XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..



1. Қазақстан аумағында соңғы орта ғасырларда құрылған мемлекеттердің экономикасы, әлеуметтік ұйымдары және мемлекеттік.әкімшілік құрылымы (XV ғ.)
2. Қазақстан Қазақ хандығы құрылар алдында және құрылу кезеңінде
Қазақ ұлтының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аумақтағы геосаяси жағдай
3. XVI . XVII ғасырлардағы Қазақ мемлекеті (Қазақ хандығы)
4. XV . XVII ғғ. қазақ хандарының билеу кестесі
1418 - 1421 жылдары Моғолстанда өкімет билігі Уәйіс ханның қолында болды. Моғол тағынан екінші бір үміткер Шер-Мұхаммедтің өтініші бойынша 1421ж. маусымда Ұлықбектің өзі Моғолстанға жорыққа аттанды, бірақ әзірге Моғолстандағы өзара қырқыстарға араласуға бас игісі келмей, Қарабұлаққа дейін жетті де, кері қайтты. Бұл елдегі өзара алауыздық қақтығыстарға сипаттама беру тұрғысынан Хафиз-и Абрудың Темір ұрпағы Шахрух елшілігінің Моғол жері арқылы Қытайға барған жолын баяндайтын әңгімесі көңіл аудартады. Елшілік солтүстік жолмен, яғни Оңтүстік-Шығыс Қазақстан арқылы Ташкент - Сайрам - Ашпара - «моғол елі», яғни Моғолстан арқылы жүрді. «Уәйіс хан (Вайс хан) Шер-Мұхаммед оғланға қарсы соғыс ашты, ұлыс алауыздық жағдайда» деген хабар алдық. Елшілер Белгіті мекеніне соқпай өтіп, бектердің бірі, Мұхаммед бектің жеке иелігіне жетті. Деректемеде оны «ұлыс хакімі», ұлан-ғайыр иелікті билеуші деп атайды. Күңгір өзенінен өткен соң, Жұлдызға келіп, одан әрі «Шер-Бахрам еліне», әрі қарай «бүкіл Моғолстан арқылы Түрфанға» барады. Елшілер Қытайдан қайтар жолында да толастамай отырған өзара бақталастық қақтығысулардың салдарынан « Моғолстан жолдары тынышсыздау болғаны себепті» оңтүстік бағытпен: Хотан - Қашқар - Әндіжан арқылы жүргенді жөн көрді.
Ұлықбектің көмегіне сүйенген Шер-Мұхаммед 1421 ж. елде билікті өз қолына алды. Моғол әмірлері мен бектерінің бір тобы оны қолдаса, енді бір тобы Уәйіс хан жағында қалды. Шер-Мұхаммед Моғолстан ханы болғаннан кейін Ұлықбекке бағынуды қойды, бұл 1425 ж. Темір әулетінің Моғолстанға жорыққа аттануына себеп болды.
Темір әулетінің XV ғасырдың 1-жартысында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағына байланысты ұстаған саясаты осы аймақтар «көшпелілерінің шапқыншылықтарына тойтарыс беруден» гөрі осы аумақтарға шабуыл жасау бағытында болды. Темір әулеті Түркістан қалаларын басып алды. Барак ханның Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанақ қаласын қайтару бағытындағы талаптары 1427 ж. Ұлықбектің Ақ Ордаға қарсы жорығына себеп болды. Жоғарыда Темір әулеті әскерлерінің Темірден кейін Талас алқабын басып алу фактісі келтірілді. Ұлықбектің Жетісу мен Қашқария үшін жүргізген күресі оның атасының басқыншылық саясатын ілгері жалғастырды. Темір әулеті Қазақстан аумағын, тым болмаса осынау көршілес мемлекеттердің сыртқы саясатын Мәуереннахр билеушілері үшін қолайлы арнаға түсіруге бағыттап отыруға мүмкіндік беретін өз адамдарына басқартуға күш салды. Кез келген болмашы себепті кезекті шапқыншылыққа сылтау етті. Мысалға, Ұлықбектің 1425 жылғы Моғолстанға жасаған жорығына Шер-Мұхаммедтің қашып кеткен бүлікшіл әмірді Ұлықбекке беруден бас тартуы түрткі болды.
Жорық алдында Темір әулетінің әскерлері Сайрам, Отырар, Сауран, Янги-Тараз қалаларымен қоса, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарын басып алды. Жекелеген жасақтарының құрамы 20 мың адамнан құралған 80-100 мыңдық қалың қол Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Ашпара арқылы өтіп, одан әрі Талас, Қызыл суға (Ақсу мен Боам шатқалының арасында), Ұлы Кеминге, одан әрі Шелек пен Шарын арасындағы Әбіш жазығына барған. Одан әрі - Бөгеті өзені (Кетпен тауының маңында), одан соң Текестен, Күнгестен өтіп, Жұлдыз жазығына барған. Ол Мәуереннахрға Ыстықкөлдің солтүстік жағалаулары арқылы қайтқан (Ыстықкөл қамалы аталады).

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
1418 - 1421 жылдары Моғолстанда өкімет билігі Уәйіс ханның қолында болды. Моғол тағынан екінші бір үміткер Шер-Мұхаммедтің өтініші бойынша 1421ж. маусымда Ұлықбектің өзі Моғолстанға жорыққа аттанды, бірақ әзірге Моғолстандағы өзара қырқыстарға араласуға бас игісі келмей, Қарабұлаққа дейін жетті де, кері қайтты. Бұл елдегі өзара алауыздық қақтығыстарға сипаттама беру тұрғысынан Хафиз-и Абрудың Темір ұрпағы Шахрух елшілігінің Моғол жері арқылы Қытайға барған жолын баяндайтын әңгімесі көңіл аудартады. Елшілік солтүстік жолмен, яғни Оңтүстік-Шығыс Қазақстан арқылы Ташкент - Сайрам - Ашпара - моғол елі, яғни Моғолстан арқылы жүрді. Уәйіс хан (Вайс хан) Шер-Мұхаммед оғланға қарсы соғыс ашты, ұлыс алауыздық жағдайда деген хабар алдық. Елшілер Белгіті мекеніне соқпай өтіп, бектердің бірі, Мұхаммед бектің жеке иелігіне жетті. Деректемеде оны ұлыс хакімі, ұлан-ғайыр иелікті билеуші деп атайды. Күңгір өзенінен өткен соң, Жұлдызға келіп, одан әрі Шер-Бахрам еліне, әрі қарай бүкіл Моғолстан арқылы Түрфанға барады. Елшілер Қытайдан қайтар жолында да толастамай отырған өзара бақталастық қақтығысулардың салдарынан Моғолстан жолдары тынышсыздау болғаны себепті оңтүстік бағытпен: Хотан - Қашқар - Әндіжан арқылы жүргенді жөн көрді.
Ұлықбектің көмегіне сүйенген Шер-Мұхаммед 1421 ж. елде билікті өз қолына алды. Моғол әмірлері мен бектерінің бір тобы оны қолдаса, енді бір тобы Уәйіс хан жағында қалды. Шер-Мұхаммед Моғолстан ханы болғаннан кейін Ұлықбекке бағынуды қойды, бұл 1425 ж. Темір әулетінің Моғолстанға жорыққа аттануына себеп болды.
Темір әулетінің XV ғасырдың 1-жартысында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағына байланысты ұстаған саясаты осы аймақтар көшпелілерінің шапқыншылықтарына тойтарыс беруден гөрі осы аумақтарға шабуыл жасау бағытында болды. Темір әулеті Түркістан қалаларын басып алды. Барак ханның Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанақ қаласын қайтару бағытындағы талаптары 1427 ж. Ұлықбектің Ақ Ордаға қарсы жорығына себеп болды. Жоғарыда Темір әулеті әскерлерінің Темірден кейін Талас алқабын басып алу фактісі келтірілді. Ұлықбектің Жетісу мен Қашқария үшін жүргізген күресі оның атасының басқыншылық саясатын ілгері жалғастырды. Темір әулеті Қазақстан аумағын, тым болмаса осынау көршілес мемлекеттердің сыртқы саясатын Мәуереннахр билеушілері үшін қолайлы арнаға түсіруге бағыттап отыруға мүмкіндік беретін өз адамдарына басқартуға күш салды. Кез келген болмашы себепті кезекті шапқыншылыққа сылтау етті. Мысалға, Ұлықбектің 1425 жылғы Моғолстанға жасаған жорығына Шер-Мұхаммедтің қашып кеткен бүлікшіл әмірді Ұлықбекке беруден бас тартуы түрткі болды.
Жорық алдында Темір әулетінің әскерлері Сайрам, Отырар, Сауран, Янги-Тараз қалаларымен қоса, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарын басып алды. Жекелеген жасақтарының құрамы 20 мың адамнан құралған 80-100 мыңдық қалың қол Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Ашпара арқылы өтіп, одан әрі Талас, Қызыл суға (Ақсу мен Боам шатқалының арасында), Ұлы Кеминге, одан әрі Шелек пен Шарын арасындағы Әбіш жазығына барған. Одан әрі - Бөгеті өзені (Кетпен тауының маңында), одан соң Текестен, Күнгестен өтіп, Жұлдыз жазығына барған. Ол Мәуереннахрға Ыстықкөлдің солтүстік жағалаулары арқылы қайтқан (Ыстықкөл қамалы аталады).
Оңтүстік Қазақстанның бұл аталған егіншілікпен айналысатын аудандарының халқы тағар төледі (әскери бөлімдерді асырау үшін жиналатын арнайы салық). Бұл, біріншіден, басқыншылар үшін экономикалық жағынан пайдасыз болса, екіншіден, саяси астары бар шара: салық жинау арқылы бұл аумақ тұрғындарының Темір әулетіне бағынатындығы дәлелденді. Деректемелерде көрсетілгендей, тағар осынау ұлан-ғайыр көп әскердің бару және қайту жолына, яғни барлық жолына жетерліктей көлемде жиналған. Әскерлер өздері жүріп өткен жерлердің халқын тонады.
Темір әулеті әскери отрядтарының моғолдармен алғашқы қақтығысы Янги-Тараз маңында болды. Деректемелер осы уақытта Талас алқабында моғолдар ортасында ұлы Түк-Темірмен бірге Ибраһим басқарған керейлердің (керейіттердің), Улжайту Темір басқарған салжұқтардың және Иразан басқарған баариндердің болғанын атайды. Олардың жақын маңдағы қоныс көштері тоналды, Темір әулеті әскерлері кері шегінген моғолдарды Қызылсу өзенінде қуып жетіп, адамдарды тұтқынға ала бастады, қисапсыз олжа тапты: отар-отар қой, үйір-үйір жылқы, сан жетпейтін, аса көп әр түрлі бұйымдар мен заттарды қолға түсірді. Ұлықбектің осы жорығын тәптіштеп жазған Мирхонд Мәуереннахрдың отырықшы билеушілерінің Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындарына жасаған жорығының мұндай тонаушылық сипатын көп келтірген. Әскерлерге оның (Қамар ад-Дин әмірдің ұлы Жаханшах Дулаттың) қол астындағылардан қолға түскендердің барлығын өлтіруге, әйелдер мен балаларды тұтқынға алуға, бұл халықтың (жамағатын) бар мүлкін тонап, талан-таражға салуға рұқсат етілді.
Мәуереннахр билеушілерінің Қазақстан аумағына жасаған әскери жорықтары туралы түпкі деректемелер материалдары ортағасырлық Қазақстан тарихының демографиялық сәттерін анықтау үшін аса қызықты болып табылады. Рас, бұл материалдарда нақты сандар аталмайды, ал талан-таражбен халықты қырып-жою көлемі белгілі дәрежеде тым артығырақ суреттелетінін (ортағасырлық тарихшыға қамқорлық жасап отырған билеуші иесінің табыстарын мадақтау мақсатында) де ескеру керек, бірақ соған қарамастан, бұл мағлұматтарды елемеуге де болмайды. Темір әулеті Қазақстан аумағындағы көршілес мемлекеттерді әлсіретуге байланысты өз атасы, ұлы басқыншы Темір саясатын жалғастырды. Бұл мақсатты орындаудың басты құралдарының бірі халықты қырып-жою, оларды тұтқын етіп әкету, сөйтіп, көрші мемлекет билеушісін оның негізгі күші - бағынышты адамдарынан айыру болды. Мирхонд та бұл жағын қайта-қайта жазады: Қазіргі қимылдарымыздың ең дұрыс сипаты біздің оларды (моғолдарды) жаппай жоюға кірісуіміз болып табылады.
Моғолстандағы ауық-ауық орталықсыз қалу жағдайы тайпалар, ұлыстар, елдер және басқа да жеке иеліктер басшылары - әмірлер мен бектерді не көршілес ұлыс, тайпа көсеміне, не ханға көмек көрсетпей, әрқайсысының өз бетінше қимыл жасауына әкеліп соқтырды. Мирхонд Темір әулетіне жеке-дара қарсы шығып, соның салдарынан бірінен соң бірі сәтсіздікке ұшыраған бірнеше моғол феодалдарын атайды. 1425 ж. ең көп қырғынға ұшырағандар керей, баарин, дулаттар болды. Ақсу өзенінде болған айқаста моғолдар тағы күйрей жеңілді, Ибраһим керейт пен Улжайту сальдуз қаза тапты. Жаханшах дулаттарымен Үлкен Кеминге қашты. Моғол әмірлері мен бектерінің бытыраңқылығын пайдаланған Темір әулетінің әскербасылары олардың әскери күштерінің бірігуіне жол бермеді. Үлкен Кеминдегі Жаханшах дулатқа қарсы 5 мың қолдық жасақ аттандырылды. Біраз уақыт өткен соң, Ұлықбекке жеткен мәлімдеме бойынша, Жаханшах моғолдардың басқа екі әмірі Садр әл-Ислам және Мәлік әл-Ислам күштеріне қосылмақ болып, Ыстықкөлдегі өз жұртына кеткенде, Темір әулеті оның бұл ойының орындалуына жол бермеді. Жаханшахқа қарсы дереу жәнелтілген Сұлтан Уәйіс барластың жасағы дулаттарды тас-талқан етті, ұлыс көсемі тағы да асығыс кері шегінуге мәжбүр болды.
Жоғарыда аталған Садр әл-Ислам мен Мәлік әл-Ислам әмірлердің иеліктері Алтынкөлде, басқа жазбаларда - Ұлықөл, яғни Үлкен көлде, В.В. Бартольдтің болжауынша, Балқашта орналасқан болатын. Ұлықбек Шарында тұрған кезде бұл моғол әмірлері Шер-Мұхаммед ханға бармақ болып, әскерлерімен Іле өзеніне (оны Мирхонд Ақ Құяш деп атаған) келді. Ұлықбек оларға қарсы 20 мың жасақ жіберді, бірақ бұл кезде олар Текес өзенінен өтіп кеткен еді. Деректемеде тағы да бір үлкен шайқас айтылады: Әбіш жазығында (Шарын және Шелек өзендерінің аралығында) Арслан-Қожа тархан жасағы баариндермен айқасты. Ол Үлкен Кеминдегі Жаханшах дулатқа қарсы жіберілген болатын. Тайпаның бір бөлігі қырғынға ұшырап, көптеген адам тұтқынға алынды. Темір әулеті әмірінің қолына олардың бар мүлкі.түсті.
Ең үлкен иелік моғолдардың осы кезеңдегі ханы Шер-Мұхаммедтің елі болатын. Ұлықбек бастаған Темір әулеті әскерлерінің негізгі күштері Ашпарадан Шу өзені арқылы ерте уақыттан Жете (Моғолстан) хандарының үйіне айналған әрі олардың әскерлерінің демалыс орны болып саналатын жоғарыда аталған Әбіш жазығына беттеді. Шер-Мұхаммед мұнда Темір әулеті әскерлерінің келу сәтіне өз әскерлері мен өз уәлаятының әр қиыры мен аудандарынан құрылған әр түрлі жасақтарды Кетпен тауына әкеліп қойған болатын. Ханның отбасы, мал-мүлкі, күш-көліктері, үйір-үйір мал, әр түрлі дүниелері - осының барлығы Текес өзенінің арғы бетіне өткізілді.
Ұлықбектің 1425 жылғы Оңтүстік Қазақстан аумағындағы әскери жорығы жергілікті халықты қисапсыз қырғын-сүргінге ұшыратқанына қарамастан, Моғолстанның мемлекет ретіндегі тұтастығына айтарлықтай әсер ете алған жоқ. Ұлықбектің моғол тағына өз адамын отырғызуға да, Жетісу аумағын басып алуға да қолы жетпеді. Моғолстанның дербес мемлекет ретіндегі маңызы сақталып қалды.
XV ғасырдың 1-жартысында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тынымсыз өзара алауыздық қақтығысулар сахнасына айналды. Қызыр-Қожа хан, Мұхаммед хан, Уәйіс хан тұсында Моғолстанда өкімет билігін орталықтандыру мен ішкі саяси жағдайларды уақытша тұрақтандырудың жекелеген кезендерін феодалдық күрестің жаңа толқындарымен, Жетісу аумағына батыстан Темір әулеті және шығыстан ойраттар жасаған үздіксіз шапқыншылықтары бұзып кетіп отырды. Моғол феодалдарының бір бөлігі өз дербестіктерін нығайту мақсатымен жеке қала-қамалдар сала бастады. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар: [Есен-Бұға] ханнан бөлініп шыққан моғол әмірлерінің әрқайсысы өздеріне қамал салып алды. Олардың барлығы да тиісті дәрежеде ханға бағынған жоқ. Олар мүмкін тағы да кайтып келер деген үмітпен хан да оларға қарсы шара қолдана қоймады, - деп жазады. Бірақ бұл құрылыс олардың отырықшылыққа көшкендігі емес-ті, ақсүйектердің бұл бөлігіне қамалдар іште де, мемлекет шекараларынан тыс жерлерде де оз дербестіктерін нығайту үшін қажет болды.
Көшпелі тайпалар ақсүйектерінің басым көпшілігі көршілес қалалар мен мекендерге тонаушылық шапқыншылықтар кезінде пайда табуға ұмтылды. Мұхаммед Хайдар: Мир Кәрімберді Әндіжан мен мұсылмандарға шапқыншылық шабуылдар жасады, Мир Хақберді бекшік Түркістан мен Сайрамды тонаумен айналысты деп атап көрсеткен моғол ақсүйектерінің бекіністері мен тірек базалары осы мақсатқа қызмет етті. Өзара қырқыстар, ішкі саяси тұрақсыздық, орталық биліктің жоқтығы салдарынан жекелеген тайпалар мен ұлыс қолбасылары көршілес егін шаруашылықты алқаптарға тонаушылық шапқыншылықтары мен жорықтарын жиілетті.
Сыртқы жаулардың басып кіруі ғана емес, ішкі феодалдық алауыздық қырқысулар салдарынан да демографиялық жағдайға айтарлықтай өзгерістер енді. Моғолстан халқының көрші елдерге көшіп, солармен араласып кетуі өте шапшаң жүрді, олар ел ішін жайлаған қуғын-сүргін мен талан-тараждан достары ғана емес, дұшпандарының жағына да шығып отырған. Мырза Мұхаммед Хайдардың айтуынша, шорас [тайпасының] және баарин тайпасының әмірлері калмақтарға, Исан тайша ұлы Амасанжы тайшаның қарамағына кеткен. Тайпалардың екінші тобы қалушылар, бұлғашылар және басқалары Өзбекстанға Әбілқайырдың қарамағына ауысты. Қоншы әмірлері мен тағы біреулері Моғолстан далаларын бүліншілік пен әр түрлі тәртіпсіздікке ұрындырды. Әмірлердің жоғарыда аталып өткен қамалдар салуы сияқты бұл да ұлысбек Мир Мұхаммед шах пен оны қолдайтын басқа тайпалардың өкілдері Уәйіс өлгеннен кейін үстемдік алған кезде етек жайды. Олар 1433 - 1434 жылдар шамасында билік тағына 13 жасар Есен-Бұғаны отырғызды. Барин мен шорас тайпасы көсемдері бастаған екінші тобы Уәйіс ханның басқа ұлы Жүніс ханды қолдап, 30 мың моғол отбасын (150 мың адамнан кем емес) ертіп, Моғолстаннан Мәуереннахрға кетті. Мәуереннахрда бұл отбасыларының басшылары өлтіріліп, қалғандары тұтқынға айналдырылды. Бұл қастандық Ұлықбектің үкімімен істелді. Жүніс оғлан білім алып, тәрбиелену үшін тарихшы, белгілі Зафар-наме шығармасының авторы Шараф ад-Дин Әли Иездиге жіберілді.
Арада бірнеше жыл өткеннен соң моғол көшпелі ақсүйектерінің талап етуімен жаңа хан Есен-Бұға Сайрам, Түркістан, Ташкентке тонаушылық шапқыншылықтар жасады. Оның Темір әулетінің Сырдарияға Жетісу мен Талас алқабы арқылы жүрген бағытына қарағанда бұл уакытта Солтүстік Моғолстан соның иелігінде болған. Темір ұрпағы Әбу Саид мырза бір шапқыншылығында Есен-Бұғаны қуып Янги-Таразға дейін барған, бірақ моғолдар ұрысқа шықпай елдің ішкі жағына қашып кеткен. Келесі жолы Есен-Бұға Әндіжанға дейін жетіп, қамалды қоршады. Бір кездегі әмір Темірдің, XV ғасырдағы Темір әулетінің шапқыншылықтары сияқты феодалдық соғыстар, моғол хандарының өзара алауыздық қактығыстары елді экономикалық жағынан титықтатып, қалжыратты, саяси әлсіздікке ұшыратты. Солтүстік-Шығыс Қазақстан халқы сан жағынан кеміп кетті де, бұл өлкенің бұдан кейінгі тарихына кері әсерін тигізді. Мұны, дәлірек айтқанда, бұл жерлерге ойраттар (қалмақтар немесе жоңғарлар) тарапынан жасалған қысымның ұлғая түсуінен көруге болады.
Соғыстар мен өзара қырқысулардың салдарынан Жетісудағы қазақ тайпалары Орталық және Оңтүстік өңірлерден қол үзіп қалды, тайпалардың этникалық ұлт болып бірігу процесі баяулады (тұтас алғанда бүкіл Қазақстандағы сияқты). Алауыздықтар өндірістік күштердің, соның ішінде адам қорының кемуіне, шаруашылықтың жаппай құлдырауына, ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығына әкеліп соқтырды, өте қолайсыз сыртқы саяси жағдай да мемлекетті әлсіретті.
XV ғасырдың бірінші жартысындағы Жетісудағы моғолдар мен ойраттар. Қазақстанның шығыс шекараларында - тұтас алғанда Жетісу мен Моғолстанда бүкіл XV ғ. бойы ойраттардың кесірінен ауыр жағдай қалыптасты. Олар бұдан кейін де XVIII ғасырдың ортасына дейін үздіксіз шапқыншылықтар жасап, жергілікті халықты мазалауын тоқтатқан жоқ. Ойраттардың Моғолстан аумағына алғашқы жаугершілігі XIV ғасырдың соңында басталды. Ойраттар - Моңғол империясы Өгедей ұлысы моңғолдарының батыс бөлімі. Олар XV ғасырда Хангай тауларының батыс бөктерлеріне, оңтүстікте Гоби құмдарына, батыста Моғолстанға, солтүстікте Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстарына барып шектелетін ұлан-байтақ жерлерді иеленді. Оларды көршілес түрік және парсы тілді халықтар қалмақтар, моңғолдар жоңғар (сол қанат) деп атады - Шами-Жахан билеген тұста-ақ (1399 - 1408 жж.) ойраттар Бесбалық өңірін алды. Уәйіс ханның тұсында (1418 жылдан 1428 жылға дейін, қазақтық жасау, Мұхаммед Хайдар Дулаттың айтуынша, Шер-Мұхаммед билеген кезеңдегі аздаған үзілістермен) ойраттардың шығыс шекараларына қысымы күшейе түсті. Алғашқыда ойраттар мен моғол көшпелі феодалдарының басқыншылық мүдделері оңтүстік-шығыс бағытта ғана қайшы келді. Уәйіс хан 1422 ж. Түрфан қаласын басып алып, оны өз астанасына айналдырды, ал ойраттар Хами қаласына шабуыл жасады. Мұхаммед Хайдардың көрсеткеніндей, Уәйіс хан он жыл ішінде қалмақтардың барлығы 61 шабуылына тойтарыс берген. Бұл ойраттардың Моғолстанға жасаған қысымының табандылығы мен қуатын танытады. Уәйіс хан тек бір рет қана жеңіске жеткен, ол екі рет калмақтар қолына тұтқынға түскен. Соған қарамастан, ойраттар XV ғасырдың 20-жылдарында Жетісу шекараларына жете алмады (Ұлықбектің 1425 жылғы жорығын жазған Темір әулетінің тарихшылары бұл аумақта қалмақтардың болғаны туралы ешқандай дерек бермейді). Дегенмен, олар Уәйіс ханды Моғолстанның шығыс шептерінен ығыстырып шығарды. Ол оз орталығының қалмақтардан қашығырақ болуын коздеп, Түрфаннан Моғолстанның орталық ауданына - Іле жағасына, Ілебалық мекеніне, Жетісуға ауыстырды. Осы уақыттан бастап бүкіл ел қытайларға осы атпен (Ілебалық) танылды. Моғолстандағы бір орталыққа бағынған өкіметтің жоқтығын пайдаланған ойраттар (қалмақтар) 30-жылдары өздерінің Жетісуға бастап кайта жаңғыртып, ешқандай қарсылық көрмей, оның солтүстік-шығыс бөлігі (Жоңғар қақпасы) арқылы Ыстыккөл төңірегіне дейін жеткендігін Мырза Хайдар жазып кетті, дәлірек айтқанда, қалмақтардан қорғану үшін Ыстықкөл аралдарының біріндегі Қой-сой мекенінде қамал салдырған бекшік (қаңлы) тайпасының әмірі Мир Хақберді ғана аздап қақтығысқан.
XV ғасырдың 50-жылдарында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аса қуатты билеуші Есен тайша біріктірген ойраттар шапқыншылығына қайта ұшыра-ды. Олар 1452 ж. Моғолстан аумағына келіп, Шу өзенінің жағасына жетті. Қашқардағы алауыздық қырқысулардан қолы босамай жүрген Есен-Бұға хан оларға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Ойраттар Оңтүстік Қазақстанда 1456 - 1457 жылдары пайда болды да, Сығанақ түбінде Әбілқайыр ханды талқандады.
Ойраттардың көшпелі феодал ақсүйектері Моғолстанның кең-байтақ аумағына, соның ішінде Жетісуға қатты қызыкты, олар мұнда өздерінің қол астындағы рулар мен тайпалар ушін шүрайлы жайылымдық жерлерді басып алуға ұмтылды. Өте қолайлы сауда жолдары да осы жерден өтетін, ал феодалдық соғыстар мен өзара алауыздық қақтығыстар етек алған сол бір аласапыран кезеңде бұл Оңтүстік Қазақстанның егіншілікпен айналысатын отырықшы алқаптары мен Орта Азияның солтүстік-шығыс аймақтарына шапқыншылық жолдары болатыны сөзсіз еді. XV ғасырда ойраттар шапқыншылығы бірнеше рет қайталанды. Олар Моғолстанды әлсірете түсті, міне, сондықтан да Моғолстан ханы Есен-Бұға 50-жылдардың аяғында Батыс Жетісуға келген қазақтар Жәнібек пен Керейді ойраттардың бетін қайтару үшін пайдаланбақ болды. Қазақтар, іс жүзінде, әсіресе 60-жылдардың ортасында Жетісудағы өз иеліктерін ойраттардан қорғай алды.
Қорытынды (ред.). Қазақ мемлекетінің дамуына Моғолстанның да қосқан үлесі бар. 1. Бұл мемлекет Қырғыз, Шығыс Түркістан және қазіргі Қазақстан аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылды. 2. Мемлекет халкьшың негізгі бір бөлігін қазақ ұлты, сондай-ақ Қазақ мемлекетін құраған басты-басты тайпалар: үйсін, дулат, қаңлы, албан, суан, найман, жалайыр және басқа да тайпалар күрады. Шағатай ұлысы, Хайду мемлекеті сияқты Моғолстан мемлекеті де аталған аумақтағы тұрғын халықтың басын күшпен біріктіру арқылы құрылған, төменде әлеуметтік және этно-тарихи тірегі жоқ саяси қондырғы болатын. Сондықтан да ол 160 жылдай (1346 - 1514) салтанат құрды да тарих сахнасынан жоғалып кетті. Ал Жетісудың тұрғын жұрты өзінің рулық, жүздік жүйесі, тіл мәдениетін сақтап атамекендерінде қала берді. Олар өзінің жер аумағы, этномәдени құрылымын сақтап келгені соншалық Ақ Орда ханы Орыс ханның шоберелері, қазақтың хан тағының басты мұрагерлері Жәнібек пен Керей 1459 жылы Жетісуға көшіп оралғанда қазақтың мұндағы үлкен тобы - Ұлы жүз жұрты оларды өз хандары ретінде қабылдап, Қазақ хандығын құру арқылы Қазақ мемлекетінің шаңырағын қайта көтеруге бас ұйытқы болды.

4.4. Қазақстан аумағында соңғы орта ғасырларда құрылған мемлекеттердің экономикасы, әлеуметтік ұйымдары және мемлекеттік-әкімшілік құрылымы (XV ғ.)
Экономикасы. XIV - XV ғасырларда Қазақстан тұрғындарының негізгі кәсібі өткен ғасырлардағы сияқты көшпенді мал шаруашылығы күйінде қала берді. Дала тұрғындары қой, жылқы, түйе өсірді, кейбір өлкелерде ірі қара мал өсірілді. Мысалы, батыс және оңтүстік аймақтар өзен жағалауы, тау бөктерлерін мекендеген ноғайлылар мен қарақалпақтар негізінен ірі қара мал өсірді. Аталған өлкелерде тұрғындар суармалы және Боғарлы жерлерге (Боғара - парсыша табиғи сулы жер - ред.) егін егіп, балық аулаумен айналысты, барлық жерлерде аң аулау кәсібі дамыды. Жылқы малы көшіп-қону және әскери жорықтардың негізгі тірегі болды. Қой шаруашылығы кеңінен дамыды. Қой еті азық-түліктің негізгі түрі болды, қойдың терісі және жүнінен түрлі киім-кешек, төсек-орын жабдығы жасалды, кілем тоқып, киізден үй жабдығын дайындады.
Мал шаруашылығы өнімдерін оңдейтін үй кәсіпшілігі көшпенділердің киімі мен тұрмыстық сұранысын өтей алды. Қайсыбір қолөнер шеберлері ер-тұрман жабдықтап, металдан әшекейлік бұйымдар жасап қана қоймай, семсер, найза, садақ, жебе сияқты түрлі сауыт, сайман жабдықтап, арба, ағаш үй жасады.
Қазақстанның кең байтақ аумағында мал шаруашылығының ежелдегідей өсіп-өркендеу барысында басты үш түрі: отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық типі орасан өзгерістерге ұшырай қоймады. Ондай кейбір өзгерістер тек табиғаттың жағдайымен ғана емес, тайпалардың көшіп-қонуы сияқты саяси оқиғалардың әсерінен де болып отырды. Мысалы, мұндай табиғи жағдайлар мен оқиғалардың әсерінен болып тарихи үрдіс-салт және табиғи географияға байланысты қалыптасып келген көштің бағыты өзгеріп отырды. Қалыптасқан үрдіс бойынша Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Қазақ хандығына қарасты көшпенді ру-тайпалар қыста Шығыс Қыпшақ даласының алыс түкпірлерінен Сырдария аңғары, оның құйғаны, Қаратаудың бөктері, Арал бойына дейін көшіп келетін еді. Аталған аумақтар көрші елдер билеушілерінен найзаның ұшымен қорғалып келді.
XVI ғ. солтүстіктен оңтүстікке халықтың көшуінің жарқын сипаттамасын Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани қалдырған. Бұл кең байтақ дала өзбектердің тұрағы, жаздық жайлауы болып табылады ... қазақ халқы даланың шет аймақтарын, жан-жақтарын қоныстайды. Олар малының көптігінен, жайылымның қажеттілігінен осы кең даланың бәрін мекендейді және олардың әр сұлтанының жеке иелігінде, қол астында бұл даланың белгілі бір аймағы бар. Олардың кой отарларының және сиыр табындарының, жылқы үйірлерінің санын жаратқан иемізден басқа ешкім білмейді. Күз келген уақытта бұл елде ауа райы суытады да, қалың қар жауады, қазақтар даладан қыстауына бет алады. Сөйтіп, олардың көшу тәсілі жайында айтылғандай, [Қыпшақ] даласынан және Еділ (Bolga) деп аталатын өзен бойынан күнделікті көшіп жүріп... екі айдан сон, қыстауына жетеді. Олардың қыстайтын жері Сейхун (Сыр өзені) деп аталатын өзеннің жағалауы.
Ноғайлы малшыларының көштері қалыптасқан үрдіс бойынша қыс-қыстауы Еділдің құйғаны, Каспий теңізінің олтүстік-шығыс жағалауы, ал жаз-жайлауы Еділ-Жайықтың кеуде бойы, Жем өзеніне дейінгі аралықта болды. Бірақ қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты Арал бағыты Сырдарияның төменгі бойымен шығысқа қарай, сондай-ақ Каспийдің оңтүстік бойын жағалап батысындағы құмды ойпатқа дейін баратын болды. Жетісу қоныстарының бағыты қысқа болды. Орта ғасыр тарихының авторлары М.Хайдар Дулати, Авдар-Раззак Самарқанди, Низам ад-Дин Шами, Мирхонд және басқалар мұндағы негізгі жайылымдардың қатарына Ұлы Жұлдыз жайлауын және Іле өзені аңғарындағы Кіші жұлдыз, Әбіш пен Шілік аралығындағы жазық жайылымдарын жатқызады.
XIV - XV ғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тұрғындарының шаруашылық түрлерінде айшықты өзгерістер бола қоймады. Моңғол хан, феодалдарының ұзақ уақыт жүргізіп келген билігі XIII ғ. шығыстан көптеген көшпенді тайпалардың ауып келуі және Шағатай ұлысында үнемі болып тұратын ішкі қақтығыстар (осы қақтығыстар кезінде Моңғол әскерлері тұрақты және уақытша ауысып тұратын еді), Хайду мемлекетінде иеліктердің қайта бөліске түсуі салдарынан Жетісудағы ежелгі қала мәдениеті, отырықшы егін шаруашылықтары XIV ғ. соңына қарай екі жүз жыл ішінде жойылып кетті. Әуелі қала маңындағы егістік округтар жойылып, соңынан Баласагұн, Алматы, Тараз, Қаялық, Екіөгіз қатарлы ежелгі қалалар жойылды.
Сөйтіп қайда да болмасын көшпенді мал шаруашылығы басымдылық бағытқа ие болып, тұрғын халықтардың басты шаруашылығына айналды. Егін шаруашылығының бұрынғы үрдісі XIV - XV ғ. Батыс Жетісу, Шу, Талас өзендерінің бойы, бұрын қалалар болған өлкелерде әлі де үзіле қойған жоқ еді. Жазба деректерде XV ғасырда жаңа қоныстар, керуен-сарайлар, бекіністер құрылысы жүріліп жатқаиы туралы айтылады. Мысалы, Мұхаммед Хайдар Дулаттың хабарлауы бойынша, сондай қоныстардың бірі Ыстықкөл аймағы болыпты. Бірақ қалай дегенмен, мұнда Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғыздар, Моғолстан мемлекеті қарамағында болған кезде қалалық өмір жанданды деп айтудың жөні жоқ. Бұл мемлекеттің экономикалық және саяси өмірінде отырықшы-егістік аймақтары мен Қашқар қаласы маңызды рөл атқарды. Сондықтан болар, Моғолстанда осы жерлер үшін қақтығыстар үнемі болып тұрды. Моғолстан билеушілері XV ғ. соңында қазақ хандары мен шайбанилік билеушілер және Темір әулетінің соңғы билеушілерінің арасында орын алған қақтығыстарды пайдаланып, Сырдарияның ортаңғы бойындағы Ташкент, Сайрамды уақытша бағындырды. Жетісудың көшпенді өлкелерінің тұрғындары мал шаруашылығы өнімдерін өткізді. Қалалық қол өндіріс және астық өнімдеріне деген тұрмыстық сұраныстары оларды егінжай аймақтар, Оңтүстік Қазақстан және Орталық Азия халықтары мен экономикалық қарым-қатынасқа шығуын талап етті.
XIV - XV ғ. Оңтүстік Қазақстан жерінде қалалық және егіншілік өмірде айшықты өрлеу болды. Деректерге қарағанда, Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент қалаларында Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбәрәк-қожа, Орыс ханның басшылығында құрылыс нышандары бой көтере бастады. Тұрғын үй құрылыстары, мәдени және қоғамдық орындардың құрылыстары салынды. Бұрын Моңғол билігі кезінде тоқтатылған қорған қабырғалары, бекіністер қайта тұрғызыла бастады. XIV - XV ғасыр алмасу кезеңіндегі ең ірі құрылыс нышаны Иасы (Түркістан) қаласында Әмір Темір салғызған Қожа Ахмет Иасауи кесенесі еді. Осылайша сәулет өнерінің жаңа стилі қалыптасып, құрылыс салу әдісі жетіле түсті, кірпіш соғу, қыш құю, мәнерлеу, үйдің іші-сыртын оңдеу, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасау сияқты құрылыс материалдарын дайындауға байланысты қолөнер дамыды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырардан қыш құмыра шеберханалары, ұстаханалар, тігін, тоқыма жасайтын қондырғылар, нан пісіретін пештер табылды. Жергілікті қыш бұйымдар өзінің түрлі-түсті өрнектерімен айшықталады. Ақ Орданың астанасы Сығанақта, Отырар және Сарайшықта (бұрын Қыпшақтардың, XVII ғ. Ноғай Ордасының астанасы болған) ақша сарайлары жұмыс істеді.
Сығанақ, Иасы, Сауран, Сайрам және басқадай ежелгі қалалардың аумағындағы егінжай аймақтарда өмір қайта түлей бастады. Суармалы алқаптарда арпа, бидай дақылдары егіліп, бау-бақша өсіру қолға алынды.
Егіншілік және қалалық қол өндіріс өнімдері Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қыпшақ және Жетісу аралық шаруашылық қарым-қатынастарға ұйытқы болды. Сауда-саттық Оңтүстік Қазақстан қалалық өмірінің тірегі болды. Еуропадан Қырым арқылы, Дон өзенінің құйғаны, одан ары қарай Сарайшық, Отырар, Сайрамды басып, ежелгі сауда жолымен Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтай, Шығыс Түркістанға отетін халықаралық сауда жолдары жандана бастады.
Шығыс Қыпшақ даласы, Жетісудың далалық аудандарының малшылары Оңтүстік Қазақстан, Орта Азияның егінші және қала тұрғындарымен жасаған сауда қатынастары арқылы оңтүстік және дала малшылары арасында егіншілік және қалалық тұрмыс-салттың қалыптасуына жақсы ықпал етті. Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқаншылық пен далалық көшпенділіктің қиылысында, аса қолайлы сауда жолының бойында орналасу жағдайы - бұл өлкені көрші халықтардың шаруашылық-мәдениет, экономикалық қатынастардың ұйытқысына айналдырып, көшпенділер мен егіншілер бір-бірінен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруашылық салты, әлеуметтік нормалар мен мемлекеттік ұйымдасушылық, әскери өнерді игеріп, мәдени қарым-қатынастарға жол ашты. Осы қалалар арқылы далалық аристократтардың арасына мұсылман мәдениеті, жазу, кітап шығару өнері таралды.
Оңтүстік Қазақстан өлкесі (сол кездегі атауы бойынша Түркістан), әсіресе, оның солтүстік бөлімі Қазақстан аумағындағы мемлекеттік барлық құрылымдардың ежелгі саяси және экономикалық орталығы болды. Сырдария бойындағы қалалар: Сығанақ, Отырар, Иасы (Түркістан), Сайрам, Сауран, Созақ және басқалар көрші мемлекет билеушілерінің әскери тайталасының басты себепшісі болып отырды. Осы қалалар үшін XIV - XV ғ. Орта Азияны (Мәуереннахр) билеген темірліктермен шайқастар болды. Ақ Орда хандары және Әбілқайыр хан XV ғ. 40-60-жылдары өзара соғысты, осы қалалар үшін алғашқы қазақ хандары шайбанилік өзі-бектерімен шайқасты. Шығыс Қыпшақ билеушілері осы жерден өз билігіндегілерге иелікке жер бөліп беріп алым-салық жинап, осы жергілікті қалаларға сүйеніп дала билігі үшін күресе жүріп, құрылыстар салды. Олар өз жері екенінің белгісі ретінде ата бейітін осында салды (Қазақ үшін ата бейіті қайда болса ата жұрт деген сол - ред.).
Оңтүстік Қазақстан және оның оңтүстік-шығысында қазақтың арғы ата бабалары, ал XIV - XVII ғасырларда қазақтардың өздері бас болып қалалық және диқаншылық мәдениетінің өркендеуіне үлес қосты.
Әлеуметтік құрылымы. Ақ орда, Ноғайлы Ордасы, Әбілқайыр хандығы, Моғолстанда көшпенділердің ру-тайпалық жүйесі ұзақ сақталғандықтан, көшпенді аудандарда қоғамдық қатынастардың феодалға айналу процесі баяу жүрілді. Бірақ қалай дегенмен, қоғамның бұл жүйесі өткеннің қалдығы ретінде емес, әлеуметтік-психологиялық реттеуші күш ретінде жұмыс істеді.
XIV - XV ғасырларда Қазақстан аумағында болған мемлекеттердің әлеуметтік ұйымдастыруының негізі феодалдық қатынастарға негізделді.
Қазіргі заманғы тарихнамада феодализм деп, бұрынғыша К. Маркстың формациялық ілімінің негізі болған әлеуметтік-экономикалық қатынастар емес, қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымы танылады.
Бұл жүйе аксүйектердің қарамағындағылардың да шарт бойынша мемлекетке қызмет атқаратын әскери, әкімшілік және оның т.б. өкілдері алған феодалдық (жер үлесі) жүйесінің болуымен сипатталады.
Бұл жүйе басыбайлылық (vassal and Lehn systema) билік иерархиясы, бір-біріне бағыныштылық, мемлекеттегі алауыздық, билік күшін заңнан да жоғары қою сияқты феодализмнің басқадай түрлері мен тікелей байланысты. Феодализмнің бұл нышандарының көпшілігі, әсіресе, көшпелі ортаға байланысты толып жаткан ерекшеліктеріне қарамастан, Қазақстанның ортағасырлық тарихында да орын алды. Феодализмді тек ондірістік қатынастардың ғана емес, бір-бірімен тікелей байланысты әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани белгілердің жиынтығы ретінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның қоғамдық қатынастарының сипаты ретінде қолдануға болады.
XIV - XV ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік құрылымы тектік (сословие) - таптық қатынаста болды. Түрлі тараптағы ақсүйектер, әуелі Шыңғыс хан әулеті өкілдері, тайпалар мен ірі-ірі ру басылары билеуші жоғарғы тарапты құрады. Қазақстан аумағында салтанат құрған Ақ Орда, Моғолстан және басқа да мемлекеттердің жоғарғы билеушілері - хандар, сондай-ақ толып жатқан сұлтандар мен оғландар (Шыңғыс хан әулетінің билікке келмеген мүшелері) Жошы хам және Шағатай ханнан тарағандар еді. Олар әмірлер, бек, билер, байлар және ру ақсүйектеріне арқа сүйеді. Деректемелерде Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мен Моғолстандағы түркі тайпаларының басшылары көп ретте әмірлер, ал Ноғайлы ордасында - мырзалар атанды. Бірақ бұл мемлекеттердің түркі тілді ортасында бек делінетін байырғы түркі атауы неғұрлым кеңірек қолданылды. Мұны әскери және мемлекет аппараты қызметіндегі толып жатқан атаулардың колданылуынан, тіптен атакты адамдардың өз есімдерінен-ақ көруге болады. Мысал ретінде XIV - XV ғасырларда Шығыс Қыпшақ даласы мен Жетісуда аксүйек өкілдері Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығында ұлысбегі және түменбегі (он мыңның бегі), мыңбегі, тугбегі (ту көтерушілер бегі - ред.), ордабегі, үшбегі қатарлы басқадай лауазымдарға ие болды. Бұл атақ, дәрежелер әлеуметтік және қызмет жүйесінің жоғарғы сатыларына көтерілген түркі ақсүйектерінің өкілдеріне берілді. Моғолстанда бұл таққа Мұхаммед бек, Кебек бек, Қажы бек және басқадай әмірлер ие болды. Ақ Ордада Орыс хан әмірі Әлі бек, Едігенің інісі Иса бек осылай аталды. Әбілқайыр хандығында Мұхаммед бек Қоңырат, Сопы бек Шад, Сопы бек Найман және басақалар осы атақ-лауазымға қол жеткізген еді.
Би атауы XV ғ. Ноғай ұлысында (мысалы, маңғыт тайпа билеушісі Уақас би), Әбілқайыр хандығында (Бұзыпжар би Қытай, Сүйінші би және басқалары), кейінірек қазақ ақсүйектері өкілдері арасында кең тарады. Фазаллах ибн Рузбихан Исфаханидың атап көрсетуінше, бай деп Шығыс Қыпшақ және моғол тайпалары арасында Дәулетті және аса көп мал иесін атаған. Оның әлеуметтік мағынасы да болды. Бұл атау дала шонжарлары өкілдерін үкілеп атау үшін де қолданылды (Әбілқайыр ханның адамдары Қылыш бай батыр, Көншірбай қошшы және басқалар). Моңғол билігі орнағаннан кейін баһадүр (алғашқы мағынасы - батыр, қаһарман, ер жүрек) көшпелі дала шонжарларының атак-лауазымдарының біріне айналды. Мас'уд бек Усман Кухистан және басқа да авторлар шығармаларында көптеген баһадүрлердің есімін атайды. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейінгі уақытта тараған моңғолдық лауазым атауы ноянға келетін болсақ (түркілердің бек араб-парсының әмір атауымен мағыналас), XIV - XV ғ. деректемелерінде Ақ Орда ақсүйектерінің арасында бірен-саран ғана қолданылады.
Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы және Моғолстанның отырықшы және көшпелі бүқара халқы қараша немесе қараша қауым (Ежелгі түркілерде кага budyn) деп аталды. Ұлысбек Құдайдад әмір моғол жұртын жиіркенішпен аразил, яғни азғын деп атаған. Сарай бітікшілері де ақсүйектерге қарсы шыққандарды жексұрын, пақырлар деп төменшіктетіп атайтын болған.
Әдеттегі деректемелерде ақсүйектерге тәуелді отырықшы және көшпенді тұрғындарды утба немесе тәуелділер, басыбайлылар деп атаған. Орта Азия таяу және ортаңғы шығыстағы тәуелді бүұқара да ра'ийат атауымен осы мағынада аталған.
Мұхаммед Хайдар Дулаттың Моғолстан (және оның оңтүстік бөлігі) тұрғындарының әлеуметтік құрылымы жайлы берген мағлұматы да өте қызғылықты. Қашқар мен Хотанның барша тұрғындары төрт топқа бөлінеді. Туман деп аталатын біріншісі ра'ийаттар - басыбайлылар дегенді білдіреді, олар ханға қарайды, жыл сайын оған салық төлейді. Қаушын деп аталатын екіншісі әскер дегенді білдіреді... Әрқайсысы астық, зат және басқа (мүліктер) түрінде табыс алатын үшінші тарапты аймақтар деп атайды. Төртінші топ шариғат қызметін атқарушылар және қайырымдылық орындары, вакфтарды басқарушылар және көлемді түрдегі жер иеленушілер. Шын мәнісінде, бұл жерде әрбір қоғамдық топтың (В.В. Бартольд - тектік тараптар) құзыры көрсетілген: біреулері салық төлейді, екіншілері мемлекетке әскери қызмет көрсетеді. Көшпелі тайпа көсемдері (аймақтардың) әскери немесе мемлекеттік қызмет атқарғаны үшін белгілі бір аймақтар, қалалар мен олардың аумағын шартты түрде иелікке алады. Шенеуніктер мен діни қызметкерлер өздеріне тиесілі қоғамдық міндеттерін атқарып, жер иеліктерінен табыс табады (вакф, мильк және басқалар). Түрлі деректемелер тұрғындардың мұндай әлеуметтік құрылымы Қазақстан аумағындағы басқа қалаларда да болғанын көрсетеді.
Жер қатынастары. Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан ақсүйекте-рінің саяси өкіметі ханнан бастап, ру басшысына дейін олардың экономикалық күш-қуатына негізделді. Оған дәстүрлі меншік құқығы, феодалдардың қол астындағы ру-тайпалардың көшіп-қонып жүрген жайылым қоныстары (жұрт), Түркістан, Батыс Жетісу және басқадай жерлердегі қыстау қоныстарындағы отырықшы егінжай алқаптардың өңделетін бөлімдері, сондай-ақ аса көп малға иелік етуі негіз болды.
Деректемелік нақты материалдардың тапшылығы жер иелену жайын накты саралап көрсетуге және жартылай көшпелі мал шаруашылығы жағдайындағы ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік бермейді. XIV - XV ғ. Ақ Ордадағы Әбілқайыр билігі және Моғолстандағы қоғамдық өмір тарихына қатысты әзірге қолда бар мәліметтер оларды тек атап өтуге ғана жетеді.
Тұтас алғанда, бұл мемлекеттердегі егін шаруашылығының жай-күйі XIII - XIV ғасырларда Жошы және Шағатай ұлыстарында қалыптасқан жағдайдың жалғасы іспетті.
Мұнда моңғолдар тұсында қалыптасқан жерге феодалдық құқықты жүзеге асырудың ұзақ уакыт сакталған бірқатар түрлері бұрын болған жерге иелік категорияларымен тікелей үндестік тапқан. Мысалға, жоғарғы билеуглі мен оның отбасының, моңғол инжуі түріндегі жерлер бұрын да, дәлірек айтқанда, Иран мен Орта Азияда болған. Осымен қатар бұрын болған феодалдық иеліктер, мысалға, Қарахан әулеті дәуіріндегі иқта негізінде шартты түрде берілген жер жүйесі (saergol) epic алған. Моңғол кезеңінен бұрын қалыптасқан вакфтық және мильктік жерлер де сақталып қалды.
Инжу құрамына Қазақстан да кірген Моңғол империясында ұлы хан билеуші әулеттің басшысы ретінде бүкіл жердің бас қожасы саналды. Бірақ осы жағдайда бүкіл мемлекет Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілер тізбегінің ұжымдық иелігі болып табылды, оның әр мүшесі инжу - осы иеліктің бір бөлігін, яғни жер (жұрт) мен онда тұратын адамдарды (ұлыс) алуға құқықты болды. Бұл жағдай моңғол ұлыстарында да, ал моңғол кезеңінен кейін оның қираған жұртында қайта бой көтерген Шыңғыс әулеті билеген мемлекеттерде де сақталып қалды. Жер мемлекеттің жоғарғы иелігінде болуы - шығыстағы орта ғасыр қоғамының әлеуметтік құрылысына тән ортақ сипат. Дегенмен, бұл жер меншігінің феодалдық мәнін өзгерткен жоқ. Ойткені жер инжу және басқадай жер түріндегі акы ретінде Шыңғыс әулеті мен ақсүйектерге бөліп берілетін болғандықтан, табыстың салық түрінде түсетін бөлігі (егер жер түріндегі ақы ақталған және тархандық құқығы болмаса) хан ордасын ғана емес, қоғамның бүкіл билеуші топтарын қамтамасыз етуге жұмсалды.
XIV - XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттерде моңғол ұлыстарындағы сияқты жер иелігі инжу деп аталды. Инжу атауы мен (оның моңғол тіліндегі алғашқы мағынасы - отсһі) Шыңғыс әулеті рулары мүшелерінің ханзадалардың жеке еншілері аталды.
Инжу дегенде тек хан руының бір мүшесіне бөлініп берілген ұлыс тұрғындары ғана емес, сондай-ақ осы ұлыстың барлық шаңырағы, яғни қамтитын аумағы айтылады. Бұл иеліктен түсетін табыс та инжу аталды. Инжуге көшпелі халықтың да, отырықшы-егіншілікті тұрғындардың да жерлері енгізілді. Инжу жерінің бір бөлігі көшпелі немесе отырықшылық салттағы оның тұрғын халқымен қоса ұлыс ханының шешімімен атқарған қызметінің ақысы ретінде оның вассалдарына берілді.
Шыңғыс ханның үш баласына бөліп берген әскерлері (әрқайсысында 4 мың жауынгер) олардың мұраға алған еншілері - инжуі - болатын. Бұл инжудің әркайсысы отбасыларын қосып есептегенде, шамамен, 20 мың адамдық ұлыс құрады. Осы инжулерге - ұлыстарға сай келетін инжу жерлері Шыңғыс хан балаларының солтүстік-шығыс Жетісудан жаулап алған жұрттары болды Кейін Жошы, Шағатай және Огедейге тиген инжуі әрқайсысы жеке мемлекет болып қалыптасқан (ұлыстар) еді. Еншіліктердің инжуден айырмашылығы - оларда алғашында тәуелсіз иеліктер болған жоқ, өйткені барлық жаулап алынған аумақтардың жоғарғы иесі Моңғол империясының басшысы - ұлы хан еді. Бірақ XIII ғасырдың орта тұсынан бастап Шыңтыс әулетіне еншіге берілген жерлер (ұлыстар) тәуелсіз иеліктерге айналды.
Әдетте хан жерлері (инжуі) ұлыстар орталығында болды. Шағатай мемлекетінің орталығы XIV ғасырдың 20-жылдарына дейін Жетісуда орналас-ты. Хан жерлері (инжуі) мұнда Шу, Іле, Талас алқаптарын алып жатты. Алтын Орда хандарының (Баты және басқалары) инжуі Еділ бойында болды. Қазақстан аумағындағы Моңғол ұлыстарының билеушілері (Орда-Ежен, Шайбани және басқа да Жошы әулетінен шыққандар) өз кезегінде отбасыларына инжу бөлді. Және олардың еншілері мұралық инжу сияқты бірте-бірте тәуелсіз иелікке айналды. Сөйтіп олар да өз кезектерінде туыстары мен вассалдарына үлес бөліп берді. Феодалдық инжу институты тұтас алғанда еншілік жүйе сиякты алдымен Моңғол империясын бөлшектеп, кейін ұлыстарды да неғүрлым усақ иеліктерге ыдыратуға әкеліп соқтырды.
Инжу жүйесі Ақ Орда мен Әбілкайыр хандығында XIV - XV ғ. дейін сақталып қалды. Орда Ежен мен оның ұрпақтарының хандық меншікті жері (инжуі) әуелі Жетісуда (Жетісудың солтүстік-шығыс шетінде), ал кейін Оңтүстік Қазақстанда (Орталығы Сығанакпен бірге) болды. Ұйғыр деректемелерінде Моғолстандағы инжуге қатысты мағлұматтар кездеседі. Инжуді мекен еткен егіншілер немесе малшылар хан сарайын, әскерлерді, қызметкерлерді, инжу иесінің толып жатқан вассалдарын қамтамасыз ету үшін қаржы төлеп тұрды.
Инжу институты негізінде пайда болған вассалдық жұйе ұлыстық (еншілік) жүйе сияқты феодализм өзіне тән сипаттағы вассалдық және басқа да институттарымен... осы сөздің классикалық, саяси мәнінде калыптасқан Моңғолияның өз ішінде де кең тарады. Және вассалдықтың бұл инжу жүйесі Моңғол мемлекетінің әскери-әкімшілік құрылымымен12 тығыз байланысты болғаны сөзсіз.
Шартты жер иелену. Моңғол ұлыстарындағы, дәлірек айтқанда, Алтын Орда мен Шағатай мемлекетіндегі сияқты түркі-моңғол ақсүйектері Ақ Ордада, Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанда екі категорияға бөлінді: әскери ақсүйектер (ұлыс иелері - билеушілерден, ұлыс бектерінен, түмен бектерінен, мыңдық әмірлерінен (мыңбегінен) бастап, жүздік (жүзбегі) және ондық (онбегіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
Кірпіш жылтыр оюлы
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін XV-XVIІI ғ.ғ. Қазақтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын, таптық құрлымын жан-жақты сарапқа салып, талдау және қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың жағдайы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Қазақтардың ұлттық қару-жарақтары
Жоңғар хандығының құрылуы
Сарайшықта билік еткен хандарды анықтау
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Пәндер