Қазақстанда әр түрлі кезеңдерге болған шетел зиялыларының еңбектерінің тарихи өлкетанудағы маңызы



1 Америка Құрама Штаттары.
2 Колумбия университетініц Орыс инстптуты
3 Ұлыбритания
4 Швеция
1919 жылы Стэнфорд университетінің жанынан құрылған болатын. Ол Калифорния штатындағы Пало-Альто қаласында орналасқан. Институттың басты мақсаты - "К. Маркс ілімдерінің зияндылығын ғылыми тұрғыда дәлелдеу". Кейін институт ұлттық жанжалдар мен қайшылықтар негізінде Кеңес Одағының келешекте ыдырау мүмкіндігі мәселесімен де айналысты. "Кеңестердің бейорыс ұлттары" бағдарламасының ауқымында профессор Марта Брил Олкоттың "Қазақтар" деген монографиясы жарық көрді. Институт кітапханасының "Орыс жинағы" дейтін қорында 1917-1924 және 1938-1941 жылдардағы Кеңес Одағының халықтары тарихына қатысы бар 120 мың том материал сақтаулы. Олардың ішінен Семей, Ақмола, Қостанай губерниялық газеттерінің тігінділерін және басқа да құжаттарды кездестіруге болады. Мұнда жылына орта есеппен әрқилы тақырыптарға арналған қырыққа жуық зерттеулер әзірленеді. Бұл института әр кезеңдерде орыстың кадеттік және монархиялык, партияларының өкілдері С. Пассони, А. Керенский, Б. Вольф, А. Даллин, Р. Фишер, Н. Рязановский қызмет істегенін атап өткен артық болмас.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда әр түрлі кезеңдерге болған шетел зиялыларының еңбектерінің
тарихи өлкетанудағы маңызы.

Америка Құрама Штаттары. Соғыс, революция және бейбітшілік мәселелері
жөніндегі инстнтут. 1919 жылы Стэнфорд университетінің жанынан құрылған
болатын. Ол Калифорния штатындағы Пало-Альто қаласында орналасқан.
Институттың басты мақсаты - "К. Маркс ілімдерінің зияндылығын ғылыми
тұрғыда дәлелдеу". Кейін институт ұлттық жанжалдар мен қайшылықтар
негізінде Кеңес Одағының келешекте ыдырау мүмкіндігі мәселесімен де
айналысты. "Кеңестердің бейорыс ұлттары" бағдарламасының ауқымында
профессор Марта Брил Олкоттың "Қазақтар" деген монографиясы жарық көрді.
Институт кітапханасының "Орыс жинағы" дейтін қорында 1917-1924 және 1938-
1941 жылдардағы Кеңес Одағының халықтары тарихына қатысы бар 120 мың том
материал сақтаулы. Олардың ішінен Семей, Ақмола, Қостанай губерниялық
газеттерінің тігінділерін және басқа да құжаттарды кездестіруге болады.
Мұнда жылына орта есеппен әрқилы тақырыптарға арналған қырыққа жуық
зерттеулер әзірленеді. Бұл института әр кезеңдерде орыстың кадеттік және
монархиялык, партияларының өкілдері С. Пассони, А. Керенский, Б. Вольф, А.
Даллин, Р. Фишер, Н. Рязановский қызмет істегенін атап өткен артық болмас.
Гарвард университеті. Массачусетс штатының Кембридж қаласына мекен тепкен.
1948 жылы мұнда Орыс зерттеу орталығы құрылды. Бұл университете Ресей
империясы мен оның құрамына енген халықтарды зерттеуді жолға койған
Арчибальд Кулидж болды. Ол 1890-1891 жылдары Петербургте американ
елшілігінің хатшысы болған кезінде XIX ғасырдың 70-ші жылдарындағы Ю.
Скайлердің Түркістан және қазақ даласы жайлы матсриалдар жинақтау, зерттеу
ісін әрі қарай жалғастырды. Мұнда 50-ші жылдары Орта Азия мен Қазақстанды
зерттеу жөніндегі бағдарламалар құрастырылды. Кейін олар "Орыс және кеңес
тарихы, коммунизм тарнхы", "Кеңес мемлекетінің саясаты және қызмет ету
жүйесі" бағдарламаларының құрамына кіргізілді.
Колумбия университетініц Орыс инстптуты. Нью-Йорк-та, 1946 жылы Рокфеллер
қорының қаражатына кұрылған.
Мұнда Қазақстан және Орта Азия халықтарының тілдері мен мәдениетін
зерттейтін факультеттер бар, "Орта Азняның саяси және қоғамдық мекемелері"
деген курс ұйымдастырылған.
Колумбия университетінің кітапханасында бұрынғы Кеңес Одағында шыққан
"Красный архив", "Каторга и ссылка", "История марксизма", "Отечественные
записки", "Вопросы истории" және т. б. журналдар, 22 томдық "Орыс
революциясының архиві" сақталған. АҚШ-та Қазақстан мен Орта Азияны
зерттейтін өзге де институттар мен бағдарламалар, жобалар бар. Олар - Гавай
университетінің Орта Азияны зерттеу орталығы; Мичиган университетінің
зерттеу орталықтары; Индиана университетінің оралтану және алтаистика
бағдарламасы; Оңтүстік Каролина және Калифорния университеттеріндегі ғылыми
орталықтар. 70-ші жылдардың ортасында Халықаралық зерттеу мектебінде басты
назарды Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, тілдеріне, дініне,
мәдениеті мен әдебиетіне аударатын "Этностар мен ұлттарды салыстырмалы
зерттеу бағдарламасы" құрылды. Университет профессоры Ильза Циртаустас
қазақ және өзбек тілдерін жақсы біледі. Осы университетте ұйымдастырылған
қазақ тілін үйрену курсында Абай атындағы сыйлық тағайындалып, ол 1991 жылы
үздік шыққан екі оқушыға берілді. Аталған ғалымның айтуы бойынша, АҚШ-тың
барлық дерлік жоғарғы оқу орындарында қазақ, өзбек, тәжік тілдерін
үйрететін жазғы курстар ашылған.
Вашингтон университеті. Мұнда белгілі түркітанушы А. В. Велиди Тоғанның
қызы Исан Тоған докторлық диссертация қорғаған және өзі осында сабақ
береді. Оның дәріс курсы төрт бөлімнен тұрады: 1) Ұлы Жібек жолын
мекендеген халықтардың тарихы; 2) Моңғол кезеңі; 3) Шығыс әйелдері; 4) XIX
ғасырдағы Азия өркениетінің тарихы. Жалпы АҚШ-та Кеңес Одағының Қазақстан
мен Орта Азия тұрғысындағы отаршылдық саясатын зерттейтін 50-ге жуық
орталықтар бар. Бұл тақырып бойынша арнайы орталықтары мен бағдарламалары
жұмыс жасайтын жоғары оқу орындарының қатарына Нью-Иорк, Пенсильвания,
Иллинойс, Чикаго, Оңтүстік Калифорния, Колгейт университетгері жатады.
Висконсин университеті. (Мэдисон қаласы). Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттейтін белгілі ғылыми орталықтардың
бірі. Мұнда бірнеше маңызды түркітану конгрестері өткізілді. Солардың
бірінде 1988 жылы белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов түркі-
руникалық жазуы жайында баяндама жасады. Упиверситет қызметкері Теңіз
Болғамыш соңғы конғресте ІПоқан Уәлихановтың шығыстану ғылымына қосқан
үлесін жоғары бағалап, баяндамасында ұлы қазақ ғалымы жөніндегі батыс
мамандарының кейбір қате пікірлеріне тойтарыс берді.
Принстон университеті. Осы оқу орны Халықаралық бағдарламалар орталығының
көмегімен саяси ғылымдар профессоры Г. Массельдің "Пролетарлық қойыртпақ:
1919-1929 жылдардағы Кеңестік Орта Азияның мұсылман әйелдері және
революциялық стратегия" деген іргелі еңбегі жарық көрді.
Каролина штаты университеті мен Дьюк университеті. Осы оқу орындарының
бірлескен зерттеу бағдарламасы нәтижесінде Л. Тилеттің "Ұлы достық. Кеңес
тарихшылары орыстан өзге ұлттар туралы" атты монографиясы басылып шықты.
Ататүрік университетінің профессоры Орхан Түпдоғанның айтуына қарағанда,
қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайлы материалдар "Русское обозрение",
"Славянские записи Маркетского университета", "Советское обозрение" және
басқа басылымдарда жиі жарияланатын көрінеді.
Үлыбританияда Орта Азия мен Қазақстанды зерттеу ісі арнаулы мекемелерде
шоғырландырылған. XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай Лондонда Орта
Азия мен Қазақстанды зерттеу жөніндегі корольдік қоғамның ғылыми абыройы
асқақтай бастады.
XX ғасырдың 80-ші жылдарының бас кезінде Орта Азияны зерттейтін тағы бір
қоғам құрылды. Бұл қоғам патшалық Ресей мен Кеңес өкіметінің Қазақстандағы
отаршылдық саясаты, ұлттық партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тарихы,
ұлттық интеллигенция және іслам дінінің қазақ халқының үлт-азаттық
күресіндегі рөлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қуғын – сүргін құжаттары
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Шәкәрім университетінің тарихы
Пәндер