Мемлекеттiк қайраткердің нақыл сөздері



1 Әбу Насыр әл.Фараби
а) Қалаларды қалай басқару керектігі туралы
Тән сияқты жанда да /3/ өзіне тиесілі денсаулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі және тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы нашар болуының әсерінен әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады. Тәнінің саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы сондай бір күйде болады, мұның әсерінен жан өзінің әрекеттерін барынша толық, барынша мінсіз жасайды: олар тән және оның бөлшектері жасайтын әрекеттердің жақсы немесе жаман болуына қарамай жүзеге асады. Ал тән науқастылығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы сондай нашар күйде болады, мұның әсерінен жан тәннің немесе оның бөлшектерінің көмегімен жүзеге асыруға тиісті әрекеттерін жасамайды, не оларды өзіне тән жетiк түрде емес, не болмаса өзіне тиесiлi емес қасиетте жасайды.
2. Адамның игі қылықтар мен жақсы әрекеттерін жүзеге асыруға көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары – сұрқиялық, кемістік немесе опасыздық болып шығады.
3. (104-бет) Тәнді емдеуші – дәрігер, ал жанды емдеуші – әмірші деп аталатын мемлекеттік қайраткер. Бірақ дәрігердің көздейтін мақсаты – тәндерді емдеу жолымен оларды жанға игілікті немесе келеңсiз әрекеттер істеуге көмектесетін халге келтіруде емес. Оның бір ғана ниеті – тәндерді емдегенде, және оның бөлшектерінің көмегімен жүзеге асырылатын жан әрекеттері барынша мінсіз болатындай етіп емдеу – бұл әрекеттер жаман немесе жақсы бола ма, оған қарамай мінсіз болып шығатындай етіп емдеу. Мысалы, қолды емдейтін дәрігер ол қолдың ұстау әрекеттері өте жақсы болуын ғана көздейді, ал ол жақсы ұстау әрекеттерінің көмегімен игілікті немесе зұлымдық істер істеле ме, жоқ па, мұнда дәрігердің ісі болмайды, ал көзді емдейтін дәрігер көз жанарының мінсіз жақсы көретіндей болып шығуын көздейді, бірақ бұл жанар қажеттiнi және жақсыны көруге пайдаланыла ма, немесе қажетсiздi және жаманды көруге пайдаланыла ма, мұнда дәрігердің ісі жоқ.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Әбу Насыр әл-Фараби
Мемлекеттiк қайраткердің нақыл сөздері

Әбу Насыр әл-Фарабидiң Мемлекеттiк қайраткердің нақыл сөздері деген
кітабы.
Бұл – қалаларды қалай басқару керектігі туралы, басқарғанда
олардың көркеюіне, ондағы тұрғындар тұрмысының жақсаруына көмектесу, сөйтіп
оларды бақыт жолына бағыттап отыруға қатысты ерте заман ойшылдарының
айтқан, көптеген негізгі қағидаларын қамтитын жеке-дара нақыл сөздер.
1. Тән сияқты жанда да 3 өзіне тиесілі денсаулығы және науқасы
болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы
жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер
істеледі және тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның
өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы нашар болуының әсерінен әрдайым
жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер
жасалады. Тәнінің саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы
сондай бір күйде болады, мұның әсерінен жан өзінің әрекеттерін барынша
толық, барынша мінсіз жасайды: олар тән және оның бөлшектері жасайтын
әрекеттердің жақсы немесе жаман болуына қарамай жүзеге асады. Ал тән
науқастылығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің хал-жайы сондай нашар
күйде болады, мұның әсерінен жан тәннің немесе оның бөлшектерінің көмегімен
жүзеге асыруға тиісті әрекеттерін жасамайды, не оларды өзіне тән жетiк
түрде емес, не болмаса өзіне тиесiлi емес қасиетте жасайды.
2. Адамның игі қылықтар мен жақсы әрекеттерін жүзеге асыруға
көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер
мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары – сұрқиялық, кемістік
немесе опасыздық болып шығады.
3. (104-бет) Тәнді емдеуші – дәрігер, ал жанды емдеуші – әмірші
деп аталатын мемлекеттік қайраткер. Бірақ дәрігердің көздейтін мақсаты –
тәндерді емдеу жолымен оларды жанға игілікті немесе келеңсiз әрекеттер
істеуге көмектесетін халге келтіруде емес. Оның бір ғана ниеті – тәндерді
емдегенде, және оның бөлшектерінің көмегімен жүзеге асырылатын жан
әрекеттері барынша мінсіз болатындай етіп емдеу – бұл әрекеттер жаман
немесе жақсы бола ма, оған қарамай мінсіз болып шығатындай етіп емдеу.
Мысалы, қолды емдейтін дәрігер ол қолдың ұстау әрекеттері өте жақсы болуын
ғана көздейді, ал ол жақсы ұстау әрекеттерінің көмегімен игілікті немесе
зұлымдық істер істеле ме, жоқ па, мұнда дәрігердің ісі болмайды, ал көзді
емдейтін дәрігер көз жанарының мінсіз жақсы көретіндей болып шығуын
көздейді, бірақ бұл жанар қажеттiнi және жақсыны көруге пайдаланыла ма,
немесе қажетсiздi және жаманды көруге пайдаланыла ма, мұнда дәрігердің ісі
жоқ. Сондықтан жанның саулығына немесе науқастығына бұл тұрғыдан қарау
дәрігердің міндетіне жатпайды, мемлекет қайраткерінің және әміршінің
міндетіне жатады 4. Мемлекет қайраткері мемлекетті басқару өнері арқылы,
әмірші, ел билеу өнері арқылы (бұл өнерді) қай жерде және кімге қолдану
немесе қолданбау керектігін және тәндерге денсаулықтың қандай түрін
қамтамасыз ету керектігін анықтайды. Сондықтан әмірші мен мемлекет
қайраткерінің өнерiнiң хал-жайы, қалаларда (бар) басқа өнерлермен
салыстырғанда, құрылысшылар басшысының барлық басқа құрылысшыларға
қарағандағы хал-жайына ұқсайды, өйткені қалаларда (бар) басқа өнерлер
олардың көмегімен мемлекетті басқару өнерінің және ел билеу өнерінің
көздеген мақсатына жету үшін іске қосылып, пайдаланылады, олар
құрылысшылардың басқа өнерлерінің бас (сәулет) өнерін мақсатына жету үшін
пайдаланылатыны сияқты.
4. (105-бет) Адамдар тәнін емдейтін дәрігер бүкіл тәнді, оның
бөлшектерін, бұлардың тұтас денеге қатынасын білуі керек: тәнді, оның
бөлшектерінің әрқайсысын ауыртатын науқастарды олардың қайдан және қаншама
көп себептерден пайда болатынын білуі керек; оларды қалай емдеу керектігін
және тәнде болатын әрекеттер тәннің және оның бөлшектерінің қандай күйінде
мінсіз және толық болып шығатынын білуі керек. Дәл сол сияқты, жанды
емдейтін мемлекет қайраткері немесе әмірші бүкіл жанды, оның бөлшектерін,
жанға және оның әрбір бөлшегіне зақым келтіретін кемшіліктер мен
кеселдерді, олардың қайдан және қаншама себептерден туатынын білуі керек;
адамның игілікті істер істегендегі жай-күйлерін, бұлардың қанша екенін,
қала тұрғындарының кемшіліктерін қалай жоюды, қала тұрғындарының жан
жүйесіне біткен қайырымдылықтарды қалай нығайтуды, оларды (бұл
қайырымдылықтарды) қалай сақтауды, сөйтіп, олардың жойылуына жол бермеуді
білуі керек. Дәрігерлерге тән туралы, балташыға ағаш туралы, ұстаға темір
туралы өздерінің өнері үшін қанша керек болса, тек сонша білу керек
болатыны сияқты, ол да жан туралы білгенде, өзінің өнері үшін қанша, керек
болса, тек сонша білуі керек.
5. Денелер жасанды және табиғи болады. Мысалы, жасандыға төсек,
семсер, әйнек және тағы сондайлар, табиғиға – адам және басқа жанды
жәндіктер жатады. Олардың (денелердің) әрқайсысы екі заттан: материядан
және материя формасынан құралады. Материя дегеніміз, мысалы, төсектегі
ағаш: форма дегеніміз, мысалы, төсектің пішіні, атап айтқанда, (106-бет)
шаршы, дөңгелек және басқа пішінді болып келуі. Материя дегеніміз –
потенциалдық төсек, форманың арқасында ол шындықтағы төсекке айналады.
6. Жанның басты бөлшектері мен күштері бесеу: нәрлендiру,
сезiнушi, қиялдаушы, ұмтылушы және зерделi.

Нәрлендіру (күші) тұтас алғанда бұл сол, не ас та, аспен
бірге немесе сол арқылы әйтеуір бір әсер ететін күш 5.
Ас үш түрлі болады: алғашқы, аралық және соңғы. Алғашқыға
жататындары, мәселен, нан, ет және әлі қорытыла бастамағандарының бәрі.
Соңғыға жататыны – толық қорытылып болған, сонымен қоректенетін мүшеге
ұқсайтын ас: егер мұндай мүше ет болса, ол ас етке ұқсап, егер сүйек болса,
сүйекке ұқсап қорытылады. Аралық (ас) екі түрлі болады: 1) одан қан (пайда
болғандай) дәрежеде қарын мен ішекте қорытылған ас және 2) қанның (өзі).
Нәрлендіруші (күшке) ас қорыту күші, тудырушы, өзіне тартушы, ұстаушы,
ажыратушы және айдаушы болып табылатын өсу күші жатады. Нәрлендіруші (күш)
деп, әрбір жеке мүшеде пайда болатын қанды сол мүшеге ұқсағанға дейін пісіп-
жетілу дәрежесіне жеткізетін күшті атаған әділетті болады. Ас қорытушы
(күш) – бұл алдыңғы асты қарын мен ішекте одан қан (пайда болатын) дәрежеге
дейін пісіріп жетілдіретін, ал онан кейін (бұған даяр затты), мәселен,
бауырда қанға айналғанға дейін қорытатын күш. Өсу (күші) – бұл ас арқылы
дене мүшесінің үлкенділігін оның дамуына қарай барлық бағытта, ол әрбір
мүше үшін мүмкін болған көлемнің шегіне жеткенге дейін, ұлғайта беретін
кұш. Тудырушы (күш) – бұл қанның қасиеттеріне жақындай үйлесетін астың
артығынан, сол артық асты сіңіруден қалдырған тәнге түрі жағынан ұқсас,
басқа тәнді туғызатын күш. Бұл (күш) екі түрлі болады: 1) жаңа туған
нәрестеге материя беретін күш – ұрғашы (күш) сондай; 2) оған форма беретін
күш – еркек (күші) сондай. Бұл екеуінен (107-бет) түрі соларға ұқсайтын
басқа жануар пайда болады. Өзiне тартушы (күш) асты бір орыннан екінші
орынға, ол өзі қоректендіретін тәнге жетіп, онымен қабысып, араласқанға
дейін тарта береді. Ұстаушы күш – тәннен келген асты дененің тамырларында
сақтайтын күш. Ажыратушы (күш) әрбір мүшеге жіберу үшін оларды бір-бірінен
айыратын, астың артығын ажырататын күш. Айдаушы (күш) астың әр түрлі артық
түрлерін бір орыннан екінші орынға айдайтын күш.
Сезінуші күш – жалпыға мәлім бес сезімнің бірімен қабылдайтын күш.
Қиялдаушы (күш) – сезім арқылы қабылданатын заттардың
бейнелерін, олар енді сезім арқылы тікелей қабылданбайтын болғаннан кейін,
есте сақтайтын, бір-бірімен әр түрлі қиюластыра қосатын және толып жатқан
амалдар арқылы бір-бірінен айыратын күш; бұл қосылған бейнелердің
кейбіреулері ақиқат, ал басқалары жалған (бейнелерді) береді. Мұның өзі
өңде де, түсте де (болады). Бұл және нәрлендіруші (күштердің) басқа
күштерден айырмашылығы сол, бұлар ұйқы кезінде де әрекет ете алады.
Ұмтылушы күш – ұмтылудың арқасында жануардың бір нәрсеге
талпынуын, бір нәрсені қалауын немесе жақтырмауын, іздеуін және қашуын,
ұнатуын және жиренуін, ашулануын және ләззат алуын, қорқуын және
батылдығын, үрейленуін, қаталдығы мен аяушылығын, сүйініші мен жек көруін,
құмарлығын, шабыттануын және басқа жан құбылыстарын тудыратын күш. Бұл
күштің құралдары – тәннің барлық мүшелерінің және тұтас дене қозғалысын,
мәселен, қолдың ұстау, аяқтың жүру қабілетін және басқаларын, туғызатын
құралдар.
Зерделi күші – адам ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді
ұғынуына (108-бет) және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін
күш. Бұл күш практикалық және теориялық болып екіге бөлінеді. Практикалық
күш кәсіптік және ойлаушылық болып бөлінеді. Теориялық күш адамнын дүниеде
бар және қасиетті жағынан біздің жасаумызға немесе бір қалыптан екінші
қалыпқа өзгертуімізге келмейтін заттарды танып білуіне көмектесетін күш.
Мәселен, үш - тақ сан, төрт - жұп сан, біз шаршы пішінді етіп өзгерте
алатынымыздай, сонда ол мұның екеунде де ағаш кесіндісі болып қала
беретіндей етіп, үшті ол жұп болатын қала беретін етіп өзгерте алмаймыз,
немесе, төртті тақ болатын, бірақ сонымен бірге төрт болып қала беретін
етіп, өзгерте алмаймыз, практикалық күштің арқасында біз жасай алатын және
бір қалыптан екінші қалыпқа келтіріп өзгерте алатын заттар бір-бірінен
айырылып, танылады. Кәсіптік немесе шеберлік күш - кәсіпті меңгеруге,
мәселен, балташы, егіншілік, медицина, теңізде жүзу өнерін үйренуге
көмектесетін күш. Ойлау күші - біз бір затты жасағымыз келгенде, оны
жасауға бола ма, жоқ па, егер жасауға болса, бұл істі қалай орындауға
тиісті болатынымызды білуімізге, оны ойша елестетуімізге көмектесетін күш.
7. Iзгіліктер 6 екі түрлі болады: этикалық және интеллектуалдық.
Интеллектуалдық - (жанның) зерделi жағына жататынiзгiлiк, мәселен, даналық,
парасат зерденiң тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық ізгіліктер
– бұлар (жанның) ұмтылуы жағына жататын ізгіліктер, мәселен, ұстамдылық,
батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді.
8. Этикалық ізгіліктер мен жаман қылықтар адам жанында кісілік
(қасиеттен) туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына көп рет
қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды (109-
бет). Дәл өнердегі сияқты мұнда да ізгілікті әрекеттер қайырымдылыққа,
теріс әрекеттер жаман қылықтарға бастайды, мәселен, жазу өнерінде осылай
болады, біз жазумен (байланысты) әрекеттерді сан рет қайталап, оған
дағдылансақ, мұнан бізде жазу өнері пайда болып, тұрақтайды, егер қайталау
арқылы өзімізде дағдыға айналдырған бұл әрекеттер жаман болып шыкса, біз
жаман жазып дағдыланамыз, жақсы болып шықса, жақсы жазып дағдыланамыз.
9. Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны
сияқты, ізгілік те, жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан
дарымайды. Бірақ ізгіліктер немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге
жаратылысынан бейім болуы мүмкін, сонда оған қандай да болсын басқа
әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады.
Дәл сол сияқты, ол жазумен немесе қандай да болсын басқа өнермен
байланысты әрекеттерге бейім болуы мүмкін, сонда ол қандай да болсын басқа
әрекеттерден гөрі әлгі әрекеттерді оңайырақ, орындайды. Сонымен, оны қандай
да болсын сырттан келген басқа бір ниет қарама-қарсы жаққа бағыттап
жібермесе, ол әуел бастан-ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ келетін әрекетке
бет қояды. Тоқыма жұмысына жаратылысынан бейімділіктің тоқымашылық болып
саналмайтыны сияқты, жаратылысынан өзіне оңай келетін әрекетке бейімділік
те ізгілік болып саналмайды. Бірақ жаратылысынан біткен бейімділік iзгi
әрекеттерге бағытталса және бұл әрекеттер қайталана келе адам жанында сол
әрекеттердің өзін тудыратын күйді тудыратындай дережеде әдетке әдет түрінде
нығайып бекісе (110-бет), әдетпен орныққан бұл күй ізгілік деп саналады.
Табиғи күйден солар сияқты әрекеттер туғызса да оны iзгiлiк деп те,
әдепсiздiк деп те атамайды. Табиғи күйдің атауы болмайды, ал егер әлдекім
оны iзгiлiк немесе әдепсiздiк деп атаса, бұл олардын біреуінің мағынасы
екіншісінікімен үйлесімді келуінен емес, тек екеунің атының ортақтығынан
болады. Адамды әдеттердің салдарынан туған (күй) үшін сөгеді немесе
мақтайды. Оны басқа (күйлер) үшін мақтамайды да, сөкпейді де.
10. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы
шындыққа сыймайтыны сияқты, этикалық және интеллектуалдық ізгіліктерге
жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес.
Дәл сол сияқты кесiрлiкке жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа
сыймайды және мүмкін емес. Бұл жағдайлардың екеуі де мүмкін емес. Көбінесе
әрбір адам қандай да бiр ізгілікке немесе шектеулi ізгілерге бейім болады,
не болмаса белгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге, сөйтіп, біреуi бір
ізгілiкке немесе өнерге, екінші біреуi – екіншісіне, үшінші біреуi
үшіншісіне бейім келеді.
11. Жаратылыстан біткен ізгілікке немесе кесірлікке деген
жаратылысынан бар күй мен бейімділікке соларға ұқсас адамгершілік
қасиеттерi қосылып, олар әдет түрінде орнықса, онда ол адам сол бағытта
жетіледі және жақсы болсын, жаман болсын, онда орныққан ондай күйлердің
жойылуы қиын. Егер жаратылысынан ізгіліктің барлығына бірдей бейім және бұл
ізгіліктер кейіннен оның әдетіне айналған адамды бір кезде табуға болатын
болса (111-бет), онда ондай адамның ізгіліктері адамдардың көпшілігінің
ізгіліктерінен әлдеқайда асып түсіп, оның өзі адамға бітетін ізгіліктер
(шеңберінен) шығып кеткендей, сөйтіп адамнан гөрі жоғары қатарға шыққандай
болар еді. Ерте замандағылар мұндай адамды Құдай деп атап, ал оған қарама-
қарсы, барлық жаманшылық қылықтарға бейім, ол қылықтар оның бойына орныққан
әдетке айналған адамды адамға тән жамандықтың (шеңберінен) шығарып, одан да
жаманның деңгейіне дейін (төмендеткен). Ондайды бұлар, шектен асқан
зұлымдығы үшін (белгілі) ерекше атпен атамаған, олар кейде ондайды (аң) деп
немесе сондай басқа бірдеме деп атаған 7. Шегіне жеткен мұндай екі қарама-
қарсылық адамдар арасында сирек кездеседі. Біріншісі (кейіптес) (адам)
кездескенде, ол бұлардын ұғымында қалаларға қызмет ететін (жай) мемлекеттік
қайраткер болудан жоғары тұрған және ол нағыз әмірші ретіңде барлық
қалаларды басқаруға тиісті болған. Ал екіншісі (кейіптес) (адам) табыла
қалса, ол қаланы тіпті де басқармаған, оған қызмет етпеген, ол қалалардың
бәрінен қуылған.
12. Ізгілікке немесе кесірлікке деген күйлердің және жаратылысынан
біткен бейімділіктердің біреулерін әдеттің көмегімен жоққа шығаруға немесе
біржолата өзгертуге, сөйтіп оларды қарама-қарсы қүймен ауыстыруға болады.
Басқа біреулерін бұзуға, әлсіретуге болады, бірақ олар біржолата жойылып
кетпейді. Үшінші біреулерін жоққа шығаруға, өзгертуге, олардың қуатын
кемітуге болмайды, бірақ оларға табындылықтың көмегімен ол күйлер мен
жаратылыстан біткен бейімділіктерге тән әрекеттерден бас тартудың көмегімен
қарсы тұруға болады (112-бет), яғни адам заманда ол әрекеттерге қарсы қимыл
жасайды. Сол сияқты адам жанында әдет түрінде орныққан теріс адамгершілік
сапалар жөнінде де дәл солай істеуге болады. Олар да сондай топтарға
бөлінеді.
13. Ұстамдылық пен ізгіліктің арасында айырмашылық бар. Оның
мәнісі мынада – ұстамды адам жақсы істер істеп, қайырымдылық жасай тұрса
да, дегенмен, ол теріс әрекеттерге тартпай тұрмайды, сөйтіп өзінің
ниеттерімен күреседі. Ол бұл әрекетінде өзінің күйі мен тілегінің талабына
қарама-қарсы келеді. Жақсы істер істей тұрса да, ол дегенмен сол жақсылық
істегені үшін күйінеді. Ал ізгі адам өзінің әрекеттерінде өз күйі мен
тілегінің талабымен жүріп, жақсы қылықтарды ұнатып, ынтамен істейді, сөйтіп
одан іштей азап шекпейді, қайта ләззат алады. Бұл айырмашылық өзінің
ауруынан қатты азап шегетін адам мен азап шекпейтін, тәнінің ауырғанын
сезбейтін адам арасындағы айырмашылық сияқты. Таза ниетті адам мен ұстамды
адам (арасындағы айырмашылық) та дәл сондай. Таза адам ішіп-жеуде, жыныс
қатынасында заңның ұйғарғанын ғана істеп, сол заңның ұйғарғанынан тыс еш
нәрсені тілемейді, оған ұмтылмайды. Ал ұстамды адам бұл істерге заңның
ұйғарғанындай емес, шамадан тыс ұмтылады. Ол заңның талабын орындайды,
бірақ өз қалауына қарсы келіп орындайды. Алайда ұстамды көп ретте қайырымды
адаммен бірдей жағдайда болады.
14. Қайырымдылық адамдар жанынан берік орын алғанда, не адамдар
ұстамды болғанда қалаларда теріс қылықтар жойылады. Қайсыбір адамнан
таралатын зұлымдықты оның жанынан берік орын алған қайырымдылықпен де,
ұстамдылықпен де жоюға болмаған жағдайда, оны қалалардан аластайды (113-
бет).
15. Белгілі бір әрекеттер жасауға туасынан бейім және мұндай
әрекеттерге қарама-қарсы әрекеттер жасауға қабілетсіз адамның болуы мүмкін
емес. Ізгілікке немесе жамандық істерге жаратылысынан бейім кез келген
адам қарама-қарсы бейімділіктен туатын әрекетке қарсы тұра алады және ондай
әрекетті жасай алады, алайда, әдет аркылы жеңілдік туғанда, сөйтіп оңай
орындалатын болғанға дейін мұны істеу оған қиынға соғады. Әдетке
айналғаннан бас тартуға және оған қарама-қарсы әрекет істеуге болады, бірақ
жогарыда айтқанымыздай, бұған қарсы әрекет істеуге болады, бірақ жоғарыда
айтқанымыздай, мұның өзі адамның әдетіне айналғанға дейін қиынға соғады.
16. Iзгілікті болып табылатын әрекеттер – екі қарама-қарсы
шектің арасындағы бірқалыпты істер, ал ол екі шектің екеуі де жаман
әрекеттер. Олардын бірі – молшылық, екіншісі – тапшылық. Дәл сол сияқты,
ізгілік те – екі түрлі күйдің арасындағы рухани күйлер мен қасиеттер, ол
екі шеткі күйдің екеуі де теріс жағдай. Біреуі – ысырапшылық, екіншісі –
тапшылық8. Мәселен, пәктік – құмарлық пен ләззат сезімінің жоқтығының
аралығы, бұл екеуінің бірі – құмарлық – артықшылық, екіншісі – тапшылық
8. Мырзалық – сараңдық пен ысырапшылықтың аралығы. Ерлік – ессіздік пен
қорқақтықтың аралығы. Қалжыңдағы, сауықтағы және басқа сондайдағы тапқырлық
– бір жағынан, бейпіл ауыздылықтың, бұзылғандықтың және екінші жағынан,
топастықтың аралығы. Қарапайымдылық – қасиет, бір жағынан тәкаппарлықтың
және, екінші жағынан, ұялшақтықтың аралығындағы кісілік қасиет. Ізгілік –
бір жағынан, мақтаншақтықтың, менмендіктің, атаққұмарлықтың және екінші
жағынан, мүсәпірліктің аралығы. Мейірбандық – шексіз ашу мен (адамның)
мүлде еш нәрсеге ашуланбайтын (күйінің) аралығы. Ұялшақтық – бір жағынан
ұятсыздықтың (114-бен) және екінші жағынан, жасқаншақтық пен ұяңдықтың
аралығы. Достық көніл - жек көрушілік пен жарамсақтықтың аралығы. Басқа
(қайырымдылықтардың) бәрінде де істің жайы осындай.
17. Аралық пен орташалық туралы екі (мағынада) айтылады.
1) аралықтың өзі туралы және 2) басқа бір нәрсемен салыстыру және
ара қатынас ретінде. Аралықтың өзі туралы он мен екі аралығында (сан) мысал
бола алады, өйткені алты екіден қанша көп болса, оннан соншама аз. Бұл –
өзімен өзін алғандағы екі шек аралыгы.
Кез келген басқа сан жөнінде мәселе жайы осындай. Бұл аралық
көп немесе аз болмайды, өйткені он мен екі сандарының аралығы еш уақытта
алтыдан басқа ешнәрсе болмайды. Ал салыстырмалы аралық өзінің қатысы бар
заттарға байланысты және әр уақытта көп және аз болады. Мәселен, ересек
балаға берген тамақтың шамасы мен жұмысты көп істейтін үлкен адамға берген
тамақтың шамасы арасында олардың тән ерекшелiктерiне қарай айырмашылық
болады. Олардың біреуiндегі аралықтан шама көлемі мен саны, қаттылығы мен
жұмсақтығы, ауырлығы мен жеңілдігі, жалпы айтқанда саны мен сапасы жағынан
өзгеше болады. Дәл сол сияқты ауаның орташа (температурасы) жөнінде де
істің жайы сондай, өйткені ол тәндермен салыстырала анықталады. Дәл сол
сияқты, ас пен дәрі-дәрмектегі орташа шама мен аралық жөнінде де осыны
айтуға болады, өйткені олармен емделетін тәндерге сәйкес, (ауру адамның)
оның алдындағы әдетіне сәйкес, жыл мезгіліне және дәрінің өзінің қуатына
қарай ол саны мен сапасы жағынан көп және аз болады. Демек, белгілі бір
науқас адамға берілетін белгілі бір дәрі жылдың белгілі бір маусымына қарай
саны жағынан әр түрлі болады (115-бет).
Дәл осы (салыстырмалы) аралық 9 әрекеттерде және адамгершілік
қасиеттерiнде пайдаланылады, өйткені әрекеттердің мөлшеріне және көптігіне
қарай, ал сапаны жасалатын қуаттылығына және әлсіздігіне қарай, оның кімге
жұмсалуына, не үшін қолданылуына қарай өлшеген жөн, мұнымен бірге оның
уақыты мен орнын есепке алу керек болады.
Мәселен, ашудың шамасы сол ашуға душар болған адамның жағдайына,
ашудың туған уақытына немесе орнына байланысты болады. Дәл сол сиякты ұрып-
соғу және (басқа) жазалардың саны мен сапасы (мәселен), кімнің кімді
соғатынына қарай, ұрып соғу жазасын беруге себеп болған қылмысқа және жаза
бергенде ұрылатын құралға сәйкес белгіленеді. Басқа әрекеттер жөнінде де
істің жайы дәл осындай. Әрбір әрекеттегі орташа шама айналадағы жағдайға
қарай айқындалатын нәрсе. Әр түрлі әрекеттерді салыстыра шамалағанда,
бағалағанда есепке алынатын жағдайлар қайсыбір жеке әрекетте бірдей
болмайды, (бір) әрекет, мәселен, бес жағдайға, екіншісі бестен кем немесе
көп жағдайға байланысты өлшенеді.
18. Ас пен дәрідегі орташа шама бірде адамдардың көпшілігі үшін,
көбінесе, белгілі бір уақытқа және бір топ үшін, бірде әрбір жеке тән үшін
және жеке мерзім, ұзақ немесе қысқа мерзім ішіндегі орташа шама, аралық
болатыны сияқты, (116-бет) дәл сондай әрекеттегі орташа шама және аралық
барлық адамдар немесе адамдардың көпшілігі үшін, көбінесе немесе әрдайым,
не болмаса жеке бір топ үшін және белгілі бір уақыт ішіндегі орташа шама
бола алады.
19. Белгілі бір амалмен астағы және дәрідегі орташа шаманы және
аралықты табатын, белгілейтін адам – дәрігер, ол осы (орташа шаманы)
тапқанда қолданатын өнер – медицина. Адамгершілік қасиеттер мен әрекеттерде
орташа шама мен аралықты белгілейтін адам – ел басшысы мен әкім болады, бұл
(орташа шаманы) белгілегенде қолданылатын өнер – мемлекеттік басқару өнері
және әкімшілік өнері болып табылады.
20. Ертедегі адамдар қала және үй деп тек қана мекенді
түсінген емес, сондай-ақ адамдар тұратын баспананы және баспананы күтетін
адамдарды да, қандай болса да, неден (салынса да), қайда – жер астында
немесе жер үстінде болса да, ағаштан немесе балшықтан, киізден, қылдан
немесе адамдар тұратын үйді жасайтын басқа сондай бір нәрседен салынатын
мекенді де түсінген.
21. Үй белгілі бір бөлшектерден және бірлестіктерден құралады,
солардың арқасында көркейеді (117-бет). Бұлар саны жағынан төртеу, ері мен
әйелдері; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік
иесі. Кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, кім бір мақсатқа жету
үшін олардың бірігіп iс-әрекетке қатысуы мен бір-біріне көмектесуі үшін,
үйді мүлiкке толтыру мен сол мүлiктi сақтау үшін, олардың бәрінің
арасында байланыс орнатса, және оларды бiрiктiрсе, сол – үйдiң билеушісі
және әкімі болады. Оны қожайын деп атайды, қалада қала әкімі қандай болса,
ол үйде сондай болады 10.
22. Қаланы да, үйді де адам тәнімен теңеуге болады 11. Тән
жоғарғы және төменгі қатарға жататын белгілі бір мөлшерлі әр түрлі
мүшелерден құралады, олар бір-бірімен белгілі тәртіппен қабысып, әрқайсысы
жеке бір қызмет атқарады; олардың әрекеттерінің бәрі тәндегі мақсатқа
жетуге бағытталған өз ара көмек болып бірігеді. Дәл осы сияқты, қала мен үй
де жоғары және төменгі қатарға жататын белгілі мөлшерлі әр түрлі
бөлшектерден құралады, олар әр түрлі сатыда бола тұрып, белгілі тәртіп
бойынша бір-бірімен қабысады, әрқайсысы өз бетінше тиісті қызметiн
атқарады; олардың әрекеттерінің бәрі қаладағы немесе үйдегі мақсатқа
жетуге бағытталған өз ара көмек болып бірігеді. Алайда үй – қаланың бір
бөлiгі, ал үйлер қалада орналасқан, демек олардың мақсаттары әр түрлі.
Солай бола тұрса да, бұл әр түрлі мақсаттарға қол жеткенде және олар
ұштасқанда, олар қаланың мақсатына жетуге бағытталған өз ара көмек болып
бірігеді. Мұны да тәнмен теңеуге болады, өйткені қала үйлерінің қалаға
қатынасы қандай болса, бастың, кеуденің, қарынның, арқаның, қол мен аяқтың
да тәнге қатынасы сондай (118-бет). Тәннің басты-басты мүшелерінің
әрқайсысының қызметі басқа мүшенің қызметінен өзгеше, ал бұл мүшелердің
әрқайсысының бөлшектері, тәнді сол бас мүшесінің мақсатына жету үшін,
өздерінің алуан түрлі қызметімен бір-біріне көмектеседі. Одан кейін басты
мүшелердің әр түрлі мақсаттары бір-бірімен ұштасқанда, олардың әр алуан
қызметтері бүкіл тәннің мақсатына жетуге бағытталған өз ара көмек болып
бірігеді. Үйлердiң бөлшектерінің үйлерге қатынасы қандай болса, үйлердің
қалаға қатынасы да сондай, сөйтіп тән мүшелері қалай біріксе, қаланың
барлық бөлшектері бірге қосыла келе қалаға пайда келтіреді және өздерінің
(игілігін) өз ара бірлесіп сақтау үшін де пайдалы болады.
23. Дәрігердің әрбір ауру мүшені жеке алып, тек бүкіл тәнмен және
оған қабысатын, онымен байланысты басқа мүшелермен ұштастыра, мұның өзі
мүшені сауықтыратындай, бүкіл тән және (ауру мүшеге) жапсарлас, онымен
байланысты мүшелер оның сауығуынан пайда табатындай етіп, емдейтіні сияқты,
қаланың әкімі де қаланың әрбір бөлiгінің істерін, ол жеке адамдай кішкене,
немесе жеке үйдей болса да, солай басқаруға, оны емдеп, оған бүкіл қаламен
және оның басқа бөлiктерінің әрқайсысымен байланысты игілік келтіруге,
бүкіл қалаға немесе қалған бөлшектерінің біреуіне игілік, қалаға пайдалылық
дәрежесіне сай бүкіл қалаға және оның бөлшектерінің әрқайсысына пайдалы
болатындай игілік келтіруге тиіс. (119-бет). Дәрігер мұны орындамаса және
белгілі бір мүшенің сауығуын қамтамасыз етуге тырысып, оны емдегенде, сол
мүшеге жапсарлас мүшелердің жайына көңіл бөлмей емдесе, немесе басқа барлық
мүшелерге зиян келтіру есебінен оны сауықтыратындай етіп емдесе, сөйтіп ол
мүше бүкіл денеге және оған жапсарлас, онымен байланысты мүшелерге пайдасыз
болып шықса, онда бұл мүше, онымен байланысты басқа мүшелер сияқты,
әлсізденеді, сөйтіп ауру бүкіл тәнге таралғанға дейін мұның зияны одан
басқа мүшелерге таралады. Қала жөнінде де іс дәл сондай.
24. Әрекеттер мен әдепте тек өзі жөнінде орташа шаманы таба алатын
адамның болу (мүмкіндігін) жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ адамда да тек
өзі ғана жейтін, ішетін тағамда да орташа шама мен ұстамдылықты табу
қабілеті болу (мүмкіндігін) жоққа шығаруға болмайды. Оның бұл (соңғы)
әрекеті дәрігерлік әрекет болып табылады және ол дәрігерлік өнердің белгілі
бір бөлiгін істеуге қабілетті болады. Әдептiлiк пен әрекетте тек бір өзі
үшін ұстамдылық табатын адамның солай ету себебі сол – өйткені ол
мемлекетті басқару өнерінің бір бөлiгін атқаруға қабілетті. Алайда, өзінің
мүшелерінің бірі үшін ұстамдылық таба алатын болса да, мұның тәндегі басқа
мүшелерге зиян келтірер-келтірмесін және оның бүкіл тән мен оның мүшелеріне
пайдалы болар-болмасын ойланбаған адамның бұл қабілетті жүзеге асыруы
зиянды дәрігерлік өнердің бір бөлiгі болып шығады. Дәл сол сияқты,
мәселен, мәдениеттiлiк пен әрекетте (120-бет) өзі үшін ұстамдылық табу
қабілеті бола тұрып, білсе де, білмесе де, қаланың, оның басқа
бөлшектерінің қамын ойламаған адамның ол қабілетті жүзеге асыруы мемлекетті
басқарудың зиянды өнерінің бір бөлегі болып шығады.
25. Қаланың қажетті болуы да, ізгі болуы да мүмкін. Қажетті
дейтініміз – адамның күн көруі, тамақтануы және өмірін сақтауы үшін әр
түрлі бөлшектері бір-біріне көмектесіп отыратын қала. Iзгі дейтініміз – бұл
адамның шын болмысына, оның өмір сүруіне, тамақтануына, өмірін сақтауына
байланысты ең үздік табыстарға жету үшін, өз тұрғындары бір-біріне
көмектесіп отыратын қала. Кейбіреулер ләззат алуды ең жоғары бақыт деп
есептейді. Енді біреулері байлықты бақыт деп санайды. Үшінші біреулер
бақытты – сол екеуiнің ұштасуы деп біледі. Сократты, Платонды және
Аристотельді алатын болсақ, олар адамның екі өмірі бар деп есептеді.
Біріншісі тамақтануға және біздің өмір сүруіміз үшін бүгінгi таңда керек
болатын басқа да сыртқы заттарға байланысты. Бұл біздің бірінші өміріміз.
Екіншісі – өзінің өмір сүруі үшін өзінен тыс заттардың болуын керек
етпейтін, өзінің болмысы үшін өзіне өзі жеткілікті өмір. Бұл – о дүние.
Адамға екі кемел – бірінші және соңғы кемел тән. Соңғысына бұл дүниеде
емес, тек о дүниеде жетеміз, оның алдында біздің осы өмірімізде бірінші
кемел болады.
Бірінші кемел – бұл қашан адамның барлық ізгіліліктен
(туатын) әрекеттерді жасайтын өмірі кезінде болады. Ол (мұнан туатын)
әрекеттерді (121-бет) жасамайынша, ізгілікке жай жүріп ие болмайды,
(адамның) кемелдігі әрәкеттің жасалуына септесетін қасиеттерді үйренуінде
емес, сол әрекетті жасауында. Мәселен, хатшының кемелдігі жазу өнерін
үйренуінде емес, сол жазуға (байланысты) әрекеттерді орындауында,
дәрігердің кемелдігі де емдеу өнерін үйренуінде ғана емес, емдеуге
(байланысты) әрекеттерді орындауында. Қандай да болсын басқа өнер жөнінде
де осыны айтуға болады.
Бұл кемел бізді соңғы кемелге жеткізеді, ал бұл соңғы – ең
зор бақыт, яғни ең жоғарғы игілік болып табылады. Бұл – соның өзі үшін
артықша саналатын және тілеулі болатын игілік, ол еш уақытта басқа бір
нәрсе үшін артықша саналмайды. Басқаның бәрі бақытқа жету үшін пайдалы
болғанда ғана артықша саналады. Қандай да болсын бір зат бақытқа жету үшін
пайдалы болғанда ғана игілік болады, ол оған қалай да болса бөгет жасаса,
ол зұлымдық болады. Ізгі қала, осыған сәйкес, өзінің тұрғындары сол соңғы
кемелге, яғни ең зор бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесіп отыратын
қала болады. Сондықтан оның тұрғындары, басқа қалалардың (тұрғындарымен)
салыстырғанда, ең ізгі болып келеді, өйткені тұрғындары байлыққа жетуде,
ләззат алуда бір-біріне көмектесуге тырысатын қаланың адамдары өздерінің
мақсатына жету үшін ізгіліктің бәріне бірдей білгір болмайды, тіпті ол
ізгіліктердің бір де біреуiне білгір болмауы мүмкін. Сондықтан да олар өз
ортасында пайдалана алатын үйлесiмдiлiк пен әділеттілік, шындығында,
әдiлеттiлiк болып табылмайды, ол – әділеттілік емес, тек әділеттілікке
ұқсайтын бір нәрсе ғана. Дәл сол сияқты, олардың арасында пайдаланылатын,
қайырымдылыққа ұқсайтын барлық басқа әрекеттер жөнінде де осыны айтуға
болады.
26. Өздерімен сабақтас төңіректегі жағдаймен салыстырып өлшеуге
келетін ұстамды, орта шамалас әрекеттер (122-бет) басқа жағдайлардың
бәрінде де бақытқа жету үшін пайдалы болуға тиіс, сонда ондай әрекет
жасаушылар бақытты – өздерінің өмірінің мақсаты деп білуге тиіс. Мұнан
кейін ол бұл әрекеттер қаланың барлық тұрғындарының немесе олардың
әрқайсысының бақытқа жетуіне пайдалы болуы үшін оларды (әрекеттерді) қалай
бағалауды ойлыстыруы керек. Мысалы, дәрігер тәнді емдегенде қолданылатын
тағам мен дәрідегі тартымдылықты табуға тырысқанда, денсаулықты өз өмірінің
мақсаты етіп алға қояды.
27. Шын билеуші 12 – қалаларды басқарғанда өзі қолданатын
өнерде өзі үшін және қаланың басқа тұрғындары үшін басқару өнерінің шегі
жеке мақсаты болып табылатын бақыт орнатуды өзінің талабының мақсаты және
өмірлік ісі етіп алға қоюшы адам. Ізгі қалалар билеушісінің ең бақытты адам
болуға тиістілігі логикалық қажеттілік болып табылады, өйткені қала
тұрғындарының бақытқа жетуіне оның өзі себепші болады.
28. Кейбір (билеушілер) қалаларды басқарудағы мақсат – ұлылық, құрметтеу
және тыйым салу, бағындыру, сыйлау және даңқын асыру болу керек деп
ойлайды. Құрметті қалағанда, олар өздеріне соған жетуге көмектесетін
басқа бірдемелер үшін емес, өздерінің сол көздеген мақсаты үшін
қалайды. Қалаларды басқарғанда өздері жасайтын әрекеттерді олар
соның көмегімен осы мақсатқа жетудің құралы етіп пайдаланады.
Қаланың заңдарын олар сол зандардың көмегімен қаланың тұрғындарынан
сол мақсатты жүзеге асырту үшін пайдаланады. Олардың кейбіреулері
осылайша бұл мақсатқа жеткенде, қала тұрғындарына қайырымдылык,
қамқорлық жасай отырып, оларды, бұл қала тұрғындарының пікірінше,
(шын) игілік болып табылатын игіліктерге ие болуға бағыттай отырып,
бұл игіліктерді солар үшін сақтай отырып, бұл игіліктерді соларға
ғана бере отырып жетеді.
Осындай жолмен олар ұлы кұрметке ие болады. Бұлар –
құрметті әкімдер және әкімдердің ішіндегі ең абзалдары (123-бет). Солардың
кейбіреулері құрметке байлығымыз арқасында ие боламыз деп ойлайды. Олар
құрметке ие болу үшін қала тұрғындары арасында бәрінен де байлығы асқан
адамдар болуға тырысады. Енді біреулері құрмет тек ата тегіне қарай
көрсетіледі деп ойлайды. Басқа біреулер құрметке қала тұрғындарына зорлық-
зомбылық жасау, оларды бағындыру, қорлау, қорқыту жолымен жетпек болады.
Ал басқа бір қала билеушілері қалаларды басқарудағы мақсат
– баю деп ойлайды. Басқарғанда қолданатын әрекеттерді олар солардың
көмегімен байлық табуға пайдаланады, қала тұрғындары үшін (шығарылатын)
заңдарды олар сол қала тұрғындарынан байлық табуға көмектесетін зандарға
айналдырады, ал егер олар қандай да болсын бір игілік іс жасауды орынды
көрсе, оны тек сол байлық табу үшін жасайды.
Байлықты тапқанда оны өзін құрметке бөлеу үшін тапқысы
келетін адам мен құрметті және өзіне бағындыруды қалағанда байлық табу үшін
қалайтын адам арасында зор айырмашылық бар екені мәлім. Бұл соңғыларын
пасық әкімдер деп атайды.
Енді бір қала билеушілері қалаларды басқарудағы мақсат –
ләззат алу деп ойлайды. Басқа біреулері мақсат сол үш заттың үшеуіне де
жету – құрметке бөленуде, байлық табуда және ләззат алуда деп есептейді,
сондықтан олар қала тұрғындарын ляззат алудың, байлық табудың құралына
айналдырып, сол мақсаттарға озбырлық әрекеттермен жетеді. Ерте замандардағы
адамдар олардың бірде-біреуін билеуші деп атамаған.
29. Билеуші билеуші болуы керек, өйткені ел билеу өнерін және қалаларды
басқару өнерін біледі, сөйтіп өзінің өнерімен оның даңқы шықты ма,
немесе шықпады ма, өзіне қолайды құралды тапты ма әлде таппады ма,
өзінің айтқанын екі етпейтін адамдарды тапты ма әлде таппады ма, бұл
адамдар оған бағына ма әлде бағынбай ма, бұларға қарамастан (124-
бет), ол өзіне қаланы басқаруға тура келген уақытта бұл өнерін
әрдайым қолдануға қабілетті болады. Мәселен, дәрігер өзінің
дәрігерлігімен адамдар арасында мәлім бе әлде мәлімсіз бе,
(дәрігерлік) өнер құралдары оған үйлесе ме әлде үйлеспей ме, өзінің
бұйрықтарын орындайтын қызметші адамдарды тауып алды ма әлде алмады
ма, оның сөзін тындайтын аурулар оған кездесті ме әлде кездеспеді
ме, оған қарамастан ол дәрігерлік мамандығы болғаны үшін дәрігер
болады, егер онда бұл (белгілердің) бірде-бірі болмағанымен одан
оның дәрігерлік өнеріне зиян келмейтіні сиякты әкім де адамдарға
билігін жүргізе ме, әлде жүргізбей ме, адамдар оны құрметтей ме,
әлде құрметтемей ме, оның өзі бай ма немесе кедей ме, бұларға
қарамастан ол өзінің кәсібі және (бұл) өнерді қолдана білуі
арқасында билеуші болады.
Кейбіреулер жұртты өзіне бағындыра алмаған, кұрметті
бола алмаған адамда басқару өнері бола тұрса да, оны әкім деп атауға
болмайды деп ойлайды. Енді біреулер басқару өнеріне қоса байлығы болу керек
деп есептейді, үшінші біреулер бұған тағы да билікті, зорлауды, қорлауды
қосу керек деп есептейді. Бұлардың ешқайсысы билеуші кәсібінің атрибутына
жатпайды. Бұл қасиеттер әкім үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ осының бәрін
басқарудың мәнін құрады деу босқа алданғандық болады.
30. (Жанның) парасатының теориялық бөлiгінің де, парасаттың
ойлау бөлiгінің де өздеріне сәйкес ізгілігі болады. Теориялық бөлiгінің
ізгілігіне – теориялық зерде, білім мен даналық жатады. Ойлау бөлiгінің
ізгілігіне – практикалық зерде, пайымдылық, зеректік, көзқарастың
артықшылығы мен пікірдің дұрыстығы жатады (125-бет).
31. Теориялық парасаттың 13 – зерттеу немесе силлогизм
жолымен емес, табиғаттың өзінен, білімнің бастамалары болып табылатын жалпы
қажетті алғы шарттар арқылы алынатын күш. Мәселен, тұтас бөлшектен үлкен,
белгілі бір шамаға тең келетін шамалар өзара тең деген және басқа осындай
алғы шарттар тұралы біздің біліміміз міне, сондай. Адам нақ осыдан бастайды
және қалған дерексіз мәндерді танып білуге көшеді, ал бұл мәндердің қасиеті
сондай, олар өздерінің болмысында адам шығармашылығына тәуелдi емес. Ол
бастамалар оның өзінде жоқ кезде, бұл парасат ішкі мүмкіншілігінде –
потенциясында болады. Бірақ бұл бастамалар оның өзінде пайда болғанда, ол
өзектi парасатқа ұласады, сонда оның бейімділігі оның өзіне алдын ала
белгіленгенді жарыққа шығара алады. Бұл күш оның өзінде пайда болғандар
жайында қателесе алмайды, оның (қабілеті жеткен) білімдердің бәрі ақиқат,
анық және басқаша болуы мүмкін емес.
32. “Білім” деген сөз көп заттарға қолданылады, бірақ
теориялық бөлiктiң белгілі бір ізгілігi болып табылатын білім – бұл болмысы
мен өмір сүруі адам шығармашылығына мүлдем тәуелсіз болатын заттардың
болмысы жөнінде жанда пайда болатын анық білім: бұл білім – ол заттардың
әрқайсысы не жаралылысынан зердеге мәлім бастапқы, ақиқат, қажетті және
жалпы (алғышарттардан) құралған дәлелдемелер негiзiнде не болатынын және
қандай болып шығатыны жайындағы білім. Бұл білім екі түрлі болады, 1)
заттың бар екендігі, оның бар екендігінің себебі туралы және заттың өзі де,
оның себебі де ешқандай жағдайда басқаша бола алмайтыны туралы анық білім
және 2)заттың бар болуы туралы және оның бар болуының себебін білмейінше
оның басқаша болуының мүмкін еместігі туралы анық білім.
33. Шын білім – кейде емес, әрдайым ақиқат, анық болатын білім:
(бұл) белгілі бір уақытта болатын білім және кейіннен болмауы да мүмкін
білім емес, өйткені, егер біз (тек) қазір ғана бар, бірақ уақыт өте келе
оның болмауы мүмкін нәрсені білсек, онда біз оның бар, не жоқ екенін біле
алмаймыз, сөйтіп біздің сеніміміз күмәнға және жалғанға айналуы мүмкін. Ал
(мұндай) аңғару білім де, анық мәлімет те бола алмайды. Сондықтан ерте
заман ғалымдары, мәселен, кейіннен тұрып кетуі мүмкін мына адамның қазiр
отырғанын білетініміз сияқты, бір нәрсенің бір қалыптан екінші қалыпқа
өзгеруі мүмкіндігін анғарғандықты білім деп есептемеген. Олар білімді
–заттың өзгеруi мүмкiн емес болмысы туралы білімді, анық (білім) деп
таныған. Мысалы, үш тақ сан болып табылатыны туралы, өйткені үш (санының)
тақтығы өзгермейді, себебі үш ешқандай жағдайда да жұп бола алмайды, ал
төрт – тақ бола алмайтыны сияқты білімді. Егер соңғыны (білім) немесе анық
(білім) деп атасақ, тек салыстырмалы мағынада ғана атауға болады (126-бет).
34. Даналық дегеніміз – қалған басқа заттардың болмысын
айқындап беретін шалғай себептерді және себептері бар заттардың таяу
себептерін білу. Бұған олардың болмысын анық білу, олар не және қандай
екенін, бұл себептер қаншама көп болса да, белгілі тәртіппен бір болмысқа
құятынын білу, бұл бір болмыс шын мәнінде бірінші екенін және оның барлығы
басқа бір нәрсенің барлығына байланысты емес, өзінен өзі бар екенін, басқа
ешнәрседен алынбайтынын білу арқасында жетеміз (127-бет). Ол басқа бір
нәрседен бар болмайды және ешқандай жағдайда дене немесе денеде бола
алмайды. Оның болмысы дүниеде бар басқа заттардың болмысынан өзгеше, маңызы
жағынан олардың бірде-біреумен ұқсастығы жоқ, ал егер кейбір ұқсастығы
болса, тек аталуы жағынан болады, бірақ сол ат білдіретін маңызы жағынан
болмайды. Ол тек бір ғана бола алады, ол шынында да бір ғана. Қалған бар
заттарға бірлік беретін де нақ Сол, мұның арқасында біз қандай бар затты
болса да, бір деп атай аламыз. Ол – бірінші ақиқат. Ол басқа заттарға
ақиқаттылық беретін нәрсе, оның ақиқаттылыға басқа бір нәрседен алынбайды,
өзінен өзі туады. Оның жетілгендігінен ондай мінсіздіктің барлығы туралы
айтпағаның өзінде жоғары жетілгендік бар деп, оның болмысынан әлдеқайда
жетілген болмыс бар деп, оның ақиқаттығынан асқан ақиқаттылық бар деп, оның
бірлігінен асқан бірлік бар деп ойлау мүмкін емес. Мұнымен бірге біз қалған
бар заттардын болмысты, ақиқаттықты және бірлігі одан қалай алғанын,
олардың әрқайсысының болмыстағы, ақиқаттықтағы және бірліктегі алатын
үлесі қандай екенін, қалған заттар өздерінің заттығынодан қалай алғанын
білеміз. Біз бар заттардың барлық қатарларын білеміз, олардын арасында
әуелгісі, ортанғысы және соңғысы бар екенін білеміз, соңғыларында себептер
бар екенін, бірақ олар өздерінен төменгі бір нәрсеге себеп болмайтынын,
оның қасында ортадағыларда өздерінен жоғары себеп болатынын және олар
өздерінен төменгі заттарға себеп болатынын, Бірінші өзінен төменгіге себеп
болатынын, өзінде онан жоғары ешқандай себеп болмайтынын білеміз. Сонымен
бірге біз соңғылары қалай орта қатарға ұмтылмайтынын (128-бет), ал орталар
қалай Біріншіге жеткенше бір-біріне өрлейтінін, мұнан кейін басқару
Біріншіден басталатынын және әрбір зат арқылы соңғыларға жеткенше белгілі
тәртіппен барлық заттарға ауысы беретін білеміз. Шын даналық осындай. Бұл
атау кейде салыстырмалы мағынада қолданылады, - мәселен, өнер ісінде мінсіз
шебер және жетілген адамдарды (дана) деп атайды.

68. Қарама-қарсылығы бардың бәрі өзінің өмір сүруінде жетілмеген,
себебі қарама-қарсылығы бардың бәрінде болмыссыздық та бар, өйткені қарама-
қарсылықтардың мәнісі нақ осында, яғни олардың екеуі кездескенде немесе
біріккенде біреуі екіншісін жоққа шығарады, өйткені (қарама-қарсылықтардың
әрқайсысы) өзінің өмір сүруінде қарсы жақтың болмысының тоқтауын талап
етеді. Сонымен қатар оның өмір сүруіне бөгет бар, демек оның өмір сүруі бір
өзінің еркінде емес. Бей болмысы жоқтың (150-бет) қарама-қарсылығы да жоқ,
өзінен басқа еш нәрсеге ділгір еместің де қарама-қарсылығы болмаса, ол да
сондай.
69. Бұл дүниелерде еш нәрсе де және жалпы еш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл – Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік - саяси тұжырымдамалары
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
Қазақ ағартушы демократиялық мемлекеттік құқықтық саяси көзқарасы
Сахна тіліндегі сөйлеу мәдениеті
РУХАНИ ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОТАНШЫЛДЫҚ САНА-СЕЗІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
ӘБУ НАСЫР ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Пәндер