Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны


Мазмұны.
Кіріспе . . . 2
I - Бөлім. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері.
1. 1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар . . . 5
1. 2. Балаларды табиғатпен таныстыруға арналған ғалым, зерттеушілердің ғылыми еңбектері . . . 24
II - Бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің әдістемелік негіздері.
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы . . . 28
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру . . . 32
Қорытынды . . . 41
Пайдаланған әдебиет . . . 43
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану.
Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар. Мектеп жасына дейінгі балалармен қоршаған ортаны, табиғатты зерттей отырып, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, оны бақылауға ықылысын тудыра отырып, тәрбиеші балаларды Отанын, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарын, табиғатты халықтың шаруашылық әрекетіне пайдалануымен, ауыл халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу балаларды еңбекті және еңбек адамдарын сыйлау рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке және болашақ іс-әрекетіне психологиялық дайындауға негіз болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда табиғатпен таныстыру тәрбиешігі балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін мол мүмкіндік тудырады.
Балалаларға айнала қоршаған әлемнің ең қарапайым нақты заттары мен құбылыстары туралы нақтылы деректер беруі, жекелеген табиғат құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстарды және табиғат құбылыстарының өзгерушілік себептерін қарапайым түрде түсіндіруі, адам табиғаттың күші мен байлығын қоғам мүддесіне қалай пайдаланатынын, табиғатты қорғау жөнінде қалай жұмыс жүргізетінін айқын мысалдармен көрсетуі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны.
Мақсаты : Қоршаған ортада бағдарлауын кеңейту негізінде балалардың тілдік қатынас дағдыларын мақсатты түрде дамыту. Балаларды қоршаған заттардың көп түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.
Міндеттері:
1. Жақын адамдарды, қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтар мен жануарларды білдіретін сөздермен сөздік қорларын молайту.
2. Ересектердің бүкіл топқа, жеке балаға айтылған сөздеріне назар аударуды, түсіне білуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Заттар мен құбылыстардағы ең маңыздыны анықтауға, бақылауға, оларды атап, араларындағы қарым-қатынастарды құруға үйрету.
4. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.
5. Балаларды қолжетімді табиғат құбылыстарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынасын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту.
Баланың өзіне жақын ортада бағдарлауының кеңеюімен байланысты тілін дамыту.
Заттарды, жабдықтарды, ересектер атқаратын кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.
Балалардың белсенді сөздік қорларын кеңейту, таныс сөздерді (айналасындағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстар, іс-әрекетгер, т. б. ) айтуға, адамның кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау, т. б. ) дұрыс атауға үйрету.
Балаларға таныс кейбір көлік түрлері (автобус, машина, трактор және т. б. ) туралы түсінік беру, ойыншық машинаға ұқсастырып, суреттерден таба білуге үйрету. Суреттер мен ойыншықтардан кейбір үй жануарларын тануға және (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапандар және т. б. ) атауға ынталандыру; адамдар мен жануарлардың қарым-қатынасын білдіретін көріністерді түсінуге үйрету, көрсету барысында әңгімелей білуге ынталандыру. Жануарлардың ерекшеліктерін қарастыра отырып, ерекше белгілеріне назар аудару: көзі, құлағы, аяқтары, құйрығы және оларды атауға ынталандыру.
Бір жарым жастан асқан балалармен табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атау және кейбір ақпараттарды хабарлау: жаңбыр жауса, жер су болады, серуенге шыға алмайсың; жердегі нәрсені ауызға салуға болмайды - ауырасың, күннің көзі шықса күн жылынады.
Сөздік қорларын толықтыру, көрген-білгендерін атай білуге ынталандыру.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- балалар пассив сөздік қорындағы сөздерді айтуды (қоршаған ортадағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстары мен қызметтері, т. б. ) ;
- адамдардың кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау және т. б. ) дұрыс атауды;
- кейбір үй жануарларын (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапан және т. б. ) суреттер мен ойыншықтардан танып, аттарын атауды;
- жануарлар мен адамдардың оларға қарым-қатынасын бейнелейтін көріністерді түсінуі;
- жануарлардың айтарлықтай ерекшеліктері мен белгілерін анықтауы және оларды атауды;
- табиғат құбылыстарын атауды білуі тиіс.
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері.
1. 1 Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар.
1 жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Балаларды қоршаған заттардың көп түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.
Міндеттері:
1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.
2. Балаларды қолжетімді табиғат құбылыстарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынасын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту.
Мазмұны:
Өзі және айналасындағы адамдар туралы түсініктері
Балаларда өзі, өзінің аты-жөні, сыртқы түрі («Қолың қайда?, «Көзің қайда?», «Мұрның қайда?»), өзінің іс-әрекеті (қолын жуды, жеді, ойнады, шомылды, т. б. ) ниеттері (қыдыру, ойнау, тамақ жеу, т. б. ) туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Жақын адамдары мен отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы түсініктерін бекіту.
Балаларда қоғамдық өмірдің нақты жағдайлары жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру («Сатушы тәте», «Дәрігер аға», «Жүргізуші аға», т. б. ) .
Балаға жақын ортадағы заттармен таныстыру
Балаға жақын заттық ортадағы ойыншықтар, тұрмыстық заттар, тағам, тамақ түрлері, жеке заттары туралы түсініктер беру.
Балаларды заттармен, олардың белгілерімен, қарапайым іс-әрекет түрлерімен (суарады, жейді, киеді) таныстыру. Заттардың негізгі белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырата білуге үйрету. Түсіне қарай заттарды топтастыруға үйрету (қызыл шарды қызыл қорапқа, ал көк шарды көк қорапқа салу) .
Балаға жақын ортадағы және суреттегі заттарды тани білуге үйрету.
Табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру
Баланы айналасына жақын жануарлармен таныстыру.
Әнші құстарға, аквариумдағы балықтарға, құстарға және жануарларға (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылаулар жүргізу. 2 жасына қарай бірнеше жануарлардың болмысын суреттерден, ойыншықтардан (құс, тауық, мысық, ит) танып, көрсетуге, оларды атауға, дауысына еліктеуге үйрету. Осы белгілерімен қатар нақты атауларын беру. Балалармен бірге жануарлардың кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне (басы, құйрығы), қимылына (жүгіреді, ұшады) назарларын аудару.
Бір жарым жастан асқан балалармен бірге табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атай білуге ынталандыру, белсенді сөздік қорларын толықтыру.
Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару. 2 жасқа қарай тәрбиешінің нұсқауымен белгілі түстегі гүлді тауып алуға, ересек адамның көмегімен гүлдерді, ағаштар мен шөптерді көрсетуге үйрету.
Балалардың өсімдіктер мен жануарларға қызығушылығын дамыту, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тәрбиешінің табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қандай күтім жасайтынына назарын аудару.
Балалардың назарын гүлдейтін бөлме өсімдіктеріне аудару, суаруға үйрету.
Балаларға күнделікті өздері көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін бекіту, оларды болмысынан мен суреттерден тануға жаттықтыру.
Су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынады және суға шомылады.
1 жас 6 айдан асқан балаларды құмның қасиетімен таныстыру: құрғақ болса, сусылдайды; ылғал болғанда, пішінді жақсы сақтайды.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- өзі туралы - өзінің аты-жөні, іс-әрекеттері, тілек-ниеттері, жақын адамдары мен отбасы мүшелері туралы;
- заттардың белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырату, қарапайым іс-әрекеттерді;
- заттарды түсі, пішіні мен өлшемі бойынша топтастыруды;
- заттарды өзіне жақын ортадан және суреттерден тануды;
- бірнеше жануарларды табиғи болмысынан, суреттерден танып көрсету және олардың аттарын атау, дауыстарын келтіруді;
- табиғат құбылыстарын атауды;
- ағаштар, гүлдер мен шөптерді ажырату, оларға қамқорлықпен қарауды;
- белгілі түстегі гүлді тауып алу, үлкендердің көмегімен гүлдер, ағаштар мен шөптерді көрсетуді;
- балаларға күнделікті көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкөністер мен жемістерді ажырату, оларды табиғи түрлері мен суреттерден тануды;
- су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынып, шомылатынын;
- құмның қасиеттерін білу: құрғақ болса сусылдайды, ылғал болғанда пішінді жақсы сақтайтынын білуі тиіс.
2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі І сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: балаларды қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту, ересектердің айтқан сөзін түсінуін, көрнекі-әрекетті ойлау және тілді пайымдаудың қарапайым түрлерін дамыту.
Міндеттері:
1. Қоршаған ортаны баланың тілі мен ойлауын қалыптастыратын, сөздік қорын жандандырып, толықтыратын, байланыстырып сөйлеуін дамытатын, дыбыстауды қалыптастыратын, қоршаған орта туралы тілді пайымдаудың қарапайым түрлерімен таныстыратын маңызды құрал ретінде қолдану.
2. Барлық балаға арналған тәрбиешінің сөзін тыңдауды және түсінуді, заттарды бақылау мен суреттер қарау кезінде мұқият болуды дамыту.
3. Балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс қайталауға: заттардың аттары, қимыл-әрекеттер, түстер; бұл сөздерді өз сөзінде қолдана білуге үйрету.
Мазмұны:
Баланың қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту негізінде сөздік қорын жандандыру мен тілді түсінулерін дамыту. Табиғат құбылыстары мен алуан түрлі заттар туралы алғашқы түсініктерін дамыту, заттар және құбылыстар арасындағы қарапайым байланыстарды орната білуді қалыптастыру, балаларды көрнекіліксіз қоршаған ортадағы адамдардың тілін түсінуге үйрету.
Балаларды педагогтің ауызша сөзбен көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып әкелуге («Қызыл кубикті алып кел», «Кішкентай қонжыққа ән айтып берші»), олардың орналасқан жерін ажыратуға («Ойыншық жоғары сөреде (биікте) тұр», «Жанына қой», адамдардың әрекеттері мен жануарлардың қимылына еліктеуге («Суды қалай құятынын көрсет», «Қонжыққа ұқсап жүр») .
Балалардың сөздік қорын:
- транспорт құралдары ( машина, автобус ), автомобиль бөліктері ( кабина, рөл, дөңгелек ), өсімдіктер ( ағаш, шөп, гүл ), жемістер ( алма, алмұрт ), көкөністер ( сәбіз, қызанақ, қияр ), үй жануарлары ( қой, ешкі, тауық ) мен олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімдермен;
- кейбір еңбек әрекеттерін (жуу, сүрту, үтіктеу, емдеу), өзара қарым-қатынасты (беру, көмектесу, жаны ашу) білдіретін етістікпен;
- заттардың көлемін, түсін, дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, ащы) білдіретін сын есіммен;
- үстеумен (қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу, қарашы) молайту.
Балаларды осы сөздерді қолдануға үйрету.
Балаларды суреттің мазмұны бойынша, серуенде көргендері туралы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге, тақпақтар айтуға, салынған суреттер туралы әңгімелеуге, кітаптағы суреттерді қарауға, ол жайында (екі-үш сөйлеммен) әңгімелеуге үйрету.
Суреттегі үй жануарлары (қой, сиыр, тауық және т. б. ) мен оның төлдерін (қой - қозы, сиыр - бұзау, тауық - балапан) танып, атауға үйрету. Өсімдіктерді (шөп, ағаш, гүл) ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай ажыратуға, кейбір жемістер мен көкөністердің (сәбіз, қияр, алма, алмұрт және т. б. ) дәміне қарай атауға үйрету. Балаларды отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересек адамдардың кейбір еңбек әрекеттерімен таныстырып, оларды атау (күтуші ыдыс-аяқтарды жуып, сүртеді, анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді, аспазшы асханада ас әзірлейді, дәрігер балаларды емдейді, шашатаразшы шаш үлгісін жасайды, жүргізуші көлік жүргізеді және т. б. ) .
Айналадағы кейбір транспорт түрлерін (жеңіл және жүк автомобильдері, автобус, трамвай, троллейбус) сыртқы түріне қарап және бөлшектерін (кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік) ажырату.
Тәрбиеші балалармен бірге нысананы қарап, заттың бөлшектерінің (бөліктерінің) (отыратын орындықтың аяқтары, арқасы) атауларын, кейбір қасиеттерін (түс, мөлшер, түр) анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды. Балалар өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді дұрыс қолдану (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар) және олардың қолданылуын (төсекте ұйықтауды, үстел басында тамақтанады және сабаққа дайындалады, шкаф пен сөреде - кітаптар мен ойыншықтар орналасады, тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді) білу керек.
Балалардың заттардың санын (біреу, көп, аз, бір-бірден), олардың кеңістікте орналасуын (биік - аласа, алыс - жақын, астында, үстінде, жанында), қозғалу бағыттарын (алға - артқа) сипаттау білуді жетілдіру. Өз тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- педагогтың ауызша көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып, олардың орналасқан жерін ажыратуды;
- транспорт құралдары, автомобиль бөліктері, өсімдіктер, жемістер, көкөністер, үй жануарлары және олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімді қолдануды;
- кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін етістікті, заттың көлемін, түсін, дәмін білдіретін сын есімді, үстеуді қолдануды;
- сурет мазмұны бойынша, серуенде көргендері жайлы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бере білуді;
- суреттегі үй жануарлары мен оның төлдерін танып, атай білу, өсімдіктерді ажыратып, дұрыс атау, гүлдің, шөптің, жапырақтардың түсін атап, сыртқы түріне қарай ажыратып, кейбір жемістер мен көкөністердің дәміне қарай атай білу, отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі үлкендердің кейбір еңбек әрекеттерін атауды;
- айналадағы кейбір транспорт түрлерін сыртқы түріне қарап және бөлшектерін ажыратуды;
- өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісін атымен және әкесінің атымен атай білуі тиіс.
Табиғат ортасы
Өсімдіктер әлемі. Балаларды қияр, қызанақ, сәбіз, шалқан, алма, алмұрттың сыртқы түріне, түсіне қарай атап, тануға үйрету.
Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атай білуді қалыптастыру Балалардың зейінін ағаштың негізгі бөліктеріне (діңі, бұтағы, жапырағы) аудару, жапырақтардың түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажыратуға жаттықтыру. Өсімдіктердің бөліктері (сабағы, жапырағы, гүлі), суару туралы ұғым беру. Өсімдіктерді күтіп-баптауға ынталандыру.
Жануарлар әлемі. Үй жануарлары (сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, жылқы, ит, әтеш, тауық, қаз және т. б. ) мен оның төлдерін (бота, бұзау, лақ, қозы, құлын, күшік, балапан және т. б) атауға және ажырату.
Орманды мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін жэне т. б. ) ; құстарды (торғай, қарға, кептер және т. б. ) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсету (әтештің әдемі айдары бар, қоянның ұзын құлақтары бар, аю үлкен, оның құлақтары кішкентай, әтештің шақыруы, мысық пен күшіктің шығарған дыбыстарын тыңдату) .
Кейбір жануарлардың денесінің бөліктерін (басы, құйрығы, аяқтары) ажыратып атауға үйрету.
Құстарға және олардың іс-қылықтарына (ән салады, ұшады, шоқиды, су ішеді) бақылау жасау. Балаларды балықтарға (аквариумдағы), құстарға жем шашуды үйрету.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстарына қызығушылығы мен зейінділігін арттыру.
Табиғатта жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, күз, қыс) ауысуын және олардың ерекшеліктерін (қыста суық, қар; жазда ыстық, күн жарқырайды, көктемде сүңгілер ериді, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, күзде жел тұрады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі) байқау. Жыл мезгілін сыртқы белгілері бойынша ажырату және оларды атау.
Ауа райындағы және табиғаттағы ерекшелік өзгерістерді байқау. Ауа райы құбылысы мен оған адамдардың қатынасы (жаңбыр - дымқыл, сырт киімсіз және етіксіз қыдыруға болмайды, жаздың ыстық күнінде бас киім киеді, қыста адамдар тон, мойын орауыш, жылы етік, аң терісінен жасалған тымақ киеді және т. б. ) .
Тұрмыстағы су (сұйық, жылы-суық, суға шомылады, жуынады, кір жуады және т. б. ), табиғаттағы су (жылғалардан ағады, сүңгілер ериді, өзен, тоған) туралы білу.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- үлкендердің жекелеген еңбек әрекеттерін танып, атауды;
- балаға жақын адамдардың әрекеттері туралы;
- транспорт құралдары мен олардың маңызы туралы;
-ойыншықтар, жиһаз, киім, ыдыс-аяқтар, кейбір жемістерді атап, ажыратуды;
- оларды қолдану белгілері бойынша топқа біріктіруді;
- үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, шошқа, әтеш, тауық, қаз және т. б. ) мен оның төлдерін атап, ажыратуды;
- орманды мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін және т. б. ) ; құстарды (торғай, қарға, кептер және т. б. ) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсетуді;
- жануарлардың дене бөліктерін атап, ажыратуды;
- қияр, қызанақ, сәбіз, шалғам, алма, алмұрттың сыртқы түріне, тусіне қарай атап, тануды;
- ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атауды;
- жыл мезгілін сыртқы белгісі бойынша ажыратуды және оларды атауды білуі тиіс.
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу әс-әрекетінің тақырыптары
«Қатынас» білім беру саласы
Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ үлгілері
Жан-жануарларға (ит, мысық, балапан, аквариумдағы балықтар, тордағы құстар), көліктерге (автомобиль, трамвай) бақылау жасау.
Ойыншық-заттарды атай отырып, көрсету, қимыл үстіндегі заттарды көрсету, саханалау, ойыншықтарды жасырып, оларды табу.
Заттардың бейнесі салынған суреттерді қарау (кубтың жан-жағына, бірнеше суреттердің арасынан) . Алдымен заттардың, қимыл үсіндегі заттардың жеке салынған суреттермен, ал бір жарым жасында қарапайым сюжеттермен таныстырады.
1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
Заттарды атай отырып, көрсету («Сиқырлы қапшық», «Мына үйде кім тұрады?»; қапшықтағы немесе себеттегі заттарды жасыру және оларды іздеп тауып, атау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz