Фонетика. Фонетикалық ерекшеліктер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Тарау Фонетика ... ... ... ... . 4
1.1 Фонетикалық ерекшеліктер. Тәжік қазақтарының тілдік
өзгешеліктері дауысты дыбыстарға байланысты
фонетикалық ерекшеліктер ... ... . 7

ІІ. Тарау Дауыссыз дыбыстарға байланысты
фонетикалық ерекшеліктер ... ... ..13
2.1 Дауыссыз дыбыстардың алмасуы ... ... ... ... ... .. 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ..25
Бүгінгі күні қазақ халқының рухани да қоғамдық-әлеуметтік тіршілігінің барлық саласына тамырын кең жайып, халқымыздың қатынас құралы ретінде қызмет істеп отырған әдеби тіліміздің даму жолының өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы мен кемелденуіне ұйытқы болған халық тілі екені айқын сезіледі. Әдеби тіліміздің жаңа дәуір талабына сай биік белестерге де көтерілуіне қозғау салған халық тілі. Жергілікті халық тілінің байлығы әдеби тіліміз нәр алатын таусылмас бұлақтың бірі. Қазіргі кезде жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде ұлттық әдеби тілді байытудың қайнар көзі деп қарайтын оң пікір қалыптасқан кезде, диалектологиялық материалдарды жинап-теріп жүйелеу, оларға лингвистикалық талдау жасау аса қажетті істердің бірі болып саналады. Академик Ә.Қайдаровтың /11.34/, "Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, этнос өмірінің даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады" деген тұжырымын еске алсақ, халықтың байырғы кездегі дүниетанымын, рухани мәдениетін, шаруашылық жүргізу тәсілдері мен кәсібінен мол дерек беретін жалпыхалықтық тілдің аса маңызды дерек көздері болып саналатын жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау жұмыстың өзектілігін, оның соны, тың мәселеге арналғанын көрсетеді.
1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка.-
Алма-ата, КазГосУчпедгиз,1959.-С450.
2. Сағындықова Ф. Тәжікстанда тұратын қазақтардық тілі женінде.— Қазақ ССР Ғылым академиясыньщ Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 1979, № 2.
3. Жүсіпова Б. Түркістан тұрғындары тіліндегі ерекшеліктер. Канд.дисс.автореф.-Алматы 2003.
4. Нұрмағамбетов Ә. Қазақ тілі говорының батыс тобы. -Алматы: Ғылым.
1978.-45б.Қазақ СССР тарихы. Бес томдық. -Алматы: Ғылым. 1980.1-том 274,294, 319, 365, 398-беттер.
5. Есімболова М. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері.
Канд.дисс.автореф. -Алматы, 2001.
6. Нұрмағамбетов Ә. Түркменістандағы қазақтардың тілі.-Алматы: Ғылым,
1974.-296.
7. Бекетов Б. Қарақалпақ қазатарының тілі. — Алматы: Рауан. 1992.-1246.
8. Узбек халқ шевалари луғати. -Тошкент. Узбекистон ССР "Фан
нашриети" 1971.
9. Байжолов А. Языковые особенности казахов Кустанайской области.
Автореф.канд.дисс. -Алма-ата, 1964.-С24.
10. Болатов Ж. Восточная группа говоров казахского языка и ее отношение к литературному языку. Автореф.канд.дисс. —Фрунзе, 1970.-С140.
11. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары
мен міндеттері.// Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелрі.-
Алматы: Ғылым, 1974. 4т. —430б.
12. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі І том – 1996, ІІ том – 1999

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Тарау
Фонетика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Фонетикалық ерекшеліктер. Тәжік қазақтарының тілдік
өзгешеліктері дауысты дыбыстарға байланысты
фонетикалық
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 7

ІІ. Тарау Дауыссыз дыбыстарға байланысты
фонетикалық
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...13
2.1 Дауыссыз дыбыстардың
алмасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні қазақ халқының рухани да қоғамдық-әлеуметтік тіршілігінің
барлық саласына тамырын кең жайып, халқымыздың қатынас құралы ретінде
қызмет істеп отырған әдеби тіліміздің даму жолының өткені мен бүгінгісіне
көз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы мен кемелденуіне ұйытқы болған халық
тілі екені айқын сезіледі. Әдеби тіліміздің жаңа дәуір талабына сай биік
белестерге де көтерілуіне қозғау салған халық тілі. Жергілікті халық
тілінің байлығы әдеби тіліміз нәр алатын таусылмас бұлақтың бірі. Қазіргі
кезде жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде ұлттық әдеби тілді байытудың
қайнар көзі деп қарайтын оң пікір қалыптасқан кезде, диалектологиялық
материалдарды жинап-теріп жүйелеу, оларға лингвистикалық талдау жасау аса
қажетті істердің бірі болып саналады. Академик Ә.Қайдаровтың 11.34,
"Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, этнос өмірінің даналығы мен
дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады" деген тұжырымын еске алсақ,
халықтың байырғы кездегі дүниетанымын, рухани мәдениетін,
шаруашылық жүргізу тәсілдері мен кәсібінен мол дерек беретін
жалпыхалықтық тілдің аса маңызды дерек көздері болып саналатын жергілікті
тіл ерекшеліктерін жинау жұмыстың өзектілігін, оның соны, тың мәселеге
арналғанын көрсетеді.

І. Тарау Фонетика
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп
қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл
ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын,
олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің
дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста
болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым
тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт
керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының
тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу
мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау
мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу
дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.
Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала
береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында,
туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу
нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.
Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады.
1. тыныстау аппараты;
2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады;
3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Фонетика- тіл білімнің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонеика
дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация
мәселелерін қарастырады.
Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы.
Орыс әліпбиіндегі негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән
дыбыстарды белгілейтін тоғыз әріп бар. Олар Ә,І.Ң,Ғ,Ү,Ұ,Қ,Ө,Һ,.
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары тоғыз:
А,Ә,О,Ө,Ы,І,Ұ,Ү.
Жуан дауыстылар: А,О,Ы,Ұ,У .
Жіңғішке дауыстылар: Ә,Ө,Ү,І,Е,Э,И,У.
Қысаң дауыстылар : Ы,І,И,У,Ұ,Ү.
Ашық дауыстылар: А,Ә,О,Ө,Е,Э.
Еріндік дауыстылар: О,Ө,У,Ұ,Ү.
Езулік дауыстылар:А,Ә,Е,Э,Ы,І,И.

Дауыссыздар
Қатаң: П,К,Қ,Ш,Щ,Х,Ф,Т,Ч,С,
Ұяң: Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З.
Үнді: Р,Л,М,Й,У,Н,Ң.

Буын түрлері
Ашық буын:Жалғыз дауыстыдан құралған нм
дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейміз.
Тұйық буын: Дауыстыдан басталып ,дауыссызға аяқталуынған буынды тұйық
буын дейміз
Бітеу буын:дауыссыздан басталып , дауыссызға аяқталған буынды
бітеу буын дейміз.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
1)Көмектес септік жалғауы.Мысалы:баламен.
2)-нікі,(-дікі,-тікі),-тай,-тал,-да р,-еке,-тар.
3)-бей,-би,-кер,-гер,-қор,-паз,-қой ,-кеш,-хана,-кес.
4)-ов,-ова,-ев,-ева,-ин,-ина.

Дыбыс үндестікі.
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің
аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі
дыбыс үндестігі деп аталады.

1.1 Фонетикалық ерекшеліктер. Тәжік қазақтарының тілдік өзгешеліктері
дауысты дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер
Қазақтары тіліне тән лексикалық, грамматикалық ерекшеліктермен қатар
фонетикалық ерекшеліктер де кездеседі. Бұл айтып отырған тұрғындар тілінде
кездесетін дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер дауыстылардың бірінің
орнына екіншісінің қолданылып, алмасуымен және кейбір дифтонг дыбыстың
ықшамдалып, әдеби тілдің өзгешеленіп келуімен сипатталады. Дыбыс алмасу
құбылысы тек қана қазақ тілінің жергілікті сөйленісіне тән құбылыс емес
екендігі баршаға аян. Сөйленістердегі байқалып жүрген алмасудың түп-төркіні
бүкіл түркі тілдерінің фонетикалық жүйесімен байланысты, тамырын кең жайған
құбылыс екені мәлім. Өйткені тіліміздегі қандай да бір дыбыс алмасуы түркі
тектес тілдердің арасындағы дыбыстық алмасулардан айырмашылығы жоқ десек те
болғандай. Біз бұл зерттеуімізде осы өңірге тән дыбыстық өзгешеліктердің
ішінен басты құбылыс ретінде дауысты дыбыстардың алмасуын тілге тиек етіп
отырмыз.
Дауыстылардың алмасуы Ә-А Зерттеліп отырған тұрғындар тілінен жиналған
материалдардың ішінде көзге түсетіні, жиірек кездесіп, саны жағынан молырақ
сөздерді қамтитын құбылыс ретінде едәуір сөздердің жіңішкеріп айтылуын
атауға болады. Мысалы һәфтә - апта, әшәр-асар, сәәт-сағат, һәрә — ара,
һәйран-қайран, тәмәмләш — тамамдау, чәнчу — шаншу, әшәніп-жасанып, чәрвә-
шаруа т.б.
Диалектология жөніндегі зерттеулерге қарағанда сөздердің жіңішкеріп
айтылуы қазақ тілінің басқа говорларында да кездеседі. Әсіресе бұл құбылыс
қазақ тілінің оңтүстік говорларына (Шу, Шымкент, Тәжік) тән ерекшеліктердің
бірі болып саналады. Сонымен бірге бұл өзгешелік Қарақалпақ пен
Түркменістандағы қазақтар говорында, бір-екі сөз көлемінде болса да,
Қостанай қазақтары тілінде кездесіп қалады. Зерттеліп отыран өңірде
сөздердің жіңішкеріп айтылуы басқа говорларда жоқ сөздерді қамтиды.
Сөздердің жіңішкеріп айтылуы қазақ тілінен басқа өзбек, түрікмен тілдерінің
кейбір говорларында да кездеседі, Тәжік қазақтары тіліндегі сөздерінің
жіңішкеріп айтылу құбылысы жағынан казақ тілінің оңтүстік говорлар тобына
жақын екенін аңғартады 13.24-30.
А–Ә Жоғарыда аталған құбылысқа керісінше жіңішке ә қолданылатын
сөздерде жуан а дауысты дыбысы жұмсалады. Мысалы адат - әдет, аял-әйел, акә-
әке, алам-әлем, аста-аста - әсте-әсте, бары — бәрі, бекар — бекер, даража -
дәреже, дастүр — дәстүр, салам — сәлем, хакім - әкім, палакәт — пәлекет,
асал-әсел, адайы-әдейі, адат-әдет, тарат-дәрет, чаугум- шәугүм, палан-пәлен
т.б.
Бұл дыбыстық алмасу қазақ тілінің басқа говорларында бой көрсетіп
қалып отырады. Карақалпақ қазақтарының оңтүстігінде (аура, маз, ары,
забыр), Семей облысының Мақаншы, Ұржар ауданарында (жардам, аял, тарбия)
бірер сөздерде ә орнына жуан а дыбысы қолданылып айтылады.
Тәжік қазақтары тілінен жоғарыда келтірілген сөздерде ә орнына жуан а-ның
қолданылуы негізінен араб-иран тілдерімен бірдей. Ол тілдерде де жуан
айтылады.14.38
Ә - Е Әдеби тілде е дауысты дыбысы айтылатын кейбір сөздерде Тәжік
қазақтары тілінде ә қолданылады. Мысалы: әгәр-егер, бекәр-бекер, пәндә-
пенде, бәрәкә-береке, дәрт-дерт, зәргәр-зергер, кәсәл-кесел, кәм-кем, мәкән-
мекен, рахмәт-рахмет, сәбәп-себеп, шәкәр-шекер, шәрбәт-шербет, чіллә-шілде,
біләузік-білезік, әтәк-етек, әнә -әне, кәлін-келін, мәктәп-мектеп, әгу-егу,
ән-ен, әркә-ерке, кәләжәк-келешек, кәрәк-керек, күндә-күнде, әртәк-ертек,
өпкә-өпке, бәтігә-бетіне, ләгән-леген, әпчіл-епшіл, тәнә-дене, рәнжу-ренжу,
өгәй-өгей, кәсәк-кесек, әллік-елу, мәмләкәт-мемлекет,тәріс-теріс, дәфтәр-
дәптер, сәллә-сәлде, жөгәрі-жүгері т.б.
Бұл алмасу қазақ говорының Шу говорында бір-екі сөз төңірегінде (нәсеп,
нәгез) Түрікменістандағы қазақтар тілінде және Семей, Шығыс Казақстан
облыстарындағы тұрғындар тілінде кездесіп қалады 15.30.
Тәжік қазақтары тілінде е орнына ә дыбысының молырақ қолданылуы да
сондағы аралас отырып, қарым-қатынас жасаған тәжік тілінің әсері деп
қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
А — Ы Говордағы а, ы дауыстыларының алмасу реттері де жоғарыда сөз болған
дыбыстық алмасуларға ұқсас. Мұнда да бірқатар сөздердегі ашық а дауысты
орнына қысаң ы дауыстысы жұмсалады. Мысалы : разы — риза, тоғры — тура,
ықпыл-ықпал т.б.
Бұл дауыстылардың алмасуы негізінен қазақ тілінің батыс говорлар
тобына тән құбылыс болып саналады. Ғылыми зерттеулер және
экспедициялық материалдар бұл пікірді қуаттай түседі. Оған Орда говорын
зерттеген Д.Бөрібаевтың және қазақ тілінің батыс говорлар тобы жөнінде
жарық көрген Ә.Нұрмағамбетовтың еңбектері дәлел 16.48.
Жалпы а, ы дыбыстарының бірінің орнына бірінің айтылуы жалғыз қазақ
тілі говорларына ғана тән емес, басқа да бірқатар түркі тілдерінің
фонетикалық жүйесіне тән құбылыс. Мысалы : саха, тува, чуваш тілдерінде
түркі тілдерінде ашық а дауыстысы айтылатын жерде ол дыбыстың орнына
әрдайым ы дауыстысы жұмсалады. Өзбек тілінің құрама говоры мен түрікмен
тілінде бұл алмасулар бар.
Е-I Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде езу дыбыстардың ашық,
қысаң дауыстылары біраз сөздерде алмасып айтылады. Әдеби тілдегі ашық
дауысты е қолданылатын кейбір сөзде Тәжік қазақтарында қысаң і жұмсалады.
Мысалы: ісім - есім, ічкім — ешкім, ігіліп-егіліп, сәскі-сәске т.б.
Қазақ тілінің ерекшеліктері жайында жарық көрген зерттеулерге зер
салсақ, е і дыбыстарының алмасуы да кездеседі. Әсіресе бұл құбылыс
Түркіменістандағы, Түркіменістанмен шектес жатқан Қарақалпақ және Маңғыстау
қазактары тілінде де бар құбылыс болып саналады. Бұл ерекшелік те Тәжік
қазақтары тіліндегі өзбек, түркі тілдерінің әсері деп санауға болады. Бұл
дыбыс алмасуының қазақ тілінде бар құбылыс екеніне П.М.Мелиоранский т.б
ғалымдар назар аударған. Осы алмасулар жөнінде П.В.Радлов, Н.К.Дмитриев
сынды ғалымдар пікір айтқан.17.34-38
Я-Е. Бұл құбылыс қазақ тілінің басқа говорларында кездесе бермейтін,
тек осы зерттеліп отырған Тәжік қазақтары тіліне тән ерекшелік деп
санауымызға болады. Қосалқы е дыбысының орнына езулік я дауыстысының
қолданылуы мына сөздерде кездеседі : сүяк - сүйек, дуния -дүние, Дарие -
Дария, жиян - жиен, жияк — жиек, түя-түйе т.б.
Ү-О Тәжік қазақтары тілінде ашық еріндік о дыбысы орнына қысаң
оның, у-ол, кәртүшкә-картоп , ұнча-онша т.б.
Енді бірқатар сөздерде керісінше құбылыс ұ дыбысының о дыбысына
алмасуы байқалады : оғырлаш — ұрлау, сорау — сұрау, оқшаш - ұқсас, сорақ -
сұрақ , тоғылдым — туылдым, чоқыр - шұңқыр т.б.
Бұл дыбыстардың алмасуы Карақалпақ, Түркменістан қазақтары мен Батыс
Қазақстанның көп жерлерінде, Оңтүстіктің бірқатар аудандары мен Семей,
Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында кездеседі. Бұл дыбыс алмасулары
қазақ тілінен басқа түркімен тілдерінің говорларында да және XI ғасырдағы
ескерткіш Кодекс Куманикусте де айтылатыны жайлы зерттеуші Ә.Нұрмағамбетов
қызықты деректер келтіреді 18.18-20.
Ү-Ө. Санаулы сөздер болса да Тәжік қазактары тілінде ү орнына ө дыбысы
айтылады : өргәту - үйрету, өзәңгі - үзеңгі, ой - үй т.б.
И-Ы. Ы-И. Дыбыс алмасулары әдеби тілде қысаң ы дыбысы қолданылатын
жерлерде говорда и жұмсалады. Мысалы : миң - мың, идиш -ыдыс, тиш-тыс, киз-
қыз т.б.
Кейбір түркі тілдерінде (өзбек, ұйғыр т.б), қазақ тілінде бар қысаң ы, і
дауыстыларының орнына и дыбысы жұмсалады. Жоғарыда алмасып келген сөздер
өзбек тілімен бірдей. Бұл құбылысты да өзбек тілінің әсерінен деуге болады.
Е-Ө Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде езу дыбыстары
кейбір сөздерде алмасып айтылады. Мысалы : өшкі — ешкі, өтік — етік.
І-И Тәжік қазақтары тіліне тән өзгешеліктердің бірі - әдеби тілде қысаң
і, ы дауыстысы қолданылатын сөздерде қосалқы и дыбысының жұмасалуында.
Мысалы : бирі — біреуі, иш — іс, сир — сиыр, иккииз -екіжүз, биз — біз,
инім — інім, ким — кім, иккинчі — екінші, иңичкә-жіңішке , чигіт—шиіт т.б.
Бұл құбылыс қазақ тілінің басқа говорларында кездеспейді. Олар Тәжік
қазақтарына өзбек тілінің тигізген әсерінен пайда болған өзгешелік.
Казақ әдеби тілінің нормасы бойынша сөздің бастапқы буынының құрамындағы
дауыстының жуан не жіңішке болып келуіне байланысты, одан кейінгі
буындардың құрамындағы дауыстылардың да бірыңғай жуан не жіңішке болып
үндесіп келетіндігі белгілі.
Кейде дауыстылардың бірыңғай еріндік не езулік болып үндесіп
келетіндігі тағы бар. Ал жергілікті тұргындар тілінде әдеби тілдегі осындай
сингармонизм заңы бұзылып отырады.
Сингармонизм заңының бұзылуы қазақ тілінің басқа говорларында кездесе
бермейді. Бұл құбылыс Тәжік қазақтары тіліне тән, сондағы өзбек халқымен
араласуынан туған ерекшелік деп тануға болады.
Жоғарыдағы дауысты дыбыстардың алмасу ерекшелігінен басқа а, ы, й
дыбыстарының түсіріліп айтылуы тәрізді элизиялық, метатезалық және
апакопалық сияқты құбылыстар байқалады. Мұндай өзгеріске ұшыраған сөздер
санаулы ғана.
И дифтонг дыбысының монотонгіге айналу прцесі байқалады. Тәжік
қазақтарының тілінде ый, ій қосарлы дыбыстарының ы, і түрінде кездесетіні
де байқалады. Мысалы: қымыл-қимыл, һәрқылы-әрқилы, інабат-инабат, ұқла-
ұйықта, пығыл-пиғыл.
Ұ дыбысы өғ, уғ, ығ дыбыс тіркестеріне сәйкес айтылады. Мысалы: оғлан-
ұлан, оғыл- ұл, оғыры- ұры т.б.
Көне түркі жазбаларының ішінде оғша, оқша (Манихей ескерткіші)
мағыналас сөздері кездеседі. Қазақ тілінде соның екеуі де сақталған сиякты
ұқса, оқса. Алдыңғысы әдеби тіл болса, соңғысы диалектілік ерекшелік. Бұл
фактілер көне түркілік о қазақ тілінде кейбір реттерде ұ-ға сәйкес
келгендігін көрсетеді. Көне түркілік кейбір ашық дауыстылардың қысаңдануы
қыпшақ тілдерінің біразына тән құбылыс 19.63.
Сөз ортасында айтылатын ғ дыбысы қазақ тілінде у-ға айналады. Мысалы:
ағыр-ауыр, ағыз-ауыз, тоғылды-туылды, багыр-бауыр т.б.
Әдеби тілде ауыр, бауыр, ауыз ауна сияқты сөздерінде ғ дыбысының и-ге
ауысуы да кездеседі. Мысалы: бағла-байла, бұғдай- бидай т.б.
Дауысты дыбыстар жөнінде Тәжік қазақтары тіліне тән мынандай фонетикалық
ерекшеліктерді бөліп айтуға болады.
1. Үндестік заңы сақталмайды. Бұл әсіресе а - е, е - а дыбыстарының
алмасуында жиі кездеседі. (дүкән — дүкен, бекар - бекер).
2. Сөз соңында қосалқы я орнына е жұмсалады. (жиян — жиен, тұя — түйе, сүяқ
- сүйек, дүния — дүние)
3. Ы - I. Дыбыстарының орнына и қолданылады (иш- іс, бир- бір, миң -мың,
бирі - біреуі)
Зерттеліп отырған говордағы дыбыстық айырмашылықтардың ең бастысы -
дыбыс алмасулары. Сол сияқты дауысты, дауыссыз дыбыстардың белгілі бір
сөздерге түсірілуі (аферезис, синкопа), кейбір дыбыстардың қосылуы, орын
алмасуы (эпентеза, метатеза) тәрізді ерекшеліктер20.120.

ІІ. Тарау Дауыссыз дыбыстарға байланысты
фонетикалық ерекшеліктер.
Тәжік қазақтары тіл ерекшеліктерін бізден бұрын зерттеуге
ұйымдастырылған экспедициялардың материалдарына О.Нақысбековтың еңбегін
Тәжікстаннан көшіп келген қазақтар тіліндегі дыбыстық ерекшеліктер жиналған
материалдарға сүйенсек, мұндағы дыбыстық ерекшеліктердің дені онтүстік
говорлар тобымен ұштасып жатады. Аталған өңірдегі фонетикалық
айырмашылықтар өзбек қазақтары тілімен жақын екенін аңғартады. Осы жиылған
деректерге қарағанда, тәжік қазақтары тілінде жиі ұшырайтын мынадай
ерекшеліктерді бөліп айтуға болады.
П-Б Бұл говорға тән басты дыбыстық құбылыстың бірі көпшілік қазақ
говорларындағы ұяң б орнына қатаң п-ның өте жиі қолданылады.Оңтүстік
говорлар тобында бұл құбылыс бар болғанымен, тәжік қазақтары тілінде өте
жиірек. Мысалы, пайғазы-байғазы, пайпақ-байпақ, пайтесе-байтесе, пал-бал,
палапан-балапан, палгер-балгер, палуан-балуан, палшы-балшы, пата-бата,
пәйге-байге, пәле-бәле, пәте-бата, пейнет-бейнет, пейіл-бейіл, пешмент-
бешмент, пешін-бесін, полат-болат, пор-бор, пөпе-бөпе, пөтелке-бөтелке, пұл-
бұл, пұтақ-бұтақ, пүтін-бүтін, пілте-білте, пітіру-бітіру.
Зерттеліп отырған өңірден жиналған сөздерді өзбек, қарақалпақ
тілдерімен салыстырып көрсек, тәжік қазақтары қолданатын біраз сөздердің
айтылуы осы тілдермен ұқсас болып келеді. Мысалы:
Тәжік қазақтары өзбек тілінде қарақалпақ тілінде қазақ әдеби
тілінде
пайпақ пайпақ байбақ
байпақ
пайтаба пайтава пайтоба
байтаба
пайқау пайқамақ байқау
байқау
пақырбақ пақир бақыр
бақыр
пешін пешин песин
бесін
пешмет пешмат (
бешпет
пимек пимек пимек
білік(шамның)
пәйге пойға бәйге
бәйге
Жиналған диалектологиялық материалдарға қарағанда, бп дыбыстарының
алмасуы тек осы зерттеліп отырған сөйленіске ғана тән емес. Мұндай құбылыс
Қазақстанның Оңтүстік, Жамбыл және басқа облыстарында да кездеседі. Сонымен
қатар, Қазақстаннан тыс жерлерде, әсіресе, қарақалпақ, түрікмен, тәжік
қазақтарында да көбірек ұшырайды. Қазақ тілінің басқа жерлерінде б-ның
орнына қашан қатаң қолданылуын аралас отырған өзбек халқының әсері деп
айтуға болады.
Дыбыстарының түркі тілдерінде қолданылуы жайында түркологтардың
назарынан тыс қалған емес. Тіл мамандарының топшылауынша, осы жұп
дауыссыздардың сөз басында қатаң сыңарының молырақ қолданылуына, сондай-ақ
өңкей ұяң сыңарының молырақ қолданылуына қарай топтастыруға болатынын
айтады. Оларға сөз басында ұяң дыбыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер
Қазақ - ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі
Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Фонема және оның варианты диалектілік бірліктегі категория
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Шет тілі фонетикасын оқыту
Аударматану
Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің жолдары
Пәндер