Темекі шегіумен маскүнемдік зияны


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Темекі шегіумен маскүнемдік зияны.
ЖОСПАР!
- Темекі шегіу және маскүнемдік
- Темекі шегіу зардаптары
- Арақ ішіудін зияны
Қазақтың ел алдында абыройы, беделі, қадір-қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенген.
Бүгінгі жастар арасында темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады темекі шегу - жастар денсаулығы үшін жалпыға мәлім қауіп-қатер факторы. Соған қарамастан темекі шегетіндер саны көбеюде, сонымен бірге бұл зиянды әдеттің ауыр зардаптары өсуде. Оқушылар арасында шылым шегудің кең таралуының себебін іздеген ғалымдардың пікірі бойынша, оларда темекі шегуге деген ықылас негізінен әуестенумен, ата-аналарына және құрбыларына еліктеумен, ересек болып көрінуге тырысумен еріксіз қабылданған деген шешімге келді. Шылым шегудің таралуына сән қуу да әсерін тигізеді. Сондайақ, еліктеу, есейгендіктің, өзін-өзі билей алмаушылықтың белгісі. Кез келген сән өтеді, ал шылым шегу ағзада өзінің зардапты ізін қалдырады.
Әдетте, адамдар шылым шегуді әлі бұл қадамның дәл, анық зардаптарын бағалай алмайтын жаста бастайды. Барлық жағдайда да жүйке және жүрек қан тамыры жүйесінің зақымдануы сөзсіз. Шегілген шылым тек темекі құмардың ғана емес, сондай-ақ темекі түтіні қоршаған ортадағы адамдардың да ағзасын зақымдайды.
Шылым шегу бұл кейбір бықсып жатқан өсімдік өнімдерінің (темекі, апиын және т. б. ) түтінін ішке тартып демалу, токсикоманияның бір формасы.
Темекі түтінінде рак ісіктерінің дамуына итермелеуге қабілетті көмірсулар, сондай-ақ өкпе мен адамның тыныс алу жолдарынан қашық жатқан басқа да ағзалардың - қуық, асқазан, бүйрек және т. б. қатерлі ісігінің, созылмалы бронхиттің пайда болуында басты рөл ойнайтын радиоактивті элементтердің,
көбіне полоний -210-ның болатыны дәлелденді.
Шылым шеккенде қоршаған ортаға үш мыңнан астам химиялық қосылыстар бөлінеді, олардың көбі - канцерогенді заттар (қалыпты жасушаларды қатерлі ісік жасушаларына айналдыруға қабілетті заттар) мен канцерогендердің тізімі (мкг) никотин, есірткі сияқты тәуелділікке әкелетін күшті у, көміртек оксиді 5606 (тұншықтыратын газ) -иістигізетін, өте улы газ, акридин 11 - бояғыштар өнімінде қолданылады, аммиак 23 - канцерогенді зат, ацетон 3, 7 - уландыратын органикалық еріткіш, бензопирен 18 - күшті канцерогенді зат, кадмий 23, 1 - канцерогенді ауыр металл, нафталин 12, 4 - күйеге қарсы зат, метанол 32 -соқырлыққа әкелетін спирт, мышьяк 1, 9 -уландыратын ауыр металл, пирет 5 - күшті канцерогенді зат, полоний 45, 2 - радиоактивті элемент, поливинилхлорид 3, 3 - пластик өндірістері қолданылады, толуидин 9 - уландыратын химиялық еріткіш, толуол 16, 9 - канцерогенді өндірістік еріткіш, фенол 23 - уландыратын дезинфекциялаушы зат.
Никотиннің уытты әсері негізінен жүйке жүйесінің (есте сақтауды әлсіретеді, зейінді нашарлатады, ашуланшақтық күшейеді), жүрек қан тамыр мен тыныс алу жүйесінің (жүрек қан тамырларының түйілуі, күре тамыр қысымының жоғарылауы, жүрек соғуының жиілеуі және т. б. ), ас қорыту жүйесінің (гастриттің, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының дамуы) қызметіне әсер етеді, әсіресе шылым шегудің жасөспірімнің жас ағзасына теріс әсері жоғары. Никотин - бұл тұтынушысы токсикоман болып табылатын, пснхикалық тәуелділікті шақыратын есірткі.
Темекі әлемде әр сағатта 560 адамды, күніне 13400 адамды, жылына шамамен 5 миллионға жуық адамды өлтіреді. Мұндай қарқында 2030 жылы темекіден 10 миллион адам еледі (олар 50 - 35-39 жастағылар), ал ағымдағы жүз жылдықта барлығы шамамен миллиард адам көз жұмады.
Қоғамның негізгі мақсаты - бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін тұрғындарда есірткіге қарсы иммунитетті жасап, дағдыландыру.
Темекімен қиянат етудің әлеуметтік және медициналық зардаптары онкологиялық (90 өкпе рагі) және жүрек қан тамыр ауруларының (25 жүректің ишемиялық аурулары) өсуіне әкеледі, темекі адамның өнімді іс-әрекеттеріне аса зиянды әсер етеді.
Шылым шегу жүктілік кезінде аса қауіпті, өйткені ана құрсағында жатқан нәресте анасымен бірге шегеді. Никотин бала жолдасы кедергісінің өткізгіштігінің жоғарылауына қабілеттендіреді, іштегі нәрестеге тікелей уытты әсер етеді, жаңа туған сәбидің гипотрофиясына әкеледі, өздігінен болатын түсіктер мен мерзімінен бұрын босанудың санын көбейтеді, одан келіп іштегі нәрестенің опат болу ықтималдығын 20-3 0-ға арттырады.
Никотин ана сүтімен бірге бөлінеді, сондықтан емізулі ана шылым шеккенде өз баласын уландырады, бала әлсіз, жүдеу және түрлі ауруларға анағұрлым шалдыққыш болып өседі. Темекі түтіні тек шылым шегушілер үшін ғана емес, сондай-ақ оны ішке тартып демалуға шарасыз қоршаған адамдарға да зиян (пассивті темекі шегушілер) . Темекі түтінінің уыттылығының жиынтық көрсеткіші, автомобильдердің пайдаланылған газдарының аналогиялық көрсеткішінен 4 есе көп. Адам күніне 20 сигарет шеккенде, құрамы гигиеналық нормативтердің ластануы бойынша 580-1100 есе артық ауамен демалады.
Алғаш темекі шеккендерде уланудың айқын белгілері пайда болады: бас айналу, жүрек айну, құсу, жүрек соғу, бозғылттану, мұздай тер. Алғашқы сигаретпен байланысты жағымсыз сезімдер кездейсоқ емес. Бұл белгілер ағзаның қорғаныс реакциясы болып табылады, яғни бұл - сигареттен мүлдем бас тарту керек деген белгі.
Дені сау жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі әрдайым өзекті болып келгені белгілі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінің алғы шарттары мынадай болып табылады:
•оқушылар ағзасы саулығын сақтау;
•оқушыларды толық дене еңбегі саулығы жағдаиынан қанағаттануға мұқтаждығын және өз ағзасының қалыпты жұмыс істеуі туралы қажетті ақпаратпен байыту;
•дені сау шығармашылық әрекеті аясында іздену белсенділігінің жүзеге асырылуы.
Әр түрлі зерттеу мәліметтері шылым шегудің өзекті эпидемияға айналғанын көрсетеді. Көптеген адамдар үшін темекі қолданудан бас тарту жай ғана шешім қабылдау мен мерзім белгілеу емес. Өзіне өзі түрткі болу анағұрлым маңызды болып табылады. Шылым шегушілер шылым шегуден бас тарту үшін өзінің дәлелдерін анықтап көрсетіп, білдіруге үйренуі керек. Мұнда өз өміріне жауапкершілік сезіміне тәрбиелену, денсаулықтың маңызды көрсеткіштеріне елеулі әсер ететін факторлар мен өз денсаулығы жағдайының ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін дамытып, қалыптасқан нық сенімдерге негізделген сенімді белсенділік қажет.
Шымкент медицина колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жүйелі тәсіл жүзеге асырылады. Оқушылармен жұмыс істегенде денсаулығын, өз-өзіне сенімділікті қалыптастыруға, сабақта және сабақтан тыс уақытта да оқушылардың белсенділігін арттыруға күш салынады. Колледж облыстық және қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталықтармен, емдеу, алдын алу үйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл ұйымдардың окілдерімен темекі шегудің алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Көптеген жылдар бойы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жемісті еңбек етіп келеді, олар оқушыларда мінез-құлқындағы темекі шегуге деген ой-пікірлеріне қарсы альтернативті модель жасау мақсатына бағытталған жұмыстар жүргізеді. Темекіге қарсы күресте Европалық стратегияның ұсынысы негізінде колледжде темекі шегуді тоқтатуға бағытталған үгіттеу - ағарту бағдарламасымен жұмыс түрлері бар.
Салауатты өмір салты орталығында министадион, спорт залы, жатақхана ғимаратында орналасқан қазіргі спорт түрлеріне арналған тренажерлар орнатылған салауатты өмір салты залы бар. Колледждің мини-стадионы колледж бен жатақхана ауласында орналасқан, салауатты өмір салты залы оқушыларға, кызметкерлер мен оқытушыларға, әсіресе жатақханада тұратын оқушыларға оқу сабақтарынан бос уақытта спорт тренажерларында шұғылдануға, спорттық ойындар: волейбол, баскетбол, мини-футбол, гандбол, ұстел және үлкен теннис ойнауға мүмкіндік береді.
Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына сол бала кезде егіледі - деп жазыпты С. В. Михалков.
Өрелі өмірдің өрмегін өрге тоқитын жас ұрпаққа ересектер «ел ертеңі» деген зор үмітпен қарайды. Өмірдің заңы ма, әлде еліктегіштік пе? Бүгінгі таңда жастарымыз наша мен араққа, темекі мен насыбайға әуес болып кетті. Бұл теріс жол адамзаттың қас дұпшаны. Бүгінде жастарымыз темекіні қызық үшін, арақты шалқу, анашаны - балқу үшін жанына үйір етсе, ертеңге деген зор үміт жоғалғандай сезім ұялатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz