Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама



1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы.
• Физиологияның даму тарихы.
2. Тірі организмдердің жалпы қасиеттері.
3. Тұтас организмнің қызмет етуінің жалпы принциптері.
4. Физиологиялық зерттеулер әдістері.
5. Физиологиядағы ғылыми зерттеудің әдістемелік принциптері.
6. Адам организмінің дамуының жалпы заңдылықтары мен оның кезеңдері.
7. Норма мен патология мәселелері.
Физиология – биология ғылымының аса маңызды салаларының бірі. Ол тірі организм мүшелерінің және жүйелерінің өмір сүру процесін зерттеп, оның себептері мен қызметтерін ашады, тірі организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасындағы заңдылықтарды зерттейді.
Физиология грек сөзі (табиғат, ғылым) – организмнің тіршілік болмысын, яғни оның ағза ұлпалар мен клеткаларының тіршілік қызметін түрлі жағдайда зерттейтін ғылым.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестеріне жататын заңдылықтарды зерттейді. Медицина институттарында, мысалы қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды.
Қалыпты физиология – дені сау Адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерінің заңдылықтарын түсіндіреді.
Патологиялық физиология - ауру адамды дені сау адамдардың ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Физиология тағы да бірнеше түрге бөлінеді:
1. еңбек физиологиясы
2. дене жаттығулары мен спорт физиологиясы
3. тамақтану физиологиясы
4. жас ерекшеліктері физиологиясы
Тірі организмдегі функционалдық өзгерістер және оларда реттеудің механизмдері физиологияда анатомия, юиохимия, физика және басқа пәндердің мәліметтерімен тығыз байланыста қарастырылады. Физиологияны зерттеу үшін сондай-ақ химия мен физиканың заңдылықтарының білудің маңызы зор. Мәселен, физиологиялық процестерді түсіндіру кезінде физикалық және химиялық ұғымдар кеңінен қолданылады, сондай-ақ спектрометрия, радиоактивті изотоптар, электр, өлшеуіш аспаптар, рентгенография сияқты тағы басқа да физико-химиялық әдістер пайдаланылады.
Физиологияның ашылу тарихы:
Адам физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәуірінде – Европа Авицинна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философ Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымының ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай реет аударылған.
Ашылу тарихын жалпы айтсақ, оны екі кезеңге бөледі:
I. И.П.Павловқа дейінгі кезең
ІІ. И.П.Павловқа дейінгі кезең
І кезеңі - И.П.Павловқа дейінгі кезеңі бұл, анатомиялық және (целлолярлық) патанатомиялық эраларға бөлінеді.
Анатомиялық эра – ІІ ғасырдағы Рим қаласында тұрған Рален деген анатоммен байланысты. Бұл эра ХІ ғасырға дейін созылды. (Вирхов – Гиван қабығын ашты). Нағыз физиологиялық эра – 1628 жылдан басталады да, ағылшын физиологы Уильям Гарвей деген дәрігер мен байланысты. У.Гарвей қан айналымының негізгі салушысы, ол жүрек қызметін, үлкен және кіші қан айналым шеңберін анықтады. У.Гарвейден бастап физиологияда – тәжірибелік зерттеу әдістері қолданды.
Осы ғасырдағы тұрған француз философы Р.Декарт – ол физиологияға организмнің қызметтерінің негізінде рефлекторлық принципінің жататындығын дәлелдеді.
ХVІІІ ғасырдың аяғында физик және биолог Л.Гальвани тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді анықтап оны «жануарлар электрлігі» деп атады.
ХІХ ғасырдың басында электр тоғын нақты өлшеуге мүмкіндік беретін физикалық құралдардың, мәселен гальванометрдің (В.Эйнтховен) жасалуына байланысты тірі тіндердегі электрлік құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік туды. Э.Дюбуа-Реймон өзі жетілдірген гальванометрді, индукциялық аппаратты және полярланбайтын электродтарды пайдалана отырып тірі тіндерге тыныштық күйде де, қозу кезінде де электр потенциалдарының болатындығын ешқандай күмән келтірмейтін етіп дәлелдеп шықты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырда биопотенциалдарды зерттеу техникасы одан әрі жетілдірілді.
Н.Е.Введенский телефонды, Липпман – капиллярлық электрометрді пайдаланды.
Неміс физиологы К.Людвиг – кимограф пен сынап монометрін қолданып ең бірінші реет қан қысымды өлшеп алды. Өз лабораториясында «қан сағаты» деген құралмен қанның ағу жылдамдығын анықтады..
1. «Адам физиологиясы» ред. Х.Қ.Сатпаева, А.: «Білім», 1995. - 100-106, 113-116 б.
2. «Основы физиологии» ред. Н.Стерки, М.: «Мир» 1984. - 485-508 б.
3. «Физиология человека» ред.Р.Шмидт, Р.Тевс, М.:«Мир»1986, 4-ші том, 251-254, 259-560 б.
4. «Физиология человека» ред. Н.А.Агаджанян, Н.З.Толь, А.: Қазақстан, 1992, 175-192

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМА 1-8-2102
МУ Организация
методической работы в
соответствии с ГОСО 2006
года от 04.07.2007 г

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Тақырып: Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама

Физиология-1 пәні
051301 Жалпы медицина мамандығы
2 курс
Уақыты 1 сағат

Қарағанды 2008 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ 22 Хаттама 21.06.2008 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Ф.А. Миндубаева

• Дәрістің тақырыбы: Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама

• Дәрістің мақсаты: Медициналық білім беру жүйесінде физиология
ғылымының маңызын көрсету. Физиологияға тұтас организмдегі
тіршілік процестерінің динамикасы туралы ғылым ретінде түсінік
беру. Организм мен ортаның бірлігін көрсету. Физиологияның
клиникалық пәндермен, нормамен және денсаулықпен байланысына
түсінік беру.

• Дәрістің жоспары:
1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы.
• Физиологияның даму тарихы.
2. Тірі организмдердің жалпы қасиеттері.
3. Тұтас организмнің қызмет етуінің жалпы принциптері.
4. Физиологиялық зерттеулер әдістері.
5. Физиологиядағы ғылыми зерттеудің әдістемелік принциптері.
6. Адам организмінің дамуының жалпы заңдылықтары мен оның кезеңдері.
7. Норма мен патология мәселелері.

Физиология – биология ғылымының аса маңызды салаларының бірі. Ол тірі
организм мүшелерінің және жүйелерінің өмір сүру процесін зерттеп, оның
себептері мен қызметтерін ашады, тірі организмнің сыртқы ортамен қарым-
қатынасындағы заңдылықтарды зерттейді.
Физиология грек сөзі (табиғат, ғылым) – организмнің тіршілік болмысын,
яғни оның ағза ұлпалар мен клеткаларының тіршілік қызметін түрлі жағдайда
зерттейтін ғылым.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды
тіршілік процестеріне жататын заңдылықтарды зерттейді. Медицина
институттарында, мысалы қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды.
Қалыпты физиология – дені сау Адам организміндегі тіршілік әрекеттері
процестерінің заңдылықтарын түсіндіреді.
Патологиялық физиология - ауру адамды дені сау адамдардың ажырататын
заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Физиология тағы да бірнеше түрге бөлінеді:
1. еңбек физиологиясы
2. дене жаттығулары мен спорт физиологиясы
3. тамақтану физиологиясы
4. жас ерекшеліктері физиологиясы
Тірі организмдегі функционалдық өзгерістер және оларда реттеудің
механизмдері физиологияда анатомия, юиохимия, физика және басқа пәндердің
мәліметтерімен тығыз байланыста қарастырылады. Физиологияны зерттеу үшін
сондай-ақ химия мен физиканың заңдылықтарының білудің маңызы зор. Мәселен,
физиологиялық процестерді түсіндіру кезінде физикалық және химиялық ұғымдар
кеңінен қолданылады, сондай-ақ спектрометрия, радиоактивті изотоптар,
электр, өлшеуіш аспаптар, рентгенография сияқты тағы басқа да физико-
химиялық әдістер пайдаланылады.
Физиологияның ашылу тарихы:
Адам физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина
оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәуірінде
– Европа Авицинна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философ Абу-Али Ибн-
Сина. Оның Дәрігерлік ғылымының ережелері деген кітабы көптеген европалық
және шығыс тілдеріне талай реет аударылған.
Ашылу тарихын жалпы айтсақ, оны екі кезеңге бөледі:
I. И.П.Павловқа дейінгі кезең
ІІ. И.П.Павловқа дейінгі кезең
І кезеңі - И.П.Павловқа дейінгі кезеңі бұл, анатомиялық және
(целлолярлық) патанатомиялық эраларға бөлінеді.
Анатомиялық эра – ІІ ғасырдағы Рим қаласында тұрған Рален деген
анатоммен байланысты. Бұл эра ХІ ғасырға дейін созылды. (Вирхов – Гиван
қабығын ашты). Нағыз физиологиялық эра – 1628 жылдан басталады да, ағылшын
физиологы Уильям Гарвей деген дәрігер мен байланысты. У.Гарвей қан
айналымының негізгі салушысы, ол жүрек қызметін, үлкен және кіші қан
айналым шеңберін анықтады. У.Гарвейден бастап физиологияда – тәжірибелік
зерттеу әдістері қолданды.
Осы ғасырдағы тұрған француз философы Р.Декарт – ол физиологияға
организмнің қызметтерінің негізінде рефлекторлық принципінің жататындығын
дәлелдеді.
ХVІІІ ғасырдың аяғында физик және биолог Л.Гальвани тірі
құрылымдардағы электрлік өзгерістерді анықтап оны жануарлар электрлігі
деп атады.
ХІХ ғасырдың басында электр тоғын нақты өлшеуге мүмкіндік беретін
физикалық құралдардың, мәселен гальванометрдің (В.Эйнтховен) жасалуына
байланысты тірі тіндердегі электрлік құбылыстарды тереңірек зерттеуге
мүмкіндік туды. Э.Дюбуа-Реймон өзі жетілдірген гальванометрді, индукциялық
аппаратты және полярланбайтын электродтарды пайдалана отырып тірі тіндерге
тыныштық күйде де, қозу кезінде де электр потенциалдарының болатындығын
ешқандай күмән келтірмейтін етіп дәлелдеп шықты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырда биопотенциалдарды
зерттеу техникасы одан әрі жетілдірілді.
Н.Е.Введенский телефонды, Липпман – капиллярлық электрометрді
пайдаланды.
Неміс физиологы К.Людвиг – кимограф пен сынап монометрін қолданып ең
бірінші реет қан қысымды өлшеп алды. Өз лабораториясында қан сағаты деген
құралмен қанның ағу жылдамдығын анықтады..
Ф.В.Овсянников – қан тамырларды қозғалтатын нерв орталығын дәлелдеді.
Қазан қаласында тұрған Н.О.Ковалевский және оның оқушысы И.А.Миславский –
тыныс алу қызметін зерттеді.
Ф.Самойлов – электркардиограф құралды жасаушысы және пайдалануға
мүмкіндік Берген.
ХХ ғасырдан бастап физиологияның тереңірек дамуына И.М.Сеченов пен
И.П.Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. И.М.Сеченов
пен И.М.Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор.
И.М.Сеченов өзіне дейінгі рефлекс туралы түсініктерді жинақтай келе, бұрын
айтылмаған жаңа саладағы, жаңа сатыдағы тұжырым жасады. Ми рефлектері
деп аталған еңбегінде ол рефлекстерді талдап, адамның психикалық
әрекетінің де рефлекторлық табиғатын мойындады. Орталық жүйке-жүйесіндегі
(1963 ж.) тежелеу және қозу құбылысын дәлелдеп ашты. И.П.Павлов – ұлы орыс
физиологы, ол ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу үшін созылмалы
(фистулалық) әдістерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы ақпарат
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы
Педагогикалық тәрбие туралы ғылым
ХАРИЗМА МЕН ЛИДЕРЛІКТІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Дене шынықтыру гигиенасының негіздері
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Әлеуметтік педагогиканың пәні, қолданбалы міндеттері
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Биоинформатика
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері
Пәндер