Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі



1 Қасиеттері
2 Сөйлемдегі орналасуы
3 Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне орай
Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.
Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.
Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистікқызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін.
1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет.
2. Оралбаева Нұржамал, Аблақов Әбжаппар, Қазақ тілі, Алматы, 1992

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер
жүйесі
Қасиеттері
Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу
үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін
қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.

Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда
тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да
білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.

Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс
қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе
дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне
білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой
күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы
сөздер синтаксистікқызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.)
өзгеріске түсуі мүмкін.

Мысалы: Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт ауылының жиені, Жүсіп
баласы Қожаш (С. Көбеев)
Бұл сөйлемде есімше тұлғалы келген соң сызықша қойылмаса, келген сөзі
бастауыш қызметін емес өзге мүше қызметін атқарған болар еді де,
нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді.

Сөйлемдегі орналасуы
Тыныс белгілерді қою үшін үш түрлі белгі негізге алынады:

▪ сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі
▪ сөйлемнің мағынасы
▪ сөйлемнің интонациясы

Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне орай
Тыныс белгісінің сөйлемнің құрылысына, түріне, жасалу жолдарына орай
қойылуы сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байаланысты қойылу деп аталады.

Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас
сөйлем. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлініп, алуан түрлі жолдармен жасалады.
Міне, осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне орай, қолдану сипатына
қарай әр түрлі тыныс белгілер қойылады. Мәселен, хабарлы
сөйлемнен соң нүкте қойылады, сондай-ақ, сұраулы сөйлемнең соң сұрау
белгісі, лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.

Сөйлем құрамында кездесетін оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер деп
аталатын қаратпа, қыстырма сөздер - бұлар сөйлем құрамындағы өзге
мүшелерден тиісті тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Сондай-ақ, жалпылауыш
сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң қос
нүкте қойылады да, ал керісінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пунктуацияны бастауыш сыныпта оқыту
Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе - орфография мен пунктуация
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция; қазақ орфоэпиясы; қазақ жазуы және орфографиясы; пунктуация мәселелері
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция.Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы. Пунктуация мәселелері
Сөйлем ортасында және сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Пунктуация
Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары
Қазақ тілі сабақтарында жазу теориясы терминдерін игерту жолдары
Пәндер