Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толады
1 Қазақтың данагөй абызы әз Төле бидің туғанына . 350 жыл
2 ҚАРЛЫҒАШ БИ ЖЫРЫ
3 АҚ ҚАЛПАҚ АҢЫЗЫ
4 ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
5 Үйсін Төле би мен Әнет баба
6 БАЙДАЛЫ МЕН ТӨЛЕ
7 ҚАЗАҚ БИЛЕРІНІҢ АБЫЗЫ . ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ

Тараздан келген Күнсұлу Керімбекова деген тарихшы-этнограф Республикалық кітап мұражайына екі дастан тапсырған еді. Ыждаһатпен оқып қарасақ, ондағы жайт – көп ойға жетелейді екен.
Кейбір кезде Ташкенттегі Төле би кесенесін «Қарлығаш би» деп өзгертіп, оны басқа бөтен біреуге теліп жүргені жанымызға аяздай бататыны ақиқат қой. Әз Төле би қазақ тарихында өзіндік үлкен, қомақты орны бар, бүкіл ұлтымыздың данагөй абыз ақсақалдарының бірі әрі бірегейі. Бұл жайлы «Түркістан» атты энциклопедияда былай жазылған:
«Төле Әлібекұлы (1663, қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауы – 1756, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Ақбұрхан-Орда) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының Жаныс руынан. Төле жастайынан қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. 15-20 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылды. Төле би Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауыр¬лас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Сондай-ақ ол Қазыбек би және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа жағдайдағы тіршілікке сәйкес бай мазмұн мен түр беріп, қайта түзді. «Жеті жарғы» атанған жаңа түзілген құжатта ертеден келе жатқан дала демократиясы ескеріліп, жаңаша көзқараста жер мен жесір дауы, құн мәселесі, тағы басқалары әділ шешімін тапты.

Тараздан келген Күнсұлу Керімбекова деген тарихшы-этнограф Республикалық
кітап мұражайына екі дастан тапсырған еді. Ыждаһатпен оқып қарасақ, ондағы
жайт – көп ойға жетелейді екен.
Кейбір кезде Ташкенттегі Төле би кесенесін Қарлығаш би деп өзгертіп, оны
басқа бөтен біреуге теліп жүргені жанымызға аяздай бататыны ақиқат қой. Әз
Төле би қазақ тарихында өзіндік үлкен, қомақты орны бар, бүкіл ұлтымыздың
данагөй абыз ақсақалдарының бірі әрі бірегейі. Бұл жайлы Түркістан атты
энциклопедияда былай жазылған:
Төле Әлібекұлы (1663, қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауы
– 1756, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Ақбұрхан-Орда) –
қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,
мемлекет қайраткері. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының Жаныс руынан. Төле
жастайынан қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. 15-20
жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылды. Төле би
Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға үш жүз ұлыстарын
бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар
шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек
халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға
қатынасты. Сондай-ақ ол Қазыбек би және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қырдың
қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа жағдайдағы тіршілікке сәйкес бай
мазмұн мен түр беріп, қайта түзді. Жеті жарғы атанған жаңа түзілген
құжатта ертеден келе жатқан дала демократиясы ескеріліп, жаңаша көзқараста
жер мен жесір дауы, құн мәселесі, тағы басқалары әділ шешімін тапты.
1726 жылы Ордабасы жиынында Төле би көшбасшылық етіп, тірлік пен бірлікке
ұйытқы болып, халықты жоңғар басқыншыларына соққы беруді үндеді. Шашырап
кеткен қазақтардың басын қосып, үлкен билік құрып, Ресей мен Қытай секілді
екі алпауыт мемлекет арасында көрегенді саясатты жүзеге асырған болашақ
Абылай ханды (Әбілмансұр) өкіл бала етіп тәрбиелеп, үлкен азамат қатарына
қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл
жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуға да Төле
би белсенділік танытты. 1743 жылы орыс патша әйелі Анна Иоановнаға,
кейіннен, 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, Ресей
бодандығын қабылдауға ризалық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздықтан
жасалған қадам болатын. Ол жоңғарлар шапқыншылығынан титықтаған халықтың
жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. Ел аузында Төле би туралы
көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан
нақыл, мәтел сөздер, билік кесімдер халық арасында кеңінен тараған. Төле би
Шымкент, Түркістан және Ташкент қаласында көпшілік пайдаланатын ғимараттар
салу ісіне белсене араласқан. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына
жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле
би қабіріне кесене салынған. Төле бидің туған жерінде оған ескерткіш
қойылған. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында Төле би есімі
берілген аудандар бар. (Түркістан энциклопедиясы, 2000 жыл, 581-582
беттер)
Ал енді осы Төле би бейітіне орнатылған кесене мазар жайлы деректерге
жүгінейікші. Өзбек ССР Ғылым Академиясының хабаршысы атты ғылыми
журналдың 1954 жылғы №2 санында М.Е.Массон деген ғалым Ташкенттің өткені
атты археологиялық-топографиялық және тарихи-архитектуралық очерк
жарияланған. Сол очерктің (118-199 беттер) ішінде Төле би туралы зерттеу
және суреті берілген. Онда былай деген:
Революцияға дейін Шайқантәуірдің құлпытасы көптеген кебіндердің (кабрпуш)
астына жасырылған.
Бұл жерде ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ұлы жүзді басқарушы Дулат
руынан шыққан қазақтың биі Төле би Қарлығаш деген жанама аты бар кісі
жерленген.
Бұл кесене өзінше бір архитектуралық композициясымен ерекшеленеді. Оның
текше құрылысының 12 қырлы биік барабанының үстіне пирамида тәріздес күмбез
кигізілген. Оңтүстікте орналасқан кіреберісі терең шошақ аркамен жасалған.
Бұрыштық тіреулеріне баспалдақтармен құжыралар орналастырылған. Ішкі
күмбезі шыны тәріздес, қуысы мен қалқанша дөңестері күрделі сталактиттік
жапсырмалармен жасалған. Бұл ғимараттың салынуын ХV ғасырға жатқызуға
болады, ал шатыр тәрізді жабу формасын Солтүстік Түркістан сәулет өнері
дәстүрімен байланыстырған. Екі кесене де (Шайқантәуір мен Қарлығаш бидің)
Аурад – мешіт (еске алу) мешіті деген атпен біріккен. Оның айваны 1873 жылы
жасалған. Соңғы жанама құрылыстары, күмбезі мен төбесінің темір жабулары
1911-1912 жылдары жасалған, кесенелер Наманған уезінің Балықшы ауылынан
шыққан Қарлығаш бидің ұрпағымын деп санайтын Хажимат ишанның қаражатына
салынған. Есіктің алдында, шығыс жақта өте биік емес дөңгелек мұнара –
мезан салынған. Басты дәлізден солтүстікке қарай 500 жыл өмір сүрген шынар
ағашының түбінен өскен жас бұталарға қарай жол бар. Осы кесененің маңында
батысқа қарай Шайқантәуір арығының жағасында Көктелік ата мазары болған.
Енді осы мақала авторы кім екенін іздедім. Ол жайлы энциклопедияда былай
жазылыпты:
Массон Михаил Евгеньевич 1897 жылы Петерборда дүниеге келген. Археолог
және тарихшы, шығыстанушы, Түркімен ССР ҒА академиясының академигі (1951
жыл). Профессор, Ташкенттегі Орта Азиялық мемлекеттік университеттің
археология кафедрасының меңгерушісі. (1940 жылдан бастап). Орта Азия
республикаларындағы археологиялық экспедицияларға қатысушы. 1936-38 жылдары
орта ғасырлық Термез бен Кушанда қазба жұмыстарын жүргізген. 1946 жылдан
бастап, Оңтүстік Түркіменстан археологиялық-кешендік экспедициясының
Түркіменстан ССР-інің Ниса мен Мерва қалаларындағы жүргізген парфянстік
қазба жұмыстарының жетекшісі болды. Массонның зерттеулері Орта Азияда құл
иеленушіліктің болғандығын, қала дамуының (Самарқан, Бұхара, Ташкент және
басқа) заңдылықтарын, тау-кен істері, архитектура, эпиграфика, география
тарихының болғандығын дәлелдейді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Әдебиеттері: Овезов Д.М., Түркімен ССР ҒА академиясының академигі
М.Е.Массон (Биобиблиография), Ашхабад, 1970.
Міне, ертеректе бұдан 59 жыл бұрын жарияланған ғылыми деректерде академик
М.Е.Массон Қарлығаш би кесенесі Төле бидікі екендігін дәлелдеп жазған.
Белгілі мемлекет қайраткері З.Тұрысбеков Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі
болып істеген кезде Төле би кесенесін жөндетуге көп еңбек сіңіргенін атап
өтуіміз керек.
Ал Қытай қазақтарынан жазылып алынған мына екі дастанда да Қарлығаш би мен
әз Төле би бір адам екені ақиқатталады. Дәуір мен тарих ешқашан өткенін
ұмытпайды, ұлылар – мәңгілік, халық – дана.
Биыл қазақтың данагөй абызы әз Төле бидің туғанына – 350 жыл болады. Осыған
орай, әрбір облыс, қала, аудандарда ел бірлігін ойлаған, Алты Алаштың қамын
жеген Төле би Әлібекұлының қазақ тарихындағы өзгеше орнын, толық тұлғасын
танытатын ғылыми конференциялар, салиқалы кештер, түрлі шаралар
ұйымдастырылып, тағылымды шығармаларын жинап, кітап етіп шығару, деректі
фильм түсіру, бүгінгі ұрпаққа баба тағылымы мен тәрбиелік мәні зор өмірі
мен еңбегін насихаттау – кезек күттірмейтін мәселе.
Халық ішінен табылған осынау бұл інжу-маржан олжаны оқырмандарымызға ұсынып
отырмыз.
ҚАРЛЫҒАШ БИ ЖЫРЫ
(дастан)
Бұл дастанды Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ профессоры, тарих ғылымдарының
докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, Аспирантура
институтының директоры Сейтхали Мадуановтың тапсыруымен Ахметолла Қалиұлы
2002 жылы желтоқсан айында Үрімшіге барып, арнайы көшіріп әкелген.
Жер қайда атамекен ел сыйлаған,
Ел қайда бұрынғыдай ер сыйлаған.
Тозғын күндер тозаңы бастан өтті,
Құбылып заман шіркін бір тұрмаған.
Сұлудай мына заман сылаңдайды,
Өткен іс аңыз болып қылаңдайды.
Ер өксіп, даналар да өкінеді,
Бар нәрсе бір орында тұра алмайды.
Ой басып мен отырмын қалам алсам,
Солардың бір аңызын өлең қылсам.
Ұрпақтың бір қарызын өтер ме едім,
Ғибрат бір хикая тәмам қылсам.
Мен де бір асып-тасқан білгір емен,
Ән салып, өнер қуып, өлең терген.
Бабамның аруағы өзі медет берген,
Атасам киелі атам Төле деген.
Қазақтың жоңғар жауы болған кезде,
Төле би дана бопты Ұлы жүзде.
Қарлығаш би деп аталып бізге жетті,
Жай аңыз секілденер айтар сөзге.
Қазақ жерін тоздырып қаралы қол,
Басынып баса-көктеп қылады жол.
Солардың мыңдық тобын бөгеп қалған,
Киелі хикая еді айтатын бұл.
Мың ба екен, түмен бе екен –
Анық емес,
Бұл аңыз ердің ісін еткен елес.
Төле би елге ұйытқы дана болған,
Әр іске ақыл айтып берген кеңес.
Жоңғардың атты қолы елге шауып,
Жеңілген қазақ көшкен жан-жаққа ауып.
Қарлығаш шаңыраққа ұя сапты,
Төле би ордасынан мекен тауып.
Тоздырған ат тұяғы дала түтек,
Ел үркіп, бас сауғалап шалғай кетпек.
Үй жығылса, ұя да бұзылады,
Бейшара балапандар мүрдем кетпек.
Шырылдап қос қарлығаш айналады,
Төле би соған қарап ойланады.
Бұтаға қорғалаған торғай қалар
Дегенді ойлап толқиды, толғанады.
Ақыры кеңес айтты ауылына,
Жанашыр жақын туыс, бауырына.
Үй қалсын, қарлығаш та аман болсын,
Деді, сауабы тиер қауымыңа.
Ел кетті Төле ордасы жұртта қалды,
Қарауға үш-төрт адам міндет алды.
Ұя бұзып, әлсізді өксітуге,
Ақ әділ, үлкен жүрек шыдамады.
Жоңғардың жасақтары жеткен сонда,
Қазаққа асау басып осы жолда.
Ұлын құл, қызын қатын қыламыз деп,
Айдаймыз төрт түлікті малын олжа.
Екпіндеп бұрын келді Сардар қалмақ,
Қалмақ десе қазаққа түскен салмақ.
Иен Орда төрт-бесті адам ғана,
Мал, дүние бәрі жоқ, несін алмақ?
Қарады Сардар қалмақ шаңыраққа,
Шалқалап тыныш жатқан атырапқа.
Шырылдап ұшып келді қос қарлығаш,
Жем әкеп балапанға ұя жаққа.
Сұрады Сардар сонда қазақтардан:
– Мынау орда не себепті иен қалған?
Ел қайда, малы қайда, ері қайда?
Жау келсе ту көтеріп шығар алдан?
Суырылып сонда жігіт сөз сөйледі:
– Жөн білсең бұл Ордаға тиме, – деді,
Ұя бұзғанның Ордасы ойран болар,
Зорлық жасап, зобалаңға күйме, – деді.
Төле би деген көсем данамыз бар,
Бізде де ер, туыстар, баламыз бар.
Қарлығашты үркіткен ғаріп болар,
Майдандассақ, кең жатқан даламыз бар.
Үрікпесін, аман болсын балапандап,
Әр үйде балапандай балақан бар.
Бәріне де тіршілік ғұмыр керек,
Баланы бақытына балаған бар.
Төле би бабамыздың тәлімі деп,
Сардарға атта тұрған таяулап кеп.
Көрсетті шаңырақты қолымен нұсқап,
Әр сөзін нықтап айтты, түбін тектеп.
Ат үстінде қарт Сардар толқып кетті,
Мына сөз сүйегіне барып жетті.
Қанша жауыз болса да, ол да пенде,
Ақ-қара, жақсы-жаман екі бетте.
Айнала қолын бұлғап жасағына,
Бір белгі ишарасын жасады да.
Мынандай данасы бар елге шаппа
Деп айтты Бұрқан жөнге қосады да.
Соны айтып әлгі Сардар кетті қайтып,
Қарлығаш би аңызын еліне айтып.
Жорықпен дала кезіп, көп жортқан жан,
Тамсантты тау мен дала, жеріне айтып.
Бір сөзі мыңға татыр даналардың,
Дос түгіл, жау бас иген бабалардың.
Бір сөзі тумен қолды қайтарыпты,
Осыны әділдікпен бағалар кім?
Қарлығаш би Төле деп аты қалған,
Кемеңгер бабамызда бар ма арман?
Есер дүние, ессіз жас не біледі?
Барады көлегейлеп мына жалған.
Дана баба, батырлар өтті талай,
Бұлаңдайды бұл заман қалай-қалай.
Бұйдасын соза тартқан бір сары атан,
Барамыз табан ауып алға қарай.
Орны бабамыздың жаннат болсын,
Төрт құбыла түгелімен нұрға толсын.
Қарлығаш би атымен аталатын,
Бізден де бірауыз сөз үлгі қалсын.
Бұл сөзді естігенмін бала кезде,
Алабұртқан ойға шорқақ шала кезде.
Көшкіншіұлы Көтбай ақын айтқан еді,
Өлеңмен бірдей жүйрік қара сөзге.
Кейіннен жазып қойдым қалам хаттап,
Алды-артына сөз қостым және нақтап.
Зағыпар Туғанбайдың баласымын,
Кеше гөр кеткен болсам әдепті аттап.
Ақ атқа салауат етер бабам,
Бір міндет атқармақшы болды балаң.
Өзімше қарызымды өтедім деп,
Осымен бұл өлеңді еттім тәмам.
АҚ ҚАЛПАҚ АҢЫЗЫ
(дастан)
Алладан қуат тілеп талабыма,
Үміт артып жан жолдас қаламыма.
Өткенгі бір аңызды өлең қылдым,
Ақтабан шұбырынды заманында.
Ел басына күн туған заман өткен,
Бұл күн де ұмыт болып естен кеткен.
Етігімен су кешіп, ерлер жортып,
Алты малта ас қылып, ат терлеткен.
Ол заман қазақ, қырғыз, өзбек бәрі,
Данасы бір, қолбасы да, сардарлары.
Бар қазақ Төле биді көсем тұтты,
Деп айтады сол заман аңыздары.
Айтқан Көтбай ақын осы сөзді,
Өткізіп бос жібермей келген кезді.
Ақыннан шала ұққан өлеңімді,
Үлгі етіп жазып қойдым ескі көзді.
Тыңдаушы, сөкпеңіздер болса шала,
Өлеңге жаттықпаған мен бір бала.
Аталы сөз болған соң өлең қылдым.
Үңіліп сөз түбіне бойлап қара.
Қырғызға жоңғар шауып опыр-топыр,
Ел басына түседі заман ақыр.
Үріккен елге қуған жау маза бермей,
Кез екен әуе айнадай, жер де тақыр.
Қашады қырғыз сорлы соры қайнап,
Қуады ертең не береді мына жалған?
Ағын суда бір тоқтау болушы еді,
Тыныш ұйқы, амандық болды арман.
Осының жөнін біліп келейін деп,
Дана ғой ақылына енейін деп.
Ақ самай ару ана аттанады,
Алдына Төле бидің кірейін деп.
Ана кеп қырғыз жайын баяндайды,
Елден ес кеткеніне аялдайды.
Бірде бебеу боздатып жортып кетсе,
Бірде байсал мамырлап аяңдайды.
Ару ана жан екен тілді, жақты,
Саралап сөйлеп отыр жақын-жатты.
Елді қуған жоңғарларға тоқтау бар ма? –
Деп түйіп, ойға батып байыз тапты.
Төле би тұрлаулы адам ойға батты,
Сұрақты салмақтады парасатты.
Ананың баласының басындағы,
Қырғыздың қалпағына қарап қапты.
Сонан соң сөйлеп кетті ойын толғап,
– Адамға ақыл ғана тірек болмақ.
Шамасы ақ отаудай қалпақ жаса,
Сонан соң жұртқа таста, көрсін қалмақ.
Қуған жауға бір тоқтау болар сонда,
Ойланар, қарап көрер оң мен солға.
Сес болып, бір қайраңдап қалар бәлкім,
Елміз ғой киесі бар үлкен тұлға.
Ару ана қайтып кетті ақыл алып,
Деп келді ауыр келдім, жеңіл барып.
Сонымен елге жар сап адам жинап,
Жұмысын бастап кетті шебер алып.
Жиналды алпыс қатын, жетпіс еркек,
Алтын шаш, күміс тұлым неткен желкек.
Жүн сабап, киіз басып, ине-жіппен,
Әбзелін әзірледі ою-өрнек.
Күнде көш, үріккен елде тұрақ бар ма?
Қуған жау ырық бермес тұрақтарға.
Қалпақ жасап әбігер болды халық,
Түнделетіп кешкісін қонақтар да.
Апта өтті, дөңгеленіп ай да толды,
Үріккен ел басып өтті талай жолды.
Алты қанат отаудай ақ қалпақты,
Әйтеуір жанталауда жасап болды.
Тағы да үрке көшу келді басқа,
Ерлер жүр тосқауылда жанталаста.
Қатын-қалаш, қыз-келіншек көш жүргізсе,
Байбалам сап кемпір-шал бостан-босқа.
Ел жосып бара жатыр таудан асып,
Ауыл мен ауыл малы араласып.
Тасбауыр тағдыр сырт беріп безереді,
Құрдымға түскен бір шақ жаза басып.
Жаңағы аппақ қалпақ жұртта қалды,
Амандау мұң болғанда мал мен жанды.
Төле айтқан ақыл екен ару анаға,
Амандық ақ қалпақтан тілеп алды.
Құлазып үріккен елдің жұрты жатыр,
Мысалы секілденіп заман ақыр.
Ақ қалпақ бір төскейде дөңкиеді,
Белгісін меңзегендей бір дәу батыр.
Демінен тау теңселіп, тастар ұшып,
Жоңғардың қалың қолы келді жосып.
Қалпақты ортаға алып тұра қалды,
Алдыңғысы артқысын ыммен тосып.
Тамаша оюлаған зермен шалып,
Сырыған төңірегін қалпақ алып.
Шашағы ту құйрықтай екі құлаш,
Тер төккен үлкен-кіші тамам халық.
Кем емес ақ отаудан алты қанат,
Түймесі асыл тасты, қара манат.
Ой жетпес қаюы мен кестесіне,
Құбылып көз тартады балбұл жанат.
Дулығасы бір құлаш төгіледі,
Жебе жетпес шалғайдан көрінеді,
Қаттаманың жиегі жалт-жұлт етіп,
Не қилы зер кестеге көміледі.
Сарбаздар бас шайқады таңдай қағып,
Сардарға жалтақтады ыңғыл бағып.
Сардар сонда сөйледі төмен қарап,
Аңтарыла тұрамыз мұнда нағып?
Мұнда бір алып батыр болса керек,
Жаралған аса туып жаннан бөлек.
Әдейілеп тастап кеткен білгізуге,
Мына қалпақ соныкі, берген дерек.
Қырғыздар көшпеген ғой босқа босып,
Алдында алып батыр жатқан тосып.
Қалпақты белгіге қалдырған ғой,
Бәрі осында табысып ақыл қосып.
Осындай алып ермен алысуға,
Шоқпар сермеп найзамен салысуға.
Біздерде теңдік алар адам бар ма?
Бұқадай мүйіздесіп қағысуға?
Қайраңдап қалың қалмақ үндемеді,
Не теріс, мына сөзің, оң демеді.
Тамсанып тісін сорып бұға берді,
Дәт айтуға еп кетіп, тіл күрмеледі.
Кеттік деп, сардар сонда жүріп кетті,
Қайта айналып келмесін біліп кетті.
Әз Төленің ақылы мен еңбегі ғой,
Өлтіре төбесінен ұрып кетті.
Сардар барып айтады ханға датын,
Ғажайып ақ қалпақтың ғаламатын.
Туған сол алып ерді ақ қалпақты,
Қырғыз деп мәлім депті елдің атын.
Хан сосын аттандырды мыңдап жансыз,
Бірі күшті дегендей бірі әлсіз.
Аралап қазақ, қырғыз, өзбектерді,
Қалпаққа шақ адам жоқ, қайтты амалсыз.
Хан тақсыр, таппадық деп айтты олар,
Ел ішінде сыбыс жоқ құлақ салар.
Елі-жұрты құпиялап отыр ма екен,
Жасырын Алатауда жатқан болар.
Қырғызда ақ қалпақтың бары рас,
Қалпақтың ой жетпестей дәуі де рас.
Елден не ер жігіттер туады ғой,
Қазақ-қырғыз бір туыс бары да рас.
Қалпаққа сай қырғыз жоқ, табылмады,
Мәлімсіз дәу қалпақты не қылмағы?
Иесіз ер, қалпақсыз адам болмас, -
Деген сөздің ой салады түп салмағы.
Хан сонда қайраңдапты тыңдап сөзін,
Бажайлап сарбаздарға салып көзін.
Әзірше тынығуға әмір етіп,
Кейінге қалдырыпты жорық кезін.
Ақ қалпақ астам ханға ой салыпты,
Басыну оңай емес ер халықты.
Қайта айналып соқты ма, соңы қалай?
Ашалап айта алмаймыз ол тарихты,
Жау-жалам жағаласқан талай кез бар,
Аңырап келіп тұрар сонан ызғар.
Қалпаққа сай қырғыз жоқ деген тәмсіл,
Осыдан қалған екен деген сөз бар.
Оқиға дейді халық болған нағыз,
Әйтеуір елден елге жеткен аңыз.
Мәлімсіз кімнен-кімге жалғасқаны.
Көзіміз жетпеген соң біз аң-таңбыз.
Азубай деген жайлау Алтайда бар,
Өрісі кең болғанмен, қонысы тар.
Көтбай ақын бір тойда айтып еді,
Өлеңмен сорғалатып, боздатып нар.
Жыр сөзге жорға еді Көтбай ақын,
Әуені зор, тілегі елге жақын.
Тегіміз бір болған соң жаттап алғам,
Сонымен өтейін деп туыс хақын.
Зағыпар ақын дейтін елде мені,
Мас болдым осы сөзге білем нені.
Тұғырдан тайған кезде қайта жаздым,
Мін тағып, сөкпеңіздер болса кемі.
Мен пақыр ырзамын жаса көпке,
Мақтанып артық айту келмес епке.
Алладан сауап тілеп бәрімізге,
Тәмам деп аяғыңа қойдым нүкте.
Бұл екі дастан да Шалғын журналының ауыз әдебиеті қолжазба қоры Аңыз
әңгімелері бумасынан алынды. Үрімші халық баспасында сақталған.
Мекенжайы: Үрімші қаласы, Жан Жұн Лу, 54.
Тапсырған: марқұм Зағыпар Туғанбайұлы еді. Бұл адам әнші, қиссагер, ақын
болған. Тірі кезінде Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы районы, Толы ауданында
тұрған. Қазір сонда балалары болуы керек.
Тапсырған уақыты: 1982 жыл, шілде. Көшіріп әкелген: Ахметолла Қа
Тараз қаласының орталығында Төле бидің 11 метрлік қола мүсіні қойылды.
Ескерткіштің ашылуына мыңдаған халық келіп қатысты, - делінген
хабарламада.
Дана би ескерткішінің ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев
қатысты. Өз сөзінде әкім бұл күннің Төле бидей дана, қара қылды қақ жарған
биді еске алатын үлкен мереке екенін айтты.
Хабарламада айтылғандай, абыз бабаның 350 жылдығын тойлау қарсаңында Төле
би жәнее оның ұлағатты мұрағаты атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.
Осы күні Баласағұн орталық концерт залында Төле бидің қасиеті мен
өсиеті атты республикалық поэтикалық байқаудың қорытындысы жарияланды.
Аталмыш байқауға республиканың түкпір-түкпірінен 63 ақын қатысқан.
Сонымен қатар, облыстық қазақ драма театрында Төле би қойылымы
көрсетілді. Ал орталық стадионда бұл уақытта Даналық көзі
театрландырылған қойылым мен мерекелік гала концерт өтті.
Бұдан бөлек мерекелік шараның қатарында ұлттық спорт түрлерінен жарыс
ұйымдастыру да қарастырылған.
ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
(1657-1756 жж.)
Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет,
Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі
мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған БИлер
кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, Жеті жарғы деп
аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат
тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен
Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар қарашоғыр атанған қара шаруа
болған деген дерек береді.
Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік
өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып,
әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында
дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан
ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен,
Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің
өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да
болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін
жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20
жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен
шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан
өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады.Ұлы жүзді басқарып отырған Төле
би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық
төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың
басын бірікгіріп, оларды жоңгар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл
атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де
ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші
жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған.
Төле би Тәуке ханның Түркістаңды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді
бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хаңдығын күшейту, туыс қазақ,
қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына
қарсы әскери одағын кұру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып,
дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған
елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей
қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26
қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін кұптай отырып, екі
ел арасындаіы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғысгары
кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды
пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын куғын-
сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай жөне Жәнібек
батырлармен бірге біртұтас халық майданын кұрып, азаттық жолында күрес
жүргізді.
Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып
қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең
таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкенттте билік басында болған Төле
би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі
қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.
Тәуке ханның тұсында Төле би Билер кеңесінің мүшесі ретінде
мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын
өтетеін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта
жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы
Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын
бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар
шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын
құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен
Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.
Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланысты
Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына
байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Бірақ оларға алым салық
төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, ақ табан шұбырындыдан
кейінгі қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдарының езгісінен зат
етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым
салық төлей отырып, Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек
батырмен, сондай ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте
жоңғардың Жетісу жерін жаулаған қолбасшыларының бірі Сары Манджаның Төле
бидің үйінде өлуі де біраз жайды аңғартқандай.
Төле би Россия мен Қазақ хандығы арасындағы қарым қатынасты
қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевке
өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Россияға қосылу ниетін
білдіреді.
Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап,
ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа
таласқан жоңғар нояндарын алма кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар
хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе
жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның
атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де
ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз
бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының
тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле
бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің Төле би дүниеден
өтті деген суық хабарды естігенде: Төле өлді дегенше, дүниеден әділет
өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл
екеуіне кім жеткен? деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл
үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан
асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге
жүріп, бір бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар ғой!
Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның
қасына жерленген.
Төле би туралы аңыздардан
Үйсін Төле би мен Әнет баба
XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің
тұсында Жеті жарғы атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы.
Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге
келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан
Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би (Тоғыз ұлды Құдайберді деп
те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан
ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-
хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын,
шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту,
Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында
сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі.
Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел
билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік
өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп
батасын алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба
ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Қалай еткенде бірлік
болады, оның күші қандай болмақ дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі
жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған
шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет
баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты
елді жау да, дау да ала алмайды. Саяқ жүрген таяқ жейді демекші, бірлігі,
ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз
бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын
дегеннің мәнісі осы,- депті.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға
биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды.
Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға
шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға
ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары –
Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық
майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат
етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен
ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл,
мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі
билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік
пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің
басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би
(Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған.
Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші
жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта
жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар
көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып
қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген
адам.
Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек
қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер,
шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz