Эвололюциялық даму


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Тұлға типологиясы
  2. Тұлғаны ғылыми тұрғыдан қарастырылуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі - тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері.

Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс - әрекеттің мінез - құлықтық, танымдық, эмоционалды және ерік - жігерлік қортындыларды қамтиды.

Осындай қатынастар адамның жалпы қоғамға, ақын топтарға және өзіне деген мінез - құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік - психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана; мінез; қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін - өзі бақылау .

Тұлға типологиясы

Тұлғаның көптүрлі ғылыми типологиясын шартты түрде бірнеше топқа келтіруге болады.

Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең ежелгі психологиялық таным жетістігі - гуморалдық (сұйықтық) теориялар. Бұл теориялар бойынша тұлға типі адам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан, шырын және т. б. ) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық ажыратудың бастау көзін ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ берген. Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады - қан, өт, қара және сары шырын (запыран) . Осылардың қай бірінің басымдылығы темперамент типіне ықпал жасайды: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.

Ал Ғален темпераменттің аталған түрлерін артериялық және веноздық қан құрылымдарының өзара қатынасымен байланыстырады.

Қанның сапалық ерекшеліктерінің тұлға қасиеттерімен байланыстылығы И. Кант теориясына да арқау болды. Ол темпера- менттерді келесідей бөлістерге келтіреді: сезім темпераменттері (сангвиник - көңілді адам темпераменті; меланхолик - жабығыңқы адам темпераменті) іс-әрекеттік темпераменттер (холерик - ұстамсыз адам темпераменті; флегматик - байсалды адам темпераменті) .

Орыс ғалымы П. Ф. Лесғафт темпераменттердің дәстүрлі типтерін адамның қан айналу жүйесінің ерекшеліктері және ағзадағы зат алмасу жылдамдығына байланыстыра ажыратады.

Морфологиялық теорияларда тұлға қасиетін ажыратудың басты белгісі ретінде адамның дене құрылысындағы ерекшеліктері аталады. Ф. Ғалль бас сүйегі типтері мен мінез бітістері арасындағы байланыстың барына назар аударды.

Тұлғаның дене көрінісіне (конституционалды типология) орай Э. Кречмер адамды төрт типке бөледі: астеник, пикник, атлетик, дипластик (Конституционалды типология негізі - жатырдағы ұрықтық даму динамикасынан болатын туғаннан соңғы дене құрылымының ере- кшеліктері) .

1) астеник (әлжуаз) адам - нәзік денелі, қушық кеуде, тар иық, қол- аяғы серейген ұзын, сопақ жүзді, бірақ жүйке жүйесі мен бас миы күшті дамыған; ынжық;

2) пикник (шәлтік) адам - кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі, қарынды, қысқа мойын, домалақ басты; көпшіл;

3) атлетик (шомбал) адам - ірі, қарулы денелі, бұлшық етті, дене бөліктері өзара сәйкес дамыған, кең иықты; маңғаз;

4) дипластик (мүгедек) адам - тән-дене құрылымы қисынсыз жаралған, тартыншақ;

Психофизиологиялық теорияларда тұлға типтерін ажыратудың басты белгісіне субъекттің психологиялық әрі физиологиялық ерекшелік- тері алынады, әсіресе тек өкілінің жүйке жүйесі қасиеттеріне басымды назар аударылады. Осы тұрғыдан зерттеу жүргізген И. П. Павлов әрекет- қылықта көрініп, Гиппократтық төрт түрлі темперамент түріне сай ке- летін жоғары жүйке қызметінің төрт типін айырады -күшті, тепе-тең, қозғалмалы, қозу және тежелу сапаларына байланысты.

Дегенмен, аталған психофизиологиялық сапа - қасиеттер таза күйінде жеке-дара көрінбей, өзара араласа бірігіп, жүйкелік қасиеттердің көп санды түріне негіз береді.

Психология ғылымында орын алған келесі бір теория - психиатрикалық типология атамасын алған. Бұл теория психикалық сырқаттану (патопсихология) белгілеріне негізделіп, дәрігерлік емдеу тәжірибелерінде пайдаланылады.

Психикалық науқастар материалдарын талдау негізінде мінездік сырқаттардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

Делқұлы - есуас (шизоидты) тип - сырттай дүниемен байланысы үзілген, ой-сана бірізділігі жоқ, әрекет-қылығы басқарымсыз, алда не істейтінін болжастыру мүмкін емес, басқалармен қатынасы тұйық, өте көңілшек, өз білгені ғана дұрыс, талаптары шындықтан алшақ, ойын өз логикасымен ғана түзеді, осыдан оның ой-санасы даралықты, кейде саналылардың түсіне де кірмейтін бірегей пікір айтып салуы бекер емес; бұлар тұйық, ашушаң, көпшіліктен бөлектенгенді қалайды.

Құйылма мінезді (циклоидты) тип - әрекет-қылығы тұрақсыз ауыспа- лы, қуанышы мұңға, мұңы қапелімді жан күйзелісімен алмасуы қиын емес; құлшына іске кірісіп, демде қолын суытады. Мұндай жанкүйлік қалыптардың жылдам ауысуынан адам шаршайды, осыдан оның әрекет- қылығы қарама-қарсылықты, не боларын болжастыру мүмкін емес.

Желікпе (гипертимді) тип - ұдайы, қай жағдайда да көңілді, бейғам, қойны дерексіз қуанышқа толы; жоғары белсенділікті, күш-қуаты то- лып-тасқан, алайда бұлардың бәрі көбіне жайсыз мақсаттарға бағыт алып кетеді (ішімділікке, нашақорлыққа, жыныстық байланыстар мен бұзақылыққа және т. б. ) . Мұндай адамдармен іскерлік қатынас жасау қиын, себебі бұлардың уәде, борыштығы кем, мүдделері үстірт, тұрақсыз, сынға шыдамсыз, «мүмкін» мен «мүмкін емес» арасын айыра бермейді.

Мұңшыл (сензитивті) тип - әрдайым жабығыңқы, өмір шуағын көре білмейді, төңіректегінің бәрі ол үшін мәнсіз, қатерлі, өкпелегіш, тез шаршайды, жақындары тарапынан жақсылық лебі бола қойса, жайдары күйге келіп, ал оңашада қайтадан баяғы қара уайымға шомады.

Тартыншақ (психоастеник) тип - шектен тыс табансыз, үркек, қадамының бәрі ол үшін күмән, түгелдей қорқыныш құрсауында. Осылардың бәрінен қалайда қорғану үшін ырым сақтауға, өзінше салт, шаралар жасап әлекке түседі.

Қояншық (эпилептоидты) тип - шектен тыс ашушаң, жұрт пікіріне төзімсіз, қарсы сөзге шыдамсыз, отбасының билеп төстеушісі, ұстамсыз, балағат сөзге, қол жұмсауға бейім, кейде не күйге түскенін өзі сезбей, бас билігінен айырылады.

Шарбая (истероидты) тип - қандай да жолмен болмасын өзіне назар аудартуға бейімшіл, өз дегеніне жетуде жөн-жосық таңдамайды (қаруы - өтірік, жала, арсыздық және т. б. ) .

Күдікшіл (параноидты) тип - қандай да идея, ой, сезім құрсауына маталып, ұдайы әсіре күйзелісте жүреді, қызғаншақтық, секемшілдік, кекшілдік сезімдеріне беріліп, қандай да идеяны орынсыз әсірелеумен қалған дүниені көре алмайды.

Елікшіл (конформды) тип - өмірлік ұстанымы - «басқалар қандай болса, мен де сондай», өз бағыт-бағдарына ие бола алмай, нақты әлеуметтік топтық әрекет-қылық, пікір, көзқарас шарттарының матауында жүреді.

Қазіргі кезеңде психология ғылымында тұлғаны типтестірудің жоғарыда аталған 3 теориясынан өзге әлеуметтік-тұлғалық типология (тұлғаның басқа адамдармен қатынасына негізделген Юнг теориясы), психогеометриялық типология (адамның қандай да геометриялық фигу- раларды қызыға таңдауына негізделген С. Деллингер теориясы), сезімдік (сенсорлы) типология (адамның көру, есіту, қозғалыс әрекеттеріне негіз- делген Э. А. Голубева және т. б. теориясы), тұлға - өмір жолы типологиясы (тұлғаларды өзара салыстырумен емес, ал олардың әрқайсысының өз жеке өмір жолына қатысты типтестіруге негізделген К. А. Абдулханова - Славская теориясы) қабылданып, зерттеу нәтижелерін беріп жатыр.

Тұлғаны ғылыми тұрғыдан қарастырылуы

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір - бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік - тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам - «homo sapiens» тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.

Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік - себеп аймағы - жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл - күй, еріктік және ақыл - ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі - адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып - барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адам және іс-әрекет психологиясы
Тұлғаның дамуы
Тұлға әлуметтануы
Ерікті болу қасиеті
Тұлға туралы
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Шығармашылық үйдің визуалды имиджі
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
Тұрақты даму тұжырымдамасының үштұғырлы негіздемесі мен гипотезалары
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz