Селжұқтар билігі кезеңінде медицина және ауруханалар


Кіріспе
I. Селжұқтар билігі кезеңінде медицина және ауруханалар
I. 1 Селжұқтар билігі кезеңінде медицина
I. 2 Селжұқтар билігі кезеңінде ауруханалар
I. 3 Селжұқтар билігі кезеңінде дәрігерлері
II. Гауһар Насиба ауруханасы және медицина мектебі.
II. 1 Селжұқ ханшайымы Гауһар Насиба
II. 2 Гауһар Насиба ауруханасының тарихы
II. 3 Гауһар Насиба ауруханасының сәулет ерекшеліктері
II. 4 Гауһар Насиба ауруханасындағы жылан эмблемасы
III. Ауруханадағы қолданбалы медицина
III. 1 Гауһар Насиба ауруханасында медицина және фармакалогия
III. 2 Гауһар Насиба ауруханасында емдеу әдіс - тәсілдері
III. 3 Гауһар Насиба ауруханасында музыкамен емдеу әдіс - тәсілдері
III. 4 Гауһар Насиба ауруханасында дәрігерлер және ұстаздар
Қорытынды
Қосымшалар
Сілтеме
Әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Орта ғасыр бұл, Батыс әлемі үшін бір қозғалыссыз кезең және схоластикалық кезең болып табылады, ал шығыс әлемі үшін болса өркендеу және даму кезеңі болып табылады.
Исламды қабылдаған Түрік халықтары бұл ғасырларда Алдыңғы Азия деп аталып, осымен қатар өз құрамына Мысыр мен бірге бір неше аймақтарды қамтыған үлкен мемлекет құрған. Осы кездерден бастап тұрғындарды және де халықты емдейтін ауруханалар салына бастаған. Шын мәнінде айтатын болсақ медицина ғылымының іргетасы осы кездерде жарамсыз, тәжірибелі емшілер жетіспей және медицина медреселері жабылған кез еді.
Қайсері 13 ғасырларда керуен жолдарын тұтастырған маңызды орталықтың бірі болған. Жүз жылдардан кейін ғана қала бөлек «Makarr- і Ulema» әлемдер қаласы болып аталған. Білім және ғылым орталығы болған Қайсері қаласында Селжұқтар билігі кезеңінде он бес ке жуық медреселердің болғандығын деректерден кездестіреміз. Бұл медреселердің ішінде медицина медресесі және аурухана болып салынғанын қос медреселер Aнадолыдағы алғашқы медицина орталығы болып саналғандығы туралы айтылады.
Селжұқлы кезеңінде медицинаға ерекше көңіл бөлінген. Бір неше ауруханалар салынып, тәжірибелі емшілер дайындалған. Бұл кезеңде ем жүоргізу кезінде науқастың психологиялық жағдайына ауырлақ жасай отырып гипноздан көп пайдаланылатын еді. Себебі дәрігермен науқастың арасындағы қарым- қатынас жақсы болғандықтан, науқастар қандай жағдай да болмасын, өз дәрігерлеріне сеніп өз жайдайларын айтып мұңын тарқата алатын.
Тақырыптың тарихнамасы: 13 ғасырда Гауһар Насиба ауруханасында жүйке ауруларымен науқастанғандарды қандайда бір ерекшелікпен және сабырлылықпен емдегеніне таң қаламын. Олай болса сол жылдарда Европа елдерінде жүйке ауруларымен науқастанғандарды шынжырмен байлап емдейтін. Бұл тұрғыда негізінен Гауһар Насиба ауруханасындағы дәрігерлермен әмдеу әдіс - тәсілдерінің ерекше болғандығын түсіну мүмкін. Осы емдеу әдіс - тәсілдерін назарға алатын болсақ Гауһар Насиба ауруханасы Европа елдеріндегі ауруханалардан бір шама алда болғандығын байқауымызға болады. Зерттеушілердің арасындағы ортақ тақырыпта осы емдеу әдіс - тәсілдері бойынша айтылуда. Нурхаят Варол тағы өзінің таң қалатындығын айта отырып, жаңа емдеу тәсілдерін тілге алады. Ерекше емдеуде қолданылған су буымен емдеу әдісіні тілге алады.
Біз бұл кезеңдегі формакалогиялық және қолданылған дәрілер туралы маңызды деректерді шығармалармен кітаптардан ала аламыз. Бұл шығармалар Әл - Бируни және Ибн әл - Байтардың кітаптары.
Әл - Бирунидің кітабының маңыздылығы сол, өз заманында қолданылған дәрілер туралы құнды деректерді табуымызға болады. Сол еңбектерімен қатар, атқарған істерін назарға алып Әл - Бируниге медицина атасы деген мәртебе берілген.
Әл - Бируни (973 - 1051) біздің заманымыздан мың жыл бұрын дәріханашылықты осылай сипаттаған « Saydelani немесе saydenani деп қарапайым дәрілердің қайсысының сапасының жақсы болғандығын және бұлардың қайсыларының жоғары дәрежеде қолданылатындығы және осы дәрілердің қайсыларын таңдау керектігін үйретіп медицина ілімімен айналысатын және түрлі әдіс - тәсілдерді қолданып ең жақсы дәрі дайындауды өзіне парыз деп білген кісілерге айтылған».
Тақырыптың хронологиялық шеңбері: 1206 жылында құрылған Гауһар Насиба ауруханасы өз заманында маңызды медицина орталығы болды. Аурухана ғимаратының ұзындығы 32 метр және биіктігі 40 метр болған. Аурухана ғимараты медресемен бірге есептегенде 60 метр ұзындықта, 40 метр биіктікте салынған. 3 үлкен қонақ бөлмесі бір үлкен және екі кіші айван және он үш бөлмеден құрылған. Бұл үлкен алып ғимарат тек қана қашыр және төртбұрыш етіп кесілген тастардан тұрғызылған. Бұл ғимарат үлкен бір медицина медресесіде болып табылады. Ал аурухана болса тәжірибе өткізетін орталығы болған. Ауруханада ішкі ағзалар ауруын емдейтін дәрігерлер, көз ауруларын емдейтін дәрігерлер, операция жасайтын дәрігерлер жұмыс істегендігін ауруханамен байланысты деректерден кездестіре аламыз. Селжұқтар билігі кезеңінің ескерткіші бұл көркем ғимараттың оң жүзінің сол тарапында аурухана салынған. Бұл ғимараттың жартылай бөлігінде Селжұқлы мәдениетіні көрсететін түрлі өрнектермен кестеленген көркем есігі бар еді. Есікте жылан емблемасы бейнеленген. Бұл емблеманың үстінде 2, 5 метр биіктікте және 75 см кеңдігінде мәрмәрмен арабша екі жолдық сөз жазылған. Бұл сөзді түркшеге аударатын болсақ онда осылай жазылған : бұл аурухананы ұлы сұлтан Қылыч Арсланның ұлы Ғиясеттин Кейхусревтің билік құрған кезінде Қылыч Арсланқызы Исметуддин Гауһар Насибаның өсиеті негізінде, Аллах рызалығы үшін 602 жылы құрылған.
Аурухана мен Медресе арасындағы үлкен дәліз екі ғимараттың бірге қолданылғанын, бір бөлімінде емдеу тәсілдерін жасаса, бір бөлімі медицина ілімін оқытқан. Сол себептіде екінші бөлімі соңғы кездерге дейін медресе деп аталған.
Гауһар Насиба медицина қалашығы және медресесі медицина білімін үйреткен әлемдегі ең алғашқының бірі болып саналады. Бұл медресенің медицина ғылымымен айналысуы әлемдегі ең алғашқы медицина факультеті болып табылғандығын білдіреді.
785 жылдан бастап осы күнге дейін бұл ғимарат қолданылмағандықтан қараусыз қалған. Сол себепті сыртқы қабырғалары, ұстындары бір неше рет құлаған, арам шөптермен, ағаштармен ластанған. Гауһар Насиба медицина орталығының ғимаратын негізге алып, жөндеу жұмыстарыны жүргізуді қолға алған сәулетші Синан Парки. Бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстары жақсы, табысты жалғасуда.
13 ғасырда Гауһар Насиба ауруханасының дәрісханаларында дәрістер теориялық ілімдермен, ауруханада науқастардың алдында тәжрибелік негізде жүргізілгендігін деректерден білуімізге болады. Кіші бөлмелерде дәріс алушылардың қалғандығы мәлім. Ауруханадағы үлкен айвандар Мысрдағы Калаюн ауруханасындағы сияқты сырттан келген науқастардың жағдайларын баяндау үшін поликлиника негізінде қолданылған. Поликлиникада науқастардың жататын бөлмелерінің бір бөлігінде бір қоңырау, басқа тарапында болса жарық түсіру үшін бір шырағдан қолданылғандығы жазылады. Қайсері ауруханасында ең аз дегенде екі ішкі ағзалар ауруын емдейтін дәрігер, екі операция жасайтын дәрігер, бір дәріханашы, бас дәрігер және бас дәрігердің көмекшілері, білгірлер, асистенттер болған. Жүйке ауруларымен науқастанғандарда қабылданып, олар он сегіз бөлмелі ауруханада музыкамен және гипнозбен, жылы сумен емдеу әдіс - тәсілдері арқылы емделген. Шындығында бөлмелер арасында дауыс дәліздері болған және Селжұқтардың бөлек бір моншасы болған. Түріктерде жүйке ауруларымен науқастанғандарды алғаш рет музыкамен емдеу осы Селжұқтар билігі кезеңіндегі Гауһар Насиба ауруханасында жүргізілгендігі туралы айтылады.
Бұл емдеу әдісі туралы зерттеушілер тарапынан бір неше болжамдар бар. Бұның бірі Гауһар Насиба ауруханасының Анадолыдағы ең алғашқы медицина орталығы және дәрігерлік ілімінің орталығы болғандығы. Оқытушы Нурхаят Варол, Гауһар Насиба ауруханасыны осылай тілге алады.
Тақырыптың мақсаты: Менің диплом жұмысымды бұл тақырыпты жазуымның мақсаты 1206 жылы Селжұқ ханшайымы Гауһар Насибаның бұйыруымен құрылғанаурухана және медресенің өз кезеңінде қаншалықты маңызы болғандығы және қазіргі күнге дейін сақталған бұл ғимараттың қазіргі күндегі маңыздылығы туралы толық жазу.
Тақырыптың міндеті:
Селжұқтар билігі кезеңінде медицина және ауруханалар
Гауһар Насиба ауруханасы және медицина мектебі.
Гауһар Насиба Ауруханасындағы қолданбалы медицина
Гауһар Насиба ауруханасында медицина және фармакалогия
Гауһар Насиба ауруханасында емдеу әдіс - тәсілдері
Гауһар Насиба ауруханасында музыкамен емдеу әдіс - тәсілдері
Гауһар Насиба ауруханасында дәрігерлер және ұстаздар туралы толық мағлұматты жазу.
Диплом жұмысының құрылымы: Менің Диплом жұмысым кіріспеден, үш тараудан, он бір бөлімше жіне қорытынды, қосымшалар, сілтеме, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Селжұқтар билігі кезеңінде медицина және ауруханалар
I. 1 Селжұқтар билігі кезеңінде медицина
Ислам әлеміні ішкі және сыртқы қауіпсіздіктерден құтқарған Анадолыны жеңіп алған және түріктендіруді қамтамасыз еткен Селжұқтардың орны ерекше. Селжұқтардың Европа мәдениеті, Европа медицинасы, ауруханалары және де сонымен бірге Европа тарихы үшінде бір тоқтам нүктесі бар. Селжұқлылардың алғашқы ауруханасы және медресесі Алыпарысланның уәзірі Низамул - мулк тарапынан Нишапурда құрылған. Бұл ауруханамен бірге селжұқтардың 1055 тен бастап Бағдат, Шираз, Бердешир, Генже, Харран, Мардинде де құрылған басқа ауруханалары осы күнге дейін жете алмаған. Селжұқтар иеленген медицина орталықтары, Исламдық медицинаның ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл кезеңде Анадолыдағы дәрігерлер көз және ауыз, тіс ауруларын емдеу тәсілдеріне ерекше көңіл бөлгендігі туралы айтылады. Көз аурулары үшін « Kehhal» деп аталатын мамандар ем жасайтын болған. Адамның ішкі мүшелеріне қатысты ауруларды дәрілермен емдеп сонымен қатар операцияларда жасалған. Операция жасалған аурулардың бірі: сынған - шыққан, сыздауық, ісіктерге және басқада түрлі жараларға жасалынған. Ауруханада дәрілердің қолданылып, жасалғанына көңіл аударатын болсақ бұл жерде бір дәріхананың болғандығы мәлім. Сол кезеңде әр сарайда дәріхананың болғандығын көз алдымызға келтірсек, онда аурухана жанында дәріхананың болмауы мүмкін емес.
Аурухананың жұмысы бір қалыпты жүріп отыру үшін бір басшының болғандығы мәлім. Осы ауруханадағы барлық істерге жауапты етіп білімді мамаанды басшы етіп тағайындаған. Ол басшыға осы жерде жұмыс атқаратын мамандарды, дәрілер жасалатын шикізаттарды жеткізу, аурухананың бір қалыпты жұмыс істеуін, ауруханаға байланысты барлық жағдайларды қадағалап отыру жұмыстары жүктелген.
Селжұтар ауруханалардың сыртынан кедейлермен, алапес ауруларын, жүйке ауруларын емдейтін орталықтар салдырған.
Селжұқтарда соғыс кезінде жараланғандарды емдеуге көп көңіл бөлінген. Сол үшін үлкен ауруханалар салдырған. Мысалы: Селжұқ сұлтаны Меликшахтың ордасында емшілер мен науқастарды 100 түйемен тасып жеткізетін үлкен аурухананың болғандығы жазылған. Жараланған немесе науқастанған жолаушыларларға арнап әр сарайда басқа ауруханалардан ерекше етіліп аруханалар салынған. Селжұқтарда халық денсаулығына ерекше көңіл бөлінген.
Медицина ілімі үшін ауруханалар мен қатар « Bimaristan» дар салдырылып, медицина ғылымының одан әрі дамуына және дәрігерлер мен емшілерге емдеу әдіс - тәсілдерін жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалынған. Медреселердің жанында құрылған үлкен ауруханалардың алдына үлкен ағаштарға медицинаға қатысты өсиет сөздер ілінулі тұрған. Дәрігерлер мен мамандар дайындауға көп көңіл бөлінген. Бұл жерде білім берген мұғалімдерге күніне жиырма ақша айлық берілген ал дәрігерлікке үміткерлерге болса күнделікті қажеттілікке жұмсау үшін 8 ақша берілгендігі деректерден мәлім.
I. 2 Селжұқтар кезеңінде ауруханалар
Ауруханада жұмыс атқарған дәрігерлердің ең жоғары лауазымдысы бас дәрігер болған. Дәрігерлердің өз жұмысын қашан бастағандығы және жұмыс атқару кезеңі туралы міндетті түрде құжаттар жиналатын болған. Ең танымал бас дәрігер Конялық Такип Екмелуддин болған. Мәулана Жалалиддин Руминің замандасы.
Амасия ауруханасының бас дәрігері Сабунжуоғлу Шерефиддин өз тәжірибелерін жинақтай отырып кітап жазған, осы кітапта аурулардың аттары мен оларды емдеу тәсілдеріде жазылған. Ауруханалардан басқа селжұқлы сарайында атақты дәрігерлер жұмыс атқарған. Солардың біріншісі Кейхавус.
Алауиддин Кейкубад кезінде тұрғылықты және бір неше шетел дәрігерлері сарайда қызмет атқарған. Селжұқтар сарайына қатысты дәрігерлердің құжаттары және олар туралы деректер біздің күнімізге дейін жеткен.
Шетелдік дәрігерлер мырзалықтар кезеңінде де қызмет жасағаны деректерден мәлім. Ибн - и Баттута Айдыноғлы Мехмед бейді көру үшін келген кезінде яхуди дәрігердің сұлтан жанында, сыйлы орындардың бірінде отырғанын көріп таң қалады. Бұны дұрыс деп есептемей яхуди дәрігердің жиналыстан шығарылуын талап етеді. Қонақты құрметтегендіктен яхуди дәрігер жиналыстан шығарылады.
Селжұқ ауруханаларында науқастың бай - кедей, діні, тілі, нәсіліне қарамай емдейтіндігі туралы айтылады. Бұл ауруханадағы дәрілер мен тамақ емделушілерге тегін ақысыз беріліп, емдеу әдістеріде тегін, ақысыз жүргізілген. Жүйке ауруларымен науқастанғандарды ерекше әдіс - тәсілдермен емдеу Гауһар Насиба ауруханасында қолданылған. Бұл емдеу әдісі музыкамен емдеу және гипнозбен емдеу әдіс - тәсілдері болып табылады.
I. 3 Селжұқтар билігі кезеңінде дәрігерлері
Селжұқтар билігі кезеңіндегі дәрігерлер туралы бізге дерек беретін ең маңызды шығарма орта ғасырларда медицина ілімімен айналысқан ғалым Ибн Әбу Усайбианың « Табакат - ул Еттиба» шығармасы. Селжұқлы кезеңіндегі дәрігерлердің көбісі арабша және фарсша білгендіктен шығармалар осы тілдерде жазылған. Селжұқтар билігі кезеңіндегі дәрігерлердің есімдері мен олар туралы толық мағлұматты « Табакат - ул Еттиба » шығармасынан оқуымызға болады. Дәрігерлер өз жұмысын бастау үшін Ресул Еттибадан рұқсат алуы міндетті болған. Бір неше дәрігерлер Иран, Сирия, Мысырдан келген. Бұлар XIII ғасырда Монғол шапқыншылығы кезінде Анадолыға қашып келгендер. Мысалы: Мәулананың әкесі, Тебриз дәрігерлерінен Екмеледдин Нахчивани, Газанфер, Бедриддин және Анадолы көріпкелдерінен Ахмет Факих. Қала маңынан келген Шемсиддин, Хибил Мусили, Әбул Фадил Ибраһим, Расул Айни тағы басқалары. Ауруханада қызмет жасаған дәрігерлер еңбек өтілі бар дәрігерлерге бағынуға міндетті болды.
Селжұқтардың ең атақты бас дәрігері Меулананың жеке дәрігері және Бахаеддиннің құрметіне ие болған Екмелиддин Нахчивани. Бас дәрігер алдымен өз отбасының денсаулығын қорғап, мемлекеттің денсаулық политикасына қатысты істерді атқарған. Әр елде бұндай ұйымдар қолданылған Месопотамия, Мысыр, Рим, Византия императорлықтарында, Ислам мәдениетінде, Түрік мемлекеттерінде, ұйғырларда қолданылып, Селжұқтарда Мелик Хукем бас дәрігер етіп тағайындалды. Бүкіл Ислам елдерінде қолданылған бұл ұғым Сицилия каролі II Фридрих (1197 - 1250 ) тарапынан Италия одан кейін Испания және Европа елдеріне тарады. Сұлтан Алауиддин Кейкубад кезеңінде бүкіл әлемге танымал бес дәрігердің болғандығы деректерден мәлім. Олардың бірі Қылыч Арслан дәуірінде оның уәзірі болған Ихтияреддин Хасан, Әбу Салим, Харпутли Шамун дәрігерлер.
Селжұқтар билігі кезеңіндегі дәрігерлерлердің кейбіреулерін тілге алатын болсақ:
- Шемсуддин Ибни Хиблил Муслим
- Әбул Фадл ибни Ибрахим ибни Мехмет Тифлиси
- Такиеддин Расул Айни
Операция жасаған дәрігерлер:
- Мувафакуддин ибни Матран
- Бедреддин Тебризи
- Такиеддин Расул Айни
- Әбул Фережи Малати
- Кемалиддин Каратов
- Ерзинжанли Алауиддин
Ислам әлемінің әр жерінде тәжірибелі дәрігерлер даярланды. Олар көптеген шығармалар жазып, білімді оқушылар дайындап шығарды. Ислам медицинасы даму жолы арқылы біздің күнімізге дейін жетті. Білімді дәрігерлер дайындау арқылы Селжұқ медицинасы жетістіктерге жетті.
II. Гауһар Насиба ауруханасы және медицина мектебі.
II. 1 Селжұқ ханшайымы Гауһар Насиба
Гауһар Насиба Сұлтан Селжұқ әміршісі атақты Қылыч Арысланның он екінші әулетінен жалғыз қызы. Қылыч Арысланның өлімінен кейін екі рет таққа отырған үлкен ұлы (1192-1196 ж/е1204-1210) бірінші Ғияседдин Кейхусравтың қарындасы, Сұлтан Алауиддин Кейкубаттың (1219-1236) әпкесі. Гауһар Насибаның туылған жылы жайлы нақты дерек жоқ. Кейбір болжамдар бойынша 1165 жылы туылып тұрмыс құрмай 39 жасында қайтыс болғандығы туралы дерек бар. Бір аңыз бойынша өзінің көңіл қойып ұнатқан адамы болғандығын және ол сарайдың бас әскербасшысы болғандығын жазады. Екеуі бір-біріне көңіл қойып, үйленбек болғандықтары және ағасы бірінші Ғиясиддин Кейхусравтың қарсы болғандығын жазған. Ағасы қарындасының сарай министрына тұрмысқа шыққанын қалайды және сарайдың бас әскербасшысын әскерге жібереді. Әскербасшысының сарайдан кетіп және әскерде шейх болғанын естіген Гауһар Насиба көп қайғырып, қамығып, науқастанып, төсектартып қалады. Гауһар Насиба қайғыдан туберкулез ауруына шалдығады. Ағасы бүкіл ұлы дәрігерлер мен сол заманның емшілеріне қаратады. Гауһар Насибаны қалай болмасын емдеуді бұйырады. Бірақ дәрігер және емшілер қанша ұрынмасын аурудың емін таба алмайды. Бұл жағдайлардан хабардар болған ағасы бірінші Ғиясиддин Кейхусров төсек тартып жатқан қарындасын көру үшін келеді. Қарындасынан кешірім сұрап, қандай тілегің болса айт орындаймын дейді. Сол кезде ханшайым Гауһар Насиба ағасына:
Мен емделмейтін бір дертке шалдықтым, емдеудің еш амалы жоқ еш бір дәрігер болмаса емші дертіме дауа табалмады. Мен бұдан кейін ақырет жолаушысымын. Әкем Қылыч Арысланан қалған бүтін байлығыма менің атыма бір аурухан салдыр. Бұл аурухана науқастардың дертін емдесін, дауасы жоқ ауруларға бір шара болсын. Бұл ауруханада тәжірибелі білімді, дәрігерлермен, операция жасайтын дәрігерлер көп болсын. Бұл ауруханада ешкім ақша төлемесін. Бұл менің атыма жасалған бір қайрымды іс болсын деп бұйырған екен. Ағасы бірінші Ғиясиддин Кейхусрев қайғы жұта отырып қарындасының сөзін тыңдап және бұл тілегін орындауға уәде береді. Гауһар Насиба осылайша жастай өмірден көз жұмған екен. Мазар тасы болмағандықтан Гауһар Насибаның өлген жылы анық емес. Болжам бойынша 39 жасында 1206 жылдан бұрын қайтыс болғандығы айтылады.
II. 2 Гауһар Насиба ауруханасының тарихы
Селжұқ әміршілерінің бірі атақты екінші Қылыч Арысланның қызы және бірінші Ғияседдин Кейхусравтың қарындасы Гауһар Насибаның атына тұрғызылған бұл аурухана Андолыда Мардиннен кейінгі тұрғызылған алғашқы ауруханының бірі. Бұл аурухананың салыну тарихы туралы Гауһар Насибаның өмірбаянын айытқанда тоқталып өттім. Араларындағы бір ұзын дәлізбен бір-біріне жалғанған бұл ғимарат білім, ғылым үйретуде бір-біріні толықтырып отырды. Бұл аурухана “Giyasiye” аты берілген медреседе медицина ғылымы үйретіліп, ”Sifaiye” деп аталған аурыханасы да бар еді. Олар бір - біріне жақын орналасқандығы үшін халық арасында кең түрде Гауһар Насиба ауруханасы және қос немесе егіз медреселер, тағы басқаша Қайсері ауруханасы, Қайсері емханасы, емші Хатун медресесі, Қайсері медицинасы, Гиясие, Гиясие және емхана, Гауһар Насиба ауруханасы және медресесі сияқты түрлі атаулармен аталған. Гауһар Насибаға арнап тұрғызылғанын бір күмбезі де бар.
II. 3 Гауһар Насиба ауруханасының сәулет ерекшеліктері.
Бұл құрылыс 2500 метр кв аумағындағы жерді алып жатыр. Жоспар бойынша бұл екі ғимараттың ашық ауласы бір - біріне сай жасалынған. Бұл ғимараттың бірінің ауласы екіншісінен үлкен. Батыс жағында аурухана шығыс бөлімінде медицина медресесі орналасқан. Бірі денсаулық орталығы болса бірі білім орталығы болып табылады. Аурухана мен медресе арасында бір тар жол бар. Аурухана бөлімінің батысында ұзын бір дәліз бар және бұл дәлізде 4-5 метр кв тық бөлмелер бар. Бөлмелердің бір нешесінде жарық түсу үшін және ауасын ауыстыру үшін терезелер қойылған. Бұл дәлізде аурухана есебінде қолданылғандығы туралы айтылады. Медресенің солтүстік-шығыс бөлімінде Гауһар Насиба сұлтанға арнап бір ескерткіш орнатылған. Сегізбұрышты призматик ескерткіштің есіктері аулаға қарай ашылады, астынғы және үстінгі қабаттарында жер төлелер бар. Медресенің аурухана бөлігінің сыртқы есігінде бір өсиет сөз жазылған. Бұл өсиет сөз екінші Қылыч Арсланныңқызы және бірінші Ғиясиддин Кейхусревтің қарындасы Гауһар Насиба сұлтанының өсиетімен тұрғызылған. Өсиеттің астында тастан жасалған белдік және айналасында Селжұқ мотивтері бар.
Бұл аурухана құрылыс сәулеті жағынан Қайсерідегі басқа туындылар сияқты күмбезінің басына дейін тастан салынған. Тік төртбұрыш пішінді бұл аурухананың тәж есігінде сегіз тармақты жұлдыздардың және геометриалық өрнектердің орын алғанын көруімізге болады. Ол есікте мәрмәр үстіне жазылған екі жолдық араб жазуы кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz