Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері



1. Рефлекс кез келген әсерлерге жүйке жүйесі қатысуымен организмнің жауапты реакциясы ретінде.
2. Рефлекторлық теория дамуының негізгі кезеңдері: Декарт, Сеченов, Павлов, Анохин.
3. Рефлекторлық теорияның негізгі принциптері.
4. Рефлекторлық доға, оның бөлімдері.
5. Рефлекторлық актының сақиналық құрылымы туралы түсінік . кері афферентацияның болуы.
6. Рефлекс және П.К.Анохиннің функционалдық жүйесі.
7. Соңғы бейімделу нәтижесі . кез келген рефлекторлық әрекеттің негізі.
8. Қызметтік жүйенің орталық құрылысының кезеңдері:
. афференттік синтез;
. шешім қабылдау;
. әрекет нәтижелерінің акцепторы.
Организм мен қоршаған орта қатынасы кезіндегі физиологиялық тірліктерді меңгеретін әрекеттік реттеу жүйесі болады. Меңгеру ағзалар мен жүйелердің өзара әрекеттесуі арқылы пайдалы тіршіліктік икемделуді қамтамасыз етеді.
Физиологиялық әрекеттерді меңгеру үш түрлі жолмен атқарады: 1) іске қосу; 2) түзету; 3) үйлестіру. Іске цосу - ағзалардың тыныш жағдайын белсенді әрекетке көшіреді. Тузету - ағзалардың ісәре-кетін өздігінен атқарылу режимінде уйымдастыруға мүмкіндік береді. Үйлестіру - бірнеше ағзалар мен жүйелерді бірлестіру арқылы пайдалы икемделу нәтижесіне жеткізеді.
Органинизмнің тіршіліктік әсерленістері бірнеше сатылы және әртекті реттелу жүйелері арқылы меңгеріледі. Н. М. Амосов реттелуші жүйенің төрт түрін жіктейді.

1. Химиялъщ, бейарнамалы жуйе - зат алмасуы өнімдері арқылы
ағзалардың өзара әрекетІн қамтамасыз етеді.
2. Эндокриндік жуйе - әртүрлі ағзаларды ерекше сөлініс заттары -
гормондары арқылы белсендіреді.
3. Вегетативтік жуйке - бір орталықтан бірнеше нысандарды:
ағза, тін, тірліктік жүйені бір мезгілде қамтып қашықтықтан, пәрменді
меңгереді.
4. Орталъщ жуйке жуйесі - бір жағынан организмнің ішкі орта-сының түрақтылығын (гомеостаз) реттейді, екіншіден, біртүтас орга-низмді сыртқы ортамен теңестіреді.

Жүйелердің өздігінен реттелісі Қандай да болмасын әрекеттік меңгеруші жүйелердің қызметі реттеліс және өзін-өзі реттеуге негізделген.

Реттеліс деп организмнің белгілі бір қажеттігін және ішкі орта түрақтылығын қамтамасыз етуші әрекеттік жүйелердің қызметін айтады. Организмнің ішкі ортасын түрақты құрамды қан, лимфа, тін сүйықтықтары құрады. Физиологиялық әрекеттердің өзін-өзі реттеуі деп төменгі даму сатысындағы жануарлар әлемінде кездесетін реттелудің қарапайым түрін айтады.
Өздігінен реттеліс - тіршілік үшін маңызды үрдісті белгілі бір тұрақты жағдайда сақтау қабілеті. Гомеостазис, изотермия, изоосмия, изоволемия, изогидрия т.б. өзін-өзі реттеу арқылы сақталады. Таби-ғатга мүндай реттеу арқылы өзгертуші және қалпына келтіруші жағ-дайлар автоматты түрде белгілі деңгейде атқарылады.
Түрлі организмнің еркін тіршілігі ішкі ортаның тұрақтылығы екендігін алғашқы дәлелдеген француз ғалымы К. Бернар (1813-1878). Кейін Кеннон гомеостаз туралы ілімінің негізін қалады. Гомеостаз -организмнің ішкі ортасының және физиологиялық әрекетінің салыстырмалы түрақтылығы. Гомеостазды қолданушы негізгі тетіктер өздігінен реттеледі.
Ішкі ортаның тірліктік түрақты көрсеткіштері қатаң және икемді болып екіге бөлінеді. Қатаң түрақты көрсеткіштер: осмостык қысым, сутек көрсеткішінің шамасы (рН), глюкоза, газдардың мөлшері, т.б. Икемді түрақты көрсеткіштерге қанның құрамы, көлемі, қысымы, қоректік заттардың мөлшері т.б. Тірліктік көрсеткіштер белгілі бір мөлшердің деңгейінде тербеліп түрады, сондықтан гомеокинез деп аталады.
Организмнің бейімделіс және өтеміс әсерленістерін қамтамасыз ететін гомеокинез көрсеткіштері жас кезендеріне сәйкес капыптасады. Мұны гомеорезис дейді. Гомеорезис - өздігінен реттелетін жүйелерде жасқа байланысты туатын өзгерістерінің дамуы.
Меңгеру орталық жүйке жүйесі және қан арқылы камтамасыз етіледі. Бүлар нейрогуморалдық реттеу жүйесін құрады. Соңғы кезде бүған иммундық реттеу жүйесі қосылды Әрекеттердің жүйкелік және гуморалдық (һитог - сүйықтық) реттелісін, бірлестігін, физиологтар ашқан жүйке аралық байланыс - синапстар (түйіспелер) қызметі дәлелдейді. Жүйке жүйесінің қозуынан синапста химиялық дәнекерші зат - медиатор пайда болып, ол козуды бір нейроннан екінші нейронға өткізеді. Сөйтіп, жүйелердің түрлі кызметтерінің бейімделісі жалпы организм қызметінің жуйкелік-гуморалдъщ реттелуі арқылы іске асады, организмнің қорғаныш қасиетін иммундық жүйе қамтамасыз етеді..
Қолданылатын әдебиеттер:
1. «Адам физиологиясы» ред. Х.Қ.Сатпаева, А.: «Білім», 1995. - 100-106, 113-116 б.
2. «Основы физиологии» ред. Н.Стерки, М.: «Мир» 1984. - 485-508 б.
3. «Физиология человека» ред. Р.Шмидт, Р.Тевс, М.: «Мир» 1986, 4-ші том, 251-254 б.
4. «Физиология человека» ред. Н.А.Агаджанян, Н.З.Толь, А.: Қазақстан, 1992, 175-192 б.
5. Теория функциональных систем организма ред. К.В.Судаков. М.: 1996. – 3-16 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМА 1-8-2102
МУ Организация
методической работы в
соответствии с ГОСО 2006
года от 04.07.2007 г

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Тақырып: Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі
принциптері

Физиология-1 пәні
051301 Жалпы медицина мамандығы
2 курс
Уақыты 1 сағат

Қарағанды 2008 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ 22 Хаттама 21.06.2008 ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

• Дәрістің тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен
реттелуінің негізгі принциптері
• Дәрістің мақсаты: Р.Декарттан П.К.Анохинге дейінгі рефлекторлық
теорияның дамуын көрсету, классикалық рефлекторлық доғаның негізгі
құрылымдық бөлімдері мен П.К.Анохиннің қызметтік жүйелер теориясынан
рефлекторлық актінің сақиналы құрылымының дәлелі болып табылатын
қосымша кері байланысты көрсету.
• Дәрістің жоспары:
1. Рефлекс кез келген әсерлерге жүйке жүйесі қатысуымен организмнің
жауапты реакциясы ретінде.
2. Рефлекторлық теория дамуының негізгі кезеңдері: Декарт, Сеченов,
Павлов, Анохин.
3. Рефлекторлық теорияның негізгі принциптері.
4. Рефлекторлық доға, оның бөлімдері.
5. Рефлекторлық актының сақиналық құрылымы туралы түсінік - кері
афферентацияның болуы.
6. Рефлекс және П.К.Анохиннің функционалдық жүйесі.
7. Соңғы бейімделу нәтижесі – кез келген рефлекторлық әрекеттің негізі.
8. Қызметтік жүйенің орталық құрылысының кезеңдері:
- афференттік синтез;
- шешім қабылдау;
- әрекет нәтижелерінің акцепторы.

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУ

Организм мен қоршаған орта қатынасы кезіндегі физиологиялық тірліктерді
меңгеретін әрекеттік реттеу жүйесі болады. Меңгеру ағзалар мен
жүйелердің өзара әрекеттесуі арқылы пайдалы тіршіліктік икемделуді
қамтамасыз етеді.
Физиологиялық әрекеттерді меңгеру үш түрлі жолмен атқарады: 1) іске қосу;
2) түзету; 3) үйлестіру. Іске цосу - ағзалардың тыныш жағдайын белсенді
әрекетке көшіреді. Тузету - ағзалардың ісәре-кетін өздігінен атқарылу
режимінде уйымдастыруға мүмкіндік береді. Үйлестіру - бірнеше ағзалар мен
жүйелерді бірлестіру арқылы пайдалы икемделу нәтижесіне жеткізеді.
Органинизмнің тіршіліктік әсерленістері бірнеше сатылы және әртекті
реттелу жүйелері арқылы меңгеріледі. Н. М. Амосов реттелуші жүйенің төрт
түрін жіктейді.

1. Химиялъщ, бейарнамалы жуйе - зат алмасуы өнімдері арқылы
ағзалардың өзара әрекетІн қамтамасыз етеді.
2. Эндокриндік жуйе - әртүрлі ағзаларды ерекше сөлініс заттары -
гормондары арқылы белсендіреді.
3. Вегетативтік жуйке - бір орталықтан бірнеше нысандарды:
ағза, тін, тірліктік жүйені бір мезгілде қамтып қашықтықтан, пәрменді
меңгереді.
4. Орталъщ жуйке жуйесі - бір жағынан организмнің ішкі орта-сының
түрақтылығын (гомеостаз) реттейді, екіншіден, біртүтас орга-низмді сыртқы
ортамен теңестіреді.

Жүйелердің өздігінен реттелісі Қандай да болмасын әрекеттік меңгеруші
жүйелердің қызметі реттеліс және өзін-өзі реттеуге негізделген.

Реттеліс деп организмнің белгілі бір қажеттігін және ішкі орта
түрақтылығын қамтамасыз етуші әрекеттік жүйелердің қызметін айтады.
Организмнің ішкі ортасын түрақты құрамды қан, лимфа, тін сүйықтықтары
құрады. Физиологиялық әрекеттердің өзін-өзі реттеуі деп төменгі даму
сатысындағы жануарлар әлемінде кездесетін реттелудің қарапайым түрін
айтады.
Өздігінен реттеліс - тіршілік үшін маңызды үрдісті белгілі бір тұрақты
жағдайда сақтау қабілеті. Гомеостазис, изотермия, изоосмия, изоволемия,
изогидрия т.б. өзін-өзі реттеу арқылы сақталады. Таби-ғатга мүндай реттеу
арқылы өзгертуші және қалпына келтіруші жағ-дайлар автоматты түрде белгілі
деңгейде атқарылады.
Түрлі организмнің еркін тіршілігі ішкі ортаның тұрақтылығы екендігін
алғашқы дәлелдеген француз ғалымы К. Бернар (1813-1878). Кейін Кеннон
гомеостаз туралы ілімінің негізін қалады. Гомеостаз -организмнің ішкі
ортасының және физиологиялық әрекетінің салыстырмалы түрақтылығы.
Гомеостазды қолданушы негізгі тетіктер өздігінен реттеледі.
Ішкі ортаның тірліктік түрақты көрсеткіштері қатаң және икемді болып
екіге бөлінеді. Қатаң түрақты көрсеткіштер: осмостык қысым, сутек
көрсеткішінің шамасы (рН), глюкоза, газдардың мөлшері, т.б. Икемді түрақты
көрсеткіштерге қанның құрамы, көлемі, қысымы, қоректік заттардың мөлшері
т.б. Тірліктік көрсеткіштер белгілі бір мөлшердің деңгейінде тербеліп
түрады, сондықтан гомеокинез деп аталады.
Организмнің бейімделіс және өтеміс әсерленістерін қамтамасыз ететін
гомеокинез көрсеткіштері жас кезендеріне сәйкес капыптасады. Мұны
гомеорезис дейді. Гомеорезис - өздігінен реттелетін жүйелерде жасқа
байланысты туатын өзгерістерінің дамуы.
Меңгеру орталық жүйке жүйесі және қан арқылы камтамасыз етіледі. Бүлар
нейрогуморалдық реттеу жүйесін құрады. Соңғы кезде бүған иммундық реттеу
жүйесі қосылды Әрекеттердің жүйкелік және гуморалдық (һитог - сүйықтық)
реттелісін, бірлестігін, физиологтар ашқан жүйке аралық байланыс -
синапстар (түйіспелер) қызметі дәлелдейді. Жүйке жүйесінің қозуынан
синапста химиялық дәнекерші зат - медиатор пайда болып, ол козуды бір
нейроннан екінші нейронға өткізеді. Сөйтіп, жүйелердің түрлі кызметтерінің
бейімделісі жалпы организм қызметінің жуйкелік-гуморалдъщ реттелуі арқылы
іске асады, организмнің қорғаныш қасиетін иммундық жүйе қамтамасыз етеді..
Жүйкелік-гуморалдық қатынаспен катар жасушалар арасында креаторлъщ (грек.
сгеаіе - көшірме) өзара байланыс та бар (Г.И. Косицкий). Жаңа және ескі
жасушалардың құрылымында ұқсастық болуы үшін олардың арасындағы маңызды
ақпараттарды ірі молекулалар жеткізеді. Оларды қан да тасмалдауы мүмкін.
Макромолекулалар бір жасушадан екіншісіне олардьщ түйіскен жеріндегі
саңылаулар арқы-лы немесе пиноцитоз (рІпео - ішу) жолымен өтеді.
Жаңа медицинаның дәлелдеуі бойынша, организмнің әрбір жасушалары кванттық
(фотон) байланысы арқылы өзара әрекетттестік қаты-наста болады. Мүндай
өзара қарым-қатынас электромагниттік өрістер мен, шығыс медицинасы
қолданатын, дененің белсенді нүктелері және меридиандары арасында өтеді.
Бүгінде тіршілік ісәрекетін ретгеуші тек нейроиммуноэндокриндік кешен деп
ұғыну жеткіліксіз. Өйткені, бұл жүйелерді организм дамуының белгілі
кезеңінде карапайым және әмбебап реттеу жүйесі әржақты қалыптастырады.
Соңғы жүйе ретінде электрлік реттеу жүйесі қаралады. Оның негізін организм
тірлігінде кездесетін жасушаның мембраналық шамасының электромагниттік
өрісі жасайды.
Реггеліс және өзін-өзі реттеу аса қозғыш, тітіркендіргіштщ өте аз күшіне
әсерленетін жүйке жүйесінің қызметі арқылы орындалады. Тірі тіндердің
көбінде цозгыштьщ қасиет бар, олар тітіркендіргІш әсер еткенде туатын,
электр құбылысына негізделген қозу деп аталатын белгілі
бір жағдайда болады. Қозғыштық жоғары сатыдағы жануарларда болатын, ал
тітіркену - төменгі сатыдағы организмдерге тән қасиет.
Түрлі жуйке бөлшектері - қабыддағыш құрылымдар, нейрондар, олардың
талшықтары өте қозғыш тіндерге жатады. Нейрондар орталық жүйке жүйесінде,
арнайы қызмет атқаруға бейімделіп, тұрақты орында орналасады. Әрбір жүйке
орталықтары организмнің белгілі бір қызметін реттеуге бейімделген. Мәселен,
тынысты реттейтін жүйке орталықтары сопақша мидың, жұлынның, ми бағанының,
ми қыртысының белгілі бір жерінде орналасқан.

Жүйкелік реттелістің гуморалдық әсерге қарағанда артықшылығы болады:
1. Жүйкелік байланыс белгілі бір мүшеге, жасушалар тобына дәл
бағытталады. Гуморалдық реттеуде химиялық белсенді заттар қан не-
месе лимфа арқылы бірнеше мүшеге, тінге бірдей әсер етеді. Сондық-
тан ол заттарға организмнің жалпы әсерленісі байқалады.
2. Жүйкелік байланыс әрекеттерді жылдам реттейдІ. Жүйке серпі-
ністерінің өрістеу жылдамдығы қан қозғалысынан жүз еседей тез.
3. Жүйке жүйесі әрекетті тек қана тудырып қоймай, қажет болмаса
оны мүлде тоқтатып тастайды. Ал, химиялық заттың әсері ол зат әбден
ыдырағанша жалғасады.
Адам мен жануарлар организмінде қызмет біртұтас нейрогуморал-дық жолмен
реттеледі. Оның ішінде жүйкелік реттеу басты, қан арқылы реттеу қосымша
тетіктер болып саналады.

Меңгеру түрлері: гуморалдық және жүйелік тетіктер меңгерудің бІрнеше
түрін қолданады. Гуморалды меңгеру: аутокриндік, паракриндік және
телекриндік түрінде өтеді. Аутокршді меңгеру кезінде белсенді заттар,
құрылымның өзінде бөлініп, басқаларына тікелей әсер етеді. Паракриндік
меңгеруші заттар маңындағы тінаралық сүйықтыққа бөлінеді. Телекриндік
меңгеруде биологиялық активті заттар тікелей қанға шығады, сөйтіп басқа
ағзаларға және тіңдерге алыстан жайылады
Жүйелік меңгерудің негізін рефлекс (геііехіо-тойтару) қүрайды. Рефлекс -
ішкі және сыртқы ортаның өзгерісіне организмнің ОЖЖ арқылы беретін жауабы.
Меңгеру жергІлікті, орталық және шартты рефлекстер түрінде атқарылады.

Қызметтік жүйе.

Мецгерудіц әрекеттік жуйесі. Организмнің тірлігін және басқа әрекеттерін
меңгерудің негізгі жетісі әрекеттік жуйе теориясы арқылы түсіндіріледі. Бүл
теорияны үсынған П.К. Анохин. Әрекеттік жүйелер - пайдалы нәтижеге
жеткізетін әртүрлі жүйке орталықтары мен шеткі ағзалардың ісәрекет қажетті
үйымдастыратын бірыңғаи бірлігі. Әрбір мақсатты ісәрекет қалыпты жағдайда
тіршіліктік пайдалы, яғни қандайда болса белгілі бір мұқтаждықты өтеуге
арналған.
Әрекеттік жуйелер деп әр текті құрылымды ағзалар, тіндер және олардың
белгілі бір қызметін қамтамасыз ететін реттеуші тетіктер жинағын айтады.
Былайша айтқанда, әрекеттік жүйелер әртүрлі шектегі жауап беретін
құрылымдар мен организмнің қызметін қамтамасыз ететін және оның белгілі бір
жағдайға бейімделісін үйымдастыратын жуйкелік және гуморалдык, тетіктерінен
тұрады. Мәселен, бір әрекеттік жүйе қан қысымын, екіншісі — қандағы қант
мөлшерін, үшіншісі - түз бен су түрақтылығын қамтамасыз етсе, төртіншісі
-қозғалыс бейімділігін қадағалайды.

Әрекеттік жүйенің негізгі түйіні - пайдалы икемделік нәтижеге жету, ол
бүкіл меңгеруші жүйені бағыттайды. Ол бірнеше бөлімнен құрастырылады:
1) арнайы қабылдау құрылымы;
2) орталық жүйке жүйесіне ақпарат жеткізетін өткізгіш жолдар;
3) әрекеттерді ұйымдастыратын орталық нейрондар мен олардың түрлі
байланыстары;
4) пайдалы нәтиже беретін әртүрлі ағзалар ісәрекетінің жиынтығы;
5) кері байланысты қамтамасыз ететін сезімдік құрамыстар жиынтығы.

Әрекеттік жүйенің түбегейлі қүрылысы бірнеше сатыдан қүрылады.

1. Сезімдік синтез - цурамыс сатысы. Бүл сатыда орталық жүйке жүйесінде
сыртқы және ішкі ортадан келетін әртүрлі ақпараттар өңдеу-ден өтеді. Оның
құрамында: а) осы сәттегі мүқтаждықты көрсететін бастапқы үстемді месел -
мотивация; ә) ішкі және сыртқы жагдайльщ әсерлер; б) әрекеттік жүйені іске
қосатын қозгаеыш турткі', в) организмнің даралама және иемденген өмір
тәжірибесін бейнелейтін - зерде; Осыдан кейін орталық жүйке жүйесінде
барлық қозулардың өзара әрекеттесуінен шешім қабылдау сатысы басталады.-
афференттік синтез.

2.Шешім қабылдау сатысы - орталыққа жеткен барлык мәлімет-
терді талдау нәтижесінде, дәл осы сәтке сәйкес организмнің қазіргі
кездегі мұктаждығы, бұрынғы тәжірибесіне байланысты мақсат-
тілектін бағдарламасы кұрылады. Бағдарламаға сәйкес әкететін серп-
іністер шеткі ағзалар мен мүшелердің ісәрекетін өзгертеді. Бағдарла-
мамен бірге жүйке ортадықтарында жауапты әсерленістің болашақ
нәтижесінің үлгісі жасалады. П.К. Анохин оны әрекет нәтижесін са-
лыстьфушы - акцептор деп атайды.

3.Әрекет нәтижесін салыстырушы - шешім кабыдцау негізінде
болашақ әрекеттің болмысын сипаттайтын кескіндерін қалыптасты-
рады. Бүл - нақтылы әрекеттің өзінен бүрын кұралады.

4.Жуйелік ісәрекет сатысы. Бұл пайдалы нәтижеге жеткізетін
дене қимылы әрекеттерінің және оны вегетативтік жабдықтаудың
бірлестірілген атқарушы бөлімі.

5.Пайдалы нәтиже сатысы, Бұл - жүйенің келесі болашак әре-
кеттерінің бастамасы. Ол әсерлік кері байланыс арқылы нәтиже
көрсеткіштерін бастапқы мақсат-тілекпен салыстырады. Олар сәйкес
келген жағдайда, атқарушы әрекет тиылады, олай болмаса, сезімдік
синтезде жаңа шешім қабылданып, қайтадан іске қосылады. Сонымен
әрекетгік жүйенІң ерекшелігі, онын өздігінен реттелуі және пайдалы
нәтижеге жетудегі өзгергіштік қабілеті.
Организмде, әдетте, барлық қүбылыстар мен рефлекстік әрекеттер осы кері
байланыс арқылы атқарылады. Ол адамның ерікті ісәрекетінде, рефлекстік
әсерленістерінде организм тіршілік ететін жағдайлардың (жылу реттеу, су-тұз
алмасуы, кан қысымы және т. с. с.) тұрақтылығын сактауда өте манызды орын
алады.

Кері байланыс деп әрекеттің нәтижесі немесе қажеттілігі туралы
кабылдағыштан басталатын ақпаратты орталык жүйке жүйесіне жеткізетін
байланыс жолын айтады. Мұндай мәліметтер орталық жүике жүйесіне, тек қана
әсер етілген сезімтал кұрылымдарынан ғана келіп коймай, әрекеттің негізінде
тітіркендірілген баска ағзаларда орналаскан бірқатар қабылдагыштардан да
жетеді,

Физиологиялық кибернетика. Күрделі техникалық және қоғамдық жүйелерді
меңгеру зақдылықтарын кибернетика ғыльшы зерттейді. Оның негізгі бір саласы
физиологиялык кибернетика организдегі меңгеру істерін камтамасыз етеді.
Физиологияльщ кибернетика ~ меңгерім, тіршіліктің қалыпты әре-кетгерінщ
өздігінен реттелу зандылықтарын зерттейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу. Мектептерде еңбекке оқытудың гигиеналық негіздері
Спортшыларды дайындау
Этикадан дәрістер
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫ ДАМУЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі
ҚАЖ - қан ағынының жылдамдығы
Пәндер