Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер



Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

II. Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2 Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3 Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

V. Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
I. Кіріспе
Жеке мәртебе – адамның өзі қоршаған аз топтың ішінен (отбасы, достары, көршілер, студенттік топ, ұрғылықты жеріндегі көршілер,т.б.) өзінің қасиеттеріне қарай алған орны. Жеке мәртебе таныс адамдар ортасында басты мәнге ие болады, ал әлеуметтік – таныс емес адамдар арасында. Таныс адамдар үшін біздің ресми мінездемеміз емес, жеке қасиеттеріміз маңызды.
Тұлғаның мәртебесі мен мәні, орны туралы ілімді батыс социологтары Дж.Мид, Р.Минтон, Р.Мертон, Т.Парсонс, Р.Дарендорф т.б. зерттеп дамытты.
Тұлғаның рөлі (мәні) туралы теория тұлғаны “әлеуметтік мәртебе” және “әлеуметтік мән” ұғымдарының көмегімен сипаттайды. Әлеуметтік мәртебе дегеніміз – тұлғаның орны, жағдайы. Мәртебе алу – аталған адамның бүкіл мәртебелерінің жиынтығы. Мысалы, Маржан – біреудің қызы, әйелі, студент, апа, шеше, жас әйел, Алматы тұрғыны, топ старостасы. “Мәртебе алу” терминін ғылымға Роберт Мертон енгізді.
Басты мәртебе деп аталған индивидке мейлінше тән мәртебені айтамыз. Ол мәртебе бойынша айналадағылар оны ерекше бөліп көрсетеді, оны теңестіріп салыстырады. Әйелдер үшін дәстүрлі ортада қоғамда үй шаруасының мәртебесі, ерлер үшін бұрын да қазір де оның жұмыс орнымен байланысты – мұғалім, сот, жұмысшы, бухгалтер, т.б. мәртебе басты болып саналады. Ғалым үшін бастысы – ғылыми дәреже, менеджер үшін оның жұмысы.
Жеке тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша атйқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтық, қоғамның өмірін түсінуге болады. Жеке тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. “Жеке тұлға” дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін “адам”, “индивид”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. “Адам” деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Адам – тарихи процестің субъектісі, жердегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы ( homo sapiens түрінің өкілі ). Адам табиғатынан жан, жеке тұлға болуға қабілетті. Егер адам қоғамда өсіп, өмір сүрсе, оның әлеуметтену қабілеті дамиды. Егер оның өмірі қоғамнан тыс болса, оның әлеуметтену қабілеті өшеді. Адам - тек қоғамда ғана адам.
Индивид ( лат. Individ – бөлінбейтін, ақырға ) – адамзат тегінің бір ғана өкілі және оның “алғашқы кірпіші”, жеке даралық – бір индивидті басқасынан ажыратушы қасиеттер жиынтығы. “Адам” ұғымы биологиялық және әлеуметтік мәндердің бірлігі, бұл адамның әлеуметтік мәнінде табиғи негіздер жатқанымен, оны табиғаттың өзге бөліктерінен ерекшелендіреді. Әлеуметтік мәннің қалыптасуы, әлеуметтену процесі ондағы биологиялық бастамалардың жайылып кетуін білдірмейді, қоғам қажеттілігіне сәйкес биологиялық сапаларының әлеуметтікке айналуын білдіреді. Егер бұл процесс табысты өтсе, біз жеке тұлға туралы айтамыз. Барлық тұлғалардың өзінің биологиялық, психололгиялық сипаттамалары ( эмоциялары, интеллектісі, әдеттері, мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары және т.б. ) болады. Бұл сипаттамалар әрбір тұлғаға жеке мінез береді.
Мәртебенің мәні – сол мәртебеге сай мінез-құлықтың болуы. Мәртебенің символдары (рәміздері) мәселен әскери адамның киімі, бай мен кедейдің пәтрі. Мәртебенің міндеттері, дүниенің мәртебелі көрінуі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, «Әлеуметтану», Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы; 2003. – 376 б.
2. Рахметов Қ.Ж, Болатова А.Н, Исмағамбетова З.Н, «Социология» Алматы 2005 «Өлке» - 256 б
3. Тажин М., Аяғанов Б., «Социология негіздері» Алматы, 1993
4. «Әлемдік әлеуметтану антологиясы», Алматы, 2006
5. Нысанбаев. Ә. «Социология» Алматы, 2002
6. Тұрғынбаев Ә.Х «Социология» Алматы, 2001
7. Тощенко Ж.П. «Социология» Москва, 1994
8. Н.Смелзер. Социология М.1994.
9. Ж. Сәрсенова, Г. Тәңібергенова «Әлеуметтану» Алматы, 2000
10. Ә.И Икенов, А.Д. Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы, 2004
11. А.И.Кравченко Социология учебное пособие Екатиринбург
12. Оданова Р.К «Социология тарихы және теориясы», Шымкент, 2005- 256б.
13. Социология. Ж. Сарсенова. Алматы. 1998.
14. М.М Аженов, С.И. Утешов «Общая социология» Алматы, 2001
15. С.С.Фролов Социология М. "Логос" 1998
16. Н.Р. Айтов, Қ.У. Биекенов «Социология» Алматы, 2000
17. Н.А. Айтов «Основы социологии» Алматы, 2001
18. Тажин. М., Аяғанов. Б «Социология негіздері» Алматы, 1993
19. «Әлеуметтану» 2-кітап Оқулық / жалпы ред. басқ. М.М.Тажин – Алматы: Қазақ Уииверситеті, 2005

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ---
-----------------------4
II. Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер----------------------------- ---
----------6
2.2 Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер----------------------------- -----------
----------11
2.3 Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар ---
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------------------18
III. Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -
------------------26
IV. Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- -----------------------
------------27
V. Сілтемелер------------------------- ----------------------------------- ---
-------------------28

I. Кіріспе
Жеке мәртебе – адамның өзі қоршаған аз топтың ішінен (отбасы,
достары, көршілер, студенттік топ, ұрғылықты жеріндегі көршілер,т.б.)
өзінің қасиеттеріне қарай алған орны. Жеке мәртебе таныс адамдар ортасында
басты мәнге ие болады, ал әлеуметтік – таныс емес адамдар арасында. Таныс
адамдар үшін біздің ресми мінездемеміз емес, жеке қасиеттеріміз маңызды.
Тұлғаның мәртебесі мен мәні, орны туралы ілімді батыс социологтары
Дж.Мид, Р.Минтон, Р.Мертон, Т.Парсонс, Р.Дарендорф т.б. зерттеп дамытты.
Тұлғаның рөлі (мәні) туралы теория тұлғаны “әлеуметтік мәртебе” және
“әлеуметтік мән” ұғымдарының көмегімен сипаттайды. Әлеуметтік мәртебе
дегеніміз – тұлғаның орны, жағдайы. Мәртебе алу – аталған адамның бүкіл
мәртебелерінің жиынтығы. Мысалы, Маржан – біреудің қызы, әйелі, студент,
апа, шеше, жас әйел, Алматы тұрғыны, топ старостасы. “Мәртебе алу”
терминін ғылымға Роберт Мертон енгізді.
Басты мәртебе деп аталған индивидке мейлінше тән мәртебені айтамыз.
Ол мәртебе бойынша айналадағылар оны ерекше бөліп көрсетеді, оны
теңестіріп салыстырады. Әйелдер үшін дәстүрлі ортада қоғамда үй шаруасының
мәртебесі, ерлер үшін бұрын да қазір де оның жұмыс орнымен байланысты –
мұғалім, сот, жұмысшы, бухгалтер, т.б. мәртебе басты болып саналады. Ғалым
үшін бастысы – ғылыми дәреже, менеджер үшін оның жұмысы.
Жеке тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені
қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты
жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін,
мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады.
Басқаша атйқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтық, қоғамның
өмірін түсінуге болады. Жеке тұлға әлеуметтік қатынастар мен
байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. “Жеке тұлға” дегеніміз кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін “адам”, “индивид”, “жеке тұлға” деген
ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. “Адам”
деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден
өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Адам – тарихи процестің субъектісі, жердегі материалдық және рухани
мәдениеттің дамуы ( homo sapiens түрінің өкілі ). Адам табиғатынан жан,
жеке тұлға болуға қабілетті. Егер адам қоғамда өсіп, өмір сүрсе, оның
әлеуметтену қабілеті дамиды. Егер оның өмірі қоғамнан тыс болса, оның
әлеуметтену қабілеті өшеді. Адам - тек қоғамда ғана адам.
Индивид ( лат. Individ – бөлінбейтін, ақырға ) – адамзат тегінің бір
ғана өкілі және оның “алғашқы кірпіші”, жеке даралық – бір индивидті
басқасынан ажыратушы қасиеттер жиынтығы. “Адам” ұғымы биологиялық және
әлеуметтік мәндердің бірлігі, бұл адамның әлеуметтік мәнінде табиғи
негіздер жатқанымен, оны табиғаттың өзге бөліктерінен ерекшелендіреді.
Әлеуметтік мәннің қалыптасуы, әлеуметтену процесі ондағы биологиялық
бастамалардың жайылып кетуін білдірмейді, қоғам қажеттілігіне сәйкес
биологиялық сапаларының әлеуметтікке айналуын білдіреді. Егер бұл процесс
табысты өтсе, біз жеке тұлға туралы айтамыз. Барлық тұлғалардың өзінің
биологиялық, психололгиялық сипаттамалары ( эмоциялары, интеллектісі,
әдеттері, мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары және т.б. ) болады. Бұл
сипаттамалар әрбір тұлғаға жеке мінез береді.
Мәртебенің мәні – сол мәртебеге сай мінез-құлықтың болуы.
Мәртебенің символдары (рәміздері) мәселен әскери адамның киімі, бай мен
кедейдің пәтрі. Мәртебенің міндеттері, дүниенің мәртебелі көрінуі.

2.1 Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер.
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-
қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты,
алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның
бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.
Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың
мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік
топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс
ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы,
бағыты болады, оған белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды.
Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда
осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда
әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
Осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары “әлеуметік рөл”,
“әлеуметтік статус” ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың
белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-
қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың
атқаратын қызметтері.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың
белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын
айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз адамның қоғамдағы алатын орнына,
жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың
әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру
процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті
шарты.
Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдарды мамандыққа байланысты
рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам адам
әлеуметтік тәртіп стандарттарын игеріп, меңгереді, өзін-өзі бағалап,
бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-
қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады.
Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың
салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын,
бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, “мендігін” сақтау үшін белгілі бір шартты
қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін
орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт
ретііде болады
Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің “мәні”
атқаратынқызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне адамгершілік баға
беріп, оны іске асрады, өзінің орнын тек қана бір әлеуметтік топтан іздеп
қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір
құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-ұлқын белгілі
бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы
ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз,
индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез-құлық.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда
бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез-
құлқты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері
сатылы жүйе ретінде құрылады.
Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында XX ғасырдың
30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-
1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. “шағын кіші”
топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның “Айналық мен ”, “Адам
табиғаты” және “Әлеуметтік реттілік” (1902ж.), “Әлеуметтік ұйым” (1909ж.),
“Әлеуметтік үдеріс” (1918ж.), “Әлеуметтік теория”, “Әлеуметтік зерттеу”
(1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының
негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді
қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.
Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі
болған әрекет, оқиға (қысқаша “акт”) ұғымы жатыр. Бұл акт әрекеттеуші
субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің
пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық “субъект”, “тірі
форма”, әлеуметтік “мен” (“я”) ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының
мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшілігімен
сипатталатын тәжірибесі. Осыған орай объектілер индивид пен олардың
арасындағы қатынастарды бейнелейді.
Ч.Кули мен Дж.Мидтің бұл теориялары әлеуеттанудағы әр түрлі
ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т Парсонс
өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп өолданылады.
Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процестерін көп
дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.
Ч.Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі
қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады.
Осылардың негізінде адам өзінің “айнадағы мен” деген имиджін жасайды. Ол үш
элементтен құрылады:
а) Жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) Жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
б) Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап
беру керектігін түсіндіреді.
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің “менін” қалай алағ дамытатынын
түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни “мен” деген
ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-
қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.
Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана
өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды.
Өзін “ойлауды” үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол
арқылы өзінің “менін” сезіне бастайды.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан
құрылады.
Бірінші имитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне
еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып,
өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екіншісі, ойын сатысы. Бұл кақытта кішкене бала өзінің мінезін –
белгілі бір рөлді орындау арқлы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші, т.б.
Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен
ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің
қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке
жете бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап
қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы,
футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың
барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін,
ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін
біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және
ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізгі
екі ұғыммен түсіндіріледі:
Олар: “әлеуметтік статус” және “әлеуметтік рөл” . Әлеуметтік рөл
туралы жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ тоқталайық.
Мысалы, әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады.
Осыны статус дейді. Әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ, оның
жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе
интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі
(лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы,директор, профессор сияқты әлеуметтік
статус адамның сыртқы мінез-құлқы мен пішінінен (киімі, сөйлеу мәнері) және
басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік
басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.
Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі –
қоғамнан берілген (предписание), екіншіадамның өз еңбегінің нәтижесінде қол
жеткізген (приобретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – бұл тұлғаның
этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен, т.б. байланысты. Еңбегі
арқылы қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне байланысты.
Мысалы, жазушы, ғалым, директор, т,б, Статустың табиғи деген түрі болады.
Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне
байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірім, қарт, т.б. ) Кәсібіне,
қызметіне (лауазым) байланысты статус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі)
статусы болып есептеледі, Ол ересек адамның интегралдық статусының негізі
болады. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда
қызметі, орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир, т.б. ) жатады.

2.2 Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер.
Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, түрлі әлеуметтік топтармен
қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс
жүзінде кездеспейтіндіктен, жеке адамның әр түрлі топтарға қатысты
жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топқа қатысты функционалдық мүмкіндіктерін
талдау үшін әлеуметтануда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары
пайдаланылады.
Әлеуметтік мәртебе деп адмның топтағы немесе қоғамдағы ұстанымын,
жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе жеке адамның жан-жақты және сонымен
бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының
сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік
байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық
байланыстарын және т.б. қамтиды.
Барлық әлеуметтік мәртебелерді негізгі екі түрге бөлуге болады:
белгіленген және қол жететін мәртебелер.
Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан
белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен
жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш
жұмасуымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және
т.с.с. ).
Адамның қандай да бір мәртебеге ие болғаны (кей кезде, тіпті, оның
тұлғасының осы мәртебемен теңестірілуі) сәйкестендіру деп аталады. Жеке
адам сәйкестендіруге туғаннан ие болғанына немесе күш-жігер жұмсауының
нәтижесінде қол жеткізгеніне қарамастан, қалай болған күнде де
сәйкестендіруді жеке адам өзінің айналасындағы басқа адамдармен қарым-
қатынас жасау процесі арқылы меңгереді.
Мәселен, бір адам көптеген мәртебеге ие болады, осылайша көптеген
топтар мен ұйымдарға қатысады. Ол – еркек, әке, ұл, бауы,, оқытушы,
профессор, партия мүшесі және т.с.с. Бір адам иеленген барлық мәртебелер
жиынтығы мәртебелік жиынтық деп аталады. Әдетте, адамды басқа адамдармен
сәйкестендіретін немесе оның өзін-өзі сәйкестендіретін мәртебелерінің бірі
– басты мәртебе, сол адамның өзіне тән болады. Басты мәртебе салыстырмалы
түрде алынады – ол адамның жынысына, нәсіліне немесе кәсібіне байланысты
емес. Өмірдің сәні мен салтын, адамның мінез-құлық үлгісін анықтайтын
мәртебесі әрқашан басты мәртебе болып табылады. Мұндай мәртебе көбінесе
негізгі жұмыс орнындағы лауазымына байланысты болады.
Бір адамда әлеуметтік мәртебе және жеке басының мәртебесі болатынын
ажырата білген жөн. Жеке басының мәртебесі – адамның өз айналасында ие
болған позициясы, оған туысқандарының, әріптестерінің, достарының берген
бағасы. Бірдей мәртебеге ие болған адамдар әр түрлі әлеуметтік мәртебелерге
де ие болуы мүмкін және керісінше. Мынадай айырмашылығын көрсетуге болар
еді: жеке басының мәртебесі – адамның шағын (әдетте, бастауыш) топтардағы
жағдайы, ал әлеуметтік мәртебесі – ауқымды әлеуметтік қауымдастықтағы
позициясы. Әлеуметтік мәртебенің сипатты белгісі – оның жеке адамға қатысты
болмайтындығы, ал жеке басының мәртебесі адамның жеке қасиетін білдіреді.
Әлеуметтік мәртебенің және адамның жеке басының мәртебесінің
айырмашылығы адамның өзі қатысатын ресми немесе бейресми ұйымның
құрылымында ие болатын беделі мен ықпалынан айқын көрінеді. Жеке басының
мәртебесіе қол жеткізу әлеуметтік мәртебеге әлдеқайда жеңіл.
Қоғамдық пікірде басқаларға қарағанда көбірек бағаланатын мәртебелер
мен әлеуметтік топтардың иерархиясы жасалып, қолдау табады, бірақ ешбір
құжатта белгіленбейді. Мұндай иерархиядағы орын дәреже деп аталады. Жеке
адам бір топта жоғары, ал екіншісінде төмен дәрежені иеленетін болса, ие
болмаса бір мәртебенің құқықтары мен міндеттері басқа мәртебенің құқықтары
мен міндеттерін орындауға қайшы келетін немесе кедергі жасайтын болса, онда
топтар арасында немесе топтар ішінде қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін.
Қоғамның адамға қоятын талаптарының жиынтығы нақты әлеуметтік
мәртебемен байланысты. Әлеуметтік жүйеде берілген мәртебені иеленетін
адамның орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы әлеуметтік рөлдің мазмұнын
білдіреді. Әрбір мәртебе, әдетте, бірқатар әлеуметтік рөлдерді қамтиды. Осы
мәртебеден шығатын рөлдердің жиынтығы рөлдік жиынтық деп аталады.
Әлеуметтік рөлдер теориясында екі негізгі көзқарас кеңнен
көрсетілген. Рөл ұғымының өзін ең алғаш жүйелі түрде 1930жылдардың бас
кезінде символикалық интеракционизм теориясының негізін салушы Дж.Г.Мид
қолданған. Ол рөлдерді адамдар арасындағы эксперименттік және сонымен қатар
жасампаздық сипаты бар өзара қарым-қатынас нәтижесі деп сипаттаған. Мидтің
әлеуметтік философиясы әуел бастан балалардың қоғамға қалай бейімделетініне
және рөлдерді қабылдау жолымен, яғни өз қиялындағы басқалардың -
әкелерінің, аналарының, мұғалімдерінің, дәрігерлердің рөлдерін салыстыра
отырып, өзінің әлеуметтік мәнін қалай дамытатынына қызығушылық танытқан.
Ересектер де өз мінез-құлықтарында өздерінің рөлдерін жасау үшін басқа
адамдардың рөлдерін өз бойына “өлшеп көруді” пайдаланады. Символикалық
интеракционизм теориясына сәйкес әрбір рөл өзіне басқа рөлдермен қарым-
қатынасты қамтиды; мысалы, “мұғалім” рөлін “оқушы” рөлінсіз түсіну мүмкін
емес және ол оқушының өзіне тән мінез-құлқы мен арақатынасы тәрбиешінің
өзіне тән мінез-құлқы ретінде анықталуы мүмкін. Өзара қарым-қатынас процесі
адамдардың өз рөлдерін атқара отырып, басқалардың рөлдеріне қатысты
қалыптасқан азды-көпті тұтас ұғымды және басқалар рөлінде іс-әрекет
жасайтын адамдардың шынайы жауап әрекеттерін әрқашан тексеретінін, ондай
тұжырымдамаларды нығайтып немесе күмән туғызатынын білдіреді. Бұл өз
кезегінде адамдарды өздерінің рөлдік мінез-құлықтарын сақтауына немесе
өзгертуіне жетелейді.
Екінші көзқарас Р.Линтоннан бастау алады (1936). Кейіннен бұл
көзқарас функционализмнің құрамдас бөлігіне – қазіргі заманғы
әлеуметтанудың неғұрлым ықпалды мектептерінің біріне айналды. Функционализм
рөлдерді маңызды белгіленген және статикалық (яғни өзгермейтін) нәрселер
ретінде қарайды. Бұл ұғымдар қоғам өмірінде тамыр жаяды және мінез-құлықты
рөлдер арнасына енгізетін әлеуметтік нормалардан көрініс табады. Жаңа
көзқарас рөлдер басқа рөлдермен жиі байланыста анықталуы мүмкін екендігін
мойындайды, алайда өзара қарым-қатынас процесінің өзі жаңа рөлдер туғызуы
немесе барларын жаңғыртуы мүмкін деп есептемейі. Әрине, жеке адамдар басқа
рөлдерді атқарушы адамдармен қарым-қатынас барысында өз рөлдерінің мазмұны
туралы және олардың атқарылуы қаншалықты сәтті екендігі туралы ақпарат
туралы ала алады.
Әлеуметтік рөлді екі қырынан қарастырған жөн: рөлдік күту және
рөлдік атқару. Осы екеуінің арасында толық дәлме-дәл келу ешқашан болмайды.
Бірақ олардың әрқайсысының адамның мінез-құлқында үлкен маңызы бар. Біздің
рөлдеріміз ең алдымен бізден басқалардың не күтетіндігімен анықталады. Бұл
күтулер сол тұлға ие болатын мәртебемен тоғысады. Егер кімде-кім біздің
күткенімізге сай келетіндей рөл атқармаса, онда қоғаммен белгілі бір
қақтығысқа ұшырайды.
Рөлдік талаптар (ұйғарымдар, күтулер) әлеуметтік мәртебе төңірегінде
топтасқан нақты әлеуметтік нормаларға айналысады.
Рөлдің нормативтік құрылымында әдетте 4 элемент ерекшеленеді:
1- осы рөлге сәйкес мінез-құлықтың түрін сипаттау;
2- осы мінез-құлықпен байланысты ұйғарымдар (талаптар);
3- ұйғарылған рөлдің орындалуын бағалау;
4- санкция - әлеуметтік жүйе талаптары шеңберіндегі қандай да бір
әрекеттің әлеуметтік салдарлары;
Айта кететін бір жайт, кез келген рөл мінез-құлықтың таза моделіболып
табылмайды. Жеке адамның мінезі рөлдік күтулер мен рөлдік мінез-құлықтар
арасындағы басты байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бұл нақты адамның
мінез-құлқы таза схемаға сыймайды деген сөз. Ол бірегей, өзіне ғана тән
рөлдерді өзінше түсіну және түсіндіру әдістерінің өнімі болып табылады.
Әлеуметтік орта адамдарды өз рөлдерін дұрыс орындауға қалайша мәжбүр
етеді? Бұған санкциялар механизмі қызмет етеді. Белгілі бір мәртебеге ие
болған адам өзін біз күткеннен бөлекұстайтын болса, әрине, біз қандай да
бір жолмен өзіміздің қанағаттанбайтынымызды, ашу-ызамызды білдіреміз; ал
егер де, керісінше, адамдар өз рөлдерін өз деңгейінде атқарса, онда біз
оларға өзіміздің құптайтынымызды, ынталандыратынымызды бідіреміз. Сол
арқылы әлеумет адамдарды жалпы қоғам үшін ең болмағанда әлеуметтік жағынан
жақын ортаға қолайлы арнаға бағыттайды.
Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір
тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай
әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен,
олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады.
1. Эмоционалдық деңгей. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады.
Мысалы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен
қатар, егер де әйел өзін-өзі эмоционалды сабырлы ұстаса, онда күйеуі
оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін.
2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-
құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да
ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің
бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді;
басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да
бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-
жаттығуына” тура келеді).
3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір
қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары лқу орнының
оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің
өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып ана қоймай,
оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса,
онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс
орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала
рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала
өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.
4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдерің атқарылуы ресмиленген, яғни
оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальды ұйымдардың көпшілігінде
- әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда
рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты
шектелген, ал импровизация диапозоны үшін үлкен емес (ұйымдар теориясы
көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің
немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән
сәттерді енгізетін диапозон ауқымы нғұрлым кең.
5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз
бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рольі
Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі
Тұлға туралы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
Тұлға социологиясы
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөл
Тұлға - әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі
Тұлға ұғымының мәні, түсінігі
Тұлға ұғымының мәні және түсінігі
Пәндер