1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ–ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
КІРІСПЕ1 1905.1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ.ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
1.1 Ресейдегі 1905—1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және
казақ зиялылары
1.2 Ресейдің отаршылдық саясаты және қазақ халқы өміріндегі рухани
өзгерістер
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі. Казақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал одан бір жыл бұрын 1990 жылдың 25 қазанында қазақ елінің терең құқықтық сипаты бар Мемлекеттік егемендігі туралы тарихи маңызы зор кұжат - Декларация кабылданды. Сөйтіп, біздің мемлекетіміз осыған дейін кей ретте аумақ көлемі, тұрғындарының саны, санаткерлік қуаты жағынан өзінен әлдеқайда төмен болса да саяси салиқалықық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды.
Тәуелсіздікті жариялаумен бірге Декларация шалғай және таяу көршілермен қатынастың жаңа үлгілерін орнатып, ұлтгық мемлекеттілікті қорғау, сақтау және нығайту жөніндегі жан-жакты сипатгағы шараларды белгіледі, билікті бөлу қағидаларын, меншіктің көп нысандарын, саяси және идеологиялық плюраллизм, азаматтардың құқыктары мен еркіндігінің кепілдіктері жайлы тұжырымдар жариялады. Біздің мемлекетіміз алғашқы кадамдарынан бастап, бүкіл әлемде танылған саяси-құқықтық принциптерге сүйеніп өмір сүре бастады.
Осы жылдар кезінде саяси сахнаға бірнеше Жоғарғы Кеңес, Парламент келді. Жаңа Конституция қабылданды. Казақстан тарихындағы тұңғыш кәсіби заң шығарушы орган - XIII сайланған Жоғарғы Кеңес пен оның орнына келген қос палаталы Парламенттің депутаттарын ойландырған мәселелер аз болған жоқ. Соның бір сауалы - Казақстандағы заң шығару қызметінің бастау көзі кайда? Ол неден басталады? Заң шығару қызметіне қатысқан алғашқы заңгерлер кімдер еді? Олар туралы не білеміз? - деген сауалдарға жауап беру ойға алынды.
Өлкенің қателіктерінен сабақ алу. Ресей империясының ұлан-ғайыр жер аумағындағы өзіндік ерекшелігі мол сайлау жүйесінің тетігін қадағалаудың, Мемлекеттік Дума депутаттарының заң шығару қызметін, монархиялық құрылыс жағдайындағы өкілді және атқару органдарының өзара катысы мен бір-біріне ықпалын зерттеудің бүгінгі кәсіби парламентін қалыптастырып отырған Казақстан үшін маңызы аса зор. Сонымен қатар, Ресейдегі парламентгің өмірге келуіне пәрменді ықпал еткен 1905-1907 жылдардағы демократиялық революцияның дүмпуі нәтижесінде күллі жұртшылықтың сайлауы арқылы кұрылатын Заң Кеңесін шақыру жөніндегі 1906 жылғы бастама империяны мекендеген халықтар мен шет аймақтағы қазақгар үшін де тарихи аса маңызды оқиға болды.

1. Аманжолова Д.А. Казахи - депутаты Государственной Думы / Д.А. Аманжолова // Отечественная история. - 1994. –№ 1. –С. 57-73.
2. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г. / Д.А. Аманжолова. –М.: Наука, 1993. – 526 с.
3. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш /Д.А. Аманжолова. - А.: Шыгыс, 1994. – 330 с.
4. Аманжолова Д.А. Алаш: история и историография. –Семей: Асу, 1994. – 329 с.
5. Аққұлыұлы С. І - Мемлекеттік Дума және оған мүше болған казақтар / С. Аққұлыұлы, Д. Қамзабекұлы // Ана тілі. - 1993. – 4-ақпан.
6. Асылбеков М. Айтұлы Ақан еді (Академик Ақай Нұсіпбекұлы туралы сыр) / М. Асылбеков // Егемен Казақстан. - 1996. –5-маусым.
7. Асфендияров С.Ж. Казақстан тарихының очерктері / С.Ж. Асфендияров. –А.: Ғылым, 1994. – 255 бб.
8. Ахмедов Ғ. Русия думасындағы казақ депутаттар / Ғ. Ахмедов // Жұлдыз. –1994. –№ 1. – 169 - 174 бб
9. Байтұрсынов А. Ақжол /А. Байтұрсынов.-Алматы: Жалын, 1991.-464 б.
10. Бөкейхан Ә. Таңдамалы / Ә. Бөкейхан. Бас редакторы Нұрғалиев Р.Н. - А.: Ғылым, 1995.-475 б.
11. Балашев П.Н. Записки о необходимости изменения закона о выборах в Государственную Думу / П.Н. Балашев.–СПб.: Ретрос, 1996. – 392 с.
12. Бөкейханов Ә. Шығармалар / Ә. Бөкейханов.–А.: Ғылым, 1994. -384 б.
13. Бөкейханұлы Ә. Казақтар / Ә. Бөкейханұлы // Ана тілі.–1990. – 20 караша.
14. Букейхан А. Выборы в Степном крае. 1906 г. Семиреченская область / А. Букейхан // Простор. –1993. –№ 10. –С. 217-223.
15. Бурмистрова Т.Ю. Национальная политика партии большевиков в период первой русской революции 1905-1907гг. / Т.Ю. Бурмистрова.–Л.: Наука, 1962. – 239 с.
16. Дахшлейгер Г.Ф. Историография советского Казахстана / Г.Ф. Дахшлейгер. –А.: Наука, 1969. – 350 с.
17. Зайчиков Г.И. Думская тактика большевиков (1905-1917 гг.) / Г.И. Зайчиков.–М.: Поилтиздат, 1975. – 329 с.
18. Калинычев Ф.И. Государственная Дума в России, Сборник документов и материалов / Ф.И. Калинычев. –М.: Наука, 1957. – 659 с.
19. Кемеңгерұлы Қ. Тандамалы / Қ. Кемеңгерұлы А.: Атамұра, 1996. - 396 б.
20. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. ІІІ-ші, –А.: Ғылым, 1982. - 550 б.
21. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері /С.Қирабаев.-А.: Білім, 1995. -288 б.
22. Қожахметов Ғ. Думаға сайланған қазақтар / Ғ. Қожахметов, Қ. Әбішев // Орал өңірі. - 1990. – 19 қыркүйек.
23. Қозыбаев И. Историография Казахстана / И. Козыбаев. Уроки истории. –А.: Наука, 1990. –256 с.
24. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты / М. Қозыбаев. –А.: Наука, 1992. –272 б.
25. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы / М. Қойгелдиев. –А.: Ғылым, 1995. –352 б.
26. Қойгелдиев М. Алашорда / М. Қойгелдиев // Егеменді Қазакстан. – 1992. –18 - каңтар. – 49 б.
27. Қойшыбай ұрпағы Б. 1905 жыл. –А.: Ғылым, 1988. –227 б.
28. Қойшыбаев Б. Бақытжан Каратаев / Б. Қойшыбаев. –А.: Ғылым, 1993. –257 б.
29. Қойшыбаев Б. Тәлімі мол тақырып / Б. Қойшыбаев // Зерде. - 1990. –№6.
30. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары / М. Құл-Мұхаммед.–А.: Атамұра, 1996. - 224 б.
31. Құлмаханова Л. Мұхаметжан Тынышбаев және қырғыз трагедиясы / Л. Құлмаханова, М. X. Қойгелдиев // Акиқат. –1996. –№ 5. –85-88 бб.
32. Ледницкий А. Национальный вопрос в Государственной Думе. // В книге Первая Государственная Дума / А. Ледницкий. –СПб.: 1907. – 654 с.
33. Ленин В.И. Шығармаларының толық жинағы / В.И. Ленин. - 16-том. –А.: Саяси баспа, 1973. - 782 б.
34. Локоть Т.В. Первая Дума. Статьи, заметки и впечатления / Т.В. Локоть.–М.: Изд. Акад. Наук СССР, 1986. – 312 с.
35. Материалы по истории политического строя Казахстана.–А.: Политиздат., 1960. – 652 с.
36. Мектепов А. Халел Досмухамедұлы. Халқының рухани жаны мен тән саулығының шипагері / А. Мектепов // Ана тілі. –1990. – № 15-16.
37. Шоқай М. Естеліктер / М. Шоқай, М. Шоқай. –Стамбул: 1997. - 271 б.
38. Нұрпейісов К. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы / К. Нұрпейісов, М. Құлкенов, Б. Хабижанов, А. Мектепов. –А.: Алаш, 1996. - 276 б.
39. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда / К.Н. Нұрпейісов. –А.: Алаш, 1995. - 351 б.
40. Очерки революционного движения в Средней Азии. –Сб. ст. –М.: Наука, 1976. – 329 с.
41. Озғанбаев Ө. Казақ депутаттары І жәнс II Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы // Ө. Озғанбаев // Дәуір бел-белестерінде. –А.: Алаш, 1996. – 32-62 бб.
42. Озганбаев О. Власть и общество / Ө. Озганбаев // Фемида. – 19. - № 9. - 9-11 бб
43. Озғанбаев Ө. Демократия бастауында... / Ө. Озғанбаев //Ақиқат. - 1996. –№ 10. – 45-50 бб.
44. Озғанбаев Ө. Демократия бастауында... / Ө. Озғанбаев // Ақиқат. - 1996. –№ 31. – 40-45 бб.
45. Озғанбаев Ө. Демократия бастауында.../ Ө. Озғанбаев // Ақиқат. - 1996. –№ 12. –52-57 бб.
46. Озганбаев Ө. Некоторые вопросы историографии Российской Государственной Думы и о депутатах Государственной Думы из Степного и Туркестанского краев / Ө. Озғанбаев // Саясат. - 1997.– № 2.– 99-109 бб.
47. Озғанбаев Ө. Патшалық Ресей Думасындағы казақтар / Ө. Озғанбаев // Егемен Қазақстан. – 1996. – 24 сәуір.
48. Омарбеков Т. Қазақстан Парламентінің конституциялық өркеңдеуі / Т. Омарбеков // Ақиқат. –1996. – № 12. – 39-44 бб.
49. Өтениязов С. Тарихтың ащы акиқаттары / С. Өтениязов. –А.: Ғылым, 1990. - 125 б.
50. Өзбекұлы С. Барлыбек Сыртанов / С. Өзбекұлы.–А.:–1996. – 112 б.
51. Петрищев А. Два избирательных закона / А. Петрищев. –СПб.: Тип. Н.Н.Клобукова, 1967. - 215 с.
52. Пясковский А.В. Революция 1905-1907 гг. в России / А.В. Пясковский. –М.: 1966. – 479 с.
53. Революция 1905-1907 годов в Казахстане / Под ред. Б.С. Сулейменова. –А.: Наука, 1949. – 541 с.
54. Сидельников С.М. Образование и деятельность первой Государственной Думы / С.М. Сидельников.–М.: Наука, 1962. – 567 с.
55. Спанов Ә. Қарашаңырақ / Ә. Спанов, Ж. Нұрмақанова.–А.: Атамұра, 1995. – 459 бб.
56. Сулейменов Б.С. Казахстан в первой русской революции / Б.С. Сулейменов. –А.: Ғылым, 1949. – 247 с.
57. Субханбердин.С.Ү. Айқап /С.Ү. Субханбердин.–А.: Дәуір, 1995. -366 б.
58. Тынышбаев М. Великие бедствия (Ақтабан шұбырынды) / М. Тынышбаев. –А.: Ғылым, 1991. – 548 с.
59. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдырлары / Құраст. Серікбайұлы Қошым-Ноғай. –А.: алаш, 1992. - 184 б.
60. Юзумов К.П. Деятельность депутатов I Государственной Думы от Степного края / К.П. Юзумов. // "Известия АНРК".–1992. –№ 3. –53-57 бб.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ1 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ–ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
1.1 Ресейдегі 1905—1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және
казақ зиялылары
1.2 Ресейдің отаршылдық саясаты және қазақ халқы өміріндегі рухани
өзгерістер
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Казақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал одан бір жыл бұрын 1990 жылдың 25 қазанында қазақ елінің терең құқықтық сипаты бар Мемлекеттік егемендігі туралы тарихи маңызы зор кұжат - Декларация кабылданды. Сөйтіп, біздің мемлекетіміз осыған дейін кей ретте аумақ көлемі, тұрғындарының саны, санаткерлік қуаты жағынан өзінен әлдеқайда төмен болса да саяси салиқалықық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды.
Тәуелсіздікті жариялаумен бірге Декларация шалғай және таяу көршілермен қатынастың жаңа үлгілерін орнатып, ұлтгық мемлекеттілікті қорғау, сақтау және нығайту жөніндегі жан-жакты сипатгағы шараларды белгіледі, билікті бөлу қағидаларын, меншіктің көп нысандарын, саяси және идеологиялық плюраллизм, азаматтардың құқыктары мен еркіндігінің кепілдіктері жайлы тұжырымдар жариялады. Біздің мемлекетіміз алғашқы кадамдарынан бастап, бүкіл әлемде танылған саяси-құқықтық принциптерге сүйеніп өмір сүре бастады.
Осы жылдар кезінде саяси сахнаға бірнеше Жоғарғы Кеңес, Парламент келді. Жаңа Конституция қабылданды. Казақстан тарихындағы тұңғыш кәсіби заң шығарушы орган - XIII сайланған Жоғарғы Кеңес пен оның орнына келген қос палаталы Парламенттің депутаттарын ойландырған мәселелер аз болған жоқ. Соның бір сауалы - Казақстандағы заң шығару қызметінің бастау көзі кайда? Ол неден басталады? Заң шығару қызметіне қатысқан алғашқы заңгерлер кімдер еді? Олар туралы не білеміз? - деген сауалдарға жауап беру ойға алынды.
Өлкенің қателіктерінен сабақ алу. Ресей империясының ұлан-ғайыр жер аумағындағы өзіндік ерекшелігі мол сайлау жүйесінің тетігін қадағалаудың, Мемлекеттік Дума депутаттарының заң шығару қызметін, монархиялық құрылыс жағдайындағы өкілді және атқару органдарының өзара катысы мен бір-біріне ықпалын зерттеудің бүгінгі кәсіби парламентін қалыптастырып отырған Казақстан үшін маңызы аса зор. Сонымен қатар, Ресейдегі парламентгің өмірге келуіне пәрменді ықпал еткен 1905-1907 жылдардағы демократиялық революцияның дүмпуі нәтижесінде күллі жұртшылықтың сайлауы арқылы кұрылатын Заң Кеңесін шақыру жөніндегі 1906 жылғы бастама империяны мекендеген халықтар мен шет аймақтағы қазақгар үшін де тарихи аса маңызды оқиға болды.
Дала және Түркістан өлкелері тұрғындарының булыгиндік, виттелік сондай-ақ үшінші маусымдық заңдарды қамтитын Думаларға катысуының елдегі демократиялық өзгерістерді іске асырудағы маңызы айрыкща болатыны анық еді. Бірақ, бұл халықтар сайлауға катысуға тең кұқық ала алмады. Олардан сайланатын адамдардың саны мейілінше шектеулі болды. Соның өзінде елде демократиялық өзгерістерге бетбұрыстың басталғаны оған шет аймақтағы халықтардың қатысу мүмкіндігі бар екені сезіле бастады. Метрополиядағы, яғни Ресейдегі орыс халқының озық ойлы зиялылары да, отар болып бодандық қамытын киіп отырған шет аймақтағы халықтардың өкілдері - қазақ зиялылары да жеке-дара ел билеудің келмеске кетіп бара жатқанын түсінді.
Егемен Қазақстанды құру жағдайында ұлтгық сананың қалыптасуы, қазақ этносының тарихи өткенін зерделеудің мейлінше қажеттілігін танытады. Соңғы кезге дейін казақ этносының тарихы жекелеген индивидиумдар мен тарихи үрдістер субъектілері түрғысынан қаралған жоқ.
Осы түрғыдан қарағанда, ақтаңдақтарды анықтап, өткеніміз бен кеткенімізге, кешегіміз бен бүгінгімізге талдау жасаған кезде Ресейдің І-ші және П-ші Мемлекеттік Думаларына депутат болған казақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастарын талдап, зерттеудің маңызы зор. Думадағы әрбір қазақ депутаттарының қоғамдық-саяси қызметі ұлттық тарихымыздың құрамдас бөлігі болып табылады.
– көп жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйе зерттеуші-ғалымдарымызға шет елдерді айтпағанда, өз еліміздегі қажетті кұжаттармен танысу мүмкіндігіне шектеу жасап, тыйым салынды;
– І-ші және П-ші Ресей Мемлекеттік Думасын, оған қатынасқан қазақ депутаттарының қызметтерін, көзқарастары мен ұстанған бағыттарын талдап, олардың кейінгі күрделі де қайшылықты тағдырларын зерттеу қажеттілігі, елімізде жүріп жатқан бүгінгі саяси-әлеуметтік мәдени-рухани ахуалға, қоғамдағы жаңғыру, жаңаруға тікелей байланысты және үндес. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының саяси өміріндегі елеулі оқиға:
– Мемлекеттік Думаның мәнін және мазмұнын ашу, ондағы қазақ депутаттарының сөз сөйлеу мәселесінің ішкі жүйесін көрсету;
– жер-су мәселесіндегі Дума депутаттарының көзқарастарын арнайы талдау.
Алға койылған міндеттерді жан-жақты шешу — қазақ қоғамының ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік даму эволюциясының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл мүмкіндік бүгінгі мемлекеттік биліктің белгілері мен кызметі жайлы тұжырымдар жасауға, ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін және қоғамды демократияландырудың қиыншылықтарын өткендегі тәжірибе негізінде шешуге жол ашады деген ойдамыз.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбсрі. ХХ- ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думадағы саяси қызметтерінің кезеңдері қамтылады.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазакстан тарихындағы "ақтаңдақтардың" бірі болып келген бұл мәселеге еңбекте бұрынғыдай таптық немесе үлттық көзкарас тұрғысынан емес, жаңаша жалпы адамзаттық түрғыдан баға беріледі;
– Бітіру жүмысында Думадағы қазақ депутаттарының саяси қызметтерін бүгінгі уақыт талабына сай тарихи-ғылыми жағдайда жан-жақты ашып көрсетуге әрекет жасалды. Осыған байланысты бұл енбектің тоталитарлық жүйе жылдарында жазылған зерттеулерден өзіндік ерекшелігі бар еңбектер мүмкіндігінше қарастырылады.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елде демократия орнап, бұрынғы бір жақты,әміршіл идеологиядан арылып, халқымыздың төл тарихын жаңаша көзқараспен жазу қолға алына бастаған шакта оның "ақтаңдақ" беттерін жан-жақты ашып көрсету, біздің ойымызша, тарихилық, ғылыми объективтілік және жүйелілік тәрізді принциптерге, сыншыл талдауға сүйенеді.
Тарихи салыстырма әдістерін пайдалана отырып, такырыбымызға байланысты көтерілген мәселелерді талқылау барысында еліміздің тарихындағы айқындалған ойларды бағытқа алуға ұмтылдық.
Бітіру жұмысының деректемелік көздері. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ұлттық тарихымыздың "ақтаңдақ" болып келген беттерін, оның қатарында Ресей Мемлекеттік Думаларындағы қазақ депутаттарының саяси қызметтері мен оның деректемелік негіздерін қайтадан жан-жақты қарастыруға мүмкіндіктер туды. Зерттеу жұмысымызда төмендегідей деректемелік негіздерге сүйендік:
– Патша үкіметінің ресми ұйымдарының Дума сайлауы қарсаңындағы
қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректемелік мағлұматтар;
– жеке адамдар жасаған кұжаттар, еңбектер, естеліктер, шығармалар, туындылар;
Бітіру жұмысының тарихнамасы. 1905-1906 жылдардағы Ресейдегі Дума саясатына қатысты зерттеулерді талдау, жүйелеу жүмыстарына және оған баға беруге бүған дейін жазылған тарихнамалық еңбектер1 айтарлықтай көмек береді.
Ғасыр басындағы Ресейдін, Мемлекеттік Дума саясатының Қазақстан сияқты шет аймақтағы отар елдің қоғамдық-саяси өміріндегі орны және империяға қараған халықтардың экономикалық даму үрдісі кезінде Думаның өз тарапынан реакциялық, монархиялық, либералдық деп бағаланғаны туралы жазылған зерттеулерден белгілі. Жеке-дара басқарушы өкімет билігін сақтауды жақтайтын көзқарастағы еңбектер де жоқ емес.
Оңшылдардың жетекшілерінің бірі А.А.Башмаков "Сайлау жүйесінде партиялық үгіттің пәрменді ықпалы, әрі шет аймақтағы орыс емес халықтарға тигізетін кері әсері" [16] деген еңбегін жазды.
Либералдық тарихнаманың көлемі де едәуір баршылық. Осы бағыттағы саясаткерлер Дума Ресей халықтарының тағдырын шешеді, немесе осы мақсатқа барар жолдағы басқару әдісі деген уәждерін айтты. Сөйтіп, Думаның орыс емес халықтар өміріндегі рөлі мен маңызын барынша көтермелеп, бағалауға тырысты. Ресейді мекеңдеген күллі орыс емес бөгде ұлттар мен ұлыстарға тек Халықгар бостандығы партиясы тарапынан ғана сүйеніш пен қолдау табатындығы түсінікті болуы қажет — деп жазды .
І-ІІ-ші Мемлекеттік Думаның жұмысына және оның қызметінің сан алуан қырына орыс тарихнамасы түрліше баға береді.
Мәселен, А.Русов "Народно-социалистическое начало в государственном строе и при выборах депутатов в представительное учреждение" [16] атты монографиясында патшалық сайлау заңдарының мазмұнын бірден өткір сынауға алады. Бірақ автор ұлы державалық бағыт ұстанған. Зерттеуші федеративтік бастамаға негізделген балама сайлау жүйесін ұсынады және сайлау осы тәртіппен өткізілгенде Дума депутаттарының саны аймақтың халықтар есебінен екі есеге жуық өсетін еді — дейді. Қоғам танушы ғалымдар П.Семенюта, Б.Авиловтар да осы тақырыпқа өздерінің еңбектерін арнаған. Шаруашылық мәселесі адам баласының жеке басы бостандығымен тікелей байланыстылығын ескеріп, Б.Авилов кадеттердің мұндай ұсыныстарына қарсы: "...Мемлекеттік Дума... бостандық жолында тек қана кедергі болуы мүмкін" [32, 56 б.] — деген пікірді айтады.
С.М.Сидельниковтың "Образование и деятельность первой Государственной Думы" деп аталатын еңбегінде булыгиндік-виттелік зан шығаруға, І-ші Мемлекеттік Дума сайлауындағы таптар мен партиялардың және сол кездегі үкіметтің алғашқы саяси ұйымдар өкілдерімен күресінің тарихына баса назар аударылған. Ол Дума жұмысының аграрлық мәселе бойынша жобаларына талдау жасайды. Еңбекте Мемлекеттік Думадағы шет аймақтардың, оның ішінде Қазақстанның да осыған қатысты мәселелері қамтылған.
Айта кеткен жөн, тар өрісті таптық көзқарас тұрғысынан қоғамдық өмірдегі ұлтаралық қатынастар мәселесіне кеңес тарихшылары көп қалам тартты. Солардың ішінде Т.Ю.Бурмистрованың [15] еңбектерін бөле-жара айтуға болады. Автор 1905-1907 жылдардағы Ресейдің ұлт саясатына шолу жасап, ондағы саяси партиялар бағдарламаларының ұлттық аспектілеріне талдау жүргізген. Ол өзінің келесі В.С.Гусаковамен бірігіп жазған жұмысында "ұлттық және аграрлық мәселеде Ресейдің өкіметтік ұйымы Мемлекеттік Думада еліміздің таптары мен партиялары бір-бірімен қақтығысып, жан аямай күресті" – деп жазады. Е.Д.Черменский өзінің "Буржуазия и царизм в первой русской революции" атты енбегінде патшалық Ресейдің Мемлекеттік Думаны төңкерісті жаншу құралына айналдырмак болғанын архивтік жаңа құжаттар негізінде дәлелдеуге тырысқан.
Біздің зерттеп отырған тақырыбымыздың жекелеген меселелерін А.П.Кияница, Р.Ф.Смирнова, И.И.Малярдің еңбектерінен кездестіруге де болады. Бүл зерттеулерде Қазақстанның жекелеген аудандарындағы жағдайлар мысалға алынып, оларға большевиктік идеяның жағымды ықпалы барынша көтермелене көрсетілген.
Кейінгі жылдары Әлихан Бөкейханның [12, 13] ертеректе жарық көрген кейбір мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастады.
Сондай-ақ, бүл мәселе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының Санкт-Петербургтегі штаб-пәтерінде 1996 жылы 29-30 сәуірінде "ТМД елдерінің мемлекеттік парламентаризм тарихы" деген атпен Рссей Мемлекеттік Думасының 90-жылдығына орай шақырылған конференциясында кеңінен қарастырылынды.
Бітіру жұмысының құрылымы.Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
1.1 Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және казақ зиялылары
XX – ғасырдың алғашқы жартысында әлем елдерінде, атап айтқанда Еуропа, Азия мен Латын Америкасы құрлықтарында демократиялық революциялық дүмпулер болып, ұлт-азаттық қозғалысы өріс алды. Олардың арасында 1905-1907 жылдары Ресейде болған революцияның орны ерекше болды. Өйткені, бұл біріншіден, жаңа өндірістік қатынастардың еніп жатқан дәуіріндегі алғашкы революция еді. Екіншіден, бұл өзгеріс әлем елдерінің өз азаттығы үшін күресін бір саты жоғары көтеруге тікелей әсерін тигізді. Сонымен бірге, ол Ресейге қараған ұлттар мен ұлыстардьң бұқаралық барлық әлеуметтік топтары араласқан, мазмұны жағынан демократиялық-халықтық революция болды [52, 56 б.].
Бұл дәуірде Ресейде жаңа өндірістік қатынастар енді ғана өркен жайып, елдің дамуына тұсау болып келген ескі феодалдық-патриархалдық қоғамның қалдықтары әлі де жойылып біткен жоқ болатын. Елдің өркениетті жолмен өркендеуі үшін жаңа нарықтық қатынастардың дамуы, елде демократиялық тәртіптің орнауы жолында саяси сипаттағы күштердің күресін өрістетуге төңкеріс кең жол ашты. Соңғы кездерге шейін бұл төңкеріс тұсындағы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының ғана тәжірибесін оқып үйреніп келдік. Сондықтан да, елдегі саяси ахуалды объективті шындық түрғысынан пайымдаудан біраз артта қалып, кенжеледік. 1905 жылдың 9-қаңтарында басталған бұл төңкеріс "Қанды жексенбі" деген атпен Ресей тарихнамасына еніп, мектеп қабырғасынан санаға сіңіп келгенмен, бүгінгі күн талабы осы мәселеге қайта оралып, байыпты зерттеп, пайымдауды қажет етіп отыр. Ендеше соған тоқталайық. Халықтың наразылығы өсуіне орай, елде саяси жағдай күннен - күнге шиеленісе түсті. Халықтың наразылығын басу үшін 18-ші қаңтарда 1905 жылы патша Ішкі істер министрі Булыгиннің атына жергілікті адамдардан сайлау арқылы заң шығару қызметіне тарту мақсатында қол қойылады. Осы уақыттан бастап булыгиндік думаның сайлауына мемлекет тарапынан дайындық басталды [52, 75 б.].
Жер иеліктері сайлау съездері жөнінде, Қазақстанда помещиктік жер иелігі болмағандықтан; үкімет "образование их едва ли возможны" (олардың құрылу мүмкіндігі шек келтіреді) — деп есептеді. Сонымен бірге "Сіздердің облыстардың атынан алдын ала есеп бойынша Мемлекеттік Думаға бір адам шақырылатыны" айрықша айтылды" [52, 75 б.].
Осылайша булыгиндік дума сайлауына дайындықтың бастапқы кезеңінде-ақ жергілікті жердегі қарапайым өкілдерін заңмен таныстыру қызметіне амалсыздан бас тартуға тура келді. Бірақ ол кездегі қүжаттар куә болып отырғандай олардың басым көпшілігі өлкенің орыстар тұратын бөлігін қалалық және шаруалар курияларын ғана қамтыған.
Енді жергілікті халыктарға келетін болсақ, алғашқы дайындық кезеңінде жергілікті билік өкілдеріне мемлекет тарапынан былай деп көрсетті: "не допускать к участию в этих выборах кочевых и бродящих инородцев, составляющих преобладаюший разряд населения в управляемой Вами области".
Патша үкіметінің қазақтарға сайлау кұқын бергісі келмеуі, әрине халық арасында наразылық туғызбай қоюы мүмкін емес еді. Мысалы, Верный қаласының тұрғылықты адамдары 1905 жылы 31 наурыздағы болған жиналыстарында Жетісудан Думаға депутаттыққа 4 адамды жіберуді өтінді [53, 12 б.].
1905 жылғы 6 тамыздағы Манифесте Думаның заңдары жөнінде хабарлады. Сайлау заңдары бойынша Ресей империясына енетін бодан елдердің халықтары, соның ішінде Орта Азия мен Казақстан да сайлауға жіберілмеді. Бүл мемлекеттік акт Ресейді мекендеген күллі халықтардың наразылығын туғызды. Казақстан халқының сайлау қүқығы жоқ болғанмен, белсеңді наразылық кең канат жая бастады. Осы белсенді наразылықгың көш басында әрине, қазақ халқынан шыққан, сол кездегі ат төбеліндей ғана зиялылар болғанын тарих теріске шығармайды. Олар патшалық Дума сайлауға шақыруымен келіспей көпшіліктің революциялық белсенділігін көтеруге ықпал жасады.
1905 жылдың қазан айынан шыға бастаған саяси бағыттағы үгіт-насихат листовкаларының негізгі мазмұны патша "сыйға тартқан" бостандықты әшкерелеуге арналған-ды.
Революция күн санап өріс ала бастағанынан қатты сезіктенген әрі қорыққан үкімет қалың бүқараны күшпен басуға талпыныс жасады. Дала генерал-губернаторы 1905 жьілы 14-қазанда Ішкі істер министрі мен әскери министріне жеделхат жолдады. Онда Дала өлкесіне әскери төтенше жағдай енгізуді өтінді. Жедел хатта былай деп көрсетті: бұл революциялық қозғалыс пен азаттық күресінің өркендеуі, "бұқараны таңдатарлық "әсер етіп, дүрбелең тудырып, тыныш жатқан басым билігін оятады-деді [40, 57 б.].
XX-ғасырдың басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына толық жауап беруге атсалысқан ұлт интеллигенциясы 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс әкімшілігімен бетпе-бет келіп отырды. Сондай-ақ, олардың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасып, бірыңғай саясатпен араласуына осы 1905-1907 жылғы орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Бұл жөнінде профессор К.Нұрпейісов "Алаш һәм Алашорда" атты монографиясында қызықты да құнды дерек келтіреді.
Алаш қозғалысының белгілі жетекшілерінің бірі Халел Досмұхамедұлы 1903-1909 жылдары Санкт-Петербургте императорлық әскери Медициналық Академияда оқыған. Оның саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясатқа белсене араласып, көріне бастауы осы мезгілге дөп келеді. Оған дәлел болатын құжат: Халел Досмұхамедұлының 1931 жылы 14 қыркүйекте Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының (ОГПУ) тергеушісіне өз қолымен жазып берген мәлімдемесі: Мен Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Әр түрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым. Мені және басқа казақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Солшыл-демократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын. Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса, орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда сөйлеген Милюковтың (кадеттердің жетекшісі-авт.) айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол: патша үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен канап отыр [40, 83 б.] деп еді.
XIX-ғасырдың соңы мен XX-ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері Б.Қаратай, Б.Құлман, Б.Сыртанұлы, А.Тұрлыбанұлы, М.Шоқай,Ж.Ақбайұлы және басқалар. Сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы сияқты қазақ жастары бітірген.
Бұл дерек сондай-ақ, қазақ зиялыларының алғашқы легі Халел Досмұхамедұлы, Әлихан Бөкейхан, Бақытжан Қаратай, Бақыткерей Құлман, Мүхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы сияқты ірі өкілдерінің көпшілігі Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс кезіндегі орын алған саяси хал-ахуалға сергектігін әрі сын көзбен қарағандығын һәм қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді [52, 75 б.].
Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс Қазақстан үшін де тарихи кезең болды. "Бүкіл дала саяси додаға тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді".
Дер кезіңде В.И. Ленин дәл атап көрсеткендей, Ресейдегі 1905 жылғы орыс революциялық қозғалысы мен "ортағасырлық тоқырауда тағыланған жүздеген миллион" шығыс халықтарының, соның ішінде қазақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бүл азаттық қозғалыстар бір-біріне тәуелді де, әрі өзара айырмашылығы да бар. Орыс азаттық козғалысының негізгі көздеген мақсаты-Ресейді басыбайлы мешеулік пен шексіз, қатал әкімшілік тәртіптен қарышты экономикалық даму мен демократия жолына алып шығу болды. Ал, ұлт зиялылары бастаған қазақ азаттық қозғалысының басты мақсаты - отарлау саясаты кең етек алып, бұғаудағы казақ қоғамының мемлекеттік саяси дербестігін қалпына келтіру арқылы ұлттық өркендеуге жол ашу болды. Яғни, бұл тұста қазақ азаттық қозғалысының белгілі дәрежеде әлеуметтік-таптық міндеттерді де көтергенін жоққа шығаруға болмайды, дегенмен ол үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік тұрған еді. Профессор М.Қойгелдиевтің сөзімен айтқанда, 1905-1907 жылдары отарлық бұғаудағы казақ қоғамында таптық санадан гөрі ұлттық сананың тезірек пісіп жетілуіне колайлы алғышарттар басым түсіп жатты [52, 95 б.]. 1905 жылы қазақ азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сапаға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес әдісі ең алдымен патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрінді. Жетісу облысы Лепсі уезінің қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам арнайы делегация арқылы Петербургтағы үкімет орындарына тапсырылған Орал және Торғай облыстары қазақтары атынан жазылған петицияға 44 адам қол қойған. Бүл ретте қазақ даласында әйгілі Қарқаралы уезіндегі болған Қарқаралы петициясына тоқталғанды жөн көрдік.
1905 жылы жаз шыға саяси ахуал қазақ жеріндегі губерниялық, уездік орыс әкімшіліктерін де мазасыздандыра бастады. Олар Омбыға, Дала генерал-губернаторының кеңсесіне өлкедегі қалыптасқан жағдайды баяндаған мәліметтерді шұғыл жіберіп тұрған.
Күллі Ресей өз өмірін түгелімен қайта өзгерту керектігін мәлімдеп жатқан казіргі тұста тағдыры Ресеймен тығыз байланысты қазақ даласы да ел басынан өтіп жатқан оқиғалардан тыс қала алмастан, өзінің пісіп-жеткен тілектерін жеткізу қажет делінген. Шындығында да, Ресейден бастау алған демократиялық қозғалыстың қазақ даласына әсер етуі заңды еді. "Орыстандыру саясатының салдарынан қазақтар, соңғы кезде өздерінің діни-рухани тұрғыдағы істерінен қағажу көргені сонша, әкімшіліктің рұқсатынсыз бір қадам да жасай алмайтын болды. Мешіт салуға, мұсылман мектептерін ашуға, Меккеге қажылыққа баруға және басқаларға рұқсат беру не бермеу құқы заң бойынша тек әкімшілік билігіне берілген" . Патша өкіметі қазақ даласын отарлау саясатын жүргізгенде әр түрлі кезеңге орай, түрліше әдіс, айлалар қолданып отырған. Түпкі мақсаты- шикізаттың мол қоры саналатын ұлан-байтақ даланың байлық көздерін басыбайлы, түбегейлі иемдену еді. Ол үшін тұрғын халықты сахараның байырғы тіршілікке оңтайлы сулы-нулы шұрайлы елді-мекендерінен кұмды, шөлейт жерлерге ығыстырып, оның орнына Ресейдің халқы келіп шоғырланған аймақтарынан мұжықтарды күштеп әкеп жерсіндіруге тырысты. Осыған орай, отаршыл әкімшілік қол астындағы халықты жан-жакты кіріптар ету үшін, мақсатты ойын жүзеге асыру жолында әр түрлі заңдар мен низамдар шығарып, елдің ішкі ерекшеліктерін жойып, дәстүрлі ел билеу жүйесін өз пайдасының ыңғайына көшіруге күш салды. "Бұл рұқсаттың өзі де іс жүзінде үлкен қиыншылықтармен беріліп, мешіт салу, медреселер мен мектептер ашу жөніндегі тілектер көп ретте жауапсыз қалады. Соңғы кездерде қазақтардың діни-рухани істері тұрғысында тартып отырған қысымшылықтарын санап айту қиын".
"Әсіресе миссионер ғалымдар алдымен қазақ елінің рухани болмысы мен өткендегі тарихи жолын, психологиясын, мінез-құлқын, салт-сана дәстүрінің ерекшелігін, билеу жүйесін, яғни өздеріне қажет буынды да ұрымтал тұстарын терең барлап, зерттей отырып, миссионерлік саясатының стратегиялық негіздерін, мақсаттарын анықтап отырды.
1912 жылдың бірінші ғинуарына (дәдуге) дейін қазақтан он екі миллион десятина жер алынған.
Жер алынғанда қыстаулар да көшірілген, жоңышқа һәм ағаш егілген жерлер де алынған, барлығына да қазынадан ақша төленген, әзірше алыну ықтиярсыз болса да... 1905-1910 жылдардың ішінде алынған жерлерге екі миллион мұжық орналастырылған, яғни екі жүз қырық мың жанұя, әр жанұяға төрт жүз теңге жұмсалған болады" Патша өкіметі 1900 жылы қазақ өлкесіне Ф.А.Щербина бастаған экспедиция жіберді. Бұл экспедицияның құрамында белгілі саяси және қоғам қайраткері, кейін Мемлекеттік І-ші Думаның депутаты болған Әлихан Бөкейхан да қатысып, мал-жанның, жайылымдық жерлердің санағын жүргізді; шаруа деңгейіне сәйкес тиісті жер үлестерінің мөлшерін де белгіледі.
Щербинаның есебі бойынша қазақта "артық" жер аз болмағанмен "қоныстандыру басқармасының" атқамінерлерінің көзі тоймады. Мұндай есепке қанағаттанбаған патша әкімшілігі экспедицияға Лев Карлович Чермакты жіберді. Ұлы Абайдың досы Михаэлистің жақын жолдасы Лев Карлович айтқанынан қайтпайтын бір беткей, қазақтың шаруа жайын көп зерттеген ғалым адам еді. Ол шаруаға қолайлы жердің малға шаққанда артылмайтындығын ғылыми байламмен дәлелдеп шығады. Бірақ мұнымен тынбай сахара өлкесіне патша әкімшілігі тарапынан бірнеше рет экспедициялар шығарылып, "артық" деп саналған жерлердің барлығын дәлелдеген ақпарлар түсіруді тоқтатқан жоқ. Осындай мәліметтердің негізіне сүйенген "Қоныстандыру басқармасы" қазақ иелігіндегі шұрайлы жерлерді еріксіз тартып алып, мұжықтардың пайдалануына беріп отырды [52, 98 б.]. Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпиннің Ресейдегі шиеленіскен аграрлық мәселені шаруаларды Дала өлкесіне қоныс аудару арқылы шешуді ұсынған жобасынан соң, бұл қозғалыс қарқыны бұрынғыға қарағанда үдей түсті. Осыған орай, жер мәселесінің төңірегінде XX- ғасырдың басында шығып тұрған ана тіліндегі төл мерзімді баспасөз бетінде ұдайы екі түрлі пікір жарыса айтылды. Біреулері — қала салып, егіншілікпен айналысуды, отырықшы тұрмысты лайық деп тапса, екіншілері — жоқ, қазіргі патша өкіметінің жүргізіп отырған саясаты жағдайында мал шаруашылығымен күнін көргендер — көшпелі, егін салғандар — отырықшы қалыбында қала бергені жөн деген уәж айтты. Бүл екі пікір де қисынды еді.
Отырықшылықты жақтайтындардың дәлелі — қазақ жері патшалықтың меншігіне айналуы, қара бұлттай көшіп келе жатқан мұжықтардан еншімізді бермей, басқаға жем болудан алдын -ала қам жасасақ, шұрайлы жер-суымызды иемденіп, 15 десятинадан болса да өз үлесімізді алып қалуымызды ойлауымыз керек. Егер халық жиылып қала болса, "бірлік бар жерде, тірлік бар" мешіт, медресе, мектеп ашуға мүмкіндігіміз туып, мәдениетті елдердей өнер-білімге қолымыз жетер еді дегенге саяды. Бұл пікірді қуаттап, үгіт-насихат таратушылар- Мүхамеджан Сералин, Мемлекеттік ІІ-ші Думаның депутаты Бақытжан Қаратай, Жаһанша Сейдалин сияқты қазақ қайраткерлері.
Казақ зиялыларының енді бір тобы — Мемлекеттік І-ші Думаның депутаты Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мемлекеттік ІІ-ші Думаның депутаты Мұхамеджан Тынышбайұлы, Халел Досмұхамедұлы екінші пікірді қолдады; яки мал шаруашылығымен айналысқандар — көшпелі, егінмен шұғылданғандар — отырықшылықта қала бергендері жөн деді. Өйткені қазақтың жеріне мұжықтарды неғүрлым көбірек қоныс аудару арқылы патша өкіметінің ұстанған басты саясаты — ішкі Ресейдегі қалыптасқан аграрлық шиеленісті оңай шешуді көздеді. Ал бұл саясатты түбегейлі жүзеге асыруға мүдделі "Қоныстандыру басқармасы" Дала өлкесін жан-жақты ғылыми зерттеуге мұрындық болып, жерге орналастыру үшін қазақтың жаны мен малын есептеп, алатын үлес мөлшерін белгіледі. Министрлер Кеңесінің мақұлдауымен 1909 жылы 9 маусымда бекіген бұл нұсқау бойынша екі түрлі норма енгізілді. Бірі-көшпелі, екіншісі-отырықшы калып нормасы. Осы екі норманың қазақ қайсысын алғаны дұрыс дегенге байланысты, Әлихан Бөкейхан кезінде "Қазақ" газетінде былай жазған еді: "Айқап"-ты һәм "Қазақты оқушылар көріп жүр, біз қазақ жұртына ақыл берушілерді екіге бөлдік. Біріміз- қазаққа жаудан олжа, 15-тен жер ал дейміз, біріміз — бұған жуыма, түк олжа болмайды дейміз. Талас дүние — ғүмыр сипаты, талас-тартыс жоқ болса, ғұмыр — абақты болар еді. Айыр сөзде айып жоқ,— дей келіп: "Біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен, көп жылдарда аударылады. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, орыс 15-тен жер берді деп егінші бола қоймайды. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады. Біз, қазақ-ау, 15-тен жер алмай тұрып жан-жағына қара дейтініміз, қазақ 15-ті алып, осы алақандай жерге мал бақпақ; бұған мал бағылмайды..." — деп мәселенің саяси бүркеулі астарынан хабардар еткен-ді [40, 250 б.]. Алайда қазақ осы екі шаруашылық қалыптың бірін тандауға келгенде патша әкімшілігі жүргізген құйтырқы саясатының қақпанына түсіп, ата қонысы — тіршілік көзі шұрайлы жерінен айрылып, соңы өкінішті оқиғамен аяқталып отырды. Қазақ қоғамындағы өте-мөте көкейтесті бұл мәселені дұрыс мағынасында зерделеп, күллі қыр-сырын, толып жатқан нәзік иірімдерін меңгеріп және өз білігін ел-жұртқа жете түсіндіре алуын оқыған ұлт зиялыларынан уақыттың талап етуі — өмірлік кажеттіліктен туған еді.
Патша өкіметі өзінің саяси-экономикалық шекарасын отарлау жүйесі арқаны кеңейте келіп, Дала өлкесіне де ілгерідегі бай тәжірибесін сәтті қолдана білді. Бұған дейін олардың Сібір "бұратаналары" мен башқұрттарға істеген амал-айласы құдды қазақтарға да дәл солай қайталанып отырды. Ол жөнінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлылар кезінде орыс, татар, қазақ баспасөзі беттерінде жиі қайталап, алдымыздағы үлгі болған бұл тақырыпқа қайта-қайта, дүркін-дүркін соғып, қалың бұқараны сақтандырып-ақ еді. Алайда одан еш нәтиже шықпады. Қазақ арасында да өз иелігіндегі жерді арендаға беріп, ақшаға сатып, айырылып қалып жатқан оқиғалар аз кездеспеді.
Қыр баласы деп қол қойған Әлихан Бөкейханның "Казақ" газетінің 1914 жылғы N47 санындағы "Башқұрт жерінің шежіресінен", 1915 жылғы N147 санында "Башқұрт жері" атты мақалаларында патша өкіметінің жүргізген отарлау саясатының қулық-сұмдықтарын әшкерелеген. Соңғы мақаласында ол қазақтың "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда!" деген мәтелін әдейі эпиграф орнына қолданып, туысқан башқұртқа туған күннің қазақтың да басына келетіндігін құлағдар етіп, бүған күллі халықтың алдын ала дайын болып, сақтандыру шараларын ескертеді. Патша әкімшілігінің башқұрт халқына жасаған "тәжірибесін" адамзат тарихындағы зор қылмыс ретінде айыптап, көшпелі қазақ еліне төнген қауіп-қатерге шыр-пыр болып араша түскен Мұхамеджан Тынышбайұлының "Санкт-Петербург ведомости" газетінің 1905 жылғы N75 санында жариялаған "К вопросу о нуждах кочевого населения киргизских степей" атты мақаласында осы мәселені көзге шұқып көрсеткен еді. Алайда, ұлт зиялыларының бұл еңбектері із-түссіз босқа кеткен жоқ; кетпегені қазақ халқының, казақ жерінің кейінгі тағдырын ойлаған. Қазақ қоғамының өткен тарихын зерделей білген жанға Ресей патшалығының жүргізген отарлау саясаты өз боданындағы бұратана санаған елді көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көшірудің артықшылығын жан-жақты насихаттап, жоспарлы түрде мүдделі етуге тырысуында гәп бар. Осы саяси әдістің ішкі иірімдерін терең түсінген Халел Досмұхамедұлының дәрігерлік тұрғыдан отырықшылық тұрмыстың нақты жағдайдағы тиімсіз жақтарын өз пікір-пайымымен дәлелдеуі — халқымызды күтіп түрған үлкен шығындардан қорғап қалуына сеп болғаны шүбәсіз. Бұл жайға көз жеткізу үшін ұлы тұлғаның өз сөзіне кұлақ түрелік; "Жұқпалы аурулар қазақ арасына бір кірсе, жуық арада шыға қоймас, бұрын естімеген-білмеген оба жиырма жылдай Бөкейлік пен Орал облысының қазақтарынан кетуді қойды. Жыл сайын жүз-жүзден садақа алып тұр. Тегіс қала болып отыру қазаққа әзір ерте деген Алаштың азаматтарын кейбіреулер мысқылдап келемеж қылады. Қала болып алған соң, көп кешікпей көрерсің, қазақ жұқпалы аурудың араларында қандай боп қыдырғанын! "Карағым, бауырым, қазағым, қала болсақ, құрт бәлесін аларсың" — деген азаматтың зары сонда есіңе түсер..." [40, 255 б.]. Иә, ен даланы иелік еткен қандастарын бір оқ шығармай кырып жібермек болған жатжерліктердің көкейіндегі түпкі пиғылы Халекендер сынды ұлтжанды күрескерлердің қам-қарекеті нәтижесінде жүзеге аспай калғанын бүгін бар дауысымызбен айтатын кез жетті.
Міне, XX ғасырдың беташар оқиғасы — Ресей империясының басқару жүйесіне қарсы 1905-1907 жылдардағы орыс революциясының жойқын дүмпуі Дала өлкесін де шарпып, қазақ зиялыларын саяси белсенді күрес майданына алып шықты. Қазақ оқығандары халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өмірдегі теңсіздігін, демократиялық қарапайым құқының жоқтығын тілге тиек етіп, ел арасында түсіндіріп, үгіт-насихат жұмысын жүргізген листовкалар таратып, петиция үлгісіндегі жоғарғы мәртебелі билік иелеріне талап қойды. Патша әкімшілігі елдегі саяси-әлеуметтік шиеленістің шешімін тауып, алдаусырату мақсатымен бірсыпыра демократиялық жеңілдіктер жасап, талап-тілектерін орындауға мәжбүр болды. Әсіресе, заң шығаратын жоғарғы орган Мемлекеттік Думаға қазақ халқының мүддесін қорғайтын ұлт өкілдерінен депутат сайлауға, ана тілінде төл мерзімді баспасөз құралының жарық көруіне қол жеткізуі сөз жоқ, сол дәуірдегі ел қамын жеген зиялы жандардың үлкен жеңісі еді. Алайда патша әкімшілігі өзінің бұл жіберген шегінісінің қарымтасын қайырып, орнын толтыру үшін шет аймақтағы бодан елдерді отарлаудың бұғауын бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Империялық саясат ішкі Ресейдегі шаруалардың жерге деген мұқтаждығын шешіп, революциялық өрлеуді басу үшін қазақ даласының шұрайлы жерлеріне орналастырып, бірнеше жылға алым-салықтан босатып, мемлекеттік қолдау жасады. Бұл — бір. Екінші — орыс шаруасы мен қазақты бір-біріне айдап салып, саясаттың бетін бұрып сырттай бақылап отыру еді. Үшінші — Дала өлкесіндегі бұрынырақ келген орыс алпауыттарының жұмыс қолын ұзарту жағы да көзделді. Төртінші — шет аймақтағы отаршылдық саясатты жүзеге асыруға мүдделі тіректің мықты болуына көңіл аударды. Бесінші — орыстың демографиялық жағынан қалайда жергілікті халықтан үлес мөлшері тез арада асып түсуі есепке алынып, православие дініне шоқындыру, ассимиляцияға ұшырату үшін табиғи ықпалды орта жасаудың жан-жақты жоспары құрылды. Сөйтіп, метрополиямен шет аймақтағы отар елдердің арасындағы қайшылық тереңдей берді. Отарлық езгінің қанауына бұдан әрі төзе алмайтынын түсінген халық, бұл тығырықтан шығудың жолын іздеді, көш бастайтын ұлт зиялыларының соңына ерді. Халықтың болашақ тағдыры бейжай қалдырмай, ойлантқан да, толғантқан ұлт зиялылары тарихи үлкен сыннан өтуіне тура келді. Бұл абыройлы да ардақты, қасиетті істе халқын шексіз сүйген жайсаң жандардың тері мен қаны есепсіз төгілді; қуғын-сүргінге ұшырады, жер аударылды, атылды, асылды, абақтыға жабылды. Патша әкімшілігі ұлт зиялыларын қаншалықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz