Терминальдіжағдай:дәрежелер,клиникасы,диагностикасы,наукастың ауырлық жағдайын бағалау критерилері


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы:Терминальдіжағдай:дәрежелер, клиникасы, диагностикасы, наукастың ауырлық жағдайын бағалау критерилері.
Орындаған:Умаров Д
Қабылдаған:Тургунова К Тобы:ЖМК-514
Шымкент-2012
Жоспар
Кіріспе
Тірі болу белгісі болып табылады
Негізгі бөлім
- Реанимациядағы науқасты тірілту
- Өлім белгісі
- Жүректін сыртқы массажы
- Алғашкы көмек көрсету
Қорытынды
Тірі болу белгісі болып табылады:
- Тыныс алуы. Оны көкірек қуысы және іштің қозғалуынан, мұрынға және ауызға қойылған айнаның булануынан, танауға жақындатылған мақта немесе бинт түйірінің қозғалуынан, қабырғасына қолынды қойып, зардап шегушінің аузына құлақпен жақындау арқылы айырады.
- Жүрек қызметінің сақталуы. Оны тамырдың соғысын басып көру арқылы, шеткі тамырлардың оқтын-оқтын соғуынан анықтайды. - Тамырдың соғуын тері астында қосалқы орналасқан кәрі жілік арасы және бұлшық ет сіңірлеріндегі күре тамыр сәулесі арқылы айыруға болады. Егер де тамырдың соғуын күре тамыр сәулелерінен тексеруге болмайтын жағдайларда, оны ұйқы немесе самай күре тамырларынан, не болмаса аяқтан (табанның сыртқы күре тамырынан және артқы сан жілік күре тамырынан) айырады. Әдетте дені сау адамның тамыр соғу жиілігі 60-75мин/соғ, тамыр соғу ырғағы дұрыс, бір қалыпты, жақсы соғады. Жарақат алу, қан жоғалтқанда, қатты ауырған кезде жүрек қызметінің кемшілігінен тамыр соғуы жиілейді. Тамырдың едәуір сирек соғуы ауыр жағдайда пайда болады (бас сүйек жарақаты) ;
- көз қарашығының жарыққа реакциясы. Оны көз қарашығына кез келген жарық шоғын түсіру жолы арқылы анықтауға болады; көз қарашығының тарылуы оң реакцияны дәлелдейді. Күндізгі жарықта бұл реакция келесі бейнемен тексеріледі: көзді қолмен 2-3 мин. жауып тұрады, сосын қолды тез алады; егер де көз қарашығы тарылса, онда бұл бас миының функциясының сақталғанын дәлелдейді.
Жоғарыда аталғандардың барлығы жоқ болса, дереу өмір сүру белгілері бұрынғы қалпына келгенше реанимациялық шара жүргізу (қолдан дем алдыру, жүрекке массаж жасау) керек болады.
Зардап шегушіні тірілту кезінде реанимациядан бастап 20-25 минутқа дейін өмір сүру белгісі байқалмаса, әрі қарай жалғастыру қажет болмайды. Тыныс-жүрек жансақтауын қажет ететін барлық жағдайлар «Клиникалық өлім» деген атпен біріктіріледі және ол тыныс пен қанайналымының тоқтауымен сипатталады. Қанайналымының кенеттен тоқтауы деп жүректің тек механикалық тоқтауы ғана емес, сонымен қатар қанайналымының қажетті минималды деңгейін қамтамасыз ете алмайтын жүрек жұмысын айтады. Осындай жағдай жүрек ырғағының адам өміріне қауіпті әртүрлі бұзылыстары кезінде дамиды: қарыншалардың фибрилляциясы, Адамс-Стокс-Моргань синдромымен сипатталатын толық АВ-блокадасы, қарыншалардың пароксизмді тахикардиясы. Қанайналымының тоқтау себептерін 2 топқа бөледі: кардиогендік және кардиогенді емес генездегі. Біріншісіне жүректің қанды айдау функциясының әлсіреуіне әкелетін жағдай мен коронарлы қанайналымының бұзылыстарын жатқызады. Осыларға әкелетін жиі себепке миокард инфаркты жатады. Екінші топқа тыныстың жіті жетіспеушілігінің дамуымен, нейроэндокриндік жүйенің қажуымен және айналымдағы қанның көлемінің азаюымен сипатталатын басқа жүйелер функцияларының айқын бұзылыстарынан болатын жағдайлар жатады.
Реанимациядағы науқасты тірілту
Организмді тірілту, реанимация (лат. re - қайта және лат. anіmatіon - жандандыру) - организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организм тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 - 8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен организмді тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т. б. ) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, организмді тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның организміндегі тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т. б. ) қайтымсыз өзгерістер байқалса, Организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады. [1]
ӨЛІМ БЕЛГІСІ
Ағзада өмір сүру қызметінің кері айналмай тоқтауы - биологиялық өлімнің басталуы алдында жанталас және клиникалық өлім болады.
Жанталас өлімде есінің қарауытуы, тамырдың соқпауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы, бір қалыпта болмай, жан ұшыру, күре тамыр қысымының төмендеуі сипатталады. Тері суық, бозарған немесе көгерген түрде болады. Жанталас өлімнен кейін клиникалық өлім басталады.
Клиникалық өлім кезінде негізгі өмір сүру белгілері - тыныс алуы және жүрек соғуы болмайды, бірақ та ағзада кері айналмайтын өзгерістер әлі дамымайды.
Клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Осы кезеңде реанимациялық шаралар көрсету қажет. Бұл уақыттың өтуінен кейін биологиялық өлім басталады.
Өлімнің белгілеріне жатады:
- тыныс алмауы;
- жүректің соқпауы;
- ауруды және термиялық тітіркендіргішті сезінбеуі;
- дене температурасының төмендеуі;
- көздің мөлдір қабығының бұлдырауы және кебуі;
- лоқсу рефлексінің болмауы;
- бет терісі, төс, іште қып-қызыл немесе көк-күлгін түсті өлік дағы;
- өлгеннен кейін 2-4 сағатта білінетін өліктің сіресіп қатып қалуы.
Зардап шегушінің өлімі туралы соңғы шешім заңда белгіленген тәртіппен қабылданады.
Жүректің сыртқы массажы
Жедел тыныс жетіспеушілігі.
Белгілері:
- Жеңіл дәрежесі. Артериялдық қандағы газдың құрамының бұзылуынсыз минутына 25 ке дейін ентігу. Тахикардия минутына 110 рет. АҚ қалыпты мөлшерде.
- Орташа дәрежесі. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен ентігу минутына 35 рет. РаО280-60 мм сын. бағ. (10, 7-8, 0 кПа), РаСО245-60 мм сын. бағ. дейін жоғарлау. (6, 0-8, 0 кПа) немесе өзгереді. Цианоз, тершеңдік, эйфория, мазасыздық, ұйқышылдық.
- Ауыр дәрежесі. Тыныс жиілігі минутына 45 рет. өкпеде тыныс шуларының жоғалуы немесе тыныс тереңдігінің төмендеуі және азаюы. Тахикардия минутына 180, АҚ төмендеуі. РаО260-40 мм сын. бағ. төмен. (0, 0-5, 3 кПа), РаСО270 мм. сын. бағ. жоғары (9, 3 кПа) . Қозу тежегіштікпен ауысуы мүмкін, тартылулар, зәр шығару және дефекация болуы мүмкін.
- Гипоксиялық және гиперкапниялық кома. Есінің болмауы. Тынысы сирек, аритмиялық болады. Қан айналымның, тыныстың тоқтауы, қайтыс болу.
... жалғасыШұғыл ем:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz