиялық проблемалары туралы терең білім беруге бағытталған.
Курстың міндеттері : Студенттер экономикалық және әлеуметтік география туралы білімдерін дамытып, география мен нарықтық салалардың байланысын игере білуі керек. Сол арқылы әлемдік ғаламдану жағдайында дүние жүзі елдерінің мемлекет ретінде өнеркәсіптенген қоғам құру туралы жаңаша түсіністік қалыптастыру.
Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына шаруашылық тұрғысынан жалпыға баға беру.
4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Бақылау
Жұмысы
6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция - студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында - студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проб-лемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
СӨЖ -студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules) :
- Сабаққа кешікпеу керек.
- Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
- Сабаққа іскер киіммен келу керек.
- Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
- Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелін-еді.
- Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. Оқу сағаттарының тақырып
бойынша бөліну кестесі
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
Лекция № 1
Тақырыбы: Кіріспе . Сулы жүйелер экологиясы пәні.
(1 сағат)
Жоспар:
1. С. Ж. Э. арнайы курсын оқытудағы басты мақсаты.
2. Экология ғылымы туралы мәлімет.
Лекцияның мәтіні.
Сабақтың мақсаты: Табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады.
1. Дүние жүзі су қорларының ластамауы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға тән. Су ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды.
-биалогиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш биімді заттар;
-химиялық ластану; уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
-физикалық ластану; жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиооктивті заттар.
Судың сапасы, ластану денгейі үшін бақлауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың жүзден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы Мем СТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейінінің ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын суларды өзен көлдерге жіберу. Бұған жолберетіндері:
-трғын үй, комунналды шаруашылықтар;
-өнер-кәсіп орындары;
-ауыл шаруашылығын химияландыру;
-халық шаруашылығының басқада салалары;
Ағын суларға құйылатын мол сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін коллойдты, еритіндер), лас сула (минералдық, органикалық, бактериялдық, биологиялық) - деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58% минералдық заттар 42%-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулармен ситетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар- химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластану Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы-жай), зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезінде өте көп химиялық заттар қолдданылған.
2. Қазіргі кезде адамның қоршан ортамен қарым-қатнасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстардыб пайдалануы еселеп артырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондайақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе жоғары дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамның денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл беруге табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға сондай-ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу, төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгійлі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеумен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң; бір нәрсені зерттеу, түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кішігіріңкіреген де, кейді тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Бақылау сұрақтары:
- Экология ғылымы.
- Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағыты.
- Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі
- Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңі
- Экология ғылымының өрлеу кезеңі.
Лекция № 2
Тақырыбы: Нақтылы су жүйелерінің географиялық экологиялық сипаттары.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Әлемдік мұхит, көлдер.
2. Континенттегі су алыптары
Лекцияның мәтіні.
Сабақтың мақсаты: Бедерімен және гидрологиялық режимімен ерекшеленетін жекеленген бөліктерді және аудандарды бөліп қарастырады.
1. Жер шарының шамамен ¾ бөлігін үздіксіз шексіз су қабаты әлемдік мұхит алып жатыр. Оның ауданы 361мин. км тең немесе планетамыздың 71% бөлігін құрайды және бұл су айдынында бүкіл гидросфераның шамамен 96% шоғырланған 11, 34 млрд км .
Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су отмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхиттар дейміз. Кейде мұхиттар мұхит алаптарынга бөлінуі мүмкін. Негізінен мұхиттарды теңіздерге, шығанақтарға, және бұғаздарға бөліп қарау қалыптасқан.
Теңіз-мұхиттың құрлыққа суғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктероінен құрлық жағалаулары түбектер немесе оның өзге бөліктерінің құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бір бөлігі. Теңіз-мұхиттан өзіне тән гидрологиялық, гиологиялық және басқа сипаттарымен ерекшеленеді. Келтірілген анықтамаларға сүйенсек теңіздердің гидрологиялық режимнің әлемдік мұхит бөліктерінің айтарлықтай сипаттамалық белгісі болып табылатындығын көреміз. Мұхиттар мен теңіздердің гидрологиялық процестер жер бетіндегі су объектілерінде өтіп жататын табиғи процестердің маңызды бір бөлігі және оларды игеру барысында керекті шарт.
Әлемдік мұхит шартты түрде келесі бөліктерге; Тынық, атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхиттарға бөлінеді. Алып жатқан ауданына және суының көлемсіне қарай мұхиттардың ең үлкені және тереңі (орташа және шекті өлшем бойынша-Тынық мұхит, кейде оны «Ұлы мұхит » деп атайды. Оның ең терең жері (әлемдік мұхиттың да) 11022м. Ол жер шарынан шұңғылында орналасэқан. (1957 ж Советтік ғылыми-зерттеу экспедициясы «Витязь» кемесінде өлшеген)
2. Мұхиттардың бөліктері-теңіздері-құрлыққа қатысты орналасуына қарай ішкі (құрлық іші және материкаралық), шеткі және аралық деп үш топқа бөлінеді.
Ішкі теңіздердің мұхиттармен байланыстары бұғаздар арқылы болуы себепті өте нашар жүреді. Сондықтан да олардың идеологиялық режимі мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимінен бір шама ерекшеленеді. Ішкі теңіздердің екі түрге бөлінуі олардың аттарынан-ақ көрініп тұр. Материк аралық теңіздердің материктер арасында орналасса (оған мысал Жерорта теңізі), Ал құрлықшылық теңіздер-бір құрлықтің ішінде орналасады. (Азу, Балтық, Ақ теңіздер)
Шеткуі теңіздер мұхиттан аралдар арқылы немесе құрлыққа сұғына кіріп орналасады және мұхитпен еркін байланыста болады. Сондықтан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мен мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимдері көп ұқсастыққа ие. Шеткі теңіздерге Баренц, Чукот және т. б. теңіздерді жатқызуға болады.
Араларалық теңіздер үлкен аралдардың немесе арихипелагтардың арасында орналасады, мысалы, Фиджи және Бонда теңіздері.
Теңіздерді олардың шекарасын мөлшерін және тіпте аттарын белгілеу әлі де толық бекітілмеген . Тіптен теңіздердің саны жөніндегі әртүрлі ғалымдардың мәліметтері өзара едәуір айырмашылықпен сипатталады. Халықаралық гидрологиялық (ХГб) және ЮНЕСКО-нің үкімет аралық мұхиттану комиссиясының (МОК) мұхитану материалдарымен халықаралық дәрежеде алмасуды тәртіпке келтіру мақсатында қабылданған бөлшектнуіне сәйкес 59 теңіз бар. Олардың көпшілігінің марфометриялық сипаттамалары мұхиттар мен теңіздерде жоғарыда келтірілген бөліктермен қоса олардың сыр бейнесімен табанының бедерімен және гидрологиялық режимімен ерекшеленетін жекеленген бөліктерді және аудандарды бөліп қарастырады. Олар: шығанақ, бухта, лиман, лагуна, флорд және бұғаздар.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік мұхит
2. Халықаралық гидрология
3. Ішкі теңіздердің түрге бөлінуі.
Лекция № 3.
Тақырыбы: Әлемдік мұхиттардың биотикалық қарым-қатынас заңдылықтары.
1 сағат)
Жоспар:
1. Лимнологиялық Экожүйелер гидробиоттарының биотикалық заңдылығын анықтау.
2. Лентикалық экожүйелер гидробиоттарының биотикалық қарым-қатынас заңдылығын анықтау.
Лекцияның мәтіні.
Сабақтың мақсаты: Мұхиттың материктік қайраңмен беткей зоналарының геологиялық құрылымы континенттермен қарастырады.
1. Дүние жүзілік мұхит жер шарының көпшілік бөлігіне (70, 8%) жайласқан, құрлықты материктерге және аралдарға бөліп тұрушы су қабаты. Ауд. 361060 мың км орташа тереңдігі 3795м, ең терең жері 11022м.
Физ-геогрф. Ерекшеліктеріне қарай М жеке М-тарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнауларға, бұғаздарға бөлінеді. Мұхит 4-ке (Тынық, Атлант, Үнді, Солт мұзды) ажратылады. Мұхит түбінің рельфі. Мұхит түбі материктік қайраң, материктік беткей, мұхит түбіне және мұхит шұңғымасына ажратылады. Материктік қайраң материктің су астындағы жалғасы ретінде 200м тереңдікке дейін созылып жатады. Бұның ең енді жері-Аргентина жағалауында, Беринг, Сары теңіз, ОҢТ Қытай және Арафур теңіздерімен Солтүс мұзды Мұхитында кездеседі. Материк қайраңдарда көптеген теңіздер (ішінара Советтік Арктика теңіздері де орналасқан) Материктік жақпардың бүйір беті сияқты материктік беткей тұқырының тиөмен, шегі ретінде 2000-24000 тереңдікке дейін таралады. Материктің 2000м-ден 6000м-ға дейінгі ең төмен бөлігінің көпшілігі мұхиттың түбін алып жатыр. Мұхит түбінің кейбір аудандарының тереңдіктері 6000-ден астам, жас тау көтерілімдеріне және аралдар тізбектеріне паралель жатқан бірнеше шұңғымалар кездеседі. Ең тереңдік шұңғымалар: Мармана (11022м), Тонго(110882м), Куриль (1917м) . Құрлық бетінің рельфіне қарағанда мұхит түбінің рельфі аз зертелген. Қолдағы бар деректерге қарағанда бұл екеуінің арасында ұқсастық байқалады. Мұхит түбінде биік тау жоталары( Орт Атлант, Орта Үнді, Солтүс Мұзды мұхитағы Ломоносов тау жотасындағы т. б), сүйір басты шыңдар (Атлант мұхитының оң түс Шписбанкасы), жұмыр басты таулар (Тынық мұхиттың батыс бөлігінде), тік беткейлі үсттірер (Азор үстірті), кең алапты шұңғымалар (Солт Тынық мұхиты т. б), терең каннондар (Гудзон, Балтемур), т б кездеседі. Құрлық бетінің рельфімен салыстырғанда мұхит түбінің рельфімен салыстыруда мұхит түбінің беті көбірек жайдақталған, дегенмен кейбір жерлерінде күшті тілімделген учаскілер де кездеседі. Мұхит түбінде шөгіп кетбкен бұрынғы құрлық бөлігі де кездеседі. (Мыс, Аляска шығанағы)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz