Христиан теологиясы



1. Христиан теологиясының сипаттамасы.
2. Теологияны зерттеудегі ғылыми,діни бағыттың негізгі ұғымдары.
3. Христиан теологиясының мәні.
Бүгінгі күнде,әсіресе Ресейлік зерттеушілердің пікірінше,әлемдегі әлуметтік-саяси және мәдени жағдайларға христиан дінінің әсерін оқыту өзектілікке айналып отыр.Христиан теологиясын оқыту жүйесіне теологияның ерекшеліктерін түсіндіру,оның дінтану және дінтану ғылымдары саласындағы орны мен маңызы қамтылады.
Христиан теологиясы курсының қажеттілігі.Бүгінгі күндегі діннің өзекті мәселелерін,оның ғылыми дүниетанымға,экологияның этикалық проблемаларына,медицина мен саясатқа әсерін,батыс өркениетіндегі христиандықтың орнына қатысты дауларды христиан дініндегі ішкі шиеленістердің орын алуына байланысты туындады.Сонымен бірге Ресей Федерациясының орта мектептерінде оқытылатын «Основы православной культуры» деп аталатын курсты факультативті оқыту да қажеттіліктен туындады.
Бұл курсты оқытуда «Қазіргі күндегі діндегі эволюция»,+Дін феноменологиясы» сияқты пәндермен, сонда-ақ +Діндер тарихы»,+Ғылым және дін» пәндерімен тығыз байланысты. Бұл пәнді оқу үшін Дін философиясы және тарихы салаларындағы біліммен ұштастыру қажет.
Курстың мақсаты:теологиялық мәселелерді әлемдік деңгейдегі мәдени және әлуметтік-саяси жағдайлардағы христиан дінінің әсерін айқындау,салыстырмалы түрде талдау жасау.Оның нәтижесінде мынадай міндеттер туындайды:
-христиан теологиясы курсының құрылымын зерттеу,оның дінтану жүйесіндегі орны меен маңызын анықтайды;
-католиктік,протестанттық және православиелік теологияның негізін салушылармен танысады.
«Теология»сөзінің этимологиясы-грек тілінен ауд.+teos»-Құдай,+logos»-сөз,әңгіме,доктрина,ілім мағыналарын береді.Теология-Құдай туралы ғылым немесе Құдайға қатысты пайымдау.Теология-ол дін ілімі,діни ілімдердің ақиқаттығын дәлелдейді.
Христиан теологиясының анықтамасы 2 әдіспен анықталады.Біріншісі кең мағынада-Інжілдің 66 кітабына негізделген христиан ілімінің жиынтығы,ал тар мағынасында теологияның өзін-Құдайлық христиан ілімін ғана қамтиды.
Христиан теологиясының бөлімдері:
1. Экзегетикалық теология
2. Тарихи теология
3. Жүйелік теология
4. Практикалық теология
Экзегетикалық теология-библия заңдарына негізделген жазбалардың дәлме-дәл аударуға негізделген.Оған библия тілдері,библиялық археология,библияның кіріспе курсы,Інжілдік герменевтика және Інжілдік теология кіреді.Інжілдік теология,көне өсиеттің әртүрлі кезеңдері,яғни Мұса дәуірі мен монархтық кезеңдерді ашып көрсетеді де,жаңа өсиет жазушы авторлар,сондықтан Иоан әке мен Павел әкенің жазбаларын шынайы жүйелендіру.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Христиан теологиясы
Христиан теологиясының сипаттамасы.
Теологияны зерттеудегі ғылыми,діни бағыттың негізгі ұғымдары.
Христиан теологиясының мәні.

Бүгінгі күнде,әсіресе Ресейлік зерттеушілердің пікірінше,әлемдегі
әлуметтік-саяси және мәдени жағдайларға христиан дінінің әсерін оқыту
өзектілікке айналып отыр.Христиан теологиясын оқыту жүйесіне теологияның
ерекшеліктерін түсіндіру,оның дінтану және дінтану ғылымдары саласындағы
орны мен маңызы қамтылады.
Христиан теологиясы курсының қажеттілігі.Бүгінгі күндегі діннің өзекті
мәселелерін,оның ғылыми дүниетанымға,экологияның этикалық
проблемаларына,медицина мен саясатқа әсерін,батыс өркениетіндегі
христиандықтың орнына қатысты дауларды христиан дініндегі ішкі
шиеленістердің орын алуына байланысты туындады.Сонымен бірге Ресей
Федерациясының орта мектептерінде оқытылатын Основы православной культуры
деп аталатын курсты факультативті оқыту да қажеттіліктен туындады.
Бұл курсты оқытуда Қазіргі күндегі діндегі эволюция,+Дін
феноменологиясы сияқты пәндермен, сонда-ақ +Діндер тарихы,+Ғылым және
дін пәндерімен тығыз байланысты. Бұл пәнді оқу үшін Дін философиясы және
тарихы салаларындағы біліммен ұштастыру қажет.
Курстың мақсаты:теологиялық мәселелерді әлемдік деңгейдегі мәдени және
әлуметтік-саяси жағдайлардағы христиан дінінің әсерін айқындау,салыстырмалы
түрде талдау жасау.Оның нәтижесінде мынадай міндеттер туындайды:
-христиан теологиясы курсының құрылымын зерттеу,оның дінтану жүйесіндегі
орны меен маңызын анықтайды;
-католиктік,протестанттық және православиелік теологияның негізін
салушылармен танысады.
Теологиясөзінің этимологиясы-грек тілінен ауд.+teos-Құдай,+logos-
сөз,әңгіме,доктрина,ілім мағыналарын береді.Теология-Құдай туралы ғылым
немесе Құдайға қатысты пайымдау.Теология-ол дін ілімі,діни ілімдердің
ақиқаттығын дәлелдейді.
Христиан теологиясының анықтамасы 2 әдіспен анықталады.Біріншісі кең
мағынада-Інжілдің 66 кітабына негізделген христиан ілімінің жиынтығы,ал тар
мағынасында теологияның өзін-Құдайлық христиан ілімін ғана қамтиды.
Христиан теологиясының бөлімдері:
Экзегетикалық теология
Тарихи теология
Жүйелік теология
Практикалық теология
Экзегетикалық теология-библия заңдарына негізделген жазбалардың дәлме-дәл
аударуға негізделген.Оған библия тілдері,библиялық археология,библияның
кіріспе курсы,Інжілдік герменевтика және Інжілдік теология кіреді.Інжілдік
теология,көне өсиеттің әртүрлі кезеңдері,яғни Мұса дәуірі мен монархтық
кезеңдерді ашып көрсетеді де,жаңа өсиет жазушы авторлар,сондықтан Иоан әке
мен Павел әкенің жазбаларын шынайы жүйелендіру.
Тарихи теология-түгелдей доктриналық ойдың тарихына негізделген аты
айтып тұрғандай христиан дінінің дамуы мен тарихының пайда болуын
қамтиды.Ол Інжіл тарихын,шіркеулердің тарихын,миссионерлік тарихын,доктрина
тарихын,сондай-ақ конфессиялар мен діни сенімдер тарихтарында қамтиды.
Жүйелік теология-экзегетикалық және тарихи теологиядан бөлініп
шыққан,бұл теология саласы Інжіл ілімі мен ондағы адамзаттың
түсінісуін,жүйелілігін басты назарға алады.Сонымен бірге христиандықтағы
апологетика,полемика,яғни пікірталасу мен этика да осы тарауға енеді.
Практикалық теология-Інжілдік сенімге қызмет ету,құтқару,дәріптеу,өнеге-
өсиет,білім алу кіреді.Бұған гомилетика,яғни шіркеулер мен шіркеу
ұйымдарына тағзым ету,христиандық білім алу,шіркеулік теология және
миссиялық жұмыстар жатады.
Христиандықтың жүйелік формасы практикалық сипатпен қатар адамзатты
мұқтаждыққа да үйретеді:
-ақылды болуды талап етеді;
-Інжілдің құрылымын талап етеді;
-өмірлік мәселелерді талап етеді;
-рухани өмірді талап етеді;
-христиандыққа қызмет етуді талап етеді.
Христиандық жүйелік теологиясының басты бөліктері:
Библиология-жазбалар туралы доктрина
Теологияның өзі-Құдай туралы доктрина
Патерология-Құдай әкелер туралы доктрина
Христология-Құдай ұлдар туралы доктрина
Пневматология-Киелі рух туралы доктрина
Ангелология-періштелер туралы доктрина
Антропология-адам туралы доктрина
Харматиология-күнәлар туралы доктрина
Сотериология-құтқару туралы доктрина
Экклессиология-шіркеулер туралы доктрина
Эсхаталогия-болашақ туралы және болашақта болатын жағдайлар туралы
доктрина
Христиан діні б.з. І ғасырдың ортасында Палестинада пайда
болған.Христиандықтың атауы да бастамасы да Палестинаның оңтүстігінде
орналасқан Галилейдегі шағын қала Назареттен шыққан діни ұстаз және уағызшы
Исаның есіміне байланысты.
Исаға өзі дүниеге келмей тұрып,ежелгі еврейлерше мессия,грекше
христос деген есім берілген.Бұл есімде Таңбаланған,яғни дүниедегі
күнәларды жуу үшін және әлемде патшалық құру үшін Құдай таңбаланғандеген
мағына береді.Иса-оның жеке есімі,Мәсіх және христос-оның ресми аты.
Күні бүгінге дейін ғалымдар Иса мәсіхтің тарихи тұлға болып
табылытындығы жөнінде айтылып келе жатыр.Бұл туралы 2 ғылыми бағыт
қалыптасқан:
Біріншісі тарихи –Иса нақты тұлға
Екіншісі мифологиялық- Иса бұл миф,ондай адам өмір сүрмеген.
Мифологиялық мектептің пайда болуына мазмұнды талдау жасаған,христиан
шіркеуінің ерте тарихын зерттеумен айналысқан белгілі орыс зерттеушісі
М.Я.Паснов(1874-1971)болған.Оның Христиан шіркеуінің тарихы деген еңбегі
алдымен 1937ж.Софияда қысқартылған нұсқада жарық көреді,тек
1964ж.Брюсселмде Өмір Құдаймен бірге деген баспадан толық нұсқада басылып
шықты.
Паснов мифолологиялық бағытты 2 ге бөліп қарастырды:
1.Иса мәсіхтің тарихи тұлға екенін толық жоққа шығару
2.Иса мәсіх Құдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық дінтану
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ДІНИ ЖАНЖАЛДАР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАР. ИРЛАНДИЯДАҒЫ ДІНИ ҚАҚТЫҒЫС
Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
Жемқорлықтың жіктемесі
Пресвитерандық шіркеуі
Христиан дінінің шығу тарихы
320-жылдар шамасында Мысыр, Сирия және Кіші Азия шіркеулерінде қызу діни пікірталастар
Христиан діні туралы
Философиясы мен теологиясы
Қазақстандағы христиан тарихы
Пәндер