Туристік кәсіпорындардағы шағындан есебі және туристік индустрия


Туристік кәсіпорындардағы шағындан есебі және туристік индустрия
Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де
бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.
Қазақстан республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз ықпалын тигізеді (сурет 1) .
Сурет 1 - Туризмнің экономикадағы ролі
Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған.
Туристік қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан бастадық.
Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды.
Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады.
Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.
Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, «ноу-хау», немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.
Түркістан қаласының имиджін қалыптастыру үшін туристік қызметтерді ақпараттық қамтамасыз етуде де шешілмей жатқан мәселелер жетерлік. Туризм саласындағы маңызды мәселелердің бірі - біліктілігі жоғары мамандар дайындау. Мейманханалық кешендерге қызмет көрсетуші жұмыскерлерді дайындау үшін орта буынды қызметкерлер дайындайтын жүйе жоқ.
Түркістанның туристік мүмкіншліктерін дұрыс бағалау үшін, қонақүй деңгейінде туристік қызметтің көрссеткіштерін жан-жақты талдау қажет. Ол өз кезегінде туристік қызметтерді ұтымды ұйымдастыруға, жетілдіру бағыттарын анықтауға, мақсаттары мен міндеттерін белгілеуге мүмкіндіктер береді.
Түркістан қаласының дестинациялық мүмкіншіліктерін талдау «Яассы» қонақүйі негізінде жүргізілді (кесте 6) .
Кесте 6 - «Яссы» қонақүйі қызметінің негізгі көрсеткіштерін маржиналдық кіріс негізінде есептеу мәндері
Тұру
бағасы
Кестедегі есептеулеріміз бойынша қонақүйдің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері (пайдаға (1840 тг. ) рентабелділік (18, 4 % ) сәйкес келіп отыр) яғни, дұрыс бөлінген тұрақты шығындар басқа да қызмет нәтижелерінің оң болуларына септігін тигізеді. Ал бұл, өз кезегінде, қонақүйлік қызмет көрсетуде дұрыс шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.
Сонымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы туристік қызметтердің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштерді және оны реттеудің әдістемелік негіздерін зерделей отырып, туризмді ұйымдастырудың ұтымды бағыттарын айқындау және тетіктерін белгілеу үлкен зерттеулік жұмыстарды қажет ететін күрделі үрдіс екеніне көз жеткізуге болады. Сондықтан, туристік қызметтердің сапалылығы мен деңгейін дұрыс бағалау заман талабы.
Туристік қызмет пен өнімдерге қысқаша шолу
Туризмнің қосалқы шоты (бұдан әрі - ТҚШ) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік туристік ұйым, Еуропалық қауымдастықтың Статистикалық бюросы, БҰҰ-ның Статистикалық бөлімімен бірігіп әзірленген әдіснамалық ұсыныстар негізінде құрылды.
ТҚШ-ның әдіснамалық негізі Ұлттық шоттардың жүйесі (ҰШЖ) болып табылады, мұнда негізгі стандартты қабылданған тұжырымдамалар, анықтамалар және ережелер пайдаланылады.
Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi - туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi.
Туристiк агенттiк қызметі (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi - турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi.
Туристерді орналастыруға арналған тұрғын жайлар - бұл туристерді жатын орынға орналастыру бойынша қызметтерді үнемі немесе ара-тұра көрсететін қандай да бір объект (қонақ үйлер және басқа да ғимараттар) .
Келу туризмi - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты.
Ішкi туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.
Шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаты.
Ішкі және келу туризмінің ұқсастығы - ел шегіндегі (ішіндегі) туризм категориясын құрайды.
Саяхатшы - әр түрлі мақсатта және қандай да бір мерзім ішінде әртүрлі географиялық мекендер арасында орын ауыстыратын қандай да бір тұлға.
Келуші - елде немесе бару орнында тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда кез-келген басты мақсатпен (іскерлік сапар, демалу, немесе басқа да жеке мақсат) бір жылдан кем мерзімге оның әдеттегі ортасынан тыс орналасқан қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапар шегетін саяхатшы.
Келушілер екі топқа бөлінеді: туристер және біркүндік келушілер.
Турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға.
Бір күндік келуші (немесе экскурсант) - келуші (ішкі, келу немесе шығу) егер оның сапары түнеуді қосса немесе түнеуші келуші деп немесе басқа жағдайларда бір күндік келуші (немесе экскурсант) деп жіктеледі.
Тұтыну - бұл адамның ұжымдық және жеке қажетіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді пайдалану қызметі.
Туристік тұтыну - туризм, іскерлік немесе басқа мақсатпен қозғалатын келушілердің тұтынуы, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының және үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың (ҮШҚКЕҰ) жеке сипатындағы қызметтерін тұтыну.
Келу туризміне қатысты тұтыну - бұл қандай да бір экономикалық аумағы шегіндегі резидент емес-келушілердің шығындары.
Ішкі туризмге қатысты тұтыну - бұл өз елі шегіндегі резидент-келушілердің шығындары.
Шығу туризміне қатысты тұтыну - бұл өз елінің экономикалық аумағы шегіндегі респондент-келушілердің шығындары.
Қазақстан ішіндегі туризмге қатысты тұтыну - бұл Қазақстанның экономикалық аумағы шегіндегі резидент және резидент емес келушілердің шығындары (келу және ішкі туризмнің шығындарын қоса) .
Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажеттілігін қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Келушілердің тұтынуы туристік өнімнің екі түрінен құралады - типтік және аралас туристік өнім:
- типтік туристік өнімкөп елдерде келушілердің болмағанынан өзінің қомақты көлемдерде қолдануын тоқтатады немесе оны тұтыну деңгейі едәуір төмен болады;
- аралас туристік өнім, типтікке жатпайды, бірақ туристік тұтынуда едәуір үлесті алады.
Типтік қызмет түрлері - бұл қызмет түрінде типтік туристік өнімдер құрылады. Осы қызмет түрімен айналысатын өндірушілер типтік өндірушілер деп аталады.
Туризм саласы - бұл негізгі қызметінің түрі туризм қызметі үшін типтік болып табылатын кәсіпорындардың жиынтығы.
Жалпы қосылған құн - түпкілікті өнім құнынан аралық тұтыну құнын шегеруге тең.
Туризм саласында құрылған жалпы қосылған құн - олармен өндірілетін барлық өнім келушілерге арналғанына және олардың өндіріс процесінің мамандануына қарамастан туризм саласындағы барлық кәсіпорындармен құрылатын жалпы қосылған құн болып табылады.
Тікелей туризмде құрылған жалпы қосылған құн - ел ішіндегі туризмге жататын, келушілерге тұтыну динамикасына сәйкес қызмет көрсетумен тікелей байланысты туризм саласында және экономиканың басқа салаларында құрылған жалпы қосылған құнның бөлігін көрсететін тікелей туризмде құрылған жалпы қосылған құнның шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар - бұл резидент-бірліктер шығарып өндіретін, сататын немесе импорттайтын тауарлар мен қызметтердің саны немесе құнынан бірдей алынатын салықтар (ЖҚҚ, акциздер және басқалар) .
Аралық тұтыну - басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру мақсатында белгілі бір кезең ішінде тауарлар мен қызметтерді тұтыну құны.
Туристік қызмет пакет, қызмет көрсету саласы
Қызмет көрсету саласы халық шаруашылығының бір бөлігі болып саналады және экономикалық заңдарға бағынады. Сол қаланың немесе елді мекеннің. Қызмет көрсету сферасының экономикалық әдебиеттегі түсінігі: тұрмыстық қызмет, транспорттағы жолаушы және байланыс қызметі, тұрғылықты және коммуналды қызмет, туристік-экскурциялық қызмет, медициналық-санитарлық қызмет, т. б. Қызмет көрсету сферасы басқа экономикалық салалардан ерекшеленеді: материалды шығындар мен амартизацияны қосқанда театрда-13, 3%, циркте-17%, концерттік ұйымдарда-3, 5%, саябақтарда-2, 03%, өнеркәсіпте-82, 8%, құрылыста-64, 8%. Қызмет көрсетудің тауары-қызмет болып табылады және өзіне лайықты бағасы да болады. Бірақ мәдени қызмет көрсетулерде үнемі төлем ақы төлене бермейді: Сол үшінде қызмет түрін 2-ге бөледі. а) ақылы б) ақысыз Өндіріс немесе қызмет көрсету ежелден бері халық шаруашылығының бір бөлігі болып келеді. Халыққа қызмет көрсетуді бұл қоғамның рухани-мәдени өсуіне үлкен әсерін тигізді.
Қызмет көрсетудің ерекшеліктері мыналар:
1) Сезбеушілік, яғни олардың материялдық емес сипаты, басқа сөзбен айқанда қызмет көрсету клиентке, оған қызмет көрсету процесі аяқталғанға дейін айтарлықтай түрде ұсынылмайды.
2) Қызмет көрсетуді сақтауға болмайды, яғни қызмет көрсетуді ұсыну және тұтыну процесі бір мезгілде өтеді және тұтынушылар бұл процеке тікелей қатысушылар болып табылады.
3) Қызмет көрсету-бұл қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы және сапасыз екендігін білу мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz