«Таблиғ» жамағаты – қандай жамағат?



I. ТАБЛИҒ ЖАМАҒАТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
II. ДІНГЕ ШАҚЫРУДАҒЫ ҰСТАНЫМДАРЫ
III. ТАЛАП ЕТІЛГЕН АЛТЫ СИПАТ
IV. ДАҒУАТШЫҒА ҚОЙЛАТЫН НЕГІЗГІ ШАРТТАР
Арасында өзі алқам-салқам, кір-қожалақ киініп, бірақ тазалық пен пәктікті насихаттауы Исламға кір келтіретіні де жасырын емес.

I. ТАБЛИҒ ЖАМАҒАТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Үндістанның Кандаһла штатының Саһарнуфур деген жерінде дүниеге келген Мұхаммед Ілияс әл-Кандаһлауи (1885-1944) таблиғ жамағатының негізін қалады. Бұл кісінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет өте аз. Бізге белгілісі, ол сол өңірге танымал ғалым Абдулқадыр әр-Роийдан тәлім алған. Кейін Делидегі Диубинт медресесінде оқыды. Диубинт – Ханафи мәзһабының ең үлкен медресесі, 1283 һижри/1867 милади жылы құрылған.

Атақты ислам жазушысы Әбу Хасан Әли әл-Хусни ән-Надауи 1939 жылы әл-Кандаһлауимен кездесіп, жақын достарының біріне айналады. Әбу Хасанның айтуына қарағанда, 1926 жылы Мұхаммед Ілияс әл-Кандаһлауи таблиғшылардың негізін салып, өмірден өткенше сол жамағатқа басшылық жасаған. Үндістаннан бастау алған жамағат аз уақыт ішінде Пәкістан мен Бангладешке тарап үлгерді. Бүгінде Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Мысыр, Судан, Ирақ, Хижаз елдеріне тарап, Еуропаға дейін қанат жайды.
«Ислам және өркениет» газеті, №26 (206), 11-20 қыркүйек 2010 жыл

http://qazaq.kz/?p=1331

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Таблиғ жамағаты – қандай жамағат?

Арасында өзі алқам-салқам, кір-қожалақ киініп, бірақ тазалық пен пәктікті
насихаттауы Исламға кір келтіретіні де жасырын емес.

I. ТАБЛИҒ ЖАМАҒАТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Үндістанның Кандаһла штатының Саһарнуфур деген жерінде дүниеге келген
Мұхаммед Ілияс әл-Кандаһлауи (1885-1944) таблиғ жамағатының негізін қалады.
Бұл кісінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет өте аз. Бізге белгілісі, ол
сол өңірге танымал ғалым Абдулқадыр әр-Роийдан тәлім алған. Кейін Делидегі
Диубинт медресесінде оқыды. Диубинт – Ханафи мәзһабының ең үлкен медресесі,
1283 һижри1867 милади жылы құрылған.

Атақты ислам жазушысы Әбу Хасан Әли әл-Хусни ән-Надауи 1939 жылы әл-
Кандаһлауимен кездесіп, жақын достарының біріне айналады. Әбу Хасанның
айтуына қарағанда, 1926 жылы Мұхаммед Ілияс әл-Кандаһлауи таблиғшылардың
негізін салып, өмірден өткенше сол жамағатқа басшылық жасаған. Үндістаннан
бастау алған жамағат аз уақыт ішінде Пәкістан мен Бангладешке тарап
үлгерді. Бүгінде Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Мысыр, Судан, Ирақ,
Хижаз елдеріне тарап, Еуропаға дейін қанат жайды.

II. ДІНГЕ ШАҚЫРУДАҒЫ ҰСТАНЫМДАРЫ

Олар жұпыны төсек орны мен азын-аулақ жол қаражатын қанағат тұтып, белгілі
бір елде жұртты дінге шақыруды өз міндеттері деп санайды.

Бір топ адам болып бір елге барып дағуат жасайды. Топтағылардың әрқайсысы
өзіне қажетті қарапайым төсеніш пен өзіне ғана жететін азық алып жолға
шығады. Сопылар секілді азға қанағат етеді.

Қарапайымдылық – олардың ерекшеліктерінің бірі. Дінге шақыру мақсатында
келген елді-мекендерінде бірі тұрақтайтын мекен-жайларын дайындаса, енді
бірі үй, базар аралап, Алланы зікір ете отырып адамдарға уағыз айтады.

Дінге шақырушы айналасына адамдарды жинағаннан кейін, оларды Алла жолына
шығуға (үгіт жасауға) шақырады. Таң намазынан кейін келген адамдар топтарға
бөлініп, әр топ арасынан бір жетекші тағайындалады. Ол өз тобына Фатиха
сүресі мен қысқа сүрелерді үйретеді.

Межелі елді-мекенге жетісімен оны аралап, дағуат жасап, дінге шақырады. Бұл
дағуатты олардың өздері баян немесе хұтпа деп атайды.

Баянның уақыты болғанда барлығы дағуатшыны тыңдауға жиналады. Содан кейін
жиналғандарды әлденеше топқа бөліп, оның әрбірінің жетекшісі өз тобына
дәрет алуды, Фатиха сүресін немесе намазды, Құран оқуды үйретеді. Осылай
бірнеше күн қайталайды.

Мұнан кейін бұл елді-мекендегі белгіленген мерзім бітер-бітпестен сол
адамдарды өздерімен бірге дағуатқа шығуға міндеттейді. Яғни, бұл жерде
әрбір адам шамасына қарай олармен бірге 1 немесе 3 күн, жылына қырық күн
дағуатқа шығуы қажет. Дағуат жолына шығуды харуж дейді, онда топ болып,
ел жағалап, үй-үй аралап үгіт айтады. Бұл істеріне негізгі сүйенер
дәлелдері – Құранның: адамдардың арасынан шыққан ең қайырлы үммет
болдыңдар (әл- Имран сүресі, 110),- деген аяты.

Дағуатқа шыққан мерзімде той мен мерекелерге барудан бас тартады. Өйткені,
мұны дағуат етіп, Аллаға зікір айтуымызға бөгет болады деп санайды. Және
Аллаға деген ықыласты бұзады, негізі ықылас таза болуы керек дейді.

Жаманшылық жасап жүргендерді кінәлап, сөзге келіп жатпайды. Өйткені,
қазіргі кезең мұсылмандарға ыңғайлы орта табу кезеңі деп ойлайды. Егер
олармен қарсыласса, өздеріне дұшпан тауып, алдағы дағуаты мен таблиғ
жасауларына кедергі келтіріп, адамдарды дағуатымыздан қашырады деп
есептейді.

Негізгі ұстанымдарында егер адамдарды жеке-жеке дінге шақырып, туралықты
үйретер болсақ, қоғамдағы келеңсіздік өзінен-өзі кетеді деп сенеді.

Сапарға шығып, дағуат жасау дағуатшының өзін тәрбиелейді. Дағуатшы
адамдарға үлгі болғандықтан, ол өзі айтқандарын толығымен орындауы қажет.

- Қаржылық жағын дағуатшылар (дінді уағыздаушылар) өздері қамтамасыз етеді.
Кейде жеке бай кісілердің Алла жолында берген садақа-зекетін де қолданады.

Мәзһабты ұстану уәжіп дейді. Ижтиһат жасауға тыйым салады. Себебі
мүжтаһиттің ижтиһат жасауға қойылған шарттары қазіргі заманда жоқ дегенді
алға тартады.

III. ТАЛАП ЕТІЛГЕН АЛТЫ СИПАТ

Олар дағуатқа шығатын адамдардың бойында алты сипат болуы керек деп
есептейді. Бұл сипаттарды таң намазынан кейін бір-біріне айтып, бойларына
мейлінше сіңдіруге әрекет жасайды. Олар:
- Сенім шындығы – ризық пен қажеттіліктердің өтелуінің себептерін жасай
отырып, Аллаға тәуекел етіп, пайғамбардың (с.ғ.с) сүннетіне амал ету;

- Алланың жақсылығынан үміт етіп, қаһарынан қорқып, мешіттерде жамағатпен
намаз оқуды күнделікті дағдыға айналдыру;

- Шариғат білімін үйрену (фиқһ мәселелері және т.б.);

- Мұсылмандарға құрмет – олардан еш нәрсе дәметпей жомарттық пен жан-
дүниеңдегі тазалықты сақтай отырып, сый-құрмет көрсету. Мүмін бауырының
кемшіліктерін жіпке тізбей, ол жөнінде тек жақсы сөздер айту;

- Шынайы ықылас. Нәпсілерін тізгіндеп, күнде өзіне есеп беруді дағдыға
айналдыру.

IV. ДАҒУАТШЫҒА ҚОЙЛАТЫН НЕГІЗГІ ШАРТТАР
Дағуатқа (Алла жолына) шығатын адамға мынадай төрт шарт қойылады:
1. Өз қалауы, еркі.
2. Адал еңбекпен тапқан қаржы.
3. Адал уақыт (яғни дағуатқа шыққанда оның қатысуын қажет ететін істер
немесе оған сеніп тапсырылған міндеттердің болмауы керек).
4. Аллаға деген шексіз мұқтаждық (Әлемдердің Раббысы еш нәрсеге мұқтаж
емес, керісінше, сауапты істерге ақыретте біз мұқтажбыз деген мағынаға
саяды).

КЕМШІЛІКТЕРІ:

Ислам дінінде отбасының қамын ойлау, перзенттеріне қамқорлық жасау, оларға
дұрыс тәрбие беріп отыру, өмірлік жарының ақысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәстүрлі емес ислами ағымдар
Таблиғи жамағаты (жамағат уағызы)
«Ахмадия» немесе «Қадияния» діни ағымы (Пәтуалар)
Таблиғи жамағат ағымы
«Таблиғи жамағат» ұйымы немесе дағуатшылар
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
ЖУСАН ОПЕРАЦИЯСЫ - ОРАЛҒАН ОТАНДАСТАР БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ОРНАТУ ПРОЦЕСІ
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымының қалыптасуы
Пәндер