«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры»



1 «Самұрық.Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы
2 Тарихы
3 «Самұрық.Қазына» ҰӘҚ АҚ еншілес және тәуелді компаниялары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор ұлттықэкономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды [1]. 2010 жылдың 31 желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен [2].
Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады [3]. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы - Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметінбасқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқыаудит арқылы бақыланады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры Акционерлік Қоғамы – әртүрлі
саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің
негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор
ұлттықэкономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы
№669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17
қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес Қазына орнықты даму қоры акционерлік
қоғамы мен Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды [1]. 2010 жылдың 31
желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009
жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен [2].
Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді
экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік
әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы
инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып
табылады [3]. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни
Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы - Директорлар
кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметінбасқарма атқарады. Қордың
барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқыаудит арқылы бақыланады.

Тарихы
Қордың негізгі қызметі ұлттық даму институттары мен ұлттық
компаниялардағы және басқа да заңды
тұлғалардың меншігіндегімемлекетке  тиесілі үлестерді (пакеттерді) басқару.
Қордың жалғыз ғана акционері, яғни иесі бар. Ол Қазақстан Республикасының
Үкіметі. Қордың қызметі ашықтық және тиімділік қағидасының негізінде
жүргізіледі. Негізгі бағыт мемлекеттік активтердің бәсекелеснарықтық
ортада тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алдына қойылған талаптарды
орындау мақсатында қор бірнеше сала бойынша басымдықтар анықтады.
Олар: мұнай және газ, электр
энергетикасы, металлургия, инфрақұр ылым және химия өнеркәсібі.
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың
бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және
әлемдікнарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз
әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды. Қор 2008 жылы алдында жеке
дара ұйым болатын Қазына орнықты даму қоры акционерлік қоғамы мен
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі
акционерлік қоғамын біріктіру негізінде пайда болды. Жаңадан құрылған
ұйымның капитализациясын өсіру мақсатында Президент мемлекеттік бюджеттен 5
млрд АҚШ долларын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 10 млрд АҚШ
долларын бөлуді тапсырды [4].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық
даму Стратегиясының аясында бірнеше ұлттық даму инстиуттары құрылған
болатын. Мемлекет меншігін тиімді басқару үшін Сингапурлық "Temasek"
холдингінің мысалында мемлекеттік холдинг құру идеясы талқыланды [5].
2006 жылдың қаңтар айында Самұрық мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы құрылды. Мемлекеттік
холдингке Қазақтелеком, Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан
компаниясы, Қазақстан темір жолы ҰҚ, Қазпошта, ҚазМұнайГаз ҰҚ және
басқа 14 акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлестер (пакеттер) өтті.
Мемлекеттік холдингтің мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен өнімдер
шығаруда қосымша құрал ретінде көмек беру болатын[6].
Қазына орнықты даму қоры акционерлік қоғамы 2006 жылдың наурыз
айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен
құрылған болатын. "Қазына" қорының негізгі мақсаты "Қазақстанның даму
банкі", "Ұлттық инновациялық қор", "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры",
Экспорттық кредиттерді және инвестициаларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтандыру корпорациясы Акционерлік қоғамы, Маркетингтік-
талдамалық зерттеулер орталығы АҚ, "Қазақстандық инвестицияларға қолдау
көрсету орталығы" сияқты ұлттық даму инстиутуттарының қызметін жүйелі түрде
басқару[7].
2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан
дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны
қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, Самұрық-Қазына ұлттық
әл ауқат қорына орындауға тапсырылды[8]. Қазіргі уақытта холдингтің
келесідей функциялары бар: • Қаржы секторын тұрақтандыру • Жылжымайтын
мүлік нарығындағы проблемаларды шешу • Шағын және орта бизнесті қолдау •
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту • Инновациялық, индустриалдық және
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ еншілес және тәуелді компаниялары
Самұрық-Қазына холдингіне қырықтан астам ұйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне талдау жасау
Самұрық-Қазына экономиканың қуатты тірегі
Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары
ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГТЕР
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
Инвестициялық жоба,оның құрылымы және өмірлік циклі
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде
Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу
Пәндер