Қалалық телефон желісінің жұмысын автоматтандыру



Мазмұны

Кіріспе

• Курстық жұмыс мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
• Курстық жұмыс құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 . ТАРАУ. Теориялық бөлім
Тауарларды бағалау жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1. Қолдану саласына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1) Ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың ақпараттық жүйесін
тұрғызуды талдаудың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2) Салаға қатысты қолданылатын заңдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3) Ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың қызметін жүзеге
асырушы ұйымдық құрылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

1.2. «Атамекен» ЖШС өнімінің өту жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар ... ... ... ... 14
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар ... ... ... ...15

1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы ... ... ... ... 19

2 . ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. ЖШС «Атамекен» өнімінің өту процесін талдау ... ... ... ... ... 22
2.2. Кіріс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3. Шығыс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Қазіргі экономикалық жағдайға сай кез келген ұйымның (өндірістік ұйым, сауда ұйымдары болсын) ең негізгі мақсаттарының бірі- барынша максималды түрде пайда табу. Пайда табудың негізі саудада жатқандығын біз бәріміз білеміз. Сауда- бұл объектісі, қызмет ету өрісі тауар айналым, тауарды сатып алу- сату, жеткізу, сатуға өнімді дайындау процесінен және осы процестің басында тұтынушыларға қызмет көрсету болып табылатын экономикалық орта. Бірақ олардың бәрі үшін ең басты көңіл аударатын жай- өзі өндіріп, сататын өнімдері (тауарлары) қоғамның сұранысына жауап беріп, тұтынушыларды жоғары сапалы тауармен қамтамасыз ету.
Тауарларды сатумен тек көтерме бөлшек және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары ғана айналысады.
Көтерме сауда- тауарларды ірі партиямен өте көп мөлшерде бөлшек сауда ұйымдарына сату болып табылады. Бұл ұсақ көтерме саудамен айналысатын делдал ұйымдар арқылы көтерме бағадан төмен құнымен сатуға шегерім берген құнымен сату арқылы жүзеге асырылады.
Бөлшек сауда- бұл соңғы тұтынушылардың жекеше қажеттілігіне сай аз мөлшерде тауарларды сату. Бөлшек сауда бойынша операцияларды жүзеге асыру делдал саудамен айналысатын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады [12].
Курстық жұмысымның тақырыбы – ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу.
Курстық жұмысымның мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның өнімдерінің өту жағдайының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздің қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС «Атамекен» өнімдерінің өту жағдайының ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС «Атамекеннің» ақпараттық өнімінің өтуін басқарудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;

• Курстық жұмысымның құрылымы
Жалпы курстық жұмыс үш тарау- кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған. Бұл бөлімде кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын бағалау есептеледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Конституция Республики Казахстан.- Алматы.-1995.
2. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов “Кәсіпорын экономикасы”, Алматы «Экономика» 2003
3. Бралиева Н. Б. , Байшоланова Қ. С. , Гагарина Н. Л. ''Бизнестегі ақпарат жүйелері'', Алматы: Ротапринт КазГАУ, 1994. – 6,6 б.б.
4. Бралиева Н. Б. , Байшоланова Қ. С. Гагарина Н. Л. ''Экономикадағы ақпарат жүйелері'', Алматы: НҰР, 2001. – 6. б.б.
5. Бралиева Н. Б. , Байбөлекова Л. А. , Балашов Қ. Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі'' .- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.
6. Программа Информатизации Казахской ССР на 1991-1995 годы и на период до 2005 года (Постановление Кабинета Министров Казахской ССР №474 от 18 августа 1991 года).
7. Постановление Правительства Республики Казахстан № 492 от 4 апреля 2000 года "О развитии единого информационного пространства в Республике Казахстан и создание ЗАО "Национальные информационные технологии"
8. Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. - Киев, 1998
9. Диго С. М. Проектирование и использование баз данных. - М.: Финансы и статистика, 1995
10. Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э. Т. , Бралиева Н. Б. , Л. А. Стороженко, И. А. Матвеева. – Алматы: Экономика, 1999. – 120 с.
11. Диго С. М. Проектирование баз данных: Учебник. – М. : Финансы и статистика, 1998. – 216 с.
12. М. Б. Бейсенғазиев, А. Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері» Орал 2001
13. «Кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарын талдау» Әкімжанов Д., Сатыбалдин С. С Алматы 1987
14. «Шағын кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» Әбдіқалықов Т. Ә., Сатмурзаев А. Алматы 1996
15. «Кәсіпорынның шаруашылық жағдайын талдау» Тасмағамбетов Қ. Ш., Төлегенова Э. Т., Жумағалиева Ж. Г. Алматы 2001

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қолданбалы информатика
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қалалық телефон желісінің жұмысын автоматтандыру

Тексерген:
Орындаған:

Мазмұны
Кіріспе
• Курстық жұмыс мақсаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
• Курстық жұмыс құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
Тауарларды бағалау жайлы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Қолдану саласына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
...6
1) Ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың ақпараттық жүйесін
тұрғызуды талдаудың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2) Салаға қатысты қолданылатын
заңдар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..10
3) Ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың қызметін жүзеге

асырушы ұйымдық
құрылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 10

1.2. Атамекен ЖШС өнімінің өту жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін
тұрғызудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар ... ... ... ... 14
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын
талаптар ... ... ... ...15

1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы ... ... ... ... 19

2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. ЖШС Атамекен өнімінің өту процесін талдау
... ... ... ... ... 22
2.2. Кіріс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..25
2.3. Шығыс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .28

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Қазіргі экономикалық жағдайға сай кез келген ұйымның (өндірістік
ұйым, сауда ұйымдары болсын) ең негізгі мақсаттарының бірі- барынша
максималды түрде пайда табу. Пайда табудың негізі саудада жатқандығын біз
бәріміз білеміз. Сауда- бұл объектісі, қызмет ету өрісі тауар айналым,
тауарды сатып алу- сату, жеткізу, сатуға өнімді дайындау процесінен және
осы процестің басында тұтынушыларға қызмет көрсету болып табылатын
экономикалық орта. Бірақ олардың бәрі үшін ең басты көңіл аударатын жай-
өзі өндіріп, сататын өнімдері (тауарлары) қоғамның сұранысына жауап беріп,
тұтынушыларды жоғары сапалы тауармен қамтамасыз ету.
Тауарларды сатумен тек көтерме бөлшек және қоғамдық тамақтандыру
ұйымдары ғана айналысады.
Көтерме сауда- тауарларды ірі партиямен өте көп мөлшерде бөлшек сауда
ұйымдарына сату болып табылады. Бұл ұсақ көтерме саудамен айналысатын
делдал ұйымдар арқылы көтерме бағадан төмен құнымен сатуға шегерім берген
құнымен сату арқылы жүзеге асырылады.
Бөлшек сауда- бұл соңғы тұтынушылардың жекеше қажеттілігіне сай аз мөлшерде
тауарларды сату. Бөлшек сауда бойынша операцияларды жүзеге асыру делдал
саудамен айналысатын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелетін ақпараттық экономикаға ауысу болып отыр.
Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің
айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз
сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын қабылдағанын жатқызуға
болады [12].
Курстық жұмысымның тақырыбы – ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың
ақпараттық жүйесін тұрғызу.
Курстық жұмысымның мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі
кәсіпорынның өнімдерінің өту жағдайының мәнін ашып көрсету, біздің
еліміздің қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау
және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС Атамекен өнімдерінің өту жағдайының ақпараттық жүйесін (АЖ)
құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС Атамекеннің ақпараттық өнімінің өтуін басқарудың ақпараттық
жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын
анықтау;

• Курстық жұмысымның құрылымы
Жалпы курстық жұмыс үш тарау- кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші
тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген,
ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат
жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының
талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық,
ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат
жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша
жасалған жобалық шешімдер қарастырылған. Бұл бөлімде кіріс және шығыс
ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы
ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау
жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина
ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде
келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген.
Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық
қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын
бағалау есептеледі.

І ТАРАУ. Теориялық бөлім
Тауарларды бағалау жайлы жалпы түсінік
Тауарларды бағалау дегеніміз- тауарларды кірістеу және шығыс ету үшін
есеп құнын таңдау. Бұған сатып алу құны мен сату құны жатады. Тауарлардың
есеп құны ұйымның есеп саясатында белгіленеді және біртипті тауарларға
қатысты ерекшеленген болуы керек. Сатып алу құнына келесідей шығындар
кіреді: сатып алу құнын, баж салығының сомаларын, аралық қызмет көрсетуші
ұйымдарға комиссиондық сыйақылар төлеу шығындары, тауарлы материалдық
құндылықтарды сатып алумен тікелей байланысты көліктік тасымалдау және
басқадай шығындар. Тауарлы шегерімдер, артық төлемдерді қайтару және
басқадай ұқсас түзетулер сатып алуға кететін шығындарды анықтай алмаған
кезде шегеріледі [12].
Атамекен ЖШС-де төменде ұйымның есеп саясатында айтылғандай келіп
түскен тауарлы материалды қорларды бағалаудың орташа өзіндік құнын есептеу
әдісі қолданылады. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша субъектіге
кіріске алынған әрбір материалдық құндылықтардың бағасы олардың, яғни
материалдық құндылықтардың кіріске алғандығы шоты бойынша бағасын анықтау
мүмкін болмайтын жағдайда жүргізіледі. Материалдық құндылықтар тобының
(түрінің) орташа өзіндік құны субъектідегі материалдардың есепті айдың
басындағы қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының
жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен
ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың шығындырының қосындысына бөлу
арқылы анықталады.
Енді мыасл ретінде осы ұйымға наурыз айында келіп түскен таурлы
материалды құндылықтардың бағалануын көрсетейік:
Мысалы,
01.03.2004 5т*15 мың=75 мың
09.03.2004 8т*13 мың=104 мың
15.03.2004 10т*10 мың=100 мың
29.03.2004 5т*9 мың=45 мың
Жалпы тауардың саны- 28 тонна
Келіп түскен тауардың бағасы- 324 мың теңгені құрады. Енді өндіріске жалпы
алғанда наурыз айында 15 тонна материал шығыс етілген болса, онда оны
орташа өзіндік құны әдісі бойынша келесідей есептейді:
Келіп түскен тауардың құны санына= орт. өзіндік құны
324 мың 28= 11,6 мың тг- ні құрап отыр. Енді жалпы шығыс етілген
тауарлардың құнын табу үшін: 15т*11,6 мың= 174 мың тг- ні құрайды. Ал
қоймада қалған ТМҚ: 324 мың- 174 мың= 150 мың сомада материал бар
Сатып алу құны есепті құн ретінде тек көтерме сауда ұйымдарында ғана
болады. Сату бағасы- бұл соңғы тұтынушыларға сатылған тауар құны. Сату
құнына келесілер кіреді:
сатып алу құны- тауарларды жабдықтаушыдан сатып алған және
материалды, тауарлы транспорттық накладной, кедендік декларация
құжаттарының негізінде танылған құнымен;
акциз – тауарлардың келесідей түрлеріне салынады: арақ- шарап және
темекі өнімдеріне, жеңіл автокөлікке, қымбат зергерлік бұйымдар және т.б.
Акциз ставкасын тауар құны немесе натуралды өлшемдегі физикалық көлемге
пайыздық қатынасты Үкімет қана қояды. Арақ-шарап өнімдеріне олардың
құрамындағы спирттің мөлшеріне қарай салынады;
ққс салық сомасы- тауарлардың барлық түріне келесідей ставкамен
анықталады: 0 %- экспортты тауарларына, (егер мақта-мақта, тігу, аяқ-киім
тігу өндірістері өз тауарларын өз дүкендері арқылы сатса), 10 %- ет, балық
сүт тағамдарын, нан, жұмыртқа, май және т. б жеңіл тамақ өндірістеріне,
басқадай тауарлардың бәріне 15 % ққс салынады. Ал ққс салығы салынбайтын
тауарларға келесілер жатады: дәрі- дәрмек, газет- журнал өнімдері, орташа
және жоғары оқу орындарына шығарылған оқу құралдары, балаларға арналған
оқулықтарға; ҚҚС- тауарларды шығыс ету құнының шамасынан есептеледі [5].

Саудалық қосымша- бұл осы ұйымның негізгі қызметінен табыс табу үшін
қосатын қосымшасы.
Тәжірибеде көоіп отырғанымыздай бөлшек саудамен айналысатын сауда ұйымдары
мен дүкендердіің барлығы тауарларды есепті құны бойынша есепке алады. Бұл
нормадан жоғары жетіспеушілік болған жағдайындағы материалды жауапты
тұлғаның жетіспейтін тауарларының сомасы шегінде төлеі міедеттілігін
көрсетеді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей тауарлардың есебін жүргізуді дұрыс
ұйымдастыру.
Кез- келген ұйымда тауарларды кіріс ету есебі үлкен есепті қажет
етпейді, өйткені тауарлардың кіріс етілуі құжаттарға сәйкес рәсімделеді
(тауарлы- көліктік накладной). Ал қоймаларындағы тауарлардың есебін
жүргізуі де шығыс, кіріс ету құжаттарына сай жүргізіледі. Қиындықтар бөлшек
сауда дүкендерінде тауар есебін жүргізу барысында пайда болады. Мұның
негізгі есебі, сатып алушыларға тек бақылау кассалық аппарат арқылы чек
соғып беруде, мұндай жағдайда бұл күнде болған тауарлық операциялардың яғни
сатылған жеке тауардың құнын біз көре алмаймыз, тек жалпы сату сомасын ғана
көреміз. Мұны келесідей формула арқылы есептей отырып анықтауға болады:
Сатылған Жұмыс күнінің Сатып алынған Жұмыс
соңына
тауардың құны = басына сатып + бағасы бойынша - сатып алынған
сатып алынған алынған бағасы түскен
бағасы бойынша
бағасы бойынша бойынша тауарлардың құны қалған
тауардың
тауардың қалдығы
қалдығы
Қалдық шамасын бұл жағдайда түгендеу жасау арқылы ғана анықтауға
болар еді, ал ол болса өте көп уақытты қажет етеді.
Бөлшек сауда ұйымдары тауар есебін жүргізуді жеңілдету үшін және
қиындықтарды туғызбас үшін сату бағасы бойынша есеп жүргізу әдісін
қолданады. Бұл әдіс есеп бойынша сатылған тауарлардың сомасын анықтауға
мүмкіндік береді, өйткені бұл сома сатудан түскен түсім болып, бақылау
кассалық аппаратарынан чектерді шығарғанда тіркеледі. Мұндай жағдайда керек
кезде тауардың есепті қалдығын кез- келген уақытта анықтауға болады.
Тауардың сатып алу құны бойынша есебін жүргізу тек қана көтерме
саудада ғана қолданылмайды. Бөлшек сауда ұйымдарында тауарларға штрих- код
қою арқылы есепті жеңілдетуге болады. Штрих- код бірнеше вертикалды
сызықтардан тұратын белгі болып табылады. Штрих- кодтағы сызықтар- шығарушы
елді, тауар сипаттамасын және бақылау санын көрсетеді.
Дүкендерге жаңадан тауар келіп түскенде оның атауы, ерекшелігі, саны
және сату құны бойынша мәліметтерді белгілі бір құралмен компьютердің
жадысында анықталады. Келешекте тауарлар сатылған кезде компьютер автоматты
түрде қанша тауар сатылғандығын көрсетеді және оның негзінде сатылған
тауарлардың сату құны анықталады. Есептеу техникасының құжаттауға және
тірекуге жатпайтын мәліметтері тек түгендеу жүргізу арқылы ғана анықталады
[4].

1. Қолдану саласына талдау
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – жауапкершілігі шектеулі қоғамның пайда болуына әкеп
соғады .
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС) дегеніміз – кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның
түрі.[1] Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған
жарғы қоры бар. ЖШҚ – жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның
басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады.
Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы
тарту мүмкіндігін шектейді. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып ,
мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Ал кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын
көздейді.[10]
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға:
біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді
жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен
жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату,
жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық
делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.
Қазақстан Республикасында ЖШС субъектілері мыналар бола алады:
• Қазақстанның азаматтары
• Шетел мемлекетінің азаматтар
• Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)

Атамекен ЖШС-ң өнімнің өтуін басқаруды талдау
Кәсіпорынның өнімінің өтуі- кәсіпорынның өндірістік процесінің барлық
жақтарын көрсетеді [8]. Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру үшін
кәсіпорын қарамағында өндіріс құралдары және қаржылық ресурстары болады.
Қаржылық ресурстар еңбек заттарының қорын құрастырады және
жабдықтаушылармен есеп айырысады. Өндіріс жоспарын орындау көптеген
факторларға байланысты. Олар:

• тұтынушылармен байланыс орнату;

• өндірісті дамыту жоспарын орындау;

• құрал-жабдықтардың технологиялық режимді ұстау;

• материалдық – техникалық қамтылу деңгейі; шикізат пен материалды
пайдалану деңгейі;

• еңбек өнімділігі.

Талдау барысында бұл факторлардың өндіріс процесіне және кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің нәтижесіне ықпал ету деңгейі анықталады.Өндірістік
көрсеткіштер қаржылық көрсеткіштерге әсер етіп, ал соңғылары сәйкесінше
өндіріске әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай біздің кәсіпорын икемді орама өндірісімен
айналысады. Барлық басты экономикалық жағдайды сипаттайтын құжаттарды
талдай отырып, бұл бөлімде біз қорытындыға келдік. Оны біз келесі
көрсеткіштерден көре аламыз:

• Төлем қабілеттілігі

• Айналым коэффициенті

• Меншікті капиталдың айналым коэффициенті

• Қор қайтарымдалығы

• Қор сыйымдылығы

• Материал қайтарымы

• Материал сыйымдылығы

Бұл көрсеткіштермен біз келесі кестеден танысамыз:

1- кесте Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіштер өлшем 2004 2005 Ауытқу %
бірлігі
Айналым коэффициентІ 2,2 1,3 -0,9 59,1
Меншікті капиталдың 3,7 3,3 -0,4 89,2
айнал-қ коэф.
Қор қайтарымдылығы 13,4 11,4 -2 85,1
Қор сыйымдылығы 0,08 0,09 0,01 112,5
Материал 7,6 13,1 5,5 172,4
қайтарымдылығы
Материал сыйымдылығы 0,13 0,07 -0,05 53,8

Атамекен ЖШС-нің өндірістік технологиясы туралы
Атамекен ЖШС-де негізгі өндірістік процес- тауар айналым қатынастары
болып табылады. Кәсіпорын құрамында біршама сауда үйлері мен ірі дукен-
дүңгіршектер бар. Әдетте бұл серіктестік шаруашылық тауарлары, киім-
кешектер, ыдыс- аяқтар, үй жихаздары және тағы да басқа тұрмысқа қажетті
заттарды сатумен айналысады. Кәсіпорынның қарамағындағы бірнеше жүк
таситын, жеткізуші арнайы машиналары бар. Сонымен қатар бұл кәсіпорын
жергілікті тұрғындар үшін Ғани ауыз суын өндірумен айналысады. Суды
арнайы қондырғылар арқылы зауытты пластикалық ыдыстарға құю жүргізіледі.
Процес барысында суға ешқандай қоспасыз, экокологиялық таза күйінде
өндіріледі. Өндірістік процестер керамикалық-бактериялық фильтрлерді,
насостарды, ыдыстарды және т.б. пайдалана отырып, 11 АТМ және оданда жоғары
қысымды қолдануымен сипатталады. Полетиленді пластикалық ыдыстар капсула
күйінде Қытайдан сатып алынады. Ол сатып алынған капсулалар санитарлы-
химиялық, микробиологиялық тексеруден өткізілгеді. Арнайы қондырғыларда
капсулаларды су құюға дайындайды. Бұл процестер негізгі зауытқа көмекші
қосымша цехтарда жүргізіледі. Ал негізгі зауытта дайын ыдыстарға газдалған
немесе газдалмаған су құю процесі жүреді. №3 цехта ыдыс сыртына қағаз
этикеткалары жабыстырылады. Дайын өнім қоймаға жөнелтуден алдын арнайы
тексеруден өткізіледі, ол тексеру арнайы жасақталған жұмысшылар тобымен
жүзеге асырылады [12]. Қортындылай келе, кәсіпорын жұмысы тұрақты түрде
істеуде. Тек қана ауытқулар көлемі мен мөлшері айтарлықтай үлкен емес.
Төлем қабілеттілігі және айналым қабілеттілігі орташа деңгейде. Қорыта
келгенде, Атамекен Жауакершілігі Шектеулі Серіктестігі Шығыс Қазақстан
облысы, Үржар ауданы өңіріндегі филиалдардың бірі және Қазақстандағы
бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда, жұмысы тұрақты. Шамалы
ауытқулар болып тұрғанымен қаржылық-экономикалық жағдайы тұрақты.
Бірақ, қазіргі таңда үлкен қаржылық салымдар қажет.

1.1. 1) Ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың
ақпараттық жүйесін тұрғызудың талдаудың сипаттамасы
Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорным Атамекен
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Атамекен ЖШС Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар қаласында
1992 жылы мамыр айында Әділет министірлігінде тіркелді. Бір немесе бірнеше
тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып
табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленетін
үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің субъектісі ретінде
жүзеге асырады [15].
Атамекен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орта бизнестің
субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы,
жұмыскерлердің орташа саны 250 адам, бір жылғы активтерінің құны айлық
есептік көрсеткішінің 325 мың есесі болады.
Атамекен ЖШС түрінде, енді серіктестік деп аталатын, өзін-өзі
қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды
тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты
өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға,
сондай-ақ Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды
тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзеге асыра
алады.серіктестік мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан
облысы, Үржар ауданы, Үржар қаласы, Абылайхан даңғылы бөлімшесінде
орналасқан.
Атамекен ЖШС Үржар ауданында пластикалық ыдыстарда минералды су
өндірушілердің алғашқылардың бірі болып табылады. Алғашқыда кәсіпорында 12
жұмысшы мен 1 цех жұмыс жасады, 6 жылдан кейін кәсіпорындағы штаттық
жұмысшылар саны 342 адамға жетті. Пайдалануға №2 ; 3 цехтар берілді,
мұздатқыштар-компрессорлар іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын екі
скважинаға иелік етеді, ол скважинаның біреуінің ерекшелігі құрамында
100мгк\дм 3 йод бар, яғни адам организміне деген иод тапшылығын қамтамасыз
етуге көмектеседі.
Кәсіпорында негізгі бір зауыт бар. Ол зауыттың құрылымы төмендегідей:
1. Көмекші цехтар:
• Тауарлы шикізаттық цех;
• Электроцех;
• Зауыттық лаборотория;
• Ауамен қамтамасыз ету үшін ауа компрессоры;
1. Жалпы зауыттық шаруашылықтар:
• Әскериленген ведомстывалық күзет;
• Тауарлы-көліктік басқару;
• Өрттен құтқарушы топ;
• Материалды ресурстарды басқару бөлімі;
Кәсіпорында қызметкерлер үшін толық және өнімді еңбек етуі үшін
жағдайлар жасалынған- асхана жұмыс істейді, медпункт қалыпты қызмет етеді.
Құйылып жатқан минералды судың күнделікті санитарлық-химиялық және
микробиологиялық бақылауын ҚР стандарттау, метрология және сертификаттау
комитетімен аттестацияланған өндірістік лабаратория жүргізеді КФОАО
НацЭкС 3.09.2004 ж.

1.1. 2) Салаға қатысты қолданылатын заңдар
Қазақстан Республикасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді
реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:
• ҚР Агентігінің ЖШС-ті қолдау мәселелері жөніндегі ҚР
Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. № 475
• Кәсіпорын мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің қаулысы.
08.04.97 ж. № 499
• Кәсіпорынды және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы . ҚР Президентінің
2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.
Жүйені тұрғызу арысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының
келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны
енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің
мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке
құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі
қолданушылардың құқықтық қатынасы. [1]

1.1. 3) Ақпараттық өнімнің өтуін басқару қызметін жүзеге асырушы ұйымдық
құрылымдар
Кәсіпорын қызметтерін жүзеге асырушы экономиканың әр түрлі секторында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік
компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық
мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік
ұйымдар болып табылады.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметі. Сатып алынған тауарларға аудит
жүргізудің ақпараттық көзі
Атамекен Жаупкершілігі Шектеулі Серіктестігінде маркетинг
бөлімі қызмет етеді. Маркетингтік бөлімге барлық маркетингтік
зерттеулер, жарнама, өткізу, жабдықтау, жаңа тауарлар түрлерін
ойлап табу жұмыстары жүреді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – минералды
сусын өндіру болғандықтан пайдалылық құрамын арттыру, қорап өндіру
сияқты мәселеге ерекше көңіл бөледі.
Аудит экономика информациясы жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар
басқарушылық шешімге негіз болады. Өз кезегінде, информация ағынын тиімді
ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау қажет. Ол принциптер:
информация қажеттілігін анықтау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп
дайындау; өндіріс процесін нақты, дұрыс көрсету; бөлу, тұтыну және сату
процесінің информациясын анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының
есебі, әр түрлі есептеуші құрылымдардан анықталатын информациялардың бірдей
болуы; оперативтік информация, ЭВМ қолдануда жан- жақты талдау жасауға
ыңғайланған информацияны жоспар жасауға және басқару процесінде қолдану
принципі.
Қазіргі кездегі кәсіпорын информациясына, мазмұнына төмендегідей
түсініктеме беруге болады. Экономикалық информация мазмұны жағынан өте
күрделі, құрамы жан- жақты болып келеді. Ал келешекте оның мазмұны мен
құрамы одан әрі күрделі бола бермекші. Сонымен қатар қазіргі өндіріс
технологиясының ерекшеліктеріне сәйкес олардың мазмұнын басқару шешімін
қабылдау үшін жеткілісіз болуда. Ал информация ағымы күннен күнге көбеюде.
Сондықтан да оған ғылыми талдау жолын қарастыру қажет. Ондағы мақсат оның
ағымын жүйеге келтіру керексіз информация ағымына тежеу жасау [14].
Аудит информациясының көзі, олар бухгалтерлік аналитикалық және
есептен тыс мәліметтер. Бухгалтерлік есеп информациясының түрлеріне
жататындар: бухгалтерлік есеп және ақпараттары, статистика және статистика
ақпараттары, талғамалы есеп көрсеткіштері. Бухгалтерлік есеп және оның
ақпараты аудит информациясының көзі ретінде ең негізгі болып саналады.
Себебі, ондағы мәліметтер әрқашанда дұрыс есеп құжаттары арқылы анықталған
мәліметтер. Оның көрсеткіштері кәсіпорынның бизнес жоспарының орындалуын
жүйелі түрде бақылау, талдау арқылы қорытындалған нәтижесін көрсетеді. Онда
кәсіпорынның негізгі құралының, өндіріс қорының, дайын өнімнің қозғалысы
түгелдей нақты есеп арқылы топталынған, бір жүйеге келтірілген. Ол үшін
бухгалтерлік есептің ғылыми әдістері қолданылған. Мысалы, үздіксіз түгелдей
бақылау арқылы шаруашылық операцияларын құжатқа тіркеу арқылы бухгалтерлік
шоттар жүйесіне тіркеп, топтау әдістері қолданылған.
Статистикалық есеп және оның ақпараттары аудит информациясы ретінде
қоғамдағы экономикалық көпсанды құбылыстар арасындағы заңдылықтарды жүйеге
келтіретін есеп тұлғасы. Оның ерекшелігі шаруашылық процесіндегі
фактілерді, операцияларды тек санымен ғана көрсетіп қана қоймай, оның
мазмұнын толық қамтиды. Сондықтан да, ол құнды информация. Себебі,
статистика есебінің информациясы арқылы экономикалық талдау жасалынады да,
оның қорытындысы аудит қызметінде өте құнды материал.
Оперативтік есеп және оның ақпаратты өзінің негізгі міндетіне сәйкес
кәсіпорын шаруашылығының әр кезеңдегі процесін қамтитын болғандықтан және
де басшылық процесінде тікелей қолданылатын болғандықтан, оның аудит
информациясы ретінде алатын орны ерекше болады. Әсіресе, ішкі аудит
қызметінде оның ролі өте күшті. Өйткені, ішкі аудиттің жұмысшылары да,
кәсіпорын басшысы да оперативтік есеп информациясына сүйене отырып жедел
дұрыс шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда жедел түрде фактілерге талдау
жасап тиімді шешім қабылдайды. Аудит қызметінің даму жолында талғамалы есеп
көрсеткіштері өте қажет информация болып отыр. Себебі, аудит өте тығыз
уақытта өткізіледі, оған көптеген себептер бар. Сондықтан бухгалтерлік,
статистикалық, оперативтік есеп көрсеткіштерінің ішінен тек қажетті болған
информацияны талғамалы әдіспен қолдану аудит қызметінде тиімді информация
көзі болып отыр. Тағы оның ерекшелігі информация ретінде алғашқы есеп
құжаттарынан алынады.
Есептен басқа аудит информация көзіне жататындар: ішкі және сыртқы
ревизия материалдары, ішкі және сыртқы аудит материалы, салық
инспекциясының материалдары; басылымға шыққын материалдар; ұжым жиналысының
материалы; сыбайлас кәсіпорынның пікіріне, көзқарасына анықтамалар.
Кәсіпорын шаруашылығына аудит тексеруін жүргізу үшін нормативті құжаттар
қолданылады. Оның ішінде бизнес жоспар ерекше орын алады, себебі барлық
өндірістік шаруашылық, даму жолының жоспары бизнес жоспарымен тығыз
байланысты. Одан басқа, аудит процесінде көптеген нормативтік құжаттар
тексеруге негіз болады. Мысалы, жан- жақты жоспар көосеткіштері, ереже
нұсқау құжаттары, мүлікті бағалау тәртібін анықтайтын құжаттар,
мемлекеттік, шетелдің мемлекеттік құжаттары қолданылады. Сонымен қатар
аудит тексеруінің барысында аудитор әр түрлі мәліметтерді пайдаланады,
оларды өз кезегінде- тікелей және қосалқы мәлімет көзі деп бөледі [12].
Маркетинг бөлімінде мамандар маркетинг қызметінің барлық түрімен
айналысады. Олар: маркетинг қызметін басқарушы, өткізу ынталандыру және
жаңа тауарлар бойынша басқарушылар.
Атамекен ЖШС кәсіпорыны өнімінің соңғы тұтынушылары болып
республиканың барлық тұрғылықты халқы табылады. Әлеуметтік-демографиялық
белгілерімен келісілген нарық сегменттерін талдау тұтынушылардың сипаты мен
көлеміне ең көп әсерді әр түрлі тұрғын топтарының сатып алу қабілеттілігі
жататындығын көрсетті. Атамекен серіктестігі барлық жоғарыда
айтылғандарды орындайды [13].

1.2. ЖШС Атамекеннің өнімнің өту жағдайын талдаудың
АЖ-сін құрудың мақсаты
Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың
әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз
түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
ЖШС Атамекеннің өнімнің өту жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың
негізгі мақсаты - клиенттің әрбір бөлімшесі бойынша қаржылық ақпаратты беру
мен іздеудің, өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар
болып табылады:
- тұтынушыға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің еңбегінің
оперативті жұмысы мен өнімділігі;
- жеткізілетін мәліметтердің сенімділігі;
- тұтынушы сұраныстарымен сәйкестікте бөлімшелер жөнінде мәліметтерді
алудың оперативтілігі;
- берілетін ақпараттың қорғалуы мен сенімділігі бойынша талаптардың
барлық кешенін орындау.
ЖШС Атамекеннің өнімнің өту жағдайын талдаудың АЖ-нің міндеті
болып ақпаратты беру не бақылау, қалыптастыру бойынша қызметкерлердің
жұмысын автоматтандыру болып табылады, нақты алсақ: иеленушілердің сұранысы
бойынша басқару жағдайы жөніндегі ақпараттарды беру.

1.3. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалааралық байланыс операторларының қалааралық телефон желісін ұйымдастыруы
Теміржол көлігінің жұмысын автоматтандыру
Жергілікті телефон желінің сипаты
Технологиялық байланыстың классификациясы
Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы
Мобильді байланыс жүйелері. Bluetooth және Wi-Fi сымсыз байланыс технологиялары
Жергілікті телефон байланысы
Қазақстанда байланыс жүйесінің даму тарихы
АВТОМАТТЫҚ ТЕЛЕФОН СТАНЦИЯСЫНДА ALCATEL 1686 WM САНДЫҚ КОММУТАЦИЯ ҚҰРЫЛҒЫСЫН АНАЛИЗДЕУ
Сымсыз желі туралы
Пәндер