Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
1. Оқу жұмысын ұйымдастыру нысандарының тарихы.
2. Сабақ . оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
3. Сабақ, оған қойылатын талаптар.
4. Сабақтың типтері мен құрылымы.
5. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары.
6. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы.
7. Сыныптан тыс жұмыстар, экскурсия, практикумдар.

1. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.
Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.
Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді.
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады.
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан.
Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
• Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
• Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
• Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
Кемшіліктері:
• Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.
• Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.
Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді.

Тақырыптың жоспары:
1. Оқу жұмысын ұйымдастыру нысандарының тарихы.
2. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
3. Сабақ, оған қойылатын талаптар.
4. Сабақтың типтері мен құрылымы.
5. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары.
6. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы.
7. Сыныптан тыс жұмыстар, экскурсия, практикумдар.
1. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда
болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.
Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми
тәжірибеден көптеген деректер жинады.
Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен
қазіргі заманға лайықтылары іріктелді.
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының
ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта,
сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не
өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту
қазір де қолданылады.
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты
адамдар балаларын жекелеп оқытқан.

• Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен
шектеледі.

• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне,
сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға
емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері
де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім
әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты
түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген
уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында
қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер,
сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын
балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия,
Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ
жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп,
оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.
Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде
қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон
Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары
мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып,
бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы
дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер,
профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден
тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін
айтады, пікірсайыс өтеді.
Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді.
Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске -
40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты
кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен
эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың
кейбір жерлері қолданылады.
Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар
өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді.
Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің,
жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің
түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.
Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі
Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған
жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді,
оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма
береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп
беріп отырды.
Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады.
Сондықтан дальтон жоспарымен Оқыту мүмкін болмады.
Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән
бойынша 5-сыныпта оқиды.
Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі
пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар.
1. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ.
Сыныл-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.
• Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың
құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
• Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын
сабақ түрінде жүреді.
• Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс
істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
• Жұмыстың негізгі түрі – сабақ.
• Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
• Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім,
іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа
көшіру туралы шешім қабылдайды.
• Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;
• Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.
Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің
басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері
бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді,
оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді,
дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны
басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім
оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс
істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың
қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты
кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу
мүмкіндігінің жоқтығы.
Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа,
сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының
дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа
технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау
үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе
мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына
байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері,
Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері
анықтайды.
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша
сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары
және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға
экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған
өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.
2. Сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы
нұсқауларын есте сақтаған жөн:
• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
• тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат
аудару;
• сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын
арттыру, ілтипатын сақтау;
• қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты
нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
• баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты
салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
• алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
• өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы,
өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
• білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын
анықтау;
• оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың
білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми
білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;
• оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау,
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті
арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды
ұйымдастыру;
• оқыту принциптерін қолдану;
• оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
• оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;
• оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды,
әдістемелік тәсілдерді табу;
• оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін
анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
• білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың
әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
• жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
• оларға жеке тапсырмалар беру;
• әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
• қалыпты температуранық болуы;
• ауаны тазартып түру;
• жарықтың болуы;
• балаларды шаршатпау;
• іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және
практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
• сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
• оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
• сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның
өсуіне ықпалы.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
• сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты
арттыруы;
• сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы
жұмыстарының нәтижелілігі;
• мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз
байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
• мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:
• оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау,
орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
• оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер
қою;
• оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ:
табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты,
өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты
тәрбиелеу;
• балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу'
• ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу.
Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы:
• балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық
бастамаларын және белсенділіктерін қолдау;
• оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы сапалы,
жаңа өзгерістерді қуаттау.
4. Сабақтың типтері және құрылымы:
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу"
керек.
Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен
өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір
топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген
тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері
бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай
кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану,
дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас
сабақтар деп бөлінген.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша
топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа
материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді
бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде
қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын
алуан түрлі жұмыстар.
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген
кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы,
сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі
білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған
көп уақыт бөледі.
Жаңа оқу материалын оқу сабағы
Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу
материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін
тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы
меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.
Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір
сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ
іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа
материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына
қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін
тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе
және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс,
қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір
теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және
техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі
және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей
меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және
жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз
оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа
материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір
емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады.
Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді өткен
соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі. Мысалы,
қазақ тілінде "Зат есім" тақырыбына көптеген сабақтар арналып, соңғы
сабақта оқылған материал бекітіледі. Оқушылардың сабақтың өтетін уақытын
және оның негізгі міндеттерін білгені жақсы. Мұғалім бекітетін негізгі
сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша, жазбаша, тәжірибелік жұмыстармен,
өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы жұмыстар бекіту сабақтарының құрылымына
кіреді. Ол өткен оқу материалын әрбір оқушыдан немесе бәрінен сұраудан
басталады. Содан кейін білім тексеру тақырыптың күрделі жерлерін бекіту
үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады.
Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі. Математика, физика, химия
сабақтарында ол есептер және мысалдар шығарумен байланысты. Тіл
сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық қысқаша мазмұны жазылып,
оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу,
білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте
жасау.
Білімді тәжірибеде қолдану
Оның кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• үй тапсырмасын тексеру;
• білімді еске түсіру;
• білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдану;
• оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы;
• үй тапсырмасын беру.
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен
үй тапсырмасы тексеріледі.
Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы
алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі
тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге
асады.
Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын бөлім
мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды.
Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер
етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады.
Практикум мақсаты – зертханалық жұмыстар өткізу.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• құрал-жабдықтарды іске қосу;
• эксперимент және оны бақылау;
• бақылау нәтижелерін талдау және безендіру;
• есеп жазу;
• есепті мұғалімге тапсыру.
Ол жоғары сыныптарда бағдарламанық бөлімдерін, курсты оқып біткеннен кейін
өткізіледі. Бұл сабақ оқушылардан бағдарламаны жақсы білуді, дамыған
іскерлік пен дағдыларды талап етеді.
Оқушылар аппараттарымен, приборлармен, өлшеуіш техникамен жұмыс істеп,
эксперимент барысын жазады, талдайды, қорытынды жасайды, күнделік
жүргізеді.
Мұғалім эксперимент кезінде оқушының білімін қолдануына көмектесіп,
оқушының жұмысына бақылау жасап, керек болса түзетеді.
Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе
учаскелерінде өтеді.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• тәжірибелік жұмыс;
• жұмыс нәтижесін шығару.
Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы,
шеберханада түрлі бұйымдар жасайды.
Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды.
Репродуктивтік және ішінара ізденіс әдістері қолданылады.
Әр оқушыға тапсырма, технологиялық карта беріледі, сол бойынша ол жұмыс
істейді.
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған
курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-
танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту
технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу
процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама,
есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық),
сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ
түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі.
Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан.
Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-
тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы
айқынырақ көрінеді.
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік,
дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер
анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және
мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:
• оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің,
заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар
аудару;
• есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
• есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды
жасау;
• оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске
түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай
топтастыру;
• мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
• есте сақталған мәліметтерді анықтау;
• қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді,
үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
• білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін
тірек мәліметтерді жиі қолдану.
Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:
• сабақтың басын ұйымдастыру;
• оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді
айту;
• іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;
• біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жұмыс
істету;
• білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;
• дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;
• үйге тапсырма;
• оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
• оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
• оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын
естеріне түсіріп қолдануы;
• оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
• олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
• қателерді талдау және оларды түзету;
• қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
• қайталау сабағының құрылымы;
• ұйымдастыру бөлімі;
• білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
• негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды
(тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру.
Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
• тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін
тексеру;
• үйге тапсырма.
Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:
• сабақтың мақсатын қою;
• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды
қайталау;
• бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
• үлгі, алгоритмге, нұсқау бойынша машықтану;
• іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
• шығармашылық жаттығулары;
• сабақтың қорытындысы;
• үйге тапсырма.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске
түсіру және кеңейту.
Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына
психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант,
шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне
және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі
отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
• мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;
• оқушылардың сұрақтарына жауап;
• оқушыларға тапсырма беру;
• тапсырманы тексеру;
• үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.
Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы:
• ұйымдастыру бөлімі;
• тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы мұғалімнің
кіріспе сөзі;
• жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде
орындалатын тапсырмалар беру;
• оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету;
• оқылған материалды қорытындылау;
• сабақтың нәтижелеріне баға беру;
үйге тапсырма.
Оқу формалары
Жоспары
1. Оқу формасы түсінігі
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
4. Оқу түрлері
1. Оқу формасы түсінігі
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып
барады.
Латын сөзі форма тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің
құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады:
1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы.
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының
сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны,
əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар
құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу
формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу
формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық,
жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс,
мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация)
жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу
формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа
келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан
топтарда оқиды, тəрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша
оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының
бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып
барады.
Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі:
сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін
сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп,
бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының
қатысуымен орындалады.
Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп
ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен
белгіленеді.
Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы,
дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив
дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.)
Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты
қарастырылуы мүмкін.
- Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ; білімді
тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру жəне
қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексеру
сабағы; аралас сабақ формалары.
- Дидактикалық мақсаттарға орай – теориялық, практикалық, еңбектік, аралас
сабақтар формалары;
Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, менторлық,
гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу.
Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция,
олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды.
Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру
(погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық,
диплом) жұмыстары.

Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тəуелді
пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Əлемдік білім
тəжірибесі тарихында əрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың əрқайсысы
өзіне ыңғайлы оқу формаларына сəйкес, қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тəжірибені бір адамнан екіншіге,
ересектен жас əулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске
асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады.
Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті.
Осыдан жеке–дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады.
Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан,
репетиторлық, тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым
табуда.
Репетиторлық, əдетте, оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен
байланысты.
Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған жеке-дара оқыту формасы.
Оқушының білім жолындағы іс-əрекетінің өнімділігін арттыруда өте пайдалы.
Ментор немесе ұстаз –оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық
сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге
көмек көрсетеді. Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны
конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.
Соңғы кездерде отбасылық оқу-тəрбие формасы - гувернерлық қайта жаңғыруда.
Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның тартылуымен
жеке-дара оқыту жүйесі даралықты-топтық оқыту формасымен ауысуда. Мұндай
оқытуда мұғалім балалардың бүтін бір тобымен оқу жұмысын алып барады, бірақ
дəріс жеке оқушымен жұмыс сипатын жоймайды. Мұғалім дайындығы əр деңгейлі,
əр жастағы 10-15 баламен шұғылданады. Ол кезегімен əр оқушыдан өтілген
материалды сұрастырып, əрқайсысына жаңа оқу материалын жеке түсіндіріп,
дара тапсырмалар беріп отырады. Балалардың бəрі бірдей, мұғалім
пайымдауынша, дəріске байланысты ғылым негізін, кəсіп не өнерге тиесілі
материалды меңгергенше аталған оқу жұмыстары қайталанады. Дəрістің басталуы
мен аяқталуы, оқу мерзімі əр оқушы үшін даралықты сипатымен ерекшеленеді.
Осыдан оқушы мектепке оқу жылының өзі қалаған мерзімінде, күннің өзі
таңдаған мезетінде келуге құқылы болды.
Даралықты-топтық оқу əрқандай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін
сақталып келді. Ауылдық жердегі оқушы саны өте аз бастауыш мектептер мұның
айғағы. Бір оқу бөлмесінде бірінші сынып бағдарламасымен оқитын 2-3 бала,
бірнешесі-екінші сынып материалын игеріп жатқан оқушылар отыруы мүмкін.
Орта ғасырларда қоғамның əлеуметтік-экономикалық ілгерілі дамуына
байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы
өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту
мүмкіндігі туындады. Осыдан оқудың сынып-сабақтық жүйесі пайда болды. Бұл
жүйе XVI ғ. Белорусия мен Украина мектептерінде қалыптасып, өзінің
теориялық негіздемесін XVIІ ғ. Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика”
кітабында тапты.
Бұл жұйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей жастағы
балалар тобының (сыныбының) болуы. Сабақтық аталуы-оқу процесі қатаң
белгіленген уақыт аралығында – дəрісте өткізілуінен.
Сабақ теориясына Я.А. Коменский дəуірінен кейінгі кезеңде елеулі үлес
қосқан белгілі орыс педагогі К.Д. Ушинский болды.
Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уақыт озуына қарамастан
өзінің негізгі белгілерімен əлі күнге дейін сақталуда.
Алайда, XVIІІ ғ. соңына қарай сынып - сабақтық жүйе орнына қолданылғандай
оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру көбіне оқушылар санын
ұлғайту жəне оқу процесін басқару проблемаларымен байланысты болды.
Сынып-сабақтық жүйені реформалаудың алғашқы қадамын XVIІІ ғ. аяғында- XIХ
ғ. басында ағылшын священнигі А. Белл мен мұғалімі Дж. Ланкастер жасады.
Олардың ниеті- жұмысшылар арасында бастау білімдерді кеңінен ен жайдыру
қажеттігі мен оқыту жəне мұғалім дайындығына жұмсалатын қаржыны көбейтпеу
аралығындағы қарама-қайшылықты үйлестіру еді.
Жаңа жүйе өзара оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі атауын алып, Индия мен
Англияда бірдей уақытта тəжірибеге енді. Бұл жүйенің мəні-ересек оқушылар
мұғалім басшылығында материалды өздері игеріп, соң қажетті көрсетпе
–нұсқаулар алып, өздерінен кіші жолдастарын оқытты, нəтижеде аз оқытушылар
санымен жаппай оқуды ұйымдастыруға қол жететін болды. Бірақ оқу сапасы
ойдағыдай жоғары деңгейге көтерілмеді, сондықтан белл-ланкастерлік оқу
жүйесі кең өрістей алмады.
Ғалымдар мен практиктердің оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын
іздестіргендегі мақсаты-сабақ жүйесінде кезігетін кемшіліктерді, атап
айтсақ, оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербес дамуына тұсау болып
келген оқудың орташа білімді оқушыға бағдарлануы, оқу мазмұнының
біртектілігі мен оқу игеру қарқынының дараланбауы, оқу процесі құрылымының
өзгермеуін талап ету сияқты педагогикалық олқылықтардың орнын толтыру
болды.
ХІХ ғ. ақырында АҚШ-та батав жүйесі, ал Батыс Европада мангейм жүйесі
аталған таңдамалы оқу формалары пайда болды. Біріншісінің мəні-мұғалім
уақыты екі бөліктен тұрады: алғашқысы-бүкіл сыныпен ұжымдық оқу ісіне
арналады да, ал екінші бөлімінде қажетсінген оқушылармен жеке жұмыстар
жүргізіледі.
Мангейм (Европада) қаласында қолданылған мангейм оқу формасы негізінен
сынып сабақтық оқу талаптарын сақтай отырып, оқушылардың қабілеттеріне,
ақыл-парасат даму деңгейі мен дайындық дəрежесіне қарай əртүрлі сыныпқа
бөліп отыруды көздеді.
Оқу жүктемесі мен оқу əдістерін балалардың нақты қабілеттері мен
мүмкіндіктеріне орайластыру принципін сақтай отырып, бұл жүйенің негізін
қалаушы Й. Зиккингер төрт типті сынып оқуын ұсынды; аса дарындылар үшін,
орташа қабілетті балаларға арналған негізгі сыныптар, қабілеті төмен
балалар сыныбы мен ақылы кем оқушыларға арналған көмекші сыныптар. Мұндай
сыныптарға балаларды іріктеу психометриялық барлау, мұғалімдер
мінездемелері мен емтихандар негізінде жүргізілді. Й. Зиккингердің
пайымдауынша , мұндай оқуларға тартылған шəкірттер дамуына орай сыныптан
сыныпқа ауысып отыруына мүмкін еді, алайда бұлай болмай шықты, себебі оқу
бағдарламаларындағы шектен тыс алшақтық бұған жол бермеді.
1905 ж. Дальтон (АҚШ) қаласында алғашқы рет Елена Праксхерт қолданып,
дальтон-план аталған жекеленген оқу жүйесі пайда болды. Бұл жүйе
педагогикада көбіне зертханалық немесе шеберханалық оқу жүйесі деп те
аталады. Жүйенің алға қойған мақсаты-оқушыға өзіне тиімді шапшаңдық жəне
қарқынмен оқып, өз қабілетіне орай білім игеруге мүмкіндік беру. Оқушылар
əр пəнге байланысты жылдық тапсырмаларын алу мен белгіленген мерзімде олар
бойынша есеп беріп отырды. Дəстүрлі сабақ формасындағы оқу шегерілді,
баршаға ортақ дəрістер кестесі болмады. Оқушылар табысты оқуы үшін қажетті
оқулықтардың, əдістемелік нұсқаулардың бəрімен қамтамасыз етілмеді. Ұжымдық
оқу жұмысы күніне бір сағат өтіліп, қалған уақытта олар пəн шеберханалары
мен зертханаларында өзіндік жеке дəріспен айналысты.
Жұмыс тəжірибесі көрсеткендей, оқушылардың көбінің мұғалім жəрдемінсіз
дербес білім игеруге шамасы жетпейтіні белгілі болды. Сонымен дальтон –план
педагогикалық іс-тəжірибеде кең өріс жая алмады.
1920-жылдары дальтон-план ғалымдар мен мектеп қызметкерлері тарапынан қатаң
сынға кезікті. Дегенмен, сол уақыттың өзінде ол ССРО-да пайда болған оқудың
бригадалық- зертхана формасына өрнекке алынып, қатаң құрылымды сабақты
ығыстырды. Бригадалық –зертхана оқуының дальтон-планнан ерекшелігі – бүкіл
сыныптың ұжымдық жұмысы бригадалы топ оқу ісі мен əр оқушының жеке оқуы
арасындағы байланысқа негізделді. Жалпы дəрістерде оқу жұмыстары
жоспарланды, тапсырмалар талқыланды, мұғалім қиын сұрақтарды түсіндірді
жəне көпшілік оқу іс-əрекетін қорытындылады. Бригада тапсырмасын белгілей
отырып, мұғалім оның орындалу уақытын көрсетті, əр оқушының міндетті оқу
тапсырмасын анықтап, қажет болса, əрбір оқушының шамасын байқап, оған
бөлінген тапсырмаларға даралықты сипат беріп отырды. Қорытынды
конференцияларда бригадаға жетекші оқушы жұмысты орындауға қатысқан
белсенділер атынан есеп береді, ал қалған оқушылар тек қатысып қана отырды.
Барлық бригада мүшелеріне бірдей баға қойылды.
Əмбебап оқу жүйесі ретінде қабылданған бригадалы-зертхана оқуына тəн
сипаттар: мұғалімнің жетекші ролі мойындалмады, оның қызметі оқушыларға
ретті кеңес берумен шегерілді.
Шəкірттердің оқу мүмкіндіктері мен білім жинақтаудың өзіндік дербес əдісін
əсірелеуден үлгерім күрт төмендеді, білім игеруде жүйелілік болмай, жалпы
білімдік маңызды ептіліктер қаланудан қалды. 1932 жылы бұл жүйе бойынша оқу
мүлде тоқтады.
1920 жылдар кеңестік мектеп тəжірибесінде жобалап оқыту жүйесі (жобалау
əдісі) қолданыла бастады. Орта Азия жəне Қазақстан аймағында бұл жүйе төте
оқу атамасымен қабылданды.
Жүйе авторы американдық мектеп мұғалімі - У.Килпатрик. Бұл педагогтың
ойынша, мектеп бағдарламасының негізіне баланың өмір барысында топтаған,
нақты дүниемен байланысты тəжірибелік іс-əрекеттері жəне оның ұмтылыс,
қызығулары арқау болуы шарт. Мемлекет не мұғалім оқу бағдарламасын жасауға
құқылы емес, ол оқу процесінде балалардың мұғаліммен бірлікті ісі
нəтижесінде түзілуі əрі оның мазмұны баланы тікелей қоршаған болмыстан
алынуы тиіс. Жоба түзуге қажет тақырыптарды оқушылар өздері таңдайды. Оқу
тобының мамандануына (бағытына) орай жоба шынайы болмыстың қоғамдық-саяси,
шаруашылық-өндіріс, мəдени-тұрмыстық салаларына сəйкес болуы міндетті, яғни
оқу-жобаларын құрастырудағы мақсат- баланы өз өмір желісінде туындайтын
проблемаларды зерттеп, тануға үйретіп, оларды шешу жолдары жəне
құралдарымен қамсыздандыру. Алайда, бұл əдіске əсіре əмбебап сипат беру
жəне оқу пəндерін жүйелестіріп меңгеруден бас тарту балалардың жалпы
білімдік дайындығына орасан нұқсан келтіріп, үлгерімді өте төмендетіп
жіберді. Жүйе сонымен түгелдей дағдарысқа ұшырап, келмеске кетті.
1960 жылдары американдық педагогика профессоры Л.Трамп ізденісіне
байланысты жарық көрген Трамп жоспарымен оқу жүйесі үлкен маңызға ие болды.
Оқуды ұйымдастырудың бұл формасында үлкен дəрісханалардағы (100-150 адам)
оқуды 10-15 адамдық шағын топтар мен жеке оқушылар жұмыстарын байланыстыра
жүргізу көзделді. Əрқилы техникалық жабдықтармен өтілетін жалпы
дəрісбаяндарға оқу уақытының 40%, дəрісбаяндарды талқылау жəне кей
бөлімдерді тереңдей меңгеру мен ептілік жəне дағдылар қалыптастыру
семинарларына 20% бөлініп, ал қалған уақытты (40%) оқушылар мұғалім не
жетекші оқушы басшылығында өз бетінше оқу ізденісіне пайдаланды. Бұл жүйеде
сынып шегеріліп, шағын топтар құрамы тұрақсыз болды.
Қазіргі уақытта Трамп жоспары бойынша аз санды жеке меншікті мектептер ғана
жұмыс істейді, ал көпшілік оқу орындарында бұл жүйенің кейбір элементтері
сақталған, атап айтсақ, олар – бір пəнді оқытушылар бригадасы алып барады
(біреулері дəрісбаяндар жүргізсе, басқалары семинарлар ұйымдастырады);
үлкен топ оқушыларымен дəріс жүргізу үшін арнайы білімі болмаған
жəрдемшілер тартылады; кіші топтарда өзіндік жұмыстар ұймдастырылады. Жалпы
білім беретін мектепке жоғары оқу орындарындағы білім жүйесін қарадүрсін
енгізумен бірге Трамп жоспары даралықты оқу принципін ұстана отырып,
оқушыға білім мазмұны мен оны игеру əдістерін таңдауда толық еркіндік
береді. Бұл жоғарыда аталған кей жүйелердегі мұғалімнің жетекшілігін
мойындамай, білім стандартынан бас тартудың əлі де сақталуына жол қойып
отыр.
Осы заманғы кей мектептер тəжірибесінде оқуды ұйымдастырудың басқа да
формалары қабылданған. Батыс елдерінде шектері нақтыланбаған
(неградуированные) сыныптар сақталған: кей оқушы бір пəн бойынша жетінші
сынып бағдарламасымен оқыса, қалған пəндерден алтыншы не бесінші сыныптық
білім алып жүруі мүмкін.
Жер-жерде ашық мектептер ұйымдастыру эксперименттеріде жүріп жатыр. Оқу
мұндай мектеп жағдайында қоры бай кітапханалар, шеберханалар орталықтарында
өткізіледі, яғни бұл болашақта “мектеп” деген жүйенің жалпы керек болмасына
мегзеп тұр.
Оқу ұжымдастырудың ерекше формасы шомдыру (погружение): оқушы белгілі уақыт
(бір не екі апта) аралығында бір немесе екі пəнді игерумен ғана айналысады.
Осыған сəйкес Вальдорф мектептерінде дəуірлер бойынша оқу ұйымдастырылған.
Оқуды ұйымдастыру формалары дамуының қысқаша тарихы осылайша.
Жоғарыда аталған барша жаппай оқыту формаларының арасында үлкен
тұрақтылығымен сақталғаны сынып-сабақтық оқу жүйесі. Шынымен де, осы оқу
формасы педагогикалық ой мен жаппай мектеп озық тəжірибесінің аса
құндылықты жемісі.
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да
сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция,
зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық
жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес,
емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада,
конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-
тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған
емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында
педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен
(сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді
жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін
қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге
оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің
көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру,
бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі
мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады.
Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның
кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген
дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық
мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен
ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының
көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты
классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала
болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше
топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың
элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп
атау қабылданған.
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі
формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян
(лекция).
Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие
формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын
баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды.
Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы
қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты,
суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың
белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-
қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп,
сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты
дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне
шолу- түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері
төмендегідей:
- ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін
дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;
- проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған
сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу
формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды
салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу
құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту
жүйесі;
- бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының -
бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты
негізінде жеткізу формасы;
- шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала
жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем
беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды
байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып,
жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
- дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері
белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар
тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды,
ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
- Кеңес дəрісбаяндар сұрақ-жауап не сұрақ-жауап-сөз-жарыс күйінде
материалды оқушыға жеткізу формасы;
- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір
уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі
анықталады.
Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық,
тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады;
- мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары белгілі;
- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі
дəрісбаяндар қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды –
бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер
таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген
материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық
маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар
мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар
көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми
зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады.
Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі
теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз
жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық
талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан
өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік
жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек
көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер
барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі
жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-
пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.
Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса
кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне
қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасында
өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият
дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың əр сұрағы бойынша жеке оқушылар
хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады
əрі толықтырылады.
Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар,
хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тыңдалады жəне
талқыланады.
Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың
шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай
семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін
қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен
ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу
ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен
өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер
тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына
арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде ,
зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың
өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық
материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент
техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді
шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық
құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық
материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.
Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне
қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық
білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты
қосымша пəндерді өту;
Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы мүмкін.
Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың
тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат
аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.
Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік , табиғат тану,
өлке тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады.
Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары жүргізіледі.
Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара байланысты
тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне
география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі
мүмкін.
Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды
ретінде ұйымдастырылады.
Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде
пайдаланылғаны жөн.
Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі – бұл экспедиция –экологиялық
жағдайлармен таныуға , тарихи деректер, жəне ауызекі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz