Шыңғысханның билік басына келуі



КІРІСПЕ
1 ШЫҢҒЫСХАННЫҢ БИЛІК БАСЫНА КЕЛУІ
1.1 Темучиннің өмірге келуі, балалық шағы және монғолдардың өзара қырқысуы мен Темучиннің жоғарылауы
1.2 Шыңғысханның тегі
1.3 1206 жылғы Ұлы құрылтай, «Жаса» және Шыңғысханның біліктері
2 ШЫҢҒЫСХАННЫҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ
2.1 Қытай мен Орта Азияға жорықтары
2.2 Қалқа өзеніндегі шайқас және Шыңғысханның Монғолияға оралуы
2.3 Шыңғысханның жүргізген жаугершілік саясаты
2.4. Мұрагер таңдау және Шыңғысханның соңғы жорығы мен өлімі
3 ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ
3.1 Шыңғысханның тұлғалық қасиеті
3.2 Шыңғысхан . Іле өңірінің ұланы
3.3 Шыңғысхан жасампаз тұлға ма?
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Шыңғысхан - әлемдік тұлға. Оның өмірі тұтас бір дәуірді қамтыған. Одан кейінгі Алтын Орда, оған жалғасқан Қазақ Ордасының түп-негізін орнықтырып, кеткен ұлттық шеңберге сыймайтын айтулы тұлғалар – Жошы хан, Бату хандар. Жошының қазақ тарихынан алатын орны сіңірген еңбегімен өлшенеді. Шыңғысханның Еуразияны бағындыруында Жошының және оның ұрпақтарының атқарған істері қазақ ұлтының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуына белсенді рөл атқарғандығы белгілі.
Орталық Азия халықтары өздерінің сан ғасырлық ұзақ тарихында көптеген жойқын сілкіністерді басынан кешірді. Солардың бірі Шыңғысханның есімімен тікелей байланысты. Бұл есім осыдан сегіз ғасырдан астам бұрын дүниені дүр сілкіндірген болатын. Шыңғысхан монғолдардың ұлы ханы, адамзат тарихындағы ең ірі жаулаушылардың бірі болып есептеледі, ал оның есімі барлық бес құрлықтағы миллиондаған адамға белгілі. Шыңғысхан мен оның бастапқы мұрагерлерінің жойқын соғыстарының нәтижесінде ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдарында бұрын-соңғы көшпелі империялар ішіндегі ең ауқымды, ең қуатты империя құрылды. Ол шығыста Сары теңізден батыста Дунай мен Евфратқа дейін созылып жатты. Ондайды әлем тарихы көріп білмеген еді.
Монғолдар кезеңінде үлкен территорияның монғол билігінде біріктірілген сауда өміріне қажетті мал-жан қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Мысалы, Шыңғысханнан алдын Бағдаттан Бұқара қаласына барған бір керуен 18 жерге салық төлеуге мәжбүр болса, Шыңғысхан және одан кейінгі дәуірлерде саудагерлер Жібек жолымен қауіпсіз түрде саудаларын жалғастырған.
Шыңғысхан ХІІІ ғасырдың басында Ұлы Түркістаннан бастап, бүкіл Азия және Шығыс Еуропаны қамтитын үлкен империя құрды. Осы глобальды әрекеттің нәтижесінде бірнеше саяси ұйымдар жойылып, қалалар қиратылып өртенді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Шыңғыс хан заманында көшпенділер қазіргі Қазақстан, Монғолия, Қытай және Ресей мемлекеттерінің жер аумағында емін-еркін көшіп-қонып жүрді. Осы күні шекара аталып жүрген жағрапиялық картадағы сызықтар 1864 жылы Қытай мен Ресей шекара бөліскенде түзіліп, байырғы көшпенді қазақтың атамекені үш бөлікке бөлініп кетті. Ол тарихтан белгілі. Шыңғысханның айналасында жүрген көшпенділер, «Құпия тарихқа» енген түркі тайпалары одан беріде 800 жыл өткен соң да бүгінгі күні Қазақстанда өмір сүріп жатыр. Мәселен: жалайырлар, наймандар, қоңыраттар, керейлер, абақ-керейлер (меркіт), үйсіндер, арғындар, алшындар және тағы басқалар қазақ халқының сүйегін құрап отыр. Қысқасы, Ұлы дала тарихында азды-көпті белгілі болған тайпалардың барлығы да қазір өзін қазақпын дейді. Шыңғысханның тұсында ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. бұл тайпалардың біраз бөлігі Алтайдың арғы бетіндегі Монғолия жерінде, біразы Ресей Федерациясы мен қазір Қытай мемлекетіне қарайтын жер аумақтарында өмір сүрді. Сонымен бірге бұл өңірлерде аталған тайпалардан басқа да түрік тайпалары тұрып жатты: татарлар, онғыттар, ұранқайлар, дөрбеттер, т.б. Бұл тайпалар Қытай қорғанынан бастап Венгер жазығына дейінгі ұлан-ғайыр байтақ далаға иелік етті.
Көшпенділер Шыңғысханды екі рет хан сайлады. Алғаш рет ол 1189-1190 жылдары хан атанды, бір тайпаның көлемінде ғана билік жүргізді. Екінші рет 1206 жылы құрылтай шақырылып, шығыс аймақта тұратын тайпалар оны 45 жасында қаған сайлап «Шығыс қағаны» деген атақ берді. Барлық дереккөздерде де, оның ішінде осы «Құпия тарихта» да оны қаған деп жазады. Аударушылардың мұны көрмей қалуы мүмкін емес. Бірақ аудармашы-тарихшылардың араласуымен ол дала өмірінде жиі кездесетін хандардың бірі болып шыға келген. Неге? Біздің ойымызша, қаған титулы Ұлы Түрік қағанатының билік дәрежесі болғандықтан аудармашылар оны Шыңғысханға қимаған. Егер ол қаған болса, онда ол түрік болғаны. Тарихи жылнаманы көшіріп жазушылар Шыңғысханды Ұлы Түрік қағанаты құлағаннан кейінгі байтақ далада қаптап жүрген «көп» хандардың бірі қылып көрсетуді қолайлы тапқан. Бұл бұрмалау үшін ыңғайлы. Ал, «Құпия тарихтың» авторы Темірді алғашқы билік құрған кезінен бастап қаған деп атай береді. Шежіре Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 13 жылдан кейін жазылғанын ескерсек, бұл уақытта әмірші көпшіліктің көкейінде қаған ретінде жатталып қалғаны түсінікті.
Зерттеу объектісі. ХІІ-XІІІ ғасырлардағы Монғол империясының Ұлы ханы Шыңғыс ханның саяси билік жүргізуі ірі тарихи оқиғалардың бірі болып табылады. Осы кезеңдегі Шыңғыс ханның билік басына келуіне жазба деректердің негізінде жан-жақты тарихи талдау жасау, оның жүргізген саясатын, елдегі қоғамдық өзгерістің, тарихи маңызын көрсету біздің дипломның негізгі зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу пәні. Шыңғысханның хан сайлануы мен оның құрған әскери-стратегиялық жүйесінің сырт елдерге әсерін жан-жақты зерттеп, объективті тарихын айқындау.
Тақырыптың тарихнамасы. Шыңғысханның тарихын зерттеуде Рашид ад-Диннің еңбектерінің маңызы зор. Парсы тарихшысы Жувейни ХІІІ ғасырдағы монғолдарға сипаттама берген. «Жасаның» қаулылары туралы неғұрлым егжей-тегжейлі деректерді біз ХІІІ ғасырдағы парсы тарихшысы Жувейниден және XV ғасырдағы мысыр жазушысы Макризиден табамыз. Шыңғыс хан мен монғолдар туралы ақпарат көздерін бізге көп жеткізген Жувейни мен Рашид ад-Дин.
Рашид ад-Диннің айтуы бойынша, Темучин «әлденеше рет тұтқынға түсіп, кісенделіп, бірақ құдіреттің күшімен құтылып кетіп отырған» екен.
Шыңғысханның Жасасы туралы мәлімет қалдырған Рашид ад-Дин.
Жувейнидің жазуы бойынша, «Шыңғысханның Жасасы» ұйғыр жазуымен монғол тілінде бумаланған қағазға жазылыпты және «Ұлы заңдар жинағы» деп аталыпты. Монғол дәуірін зерттеуші ғалымдардың бірі И.В.Петрушевский: «дәл мұндай дәлдікпен және толыққанды жазылған дереккөзін монғолдың да, қытайдың да жылнамаларының бірде-бірінен кездестіре алмайсыз».
Шыңғысхан туралы Кафаров еңбек жазды.
Хара Даван «Сардар мен оның мұрасы» атты кітап жазды».
Мырзабек Қарғабаевтың «Шыңғысхан монғол ма?» деген еңбегі бар. Шыңғысхан туралы пікірді тарихшы З.М.Буниятов жазып қалдырған, яғни, Шыңғысханның мемлекет тәртібіне сай аса қатал заңдар жинағын шығарғанын растаған.
Шыңғысханның жеке басына сипаттама келтіргендердің бірі – Жамбыл облысы Мемлекеттік мұрағатының директоры Мақұлбек Рысдәулет. Ол Шыңғысханның нағыз ұлттылығын зерттеді, Отырарға шабуылын дәріптеді.
Тілеубердіұлының дәлелдеуінше, бізге мәлім «Монғолдың құпия шежіресі» деген кітаптың қытайша түпнұсқадағы аты «Шыңғыс Қағанның құзауыры», яғни «Шыңғыс қағанның түп-тұқыяны» екен.
XIV ғасырдағы ұлы араб саяхатшысы Ибн Баттутаға сүйенсек, Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай ұлысында, Орта Азияда құрылтай жиналысы түрікше той деп аталған және жыл сайын өткізілген.
Профессор Е.И.Кычановтың айтуынша, монғолдардың Қытаймен соғысынан кейін Шыңғысханның армиясы көп ұлтты, көп тайпалы басқыншылар мен тонаушылар ордасына айнала бастаған.
Деректерге шолу. Бұл дипломды жазу барысында ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Шыңғысхан құрған монғол империясы туралы нақты ақпарат көздері ретінде орыс, түркі деректемелерін негізге алдық, көптеген авторлардың Шыңғысхан және оның құрған империясына байланысты мәліметтерін пайдаландық.
Тақырыпқа байланысты құнды ақпарат көздері Қадырғали Жалайыридің, Абдулкадир Ювалының, А.Ш.Қадырбаевтың, Мырзабек Қарғабаевтың, Төреғали Тәшеновтың, Дәулетқали Асауовтың еңбектерінде мәліметтер бар.
Дәулетқали Асауов Шыңғысханның баласы Жошы туралы деректерді жинады.
Ғизат Табылдиннің Шыңғысхан туралы жазған ғылыми еңбегі бар. Табылдиннің еңбегінде Шыңғысхан заманындағы әкімшілік заңдар, монғол әскерінің ұйымдастырылуы, адамдар мен аттар, қару-жарақтар мен жабдықтар, садақ пен жебе - монғол жеңіл атты әскерінің стандартты қару-жарақтары болғандығы, жаттықтырулар, соғыс стратегиясы мен тактикасы туралы жазылған. Шыңғысханның адами болмысы мен саяси портреті және ол жүргізген соғыстары туралы мәліметтерді Панзарбек Өмірәліден жазып толықтырған.
Тұрсын Сұлтанов Шыңғысхан және оның ұрпақтары деген кітап жазып шығарды.
Диплом жұмысының жазу барысында Шыңғысханның өмірі мен қызметін бізге дейін зерттеген ғалымдардың еңбектері, осы дәуір оқиғаларын бейнелейтін материалдар мен құжат жинақтары, естеліктер, баспасөз материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеу жұмысын талдау барысында біз Шыңғысхан заманындағы тарихшылар мен осы уақыттағы тарихшылардың Шыңғысхан өмірі мен саяси қызметіне байланысты мәліметтері мен құнды ақпараттарын негізге алдық. Біз өз зерттеуімізде жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, отандық және шет елдік зерттеулерді басшылыққа алдық, ғалымдардың тарих саласындағы жаңа әдіс-тәсілдері қолданылды. Зерттеуде осындай әдіс-тәсілдерді қолдану Шыңғысхан негізін қалаған Монғол империясының тарихын объективті түрде сипаттауға қол жеткізеді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Біз жұмысты зерттеу барысында, жазба және ауыз әдебиетінің деректері мен тарихнамалық жетістіктерге сүйене отырып, ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шығыс Азиядағы ірі тарихи оқиға Шыңғысханның әлемді дүр сілкіндіруінің негізі болып табылатын жағдай, ол бір орталыққа бағынған әскери жүйенің болғандығы және Шыңғысханның біраз жерлерді жаулап алуының Монғол империясына тигізген әсерінің маңыздылығына жан-жақты тарихи талдау жасап, қорытындыларын анықтауды мақсат етіп қойдық. Алдымызға қойған мақсатты орындау үшін бірнеше міндеттерді айқындадық.
Жұмыстың міндеттері:
- Шыңғысханның нағыз ұлттылығы мен сол кездегі Монғол империясының қамтыған аумағының зерттелуін жан-жақты талдап, ауызша, жазбаша деректердің негізінде кешенді тарихнамалық талдау жүргізу;
- Темучиннің жастық шақ кезіндегі басынан өткізген жағдайлары мен мінсіз хан болуының себебін талдап, мұрагер таңдаудағы орын алған жағдайларды анықтау болды;
- тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде ХІІІ ғасырдағы Темучиннің 1206 жылғы құрылтайда хан сайлануы, Шыңғысханның енгізген ондық жүйесі мен «Жаса» заңдар жинағының негізгі ерекшелігін анықтау.
Хронологиялық шеңбері. Жұмыстың тақырыбы ХІІІ-ХV ғасыр аралығын қамтиды. Шыңғысханның өмірі, саяси қызметі мен нағыз ұлттылығын анықтауда біз ерте, әсіресе, қазіргі заман тарихшыларының мәліметтерін жан-жақты қарастырдық.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тарау мен он тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қайрат Бегалин. Алтын Орда хандары. – Алматы 2007., «Адамар» ЖШС. 10,11,12-бет
2. С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201
3. Монголы. Москва. Наука. 1980. с.155-158
4. http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=11645&Itemid=44
5. Шымкент. «R-Diar». 2005. 47,88-112,168-179 бет
6. http://alashainasy.kz/world/30092/
7. Лувсанданзан. Алтын Шежіре. (Екінші басылым) – Алматы: «Өнер, 2009. – 224 бет. http://baq.kz/kk/material/57
8. Тұрсын Сұлтанов. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары. – Алматы «мектеп» 2007.43-бет
9. Табулдин Г.Ж. «О генеалогии потомков Чингисхана на Евразийском континенте c ХІІІ - ХХ в.в.». Астана: Жас каламгер, 2008. 290 с.
10. Ерофеева И.В. Родословные Казахских ханов и XVIII-XIX вв.. Алматы,2003. 421 с.
11. Эренжен Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие Издательство: Калмыцкое книжное издательство, 1991. 315 с.
12. Чингисхан как полководец и его наследие. Алма-Ата, 1992. 372 с.
13. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. История Монголов. История Чингисхана. В 3-х чч. /Пер. с перс. профессора Н.И.Березина. Изд. 4-е. СПб., 1990. 406 с.
14. Храпачевский Р. П. Военная держава Чингисхана. — М.: АСТ, Люкс, 2005. 560 с.
15. Юрченко А.Г. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. // Историческая география политического мифа. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. / А.Г. Юрченко.— СПб: Евразия, 2006. 640 с.
16. Крадин Н. Н. Империя Хунну. – М.: Логос, 2002. 183 с.
17. Скрынникова Т. Д. Харизма и власть в эпоху Чингис-хана. — М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1997. 216 с.
18. Доманин А. А. Монгольская империя Чингисидов. – М.: ЗАО Центрполиграф, 2005. 207 с.
19. Гумилев Л. Н. Поиски вымышленного царства // Гумилев Л.Н. – М.: Айрис-пресс, 2002. 147 с.
20. О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане. Алматы.Санат. 1998. 28-29 бет
21. Хасен Қожа-Ахмет. Ұлы қағанның есімі қандай мағына береді? Ана тілі газеті. №31-32(1079-1080) 4-17тамыз. 2011. http://www.halyksozi.kz/search/
22. Рашид ад-Дин Фазлаллах Хамадани. Сборник летописей. Т.1, Кн. 1, Перевод с персидского А. Хетагурова, Редакция и примечания А.А. Семенова, М.-Л., 1952
23. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. Извлечения из персидских сочинений, собранные В.Г. Тизенгаузеном и обработанные А.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным, М.-Л., 1941
24. http://baq.kz/kk/material/149
25. Қиял патшалығын іздеу. Алматы. Балауса, 1992. 288-291 бет
26. «Құпия шежіренің» құпиясы», 2010. 9-бет
27. «Жамиғат-ат тауарихтың» түбіндене жатыр?». 2011, 380-бет
28. «Материалы по истории киргизов и Киргизии», Москва, 1973. 92-бет
29. Әбіш Кекілбаев. «Ханша-Дария хикаясынан». Алатау газеті №23 (558) 0706 2012ж.
30. Мұхтар Шаханов. «Жазбагер жады космоформуласы». Жас Алаш газеті 24 тамыз 1993ж.
31. Мұхтар Мағауин. «Мағауиннің Шыңғыс ханы». - Түркістан газеті. 5 сәуір, бейсенбі, 2012 жыл.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
Құлаш денем құласа құласын,

құраған елім, қолымдағы

байрағым құламасын!

Шыңғысханның өсиеті

КІРІСПЕ

Шыңғысхан - әлемдік тұлға. Оның өмірі тұтас бір дәуірді қамтыған.
Одан кейінгі Алтын Орда, оған жалғасқан Қазақ Ордасының түп-негізін
орнықтырып, кеткен ұлттық шеңберге сыймайтын айтулы тұлғалар – Жошы хан,
Бату хандар. Жошының қазақ тарихынан алатын орны сіңірген еңбегімен
өлшенеді. Шыңғысханның Еуразияны бағындыруында Жошының және оның
ұрпақтарының атқарған істері қазақ ұлтының қалыптасуы мен Қазақ хандығының
құрылуына белсенді рөл атқарғандығы белгілі.
Орталық Азия халықтары өздерінің сан ғасырлық ұзақ тарихында көптеген
жойқын сілкіністерді басынан кешірді. Солардың бірі Шыңғысханның есімімен
тікелей байланысты. Бұл есім осыдан сегіз ғасырдан астам бұрын дүниені дүр
сілкіндірген болатын. Шыңғысхан монғолдардың ұлы ханы, адамзат тарихындағы
ең ірі жаулаушылардың бірі болып есептеледі, ал оның есімі барлық бес
құрлықтағы миллиондаған адамға белгілі. Шыңғысхан мен оның бастапқы
мұрагерлерінің жойқын соғыстарының нәтижесінде ХІІІ ғасырдың 60-шы
жылдарында бұрын-соңғы көшпелі империялар ішіндегі ең ауқымды, ең қуатты
империя құрылды. Ол шығыста Сары теңізден батыста Дунай мен Евфратқа дейін
созылып жатты. Ондайды әлем тарихы көріп білмеген еді.
Монғолдар кезеңінде үлкен территорияның монғол билігінде
біріктірілген сауда өміріне қажетті мал-жан қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Мысалы, Шыңғысханнан алдын Бағдаттан Бұқара қаласына барған бір керуен 18
жерге салық төлеуге мәжбүр болса, Шыңғысхан және одан кейінгі дәуірлерде
саудагерлер Жібек жолымен қауіпсіз түрде саудаларын жалғастырған.
Шыңғысхан ХІІІ ғасырдың басында Ұлы Түркістаннан бастап, бүкіл
Азия және Шығыс Еуропаны қамтитын үлкен империя құрды. Осы глобальды
әрекеттің нәтижесінде бірнеше саяси ұйымдар жойылып, қалалар қиратылып
өртенді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Шыңғыс хан заманында көшпенділер
қазіргі Қазақстан, Монғолия, Қытай және Ресей мемлекеттерінің жер аумағында
емін-еркін көшіп-қонып жүрді. Осы күні шекара аталып жүрген жағрапиялық
картадағы сызықтар 1864 жылы Қытай мен Ресей шекара бөліскенде түзіліп,
байырғы көшпенді қазақтың атамекені үш бөлікке бөлініп кетті. Ол тарихтан
белгілі. Шыңғысханның айналасында жүрген көшпенділер, Құпия тарихқа енген
түркі тайпалары одан беріде 800 жыл өткен соң да бүгінгі күні Қазақстанда
өмір сүріп жатыр. Мәселен: жалайырлар, наймандар, қоңыраттар, керейлер,
абақ-керейлер (меркіт), үйсіндер, арғындар, алшындар және тағы басқалар
қазақ халқының сүйегін құрап отыр. Қысқасы, Ұлы дала тарихында азды-көпті
белгілі болған тайпалардың  барлығы да қазір өзін қазақпын дейді.
Шыңғысханның тұсында ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. бұл тайпалардың біраз бөлігі Алтайдың
арғы бетіндегі Монғолия жерінде, біразы Ресей Федерациясы мен қазір Қытай
мемлекетіне қарайтын жер аумақтарында өмір сүрді. Сонымен бірге бұл
өңірлерде аталған тайпалардан басқа да түрік тайпалары тұрып жатты:
татарлар, онғыттар, ұранқайлар, дөрбеттер, т.б. Бұл тайпалар Қытай
қорғанынан бастап Венгер жазығына дейінгі  ұлан-ғайыр байтақ далаға иелік
етті.
Көшпенділер Шыңғысханды екі рет хан сайлады. Алғаш рет  ол 1189-1190
жылдары хан атанды, бір тайпаның көлемінде ғана билік жүргізді. Екінші рет
1206 жылы құрылтай шақырылып, шығыс аймақта тұратын тайпалар оны 45 жасында
қаған сайлап Шығыс қағаны деген атақ берді. Барлық дереккөздерде де, оның
ішінде осы Құпия тарихта  да оны қаған деп жазады. Аударушылардың мұны
көрмей қалуы мүмкін емес. Бірақ  аудармашы-тарихшылардың араласуымен ол
дала өмірінде жиі кездесетін хандардың бірі болып шыға келген. Неге? Біздің
ойымызша, қаған титулы Ұлы Түрік қағанатының билік дәрежесі болғандықтан
аудармашылар оны Шыңғысханға қимаған. Егер ол қаған болса, онда ол түрік
болғаны. Тарихи жылнаманы көшіріп жазушылар Шыңғысханды Ұлы Түрік қағанаты
құлағаннан кейінгі байтақ далада қаптап жүрген көп хандардың бірі қылып
көрсетуді қолайлы тапқан. Бұл бұрмалау үшін ыңғайлы. Ал, Құпия тарихтың
авторы Темірді алғашқы билік құрған кезінен бастап қаған деп атай береді.
Шежіре Шыңғысхан  қайтыс болғаннан кейін 13 жылдан кейін жазылғанын
ескерсек, бұл уақытта әмірші көпшіліктің көкейінде қаған ретінде жатталып
қалғаны түсінікті.
Зерттеу объектісі. ХІІ-XІІІ ғасырлардағы Монғол империясының
Ұлы ханы Шыңғыс ханның саяси билік жүргізуі ірі тарихи оқиғалардың бірі
болып табылады. Осы кезеңдегі Шыңғыс ханның билік басына келуіне жазба
деректердің негізінде жан-жақты тарихи талдау жасау, оның жүргізген
саясатын, елдегі қоғамдық өзгерістің, тарихи маңызын көрсету біздің
дипломның негізгі зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу пәні. Шыңғысханның хан сайлануы мен оның құрған әскери-
стратегиялық жүйесінің сырт елдерге әсерін жан-жақты зерттеп, объективті
тарихын айқындау.
Тақырыптың тарихнамасы. Шыңғысханның тарихын зерттеуде Рашид ад-
Диннің еңбектерінің маңызы зор. Парсы тарихшысы Жувейни ХІІІ ғасырдағы
монғолдарға сипаттама берген. Жасаның қаулылары туралы неғұрлым егжей-
тегжейлі деректерді біз ХІІІ ғасырдағы парсы тарихшысы Жувейниден және XV
ғасырдағы мысыр жазушысы Макризиден табамыз. Шыңғыс хан мен монғолдар
туралы ақпарат көздерін бізге көп жеткізген Жувейни мен Рашид ад-Дин.
Рашид ад-Диннің айтуы бойынша, Темучин әлденеше рет тұтқынға
түсіп, кісенделіп, бірақ құдіреттің күшімен құтылып кетіп отырған екен.
Шыңғысханның Жасасы туралы мәлімет қалдырған Рашид ад-Дин.
Жувейнидің жазуы бойынша, Шыңғысханның Жасасы ұйғыр жазуымен
монғол тілінде бумаланған қағазға жазылыпты және Ұлы заңдар жинағы деп
аталыпты. Монғол дәуірін зерттеуші ғалымдардың бірі И.В.Петрушевский: дәл
мұндай дәлдікпен және толыққанды жазылған дереккөзін монғолдың да, қытайдың
да жылнамаларының бірде-бірінен кездестіре алмайсыз.
Шыңғысхан туралы Кафаров еңбек жазды.
Хара Даван Сардар мен оның мұрасы атты кітап жазды.
Мырзабек Қарғабаевтың Шыңғысхан монғол ма? деген еңбегі бар.
Шыңғысхан туралы пікірді тарихшы З.М.Буниятов жазып қалдырған, яғни,
Шыңғысханның мемлекет тәртібіне сай аса қатал заңдар жинағын шығарғанын
растаған.
Шыңғысханның жеке басына сипаттама келтіргендердің бірі –
Жамбыл облысы Мемлекеттік мұрағатының директоры Мақұлбек Рысдәулет. Ол
Шыңғысханның нағыз ұлттылығын зерттеді, Отырарға шабуылын дәріптеді.
Тілеубердіұлының дәлелдеуінше, бізге мәлім Монғолдың құпия
шежіресі деген кітаптың қытайша түпнұсқадағы аты Шыңғыс Қағанның
құзауыры, яғни Шыңғыс қағанның түп-тұқыяны екен.
XIV ғасырдағы ұлы араб саяхатшысы Ибн Баттутаға сүйенсек,
Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай ұлысында, Орта Азияда құрылтай жиналысы
түрікше той деп аталған және жыл сайын өткізілген.
Профессор Е.И.Кычановтың айтуынша, монғолдардың Қытаймен
соғысынан кейін Шыңғысханның армиясы көп ұлтты, көп тайпалы басқыншылар мен
тонаушылар ордасына айнала бастаған.
Деректерге шолу. Бұл дипломды жазу барысында ХІІ-ХІІІ
ғасырлардағы Шыңғысхан құрған монғол империясы туралы нақты ақпарат көздері
ретінде орыс, түркі деректемелерін негізге алдық, көптеген авторлардың
Шыңғысхан және оның құрған империясына байланысты мәліметтерін пайдаландық.
Тақырыпқа байланысты құнды ақпарат көздері Қадырғали
Жалайыридің, Абдулкадир Ювалының, А.Ш.Қадырбаевтың, Мырзабек Қарғабаевтың,
Төреғали Тәшеновтың, Дәулетқали Асауовтың еңбектерінде мәліметтер бар.
Дәулетқали Асауов Шыңғысханның баласы Жошы туралы деректерді
жинады.
Ғизат Табылдиннің Шыңғысхан туралы жазған ғылыми еңбегі бар.
Табылдиннің еңбегінде Шыңғысхан заманындағы әкімшілік заңдар, монғол
әскерінің ұйымдастырылуы, адамдар мен аттар, қару-жарақтар мен жабдықтар,
садақ пен жебе - монғол жеңіл атты әскерінің стандартты қару-жарақтары
болғандығы, жаттықтырулар, соғыс стратегиясы мен тактикасы туралы жазылған.
Шыңғысханның адами болмысы мен саяси портреті және ол жүргізген соғыстары
туралы мәліметтерді Панзарбек Өмірәліден жазып толықтырған.
Тұрсын Сұлтанов Шыңғысхан және оның ұрпақтары деген кітап жазып
шығарды.
Диплом жұмысының жазу барысында Шыңғысханның өмірі мен қызметін
бізге дейін зерттеген ғалымдардың еңбектері, осы дәуір оқиғаларын
бейнелейтін материалдар мен құжат жинақтары, естеліктер, баспасөз
материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеу жұмысын
талдау барысында біз Шыңғысхан заманындағы тарихшылар мен осы уақыттағы
тарихшылардың Шыңғысхан өмірі мен саяси қызметіне байланысты мәліметтері
мен құнды ақпараттарын негізге алдық. Біз өз зерттеуімізде жаңа бағыттағы
ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, отандық және шет елдік зерттеулерді
басшылыққа алдық, ғалымдардың тарих саласындағы жаңа әдіс-тәсілдері
қолданылды. Зерттеуде осындай әдіс-тәсілдерді қолдану Шыңғысхан негізін
қалаған Монғол империясының тарихын объективті түрде сипаттауға қол
жеткізеді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Біз жұмысты зерттеу барысында, жазба және
ауыз әдебиетінің деректері мен тарихнамалық жетістіктерге сүйене отырып,
ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шығыс Азиядағы ірі тарихи оқиға Шыңғысханның әлемді дүр
сілкіндіруінің негізі болып табылатын жағдай, ол бір орталыққа бағынған
әскери жүйенің болғандығы және Шыңғысханның біраз жерлерді жаулап алуының
Монғол империясына тигізген әсерінің маңыздылығына жан-жақты тарихи талдау
жасап, қорытындыларын анықтауды мақсат етіп қойдық. Алдымызға қойған
мақсатты орындау үшін бірнеше міндеттерді айқындадық.
Жұмыстың міндеттері:
- Шыңғысханның нағыз ұлттылығы мен сол кездегі Монғол империясының
қамтыған аумағының зерттелуін жан-жақты талдап, ауызша, жазбаша деректердің
негізінде кешенді тарихнамалық талдау жүргізу;
- Темучиннің жастық шақ кезіндегі басынан өткізген жағдайлары
мен мінсіз хан болуының себебін талдап, мұрагер таңдаудағы орын алған
жағдайларды анықтау болды;
- тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде ХІІІ ғасырдағы
Темучиннің 1206 жылғы құрылтайда хан сайлануы, Шыңғысханның енгізген ондық
жүйесі мен Жаса заңдар жинағының негізгі ерекшелігін анықтау.
Хронологиялық шеңбері. Жұмыстың тақырыбы ХІІІ-ХV ғасыр аралығын
қамтиды. Шыңғысханның өмірі, саяси қызметі мен нағыз ұлттылығын анықтауда
біз ерте, әсіресе, қазіргі заман тарихшыларының мәліметтерін жан-жақты
қарастырдық.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш
тарау мен он тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 ШЫҢҒЫСХАННЫҢ БИЛІК БАСЫНА КЕЛУІ
1.1 Темучиннің өмірге келуі, балалық шағы және монғолдардың өзара
қырқысуы мен Темучиннің жоғарылауы

Монғолдың қият руынан шыққан бозбала Есугей баһадүр бірде Онон
өзенінің бойында құс салып жүріп, монғол меркіт руының ақсүйегі Эке-
Чиледуге кезігеді; ол олхонут тайпасының қызына үйленіп, қалыңдығын арбамен
алып келе жатқан беті еді. Есугей күйме пердесін түріп, ішіне үңіліп
қарайды. Күйме ішінен ерекше көрікті жас сұлуды көреді. Күлімдеген көздері
от шашып-ақ тұр екен, жүрек шіркін тулап қоя береді. Бір көргеннен ғашық
болу деген осы еді. Батыл да жылпос Есүгей қас сұлуды қалайда қолға
түсіруді ойлап, аға-інілерін көмекке шақыру үшін тұра шабады.
Жақындап қалған үш жігіттен үрейленген Чиледу қалыңдығын тастап,
тұлпарымен қашып құтылмақ болады. Бірақ Есугей баһадүр мен оның туыстарынан
құтыла алмасын біліп, күймеге қайта оралады. Сонда зерек те зерделі Ұлұн
тұрып:
- Бұл адамдардың ниетін аңғармап па едің? Олардың сені өлтіргісі
келетіндігі түрлерінен де көрініп тұр емес пе? Сен өзін аман-сау болсаң,
қызды кез келген күймеден табасың, кез келген үйден әйел тауып алуға
болады. Өзің аман-сау қалсаң, қыз табылар. Сондықтан да саған, сірә, енді
Ұлұн деп басқа қызды атауға тура келеді-ау. Құтыл, мені құшып сүй де,
жөнел!
Сол сөзді айтып ол көйлегін шешті, Чиледу оны ат үстінен еңкейіп
қолына алды. Бұл кезде түбекті айнала шапқан үшеу таяп қалып еді. Атын
тебініп қалып, Чиледу өзенді бойлай көзден ғайып болды.
Ағайынды үшеуі оны қуып берді де, жете алмасын біліп күймеге қайта
оралды. Есугей Ұлұн атының шылбырынан ұстады, ағасы алдына түсіп, інісі
күймемен қатарласып, жылаған қызды былайша жұбата бастады:
Сенің сүйген адамың шыға қашып кетті елден,
Жоқтап тұрған адамың өтті талай өткелден,
Еңірей бер – ол енді қайта айналып келмейді.
Іздесең де қаншама – cаған жәрдем бермейді!
Ағайындылар олжа қалыңдықты қотанға алып келді, сөйтіп Ұлұн Есугей
баһадүрге әйел болды, ал меркіт руы қият руының, әсіресе ақсүйек меркіт
Чиледу әулеті Есугейдің қас дұшпанына айналды.
Рашид ад-Дин Есугейдің, негізінен, татарлармен көбірек соғысын айтады.
Сол бір өткен дәуірде татар деп Ішкі және Сыртқы Монғолияны, Батыс
және Оңтүстік Маньчжурияны мекендеген, монғол тілінде сөйлейтін тайпалар
бірлестігін атаған. Қазіргі Монғолия жерінің көп бөлігін жайлаған монғолдар
өздерін ешқашан татар демеген. Оның үстіне ХІІІ ғасырда негізгі жұрты
Монғолияның шығыс бөлігіндегі Бұйырнұр және Құлыннұр көлдерінің маңында
болған татарлар монғолдың негізін құрайтын қият, меркіт, керей, найман
тайпаларына жау болып есептелген.
Болашақ Шыңғысхан 1155 жылдың бір күнінде, әкесі татарға кезекті
жорығында, бірнеше татар басшыларын, оның ішінде Темучин-Уге бар,
тұтқындап, жеңіспен оралған кезде туыпты. Аңыз бойынша, Есугей мен Ұлұнның
тұңғышы оң қолымен бір кесек қатқан бауырға ұқсас ұйыған қанды уыстай туған
екен. Есугей мұны баласының атақты адам боларының көктен келген белгісі деп
білді. Әрі өзі дәл жауды жеңген сәтте туған екен, ендеше, оның болашақ
тағдыры – жауынгер, жаулап алушы тағдыры болмақ. Сондықтан да нәрестеге
жеңіліп қолға түскен дұшпан – Темучиннің аты беріледі. Көне монғол тілінде
ол ұста деген сөз болатын.
Ұлұн хатун Есугей баһадүрден тағы да үш ұл – Хасар, Хачиун, Темуге-
Отчигин және Темулүн есімді бір қыз табады. Есугей баһадүрдің екінші
әйелінен Бектер, Бельгүтай дейтін екі ұл туады.
Темучин он-он екі жасқа келгенде, әлі де жап-жас әкесі Есүгей өзіне у
берген қас жаулары – бұйырнұр татарларының қолынан қаза табады. Туысқандары
мен руластары Есугей баһадүр отбасынан сырт айналып кетеді. Темучин, оның
анасы Ұлұн және бауырлары құс атып, балық аулап күн көруге мәжбүр болады.
Сатқындық, талау, зорлық пен өлімді көріп өскен бала өз жақындарына да
қатыгездікпен қарайды. Бірде ойын кезіндегі түкке тұрмайтын ерегіс үстінде
Темучин мен інісі Хасар екеуі – бірі алдынан, бірі артынан көздеп, Бектерді
садақпен атып өлтіреді. Өліп бара жатқан Бектер бұлардың өз інісі
Бельгүтайды өлтірмеулерін сұрап, жалғыз өтініш айтады. Кіндіктес
бауырларының жансыз денесін жақын маңдағы төбеге қалдырып, Темучин мен
Хасар үйіне оралады. Олардың түріне қарап-ақ ақылды ана Ұлұн бәрін де
айтқызбай біле қояды.
- Қанішерлер! - деп ызалана айқайлайды ол. – Мына біреуі менің
құрсағымнан бекерге қан шеңгелдей туды дейсің бе?! Ана құрсағына ауыз
салған жабайы иттер-ай, құртып келдіңдер-ау!
Кейіннен ел ішінің аңызы оның аузына мынадай сөздер салады:
Сен - төбетсің іште жатып жұлынған,
Сен - бүркітсің тасқа барып ұрынған,
Сен - арыстан, тұла бойы ыза кек,
Сен - құбыжық, бәрін жұтар қыза кеп.
Сен - бурасың өз ботасын шайнаған,
Сен – қорқаусың - өз апанын лайлаған,
Сен - бір итсің қабаған,
Соқыр, зағип адамдарды талаған!
Төкті аямай қарғысын,
Көне сөзден арғысын
Ызалана ұлдарына жаудырды!
Темучин Бектердің өліміне тек өзі ғана жауапты болғанды жөн көрді.
Есугей баһадүрдің өлімінен соң іле-шала, 1167 жыл шамасында, оның қол
астындағы тайпалар бірлестігі ыдырап кетті. Темучиннің әкесіне қарап келген
олардың үлкен бір бөлігі сол кезгі монғол тайпаларының ең күштісі тайшуат
тайпасы көсемінің туы астына ауысты.
Жетімдіктің жүгі ауыр. Қият тайпасының жаулары тайшуаттар, меркіттер
және басқалары Есугей отбасының қонысына жиі-жиі шабуыл жасап, малын айдап
алып, Ұлұн, Темучин және оның бауыр-қарындастары орманға барып паналауға
мәжбүр болды. Шешелері кек алуды ойлап, ұлдарына тайшуаттардың бұларға қас
дұшпан екенін үнемі ескертіп отырды.
Бірде тағдыр жазуымен жас Темучин тайшуаттар қолына түсіп, өлім
аузынан қалады. Оның мойнына ағаштан жасалған ауыр мойынтұрық – ағаш бұғау
кигізіп, күзет қояды. Бірақ зерек Темучин ебін тауып қашып құтылады да,
үйіне келеді.
Аса құнды аңыздар бойынша ол былай болып еді:
Бірінші жаз айының 16-жұлдызында, - деп әңгімеленеді деректемеде, -
тайшуаттар Онон өзені жағасында толған ай мерекесін тойлап жатқан болатын.
Мерекенің аяқталғанын хабарлағандай болып күн еңкейген кезде, Темучинді
күзететіндер ішінен әлжуаздау бір жігіт тұтқынды ертіп өзенге келеді.
Қашуды бұрыннан ойластырып жүрген Темучин тойға жиналғандар тарап біткен
кезде күзетші қолынан жұлқынып шығып, оны мойынтұрықпен басынан ұрып
құлатып, орманға сіңіп жоғалады. Сол араға тығылған ол орман ішінен өзін
тез тауып алуынан қауіптеніп, суды кешіп барады да, ағыны баяу қойнауына
шалқасынан жатады.
Сол кезде одан айырылып қалған жігіт: Мойынтұрықтыдан айырылып
қалдым! - деп айқай салады. Тайшуаттар қашқынға тынымсыз іздеу салады.
Қауіп бір оның ғана емес, кіммен байланысы бар, соның бәрінің басына төнді.
Ат аяғы жетер жерді меркіттер де торып жүрді. Қай жерден тегін олжаға
кенелеміз деп, жалақтай дала кезгендер көп еді ол кезде. Сол айқайға тұс-
тұстан жүгіріп келген тайшуаттар Онон бойындағы тоғайды тінте бастайды.
Олар ұзақ іздейді, дегенмен таба алмайды. Темучинді тайшуаттардың ішінде
жүрген сұлдұз тайпасының бір монғолы көріп қалады. Ол жас жігітті құтқаруға
бел буады:
- Мәссаған! Осы қулығын ғой сенің, бауырларыңа жақпай жүргенің.
Қорықпа, жата бер, ұстап бермеймін!
Тоғай ішін нәтижесіз тіміскілеп жүргендерге келіп:
- Тайшуат ұлдары! Тапа-тал түсте адамнан айырылып қалдыңдар, енді
қараңғы түнде қайдан таппақпыз? Үйді-үйімізге тарайық та, ертемен келіп
тағы іздейік. Мойнында мойынтұрығы бар адам қайда кете қояр дейсің? –
деген ұсыныс айтты.
Бәрі соған келісіп, үйлеріне тарады.
Серіктері кете салысымен, Сорган-Шира қайтадан Темучинге шауып келіп:
- Іздеуді тоқтатып, таңертең жалғастыруды ұйғардық. Сен біз алыстап
кеткенше күте тұр да, үйіңе қарай жүгір. Егер біреулер байқап қалса, менің
көргенімді айтушы болма, - деп жөніне кетті.
Темучин судан шығады да, Ононды құлдилап отырып Сорган-Шираның киіз
үйіне кіреді. Темучинді көрген Сорган-Шира күйіп-пісіп:
- Қараңды батыр демеп пе едім мен саған? Неге келдің? – деп ышқынады.
Бірақ оның ұлдары Шымбай мен Шылаун тұтқынды аяп, көмектесуді ойлайды
– еңсесін езген ауыр бұғаудан босатып, үй сыртында тұрған жүн тиелген
арбаға жасырып қояды.
Үшінші күні Темучинді өздерінің біреуі жасырып отыр-ау деп сезіктенген
тайшуаттар бәрін тінте бастайды. Сорган-Шира сұлдұздың үйіне де келіп,
мұқият тінтіп, тіпті Темучин жасырынған жүнді де істікпен түйрей бастайды.
Сорган-Шира болса:
- Мұндай аптап ыстықта жүн астында қалай отырсың! – деп қояды.
Тайшуаттар тіміскілеуін тоқтатып тарап кетті. Олар кете сала Сорган-
Шира сұлдұз Темучинді жирен биеге мінгізіп, жол азығына піскен ет, торсық
толы сусын, екі жебесі бар садақ беріп шығарып салады. Темучин көп ұзамай
үйіріне қосылады. Кейін сол сұлдұз тайпасынан шыққан Сорган-Шира
тайшуаттардан қашуға мәжбүр болған. Бұл кезде құдірет-күшке ие болған
Темучин Сорган-Ширадан көрген жақсылығын ұмытпаған екен, ол лайықты
құрметке бөленеді.
Рашид ад-Диннің айтуы бойынша, Темучин әлденеше рет тұтқынға түсіп,
кісенделіп, бірақ құдіреттің күшімен құтылып кетіп отырған екен.
Монғол деректемесі бойынша, тайшуат тұтқынынан босап шыққаннан кейін
Темучин өз отбасымен Бұрқан-қалдунның күнгейіндегі Кулелгу шатқалында тұрып
жатады. Ол жерде олар тарбаған, тау атжалманы – күшігур аулап, соны азық
еткен.
Осынау оқшау тірлікте Ұлұн хатунның отбасы әлденіп, балалары ержетеді.
Темучин күшті жас жігіт болып өседі. Ақылды да айлалы, епті де батыл
Темучин, арасында текті әулеттен шыққандары бар, бір топ жалаңдаған жас
тобырдың басшысы болып шыға келеді, олар оны өздерінің көсемі деп таниды.
Бөрте
Ерте дәуірлерде-ақ көшпенділер құдаласу, некелесу арқылы
одақтас тауып отырған. Сондықтан да, Темучин Бельгүтайды ертіп, қалыңдығы
Бөртенің әкесі Дай шешеннің ауылын іздеп жолға шығады. Арада қанша жыл өтсе
де, қалыңдығының күткеніне сенімі болды ма, жоқ па, ол арасын дөп басып
айту қиын.
Ал қоңырат тайпасының көсемі Дай шешен қағидаларды ешбір
бұлжытпайтын. Ол Есугей баһадүрге берген сөзінде тұрды. Қызы Бөрте оң жақта
күтіп отырды. Темучин мұны естіп қуанды. Қалыңдығын алып өз шаңырағына
әкелді. Отбасылық өмірдің қызық-шыжығы басталды.
Темучин осы кезде өзінің әулет басшысы болып есейгенін, отбасы
мүшелеріне қорған болуға тиіс екендігін түсінді. Темучиннің өзімен бірге
отбасында бес әйел заты бар еді: келіншегі Бөрте, анасы Ұлұн, қарындасы
Темулун және әкесінің жесірі Сочигел мен оның егде тартқан қызметшісі.
Еркектерден Темучиннің өзі, туған бауырлары - Хасар, Кашигун, Темуге-
Отчигин және Сочигелден туған Бельгүтай тұратын.
Темучин келесі қадамын керейіттердің құдіретті әміршісі Тоғырыл ханға
қарай жасайды. Ол да Дай шешеннің қызын алған, Темучинге бажа болатын.
Бірақ оған түрткі болған жекжаттығы емес, басқа нәрсе.
Көзі тірісінде Есугей баһадүр Тоғырыл ханға таққа таласқан
бақталастарын жеңуге қол ұшын берген болатын. Сол кезде екеуі анда болып,
басқаша айтқанда, өкіл бауыр болуға ант берісті. Ғұрып бойынша, олардың
бірі қайтыс болса, марқұмның отбасы екіншісінен толық қолдау табуы тиіс.
Темучин Тоғырыл ханға Хасар және Бельгүтаймен бірге барады. Керейіттер
әміршісі оларды жылы қарсы алады, тіпті Темучинге қарулы жасақ басқаруды
ұсынады. Бұл, шамасы, өз әскерінің онбасылығы болса керек. Болашағы бұлдыр,
ең төменгі шеннен Темучин бас тартады. Бәлкім тыныш өмір сүріп өткен
келеңсіздіктерді ұмытқысы келген де шығар. Қалай болғанда да, мықты
әміршінің қолдау беретін уәдесін алып, ауылдарына қайтады [1].
Меркіттер тұтқыны
Тұрмыстары жөнделіп, тауқымет біткен артта қалғандай, тыныштық
орнаған кез еді. Алайда, Бөрте тұңғышына аяғы ауыр кезде ауылды меркіттер
шауып, оны тұтқынға алып кетеді. Сөйтіп, Бөрте Чильчир-бохосардардың
шаңырағынан біра-ақ шығады.
Тоғырыл хан араласпағанда, Бөртенің тағдыры Ұлұнның тағдырын
қайталар еді. Керейіттер әміршісі ол кезеңде меркіт ханымен араз
болмағандықтан, Темучиннің әйелін қайтаруын сұрап сәлем жолдайды. Бөртені
босатып жібереді. Ол апайы мен жездесі Тоғырыл ханның ауылына жетеді.
Темучин әйелінің бостаңдыққа шығып, керейіттер ұлысында қонақтап жатқанын
естіп, алып келуге Саба деген жолдасын жібереді. Олар қайтып келе жатқанда,
жолда Бөрте босанып, ұл табады. Қыстың көзі қырауда баланы ауыртып алмауды
ойлап, Саба қамыр илеп, шарананы соған орап қойнына тығып алып жүреді.
Темучин келіншегін төрт ай көрмей кездеседі және ұлды болады.
Екі қуаныш бірге қабаттасып, шаттығы тасыған ол: Бізге, міне, сәтін салып
жаңа қонақ келді, - дейді. Осылайша, нәрестеге Жошы деген есім беріледі.
Монғол тілінде Жошы жаңа қонақ деген ұғымды білдіреді.
Кейбір тарихшылар Бөртенің тұтқында болған және одан босатылып
шыққан кезін ортағасырлық мәліметтерге сүйеніп, басқаша баяндайды. Олардың
пікірінше, Тоғырыл хан мен Жамұқа шешен Темучинге қолдау көрсетіп, түн
қараңғысында меркіттерді шабады. Сөйтіп, Темучин Бөртені қайтарады, ал
одақтастары қалған олжаны тең бөліседі.
Келісуге болатындай-ақ еді, алайда, Темучиннің ол кезде әскери
ортада беделі болмағанын айтуға тиіспіз. Оның меркіттермен соғысатындай күш
жиюға шамасы әлі келіңкіремейтін. Мұндай жетістікке Темучин кейінірек қол
жеткізді.
Нөкерлер
Меркіттердің шапқыншылығынан кейін Темучин қолына қару алып,
дұшпандарына қарсы тұруға мәжбүр болды. Әрине, онда тек дұшпан ғана емес,
дос та бар болатын. Темучин олардың бәрін нөкер деп атады, себебі, бұл
дос деген сөз еді. Кейін монғолдар үлкен күшке айналып, әйгілі жаулау
жорықтарын бітірген кезеңде бұл сөз көшпенді ақсүйектердің оққағары деген
мағынада қалыптасты.
Темучиннің ең сенімді нөкерлері – Желме мен Боуыршы. Олармен
бозбала күнінде танысқан. Ухэ деген лақап атқа ие Желме ұранхай тайпасының
ата тегінен бері жауынгер әулетінде дүниеге келген. Әкесі – Есугей
баһадүрдің үзеңгілес серігі Хабыл ноян.
Темучин өз әскерінде қаһарлы сырттан деген ең жоғарғы атақты
алғаш Желмеге береді. Жалпы, Монғол империясында бұл атақ бар болғаны төрт-
ақ қолбасыға берілген. Олар: Желменің інісі Сүбедей баһадүр, Жебе атанған
Жирго-адай және Темучиннің үшінші ұлы – Үгедей.
Боуыршы болса, далалық ақсүйек Наху-Баянның шаңырағында дүниеге
келген, арулат тайпасынан шыққан. Әкесі оны жастайынан ілім-білімге,
қолөнерге бейімдеп тәрбиелейді. Кейінірек Боуыршы Монғол империясының бүкіл
шаруашылығын қолында ұстайды және Ұлы ханның бас кеңесшісі болады.
Желме мен Боуыршы Темучиннің нағыз жанашыр серігіне айналады.
Оның билік шыңына көтерілуіне де сол екеуі бастап жол салады, осы жолда
тыным таппай қаншама жақтас табады. Темучин олардың сенімін ақтады. Ондай
адам сирек кездеседі әрі оның жұртты өзіне қарай баурайтын қабілеті болды.
Басқалар Темучиннің төңірегіне топтала берді, ақыры ол монғол ру-тайпалар
одағының басшысы болып тағайындалды. Ол қоғамның басқару жүйесі әскери
демократия аталады, онда хан құрылтай аталған әскери кеңестің шешімімен
таққа отыратын.
Тұтқыннан туған, басынан құлдықты кешкен Темучиннің халық
құрметіне ие болып, сайдың тасындай сарбаздарға бас болатындай қандай
қасиеті болды? Оның соғысты жеңіске жету жолындағы өнерге айналдырған ұлы
стратег әрі тактик болғанын айту жеткіліксіз. Осыларға қоса, ол үнемі аз
күшпен өзінен әлдеқайда көп дұшпандарын тізе бүктірген.
Темучин көзі тірісінде-ақ монғолдың жауынгерлік рухының
үлгісіне айналды. Аз уақыт ішінде ол көшпенді 12 тайпаны бағындырды. 1206
жылы әлем тарихында маңызды оқиға болды.
Шығыс жыл санауы бойынша, барыс жылының қары кетіп, тоң
жібісімен, Онон өзенінің жағасында ұлы құрылтай өтті. Монғол мемлекетінің
саяси өмірінде құрылтай үлкен рөл атқарды; ол ежелгі монғолдағы руластар
бас қосатын отырыстан көшпелі монғол ақсүйектерінің жалпы империялық
жиналысына айналған еді. Ғылыми әдебиетте қалыптасқан құрылтай термині –
монғолдың хурилтай, хурилта сөзінің азды-кем өзгерген түрі. Мұсылман
деректемелерінде бұл сөз құрылтай болып жазылады. Құрылтай жаршысы
көшпенділердің 88 белді кісісінің есімін жариялады. Олардың бәрі Монғол
империясының тұңғыш әміршісінің тірегі болу құрметін иеленеді. Алтын таққа
монғол тайпалар одағының көсемі Темучин Шыңғысхан деген жаңа атпен
отырды.
Бұл аттың мағынасы, қайдан шыққаны нақты анықталған емес.
Дегенмен, монғолдың чино сөзінің мағынасы қасқыр екені мәлім. Сондай-ақ,
Монғол империясының тұңғыш әміршісінің шын есімі де Тукум-чино.
Сонымен қатар, Темучиннің жетінші атасы Бөрте-чино болғанын да
ескерген жөн. Тәңіршілдік дінінің дүниетанымдық түсінігінде ата-баба рухы
жеті атадан кейін бір ұрпағына қонатынына сенеді. Осыған орай, Бөрте-чино
кім болды, қандай істерімен аты шыққан деген сұрақ өзінен-өзі туындайды.
Зерттеушілер Бөрте-чиноның VIII ғасырда, Түрік қағандығы
ыдыраған тұста өмір сүргенін анықтауға қол жеткізді. Бұл алып империяның
орнында Қимақ, Ұйғыр, Қарлұқ, Түркеш, Қарахан хандықтары және тағы бірқатар
ұсақ мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Сондай-ақ, бұл кезеңде түрік
тайпалары Ұлы даланың түкпір-түкпіріне бытырай жайылып, олардың кейбірі
монғол тайпаларымен сіңісіп те кеткені белгілі. Бөрте-Чино есімінің өзі осы
процестің бір айғағы іспетті. Түріктің бөрі дегені де, монғолдың чино
дегені де – қасқыр деген бір сөз. Мұнымен қатар, Бөрте-чино монғолдың
бөржіген тайпасының негізін салушы деп есептеледі.
Бұған қоса, бөрі сөзі – Ұлы Даланы мекен еткен көшпенді
тайпалардың қай-қайсысында болмасын, қасқырдың тотемдік атауы. Ықылым
заманнан бері бұл сөз жауынгер деген ұғымды білдіреді. Орта ғасырларда
мұны тек далалық көшпенділер ғана емес, Қытайдан Мысырға дейінгі аралықтағы
бүкіл халық білген. Ол елдерде көшпенділерді керуендер мен қалаларды, тіпті
мемлекеттік қорғауға жалдаған, олар ұсақ әмірлерді де, ұлы көсемдерді де
қорғаған. Далалық жауынгерлер жат жерде жіктерін ажыратпай, қауымдасып
жүрген. Парақтары сарғыш тартқан талай томдардан олардың фулдар,
гулямдар, куламдар, капукуларлар, кулдар, турушкалар,
кулемендер, мәмлүктер, сол сияқты тағы басқа атауларын кездестіруге
болады. Олардың тарихи отандары соғысты өнер тұтқан небір ежелгі
әулеттердің қонысы Ұлы Дала болған.
Сондай бір әулет – монғолдың бөржіген тайпасы. Темучин ата-баба
дәстүрін жалғастырып, өзінің ұлдарын жауынгерлік рухта тәрбиеледі. Оның
Бөрте хатуннан туған төрт ұлы болды. Үлкені – Жошы, екіншісі – Шағатай,
үшіншісі – Үгедей, кішісі – Төле. Олар жастайынан әкелерінің жорықтарына
қатысып, жауынгерлік кәсіптің қыр-сырын меңгерді. Кейін өздері де
қолбасылық етіп, басқа тайпа, халықтарды бағындыруға ат салысты. Олардың
бағындырған жерлері заңды түрде өздеріне тиесілі болды. Әкеден балаға
немесе жақын туысына мұраға қалып отырды. Сондықтан, Жошының жаулау
жорықтарын назардан тыс қалдырмау керек. Өйткені, Алтын Орданың негізін
салған Бату хан – Жошының ұлы.
ХІІІ ғасырдың соңғы он жылы Монғолия үшін қырқысқа толы жылдар
болды. Жекелеген нояндар мен тайпалар арасындағы сансыз соғыстар, әулетті
тайпалардың әлсіздерге қырғидай тиюі, барымта, тонау, тұтқынға айдап әкету
күнделікті дағдыға айналды. Ол – ол ма, Монғол империясы заманында, ХІІІ
ғасырда Монғолияда үш рет болған парсы тарихшысы Жувейнидің сөзіне
қарағанда, көптеген монғолдар ол кезде талау мен тонауды, азғындық пен
маскүнемдікті ерлік пен артықшылық деп білген.
Бозбала Темучин осындай жағдайда есейді, болашақ билеушінің
аңызға айналған ұстамдылығы, құрыштай қатал мінезі осылайша шыңдалып,
шынықты.
Айналасына бірнеше тайпаларды біріктірген Темучин тайшуаттарға
қарсы жорық бастап, өзінің бағы жануына маңызды баспалдақ болған айта
қаларлықтай жеңіске жетеді. 1185 жылы Темучин монғолдың өзге екі көсемімен
одақтасып, меркіттерге қарсы жорық жасайды да, аса күшті меркіт
тайпаларының одағын тас-талқан етеді. Осы жеңіс Темучинді монғол
даласындағы үстем билік үшін таласып жүрген қолбасылар қатарына қосады.
Жолы болғыш Темучинге басқа тайпалар да қосыла бастайды.
1189 жылы өз қол астындағы тайпалар Темучинді хан сайлайды.
Бірақ, шын мәнінде, ол әлі де болса Монғолияның шығыс бөлігіндегі
билеушілердің бірі ғана еді, оған бүкіл Монғолия бағынатын күн әлі де алыс
болатын. Темучиннің аты керей ханының найман, меркіт және
татарлармен соғысына қатысуы арқылы дүрілдеп шықты. Әлемнің болашақ
билеушісі сол керей ханының бағыныштысы ретінде соғысты. Алайда
бағыныштылық қатынас ұзаққа созылған жоқ. Темучин өз ұлына әйелдікке керей
ханының қызын сұрады, ал керей ханы өз ұлын Темучиннің қызына үйлендіруді
ойлайтын. Бірақ бұл қарсы құдалық жүзеге аспады да, оның зардабы керей ханы
мен Темучин арасының жаулығына апарып соқты.
Темучин өз күш-қуатын арттыра отырып, 1203 жылы керейлерді тас
талқан етіп жеңді де, келесі жылы оның 45 мыңдық әскері наймандар мен
меркіттерге қарсы жорыққа шықты.
Меркіт пен найманның бір бөлігі Темучинге бағынды, қалғандары
Ертістен өтіп, батысқа, Дешті Қыпшақ жеріне қашты. 1204-1205 жылдардағы
жорықтарда бұйырнұр татарлары мен өзінің ең басты жаулары – керей, меркіт,
наймандарды тізе бүктіру арқылы Темучин, жалпы алғанда, Монғолияның басты-
басты тайпаларын өз қол астына біріктіруді аяқтаған еді.
Сөйтіп, 1206 жылға қарай Монғолия бұрынғы толып жатқан
текті де тексіз көсемдердің орнына тумысынан тегеурінді әміршіге, ақылды да
айлакер, деректердің айтуынша, мәселе найзаның ұшына тірелгенде, әмісі
жеңіп шығатын билеушіге ие болды. Оған қоса монғол даласындағы бұлғақ
кезең де аяқталды. Бұл жайлы кейіннен Темучин жақтастарының бірі Кока-Цоса:
... бүкілхалықтық қым-қуыт соғыстан жердің асты үстіне келді. Жұрттың бәрі
ұйқы көрмей бірін-бірі тонаумен болды. Айнала қырғын соғыстан жер үсті
тітіркенетін. Айнала жаулықтан түн қатып көз ілмейсің. Ойлануға мұрша жоқ –
бірігіп іс қылу керек. Барар жерің және жоқ – бірігіп соғысу керек.
Шүйіркелесетін уақыт жоқ – өлген-тірілгеніңе қарамай айқасуын керек деп
жазған. Тарихи драма мен аталмыш мұсылман тарихшылары шығармаларының
деректері бойынша Шыңғысхан, себепсізден-себепсіз баққұмарлық, атаққұмарлық
пендешілікпен бірде-бір тайпаға немесе елге өздігінен шапқыншылық
жасамаған, яғни жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Ол, 9 жасында әкесіз
жетім қалып, әділетсіздік пен кедейшілікті, қиыншылық пен қорлықты, зорлық
пен зомбылықты көп көріп, досқа адал, дұшпанға мейрімсіз болып өсті. Досқа
деген адалдығы сондай, өзіне бірнеше рет опасыздық жасап өлтірмекші болған
досы Жамұқаны өлімге қимай Темучин, оған Монғол мемлекетіндегі менен
кейінгі екінші басшы бол, дейтін ұсыныс жасаған. Оның бұл ұсынысын
қабылдамаған Жамуха, Шыңғысханнан өзін қан шығармай өлтіртуін сұрайды
[2].
Шыңғысхан - әлемді сілкіндіруші, ұлы қолбасшы және жаулап алушы -
кең жерді иемденген және 40000 үйге қамқоршы болған, монғол даласында
ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір
сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан
көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың аяғындағы
монғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған. Есугейдің өзі
Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен соғыста даңқы шыққан.

1.2 Шыңғысханның тегі

АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей сияқты азулы елдер әлем әміршісі
жайында жарыса кино түсіргенімен қатар,енді ұлы қағанның қалайда генін табу
жарысына қызу кірісіп кетті.
Әлемдік біртұтастанудың басында тұрған, Батыс пен Шығысты
тұңғыш рет бірыңғай макроэкономикалық кеңістікте түйістірген - Шыңғысхан.
Басқаша айтсақ, ұлы қаған әлемде ортағасырлық жаһандануды бастап берген.
Осылайша жер бетінде су жаңа мәдениет түрі мен өмір сүру стилі қалыптасқан.
Бірыңғай ақша саясаты, дүниежүзілік сауда ұйымы, дінаралық татулық, әлемдік
және дәстүрлі діндер съезі, гендерлік саясат, демократиялық, дипломатиялық
принциптеріміздің бәрі ұлы қағаннан қалған жұқаналар екен. Тіпті қазіргі
несиелік карточкалардың идеясы да Шыңғысхан тұсында пайда болды. 
Бұрын Шыңғысхан - жауыз, делініп келсе, енді ол әлемдік
өркениет көшін үлкен жолға салып берген ұлы тұлға ретінде бағалануда.
Шыңғысханның Вашингтонда ескерткіші қойылғалы жатыр. Мұны алыс жағалау елі
әлемге билігін жүргізуді Шыңғысхан жолын жалғастыру арқылы бастағалы отыр
деп бағамдауға болады.
Не керек, зерттеушілер генетикалық коды бойынша Шыңғысханның өз
белінен тараған ұрпақтарын түгелдеуге кірісті. Қытайлық ғалымдардың ұлы
қағанның генін таптық деген тұжырымдары бар. Олай болса, ұлы қағанның
моңғол не түркі екені көп ұзамай анықталуы мүмкін. Қытайға қарасты ішкі
Монғолияның ауылшаруашылық университетінің зерттеушілері қағанның генін
табу үшін ұзақ жылдар еңбектенген. Олар өз зерттеулері үшін ұлы жаулаушының
34-ұрпағының қанын сарапқа салған. Шыңғысханның ол ұрпағы сунит руынан
екен. Қытайлықтар суниттер басқа рулармен қан араластырмайтындықтан,
гендері таза сақталғанына сенімді. Жобаның авторы Чжоу Хуаньмин Біз 199
этникалық моңғолдың генін тексереміз. Осылайша генетикалық база жасаймыз.
Сөйтіп, этностың эволюциясын, қай жерге дейін көшіп-қонғанын тыңғылықты
зерттейміз деп отыр.
  Қазір Қытайға қарасты Ішкі Монғолияда (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы
ауданы мен Цинхай провинциясында) және Монғолия мен Ресейде 16 миллионға
дейін этностық моңғол тұрады делінеді. Әзірге белгілісі, ұлы ханның ұрпағы
ретінде Алтай қазақтары, буряттар, тывалар мен қалмақтар мақтануға болады.
Дегенмен Магадан академиясында қызмет атқаратын Мирослав Деренконың
дерегінше, ұлы ханның ұрпағы ретінде Алтай қазақтарының ғана мақтануына
хақы бар. Себебі Шыңғысханның 8,3 гені алтайлық қазақтарда сақталған екен.
Шыңғысхан империясына 300 жыл бодан болған орыстардың да қанында ұлы
қағанның қаны баршылық екен. Оны ресейлік ғалымдар мойындап отыр. Орыс
халқының елу пайызы ұлы императордан болмаса да моңғол жаулаушыларынан
туған деген болжам-пікірлер бар.
XX ғ. бұрынғы Кеңес Одағының археологы Л.Л.Викторова
монғолдардың этногенезін зерттеп, монғолдар тегі – Бортечино, ашина
түріктердің Шығыс Монғолиядағы монғол-татарлардың арасына қоныс аудара
келіп, кірме ретінде сіңіскен тармағы дейтін пікір білдірген [3].
Шота ағамыз қайбір жылы Монғолияға барғанда, моңғолдар
Шыңғысханның өзі келгендей қуаныпты деседі. Соған қарағанда, Шыңғысхан -
қазақ деген тұжырымдардың астарында бір мән жатыр-ау [4]...
Гуманитарлық ғылымдарда, қытай тарихында дунху, шань жун, бэйди
дейтін атаулармен берілген тайпаларды – ортағасыр монғолдарының ата-
бабалары дейтін жаңсақ, қате пікір қалыптасқан. Бұл пікірдің қате
екендігін, X-XII ғасырлардағы Үшөзендік монғолдардың тегі–хун мемлекетінің
басында тұрған үш тайпаның бірі, Хуянның, яғни монғолдардың түркілер
екендігін Сюньюй мен Хунну және Ашина мен Ашидэ, қимақ-қыпшақтардың
этногенезі дейтін Панзарбек Өмірәлінің диссертациялық зерттеуінде толық
дәлелденді [5].
Мен Шыңғысхан туралы фильм түсіргім келеді. Осыған қатысты
маған көптеген ұсыныстар түсуде, алайда мен шын мәнінде тек сол персонаж
жайлы үлкен эпос түсіргім келеді. Мен сол фильмді түсіруге бел будым. Осы
мәселеде Шыңғысхан өмірімен жете таныс менің досым – Астана әкімі Иманғали
Тасмағамбетов көмектесетін шығар, - деді Стивен Сигал.
Менің досым Иманғали Тасмағамбетовтің пікірінше, Шыңғысхан осы
жерде жерленген. Оның мазары өте үлкен болған, ханмен бірге ол жерге оның
бар байлығы, аттары мен әскері жерленген деседі. Аңыз бойынша, мазарға тап
болғандардың көбі сол жерде не өз-өздеріне қол жұмсаған, не олар қандайда
бір қайғылы жағдайға ұшырап отырған. Менің ойымша, сол мазарды күні бүгінге
дейін таппауымыздың бірден-бір себебі, ханның аруағы оның тыныштығын
бұзғанымызды қаламайды. Алайда, Жаратушы нәсіп етсе, біз оны тауып
қалармыз, - деді актер. Қытай ғалымдары монғол императоры Шыңғысхан
геномының шифрін түгел анықтады. Генетикалық код құрылымы ұлы хан
ұрпақтарының Алтайдан Каспийге дейін қалай таралғанын зерттеуге мүмкіндік
береді.
Қытайдың Ішкі Монғолия ауыл шаруашылығы университетінің
мамандары әйгілі тұлға ДНК-сы мен РНК-сы құрамындағы амин қышқылы мен
нуклеотидтердің бастапқы бірізділігін ұзақ жыл бойы зерттеп жүрген болатын.
Осы еңбектің нәтижесінде билеуші геномының құрылымын түгел айқындайтын
символдық жазба түзілді. Зерттеушілер Шыңғысханның 34-інші тікелей
ұрпағының қан сынамасын негізге алған. Өйткені бұл тұқым өзге этникалық
топтармен араласпаған көрінеді. Жоба жетекшісі Чжоу Хуаньминнің айтуынша,
алдағы уақытта басқа моңғолдардың 199 геномын зерттеу жоспарланып отыр. Бұл
Шыңғысхан ұрпақтарының генетикалық мәліметтерінің базасын жасау үшін қажет.
Айта кету керек, генетика ғылымында монғол геномы тұңғыш рет зерттеліп
отыр. Келешекте бұл зерттеу осы этнос жөнінде тың мәліметтерге қол
жеткізбек. Ғалымдардың есебінше, қазір Монғолия, Қытай, Қазақстан мен
Ресейде Шыңғысханның 16 миллионға жуық ұрпағы бар. Ұлы билеушіге мейлінше
жақын туыстар– Алтай өңірінің халқы [6].
Батыр бабаларымыз қалай монғол атанған?
Астана. 11 қазан. Baq.kzТуса мыңжылдықтарда бір-ақ рет туатын
кемеңгер қаған Шыңғысхан жайлы күні бүгінгіге дейін мыңдаған шығармалар
жазылды. Бірақ, соның бәрі негізінен бас-аяғы 20 шақты дереккөзге сүйеніп
жасалған. Солардың ішінде құндылығын әлемдік қауымдастық түгел мойындаған,
ғылыми орта шынайылығына шек келтірмей бірауыздан қабылдаған санаулы
түпнұсқаның бірі – Джами ат-тауарих. Авторы белгілі парсы тарихшысы және
саяси қайраткері Рашид ад-Дин Фазлаллах ибн Имад ад-Даула Абу-л-Хайр
Хамадани (1247-1318жж).

Рашид ад-Дин аталмыш еңбекті Газан ханның тапсырысы
бойынша 1300 жылы бастап, тек 1310-11 жылдары ғана аяқтаған.
Джами ат-тауарих-тың маңыздылығы сол – ол Шыңғысхан қайтыс
болған соң 67 жылдан кейін, жылнамада баяндалған тарихи оқиғалар
өткен жерлер мен оған қатысты адамдардың көзі тірісінде,
куәгерлердің айтуы бойынша, күні кеше ғана өткен тарихи оқиғалар
ұмытылмай тұрған кезде жазылғандығында. Қазақ қауымы үшін бұл
кітап XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының
ара-жігін ажыратып беруімен құнды. В.В. Бартольд Рашид ад-
Динанің еңбегін аса жоғары бағалай келіп: Мұндай тарихи
энциклопедия орта ғасырларда әлемнің ешбір халықтарында, Азияда
да, Еуропада да болған жоқ деп бір сөзден түйіндеп берді. Ал,
И.П. Петрушевский: Шыңғысхан державасының құрылуы және монғол
халқының қалыптасу тарихын зерттеу үшін Алтан дептер (Алтын
дәптер) дереккөзі және Қытай тарихы мен монғолдың ескілікті
әңгімелеріне сүйене отырып жазылған Джами ат-тауарих жылнамасы
Құпия аңыздан (Сокровенное сказание) да құнды, әрі негізгі
түпнұсқалық болып табылады дейді.

Енді өз тарихымызды түгендеуге ойыссақ. Сонау Сақтар дәуірінен бастап
күні кешегі Алтын Орда заманына дейінгі аралықта ат тұяғы жеткен жерге
билігін жүргізген батыр бабаларымыздың қалай монғол атанып кеткендігіне
келейік. Қазіргі күні әлемнің түрлі елдерінде түркі тектес 45 ұлт бар.
Олардың ішінде Тәуелсіз мемлкет атанып отырғандары алтау – Қазақстан,
Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан,Түркменстан, Өзбекстан. Джами ат-тауарих-
тың бірінші томының 2-ші бөлімінде түркі деп жалайыр, керейт, бекріт,
сүніт, ойрат, татар, меркіт, кұрлауыт, тарғыт, ойрат,барғыт, көрі , тулас,
тұмат, бұлағашын, кэрэмшын, ұрасұт, төленгіт, күштемі, орман ұранқат,
құрқан,сақаит тайпаларын атаған. Рашид ад-Дин ол тайпаларды қазір моңғол
деп атайды деп анық та айқын жазады. Енді Рашид ад-Диннің өз сөзімен:
Соның салдарынан көптеген түркі тайпалары монғол атанып кеткен. Өйткені,
мұның алдында татар тайпасы жеңімпаз шығып еді, барлық тайпалар татар
атанды, бұл сол сияқты деп тұжырымдайды. Джами ат-тауарих-тың бірінші
томның 4-ші бөлімінде Рашид ад-Дин түбі түркілік нирун тайпасы туралы
қызықты дерек келтіреді. Тарихшы нирун деп Шыңғысхан мен бір атадан туған,
Аланқұбаның ұлдарының ұрпақтарынан тараған, қаны таза бір қауым түркі
тайпаларын атайды. Олар – қатаған, салжуыт, тайжуыт, хартақан ,сижуыт,
чинас, нуякин, үріт , манғыт, дурбан, баарин, барулас, хадарқын, жұрат,
будат, дулат, йисут, сукан, күнқият.
Әлбетте, Джами ат-тауарих-та қазақ халқының ру-тайпалық
жіктелуін ажыратуға қажетті деректер аз емес. Рашид-ад-Дин мұнда аты
аталатын түркі тайпаларының (керейт, найман, бекірін, қырғыз, қарлұқ,
қыпшақ, т.б) жекелей алғанда өз көсемі, өз хандары болды дейді. Жалпы
белгілі деректер бойынша Джами ат-тауарихтың 3 томдығы болған, соның
бізге жеткені 2 томы. Есесіне аталмыш еңбектің дәлме-дәл көшірілген
қолжазбалары аз емес. Сондай қолжазбаның үшеуі Өзбекстан ҒА Шығыстану
институтының жеке қорында сақталған. Осы шағын материал сол көшірмелердің
орысша нұсқасы бойынша жазылды [7].

1.3 1206 жылғы Ұлы құрылтай, Жаса және Шыңғысханның біліктері

Құрылтай ресми тұрғыда ірі соғыс жорықтарымен байланысты
мәселелерді, ішкі саясат мәселелерін шешетін өкімет билігінің ең жоғарғы
органы болды.
Құрылтайда хан сайлау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
Шыңғысхан жайлы
Шыңғыс хан әулеті
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізі
Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда
МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ. ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ ТҮРІК-МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ
Моңғолдардың Қазақстан жерiне басып кiруi
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Ұлыстардың құрылуы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Пәндер