Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 123 бет
Таңдаулыға:   

ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ

ПӘНІНЕН

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

1 лекция. ХIХ ғ дін социологиясының пайда болуының алғышарттары жəне дамуы.

Лекция жоспары:

  1. Ғылым ретiнде қалыптасу тарихы;
  2. Дiн социологиясының объекттерi;
  3. Дiн социологиясының әдiстерi;
  4. Дiн социологиясының өзге дiн ғылымдарымен байланысы

Лекция мазмұны:

Дін социологиясы екі басты ұстынға сүйенеді: социология және дін. Осы тұрғыдан эстетика социологиясы және құқық социологиясы тәрізді социологияның өзге салалары сияқты дін социологиясы да екі түрлі құрылымға негізделген: қоғамды зерттеу, дінді зерттеу. Міне, осылайша қоғамдық дәрежеде діни құбылыстарды зерттеуді негізгі тақырып ретінде қарастыратын дін социологиясы кейбір мәселелерді жалпы социология мен оның өзге де салаларымен бірлесе қарастырумен қатар, діни тәжірибе мен оған қатысты басқа да проблемаларды дінтану ғылымдарымен бірге зерттейді.

Жалпы социологияның тақырыбы турасында жалпы шолу

А) Социология дегеніміз не ?

Социология латын тіліндегі «қоғам» мағынасына сәйкес келетін «socius» және грекше «ілім» мағынасын беретін «logos» деген сөздерден құралған.

Социлогияның негізгі тақырыбы ретінде қоғам және ондағы пайда болатын әлеуметтік оқиғаларды ғылыми тұрғыдан зерттейтін жас ғылым саласы. Қоғамның қанша жылдар бұрын пайда болғанымен, оны ғылыми тұрғыда зерттеу VІІІ ғасырдың соңына таман қолға алына бастап, ХІХ ғасырдың соңында ол тәуелсіз бір ғылым саласы ретінде қалыптасты.

Социологияны «белгілі бір заман мен ортадағы қоғамды және әлеуметтік ақиқатты айқындайтын, салыстыратын және түсіндіретін бір ғылым саласы» деп анықтама жасар болсақ ол қоғам ілімі ретінде айқындала түседі. Осы сәтте қоғам дегеніміз не ? - деген сұрақ туындайтыны айқын.

Ертеден адамдар топтасып өмір сүріп келеді. Аристотель адамзаттың қоғамдық сипатын айқындау үшін «әлеуметтік тіршілік иесі» деген ұғымды қолданған. ХІV ғасырда өмір сүрген атақты мұсылман ғұламасы Ибн Халдун да «адам қоғамы міндеттілік» деп, қоғам өмірінің маңыздылығын одан ары айқындай түскен. Демек, қоғамдық өмірден тысқары адамның жалғыз басымен өмір сүре алмайтыны анық, тіпті, тарихтан алдыңғы қараңғылық дәуірінде де адамдарды үнемі бірлесіп, өмір сүретін қауымдар немесе қоғамдар түрінде ғұмыр кешкенін білеміз.

Сырттай көзбен қарағанымызда белгілі бір қоғам адамдар жиынтығы ретінде көрінеді. Бірақ бұл қарапайым түрдегі сыртқы көрінісі ғана. Ал қоғамның шынайы мәніне келер болсақ, ол адамдардың бір жерге топтасып өмір сүруімен ғана шектелмейді. Қоғамдық өмірдің мәні аз дегенде екі немесе одан да көп адамдардың өзара қарым-қатысқа түсуінен тұрады. Сонымен қатар, тәртіпсіз, формасыз қоғамды елестету де мүмкін емес. Демек, әр қоғамның өзіне тән формасы, құрылымы, орныққа әдет-ғұрыптары мен қағидалары болады. Сонымен қатар, әрбір қоғам үнемі өзеру, даму, қайта пайда болу процестерін басынан кешіру үстінде, ал өзгеріске түсудің басты негізі қоғамды құрайтын жеке адамдар болып табылады. Жоғарыда айтқанымыз сияқты қоғамның құрылысы, жүйесі, әдет-ғұрыптары заман өткен сайын өзгеріп отырады. Сондықтан, оны үнемі әрекет үстіндегі бір құбылыс ретінде тану дұрыс сияқты.

Міне, социологияның міндеті адамдардың дүниеге әкелген қоғамның және онда туындаған қоғамдық оқиғалардың ғылыми тұрғыдан зерттелуі болып табылады.

Социология қоғамды өмір сүретін адамды негізгі тақырып ретінде алады. Алайда бұл ғылым саласының зерттеу алаңы жеке басты индивид емес, топталып өмір сүретін адамдардың дүниеге әкелген қоғам мен олардың өзара әсері болып табылады. Адамдардың түйсіну, ойлау және әрекет етуіндегі бірлік пен ынтымақтастық әлеуметтік оқиғаларды дүниеге әкеледі, қоғамның тіршілік етуін қамтамасыз ететін де осы. Әлеуметтік оқиға тек бір индивид тарапынан жүзеге асса да, ол мұны өз ортасынан алған. Осылай әлеуметтік оқиға бір желіге түседі.

Дін социологиясы пәні

Жоғарыда айтылып өткені сияқты социолог дінді әлеуметтік феномен ретінде қарастырады, яғни діни жүріс-тұрысты ұжымдық жүріс-тұрыс дәрежесінде, әлеуметтік әрекет системаларының бірі ретінде зерттейді. Социологияның негізгі зерттеу объектісі адамдар тобыры, ондағы жекелеген адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы болып табылады. Сонымен дін социологиясының қарастыратын мәселесі діни топтар, олардың пайда болуы мен атқарар функциясы екені даусыз. Осыған орай әлеуметтік өмір жеке салаларының бірі ретінде дінді зерттеумен қатар, діни топтардың әрекетіне және діни адамдардың жүріс-тұрысына сыртқы факторлардың тигізетін әсерін, сондай-ақ, діни топтардың өзі өмір сүріп жатқан қоғамға ықпалы мен әрекет ету мәні қарастырылады. Сонымен қатар, дін әлеуметтік институт ретінде өзара іштей байланысты және әлеуметтік мінез-құлықтың өзге сфераларынан ерекшеленіп тұратын мінез-құлық пен адамдар арасы қарым-қатынас үлгісі ретінде қаралады.

Діннің жеке индивидтің жүріс тұрысына әсері сенім арқылы жүзеге асады. Бірақ діни мекемелер мен ұйымдар қатаң тәртіпке негізделген, кейде діни сенімге қайшы келетін әдістерді қолданып, ресми қабылданған догмаға теріс белгілі бір жағдайды қолдап, өз жолын ұстаушыларға ықпалын жүргізуі мүмкін. Мұның соңы тотальдік институтқа алып барады.

Тотальдік институт дегеніміз мүшелері үнемі бақылауда ұсталатын бірлестік. Олардың мұқтаждықтары мекеме немесе ұйыммен шешіледі, олардың жүріс-тұрыстары мекеме немесе ұйым қағидаларымен реттеледі. Белгілі бір дәрежеде тотальдік институттың моделіне мектеп-интернаттар, армия казармалары, түрмелер, психиатриялық ауруханалар жақын келеді. Олар күндіз-түні бақылауда ұсталады, ал егер де қағидалардан ауытқып кетсе, жазаланады немесе тәртіпке түсіріледі.

Діни ұйымдардың арасында тотальдік институттың осы тектес модельдерін орнатқандары да бар. Себебі, оның қағидалары әлеуметтік әрекет ретінде саналы түрде айқындалған, яғни оның негіздерін діни сферада реттелген нормалар, құндылықтар, сенімдер құрайды.

Дін социологиясының басқа ғылымдармен байланысы

Тек социологтар ғана емес тарихшылар, филологтар, психологтар т. б. адам мен оның мәдениетімен айналысатын ғалымдар зерттеулерінде дінді айналып өте алмайды. Сонымен қатар, дінтанулық ғылымдар қатарындағылардың басты зерттеу объектісі дін екендігі баршамызға мәлім. Осындай дінтанулық ғылымдар қатарына дін социологиясымен бірге дін психологиясы, діндер тарихы, сонымен қатар, бүгінгі күні қарқынды даму жолына түскен бағыттар - дін семиотикасы, дін географиясы, дін феноменологиясы жатқызылады. Міне, аталған және өзге де ғылым салаларымен дін социологиясы тығыз байланысты.

Дін социологиясы және ғылыми дінтану. Дін -күрделі, көп қабатты құбылыс. Ол адам ғұмырының барлық салаларын қамтиды. Сондықтан дінді түрлі қырмен, түрлі көзқараспен және түрлі бағытпен түсіндіруге болады.

Дін психологиясы адамның діни жан дүниесін, жеке адамның ішкі жан дүниесіндегі діни сенімнің мәні мен маңызын қарастырады. Арнайы психологиялық зерттеусіз адамға діннің әсер ету механизмін түсіну мүмкін емес. Сондықтан дінді социологиялық, психологиялық бағытта зерттеу бір-бірін толықтыра түседі. Адамның діни әсерленуін әлеуметтік тұрғыдан түсіндіруге де болады. Бұл әлеуметтік психологияның үлесінде болса да діннің әлеуметтік рухани өмірге ықпалын зерттеуде аталған екі ғылым саласының әдістері мен тәсілдеріне мұқтаж.

Дін - тарихи бір құбылыс. Сондықтан тарих иіріміне қарай ол да құбылмалы, дін тарихы адамзатты зерттейтін ғылым саласының бір бөлігін құрайды. Сондықтан белгілі бір кезеңдегі қоғамның діни ахуалын зерттеу социология мен тарихы ғылымдарының еншісінде.

Дін жайлы ғылымның методологиялық негіздері

Дін турасындағы барлық ғылымдарға ортақ нәрсе эмпирикалық мәліметке сүйену принципі болып табылады. Бұл діннің феноменологиялық, философиялық, және теологиялық бағыттан ерекшелеп тұратын тұсы. Дін социологиясының тақырыбы құдайдың өзі емес, құдайға сенетін адамдардың жүріс-тұрысы, әлеуметтік себептері, сол сенімнің мәні мен оның салдары болып табылады. Ал Құдай бар ма, қандай дін шынайы болмақ, бұлар теологияның үлесінде. Ал оны ақылмен дәлелдеу немесе терістеу сияқты мәселелер дін философиясы айналысады. Социологты әртүрлі елдерде түрліше болғанымен, адамдар Құдайға сенеді және теориялық тұрғыда негіздеуге және түсіндіруге болатын әлеуметтік факт ретінде діннің мәні мен мағынасын айқындайды деген факт қызықтырады. Дін социологы үшін индивидтер мен топтардың жүріс-тұрыс әрекеттері, өнімдері мен нәтижелері қызықтырады.

Дін социолгиясының пайда болуы мен дамуы

Дін социологиясы ғылыми дисциплина ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. Өзінің пайда болуымен ол көп жағынан Ағартушылық және антифеодалдық буржуазиялық дәуір бастамасымен болған Еуропа қоғамының процесіне тәуелді болды. Дін социологиясының негізгі қайнарларының бірі, әсіресе, ХVІІІ ғасырдағы француз философтары тарапынан әлеуметтік институт ретінде феодалдық қоғамдық қатынас пен шіркеуді әлеуметтік-философиялық тұрғыда сынау болды.

Дін және азаматтық қоғам . Еуропалық Орта ғасыр мен Жаңа заман дін мәселесі бойынша көптеген келіспеушіліктерге толы болды. Реформация қоғамдағы салыстырмалы бейбітшілік пен тыныштыққа жету үшін шіркеудің мемлекетке ықпалын шектеу және діни фанатизмге қарсы тұру тәсілдерін іздестіру қажеттілігін көрсететін дін турасында тартыстарға жол ашты. Сол заманның әлеуметтік теоретиктері Гоббс, Локк, Юм діннен қоғамды бірлестіретін, адамдарды татуластыратын және оны тұрақтандыратын қасиет таппаған. Керісінше, Гоббс еңбектерінде христиан тарихының мәліметтеріне сүйене отырып, діннен қоғамға қауіпті, керітартпа күштер бар екендігін жазады. Сол заманның идеологтары католик шіркеуі билігі кезінде олар феодалдық системаның арқасында ерекше билікті иеленгендігін байқаған. Сол заманның француз ағартушылары (Гольбах, Дидро) бастамасымен дінді радикалдық тұрғыда сынаушылар дінді жоюға және оның орнына «табиғи адамның» ақылы мен моральін қоюға шақырған. Ал дінді сынауға байыптылықпен қарайтын Ағартушылық бағыт қоғам нормативтік системаларды қолдауға мұқтаж және қоғамға тек жақсы заңдар ғана емес, оған бағынатын азаматтар да керек деп санап, діннің әлеуметтік қажеттігін мойындаған.

Проблема Жаңа заманның еуропалық тарихында ресми дін бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепілі болғанымен тартыстар мен әлеуметтік келіспеушіліктердің өзегіне айналуынан тұрады. Осыған орай, діннің қоғамдағы шынайы бейнесін айқындау қажеттілігі және діннің қоғамдағы орнын көрсететін оған деген діни емес көзқараста қарау қажеттілігі туды.

Локк дінді ресмисіздендіріп, яғни оны мемлекеттен бөліп, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының бірі ретінде белгілі бір діни сенімге сену оның жеке ісі деп танып, тұрақтылық пен азаматтық тыныштық қолдауымен азаматтардың діни сенім еркіндігін беруді керек деп санаған. Ал мемлекет жеке өміріне араласпай, азаматтардың мүлкін қорғайды және оның көбеюіне жағдай жасайды.

Осы проблеманың өзге бір шешімін Х. -Ж. Руссо: әрбір азамат өзінің міндеттерін сүюге мәжбүр еткен дінге сенуі мемлекетке маңызды, - деп азаматтардың сөзсіз мемлекетке бағынуының негізгі кепілі дін деп тапқан. Оның пікірі бойынша, діни догмаларға сенбеген адамды тек дінсіз ретінде емес, қоғамға қарсы, заңдарды шынайы сүюге қабілетсіз адам ретінде қоғамнан аластату керек.

ХVІІІ-ХІХ ғасырда қуатты даму жолына түскен дінді сынға алу процесі дінді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету және оның қоғам өміріндегі рөлі турасындағы сұраққа деген назар аударуымен байланысты. Дін ерекше түрдегі сакральдік, қоғамда шексіз рухани билікті иеленетін институт ретінде қоғамдық институттың жиынтығынан ерекшеленді. Ал қалғандары өмірлік, зайырлық тұрғыда қаралды. Діни мәдениет негізінде дамыған ортағасырлық Еуропадан соң Қайта өрлеу дәуірінде зайырлы мәдениет дами бастады. Осы екі бағыттың қатар өмір сүруі Жаңа дәуір бойы қоғамдық өмірдің барлық салалары осы екеуі арасында бітіспес тартыс алаңына айналды. Дегенмен, оның маңызды сипаттамаларының бірі деп, қоғамдағы секуляризациялаудың біртіндеп алға басуын айтуға болады.

Ағартушылық идеологиясы адамды бәрінен бұрын «ақылды адам» ретінде қараған. Білімді адам өз ақылына, ғылымға сүйене отырып, өз өмірін жасауға қабілетті. Оның алдында ақылдың жетелеуімен шексіз прогресс көрінісі ашылады. Қорыта айтар болсақ, осы дәуірдегі еркін ойшылдар діни дүниетанымды бір шетке ысырып қойып, ақылдың мәніне, қоғам өміріндегі оның маңызына мән берген.

Социомәдени алғышарттар. Батыс Еуропа типіндегі әлеуметтік динамика әлеуметтік институттардың бөлшектенуімен ерекшеленеді. Осының арасынан экономика, жанұя, білім беру, саясат т. б. сияқты жеке салалармен қатар діннің орны жайлы сұрақ туындады.

ХVІІІ ғасырда француз революциясының нәтижесінде болған күйзелістен соң және ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары аралығындағы индустриялизациялау барысында діннің әлеуметтік функциялары және революциядан соң қайта жасаған адамдар алдындағы оның рөлі, оның қоғамды тұрақтандыру қасиетін қолдау жайындағы сұрақтар қойылды. Ерекше орынды ағартушылар тарапынан қоғам дамуының дамушы күші ретінде қаралған ғылымға діннің қатысы жайлы сұрақ иеленді. Әлемнің ғылыми картинасын дүниеге әкелген Коперник пен Галилей атымен байланысты басталған ғылым мен дін арасындағы күрес дін жақтаушылары мен дарвиндік эволюциялық теорияның клерикальдік өкілдері арасындағы айқас ХІХ ғасырдың ортасында шарықтау шегіне жетті.

Радикальдік критиктер (Фейербах, Маркс) дінді ғылыми танымның даму жолын тежегіш, әлеуметтік прогреске керіағар ретінде таныды. Керісінше, ағартушылық рационализміне романтикалық реакция қоғамдық күштерді жандандырушы ретінде дінді жақтады.

Бақылау сұрақтары:

1. Социология терминінің қалыптасуы

2. Дін социологиясының ғылым ретінде қалыптасуы

3. Дін социологиясының зерттеу обьектісі

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гараджа В. И. Социология религии. М., 1995
  1. Гараджа В. И. Религиоведение. М., 1995. 2-е изд.
  2. Здравомыслов А. Г. Социология конфликта. М., 1994.
  3. Белла Р. Социология религии // Американская социолог Гараджа В. И. ия. Гараджа В. И.
  4. 5. Перспективы, проблемы, методы: под ред. Т. Парсонса. М., 1972.
  1. Бергер П., Луман Т. Социальное конструирование реальности. М., 1995.
  2. Булгаров С. Н. Народное хозяйство и религиозная личность // Булгаров С. Н. Соч. : В 2 т. М., 1993. Т II.
  3. Вах И. Социология религии // Социология религии: классические подходы.
  4. Вебер М. Протестанская этика и дух капитализма // Вебер М. Избарнные произведения. М., 1990.
  5. Гайденго П. П., Давыдов Ю. Н. История и рациональность. Социология макса Вебера и веберский ренессанс. М., 1991.
  6. Глок Ч. Социология религии // Социология сегодня. Проблемы и перспективы. М., 1965.

2 лекция. Дін əлеуметтануының пəні мен тəсілі

Лекция жоспары:

1. Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы.

2. Діншілдік типологиясы.

3. Дін әлеуметтану пәнінің пән ретінде ғылымға енуі.

Лекция мазмұны:

Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.

Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.

Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Социологтар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалғаны көзге көрінсе, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Социология беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі социологиялық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар кешенімен шектеліп қалмайды.

Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О. Конт (1798 - 1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа байланысты О. Конт “тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты діни немесе “теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстем етеді. Екіншісі - философиялық, “метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, ол жерде ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш “сана жағдайының” әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде “екінші теологиялық синтез” керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың бірыңғай ортақ “ұлы тірі жан” култі, барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде “позитивті дінді” жасады.

К. Маркс (1818 - 1883) дінді қоғаммен өзара байланысында қарастырды, бірақ оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі болған жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш болып дін өзінің табиғатымен әлеуметтік феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиетті жайлы көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің есебінен өмір сүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Экономикалық әлеуметтану
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz