ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ (1894—1938)
1 Туған жері
2 Телжанды тану тағылымы
3 Телжан мен Шахзада
4 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ. «ОҚУ ҚҰРАЛЫ»

Шонанов Телжан (1894—1938) — Алаш Орданың оқу комиссиясының мүшесі, тілтанушы-түркітанушы, доцент, қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, аудармашы.
Туған жері қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, № 4 ауыл.
1908 – 1912 жылдары Ырғыздағы орыс-қазақ училищесінде, 1912 – 1916 жылдары Орынбордағы қазақ мұғалімдер институтында оқыған. Орынборда оқыған кезінде қазақ жастарының мәдени ағарту бағытында құрылған “Игілік” ұйымын ұйымдастыруға белсене араласып, “Қазақ” газетіне халық ағарту мәселелері бойынша мақалалар жариялады. 1916 жылы Ырғыз уезінде мұғалім болып істеді. Шонановтың әлеумет істеріне белсене араласуы 1916 жылғы қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілісі кезінен басталады. Ол қарулы көтеріліске қарсы болған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған демократиялық зиялы азаматтарға қолдау білдірді. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Шонанов ұлттық автономия жолында күрес жүргізген Алаш қайраткерлерінің қатарында болды. 1917 жылы 5 – 13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде Шонанов Алашорда үкіметі жанынан құрылған оқу комиссиясының құрамына (Байтұрсынов, Дулатов, М.Жұмабаев, Е.Омаровпен бірге) енгізілді.
1921 жылы Ырғызда тұтқынға алынып, Орынбордағы ОГПУ бөлімінде тергелді. 1922 жылы түрмеден босатылады. 1922 – 1926 жылдары Орынборда Халық ағарту комиссариаты (ХАК) жанындағы Академиялық орталықта қызмет атқарды. Шонанов қазақ бастауыш мектебінің теоретикалық және практикалық негізін қалаушылардың бірі болды. Оның қаламынан емлеге, тіл дамытуға, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты көптеген еңбектер мен хрестоматиялар жарық көрді.

1. Политические репрессии в Казахстане в 1937 – 1938 гг., А., 1998.
2. Қазақ энциклопедиясы 9 том
2. Қазақ энциклопедиясы 9 том
ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ
Шонанов Телжан (1894—1938) — Алаш Орданың оқу комиссиясының мүшесі,
тілтанушы-түркітанушы, доцент, қоғам қайраткері, ағартушы, педагог,
аудармашы.
Туған жері қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, № 4 ауыл.
1908 – 1912 жылдары Ырғыздағы орыс-қазақ училищесінде, 1912 – 1916
жылдары Орынбордағы қазақ мұғалімдер институтында оқыған. Орынборда оқыған
кезінде қазақ жастарының мәдени ағарту бағытында құрылған “Игілік” ұйымын
ұйымдастыруға белсене араласып, “Қазақ” газетіне халық ағарту мәселелері
бойынша мақалалар жариялады. 1916 жылы Ырғыз уезінде мұғалім болып істеді.
Шонановтың әлеумет істеріне белсене араласуы 1916 жылғы қазақ халқының Ұлт-
азаттық көтерілісі кезінен басталады. Ол қарулы көтеріліске қарсы болған
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған демократиялық зиялы
азаматтарға қолдау білдірді. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Шонанов
ұлттық автономия жолында күрес жүргізген Алаш қайраткерлерінің қатарында
болды. 1917 жылы 5 – 13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ
съезінде Шонанов Алашорда үкіметі жанынан құрылған оқу комиссиясының
құрамына (Байтұрсынов, Дулатов, М.Жұмабаев, Е.Омаровпен бірге) енгізілді.
1921 жылы Ырғызда тұтқынға алынып, Орынбордағы ОГПУ бөлімінде тергелді.
1922 жылы түрмеден босатылады. 1922 – 1926 жылдары Орынборда Халық ағарту
комиссариаты (ХАК) жанындағы Академиялық орталықта қызмет атқарды. Шонанов
қазақ бастауыш мектебінің теоретикалық және практикалық негізін
қалаушылардың бірі болды. Оның қаламынан емлеге, тіл дамытуға, қазақ тілін
оқыту әдістемесіне қатысты көптеген еңбектер мен хрестоматиялар жарық
көрді. Шонановтың әдістемеге қатысты еңбектеріне “Жаңалыққа жетекші”,
“Диаграмдар, графиктер қандай болады” деген кітаптары, “Орыстарға қазақ
тілін үйрету әдісі жайында”, “Ересектерді сауаттандыру әдісі”, “Дауыстап
оқытудың әдісі” сияқты көптеген мақалалары жатады. Шонанов 1923 жылы 15
сәуірде “Қазақ өлкесін зерттеу қоғамына” мүше болып, латын әліпбиін
енгізуді жақтаған зиялылар тобында болды. 1924 жылы 12 – 18 маусымда
өткізілген қазақ білімпаздарының тұңғыш съезіне, сол жылы Қазақ АКСР-і
ғылым саласы қызметкерлерінің съезіне делегат болып қатысты.
Шонановтың қазақ әдебиеті саласындағы еңбектеріне “Сәкеннің тілі”,
“Халық ауыз әдебиеті”, “Евгений Онегиннің аудармасы”, т.б. сын-мақалалары
жатады. Аударма ісі бойынша ол А.Богдановтың “Курс политэкономий” атты
кітабын қазақшаға аударып, орысша-қазақша термин сөздігін қоса берген.
Бұдан басқа Каминскийдің, Н.Крупскаяның кітаптарын қазақшаға аударды. 1926
– 1929 жылдары Қызылордада Қазақ Халық ағарту институтында оқытушы болып
жұмыс істеді. Осында жүріп 1926 – 1928 жылдары “Қазақ өлкесін зерттеу
қоғамының” тарих-этнография секциясының төрағасы болды. 1926 жылы
Байтұрсыновпен бірлесіп, мектеп оқушыларына арналған “Оқу құралын”
(хрестоматия) құрастырды.
Сол жылы “Қазақ жер мәселелерінің тарихы” атты еңбегі жарық көрді. Онда
қазақтарды қоныстандыру, отырықшыландыру, жер бөлу мәселелері айтылды. 1926
жылы тамызда Бакуде өткізілген Бүкілодақтық түркологтар съезіне
Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, Е.Омаров, Б.Сүлеев, Ә.Байсейітовпен бірге Шонанов
та қатысты. Съезден кейін Шонанов латын әліпбиін насихаттайтын
республикалық комитет құрамына енді. Сол кезеңде ол О.Жандосовпен бірге
барлық латын комитеттері мен латыншыларға арнап ашық хат жариялады. 1927
жылы М.Жолдыбаевпен бірге “Жаңа арна” оқулығын шығарды. Шонанов 1929 жылы
Алматыға көшіп келіп, Қазақ АКСР-і ХАК-да қызмет атқарды.
1934 жылға дейін ҚазПИ-де оқытушылықпен айналыса жүріп, мектепке
арналған оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазды. 1929 жылы ол “Қазақстан
жағрафиясы” атты кітап жазып, өлкетану жұмысына да белсене араласты.
Д.Снегинмен бірге “Уйгурская поэзия” жинағын (1934) ұйғыр тілінен орыс
тіліне тәржімалады. 1935 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік университетінде
(қазіргі ҚазҰУ) қазақ тілінің доценті болып еңбек етті. Шонанов жалпы 1923
– 1937 жылдар аралығында 32 оқулық, кітап, 72 мақала жазған.
Алматы қаласында 1937 ж. шілденің 20 тұтқындалып, 1938 ж. ақпанның 27
Қазақ КСР Жоғарғы сотының Әскери колегиясымен ату жазасына кесілген.
1992 ж. қыркүйектің 18 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыс
құрамы жоқтығынан ақталған.
Шығармашылығы
Жер тағдыры – ел тағдыры, А., 1995.
Телжанды тану тағылымы
Ырғыз ауданының Құтикөл мекеніндегі орта мектеп осы ауылда туған қоғам
қайраткері, қазақ тілін зерттеуші ғалым, тарихшы Телжан Шонанұлының
есімімен аталады. Биыл отызыншы жылдардағы репрессия құрбаны болған қазақ
зиялыларының бірі Телжан Шонанұлының туғанына — 115 жыл. Осыған орай
Т.Шонанұлы атындағы орта мектеп ұжымы тағылымды шара ұйымдастырды.
Мектепте құнды деректер мен жәдігерлер қойылған Телжан Шонанұлын тану
деп аталатын мұражай бөлмесі ашылды.
Телжанды тану — тарихымызды тану тақырыбында ғылыми конференция
өтті. Мұнда мектеп ұстаздары Людмила Тәмпішева, Думан Жайшылықов, Айжан
Жақия және басқалары Т.Шонанұлының әр қырын ашатын баяндамалар оқыды. Бұл
шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Аққанат Шахин, Ырғыз тарихи-
өлкетану мұражайының директоры Самат Әмірханов, аудандық білім бөлімінің
бастығы Марат Тұрымов осы шараға орай өз пікірлерін жеткізді. Мектеп
ұжымының, демеушілердің ұйымдастыруымен қоғам қайраткерінің рухына арналып
ас беріліп, ақсақалдар естелік әңгімелер шертті. Сөз сөйлегендер Телжан
Шонанұлымен қатар жазықсыз ату жазасына кесілген оның жары Шаһзада Шонанова
туралы да әңгіме қозғады. Ал 2002 жылы белгілі журналист марқұм Марат
Мырзағұл Т.Шонанұлы туралы Оралу атты кітабының тұсаукесерін арнайы
келіп, осы мектепте өткізген еді.
Т.Шонанұлы атындағы орта мектептің директоры Бекболат Балдан алдағы
уақытта көрнекті қайраткердің ескерткіш мүсінін орнату жоспарда бар екенін
айтты.
Телжан мен Шахзада
Белгілі қоғам қайраткері, энциклопедист ғалым Телжан Шонановтың туғанына
— 115 жыл
Телжан Шонанов 1894 жылдың 17 желтоқсанында Ырғыз ауданының Аманкөл
аулында дүниеге келді. 1908-1912 жылдарда Ырғыздағы орыс-қазақ
училищесінде, одан кейін — 1912-1916 жылдары — Орынбордағы мұғалімдер
институтында оқыды.
Орынборда оқыған кезінде қазақ жастарының Игілік ұйымын құруға белсене
араласып, Қазақ газетіне халық ағарту мәселелері бойынша мақалалар
жариялап тұрды.
1916-1921 жылдарда Ырғыз уезінде мұғалім болды. Ал 1922 жылы Орынборда
Халық ағарту комиссариаты жанындағы Академиялық орталыққа қызметке
қабылданып, сонда 1926 жылға дейін оқыту-білім беру істерін жетілдіру –
дамытумен тікелей шұғылданды. Осы игі істерді бастаушы Телжан Шонанов Қазақ
білімпаздарының 1924 жылы 12-18 маусымда өткен тұңғыш съезіне, одан кейін
сол жылы Қазақ АКСР-і ғылым саласы қызметкерлерінің съезіне делегат болып
қатысты. Осы тұста ол емлеге, тіл дамытуға, қазақ тілін оқыту әдістемесіне
қатысты көптеген еңбектер мен хрестоматиялар жариялады. Соның ішінде
әдістемеге қатысты: Жаңалыққа жетекші, Диаграммалар, графиктер қандай
болады, Орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында, Ересектерді
сауаттандыру әдісі, Дауыстап оқытудың әдісі сынды кітаптары жарыққа
шықты. Телжан Шонанов мектепте дауыстап оқыту әдісін ерекше насихаттады.
Оның пікірінше, дауыстап оқығанда оқуды қабылдауға: көз, ауыз, құлақ — үш
мүше бірдей еркін, тең қатысады да, қабылдаудың күшеюіне, оқуды сіңіріп-
игеруге игі
ықпал етеді. Дауыстап оқытқанда оқушы еркін, екпінді, айқын, анық
сөйлеуге дағдыланады, әсерлі, өткір сөйлеуге — шешендікке (ораторлыққа)
жаттығады, даусы да нәзік, болбыр болмай, мәнерлі, ұнамды қалыптасады. Ол
дауыстап оқыту, әсіресе, бастауыш мектептегі жас балаларға тиімді деп
есептеді.
Телжан Шонанов Қазақ өлкесін зерттеу қоғамына 1923 жылдың 15 сәуірінде
мүшелікке қабылданған. 1926-1928 жылдарда ол осы қоғамның тарих-этнография
секциясының төрағасы және Қызылордада Қазақ Халық ағарту институтында
оқытушы болды.
1926 жылы А.Байтұрсыновпен бірлесіп, мектеп оқушыларына арналған Оқу
құралын (хрестоматия) шығарды. Өзінің атақты Қазақ жер мәселелерінің
тарихы атты еңбегін де нақ сол жылы жазды. Оқырмандарға белгілі, бұл
еңбегінде ол қазақ жерін отарлаудың 200 жылдық тарихын талдады.
1926 жылы тамызда Бакуде өткізілген Бүкілодақтық түркологтар съезіне А.
Байтұрсынов, Н. Төреқұлов, Е. Омаров, Б. Сүлеев, Ә. Байсейітовтермен бірге
Т. Шонанов та қатысты.
Ол 1928-1934 жылдарда Алматыда ҚазПИ-де оқытушы болып қызмет етті және
Халық ағарту комиссариатының ғылым мен ғылыми әдістер жөніндегі кеңесінің
мүшесі болды. Осы жылдарда Қазақстан жағрафиясы (1929), Жаңалық (1928),
Сауаттан (1929), Тіл дамыту (1930), Қазақ тілінің оқу құралы (1933)
т.б. оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазды, латын әрпі, татар, ұйғыр,
түрік тілдері жайлы зерттеу еңбектер жариялады.
1935-1937 жылдарда Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі ҚазМҰУ)
қазақ тілінің доценті болды.
Телжан Шонанов 1923-1937 жылдар аралығында оқулығы бар, басқасы бар — 32
кітапты жарыққа шығарып, 72 мақала жазған екен.
Халық жауы деген жаламен 1938 жылдың 27 ақпанында атылған Телжан
Шонанов 1992 жылы 18 қыркүйекте ақталды.
Ал Телжан Шонановтың жары Шахзада Аронқызын да еске ала кеткен жөн деп
есептейміз. Оның әкесі Арон — белгілі қоғам қайраткері, Дума депутаты
болған заңгер Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзада 1903 жылы Батыс Қазақстан
облысының Сырым ауданында дүниеге келген, жастай оқыған, зерек, алғыр
болған. 1920 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина
факультетіне оқуға түседі. Бірақ шыққан тегі — әкесі үстем тап өкілі
болғандықтан, көре алмаған біреулердің көрсетуімен
2-курста оқудан шығарылады.
Алғыр Шахзада бұған мойымаған. Ол 1922-1926 жылдарда Орал губерниялық
атқару комитетінде — іс жүргізуші, аз уақыт Сырдария губерниялық партия
комитетінде нұсқаушы қызметтерін атқарды. 1926 жылдан бастап КСРО ағартушы
қызметкерлер одағының мүшесі, 1928-1930 жылдарда Қызылордада Халық ағарту
комиссариатының мектепке дейінгі балалар тәрбиесі бөлімінің нұсқаушысы
болды.
1931 жылы Алматы медицина институтына оқуға түседі. Бірақ мұнда да
әлеуметтік тегі бойынша бақылауға алынып, институт Шахзаданы қоғам
жұмыстарында тексеруге міндеттелді. Осыған сәйкес, Шахзада 1932 жылдың 12
наурызынан 11 сәуірге дейін ең қауіпті ауру — бөртпе сүзек індеті жайлаған
Прибайкалстройдың Спасск деген жеріне жіберіледі. Сол жердегі жұмыс орнынан
институтқа ол жөнінде: Жолдас Шонанова өзін қайратты, іскер қызметкер
ретінде көрсетті... Қоғам жұмыстарына қатысты... Санитарлық шаруаларды
жүргізуші ретінде Шонанова ең сенімді қызметкер болды деген мінездеме
жіберілді. Соған қарамастан Шахзада тағы да 2-курста әлеуметтік тегіне
байланысты оқудан шығарылады.
Сөйтіп қайтадан қызметке кірісті. 1933-36 жылдарда педагогикалық ғылыми-
зерттеу институтында, Халық ағарту комиссиаратында түрлі қызметтер атқарды.
1936 жылы Шахзада ҚазМУ-дің биология факультетінің 2-ші курсында оқуға
мүмкіндік алады. Бірақ бұл жолы да оқу еріксіз үзілді. 1937 жылғы 19
шілдеде жұбайы Телжан Шонанов халық жауы деген жаламен тұтқындалады.
Артынша Шахзада да тұтқынға алынды.
19 жасынан қызметке кірісіп, мәдени-ағарту саласында көптеген істерге
ұйтқы болған, халыққа адал қызмет етуді армандаған, саяси қудалауларға
мойымаған Шахзада Шонанова не бары 34 жыл өмір сүріп, сұрқия саясат құрбаны
болды.
1938 жылдың 9 наурызында халық жауларының әйелдерінің ішінде тек қана
жалғыз Шахзада атылған. НКВД-нің бұл таңдауы тегіннен-тегін болмаса
керек...
Енді Шахзада өмірінің соңғы сәттеріне байланысты бір дерек. Қазақстан
тарихи-ағарту Әділет қоғамының төрағасы Санжар Жандосов пен атқарушы
директоры Сәуле Айтмамбетова – Сүгірова ҰҚК-нің көмегімен 1937-38 жылдары
халық жауларын кімдер атқанын, қайда көмгенін іздестірген. Қорытындысында
Сәуле Эпоха газетінің 2006 жылғы 40-санында мынадай дерек жариялады:
...сол қантөгістің тірі куәсі табылды... Бұрынғы кісі өлтірушінің айтуынша,
халық жауларын түн ішінде НКВД ғимаратының терең қазылған жертөлелеріне
апарып, сол жерде атқан.
Халық жауларын үш сағат бойы атып, содан соң мүрделерін жабық әскери
машиналарға тиеп, Әлі аулына апарған. Бұл — 1932 жылдың ашаршылығында
барлық тұрғындары қырылып, қаңырап қалған ауыл еді. Балшықтан соғылған
үйлердің орындарында жартылай құлаған қабырғалар ғана сорайып тұр. Міне,
сол қабырғалар арасында солдаттар күндіз шұңқырлар қазатын да, ал түнде ол
шұңқырларға атылған адамдардың мүрделері тасталған.
Қаңырап тұрған бұл ауыл жанында жаңа ауыл да бар еді. Оның тұрғындарына
көне ауылға жақындамау жөнінде бұйрық берілді. Бұл бұйрық: көне ауылға аса
қауіпті індеттен өлген жылқылар көміліп жатыр, — деп түсіндірілген.
1937-1938 жылдары атылған адамдар тізімін қолымызға алғанда біз НКВД
машинасының демалыс, мейрам дегенді білмей күндіз-түні жұмыс істегенін
ұқтық, — деп жазады Сәуле Рақымқызы. — Әр күні 40-50 адам атылған. Олардың
бәрі де НКВД ғимаратының жертөлесінде атылған.
Осы қантөгіске қатысқан жендеттің айтуынша, машинадан шұңқырға
мүрделерді лақтыра бастағанда, кенеттен олардың бірі тіріліп, айдалаға қаша
жөнеліпті. Бұл әйел адам еді. Жендеттердің бірі оны сол арада атып
құлатқан. (Тізімде жалғыз ғана әйел адам болғандықтан, бұл жерде әңгіме
ҚазМУ студенті Шахзада Шонанова жөнінде деп жорамалдаймыз.) Осы оқиғадан
кейін машинаға саларда атылғандардың аяғының сіңірін қиып жіберетін
болған.
Тізімде жалғыз ғана әйел адам болған болса, НКВД жендеттері өлтіріп,
көмуге әкелгенде кенеттен тірілген адамды біздің Шахзада деп санауға
хақымыз бар. Ол — қазақтың ерекше бір қайратты қызы еді. Өмірінің соңғы
сәтінде де сол қайратынан таймаған секілді...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ.
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы бірігіп жазған Оқу құралы
қазақ оқу-ағарту саласындағы мүлде соңғы дүние болды, ол тек қазақ
мәдениетінде емес, жалпы мазмұны мен мақсаты, құрылымы мен әдістемесі
жағынан тіпті орыстарда жоқ еңбек болып шықты, мұны өздері де
айтады. Кітаптың жүйесі орыс мектептеріндегі жүйеден өзгеше, мұндай жаңа
жолмен жазылған кітап әлі орыс тілінде жоқ дейді. XX ғасырдың 20-жылдары
үшін өзге емес, дәл осы типтегі оқулықтың болуы өте қажет еді. Кейін әр
ғылым саласы өз алдына пән болып оқу кестесіне енгеннен кейін, әрине,
мұндай құралдар қайыра жазылмады. Ал бастауыш мектептің кейінгі кластары
үшін ресми оқулықтармен қатар, осындай жан-жақты қызғылықты қосалқы
құралдар да ұсынылып отырса жаман болмаған болар еді. Бірақ А. Байтұрсынұлы
сияқты қазақ мәдениетін көтерудің әр бағытын іске қоса білетін ынталы
адамдар 1929 жылдан бастап әрі қарай қызмет ете алмағанын білеміз.
Ахмет Байтұрсынұлының есімі мәдениет көгімізге қайта оралған бойда,
1988 жылдардан бастап, оның мұрасын жинастырып, сол тұстарда табылғандарын
мүмкіндігінше толық түрде жарыққа шығара бастаған болатынбыз, сол кезде-ақ
оның Телжан Шонановпен бірігіп құрастырған (дәлірек айтсақ, жазған) Оқу
құралы деген көлемді кітабы бар екендігі мәлім еді. Бірақ оны Ақ жол,
Тіл тағылымы сияқты жинақтарға енгізуге болмады, өйткені кітап өте
көлемді болды (412 бет) және оны жеке басылым етіп ұсыну қажеттігін
байқадық...
Сондықтан мен еңбектің араб жазулы мәтінімен толық танысып, оның
мазмұны, жанрлық сипаты, ішінара тілі жөнінде толығырақ сөз етпекпіз. Бұл
еңбек біздің топшылап жүргеніміздей, жай хрестоматия болмай шықты. Ол
Қазақстан Оқу комиссариаты мен Ғылым ордасының (осы күнгі Ғылым
академиясының) нұсқауымен тізілген (яғни жазылған) (біраз тұстар
авторлардың өз қолданыстарын беріп, жақша ішіне қазіргі түсінігімізді
көрсетіп отырдық) қолжазбаны Ғылым-әдебиет кеңесі (сірә, бұл Әдебиет, тіл
білімі институттарының ғылыми кеңестері сияқты орган болса керек) қарап
шыққан (яғни бекіткен). Еңбек – нағыз оқулық, оқу үшін құрастырған
материалдар жиынтығы емес және ол жазушылардың (авторлар өздерін солай
атаған) көрсетуінше, баулу мектептің 1-сатысында III–IV жылдары оқуға
арналған. Біздіңше бастауыш мектептің 3-4-кластарына арналған деуге болатын
шығар.
Оқулық материалдарының дені – екі автордың өздері жазған шағын әңгіме-
мағлұматтар, бірқатары Т. Аксаков, А. М. Никольский, Л. Н, Толстой, К. Д.
Ушинский, А. П. Чехов, Н. М. Покрова, Тимирязев, Рубакин, Виктор Гюго,
Короленколардан, тіпті В. И. Ленин мен Троцкийден аударылып алынған мақала-
әңгімелер (бұлардың бірқатарын аударған – Қыр баласы (Ә.Бөкейханов). Бірді-
екілі материалдар (мысалы, Тундра, Арқаның жарқылы т.б.) Живой родник
сияқты сол кезгі орыс тілінде көпшілікке арналып шығып тұрған журналдардан
алынған. Бірақ сан жағынан мұндай аударма материалдар көп емес. 229
мақаланың 20-дан асар-аспасы ғана аударма.
Бұл оқу құралының және бір ұтымды ерекшелігі – адам, табиғат, қоғам,
тарих туралы прозамен берілген әңгімелердің ара-арасында өлең мәтіндері
араласып отырған. Мысалы, жыл мезгілдері сөз болған тұста Абайдың Қыс,
Күз, Жазғытұры, Теректің сыйы өлеңдері, табиғат көріністерін
суреттеген жерлерде Ыбырайдың Өзен, Міржақыптың Жұт, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz