Сәбит Мұқанов жайында


СӘБИТ МҰҚАНОВ
Ұлы Октябрь революциясы тудырған қазақ совет әдебиетінің, және қазақ совет балалар әдебиетінін ірге тасын қалаған ардагер жазушыларымыздың бірі - Сәбит Мұқанов. Ол өзінің творчестволық өмірін әрқашан балалар өмірімен жалғастырып отырған жазушы еді.
Сәбит Мұқанов балалар әдебиетіне зор баға бере келіп: «Өмірдің диалектикасы - өсу. Өсуде шек жоқ. Сондықтан өмірлік бүгін «өсіп жетті» деген бір шындығы ертеңге олқы болып қалады да, өскелен өмір ол шындықты ілгері қарай дамыта береді. Қазақ әдебиетіндегі «балалар әдебиеті» аталатын жанрға да диалектикалық көзбен қарауға тиістіміз. Өткен жылдармен, әсіресе революциядан бұрынғы жылдармен салыстырғанда советтік дәуірде (балалар әдебиеті қазақ тілінде де орасан өсуі, жылдан-жыл биіктеп, салмақтанып, көркемденіп келе жатуы мәлім» деген болатын. Бұл қамқоршы ағаның кішкентайлар үшін үлкен әдебиет жасауға болатынын ескертуі еді. Осылай дей отырып ол өзі де қазақ совет балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Сәбиттің жас өспірімдерге арнаған «Менің мектептерім» (1941), «Патшаны қуған батыр», «Бақташының баласы» (1953), «Батыр қыз» (1944), Индия жазушысы Навтежден аударған «Балалар» (1953) повестері мен әңгімелері қазақ совет балалар әдебиетіне қосылған үлкен үлес, мол мұра болып калды.
Сәбит Мұқанов 1900 жылы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданындағы жазушының өз атымен аталатын колхозда, кедей семьясында туған. Жеті жасында әкесінен, сегіз жасында шешесінен айрылып, жетім қалған Сәбит тұрмыстың ауыр да қасіретті күндерін басынан кешіре жүріп, он жасынан бастап, кісі есігінде жалшылық бейнетін көреді, Жетімдік қасіреті басына төнген Сәбит кісі есігінде жүріп, отыншы да, сушы да, бақыршы бала да атанып, есейе келе жылқышы да болады
«Міне, мен - бақыршы баламын. Жасым он екіде. Қосымыз Дос пен Шошқалы аталатын екі көлдін ара-сындағы қалың бетегелі жазықта . . . Біздің баққанымыз - Тұртайдың жылқысы. Сан шамасы жеті-сегіз жүздей. Оған сол жылы біздің Жаманшұбардан үш-терт жүздей жылқы қосылған» . . . , - дейді жазушы өзі туралы жазған «Өмір мектебі» деген кітабында.
Сәбит 17 жасқа дейін белгілі бір мектепте оқымаған. Тек өзінің алғыр да өжет талаңтының арқасында тиіп қашып жүріп, ауыл молдаларынан хаттаниды. Қолжазба қиссаларды оқуға шама-шарқы келіп, оны өзі сияқты жалшылар арасында жаттап айтатын болады. Қазақ халқынын ауыз әдебиеті мұраларымен көп таныскан Сәбиттің өз тұсынан да өлең қабілеті көрініп, ол 15 жасынан бастап өлекді өзі шығара бастайды. Ауыл ішінде өлеңші бала атанады.
Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті. 1918 жылдың күзінен бастап Омскідегі оқытушылар курсына түседі. Бұл оқу онын болашағына жол ашады. Мұғалімдік курсын бітірген соң, Сәбит ауылда мұғалім болып істейді. 1920 жылы Бүкіл одақтық Коммунистік болыневиктер партиясына мүшелікке өтеді.
1922-1924 жылдары Сәбит Орынбордағы рабфақта оқи жүріп, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады. Осы тұста Сәбиттің өлең-мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел тендігі» журналдарында жиі басылған. 1926-28 жылдары Қазақтын Мемлекеттік баспасы мен жазушылар ұйымында қызмет істейді. 1931-1935 жылдары Москвадағы қызыл профессорлар институтында оқиды. 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі қызметін атқарды. Міне, осы жылдар арасында «Төмір-тас» романы мен «Ақ аю» поэмасы және бірнеше өлең, әңгімелері басылды. 1938 жылдан 1941 жылға дейін Сәбиттің «Жұмбақ жалау», «Менің мектептерім», «Балуан шолақ» атты романдары шықты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1943-1951) Сәбит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі қызметін атқарды. Бұл жылдары оның «Сырдария», «Тында туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Алыптың адымдары» атты очерктері оқырмандар қолына тиеді.
С. Мұқанов 1947 жылдан 1973 жыдға дейін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Бүкіл Одақтық бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі бодды. Совет әдебиетін дамытудағы қажырлы еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі рет Леннн ордені мен наградталды. С. Муқанов 1973 жылы қайтыс болды.
«БАҚТАШЫНЫҢ БАЛАСЫ» ПОВЕСІНДЕГІ ЖАНДОС ОБРАЗЫ
«Бақташының баласы» деген повесі «Қазаға ұшыраған құнан», «Қақпандағы қасқыр», «Аянышты лақ», «Жаралы құлын», «Бөлтіріктер», «Көк шолақ», «Аңды адам жеңеді» деген жеті бөлімнен тұрады. Сәбиттің балаларға арналған повестерінің бәріне дерлік осылай тақырып қойылып жазылуының себебі неде? Оның ең басты себебі: біріншіден, оқиғаның балаларға түсінікті де жеңіл болуын көздегендіктен; екіншіден, әрбір бөлімдегі оқиға желісіне байланысты қажетті туйінін тауып, оған тақырып қоя білуге үйретуден; үшіншіден, тақырыптардың барлығы дерлік балалы күн ілгері алдағы болатын оқиғаға еліктіру және оның себептерін іздестіруге дағдыландыру. Мұның ұтымды жағы - оқиғаны есте берік сақтауға септігін тигізеді. Өйткені тақырыпты еске алғанда, ондағы оқиға желісі неге байланысты туғаны белгілі болып тұрады. Шығармадағы басты кейіпкерлердің есте сақталуы да әр тараудағы оқиға мазмұнына қойылған тақырыптардың ұтымдылығына байланысты. Осының бәрі де балалар әдебиеті тақырыбына жазу үшін, ең алдымен, қалай жазу керектігін ойластырып алу қажет екенін білдіреді. Балаларды еліктіретін, қызықтыратын шеберлік осындан ерекшеліктерден көрінеді. «Бақташының баласы» повесінің «Қазаға ұшыраған құнан» деген бірінші бөлімін оқымас бұрын-ақ, балалардың ойына ең алдымен «ол қалай қазаға ұшырады екен» деген сұрақ оралады да, бірден-ақ шығармадан сол сұрақтың жауабын іздестіре оқуға тырысады. Өзін қызықтырған осындай сұрақтың шешуін шығармадан табуға талаптану - оның барлық жай-жапсарын білуге жұмылдырып отырады. Алдына осындай мақсат қоя оқыған бала повестің бірінші тарауынан бастап, оның ең ақырғы тарауына жеткенге дейін біріне-бірі селбесіп, оқиғадан оқиға туып отырған мол қызыққа шомып кеткенін өзі де байқамайды. Бұл жазушының шеберлігін танытады.
Повестің бас геройы - бастауыш мектепте оқып журген он жасар Жандос. Жандос бақташының баласы болғандықтан, жас та болса, мал жайып жақсы білетіні бірден-ақ көзге түседі. Көршілес колхозға ұзатылған апасына барып қайту үшін артель председателі Шымболаттан сұрап алған құнанды аулына қайтып келген соң, үлкендердің айтуымен, тұсап жібергісі келгенмен, өзіне әлденелер ой түседі: «Құнанды тұсап жіберейін десе, ауылдың маңайы тақыршақ, ұзатып апарып тұсайын десе, Шымболаттың «ит-құсқа көзігіп жазым болар» деген сөзі есінде. Бос жіберейін десе, ауылдығы жылқы атаулы түнгі өріске кеткен. Құнан оларды таба алса жақсы, таба алмаса, бетімен қаңғырып кетуі мүмкін ғой. Оты бар жерге тоқтай қалатын жасамыс жылқы емес, жас жылқы үйір таппай тына ма» . . .
Осының бәрін біліп тұрған Жандос оқумен қатар, шаруашылық жайын да жақсы түсінеді. Атты тұсау былай тұрсын, оның маңына да жуи алмайтын қала балаларына қарағанда, Жандостың «жас жылқы үиір таппай тына ма деуінің өзі - әр малдағы мінөз өзгешеліктерді жетік білетінін көрсетеді. Бұған таң қалатын түк те жоқ, өйткені Жандос шаруашылықпен көз ашқан ұқыпты бала. Бірақ қанша ұқыптылық жасағанмен, балалың аты- бала. Жазушы ол жағын да ескерген. Жандостың тұсап жіберген құнанын сол түні қасқыр жарып өлтіргеніне, бір жағынан ол айыпты да емес. Үйткені Жандос мұны үлкендердің айтуымен істеп, ұзап кетпесін. деп әдейі тұсаған, «Шығасыға иесі басшы болады, бұл құнанның шығын болуына, ең алдымен мен айыптымын . . . » - деп Бектес шал құнанның өліміне немересінен кем қайғырған жоқ.
Бала жас көзінде бәрін де өз шешімімен істемейді, олар тек үлкендердің тапсырмасын орыңдау арқылы ғана үйренеді. Өз бетімен жұмыс істеу қабілеті үлкендерден үйреніп, білу арқылы ғана өзінің жас ерекшелігіне қарай бірте-бірте дамиды. Жазушы балада болатын осындай ерекшеліктерді дұрыс аша отырып, өмірге икемді қызмет етуге төселдіру үшін, әр алуан іс-әрекетгерге қатыстырып және өзін де соған араластыра баулу арқылы үйретуді көздейді. Осы шарт, осындай әдіс повестің ең соңғы тарауына дейін берік сақталған.
Баланы жастайынан шаруашылыққа баулып, өзімен бірге мал өрісіне апарып жүрген Бектас қарт енді Жандосқа құнанды өлтірген қасқырды ұстау тәсілдерін де көрсетеді . . . «Қасқырдан кек қайтару керек», - дейді шал немересіне. Бұл да өмірге баулудың бір тәсілі. Мал шаруашылығымен айналысқан адамдардың үлкен жауы - қасқыр екені оларға бұрыннан белгілі, сондықтан онымен күресе де білу керек. Жасынан мал шаруашылығымен көзін ашқан Бектас қарт немересі Жандосты өзімен бірге мал жая жүріп, қасқыр аулауға ертіп шығуы еріккеннің ісі емес-ті. Атасымен бірге қой жая жүріп, касқыр аулау қызық көрінгенмен, он жасар бала үшін бұл - өте жауапты міндет. Артқы бір аяғын үзіп, қақпаннан қашып шыққан қасқырдың ізіне түскен Бектас қарт қуып жетіп, онымен жекпе-жек арпалысқан жерін жазушы былай суреттеген: « . . . сол көзде шал жалма-жан түрегелді де, әлденеге ақырып қап, шоқпарды сілтеп кеп жіберді. Қорқыныштан көзі бұлдырап кеткен бала секундтік мөзгілде есін жинаса, алды ұмар-жұмар арпалыс болып қалған екен, қасқырдың басы шалдын төсіне өрлеп бара жатыр, бірақ шал оның арандай ашқан аузын денесіне дарытпай, жұтқыншақ түбінен қапсыра ұстап қапты», Әрине мұндай көрініс бала үшін өте қорқынышты. Жазушы басты кейіпкерінің мінөзін және батылдығы мен адамгершілігін осындай қиын-қыстау қауіпті көзеңдерде сынайды. Осындай жағдайда басты кейіпкердің төз шешімге келіп, өзінің тапқырлығы мен батылдығын көрсетуі адам тағдыры үшін күрестегі психологиялық моментті байқатады. «Жандос, неғып тұрсың . . . Қолым қарысып қалды . . . сал пышақты қасқырдың ішіне . . . Әйтпесе, кеңірдегінен айрылам . . . - деп, ышқына айқайлаған атасының даусын есіткен баланың қандай шешімге келетінін білгенге дейін оқушы үлкен үрей үстінде отырады.
Жандос жас та болса, ауыл шаруашылығына кішкентайынан араласып, ат үстінде жүргендіктен, оның қай нәрсеге болса да икемі бар шыныққан бала. Сондықтан да оның қасқырдың қарнына пышақ салуы үлкен ерлік деуге болады. Жандостың осындай жүректілігі, ерлігі жас өспірімдер арасында батылдық рух тудырады. Өйткені Жандос ылғи қозғалыс, әрекет үстінде көрінеді. Сондықтан да автор өзінің жас оқушыларын Жандостың ерлік істеріне байланысты жан түршігерлік қатты үрей үстінде еріксіз қобалжытып, Жандос пен Бектас қарттың алдағы тағдырына үңілтіп, аңдытып қояды. .
Ерлік пен батырлық әрқашан жай ғана қарапайым істерден басталады. Сәбит Мұқановтағы ең бағалы қасиет - өзінің осындай шығармаларымен жас өспірімдерді ұстамдылыққа, батылдыққа, тәртіптілікке, еңбек сүюшілікке және күнделікті өмірде көздесетін ерлік дәстүрлерге баулып отыруды көздеген. Егер сен күнделікті өмірде төзімділікке, ұстамдылыққа дағдыланбасаң, сенен нағыз еңбекқор, батыр адам шықпайды деген ұғымды білдіреді. Осындан заңдылыққа сүйенген жазушы дәуіріміздің ең жақсы, ең өнегелі, ең үлгілі жақтарын суреттеп беруді көздеген, өйткені совет балалар әдебиетінің ең басты қасиеті - жас өспірімдерді тәрбиелеу мәселесінде өзіне ең үлкен, ең озық міндеттерді жүктейді. Себебі ондағы тәрбие мәселесі советтік педагогиканың нағыз ғылымдық заңдарына негізделген.
Сәбит «Бақташының баласы» атты бұл шығармасында өмір жолын көрсететін колхоз аулының нағыз өз тұрмысын суреттеп берген. Колхоз шаруашылығына жаны ашып, өз өмірін сол жолға сарп еткен Бектас қария мен Жандосітың колхоз малын ит-құстан қорғап, сақтауды ғана алдарына зор мақсат етіп қойған патриот адамдар екенін көрсетеді. Жазушы барлық жағдайда да келешек коммунизм ісі үшін саналы күрескерлердің, еңбекті сүйетін еркі күшті Жандос сияқты адамдарды, қоғамшыл және қандай қиындықты болса да жеңе алатын төзімді, еңбек үстінде шыныққан патриоттарды, іскер адамдарды үлгі етіп көрсетуді алға қойғаны шығармадан бірден-ақ көрінеді. Мұндай шығармалар балаларды өмірге жарасымды етіп тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Жастайынан еңбек үстінде шыныққан, колхоз шаруашылығын бес саусағындай білетін Жандос өсе келе Ленин атындағы колхоздың мақтаулы председателі болуы да еңбек үстінде тәрбиеленіп жетілгеңдіктің дәлелі. Мектепте жалаң теориялық материалдарды ғана жаттаумен өмір тану өте қиын екені қазірде айқын танылды. Біз қазіргі жағдайда мектептен оқыған теориялық білімдерді өмірмен, өндірістік іспен тығыз байланыста жүргізіп, іске араласа, көре жүріп үйренуден ғана үлкен іскерліктің туатынын көріп отырмыз. Сәбит Мұқанов «Бақташының баласы» дегек повесінде Жандос образы арқылы теориялық білім мен практикалық істің байланысынан шыкқан жемісті жас өспірімдерге үлгі етіп көрсетіп отыр. Бұл повестің оқиғасы да, тақырыбы да балалардың өздеріне таныс құбылыс арқылы суреттеледі. Композициялық құрылысы да кызық. Балалардың қиялын қызықтырып, оларды үлкен арманға, эстетикалық идеалға, әрекетке, өздері қызығатын іске қарай баулиды. Соған орай Сәбиттің тілі де өте қарапайым, жатық тіл. Сөйлемдері ықшамды, шағын болғандықтан, айтайын деген ойлары да айқын суреттеледі.
Балаларға жақсы тәрбие берумен қатар, Сәбиттің бұл повесінің басты ерекшеліктерінің тағы бір жақсы көрінісі - тілінің көркемдігі мен айқындығында.
«БАТЫР ҚЫЗ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ МӘНШҮК ОБРАЗЫ
Қазақ совет балалар әдебиетінен елеулі орын алатын Сәбит Мұқановтың тағы бір шығармасы ол - Совет Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өзіне арнай жазған «Батыр қыз» атты әңгімесі. Бұл әңгіме балаларды советтік патриотизм рухында және отаншыл етіп тәрбиелеуде ең басты елеулі роль атқарады. «Батыр қыз» әңгімесінде коммунизм идеясымен қаруланған жас өспірімнің үздік сипатта қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері мен оның сондайлық қайсарлығы, тапжылмас өжеттігі көрінеді. Әңгіменің композициясы да басты кейіпкердін өз халқы мен Отаны алдында саналы түрде аянбай қызмет етуге кіріскенін көрсетуге құрылған. Әңгіме кұрылысының қызықтығы, тартымдылығы сондай, оның әрбір елеулі көзеңдерінде майданға араласқан Мәншүктің рухани өскені, қажырлы қайратына мініп, жауға деген қаталдығының арта түскені айқын көрініп отырады.
Әңгіменің алғашқы бет алысында Мәншүкке әлі де таныс емес майдан оқиғасы сөз болады. Таудай талабы еш нәрседен қайтпаған жауынгер Мәншүк майданның алдыңғы шебіне амалсыздан сумен жүзіп өтпек болған отрядқа: «Менің де қосылғым келеді, жолдас капитан!» деген өтінішін орындамаған Ушаковқа қатты ренжігенде Ушаков оған: «Сен бекінісін бермегенді батыр деп ойла» - деп, оған ақыл айтады, Осының өзі Мәншүкке үлкен сабақ болады да, бұл қағида оның жүрегінен берік орын алады. Мәншүк үшін ендігі мақсат бір қадам да шегінбеу, жаудың шабуылын тойтарып тастап, оларды артына қарайлатпай, батысқа үздіксіз жөңкілте қуып отыру болады. Міне осы сертінде тұрған Мәншүк кескілескен шайқас, оқты сұрапыл үстінде жалғыз өзі фашистердің шабуылына қарсы тұрып, оларды шетінен жусатып салады. Жазушы өзінің кейіпкерін осындай қатал сыннан өткізе отырып, киын-қыстау көзеңдерде одан оның өз шешімін, өзінің тапқырлығы мен сұрапыл шайқас үстінде көрсететін қайсарлығын, табандылығын талап етіп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz