Санаториялық-курорттық емдеу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

  1. САНАТОРИЯЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ ЕМДЕУ
  2. Климатотерапия
  3. Климаттық зоналар мен курорттар
  4. Климатотерапияның түрлері
  5. Бальнеотерапия және бальнеологиялық курорттар
  6. Балшықпен емдеу курорттары

САНАТОРИЯЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ ЕМДЕУ

Табиғи емдік факторларға климат, минералды сулар мен емдік балшықтар жатады. Табиғатта олар тең тармаған. Табиғи емдік факторларға ие, сонымен қатар бальнеологиялық және гидротехникалық құрылғылары мен емдік-профилактикалық мекемелері бар жерлер курорт деп аталады.

Курортта емдік факторларды пайдалану үшін арнайы емдік мекемелер - санаториялар, дем алу үйлері, курорт емханалары құрылады. Санаторияларда науқастар орналасу және оларға емдік шаралар жүргізу үшін толық жағдайлар болу керек. Бұл үшін дем алушылар климат, бальнео және балшықпен емдеу процедураларын алу үшін арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілу керек.

Курортқа ішкі ағзалар қызметі айқын бұзылмаған (мысалы, едәуір тәж, тыныс, өкпе-жүрек жетіспеушілігі жоқ аурулар) әртүрлі созылмалы аурулардың тұрақты ремиссия сатысында науқастар жолдама алады.

Санаториялы-курортты емдеу жұқпалы және мерез ауруларында, психикалық аурулар, алкоголизм, курорт факторлары теріс әсер ететін кезеңдерде - аурулардың жедел сатысында, қан кетуге бейімділікте, қатерлі ісіктерді, жүктіліктің екінші жартысында көрсетілмейді.

Табиғи емдік факторларына байланысты курортар климаттық, бальнеологиялық және балшық курорттары болып бөлінеді.

Климатотерапия

Климатотерапия - бұл метеорологиялық факторларды, яғни белгілі жердің климаты мен ауа райы жағдайларын емдеу және профилактикалық мақсатта пайдалану. Климат тұрақты метеорологиялық белгілермен сипатталады, ал ауа райы өзгергіш болады. Белгілі жердің әр уақытта метеорологиялық элементтер жағдайы ауа райы деп аталады.

Климат пен ауа райы адам организміне күрделі, комплексті әсер етеді. Климаттың әсер ету бастамаларына атмосфераның газды құрамы, ондағы оттегінің салыстырмалы мөлшері, ластану дәрежесі, электр зарядты бөлшектердің (аэроиондар) болуы, атмосфера қысымы, ылғалдық, жауын-шашындар, темература, күн радиациясының қарқындылығы, магнетизм және басқа факторлар жатады. Олар организмде бірігіп әсер етеді. Сондықтан бірнеше фактордың бір уақытта әсер етуін сипаттайтын көрсеткіштер болады. Сонымен, эквивалентті - эффективті (нәтижелі) температура (ЭЭТ) адамның көңіл-күйін ауа температурасына, ылғалдығы мен қозғалысына байланысты бейнелейді. Радиациялы эквивалентті - эффективті (нәтижелі) температура бұл комплексті күн радиациясының қарқындылығымен толықтырады. Бұл көрсеткіштер климаттық процедураларды дозалауда қолданылады.

Климаттың биологиялық әсері де жан-жақты. Климатотерапиялық процедуралар жүйке жүйесін сергітеді және тыныштандырады, организмнің физиологиялық жүйелеріне жағымды әсер етеді. Зат алмасу, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту қызметтерін жақсартады. Климатотерапия организмді шынықтырады және оның жұқпалы ауруларға төзімділігін жоғарылатады. Бірақ климаттық факторларды дұрыс қолданбаған жағдайда науқас ауруын қоздыруы мүмкін. Ауа райының өзгершеңдігі сезімтал адамдарда метеопатиялық реакциялар, яғниәртүрлі жағымсыз жағдайлар тудырады. Курорттағы жаңа, үйренбеген жағдайларға бейімделу (акклиматизация) жағымсыз жағдайлар пайда етеді және аурудың өршуіне алып келуі де мүмкін. Сондықтан көпшілік, әсіресе әлсіз науқастар үйренген климаттық жағдайларда жергілікті курорттарда емделгені жөн.

Климаттық зоналар мен курорттар

Шөл климатында ауа температурасы өте жоғары, ылғалдығы төмен, күн радиациясы күшті, ұзақ ыстық және құрғақ жазымен ерекшеленеді. Мұндай климат көп терлетеді, бүйрек қызметін жеңілдетеді, сондықтан созылмалы нефриттерде көрсетіледі. Мұндай климаттарға Байрам али (Түркменістан) курорты жатады.

Дала климаты да ыстық және құрғақ, бірақ күн мен түн температурасы бірден ауыспайды. Дала курорттарында қосымша қымызбен емделуге болады. Бұл курорттар туберкулез және созылмалы өкпе ауруларында көрсетіледі. Оларға Бурабай, Шафраново (Башқұртстан) жатады.

Орман дала климаты орташа ылғалды, температурасы бірден ауыспайды. Жазы салқын, ыстық емес, ал қысы қатты аязсыз. Мұндай курорттар созылмалы ауруларда, соның ішінде жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларныда (жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру ж. т. б) . Мұндау курорттарға Украина (Ирпень), Белоруссия (Лепель), Архангельск курорттары жатады.

Тау климатының ауасы өте таза, күн, әсіресе ультракүлгін радиациясы күшті, барометрлік қысымы төмен, оттегі құрамы жоғары емес. Мұндай курортарға Кисловдск (600 м теңіз үстінде), Ыстық көл (1684 м), Дарасун (1060 м) жатады. Бұл курорттардың климаттары организмді шынықтырады, жүйке жүйесі бұзылу ауруларында, компенсацияланған өкпе және жүректің созылмалы ауруларында көрсетіледі.

Теңіз жағалауы климатының ауасы таза, гидроаэроиондар, озон және теңіз тұздарнының құрамы жоғары, күн радиациясы күшті және ол теңіз бетімен шағылып одан да күшейеді, ауа температурасы бірден ауыспайды.

Балтық теңізі, Фин шығанағы (Юрмала, Зеленогорск), сонымен бірге Тынық мұхиты жағалауларының климатының ылғалдығы жоғары, ауа мен су температурасы салқын. Курорттың мұндай түрі кәрі адамдарға, жүйке жүйесі ауруларында көрсетіледі.

Қырымның оңтүстік жағалауы (Ялта, Алушта) климаты жылы, төмен ылғалды, күн сәулесі ұзақ. Бұл климат өкпенің созылмалы аурларында көрсетіледі.

Климатотерапияның түрлері

Климатпен әсер етудің негізгі түрлеріне аэротерапия, гелиотерапия және талассотерапия жатады.

Аэротерапия - ашық ауаның емдік әсері. Курорттың климаттық ортасында болудың, таза ауада серуендеу, экскурсиф, ойындардың емдік әсері бар. Аэротерапияның арнайы түріне ауа ваннасы жатады. Аэротерапия үшін арнайы құрылғылар - аэрариялар, климат павильондар, климат верандалар қажет. Ол жерлердің температурасына қарай науқастар жалаңаш, киіммен немесе көрпемен оранып жатуы мүмкін. Аэротерапияның әсері организмді салқындатумен негізделеді. Бұл терморегуляцияны жақсартады, оганизмді төмен температураға төзімділігін жоғарылатады. Ауадағы оттегінің жоғары құрамы организмдегі тотығу процестерін жақсартады. Ауа ванналары судың суықтық дәрежесіне қарай өлшенеді. Эквивалентті-эффективті температурасы 16-22С болған ауа ваннасы жағымды әсер етеді. Аэротерапия өкпе, жүрек-қан тамыр және жүйке жүйелері ауруларының сауығу кезеңінде көрсетіледі.

Гелиотерапия - күн радиациясымен емдеу. Күн ванналары күшті әсер етуші профилактикалық және емдік факторлар, сондықтан қатал өлшеуді талап етеді. Гелиотерапия дәрігердің көрсетуімен және мейірбикенің қатал бақылауымен жүргізіледі. Күн радиациясының негізгі факторына ультракүлгін сәулесі жатады. Сондықтан күн ванналары биодозамен (эритема пайда болғанша сәулелендіру уақыты) өлшенеді. Бір емдік өлшем 1/4 биодозаға тең, күн ваннасы осы өлшемнен басталып, сәулелендіру уақыты біртіндеп көтеріледі.

Күн ваннасының әсерінен адамның жұмыс істеу қабілеті мен жұқпалы ауруларға төзімділігі жоғарылайды.

Күн ваннасының әсерінен адам терісі біртіндеп күйіп, қараяды. Күн нұрын шамадан тыс пайдалану теріні күйдіреді және организмді қыздырып, ауруды өршітуі мүмкін.

Талассотерапия - теңізде шомылып емделу. Емдік шомылу жан-жақты әсер етеді және ең күшті климаттық процедура болып табылады. Су оған батырылған адам денесіне салқын температуралық, химиялық (тұздардың әсерімен) және механикалық (гидростатикалық қысыммен) факторлармен әсер етеді. Суда жүзу емдік дене шынықтырудың бір түрі, ол көңіл-күйді жақсартады.

Таласстерапия терморегуляцияны жаттықтырады, өкпе вентиляциясын белсендіреді, организмнің тонусын көтеріп, шынықтырады.

Ашық суаттарда шомылуды судың температурасы 18-19С-тан төмен емес және ауа температурасы 20-22С-тан бастау керек. Шомылу ұзақтығы судың суықтық дәрежесімен өлшенеді. Егер науқасқа судың орташа суықтық дәрежесі көрсетілсе, онда температурасы 20-22С суда шомылу уақыты 3-6 минут.

Теңізде шомылу орталық жүйке жүйесі аурларында, шаршағанда, өкпе мен жүректің басылу және компенсация кезеңіндегі созылмалы ауруларында көрсетіледі.

Теңіз жағалауы курорттарында негізгі құрылғыларға емдік жағажай жатады. Ол ұйымдастырылған бақыланатын климаттық процедуралар, әсіресе гелиотерапия және таласстерапия үшін арналған.

Жағажайда екі зона болады. Көлеңке зонасында тура күн нұры әсерінен сақтайтын қалқа және ағаш кереует болу керек. Бұл зона күн радиациясымен емделу үшін арналған.

Күн зонасы теңіздің жағасына жақын орналасады. Ол жерде күн ваннасын қабылдау үшін ағаш кереуеттер орнатылады. Осы мақсатпен солярийлер (жататын орындары бар ашық верандалар) жасалады.

Жағажайда дәрігер бөлмесі, мейірбике орны, душ кабиналары, әжетханалар, радиоузел және басқа қосымша қора-қоспалар болу керек. Көрнекі үгіттер мен радио арқылы жағажайда жұріс-тұрыс және процедуралар жүргізу ережелері туралы ақпарат беріледі.

Мейірбике климаттық процедуралардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді. Ол науқастарды метеорологиялық жағдайлармен (ауа және су температурасы, теңіз толқуы) таныстырады, жағажайда пайдалану ережелері және процедура мөлшері туралы түсіндіреді, науқастардың жағдайын қадағалайды. Науқас көңіл-күйі бұзылған жағдайларда дәрігерге хабарлап, ол келгенше жедел жәрдем көрсете білу керек. Мейірбике климаттық процедуралар жүргізгендігі туралы науқастардың кітапшаларына белгілеп қояды.

Климат павильоны

Бальнеотерапия және бальнеологиялық курорттар

Бальнеотерапия - минералды сулармен емделу әдістері. Минералды сулар жер қойнауларында әртүрлі геологиялық процестер әсерінен пайда болады. Олар тұщы судан құрамы және физткалық қасиетіне қарай ерекшеленеді.

Минералды сулардың құрамында иондалған түрде әртүрлі тұздар болады. Судың құрамындағы анионның мөлшеріне қарай минералды сулар гидрокарбонатты, хлорлы, сульфидті, нитратты және көп құрамды сулар болып бөлінеді. Негізгі катиондар натрий, кальций, калий, магний.

Газ құрамына қарай көмірсу, күкіртсутек, радон, азот сулары болып та бөлінеді.

Сонымен қатар, химиялық құрамына қарай йодбромды, темірлі, кремнийлі, мышьякты минералды сулар болады.

1 литр суда ерітілген минералды тұздардың мөлшері (грамм) минерализация деп аталады. Минерализациясы бойынша төмен (2-2, 5 г/л), орташа (5-15 г/л) және жоғары (15 г/л-ден жоғары) минералданған сулар болады. Сондай-ақ, минералды судың қышқылдығы (pH) мен температурасы ескеріледі.

Минералды су ванналарының әсер ету механизмі суда ерітілген тұздар мен газдарға байланысты. Олар тері рецепторларны тітіркендіріп, жергілікті, кейін жалпы (тері қан тамырларына, тер, май бездеріне) рефлекторлы әсер етеді. Минералды судың құрамындағы химиялық заттар тері арқылы сіңіріліп, гуморалды әсер етеді.

Көмірсу минералды су ванналары миокардтың жиырылу қабілеті мен коронар қан айналысын жақсартады, тері қан тамырларын кеңейтеді, ішкі бездер секрециясы және орталық жүйке жүйесі қызметін белсендіреді. Мұндай сулар Кисловодск, Арзни (Армения), Дарасун (Чита обл. ) курорттарында бар.

Табиғи күкіртсутекті ванналар (сульфидті) тері қан тамырларын бірден кеңейтіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді, зақымданған теріні тез жазады, организмнен қажет емес заттарды шығарады, қабынуға қарсы, сору, ауырсынуда басу әсері бар. Күкіртсутекті сулар Сочи-Мацеста, Пятигорск, Ақтас (Оңтүстік Қазақстан) курорттарына тән.

Табиғи радонды ванналар радиобелсенді газ атомы- радонның тарқауы әсерінен пайда болған альфа-сәулесі арқасында организмге ерекше әсер етеді. Олар организмді тыныштандырады, ауырсынуды басады, жүрек қызметін жақсартады, қан қысымын қалыптастырады. Радонды ванналар әсерінен жүйке талшықтары, бұлшық ет және сүйек ұлпаларының жазылу процестері жылдамдайды. Бұл ванналардың әсері жұмсақ болғандықтан науқастар жеңіл көтереді. Радонды ванналар Цхалтубо, хмельник, Белокуриха курорттарында қолданылады.

Йодобромды ванналардың да әсері ерекше. Тері және шырышты қабықтарға сіңірілген йод ішкі бездер секрециясын күшейтеді, бром орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек жұмысын жақсартады.

Науқас йодобромды ваннаға жаймен, біртіндеп түсіп, жартылай жату керек. Жүрек аймағы суға батырылмайды. Ваннадан кейін науқас 20-30 минут тынығады. Ванна қабылдайтын күні науқас шаршамау керек, ванна аш қарынға және тамақтан кейін бірден қабылданбайды.

Минералды суды ішкенде оның құрамындағы микроэлементтер, газдар және тұздар химиялық әсер етеді. Сонымен бірге минералды сулардың термиялық әсері де бар: асқазан және ішектер қызметтерін қалыптастырады. Сондықтан минералды суды ішу ас қорыту жүйесі ауруларныда көрсетіледі.

Минералды суды бюветтің - су көзінің жанында ішкен жөн. Бұл кезде оның табиғи қасиеттері сақталады. Күніне 3 рет - азанғы, түскі және кешкі ас алдында, кей кезде астан кейін асықпай, жұтыммен ішіледі. Минералды су ішу курсы 3-4 тен 5-6 аптаға дейін созылады.

Эксперименталдық зерттеу нәтижесінде минералды суды астан 15-30 минут бұрын ішу асқазан сөлінің секрециясы мен қышқылдығын жоғарылатады, астан 1-1, 5 сағат бұрын ішу керісінше, асқазан сөлі бөлінуін баялатады және қышқылдығын төмендетеді. Сондықтан, асқазан сөлі секрециясы мен қышқылдығы төмендегенде, мысалы, созылмалы гипоацидті гастритте, минералды су астан 10-20 минут бұрын ішіледі. Асқазан сөлі секрециясы қалыпты жағдайда минералды суды астан 30-45 минут бұрын, ал гиперацидті жағдайларда, мысалы, асқазан мен ұлтабардың жара ауруларында, 1-1, 5 сағат бұрын ішеді.

Судың температурасының маңызы үлкен. Суық су секрецияны қоздырады, жылы су - тежейді және ауырсыну мен спазмға қарсы әсер етеді. Сондықтан жара ауруында науқастар минералды суды жылытып ішеді.

Емдік мақсатта минералды су созылмалы холицистит, панкреатиттің басылу кезеңінде, асқазанға хирургиялық операция жасағаннан кейін, созылмалы іш қатуда, энтеритте, колитте көрсетіледі.

Минералды суларды созылмалы гастрит пен жара аураларнының өршу кезеңінде қолдануға болмайды. Сонымен қатар, іш кеткенде, әсіресе, іш кету минералды суды ішкенде күшейсе қолданылдмайды.

Минералды сулардың әсері олардың химиялық құрамына байланысты.

Боржоми, Дарасун, Ессентуки, Железноводск, Моршин, Сарыағаш курорттарындағы гидрокарбонатты сулар ішу уақытына қарай асқазанның секреторлық және моторлық қызметтерін реттейді, асқазан мен ішектердің спазмын азайтады.

Хлорлы сулар асқазан сөлінің секрециясы мен қышқылдығын жоғарылатады. Сульфидті сулар (мысалы, Пятигорсктағы, Баталинск суы) асқазан сөлі секрециясын төмендетеді, іш және өтті айдайды.

Құрамында органикалық заттары бар төмен минералданған сулар (Нафтуся) несеп ағуды күшейтеді, олар бүйрек-тас және несеп шығару жолдарының жұқпалы ауруларында қолданылады.

Кейбір сулардың құрамындағы биологиялық белсенді заттар асқазан-ішек жолдарына сіңіріліп ерекше әсер етеді. Сонымен, темір анемияның алдын алады, йод тотығу-тотықсыздану процестерін күшейтеді, қалқанша безінің қызметін жақсартады, бром орталық жүйке жүйесінің тежеу процестеріне әсер етеді.

Балшықпен емдеу курорттары

Емдік балшықтар суаттар, теңіз жайылмалары (лимандар), көлдер түбінде пайда болатын әртүрлі лай шөгінділері. Емдік балшықтар пайда болуына қарай әртүрлі болады.

Сульфидті лай (иловый) балшықтары суы жоғары минералданған тұзды суаттарда пайда болады және олардың құрамында күкірсутек, метан, көмірсу болады. Олар қара түсті және консистенциясы май тәрізді болады. Құрамында аз мөлшерде органикалық заттар бар. 40-60%-тін су құрайды.

Лай балшығының қатты фазасы құм және саз балшықтың майда бөлшектерінен тұратын кристалл қаңқа. Оның араларын толтыратын сұйық фазалар - минералды және органикалық заттар ерітілген коллоидты қоспа.

Мысал ретінде лай балшықтары бар Евпатория және Саки (Крым), Одесса, Пятигорск (Солтүстік Кавказ), Шира көлі (Шығыс Сібір), Жаңа қорған курорттарын айтуға болады.

Сапропельді балшықтар (батпақтар мен көлдердің түбіндегі өсімдіктер мен жануарлардың шіріп қалған қалдықтарының лай қабаты) тоспа (ағынсыз) суы бар ашық тұщы суаттардың түбінде пайда болады. Оның құрамында көп мөлшерде органикалық заттар, аз мөлшерде тұздар және су - 90%-ке дейін болады. Сапропельді балшықтар Батыс Сібірде тараған.

Шым тезек (торф) балшықтары батпақты жерлерде өсімдіктер қалдықтарының шіруі нәтижеснде пайда болады. Олар құрамында көп органикалық заттары бар күңгірт-қоңыр түсті тығыз зат. Шым тезек балшықтары Прибалтика (Кемери, Майори), Моршин (Батыс Украина) курорттарында қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тәжірибедегі емдік туризм
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
Қонақ үй шипажайлары
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Курорттар мен санаториялардың негізгі топтары
Емдік туризмнің түрлері
Ұйым қызметкерлерінің функциялары
Қостанай облысының туризмі
Халықтың рекреациялық қажеттілінің өзгеруі және оның сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz