Шетелдердегі демографиялық ахуал
1. Шетелдердегі демографиялық ахуал.
2. Демографиялық өсімнің тоқтау себебі
3. Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі
4. Демографиялық дағдарыстың ықтимал салдарлары: теориялық.әдіснамалық құрылым
Депопуляцияның геосаяси қатері
5. Қазақстандағы демографиялық ахуал

XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.Қазақ халқы талай тар жол тайғақ кешулерге душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі Кіші Қазан төңкерісінің салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі алыптарын тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, комсомолдық бауырластық жолдамалар нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар 1,7 есе, украиндар 1,6 есе, өзбектер 1,9 есе, қырғыздар 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар 1,5 есе, немістер 1,6 есе, татарлар 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.

Жоспар :
1. Шетелдердегі демографиялық ахуал.
2. Демографиялық өсімнің тоқтау себебі
3. Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі
4. Демографиялық дағдарыстың ықтимал салдарлары: теориялық-
әдіснамалық құрылым
Депопуляцияның геосаяси қатері
5. Қазақстандағы демографиялық ахуал
Кіріспе
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр
басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен
айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы
көпшілік болған мемлекетке айналды.Қазақ халқы талай тар жол тайғақ
кешулерге душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі
кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің
Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының
жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан
төңкерісінен кейінгі Кіші Қазан төңкерісінің салдары, 1921-1922 жылдар,
1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының
зардаптары, өңдірістің ірі алыптарын тұрғызу мақсатында республикаға жан-
жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған
жерлерді игеру, комсомолдық бауырластық жолдамалар нәтижелері көңілді
қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX
ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір
аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің
бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу
ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық
қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен
күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және
қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның
табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б.
көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді.
Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3
есе, соның ішінде, қазақтар 1,7 есе, украиндар 1,6 есе, өзбектер 1,9 есе,
қырғыздар 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс
аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар 1,5 есе,
немістер 1,6 есе, татарлар 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының
жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ
Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық
дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-
1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы
кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп,
жонғар шапқыншылығы кезінде 23-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы
ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар
аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының
нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп,
Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан
кешті.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық
санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды.
Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін
деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға,
еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады.
Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне
үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел,
мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын
бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек.
Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды
күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар
да өте қажет. 1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл
бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-
экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені
бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен
мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі
жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде
зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан
төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды.Тарихи
демографиядағы ақтаңдақтардың бетін ашуда да бірқатар жетістіктер болды .
Демография мәселелері экономистер, географтар және философтарды да
қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндігі
аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның кейбір мәселелеріне де
назар аударып отырды . Республикамызда арнайы тарихшылар тобы құрылып,
қазақстандық демографиялық мектеп те қалыптасып келеді. Тың облыстарының
демографиялық жағдайларын зерттеуден бастаған Ақмола қаласында ірге
көтерген демографтар мектебі де нәтижелі зерттеулер жүргізуде. Бұл
Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің бәрі шешілді деген
сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы зерттелуге тиісті
мәселелер көп.
1970-1980 жылдары тарихи демография ғылымы мәселелерін зерттеуге арналған
еңбектер жариялана бастады. Зерттеулерде Қазан төңкерісіне дейінгі
статистикалық мәліметтердің негізіңде әлеуметтік, демографиялық факторларды
өзара байланыс пен өзара шарттылықта қарастырудың әдістері негізделді.
Республика халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен ұлттық құрамындағы
өзгерістерге әсер еткен механикалық процестердің рөлі терең талдауларға
түсе бастады. Қазақстандағы көші-қонның тарихи мәні мен оның халыктың
әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсерін ашуда, көші-қон процесі мен
ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін
алғаш көрсеткендердің бірі Е.Н.Гладышева болды.Көші-қон процестерінің
республика халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де
жан-жақты процесс екендігін көрсеткен Ф.Н.Базанованың монографиясы шықты
Алайда, бұл еңбекте кеңес дәуіріндегі идеологиялық тыйым салынған
Қазақстандағы көші-қон процестерінің келеңсіз жайттары: репрессияланған
халықтарды жер аудару, таптық белгісіне байланысты кулақтық жер
аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар, депортация және т.б.
ашылған жоқ.
1980-жылдары басталған жариялылық пен демократияландыру кезінде Қазақстан
халқының демографиялық дамуына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. 1980-
жылдардан бері республика көлемінде де, ТМД елдері бойынша да тарихи-
ғылыми, көпшілік басылымдарда тарихнамалық талдау жасауға лайық
демографиялық бағыттағы зерттеулер жарияланды. Мұның өзі отандық қоғамдык
ғылымдарда демографиялық мәліметтерді көбірек пайдалануға, тарихи
демографияның қызметіне көбірек жүгіне бастағанының дәлелі. Қазақстандық
ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси факторлардың
әсерлері талдана бастады. М.Қ. Қозыбаевтың, М.Б.Тәтімовтың,
Қ.С.Алдажұмановтың, Ж.Б.Әбілғожиннің еңбектеріңде таза фактілерге
негізделген Қазақстандағы 1920-1940 жылдары тоталитарлы жүйенің жүргізген
экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы әлеуметтік-
демографиялық нәтижелері жарияланды. Қазақстан халқының екінші дүниежүзілік
соғыста майданға адамын да аттандырып, азығын да, отын да беріп жанқиярлық
ерлігімен даңқы шыққаны белгілі. Бұл турасыңда құжаттарда, нақты деректік
басылымдарда, жеке шығармаларда айтылып келеді. Ал, Қазақстанның, әсіресе,
қазақ халқының бұл жойқын соғыстағы ерлігі мен адам шығыны жөнінде әлем
ғалымдары ғана пікір білдіргені болмаса, кеңестік дәуірде ғалымдар жұмған
аузын ашпады, өйткені одақта бәрі жалпы және жалпылама атап өтілуге тиіс
болатын. Тіпті Ұлы Отан соғысы турасында шығарылған анықтамалық
басылымдарда қазақ халқы жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Бұл олқылықтың
орнын толтыру, кайда, қашан, қандай жағдайда қазақ жауынгерлері соғыста
опат болғандығы жөніндегі терең негізді зерттеу жүргізу қолға алуға тиісті
мәселенің бірі. Бұл кезеңдегі халықтың сандық құрамыңдағы өзгерістері жайлы
мәліметтер жинақталған деректің бірі Боздақтарда Ұлы Отан соғысы кезіндегі
халық саныңдағы демографиялық кейбір көрсеткіштер,
Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбегіңде жасақталған әскер құрамалар мен
ұлттық әскери құрамалардағы қазақ жауынгерлерінің саны, әлеуметтік құрамы
мен жас ерекшеліктеріне тоқтала отырып соғысқа кірген және қаза болғандар
жөнінде тың деректер келтіреді.
Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында тұр,
бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді. Осының себебі бойынша одан шығудың
нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр.
Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр. Халық санының тым артуы
қорқушылықтың еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдегі халық санының тым
арту мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр.
ХІХ ғасырдың басында Т.Мальтус 25 жылдан кейін жер шары халқының екі есе
ұлғаятынын болжаған еді. ХХ ғасырда оның болжамы алаңдаушылықтың жеткілікті
себебі болды, өйткені халық саны шынында да күрт өсе түсті. Жер шарының
екі миллиардыншы тұрғыны 1925 жылы, алты миллиардыншы тұрғыны 1999 жылы
туды. Халық санының тым артуы проблемасына алаңдаушылық білдірген
Мальтузианшілер қозғалысы өз пікірінен айнымай отыр. Алайда, елдік
демографиялық моделді зерделеу кезінде адами ресурстардың жетіспеушілік
үрдісі байқалады, мемлекеттердің халқы қартаю үстінде. Әлемде, әсіресе
оның дамыған бөлігіндегі негізгі проблема – бұл бала туудың төмендеуі.
Дегенмен, мейілінше аз дамыған елдерде керісінше ахуал басым – онда халық
саны төмендемей, керісінше өсіп келеді және егер табиғи халық өсімі төмен
негізінен Еуропа елдері бірінші ондыққа кірсе, ал халық санының өсімі
барынша жоғары елдер ондығына аса кедей африка елдері кіреді.Қазіргі
заманғы мемлекеттің дамуы процесінде демографиялық проблемаларды шешудегі
шетел тәжірибесін зерделеу аса маңызды болып табылады. Шетел мемлекеттері
жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге,
тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді моделдер мен жолдарды
қолдануға ықпал етеді.
Шетелдердегі демографиялық ахуал
Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы айрықша өзекті
болып отыр.Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде Андорра (Франция
мен Испания аралығындағы Пернейде орналасқан мемлекет, орташа өмір ұзақтағы
83,5 жылға дейін) көш бастап келеді. Ел екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
айтарлықтай гүлденді, бұған дейін ол оқшау және кедейлік жағдайында болған
еді.Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік ауданы), Сан-Марино мен
Сингапурда өмір ұзақтығы жоғары.
Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдеріндегі адамдар ең аз
өмір сүреді. ЖҚТБ ауруы, аштық пен азамат соғыстары халықтың 35 жасқа
жетпей өлуіне әкелді. Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі, ондағы
орташа өмір ұзақтығы 34,1 жылды құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және
Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы.ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап
қазіргі кезге дейін Ресейде халық санының күрт төмендеуі байқалып отыр. РФ
Мемлекеттік статистика комитеті мен демограф Е. Андреевтің болжамы бойынша
халық санының азаю серпіні мынадай: 2010 ж. – 138,7 млн. адам; 2020 ж. –
131,2; 2030 ж. – 121,1; 2040 ж. – 108,3; 2050 ж. – 93,8 млн. адам. РФ
денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі бойынша 2011 жылға халық санының
құлдырауын 143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Әр жыл сайын Ресей
халқы 700–150 мың адамға азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143 млн. адам
деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың негізі жоқ. Бірқатар себептер
бойынша, ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі деректері бойынша
қазіргі кездегі халық саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны және 3
млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене отырып есептегеннің өзінде 2011
жылы Ресейліктер саны 140 млн. адамды құрайды.
2050 жылға дейінгі Ресей халқының өсім серпінін болжаудың барлық нұсқалары,
тіптен бала туудың және халықтың өлімінің ең ілгерінді өзгерісі кезінде
оның жастық құрылымының ерекшеліктері салдарынан (халық құрамында жастар
үлесінің аз болуы және жасы үлкен топтардың жоғары болуы) халықтың табиғи
өлімінің болмай қоймайтынын көрсетіп отыр.Сондықтан Ресей халқының санын
қазіргі 143 млн. адам деңгейінде сақтау үшін халықты шетелден тарту
есебінен халықтың көші-қон санын айтарлықтай ұлғайтуды қажет етеді.
РФ Федералдық мемлекеттік статистика қызметінің болжамдық бағаларына
сәйкес, халықтың табиғи қозғалысы болжамының көрсеткіші бойынша 50 жыл
ішіндегі иммиграциялық сальдо кемінде 43 млн. адамды құрауы тиіс, яғни
ілгерінді демографиялық серпінді сақтау үшін жыл сайын Ресейге 900 мың адам
келуі тиіс.
Қазіргі кездің өзінде еңбек ресурсі Ресейде ең маңызды мәселе болып отыр.
2010 жылға дейін жинақталған жұмыссыздықтың (жасырын жұмыссыздықты қоса
алғанда) қысқаруы және зейнеткерлік жасты ықтимал арттыру есебінен еңбек
ресурстарының азаюы күшті сезілмеуі мүмкін.Бірақ, егер Ресейде жұмыс күшіне
қажеттілік өсетін болса, онда жақын келешекте еңбек ресурстарын
толықтырудың жалғыз, нақты көзі иммиграция ғана болмақ. Бұл жағдайда Ресей
үшін әлеуметтік игіліктер Ресеймен салыстырғанда төменгі деңгейдегі
бұрынғы кеңес елдері жалғыз демографиялық көз болмақ.Дамыған Германияда да
демографиялық ахуал қиын. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық
санының азаюы себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің
әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы
тым кейіндеп және сиреп барады. ГФР статистика ведомствосының деректері
бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі балалары жоқ.
Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы
ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы
әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен
қатар бала туу төмендеп кетті. Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1,3
құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін
кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050
жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші
тұрғынының жасы 60-тан асатын болады.
Бүгінде әрбір зейнеткер неміске әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна
төлейтін тек үш жұмыс істейтін тиесілі. 20 жылдан кейін бұл қатынас екіге
бір болмақ. Кельн Экономикалық зерттеулер институтының директоры Михаэль
Хютердің пікірі бойынша ГФР-дегі бала туудың төмендеуі германия
өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттігіне күйрете соққы беріп, уақыт өте келе
экономика өсімін тоқтатады.Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда да
ұлттың қартаюы мен гендерлік баланстың (гендерлік асимметрия) сияқты айтылу
демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны
әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын
жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық
аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122,85:100 құрайды, бұл
жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы
ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп
болжануда. Қазіргі кезде орта есеппен Қытай бойынша халық тығыздығы бір
шаршы километрге 140 адамды құрайды.Мұндай жағдайда Қытай елден өз
азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық
қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.Гендерлік баланстың бұзылуы
дамыған өңірлердегі ерлер әйелдер санынан астам болып отырған Үндістанда да
байқалып отыр. Бұл құбылыстың себебі жыныстық белгі бойынша бала алдыру
тәжірибесінің таралуында жатыр.
Lancet белгілі канадалық медицина журналының деректер бойынша жыл сайын
Үндістанда 500 мыңға таяу аборт жасалады. Сонымен қатар Үнді медицина
қауымдастығы бұл құбылыстың шынайы ауқымы канадалық басылымда келтірілген
деректерден 10 есе көп деп болжайды, яғни баланың жынысына орай жылына 5
млн. аборт жасалады деген сөз. Мысалы, ультрадыбыстық диагностикаға
барынша қол жетімділік басым және ол кеңінен етек алған Нью-Дели қаласында
1000 еркекке 800 әйел келеді.Жапонияда да ұлттың қартаюы проблемасы
алаңдаушылық туғызып отыр. Болжау деректері бойынша әлеуметтік қамтамасыз
етілуге құқықты болатын 65 жастан астам азаматтардың саны 2025 жылы қазіргі
13%-дан 19%-ға дейін өсіп, оларға кететін шығыстар 78 триллион иеннен ($750
миллиардқа таяу) 155 триллион иенге дейін ($1,2 триллионға таяу)
ұлғаймақ.Жапония демографиясындағы келеңсіз ахуалдың басты себебі,
мамандардың есебінше кеш некелесу болып табылады. Мәселен, әйелдер бүгінде
тұрмысқа 28 жаста шығады, ал 1988 жылы тұрмысқа шығудың орташа жасы 26
жасты құраған болатын.Тіптен көптеген жапондықтар отбасын құру идеясының
өзіне үрке қарайды. Демографтардың болжамы бойынша халықтың бұлай азаю
қарқыны кезінде жүз жылдан соң қазіргі 127 млн. жапоннан 40 млн.
қалмақ.Шығыс Еуропа елдерінде 2025 жылға қарай халықтың 20-дан 25-ке
дейінгі пайызы 65 жаста және одан жоғары болмақ. Бұл туралы Бүкіләлемдік
банктің өңірдегі демографиялық үрдістер туралы баяндамасында айтылады.
Мәселен, болжамдар бойынша Словенияда 47 жас орташа жасты құрамақ. Сөйтіп,
Словения әлемдегі ең кәрі елдің бірі болады.Біріккен Араб әмірліктерінің
(БАӘ) тұрып жатқан төрт миллион жергілікті тұрғындардың 825 мың адамы
генетикалық аурулар проблемасына кезікті. Генетикалық аурулар БАӘ-де жақын
туыстар арасындағы некелердің таралуынан туындап отыр, қазіргі кезде ол
барлық неке санының 3,5%-ын құрайды. БАӘ-де тіптен олар мұсылман болса да,
шетелдіктермен некеге тұруды мемлекет қолдамайды. Туыстық некелердің
барлық келеңсіздіктеріне қарамастан жергілікті медиктер қалыптасқан
жағдайды қиын деп бағалап отырған жоқ. Олардың пікірінше гендерлік аурулар
пайызы салыстырмалы түрде аз, ал егер медициналық мекемелер тарапынан
тиісті назар аударылатын болса мұндай аурулар санын барынша азайтуға
болады.Сингапур бала туудың төменгі деңгейіне және жас білікті мамандардың
елден кетуіне байланысты демографиялық дағдарыс қарсаңында тұр. Арал қала –
мемлекеттің халқы 4,5 миллион адамды құрайды, олардың 76%-ы 15-тен 64 жас
аралығында. 4,2 млн. адам шегінде халықты толықтыруға арналған қажетті бала
туушылық – жылына 50 мың нәрестені құрайды. Қазіргі кезде өсім 36 мың
нәресте шегінде.2050 жылға қарай Еуропадағы ең кәрі ел Испания болмақ, бұл
Еурокомиссияның Eurostat статистикалық қызметі жариялаған есепте айтылған.
Ғасыр ортасында Испанияның әрбір үшінші тұрғыны зейнеткерлік жаста болмақ.
Бала туудың және ұзақ өмір сүрудің төменгі деңгейі, испандықтардың 37,5%-ы
65 жастан жоғары болуына әкеледі. Қазір орташа өмір ұзақтығы ерлерде 81,8
жас, әйелдерде – 85,7 жасты құрайды.
Люксембург тұрғындары 27 елдің ішінде ең жас ел болмақ; 2050 жылға қарай
бұл ел халқының тек 22,1%-ы 65 жастан жоғары болады.Греция мен Португалия
халқының да зейнеткерлік жастағы пайызы жоғары болады: тиісінше 32,5 және
31,9%.Халық саны 300 млн. адамнан астам болып отырған АҚШ-та демографиялық
ахуал қолайлы. АҚШ-тың халық санағы бюросының (US Census Bureau) деректері
бойынша АҚШ-та әрбір 7 секундта бір нәресте дүниеге келсе, әрбір 13
секундта өлім тіркеліп, әрбір 31 секундта елге жаңа эмигрант келеді.
Осылайша ғалымдардың есебінше АҚШ халқы әрбір 11 секундта бір адамға
толығып отырады.АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде
үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз
ел болып саналады. Мәселен, 100 млн. тұрғын 1913 жылы тіркелсе, екінші 100
миллионыншы кезеңге 52 жыл, үшіншісіне 39 жыл қажет болды. Көрсеткіштер
болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.
Халықтың қартаюы мен бала туудың төмендеуімен байланысты жалпы әлемдік
демографиялық үрдіс елдің даму деңгейіне қарай әртүрлі болады.
Демографиялық өсімнің тоқтау себебі
Демографиялық проблеманы көбіне отбасының материалдық әл-ауқатымен
байланыстырады, бірақ бұрынғы индустриялық қоғамдарда бұл проблеманы
материалдық жағдаймен байланыстыру дұрыс емес және дамыған Еуропа
елдеріндегі жағдай осыны дәлелдеп отыр. Онда материалдық проблемаларды
отбасындағы балалар санын ұлғайтуды айқындайтын атаулы себеп емес, фактор
ретінде ғана қабылдау керек.
Еуропа елдерінде бала тууды қаржылық көтермелеу қысқа уақыттық көбею әсерін
беруі ғана мүмкін және бұл бала тууды жақсы уақытқа қалдырған
отбасыларына ғана қатысты болады. Егер, мемлекеттік қаржыландыру бала тууды
шынымен арттырған болса, онда Италия мен Германия бала туу жағынан барлық
елдерді басып озған болар еді, өйткені бұл елдерде бала туғаннан кейін
берілетін көмекақы мөлшері басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда
анағұрлым жоғары. Алайда, бұл елдерде адами әлеуетті іске асыру мүмкіндігі
жоғары және жоғары жәрдемақы ықтимал шығыстарды өтемейді.Отбасы құндылығы,
қоғамдағы құрмет пен бедел, екі ата-ананың да бала тәрбиесіне қатысу
деңгейі, ажырасу саны, некенің орташа ұзақтығы, жалғыз ілікті аналар саны,
денсаулық сияқты материалдық емес көрсеткіштер демографиялық процестердің
серпінінде үлкен рөл атқарады.Демографияны зерттеушілерді алаңдататын
маңызды проблема – бұл отбасы институтының келешегі болып отыр, өйткені
жылдар өткен сайын халықтың басым бөлігі азаматтық некемен ғана өмір сүруді
жөн санап отыр. Ағылшын социологтарының болжамдары бойынша 2031 жылы
британдықтардың жартысы азаматтық некемен өмір сүретін болады. 2031 жылға
қарай Ұлыбритания ерлерінің жартысы бойдақ болмақ, ал 2003 жылы ерлердің
35%-ы некеде тұрмаған, бұл туралы ұлттық статистика қызметі жария еткен
Демографиялық үрдістер (Population Trends) баяндамасында хабарланды.
Күйеуге шықпаған әйелдер саны 28-ден 49 %-ға дейін өспек. Нәтижесінде
некеде тұрмаған, бірақ жұптасып өмір сүретіндер саны екі есеге өсіп, 3,8
млн. адамға жетеді. Мұндай үрдіс барлық жастағы адамдарға қатысты болады.
Балаларға қатынастың өзгеруінде және бір проблема жатыр. Associated Press
агенттігінің деректер бойынша бақытты отбасылық өмірдің барынша маңызды
тоғыз шартының тізімінде бала тек сегізінші орында ғана. Сауалнамаға
қатысушылар үй жұмыстарын бірлесе орындау, жақсы тұрғын үйдің болуы,
жақсы табыс, жұбайлардың сексуалдық сыйысушылығы және берілгендік
сияқты шарттарды маңызды деп санайды.
Бұрынғы индустриялық қоғамдарда бала туудың қысқаруы қоғамның
әлеуметтендіру функциясының бұзылуымен байланысты. Мәселен, Жапонияда жапон
менеджменттік білім беру орталығының қызметкері Такенобу Курихараның
пікірінше отбасы деген не және ол нені білдіреді дегенді адамдарға
түсіндіретін арнайы қызмет құратын уақыт жетті.Сонымен демографиялық
дағдарыс себептерінің бірі отбасы институтының және дәстүрлі құндылықтар
жүйесінің дағдарысынан туындап отыр. Бұдан ажырасулар санының ұлғаюы заңды
түрде туындайды. Статистика бойынша еуропалықтар арасында екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz